Выдаём удостоверения и дипломы установленного образца

Получите 5% кэшбэк!

Запишитесь на один из 793 курсов и получите 5% кэшбэк стоимости курса на карту

Выбрать курс
Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалы"Мерекеңмен анашым!" "Айгөлек" тобының ертеңгілігі

"Мерекеңмен анашым!" "Айгөлек" тобының ертеңгілігі

Скачать материал
библиотека
материалов

Мерекеңмен, анашым!

«Мерекеңмен, анашым!».
Мақсаты: 
Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, мақал-мәтелдер арқылы анаға сүйіспеншілікпен қарау.
Балалар бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мерекеңмен,анашым!». Расында да, адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегіні жылуынан басталады. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні,жұмсақ та аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады, көңілімізді сергітеді. Қайран ана өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да-бәрібір шексіз сүйеді. Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу-бүкіл өміріңе кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ол өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны бай, нәрлене түседі.Әрине, аңаның да анасы бар. Халық: «Туған –ана емес, асырап, өсіріп, тәрбиелеген-ана», - дейді.
Баланың анаға деген жай махаббаты жеткіліксіз, оны барынша құрметтеп,сыйлау парыз.Жүргізуші:
-Қымбатты балалар және біздің құрметті қонақтарымыз. Міне, біздің ең тамаша жыл мезгілі көктем де келіп жетті. Күннің көзі қарды ерітіп, анамызға, әжелерімізге тіпті бүкіл дүние жүзінің әйелдеріне күлімдейді. Мейрамдарыңызбен қымбатты аналар. 8 наурыз мейрамы құтты болсын.
Жүргізуші:
Бұл күнді тойлап жатыр барша халық.
Әйелдер күні бүгін халықаралық
Жарыққа бізді әкелген аналарды.
Бүгінгі мерекемен құттықтайық
Ұйытқысы жанұяның берекеміз
Аналар құтты болсын мерекеңіз
Әрқашан аналарымыз аман болсын
Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз
 Құрметті асыл аналар, қыз-қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар. Қар астынан қылтиыйып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып аналар мерекесі келді.
 Аналар көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріміз, күн мерекеміз құтты болсын.
 -Бүгінгі күн аяулы аналар сіздер үшін.
-Сәбилеріңіз сіздер үшін де ерекше күн болмақ. Барлық уақытта шыдамдылықпен, мейіріммен, ақылмен, ыстық құшағында аямай мәпелеп, еркелігімізді кешіре жол сілтеген ардақты аналар, бүгінгі балалық сезіміміз, әсем әніміз, көңілді күйіміз, демалым кешіміз, сіздерге арналады.
Жүргізуші:
Ау, балалар, бәрін қандай керемет, сұлу жігіт болып кеткенсіңдер. Ал тобымыздың қыздары қайда?
 Жүргізуші:
Балалар, аналарың мерекеге, тойға барар кезде не істейді?
(балалар жауабы)
Олай болса, біз сол жерлерден қыздарымызды іздейік.
Дүкен.
Жүргізуші:
Алло, алло, сәлеметсіздер ме? Бұл киім дүкені ме? Біздің «Балапан» шағын орталық  тобының қыздары сіздерде бар ма екен?
Жүргізуші:
-Сәлеметсіз бе? Иә, олар бұл жерде болған. Сәнді киім сатып алып, мерекеге кетті.
Сән салоны
Алло, алло, сәлеметсіз бе? Бұл сән салоны ма екен? Біздің «Балапан» шағын орталық  тобының қыздары сіздерде бар ма екен?
Телефон жауабы:
-Сәлеметсіз бе? Иә, олар бұл жерде болған. Шаштарын сәндетіп, қазір ғана таксимен бала бақшаға мерекеге кетті. Күтіп алыңыздар.
Музыка ойналып қыздарды  балалар алып  келеді.
Тақпақтар:
Аянат:
8  наурыз  күнін
Мейрамдайды  аналар
Аналалардың   шаттығын
Құттықтайды  балалар.
Аянат:
Әлпештеген, аялаған,
Ақ  сүт  берген  апатайым.
Сәлем  жазып  бүгін  саған,
Мейрамыңмен  құттықтаймын!
Ән: «Айналайын, ақ мамам»
Жүргізуші:
Бейнеме  де  қарайды,
Жейдеме де қарайды,
Әуелден – ақ ақылшым,
Әжем  менің  жарайды, - дегендей, біздің  үстімізге  қарап, қуанышымыз  бен  ренішімізді  анамызбен  тең  бөліскен, әрқашан  мейірімді  жүзбен  қарсы  алатын  адам  бар. Ол – біздің  әжеміз.
Назерке:
Ақ  әжемді  әрқашан
Сыйлап  жақсы  көремін
Қуантайын  деп  оны
Өлең  айтып  беремін.
Ән: «Құттықтаймын  мама, туған  күніңмен!»
Ойын: «Қыздарға  гүл  сыйлаймыз»
Би: «Балапандар биі»
Жүргізушінің сөзі:
Міне, құрметті  абзал  жанды  аналар, әжелер. Сіздерді  тағы  көктемнің алғашқы  мерекесімен  құттықтай отырып. Бүлдіршіндердің  дайындаған сыйлықтарын  қабыл  алыңыздар. Көңіл қойып тыңдағындарыңызға рахмет











  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
    Пожаловаться на материал
Курс профессиональной переподготовки
Воспитатель детей дошкольного возраста
Курс повышения квалификации
Скачать материал
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Организация работы в ДОО по подготовке детей к школе»
Курс повышения квалификации «Использование сказкотерапии с тревожными детьми в дошкольных образовательных организациях»
Курс повышения квалификации «Организация рабочего времени педагога-воспитателя с учетом требований ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Развитие элементарных математических представлений у детей дошкольного возраста»
Курс повышения квалификации «Эмоциональные нарушения у детей дошкольного возраста. Технологии индивидуальной коррекционно-развивающей работы»
Курс повышения квалификации «Сурдопедагогика: организация обучения, воспитания, коррекция нарушений развития и социальной адаптации глухих, слабослышащих, позднооглохших обучающихся в условиях реализации программы ФГОС»
Курс повышения квалификации «Педагогическая деятельность мини-музея как культурно-просветительского центра дошкольной организации»
Курс повышения квалификации «Организация развивающей образовательной среды в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Индивидуализация образования. Сопровождение индивидуального развития ребенка-дошкольника в вариативной образовательной среде»
Курс повышения квалификации «Методическое обеспечение дошкольного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Проектирование предметно-игрового пространства дошкольной образовательной организации в соответствии с ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Музыкальное развитие детей в соответствии с ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Пальчиковая гимнастика как средство развития речи детей дошкольного возраста»
Курс повышения квалификации «Система сопровождения ребенка с ОВЗ в общеразвивающем детском саду»
Курс повышения квалификации «Выстраивание системы психологических взаимодействий дошкольника с компьютером и интернетом»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.