Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыМероприятие: "Ана - өмірімнің гүлі"

Мероприятие: "Ана - өмірімнің гүлі"

Скачать материал

                    

                                   Ана - өмірімнің гүлі

 

Сабақтың мақсаты: Балаларды мейірімділікке,аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге,ананы сүюге,сол арқылы еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан,ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру.

Сабақтың көрнекілігі:Тақырыпқа байланысты сюжетті суреттер,плакаттар,

мақал – мәтелдер.Оқушылардың шығармашылық жұмысынан көрме ұйымдастыру (суреттер,шығармалары,қол өнері) шарлар,гүлдермен безендіру.

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі:Қымбатты қонақтар,аналар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша,шуақты мейрамдардың бірі – 8 наурызды, Халықаралық әйелдер

 күнін тойлап,атап өтуге жиналып отырмыз.Мерекелеріңіз құтты болсын,сүйікті аналар!

  Сіздерге 4 «Ә» сынып оқушыларының дайындаған мерекелік сыйы бар,қабыл алыңыздар.

Мұғалім:8 наурыз – халықаралық әйелдер күні.Бұл мерекенің жылдың басқа мезгілінде болуы қисынға келмейтіндей.Өйткені,көктем секілді әйел – аналар да адамзатқа өмір,жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе?

Ән: « Анаға сыйлаймыз»  хор.

Мұғалім: Неге дәл осы күн 8 наурыз - әйелдердің халықаралық мерекесі болып белгіленді?

  1908 жылдың 8 наурызында өздерінің ауыр жағдайына төзе алмаған Нью- Йорктың еңбекші әйелдері демонстрацияға шықты.Осы оқиғаны есте қалдыру үшін 1910 жылы Копенгагенде өткен әйелдердің ІІ Халықаралық конференциясы 8 наурыз - Әйелдер күні деп белгіледі.

Даяна:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген – бәйтерегі өмірдің,

Ана деген – алтын қазық , алтын бақ.

Сабина:

Ана деген – асыл жандар болаттай,

Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай,

О, адамдар,қадірлей біл ананы

Жат қылыққа ақыл – ойды тонатпай.

Исламбек:

Ана десем сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық

Бар адамға берсе ананың мейірін,

Орнар еді бар әлемге тыныштық.

Хантемир:

Ана десем,ұшқын атып жанары,

Өмірімнің бастау алар жаңа әні.

Ана деген тіршілікте пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

 

 

 

 

 

 

Мұғалім: Ана! Осы жалғыз ауыз сөзде талай сыр,талай терең мағына жатыр.

Ананың балаға деген шексіз махаббаты,адамдарға деген мейірімі,ақ тілегі.

Ән: «Балдәурен» хор.

Еркеш:

Ардақты ана,аяулы ана,қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай,гүл бақтың.

Ырысбек:

Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,

Махаббатың жүрегімде жүр менің.

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің,

Қандай жақсы ортамызда жүргенің!

Айша:

Ер жеткізіп,елге берген баласын,

Ақылдысың,ардақтысың,данасың!

Қарайтыным қас- қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме анашым!

Қазақ биі: Айлананың орындауында.

Мұғалім:Тіршілікке нәр берген – ана сүті қандай құдіретті! Әлемдегі жақсылық көзі,адамдық қасиет,ақ тілек,мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатады.

Милана:

Өскеніңді жүреді аңсап,

Өмір бойы мәпелейді.

Өңіңді сәл кірбің шалса,

Дәрігерге жетелейді.

Әділет:

Бір мініңді көре қалса,

Аппақ жүзі қуарады.

Сабағыңнан «бестік» алсаң,

Бес күн бойы қуанады.

Анель:

Еркелесем,күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

«Құлыншағым, күнім» - дейтін.

Арман:

Әлемдегі ақылды адам,

Бәрінен сол жақын маған.

Ол жанымда жүрсе,мен де,

Батырларша батылданам.

Мәруар:

Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып.

Мәпелеген анамды мен,

Жүрсем деймін шаттандырып.

 

 

Ән: «Құттықтаймын, мама, мерекеңізбен !»

Мұғалім:Ана – адамзат мекен еткен жер шарының әр түкпірінде,әр үйде мейірім мен мерейдің,достық пен туыстықтың туын тіккен адам.

Аяулым:

Анам менің күн көзіндей шуақты,

Даладай кең,таулы өзендей қуатты.

Дүниедегі жақсылықтың барлығы,

Жан анадан тарап жатқан сияқты.

Айсауле:

Ананың құт-береке әр қадамы,

Сезімдер әр ісінен даралығы.

Ана -Өмір,Ана- Бақыт,Ана- Жүрек,

Тіршіліктің ғұмырының даналығы.

Ханым:

Ана деген өмірдің кәусәр бұлағы,

Ана деген тіршіліктің шұғылалы шуағы.

Ана деген – теңдесі жоқ ұлылық,

Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.

Анель:

Ана мейір күн көзімен пара-пар,

Тұла бойға қуат болып таралар.

Өміріме шуақ шашып әрқашан,

Көп жасаңдар,ақ ниетті аналар!

Би: «Брейк» орындайтындар ұлдар.

Мұғалім:Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар.Ана қарызы алтынға бөлеуді,ақ орда салуды қаламайды.Ана баласының ер жетіп,адам болуын қалайды.Анаға осыдан артық тарту- таралғының, бақыттың керегі жоқ.

Милана:

Теңдесі жоқ данасың,

Арқа тұтар панасың.

Еңбегіңді ақтайтын,

Аман болшы,анашым.

Айша:

Бар өмірдің жүрегі,

Өзің алтын ордасың.

Тіршілігімнің тірегі,

Уайымың болмасын!

Мансур:

О,анашым,таянышым,тірегім,

Бар бақытым бір өзіңнен тіледім.

Мені жақсы болса екен деп қашанда,

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

Сабина:

Аяулы да алтын нұрлы анашым,

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.

Сен асқарсың,сен аспансың, биіксің,

Сен дархансың,сен жомартсың,данасың!

 

 

Ерназар:

Әлпештеген,аялаған

Ақ сүт берген анашым.

Ән де айтып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын!.

Би: «Шығыс биі» орындайтын Айлана.

Мұғалім: Әлемде өзгермейтін үш ақ зат бар, ол – ананың ақ сүті,күннің нұры,сәбидің күлкісі.

Ән: «Анаға сәлем» хор.

1.Өлеңдер оқылады: Ақниет және Аружан.

2. Ән: «Асыл әжем» орындайтын Гүлназ.

3. Ән: «Ертегілер» орындайтындар Берікболсын,Гүлназ,Нұрлыбек.

4. Ән: «Біз өмірдің гүліміз» орындайтын Берікболсын.

5. Қазақ биі орындайтын Алмагүл.

6. Қазақ биі орындайтын Гүлжан.

7. Ән: «Айгөлек».

8. Ән: «Қуыршағым» хор.

9. Ән: «Жаса Көкшетау» хор.

Мұғалім: Әйел – ананың есімі көне заманнан бері құрмет пен беделге ие болып келеді.Ана адамға өмір сыйлап,жер бетіне тек қана жақсылық дәнін себеді.

Бірінші бөлімімізді мына өлең шумақтарымен аяқтаймыз.

Құттықтаймын мейрамыңмен аналар,

Әр күлгенің бізге бақыт саналар.

Еңбегіңді еш етпейтін өмірде,

Елің,жұртың,ұл мен қызың бағалар.

 

 

Мұғалім: Екінші бөлім қыздарға арналған сайыс.

Сайысқа қатысатындар: Айша,Аяулым,Анель,Айсауле,Милана,Мәруар,Сабина,Даяна,Ханым.

 

Сайыс түрлері:

1.Таныстыру.

2.Сән үлгісі.

3.Тағам түрі.

4.Өз өнерін көрсету.

5.Сұрақ – жауап.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мероприятие: "Ана - өмірімнің гүлі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по корпоративной культуре

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 989 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.04.2016 625
    • DOCX 45 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ибрагимова Роза Негметовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ибрагимова Роза Негметовна
    Ибрагимова Роза Негметовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 29685
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инструменты в преподавании кубановедения в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Развитие критического мышления у младших школьников в условиях обновленного ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 719 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Мини-курс

Информационные технологии и безопасность

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек

Мини-курс

Искусство переговоров: стратегии и тактики в различных сферах жизни

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Психические защиты и психоаналитический взгляд на личное развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек