Инфоурок Другое Другие методич. материалыМерекелік шара "Тәуелсіздікке 25 жыл"

Мерекелік шара "Тәуелсіздікке 25 жыл"

Скачать материал

NТәрбиеші: Біздің туған еліміздің, туған жеріміздің егеменді ел болып, тәуелсіздік алғанына 25 жыл

 толыпты. Құрметті қонақтар, қымбатты балалар тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!          

           Тәуелсіздік күні дедік бұл күнді,

           Атын атап ақын оны жыр қылды.

           Сол күнменен қатар туған сәбилер,

           Кішілерге аға болып үлгерді.        

Олай болса ортамызға өз өнерлерін көрсеткелі отырған бастауыш сыныбын қошеметпен ортаға

шақырайық. (Ән – әуеннің ырғағымен балалар қолдарына жалаушалар алып топқа кіреді)

Елдің елдігі, ердің ерлігі, ол – Әнұран

Сезім биігі, төзім шыңы, ол – Әнұран

Әннің асылы, ұранның басымы, ол – Әнұран

Олай болса балалар Тәуелсіздігіміздің  25 жылдығына  арналған салтанатты мерекемізді еліміздің әнұранымен бастайық.

«Әнұран орындалады»

Балалар біздің мемлекетіміз қалай аталады?

(Қазақстан)

ҚР президенті кім?

(Н.Ә. Назарбаев)

Қазақстан қандай мемлекет?

(Тәуелсіз мемлекет)

Қазақстанның астанасы қай қала?

(Астана қаласы)

Біз қай ауылда тұрамыз?

(Сыңғырлау ауылында)

Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін атайықшы

(Әнұран, Елтаңба, Ту)

Ендеше рәміздер туралы тақпақтарымызды айтып берейікші

 Ержан      Әнұраным – жанұраным,

                  Жүрсем егер дүние кезіп,

                  Айтар әнім, сөйлер сөзім,

                  Туған жерім сағынарым.

 

                

  

Тәрбиеші:  Қызады бүгін тойымыз

                  Ортамызды ашайық.

                  Ән мен күйді көтеріп,

                  Інжу маржан шашайық.

Ән «Атамекен» орындайтын

      Құрметті ата – аналар, қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізіп отырған «Тәуелсіз елдің бақытты ұрпағымыз» атты ертеңгілігімізге келіп, көріп тамашалағандарыңызға көп,көп рахмет! Әрқашан күн сөнбесін, аспанымыз ашық болып, заманымыз тыныш болсын, бейбіт күніміз жарқын болсын, тек Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем балаларының езуінен күлкі кетпей, әлем балаларының ұйқысы тыныш болсын. Тәуелсіз еліміздің көк байрағы желбірей берсін! Рахмет Сау болыңыздар.

Жадыра      

Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбат, әдемі!

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.

Аяулым    

Өнерлі ғой қыздар – ай.

Кенге толы қойнауы,

Төлге толы жайлауы

Ол – біздің Қазақстан!

Анамыздай тілеуі ақ,

Отан біздің біреу ақ

Ол – біздің Қазақстан!

Мұхтар   

Атамекен ақ үйдің,

Азат болған күні бұл.

Құндақтағы сәбидің,

Қазақ болған күні бұл

 

Индира «Қазақстан жалауы»

Аспан түстес көгілдір

Тік бұрышты матаның

Ортасында төгіп тұр,

Күн жаяды шапағын

Астында оның қалқыған

Қыран құстың бейнесі

Азат елдің шалқыған

Көңілі деп білерсің.

Мадина «Елтаңба »

Алтын қанат көмкерген

Шаңырақ бар, уық бар.

Әсем бейне сен көрген,

Жай бейне емес, ұғып ал!

Көгілдір түс аясы ,

Бейбіт дала елесі .

Шаңырақ –жұрт панасы,

Уықтар- күн сәулесі

жүргізуші: Ендеше, қарсы алыңыздар! Сахнада тамаша ән Бала тілегі
жүргізуші: 
«Ән көңілдің ажары» демекші, қол соғып қошеметтеп отырыңыздар. 25 жыл ішіндегі еліміздің жеткен жетістіктері тізбектелген бейне-роликке назар аударыңыздар! (2-4 минуттық слайд

немесе бейне-ролик)

жүргізуші: 
Керемет! 25 жыл ішінде қаншама жетістікке жеттік, көптеген қиындықтарды бастан кештік.

 Бұл біздің ортақ жеңісіміз. 
жүргізуші:

Қызады бүгін тойымыз

Ортамызды ашайық.

Ән мен күйді көтеріп, Інжу маржан шашайық Аққубиі

жүргізуші:
Пай,пай,пай! 
Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер, 
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер.
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер, 
Сарылып сал-серік еткен жер. 
Бас иіп,иіскеп топырағын 
Тағзым жасамай өтпеңдер – деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай келесі кезекті мектебіміздің ақындарына берсек. Шабыттарына от тиіп, жалын түссін. 
(ақындар тәуелсіздікке арнау өлеңдерін оқиды)

Нұрғиса

Тәуелсіздік

Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік,
қош келдің!
Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
...Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған, 
Саған
Оған да!
Саясатқа сермей алмай семсерді,
Езгі күнге тері қылдым еңсемді!
Желтоқсанда жалын атып жастығым,
Құрсау болған темір қоғам теңселді!
Есте даңқы қыршындардың қалды ма,
Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!?
а, еркіндік
Құның немен өлшеңді!?
Уа, еркіндік!
Құның немен өлшенді?!
Сені көксеп
Боздақтарым өлсе өлді!
Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,
Ең шуақты,
Ең шырайлы,
Ең шерлі!
Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-
Құдай берген ғұмырымда өлшеулі!

Арай

Мен Қазақпын!

Барлық есік ашық деймін,

Өз елімде мен үшін.

Ата-бабам қорғап қалған,

Ұрпақтары, елі үшін.

Тәуелсіздік төрімізде,

Желбірейді туымыз.

Қазақпын деп мақтанады,

Қызымыз бен ұлымыз.

Еңсемізді тік ұстап,

Мақтанатын кез келді.

Қазақстан таң қалдырды,

Туысқан, дос, өзге елді.

Отыз елдің қатарына,

Жетеміз деп сенемін.

Жастар адал Отанына ,

Көркейтетін өз елін.

Туған жерім — Қазақстан!

Өскен елім — Қазақстан!

Ән жырым да — Қазақстан!

Байлығым да — Қазақстан!

жүргізуші: 
Шабыттарыңыз шарықтай берсін, ақындар! Ал құрметті ұстаздар, оқушылар өлеңге

сусындап алған болсаңыздар, ортаға мың бұралған бишілерді шақыруға рұқсат етіңіздер.

 өзбек биі

жүргізуші: Тәуелсіздік –

Менің байтақ Отаным.

Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным

Тәуелсіздік – сәбиімнің күлкісі,

Тәуелсіздік – ақ батасы атамның.

Зейнеп       Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. 
                       Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. 
                       Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, 
                       Туған күнің құтты болсын, алыбым!

 

Нұртілеу   Сен әкелдің шаттығымды,күлкімді.

Ата-бабам армандағанбұл күнді.

Тәуелсіздік өркендесін,

Бақытпенен қауыштырған жұртымды!

жүргізуші: 
Көптен күткен сәт те келіп жетті. Енді біз мықтыларды анықтаймыз. Жан-жақтарыңызда ілініп тұрған әрбір қабырға қағаздарындағы суретке баға беріңіздер. Суреттің мәні, салыну шеберлігін ұстаздар қауымы қадағалап баға берсе дейміз. Ең бастысы тәуелсіздікті бейнелейтін сурет болуы керек. 
жүргізуші: 
Сонымен, кім жеңімпаз. Ұстаздар қабырға газетін көрсетіп жеңімпазды анықтаса. Бәрекелді, ендеше бүгінгі жеңімпаз __________________________ (жеңімпаз сыныптың аты аталады және жеңімпазға сыйлықтарын табысталады)

жүргізуші: 
Ортада тағы да бір әсем ән болсын. Ән шашу.Егемен ел Қазақстан

жүргізуші: 
Құрметті мектеп ұжымы, ұстаздар, қонақтар және де оқушылар. Бүгінгі «Біз Тәуелсіз елдің ұланымыз »атты әдеби-сазды кешіміз мәресіне жетті.

жүргізуші:
Елдің ертеңі жарық болсын! Келесі кездескенше аман болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мерекелік шара "Тәуелсіздікке 25 жыл""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель научной организации

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 942 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.05.2017 591
    • DOCX 21.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аманова Гулнур Оразгалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аманова Гулнур Оразгалиевна
    Аманова Гулнур Оразгалиевна
    • На сайте: 6 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3551
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой