Инфоурок Другое Другие методич. материалыМерекелік сценарий "Ұстаз жолы - Ұлы жол!"

Мерекелік сценарий "Ұстаз жолы - Ұлы жол!"

Скачать материал

Ұстаз жолы ұлы жол!

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар қауымы! Сіздерді барлық ұстаздардың құрметіне аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгеді. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз.

1-жүргізуші:Бүгінгі «Ұстаз жолы – ұлы жол!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер дей келе кешіміздің шымылдығын ашып беру үшін мектебіміздің директоры, ұлағатты ұстаз Аскер Нурбахытқа сөз береміз.

2-жүргізуші: Рахмет сізге. Олай болса, мұғалім бақыты – шәкірт құрметі дейді. Бүгін шәкірттеріңіз сіздерге мерекелік көңіл күй сыйлау үшін дайындалды. Бір апта бұрын әр оқушы өз қиялдарындағы сүйікті ұстазын қағаз бетіне бейнелей отырып, жүрек жарды тілегін де білдірген еді. Бұл да сіздерге көңіл күй сыйлап, еріксіз езу тартқызғаны белгілі. Ендеше осы сәтте ...................................................

биін тамашалаңыздар!

1-жүргізуші: Ұстаздарды құттықтауға келіп тұрған мектебіміздің ең кішкентай оқушыларын қарсы алыңыздар!

0-сынып

Арайлым

Ұстазға әркім басын ию керек,
Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.
Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,
Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.

Нұрасыл

Көзге ыстық көрінер,
Оқулығы, партасы
Оқу қызық болғаны,
Мұғалімнің арқасы.

1-сынып

Ақбота
Анадай мәпелеп,
Ол бізді өсірген.
Кім атын атай ғой,
Мұғалім апай ғой.

Әліппе оқуға,
Үйреткен қашанда.
Кім атын атай ғой,
Мұғалім апай ғой.

Мейірімді сыпайы,
Еліне қадірлі.
Кім атын атай ғой,
Мұғалім апай ғой.
1-сынып ұраны: Бәрі бірге:

Білім берген біздерге

Көп рахмет сіздерге!

 

2-жүргізуші:Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы былай деген:“Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз.” Сіздердің құрметтеріңізге ................................................... ән тарту етеді.

 

2-сынып

Шұғыла

Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,
Ол болмаса, кім береді парасатты.
Асылын беріп шәкірт бойларына,
Ағартқан сол үшін де қара шашты.

Қарақат
Әрқашан ашық есігі

Сүйікті алтын бесігім

Әулие тұтып жүремін

Ұстаздың асыл есімін

Дархан
Шығарған мерей атағың,
Шәкіртке ұстаз анадай.
Қызықтар әрбір қадамын,
Ұстазға шәкірт баладай.

3-сынып

Айдана

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар

Самал

Күллі өмірін жеткіншекке арнаған

Мұғалімді ардақтайды барша жан

Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,

Жемісі оның жердің жүзін шарлаған

 

2,3-сынып ұраны: Бәрі бірге:

Біз үшін қиған уақытын

Өлшеп көр ұстаз бақытын

Кеңейткен ойдың өрісін

Рахмет сізге сол үшін!

2-жүргізуші:

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып,
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік!            .................................................................

 

4-сынып

Күнсәуле

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.

Айтолқын
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!

Айбол

Хан бол, мейлі қара бол,
дарын бол,мейлі ,дара бол.
Өтетін бәрі алдынан,
Ұстаздар бейне сара жол.
Ұстаздар - ұлттың тірегі,
Ұстаздар - мектеп жүрегі
Ұрпаққа жетер ұстазбен,
Халықтың ұлы тілегі.
Аманат жүгін көтерген,
Ұстаздық оңай іс емес.
Шаршауын шәкірт өтеген,
Ұстаздар осал күш емес.
"Ұстазым" деген ұлы сөз,
жүректің берген бағасы.
Мұғалім - ұстаз бола алса,
баланың көп қой данасы.

Тілек

Әр сөзі мейіріммен басталатын,
Қатайтқан шәкіртінің жас қанатын.
Білімнің нәрін сепкен ұстаздардың,
Қалайша атамасқа асқақ атын!
Ардақтаймыз ұстазды ұлағатты,
Жас жанға мейір нұрын ұялаттың.
Өзіңдей абзал жанды мақтан тұту,
Міндеті деп әркімнің ұран айттым!!

Айшагүл

Мұғалімді анамдай жақсы көрем,

Қиналамын қымбат теңеу таба алмай

Өз баласын тастап кетіп үйіне,

Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.

Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,

Үлгі етемін өнегелі сөзін бал

Мұғалімнің мұғалімін танимын,

Көкіректе көретұғын көзім бар.

Аяулым

Ұстаздарға мың алғыс

Алғыстарым көп менің,

Асыл анам, мектебім!

Үйреткені адалдық,

Ұсынғаны адамдық,

Текті мінез, даналық

Бар ұстазға тілейміз:

Бақыт, табыс, амандық!

Нұрай

Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын.

Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгі тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.

4-сынып ұраны: Бәрі бірге:

Санамай жылдың күн, айын,

Баулыдыңыз ұдайы

Ұсындыңыз қол үшін:

               Рақмет Сізге сол үшін!

1-жүргізуші: Ал бұлбұл әншіміз асыл ұстазына деген жылы лебізі мен шәкірттік асқақ махаббатын әсем әнімен жеткізгісі келеді екен. .......................................................................

2-жүргізуші:

Бірге өсіп,ен жайлаған ұл менен қыз,
Асыға сәлем жолдап жүректен біз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз. ...................................................................................
1-жүргізуші:

Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім. Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.


5,6-сынып

Жадыра
Жақсы көрем ұстазымды
Білім нұрын бізге шашқан
Жақсы көрем ұстазымды
Болашаққа есік ашқан

Жаңылсын

Бұзықтықты жасырып
Білімімді асырып
Жаныма жақын ұстазым
Сізге келер ұқсағым
Ләззат
Ұстаз, ұстаз қандай ыстық сөз деген
Ұстаз болу адамдықтың көзі еді
Ақылға да, асылға да үйреткен
Ұстаздықта бар білімнің көзі еді
Айшуақ
Арналады апайларға
Құрмет деген төр деген
Біздің елде адам барма
Ұстаз алдын көрмеген
Айдана
Білім беріп баршаға
Ұстазым менің шаршама
Алғысын айтқан өзіңе
Балғындар қанша, қаншама
Нұрсая
Көтеріп жүктің салмағын,
Жолыңда өмір талмадың.

Нұр жүзің қандай шуақты,
Ұстазым - асыл арманым!
Балғындарға баянды,
Сырын төккен ұстазым.
Шәкіртіне аяулы,
Нұрын төккен ұстазым!

Жадыра

Айтарым менің көп тегі,

Тыңдаудан әсте жалықпан.

Күлімдеп тұрған көктегі

Күнді де маған танытқан,

Айналдым ұстаздарымнан.

Жаңылсын

Еңбектеп үйге кіргенде,

Еңбекте-бақыт, соны ұққам.

Адасып түнде жүргенде

Алаулап от боп жолыққан,

Айналдым ұстаздарымнан.

Ләззат

Ақ қылау түскен самайға

Шәкірттің ұғар ойлысы.

Ұстаздық ауыр қалайда,

Төзе алмас еді жай кісі,

Айналдым ұстаздарымнан.

Айшуақ

Байыппен айтқан ақылын,

Самалдай егіп санама.

Өмірде мәңгі жақыным-

Ұқсаған туған анама,

Айналдым ұстаздарымнан!

Айдана

Ақылын ойдан сарп етіп,

Ақ моншақ маңдай терімен.

Қияннан сонау жарқ етіп

Құздардан күнде көрінген,

Айналдым ұстаздарымнан!...

Нұрсая

Асыл ұстаз – мектеп жүрегі,
Шуақ шашар реңі.
Әрдайым олар әлбетте

Біз үшін өмір сүреді.
Айналдым ұстаздарымнан!...

5,6-сынып ұраны: Бәрі бірге:

Ұстаздарым қасиеттім

Шәкірттерің бас иеді

2-жүргізуші:

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады. ........................................................................................

 

7-сынып

Айдын

Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,

Перне басқан оркестрдің үніндей

Әр баланың жүрегіне жол тауып,

Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.

Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,

Жыр оқисың нөсер болып құйылып

Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,

Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп

Жалын атып, от боп, бірге жанасың,

Білім беріп, содан бақыт табасың

Бар өмірің өрнектеліп баламен,

Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.

Анар

Мұғалім-ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың, даналардың

Өмірде сенің алар орыныңды

Бәрі де жеткізе алмас бағалардың

Өткізіп өз алдыңнан талай бала,

Бойына құйдың ақыл, ой мен сана

Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,

Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға

Атағым Алатаудай болып биік,

Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп

Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,

Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.

Жансая

Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға

Тарап демде кетеді шаршауың да

Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер

Тұрғанында солардың қоршауында

Қиындықта кезіксең көп асу да

Қанша терің төгіліп жол ашуға

Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,

Сен өмірдің ұстазы боласың да!

Ақерке

Жақсы жандар жанымызда әрқашан

Ұлағатты сөзін биік ұстаған

Ардақты ұстаз асыл анаң секілді

Тәрбиелейді балапандай жасыңнан

Ұстаз мейірі, Ана мейірімі пара-пар,

Тұла бойға қуат болып таралар

Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,

Айналайын білім берген ұстаздар.

Әсел

Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған

Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған

Шапағатын шуақ сепкен ұстаздар

Өздеріңнен бастау алар бар арман

Ұстаздар жақсылықтың жол ашары

Қолында шәкіртінің болашағы

Өмірді алға қарай өрлететін

Сендерде ұлы отанның болашағы

Айдынгүл

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам

Мектеп үйім, ұстаздарым ата – анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырлары сан тарапқа тараған.

Ислам

Ұстазым жанымда сөнбес күн

Шәкіртсіз өмір сусыз жер

Көрінбес ғажап еңбектің

Бейнетін көріп жүрсіздер

7-сынып ұраны: Бәрі бірге:

Ұстазым қамқоршым, ақылшым

Анамдай сен маған жақынсың!

1-жүргізуші:

Қазақ қызы күлімдер күн көзіндей,
Дөңгеленіп билейді ай жүзіндей.
Жұлдыздардай өрнекті аспандағы,
Биші қыздар бұрала билейді би.
Сахна төрінде аққу арман әні, би қойылымымен ....................................

 

8-сынып

Бекбол

Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан,

Жансыздар әлдилеген шуақты арман.

Жатталсын есі  мдерің жан жүректе,

Адамның аяулы әні сияқталған.

Жанкелді

Жүрегіміз түкпірінен ән қылып,

Шырқай оған айттық біздер тілекті.

Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік,

Тербетеді сезім менен жүректі.

Ақжол

Ұстаздардың ұлағатты сөзінен,

Өмір бойы таусылмас нәр аламыз.

Ұстаздардың мейірімді көзінен,

Бізге деген жылылықты табамыз.

 

8-сынып ұраны: Бәрі бірге:

Шәкірттердің ой санасы ашылсын

Ұстаздарға әлем халқы бас ұрсын!

1-жүргізуші:Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! ............................................................

 

9-сынып

Бексұлтан

ҰСТАЗДАРҒА

Ұстаздар – тыншымайтын еңбеккерлер,

Жемісті жерге екпеген, елге еккендер

Адамзат ұрпақтарын тәрбиелеп,

Зердесін болашақтың зерлеткендер.

Жайдары жүздеріңе барқыт көрік

Жаныңның бар асылын сарқып беріп

Жас буын - өнегелі шәкірттерді

Жүрсіңдер өз балаңнан артық көріп.

 

Анадай, құс ұйқымен көз ілдірер

Арманын аласартпас, сезімділер

Бағбандай, мәуелі бақ мәпелеген,

Бала үшін бар азапқа төзімділер.

Жақсылық атаулыға жаршы жандар,

Жамандық атаулыға қарсы жандар,

Баланы сусындатып өсіруге,

Білімнің бұлақ көзін аршығандар.

                              

Жанерке

               ШӘКІРТ ШАҚТА ЖЫЛЫ ЖҮЗБЕН ҚАРАСЫҢ.

Еміс есте отты көзің жанатын,

Құлшынысың бар күшіңді салатын.

Балапаның ұшып кетті-ау алысқа.

Қатайтып ап өз алдыңнан қанатын.

 

Оқу – құдық инемен қазатын,

Шәкірт біткен содан арып-азатын.

Бұл күндері бір-бір үйдің иесі,

Шимайбектер атын әрең жазатын.

 

Кешір, ұстаз, түртсем жанның жарасын,

Естіртсем мен әлдекімнің табысын.

Өмір деген – тым күрделі дүние-ау

Айту қиын өлшеп оның бағасын.

               

Шұғыла

                                 ҰСТАЗЫМ

Қадіріңді кезінде

Білмепті ғой ұланың.

Қазір әрбір сөзіңе,

Елеңдейді құлағым.

 

Бірдей етіп ұстадың,

Демей бізге бөтенсің.

Кейде ақылын ұстаздың,

Сағынады екенсің.

 

Сол ұстазға жаны нұр,

Демен үлкен адаммын.

Есейсем де бәрі бір,

Баяғы шәкірт, балаңмын.

                       

9-сынып ұраны: Бәрі бірге:

Ақылшым асыл ұстазым

Жолымды менің нұсқадың

1- жүргізуші: ..............................................................................

Тұла бойың тұнған сабыр, кешірім,

Айқара аштың бізге білім есігін.

Өр тұлғаңды балап шыңға, Ұстазым,

Мен өзіңе тәнті болсам, несі мін?!

Бала елдің болашағы болғанда,

Зор пайданы тигізесің қоғамға.

Мамандығың - кәсіптердің абзалы,

Адамдығың қымбат бізге одан да.

Ашық болсын нұрға толы көгіміз,

Аман болсын еліміз бен жеріміз.

Аманаттап тапсырамыз тағдырды -

Анамыз деп қабылдадық сені біз!

Әр таң сайын жаңа арман құшамыз,

Ұстазымыз - үлгі бізге ісі аңыз.

Жақсылықты, тәтті үмітті танытқан

Өзіңізді мәңгі үлгі тұтамыз!

2-жүргізуші:

 

Нұр құйды ма сәби – гүл - әлди елі,

Жүрегіңде қасиет бар киелі...

Шәкірттерге ұстаздар дәріс берсе,

Сіз ұстазға үйреттің тәрбиені.

Ұзақ жылдар мектептің басшысы боп,

Тәрбиені үйреттің басқышы көп...

Өнегелі еліне еңбек еттің,

Сәлем берер сондықтан дос кісі көп.

Азаматқа жүретін балап елім,

Сондай жұртқа қадірлі адам едің!

Ұл-қыздарың қондырған ұясына,

Мен де Сізді бір тауға санап едім.

«Талпынған бақытына болады кез,

Арналы дарындардан қалады сөз» -

Деп құйған құлағына шәкірттердің,

Адамсыз –Дана ойлы, Бал мінез!

1-2 жүргізуші: Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыл, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, еңбегі ерен, байламы берік, ойы өткір ұстаздар төл мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!!!

Ұстаздар мерекесіне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекітемін: ................................

Мектеп директоры: Аскер Н.

 

 

 

 

 

 

Новокаменка негізгі мектебі

 

 

 

Ұстаз жолы-Ұлы жол!

 

 

 

Мерекелік кешке арналған  сценарий

 

 

Дайындаған: Жазен Айнур

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016 жыл

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мерекелік сценарий "Ұстаз жолы - Ұлы жол!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный администратор

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 545 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.10.2016 2677
    • DOCX 48.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жазен Айнур .. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жазен Айнур .
    Жазен Айнур .
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8616
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Мини-курс

Сохранение и продвижение традиционных российских ценностей и культуры

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного продвижения бизнеса в интернете

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов

Мини-курс

Подростковые проблемы: индивидуальный подход

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 371 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 279 человек