Инфоурок Другое Другие методич. материалыМерекелік тәрбие сағаты "Улыны улыктайтын мереке"

Мерекелік тәрбие сағаты "Улыны улыктайтын мереке"

Скачать материал

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні!

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні!

Бүгін еліміздің қорғаныс қабілетінің кемелденгенін білдіретін мереке. 1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ КСР-ң мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Кейін республиканың қорғаныс мәселелерін толық түрде жеке шешуге көшуіне байланысты қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. 1992 жылдың 7 мамырында тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер  өздерінің мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Елбасынан басқа қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын алғашқы Қорғаныс министрі болып генерал-полковник С.Нұрмағанбетов тағайындалды. Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болып құрылғандықтан «7 мамыр Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды.

http://massaget.kz/userdata/uploads/u18/4236e4a7a200522f600c0f16e0b46762.jpg

Аталған жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен үш жүйелі штаб - жаяу әскерлер, әуе қорғанысы күштері мен әскери-теңіз күштерінің бас штабтары бекітілді. Аэроұтқыр күштерге Жоғарғы Бас қолбасшының резерві құзыры берілді. 2001 жылдан Қазақстан 4 әскери - Орталық, Оңтүстік, Батыс және Шығыс округке бөлінді.

Бүгінгі күні Қазақстан өз азаматтарының әскери қызмет атқаруының жағдайы мен тәртібін дербес анықтайды, өз аумағында әскерлердің, қару–жарақтың және техниканың орналасу мәселесін шешеді. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жалпы мақсаттағы күштер, әуе-қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күштері және де ұлттық гвардия мен ішкі әскерлер кіреді. Өз кезегіне қарай, қарулы күштер түрлі бөлімдерден және әр түрлі құрамалар мен арнайы әскерлерден тұрады.

http://massaget.kz/userdata/uploads/u18/c8a622d441d202eb407e996bd152a27d.jpg

20 жылдық қалыптасу кезеңінде ұлттық әскер күштері азаматтардың еңсесін тіктеп, еркіндігін кеңейтіп, аянбай еңбек етуде. Әскеріміз жаңарып, оның күш-қуаты жылдан жылға нығаюда. Бұл күн - қайсар мінезді ата-бабамыздың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғас тапқан күні.

Дәстүр бойынша, Отан қорғаушылар күнінде Қазақстан Республикасының Президенті (Жоғарғы Бас қолбасшы) Н.Ә.Назарбаев кезекті әскери атақтар тағайындап, көзге түскен әскери қызметкерлерді марапаттайды. Мереке күні құттықтау рәсімдері өткізіледі. 

Біз жыл сайын тұғыры биік Туымызды көтерген сәтте Отан шебін қорғауға кіріскен ұландарымызға әскери шендерін табыс етеміз. Бұл – келбеті келіскен, қайраты толысқан жауынгерлерімізге атаның аманаты, ананың ақ тілегі болып саналады. Ер-азамат үшін Отан қорғаудан құнды еш нәрсе жоқ! 7 мамырда өткен әскери шеру ел қауіпсіздігін ерлеріміз сенімді қорғай алатынын көрсетті. Қастерлі тудың түбінен аманат арқалаған азаматтар ел сенімін ақтайтынына мен сенемін! Әрдайым бойларың сергек, көздерің қырағы, жүректерің түкті болсын, жас өрендер!
Осы күні бүкіл халық өз тағдырын әскермен байланыстырған жастардың барлығына Отанды қорғау аманатын арқалатады. «Қазақстан – бейбіт, тағат-толерантты ел. Ол – әлемдегі және іргелес қонған барлық елдер үшін тату көрші, сенімді әріптес. Бірақ біздің Қарулы күштеріміз қауіпсіздікті, Отанның тәуелсіздігін, қазақстандықтардың бейбіт өмірін қырағы күзетуде. Сондықтан да оларды мемлекет мұқият назарда ұстайды».
 
Жоғарғы әскери оқу орындарын бітіріп, біздің Армияны толықтырып жатқан барлық жаңа сардарларды офицерлік атақтар алуымен құттықтаймын. 
 – Сіздер – жас офицерлер, Отанды қанымен қорғап қалған аға ұрпақтың ерлігіне лайық боласыздар деп сенемін! Өмірлеріңде алғаш рет офицерлік шен алып отырсыңдар. Алдарыңа үлкен мақсат қойып, әскери маман болуға бекіндіңдер. Әрқашан да аман-есен болыңдар, елімізде бейбітшілік болсын. Еш уақытта соғысқа қатыспаңдар, бірақ әрқашан да Отанды қорғауға дайын болыңдар!
Жас сардар әскер қатарындағы сарбаздарға қамқорлық жасасын: 
«Әскерде өздерің сияқты жас жігіттерге аға болып, қолдау көрсетіңдер. Олардың барлығы – қазақстандықтардың ұлдары. Соларға мұқият қарап, туған ағадай болуға тиіссіңдер! Сарбаздарға бар көңілдеріңмен қарап, қамқорлық жасаңдар. Сонда біздің әскеріміз мықты болады» 



http://kz.otyrar.kz/wp-content/uploads/2013/05/DSC_0147.jpgБүгін еліміздің қорғаныс қабілетінің кемелденгенін білдіретін мереке. 1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ КСР-ң мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Кейін республиканың қорғаныс мәселелерін толық түрде жеке шешуге көшуіне байланысты қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. 1992 жылдың 7 мамырында тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер өздерінің мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды.

Шымкентте әскери шеру өтуде

Шымкентте әскери шеру өтуде

Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болып құрылғандықтан «7 мамыр Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды.

http://kz.otyrar.kz/wp-content/uploads/2013/05/DSC_01801.jpg

Аталған жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен үш жүйелі штаб — жаяу әскерлер, әуе қорғанысы күштері мен әскери-теңіз күштерінің бас штабтары бекітілді. Аэроұтқыр күштерге Жоғарғы Бас қолбасшының резерві құзыры берілді. 2001 жылдан Қазақстан 4 әскери — Орталық, Оңтүстік, Батыс және Шығыс округке бөлінді.

http://kz.otyrar.kz/wp-content/uploads/2013/05/DSC_0215.jpg

Бүгінгі күні Қазақстан өз азаматтарының әскери қызмет атқаруының жағдайы мен тәртібін дербес анықтайды, өз аумағында әскерлердің, қару–жарақтың және техниканың орналасу мәселесін шешеді. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жалпы мақсаттағы күштер, әуе-қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күштері және де ұлттық гвардия мен ішкі әскерлер кіреді. Өз кезегіне қарай, қарулы күштер түрлі бөлімдерден және әр түрлі құрамалар мен арнайы әскерлерден тұрады.

http://kz.otyrar.kz/wp-content/uploads/2013/05/DSC_02111.jpg

21 жылдық қалыптасу кезеңінде ұлттық әскер күштері азаматтардың еңсесін тіктеп, еркіндігін кеңейтіп, аянбай еңбек етуде. Әскеріміз жаңарып, оның күш-қуаты жылдан жылға нығаюда. Бұл күн — қайсар мінезді ата-бабамыздың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғас тапқан күні.

http://kz.otyrar.kz/wp-content/uploads/2013/05/DSC_0233.jpg

Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

http://kz.otyrar.kz/wp-content/uploads/2013/05/DSC_0206.jpg

 

http://kz.otyrar.kz/wp-content/uploads/2013/05/DSC_0147.jpg

Әскерге не үшін келдің?
- Атамыз қазақ «Ел үмітін ер ақтар» демей ме. Әскерге елімнің, жерімнің қорғаны болу үшін келдім. Бүгінде осы жолда қызмет етемін. Алланың бұйыртқан күніне дейін Отан алдында өз борышымды өтеуге дайынмын.
- Әскер жігітті неге үйретеді?
- Әскер жігітті ең бірінші төзімділікке, шыдамдылыққа үйретеді. Әскерге келу әрбір жігіттің Отан алдындағы парызы. Сондықтан да әскерге келіңдер, борыштарыңды өтеңдер дегім келеді.



Нұршат Ілесбаев, қатардағы жауынгер, 21 жаста.
Нұршат Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Сазтөбе ауылында дүниеге келген. Әскерге дейін Алматыдағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің  жанындағы колледжде заңгер мамандығы бойынша оқыған. 2011 жылы әскерге шақырылды.

- Әскерге не үшін келдің?
- Әскерге келу әрбір ер-азаматтың алдындағы борышы.
- Әскерге алғаш рет келгенде қандай қиындықтар болды? Оны қалай жеңдің?
- Әскери өмір – қатаң тәртіп. Алғаш келген кезде адамға, әрине, қиын. Бірақ оған да үйреніп кетесің. Мен үшін қиын болған нәрселер: адымдау, сапқа тұру болды. Әр азамат оны алдымен ойымен жеңе білу керек. Ой арқылы жеңе білсең, қандай қиындық болмаса да, сүрінбей өтіп кетесің.
- Әскер жігітті неге үйретеді?
- Әскер әр ер-азаматқа өзіңді психологиялық, физикалық тұрғыдан дамытуға көмек береді. Бұл жерде тазалыққа, тәртіпке үйренесің. Қарумен ату, ротамен жұмыс істеу, т.б. жігіттік рухыңды көтеретін нәрселерді үйренуге болады. Әскерге дейін шыны керек, ойымыз ойнап-күлу, кафеге бару, қыдыру болатын. Ал қазірде өмірге деген көзқарасым өзгерді: жұмыс істеу, әке-шешеме қалай көмек көрсетем деген ойлар мазалайды. Балалықтан шығып, есейген сияқтымыз.



Бақытгүл Жетібаева, әскери оркестр қызметкері.
Бақытгүл Жетібаеваның әскерде жүргеніне 12 жыл. Негізгі мамандығы - дәрігер. Бұл мамандық бойынша Бақытгүл апай 15 жыл жұмыс істеген. Одан кейін өз еркімен әскерге сұранып, алдымен бір жыл іс жүргізумен айналысады. Одан кейін байланысшы, Меркедегі әскери бөлімшеде шаруашылық меңгерушісі, т.б. түрлі қызметтерде жұмыс істеді. Бүгін 61993 Аэроұтқыр әскери бөліміндегі оркестрдің бас инструктор музыканты.

- Әскерге келу себебіңіз?
- Жолдасым әскери адам болған соң, бір қаладан екінші қалаға жиі көшіп жүрдік. Әр кез әр қалада маған жұмыс табыла бермеді. Содан жолдасыммен бірге Отанымды қорғаймын деген ниетпен әскерге келдім.
- Әскерге алғаш рет келгенде қандай қиындықтар болды?
- Әскерге келген бірінші күннен бастап маған қиын болды. Әскери тәртіпке үйрену өте қиын екен. Сапқа тұру, бұйрықтарды орындау, командирді сыйлау, т.б. көптеген таңсық дүниелермен кезіктім. Алайда уақыт өте келе, бұл қиындықтарды да жеңіп, қатал тәртіпке үйреніп кеттім.
- Әскер жігітті неге үйретеді деп ойлайсыз? Бүгінгі жастар әскерге неге асықпайды?
- Ол әркімнің отбасынан алған тәрбиесіне байланысты. Егер әр отбасыда патриотизм, Отан қорғау сияқты ұғымдар дұрыс насихатталса, әскерден қашу деген болмас еді. Бейбіт өмірде жүріп, Отанын қорғамаған жігіт, жігіт емес деп ойлаймын. Жас жігітке әскери өмір дұрыс тәлім-тәрбие, мәдениеттілік, патриотизм береді.



Қуаныш Тілеубергенов, 22 жаста, арнайы мақсатта тағайындалған 38-ші бригаданың жауынгері.
Қуаныш Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылынан. Әскерге келгенге дейін Семейдегі ҚазМЗА-да бухгалтер мамандығында оқыған.

- Әскерге не үшін келдің?
- 4 жыл жоғарғы оқу орнында оқыдым, әскерге кеш келдім деп ойлаймын. Өз еркіммен, өз-өзімді сынау үшін келдім.
- Әскерге алғаш рет келгенде қандай қиындықтар болды?
- Уақытында тұру қиын болды. Жалпы, әскерде бәрі де уақыт-уақытымен. Басында келгенде 3-4 күндей ғана қиналдық, сосын, әрине, үйреніп кетесің.
- Әскер жігітті неге үйретеді? Әскерге әлі бармаған жігіттерге не айтасың?
- Өз басым әскерден ең бастысы, жауынгерлік машықтарға үйрендім. Спорт жағынан болсын, мысалы, парашюттен секіруге дайындалып жатырмыз. Кеше барып жауынгерлік жинақ жасап келдік. Бір-екі күнде секіреміз.



- Әскерге алғаш рет келгенде қандай қиындықтар болды? Оны қалай жеңдің?
- Ең алғашында арнайы әскери киім киіп, барлық қару-жарағымызды асынып алып жүгіру, түрлі жаттығулар жасау қиын болды. Күнде таңертең жүгіріп-жүгіріп үйреніп кеттім. Қазір кез келген қашықтыққа, кез келген уақытта жүгіре беремін.
- Әскер жігітті неге үйретеді?
- Әскер жігітке ата-ананың, үйдің қадірін түсіндіреді. Жалпы әскерде жүргенде әрбір нәрсені, әрбір затты бағалауды үйренесің. Әскерге келмей жүрген құрдастарыма, қорқатын ештеңе жоқ, әр азамат Отан алдындағы борышын атқаруы қажет дегім келеді.



Диас Баубеков, 23 жаста, бөлімше командирі.
Диас Алматы облысы, Талдықорған қаласынан. Жетісу Мемлекеттік университетін «Бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Әскерде борышын өтеп болғаннан соң, өмір жолын әскери салаға арнағысы келеді.

- Әскерге алғаш рет келгенде қандай қиындықтар болды?
- Әскерде айтарлықтай қиындықтар болған жоқ. Өйткені физикалық дайындықпен бұрынаннан айналысып келемін. Алғашында күн тәртібіне үйрену аздап қиындық туғызғаны болмаса, бірақ оның өзіне тез-ақ үйреніп кеттім.
- Әскер жігітті неге үйретеді?
- Әскер біріншіден үлкен тәрбие мектебі деп айтар едім. Әрбір ұл баланы әскер нағыз жігіттікке тәрбиелейді. Өзіміздің кіндік қанымыз тамған туған жерімізді бізден басқа ешкім қорғамайтындығын ұмытпайық.



Азамат Бозжігітов, майор.

Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, Новостройка ауылында дүниеге келген. Әскери қызметін ҚР Қарулы Күштерінен бастаған. 1996-2000 ж.ж. Алматы Жоғарғы Әскери училищесінде оқыды. Қазірде тәртіп жұмысы бойынша бригада командирінің орынбасары қызметін атқаруда.

- Әскер жігітті неге үйретеді? Әскерге бармаймын деп жүрген жігіттерге не айтасыз?

- Әскерде болмаған жігіт өмірде нағыз еркек бола алмайды. Меніңше, еліміздің әр азаматы өз борышын орындау керек. Қазір әскерге өту қиын, өйткені іріктеу жақсы өткізіледі. Бүгін әскерден қашып жүргендер деген жоқ, керісінше, әскерге кіре алмай жүргендер көп. Ол үшін денсаулығың мықты, білімің жоғары болу керек қой. Ең бастысы, олар бұл жерде физикалық түрде дамиды. Қару ұстауды, жауынгерлік әзірлікті, қоян-қолтық ұрысты, самолет, вертолеттен секіруді үйренеді. Сарбазға жауынгерлік әрекет кезінде қажетті нәрселердің барлығына машықтанады.

- 7-мамыр мерекесіне орай әріптестеріңіз бен жауынгерлерге айтар тілегіңіз?

- Барлық Қарулы Күштерді, жауынгерлерді еліміздің Қарулы Күштері құрылғанына 20 жыл толуымен құттықтаймын. Зор денсаулық, бақыт, Қарулы Күштеріміз бір орында тоқтап қалмай, әрі қарай дами берсін деп тілеймін.

Материалды дайындаған:

Айнұр Ракишева,



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мерекелік тәрбие сағаты "Улыны улыктайтын мереке""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Клининговый менеджер

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 953 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.02.2016 1904
    • DOCX 1.1 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Утепбергенова Динара Махамбетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 46058
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой
Сейчас в эфире

Арт-педагогика как метод профилактики детских неврозов

Перейти к трансляции