Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Статьи / Мерейлі мектебім "Дарын" ОҚО Кентау

Мерейлі мектебім "Дарын" ОҚО Кентау


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Мерейлі мектебім «Дарын»

«Бүгінгі күн – кешегінің жемісі, ертеңгінің болмысы», - дейді дана халқымыз. Қай мемлекеттің болсын ертеңi – алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастыратын кейінгі бiлiмдi жастардың қолында. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев осындай жан-жақты дамыған білімді, елжанды, еңбекқор, өзінің атқарған ісіне жауапкершілікпен қарауды азаматтық парызы санайтын ұрпақ тәрбиелеу мақсатында еліміздің түкпір-түкпірінде мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаттарын ашты. Осы сияқты Қазақстанның болашақ элиталарын қанаттандырған, талай асуларды бағындыра білген киелі білім ошақтарының бірі де бірегейі – Кентау қаласының төрінде орналасқан «Дарын» мектеп-интернаты. Жас ұрпақты елжандылыққа, отансүйгіштікке, ынтымақ пен бірлікке баулуда аянбай еңбек еткен мектебімізге биыл 15 жыл толуда. Осы орайда 26 қазан күні «Заманауи әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, құзыретті оқушы қалыптастыру» тақырыбындағы облыстық семинар өткізілмек. Мұндай іс-шаралар – мектеп ұжымының толассыз ізденістерінің нәтижесі. Өскелең ұрпаққа сапалы білім беру мен саналы тәрбие беруде аянбай еңбек еткен мектебіміздің директоры Бадырова Н.Е. бастаған ұстаздар қауымына шығармашылық ізденістер мен толағай табыстар тілейміз.

Бадырова Нургуль Ескалиевна

ОҚО облысы, Кентау қаласы мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатында 2011 жылдан бастап мектеп директоры қызметін қолға алды. Жоғары санатты 30-жылдық еңбек өтілі бар ұлағатты ұстаз. Жоғарғы жетістіктері үшін Облыстық білім басқармасының «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» медалімен, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымының алғыс хатымен, 2014 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің мадақтамасымен, 2015 жылы «Дарын» РҒПО орталығының дипломымен марапатталған, 2016 жылы Алматы қаласында «Лучший наставник 2016 года» номинациясымен марапатталған.hello_html_730ae555.png



Құрметті мектеп ұжымы!



Қаламыздағы шоқтығы биік, білімі жоғары мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының 15 жылдық мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мерекені еліміз үшін ерекше жылда қарсы алудамыз. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы әрбір оқушымыздың жүректерінде ерекше орын алуы үшін атқарған жұмысымыз жемісін береді деп сенемін. Біздің мектебіміз 15 жыл ішінде көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, биік белестерді бағындырып үлгерді. «Дарын» мектебі республика, облыс көлемінде жоғарғы көрсеткіштер көрсетіп, көпшіліктің ықыласына бөлінген оқу орны. Білікті ұстаздарымыздың сапалы білім беруінің арқасында оқушылар терең білім алып, жан-жақты білімдерін жетілдіруде.Аталмыш оқу орнында жастардың білім алуына барлық жағдай жасалған. Бүгінгі таңда біздің мекебімізді бітірген түлектердің көпшілігі шетелдерде білімдерін шыңдап жатыр.Облыс өңірінің жастарын білім нәрімен сусындатып жатқан «Дарын» мектебінің алар асулары әлі алда деп сенемін!

Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілеймін.Жастарды тәрбиелеу жолында талмай еңбек ететіңіздерге сенім білдіремін,Тәуелсіз еліміздің келелі кемел істері артып, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Мерекелеріңіз құтты болсын!







Дарья Умрихина

Государственный морской университет

имени адмиала Ф.Ф. Ушакова,

Новороссийск

Школа – это начало начал. Она, как никто и ничто другое, превращает человека в личность. Именно там мы начинаем раскрываться, учимся общаться, работать, ставить и достигать цели. Лично для меня 5 лет, проведенные в Дарыне, – это незабываемое время, когда меня окружали потрясающие неординарные люди и каждый день был наполнен событиями. Я с большой теплотой и благодарностью вспоминаю учителей, которые не только вкладывали в нас прочный фундамент знаний, расширяли кругозор, учили широко мыслить и никогда не сдаваться даже перед самыми трудными задачами, но, что самое главное, своим примером показывали, как нужно работать и организовывать свое время, чтобы успевать как можно больше. Школа научила меня успевать всё: и учиться, и работать, и наслаждаться жизнью. hello_html_ma60bccc.jpg

Мне бы хотелось поблагодарить и поздравить с 15-летием нашего любимого Дарына всех учителей за их нелегкий, но такой нужный труд, и всех работников школы, которые вкусно кормят учеников, следят за порядком, чистотой и безопасностью Дарына. Я также от все души поздравляю с Днем Рождения нашей любимой школы нынешних учеников. Помните, что вы учитесь в самой лучшей школе! Дарын, только вперед!


Бимахан Алмас
МКТУ им. Яссави

Merhaba, iyi günler değerli aziz misafirler, müdürümüz, oğretmenlerimiz ve çok deyer verdiyimiz okulumuz . Sanki daha dün okula gelmiş gibi heycanlıyız. Ama zaman beklemiyor ve o gerçek beş yılın güzel günlerini geçirdik bu okulda. En güzel günlerimiz sana ayıt !, seninle biz sevmeyi, sevilmeyi, paylaşmayi, yenmeyi – yenilmeyi 
öğrendik ve her zaman birinci olmayi öğrettin. Sen bizim için bilim kaynaği oldun Darin. On beş yil oldu ortaya çıktığına, ama ka'lbimizde olan senin ışıgın hiç bir zaman sönmez, çünkü o ışık bizlere doğru ve düzen yolu go'steren ve güzel başarılara yetismeye yardım ediyor! Darin sen bize hayatı öğettin, şu dünyada kendi yerimizi ve yolumuzu bulmaya, namusunla, serefinle yaşamaya yardi'm ettin. Iki bin on üç yılında bitiren öğrencileriniz minnāttarlarını ve teşekkürlerini iletiyor.
Yillarca sizin profesionalliğiniza gönül merhemetinize ve tertibat terbiyei verdiğiniz için sizlere c'ok borçluyuz. Sizleri özleriz, sizleri severiz, her zaman bizim kalbimizdesiniz, okulun öğrencilerinen teşekkür ediyoruz!!!hello_html_4424212.png


Kuntuarova Bahyt

University of Liverpool, London

To begin with, memories and nostalgia of human nature, mainly based on years of teenage period. For me, personal development had a huge impact of my school “Daryn”. Words simply cannot tell how much I appreciate my teachers at my high school, I would just say “Thank you, Daryn”. hello_html_m56aabb11.jpg

I have grown up with my teachers, who have often been the first people I see in the morning. Daryn was literally the second home for me, for all of my classmates and friends that I had at school. Thank you for the sacrifices you have made to teach us to the best of your ability. Each one of you has had an impact on the way that I see life, and contributed to the person I am today.

This year is the 15th anniversary of our “Daryn” high school. I appreciate you for all that you’ve done and who you are. My interactions with you in the classroom have been an inspiration for my dream to come true, and empower ourselves to connect and learn on a whole new level.

You have instilled in me a great value for education, and a real heart to believe in younger generations and inspire them to truly become their best selves.

I am congratulating my school with its 15th birthday and wishing it many more prosperous and successful years ahead.



Алибекова Жанель
北京中医药大学 (Beijing University of Chinese Medicine)

一位在这所学校无忧无虑的时候,最喜欢的老师和同学们的家庭生活的亮点。这是当你碰到一个沉重的公文包一所学校;等待呼叫是在饭厅更快;杂的说话和玩耍在课间休息;饱和的事件,令人难忘的假期;当然在适当的时候与老师,谁可以随时了解和支持相处的时刻。而且你可以喋喋不休,给人的例子。自从我高中毕业,已通过3时间,而这一切的时候,我想至少有一天要进学校的很大气,我的老师和朋友。今天,在这一天,我要祝贺他的生日Daryn学校。学校,希望得到一个。它是让学生更好地学习,通过宝贵的导师和教师的地方。祝大家巨大成功,无限的创意,毅力,勤奋和耐心的弟子。老师我想表达我的宝贵工作和帮助深深的谢意。这是多亏了你,我在中国最好的大学之一。珍惜每一刻,享受学校生活的时刻,因为我们现在有,不能以后再hello_html_40e41628.jpg





Оқушылар кеңесіhello_html_maa28e81.jpg

Мектеп — балалардың екінші үйі болса, ал ұстаздар екінші анасы десек те артық етпейді. Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды. Алайда баланың тілін тауып, тілдесу, жақсы тәрбие берудің өзі бір үлкен ғанибет. Ақ парақ бетіне сызу сызғандай баланың кіршіксіз санасына алғашқы адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп, білім, өнер нәрімен сусындату сүйікті ұстаздарымыздың еншісінде. Ұстаз - Қаратаудың қойнауындай тереңде жатқан кенді ашып, білім мен ғылымның жемісінің дәмін таттыратын, армансызға арман ұялатып, қанатсызға дарын қанатын бітіретін ғажайып күш иесі. Сол ұстаздарымыз бен сүйікті «Дарын» мектеп-интернатымызды 15 жылдық мерейтойымен оқушылар кеңесінің атынан шын жүректен құттықтап, мектебіміздің бағындырған белестері, шыққан шыңдары көбейе берсін. Мектебіміздің мерейі үстем, болашағы жарқын болсын дегіміз келеді.













Дарындылықтың қайнар көзі – мектеп

(Мектептің соңғы 5 жылда бағындырған белестері)

Дарындылық – адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Баланың дарындылығын анықтаудың негізі мектептен басталады. Әр баланың бойында табиғат берер ерекше қабілеті, дарындылығы болады. «Бұлақ көрсең көзін аш» - дегендей, осындай баланың бойындағы дарындылық қасиетін дамыту көбіне мұғалімдердің кәсіби біліктілігіне байланысты екендігі айдан анық. Кентау қаласындағы мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының ұстаздары да оқушылардың дарындылығын анықтау мен оны дамыту жолында жан-жақты еңбек етуде. Бұған мектептің олимпиадалық, конкурстық және ҰБТ жетістіктері бірден - бір дәлел. Оқушылардың дарындылығын танытатын мұндай сайыстар мен сынақтар жыл сайын жемісін беріп келеді. Атап айтар болсақ, оқу жылының ең негізгі қорытындысы-бітірушілердің:

Ұлттық Бірыңғай Тестілеу тапсыру нәтижесінің көрсеткіші:


Ғылыми жоба сайыстары

hello_html_16392d39.jpg

Мектеп оқушылары өздерінің интеллектуалдық, танымдық қабілеттерін ғылыми жоба жұмыстарын жазу арқылы түрлі облыстық, республикалық, халықаралық сайыстарға жыл сайын қатысып, жүлделі орындарды иеленеді.hello_html_mf1519b4.jpg

2011-2016 жылдар аралығында оқушылардың ғылыми жоба жұмыстарының облыстық кезеңінде мынадай көрсеткіштерге қол жеткіздік: 45 оқушы дипломдармен, 19 оқушы мақтау қағаздарымен марапатталды. Республикалық кезеңінде 9 оқушы дипломдармен марапатталса, 4 оқушы финалист медальдарымен және 6 оқушы мақтау қағаздарымен марапатталды. Сонымен қатар мектеп оқушылары Ө.Жолдасбеков атындағы механика және математикадан зерттеу жұмыстары халықаралық конкурсына қатысып, 4 оқушы дипломмен және 2 оқушы мақтау қағаздарымен марапатталды. hello_html_133592ef.jpghello_html_m18d24b95.jpg

2014 жылы Мәскеу қаласында өткен "Учёные будущего" атты оқушылардың халықаралық IX фестиваліне өздерінің ғылыми жұмыстарымен 11-сынып оқушылар қатысып, сертификаттар алды және 2 оқушы мақтау қағаздарымен марапатталды. 2015 жылы Оңтүстік Кореяның Тэджон қаласында "Молодой учёный" атты халықаралық ғылыми жоба жарысына 11-сынып оқушысы информатика пәнінен қатысып, сертификат алды. Осы жылдары Байқоңыр қаласында өткізілген "Ғылым әлемін ашамыз" ғарыштық зерттеулер бойынша XI Халықаралық ғылыми жарысқа және Алматы қаласында өткізілген "InfoMatrix Asia& Pacific" атты Халықаралық компьютерлік ғылыми жоба жарысына 11-сыныптың 2 оқушысы қатысып, сертификаттар алды және 1 оқушы қола меделімен марапатталды. Анталия қаласында өткен Халықаралық жарыстарға мектептен 10 оқушы қатысып, 1 оқушы I орын, 2 оқушы III орын иеленді. hello_html_3d108b24.jpghello_html_2eb50dcc.jpg

Мамандандырылған "Дарын" мектеп-интернатының жас зерттеушілері 2011-2016 оқу жылдары 59 дипломмен марапатталды



Пәндік олимпипадалар

Оқушыларымыз өздерінің интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін пәндік олимпиадаларға қатысу арқылы танытып жүр. Жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадаларда мектеп оқушылары белсенділік танытып, жүлделі орындарды иеленуде. Пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінде 54 оқушы дипломдармен, 19 оқушы мақтау қағаздармен марапатталды. республикалық кезеңде 10 оқушы дипломмен және 1 оқушы мақтау қағазымен марапатталды. Сондай-ақ мектебіміздің оқушылары Ө.Жолдасбеков атындағы аймақтық олимпиадаға, қазақ тілі мен әдебиетінен "Жарқын болашақ" республикалық олимпиадасына, Шымкент қаласы Қазығұрт ауданындағы Ж.Қаппаров атындағы мектеп-интернаты базасында өткізілетін олимпиадаға және 11-сынып оқушылары Президенттік олимпиаданың облыстық және республикалық кезеңдеріне қатысып, 15 дипломмен және 7 мақтау қағазымен марапатталды. 2015 жылы Анталия қаласында өткен халықаралық жарыстарға мектептен 10 оқушы қатысып, 3 дипломды қанжығаларына байлады. 2015 жылы оқушылар Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткізілген "Наурыз кездесулері" атты ғылыми конеренцияға қатысып, бағалы сыйлықтар мен сертификат алып келді. Сонымен қоса әр пәндерден өткізілетін интернет олимпиадаларға да оқушыларымыз белсенді қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. hello_html_16f18b52.jpghello_html_3dc7f6d6.pnghello_html_md841a57.jpghello_html_mf5f48f7.pnghello_html_m24ee2b75.jpghello_html_m6a3f2137.jpghello_html_m2e8bf520.jpghello_html_8cbecf1.jpg

Соңғы 5 жылдың нәтижесі бойынша мектеп-интернаты Қазақстан Республикасындағы "Ең үздік 10 мектеп" қатарынан көрініп, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің "Білім беру жүйесіндегі Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру мен өткізудегі елеулі еңбегі мен мектептің жоғары көрсеткіштері үшін" алғыс хатымен марапатталды

Жалпы мектебімізде суырылып, "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" атанған дарынды оқушыларымыз жеткілікті. Міне, осындай биік жетістіктерге қол жеткізген дарынды шәкірттеріміз өздерінің жоғары дәрежедегі ерекшеліктерін мықты тағылыммен ұштастыратын қоғам қайраткері болары анық. Егеменді елімізді дүние жүзі елдерімен терезесі тең болатын дәрежеде өркендетіп, оның тұтқасын, тізгінін ұстайтын, сол арқылы елімізді әлемге танытатын да біздің дарынды, қабілетті ұл-қыздарымыз болмақ.









Автор
Дата добавления 01.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Статьи
Просмотров56
Номер материала ДБ-309154
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх