Инфоурок Начальные классы КонспектыМероприятие «Біз – космос дәуірінің ұланымыз»

Мероприятие «Біз – космос дәуірінің ұланымыз»

Скачать материал

Тақырыбы: «Біз – космос дәуірінің ұланымыз»

 Мақсаты:

1.Білімділік: бүкіл еліміз адамзат баласының ғарышқа тұңғыш жол салуының және ғарышқа ұшу арманының орындалуын тұлғалар арқылы байланыстырып анықтау;

2.Дамытушылық: оқушылардың танымдық белсенділіктерін,ойлау және шығармашылық  қабілеттерін дамыту;

3.Тәрбиелік: өзі өмір сүріп отырған планетасын сүюге,ғарышкерлерді құрметтеуге,экологиялық апаттардан қорғауға тәрбиелеу;

Әдісі : әңгімелесу,сұрақ – жауап, пікір алысу, өз ойын ортаға салу,ғарыш туралы ән, би, сөзжұмбақ шешу;

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, үнтаспа.

 

Тәрбие сағатының барысы:

Қызығушылығын ояту.  «Құс жолы» әнінің музыкасы естіліп тұрады

Ой қозғау.

-         Әуенді тыңдап отырғанда көз алдарына не елестеді?

(Оқушылардың жауаптары)

Мұғалімнің әңгімесі

- ХХ-ғасыр. Тарлан тарихқа төңкерістер дәуірі, адамдар психологиясындағы арпалыс, қырғи-қабақ соғыс жылдары, атом дәуірі деген атпен енген бұл кезеңнің біздің халқымызға берген екі үлкен сыйы бар. Оның біріншісі қазақ елінің ұйтқи соққан замана желінің қаталда қатыгез екпініне қайыспай шыдас беруі арқылы  «Мың өліп, мың тіріліп»  жүріп, өз тәуелсіздігін жеңіп алуы болса, екіншісі «Ай нұрын ұстап мінсе де, қызыққа тоймас адамзат» деген балалар арманы орындалып, ғарышқа қазақ ұланының барып қайтуы.

 

1– оқушы .  Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Ғарышкерлер мерекесіне арналған «Біз- космос дәуірінің ұланымыз» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!

 

 

 

2 – оқушы. Бүгін  дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күні. Осыдан тура 52 жыл бұрын алғаш жер серігі де, бірінші адам да әлем бойынша қазақ жерінен, Байқоңырдан ғарышқа аттанған болатын. Байқоңыр ғарыш айлағынан алғаш рет әлем бойынша ғарышқа жол салған Юрий Гагарин болды. Араға 30 жыл салып, Қазақтың атын шығарып, тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров көкке самғады. Осылайша Қазақстан – ғарыш кіндігіне айналды.

 

3- оқушы. 1957 жылы Ғарышқа жол 4-қазанда ашылды.

Бұл күні бұрынғы Кеңес Одағында жердің жасанды серігі ұшырылды.

 Жер спутнигімен «Лайка» атты ит ұшырылды.

 

4- оқушы. 1959 жылы 12-қыркүйекте Айға қарай зымыран ұшырылды.

 

5- оқушы. 1961 жылы Москва уақыты бойынша 12 сағатта  бұрынғы Одақтық барлық радиостанциялар өз хабарын тоқтатып, адамның ғарышқа ұшу сапарын ойдағыдай аяқтағанын хабарлады.

   Ғарышқа бірінші рет Россия азаматы Юрий Гагарин Байқоңыр космодромынан 9 сағат 7 минутта ұшырылды. 108 минут өткеннен кейін «Восток» кемесі қонды. Ағаш ұстаның баласы Юрий Гагарин сол кезде 27 жаста екен.

 

6- оқушы. 1963 жылы: 16 шілдеде тұңғыш әйел ғарышкер- орыс қызы Валентина Терешкова ұшты.

  Ғарыш кемесі ұшатын ғарыш айлағы Қазақстанның Байқоңыр жерінде орналасқан.

 

7- оқушы.

 

 - Сүрінген бабам сан рет,

 Космосқа қарай барам деп.

 Қойынында мылқау тірліктің,

Қандай сыр барың білем деп.

 Адами қиял осылай, аспанға ұшып , әрі ұшты,

 Қазақтың жері ақыры – қақпасы болды ғарыштың.

 

8- оқушы.

 - Иә, қазақтың жері ғарыштың қақпасы болды, ғарыш десе көңілге туған жер топырағы төсіндегі Байқоңыр келеді. Қазақстандағы Байқоңыр космодромнан ғарышқа самғап ұшқан халық батырлары - содан бері ғарышкерлер ғарышта болып қайтты.

Мұғалімнің әңгімесі.

-Неліктен космодром «Байқоңыр» болып атанған?

1961жылы 12 сәуірде Гагарин қазақ жерінен ғарыш әліміне ұшып шықты. Ол бірден  бірнеше дүниежүзілік рекордтар жасаған күні авиациа және космоанавтика халықаралық ұйымдары «Гагарин қайдан, нақты қай жерден ұшып шықты, оның рекордтарын ресми тіркеу үшін  ұшқан жерін нақты айтыңыздар» деген талап қойды. Сонда осы уақытқа дейін құпия болып келген Сырдария жағасындағы Торетам стансасынан ұшқанын білдірмес үшін сол жерден тура  солтүстікке қарай орналасқан Жезқазған  жеріндегі, Қарсақбай қасындағы Байқоңыр деген елді мекенді еске түсіріп, Гагарин ұшқан жерге соның атын бере қойған.Содан тұңғыш ғарышкер ұшқан жер Байқоңыр аталып, қазақ сөзі әлемге таралып кетті.

-         «Жер -адамның бесігі, бірақ адам бесікте  өмір бойы құндақталып жата бермейді ғой. Бір кезде ол аспанға шырқап ұшады. Және сол бірінші ұшатын адам біздің Кеңес елінің адамы болады!»- деп айтқан кім?

    -Ұлы ғалым, космос ғылымының негізін қалаған Константин Эдуардович       Циолковский

9- оқушы.

- Сазарып жатса Сарыарқа ,

Бетпаққа оны балама.

Шындарға жарық космосын,

 Жақын боп шықты далама.

Өкпелей бермей өткенге,

Ұғып қой ұрпақ бақытты.

Түн болса бабаң ғарышқа,

Түнліктен қарап жатыпты.

 

10 – оқушы.Тоқтар Әубәкіров ұшқыш болуды армандаған. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынады. 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия , медицин салалары және Арал теңізі аймағы бойынша ғылым зерттейтін жұмыстарын жүргізді. 1991 жылы 10 қазанда жерге оралды.

11- оқушы

Тұңғыш қазақ ғарышкер.

 Әубәкіров ағаның,

 Даңқы көкке самғаған.

 Тоқтар аға Гагарин,

 Салған жолды жалғаған.

 

12- оқушы

 Тоқтар ағам- жан ағам,

 Бұрыннан да ер еді.

 Менің батыр ағадан

Аумай қалғым келеді.

13- оқушы

Арман қуып жасынан,

 Көктен көзін алмаған.

 Ұшқыш болды жас ұлан,

 Аспанда еркін самғаған.

 

14- оқушы

 Бабасындай асауға,

 Салған құрық-бұғалық,

 Ұшақтарды сынауға,

Артқан еді құмарлық.

 

15- оқушы

Жұмбақ әлем,

 Жұмбақ жұлдыз,

 Олар көп.

 Ғарышкерлер,

 Біреуіне қонар кеп,

 Қонып тұрып,

 Адам ойы мазасыз,

 Сұрар тағы,

 Бұдан әрі не бар?- деп

 

16- оқушы

 Қанат берді еліміз,

 Ұлы Отанның ері біз.

 Ертең- ақ Марсқа барамыз,

 Ұшамыз біз Айға да,

 Ұшамыз біз ғарышқа,

 Ғарышкер де боламыз

 

17- оқушы.

Сайра бұлбұл, көкейден ән төгілсін.

Жырға бөле даланың әр төбесін.

Байқоңырдан тік ұшқан ғарышкерлер

Көтерді қазағымның мәртебесін

 

 

Би : «Ғарышта»

 

Көрініс: «Марстан келген қонақ»

 

Марстан келген қонақ:

- Сәлеметсіздерме, балалар? Сабақтарың қалай, жақсы оқып жүрсіңдер ме? Сендерді біраз сырттан бақылап отырдым, қызықты кеш өткізіп жатырсыңдар-ау осы.

 

1 оқушы. Хош келіпсіз! Төрлетіңіз! Біздің сізден білгіміз келетіні көп.

М: Ендеше, сұрақтарыңызды қойыңдар, мен жауап беруге дайынмын.

 

2-оқушы: Марс планетасы туралы қысқаша айтып берсеңізші.

М: -Марс Күнге ең жақын планета, ол Айдан сәл үлкен. Марс планетасы диаметрі бойынша Жерден екі есе кіші.. Марста жағдай қатал. Экваторда жазды күннің өзінде температура 00-тан сирек көтеріледі, ал түнге қарай шытынаған аязға (-70, -1000Сқа) дейін төмендейді. Кей кезде Марста бірнеше айға созылатын тозаңды дауыл болып тұрады. Марстың магнит өрісі жердікінен өте әлсіз.

 

М: Кешірерсіздер, мені достарым шақырып жатыр. Бізде артық жүріс деген, бос іспен шұғылдану деген болмайды. Сондықтан менің уақтым тығыз, мен жаңа жаңалықтар ашу үшін уақтымды жұмсаймын. Сендер тамаша балақай екенсіңдер. «Ғарышкер боламын» деген оқушының талабы жақсы екен. Ғарышта көк туларыңыз желбірей берсін.

Сәт, сапар сіздерге, достар! Сау, болыңыздар!

Оқушылар: Сау болыңыз!

 

Марфуға Айтқожақызы “Қос ғарышкер” өлеңінен үзінді:

Қос ғарышкер, Тоқтар мен Талғат десем,

Үзілген үмітімді жалғап кетем!

Ақынға да кеңістік,ғарыш керек,

Көз жұмбасам ерлікке,самғап бекер!

 

Қос ғарышкер,қос батыр,қос жұлдызым,

Мерейлі етіп тұрсыңдар,достың жүзін.

Тағы да озып келсін Талғатым деп,

Аспанның бәйгесіне  қостым бүгін!

 

Қазақстандық ғарышкерлер,халық қаhармандары – Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев туралы мәліметтер беріледі.

 

 

 Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров (27 шілде 1946 жыл, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы, Қазақстан) — қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында өмірге келген. Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін (1969), авиация институтын бітірген (1979).

    1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал туған аймағы бойынша ғылыми-зертуған жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Сондай-ақ, Қазақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды аспан астрофизика бақылау жұмыстары да ойдағыдай өтті.

  1991 жылы 10 қазанда Жерге оралды. Ғарыштан оралған соң Қазақстандағы ғарыштық даярлығын зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты.

1992 – 1993 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің

1-орынбасары, 1993 – 1994 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыштық агенттігінің бас директоры – Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары, 1994 – 95 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты – Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.

 

1996 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

 

2001 жылы 44 Қызылорда сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы парламентінің мәжілісіне депутат болып сайланды. Қызылорда қаласының құрметті азаматы.

 

Марапаттары

Қазақстанның:

«Халық Қаһарманы» атағы

«Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы

«Отан» ордені (1995)

 

Ой қозғау

- Әлемдік рекордтарды тізетін Гиннес кітабына аты жазылған тұңғыш қазақ кім?

-Т.Мұсабаев. Ол 1994ж.135 тәулік бойы космос әлемінде ұшып жүрді. 1998ж. Орбитада 7 ай жүріп, 7рет ашық аспан әлеміне шықты. Бас-аяғы 30 сағатын космостың қара тұңғыйығымен бетпе-бет өткізді

- «Біздің ғарышкерлер біз салған жолды Ресей Федерациясымен бірге жалғастырады деп ойлаймын. Біздің еліміздің аумағында ең үздік, ең ірі, Әлемде ең көп ұшыру жасайтын космодромның орналасуы тегіннен тегін емес. Әлемнің барлық ғарышкерлері Байқоңырды екінші Отан санайтындықтарын бүкіл дүниежүзіне айтып, жар салады. Осы орайда Ресей Федерациясы космонавтика саласында Қазақстанның ең негізгі стратегиялық әріптесі болып қала бермек», - дейді Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы, ғарышкер, авиация генерал-лейтенанты Талғат Мұсабаев.

 

 

 

 

 

Хор : «Космонавт боламыз»

 

Қорытынды . «Ғарышкер» сөзжұмбағын шешу.

   

      1)  Қазақтың ғарышқа екінші ұшқан ғарышкері (Талғат)

2) Қазақстандағы ғарыш айлағы (Байқоңыр)

3) 9 планетаның бірі (Марс)

4) Байқоңыр қаласының бірінші іргетасы қаланған ай (Мамыр)

5) Ю.Гагариннен кейін ұшқан ғарышкер әйел. (В.Терешкова)

6) Жерге ең жақын жұлдыз (Күн)

7) Гректің сөзінен аударғанда «адасушы жұлдыз» деген мағына беретін сөз (Планета)

8) Біздің өмір сүріп жатқан планетамыз (Жер)

 

 

 

 

 «Әлемді өзгертер бала арманы» фантастикалық суреттер конкурсы

 Біз не білдік?

 

 

Қорытынды.

 -12 сәуірді бүкіл адамзат ғарышкерлер күні ретінде атап өтеді.Ғарышкердің  денсаулығы мықты, өзі батыл, әрі білімді болуы керек.

   Ежелден адамдардың арманы ғарыштың әлі де ашылмаған құпиясын, сырларын зерттеп білу.

    Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулының тағдырына жауапты адам.Біз өзіміздің тұратын Жер планетамызға ұқыптылық-құнттылықпен қарап, қорғауымыз керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№267 орта мектеп.

 

 

 

 

 

Ашық

тәрбие сағаты

Тақырыбы :

«Біз – космос дәуірінің

ұланымыз»

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы : 3 «А»

Сынып жетекшісі : Асқарова Г.О.

 

                                            Қызылорда қаласы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мероприятие «Біз – космос дәуірінің ұланымыз»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по привлечению инвестиций

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 820 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.04.2016 1149
    • DOCX 1.7 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аскарова Гулмира Орынбекова. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аскарова Гулмира Орынбекова
    Аскарова Гулмира Орынбекова
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6256
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация системы внутришкольного контроля качества образования на уровне начального общего образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Курс повышения квалификации

Развитие творческих способностей для дошкольников и младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 683 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Математика» в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 65 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 299 человек

Мини-курс

Эффективные стратегии успешного взаимодействия: от понимания до саморазвития

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные направления в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продвижение: от бесплатной рекламы до постоянных клиентов

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек