Тақырыбы: « Армандарға жол бастаған Тәуелсіздік!»
Мақсаты:
А) Оқушылардың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығы
қарсаңында туған жердің діні, ділі мен тілі төңірегіндегі ой пікірлеріне
қозғау салу.
Б) Патриоттық сезімдерін ояту, туған жерге деген сүйіспеншілігін
қалыптастыру.
Үш тілде сәлемдесу
Тәуелсіздіктің 20 шыңы,20 жұлдызды күн аясында өткізіліп отырған «Армандарға
жол бастаған Тәуелсіздік!» кездесу кешіне хош келдіңіздер!
1.Жүргізуші:
Туған халқымыз
тәуелсіздік алды.Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл
алтын әріптермен жазылды.
2.Жүргізуші:
Бостандыққа парламенттік
жолмен жеттік. Бұның саны аз халық үшін тиімді екеніне көзіміз жетті,
көңіліміз жетті.
3.Жүргізуші:
«Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң Жоғары Кеңес
сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді.
Мемлекеттік Гимн
1.Жүргізуші:
Бүгінгі кешіміздің қонақтары
1.
Нұр Отан Халықтық Демократиялық партиясының
аумақтық филиалының бірінші орынбасары Мамбетжан Қасқырбек Өмірзақұлы.
2.
Лицейдің үздік бітірушісі, аудандық сайыстардың
жүлдегері Сулейменова Әлия Салахметқызы.
3.
Лицей түлегі, өндірістік оқу-шебері Нарегеев
Болатбек Сағидуллаұлы.
4.
№ 19 топ студенті Иманалиева Гүлдәрі Молдабайқызы
5.
Тәуелсіздіктің төл құрдасы Назерке Бауыржанқызы
2.Жүргізуші:
Желтоқсан
көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік
алып, тұңғыш Тәуелсіз
ел дүниеге келді.
3.Жүргізуші:
Егемендік
иесі мен деген сөз,
Көптен бері
естілмеген ерен сөз,
Екі тізгін,
бір шылбырын өзі алған
Көркем
жігіт болып өссе көрген сөз.
Егемендік
ел болудың белгісі,
Басқа
жұртпен тең жұлдызы,тең күші.
«Егемендік»
деген сөзден естілер
Ата жұрттың
арысы мен бергісі.
1.Жүргізуші:
1991 жылы
желтоқсанның 1-де Республика жұртшылығы тұңғыш рет
Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп
сайлады.
2.Жүргізуші:
Шықты тарап ой данадан,
Бері қарады жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті.
Шырақ етіп өмір нұрын,
Алыс жатты алдағы жол.
Ел намысын, елдің жүгін,
Арқалаған ардағым-ол.
3.Жүргізуші:
1992 жылы 4 –маусымда
Президент «Қазақстан Республикасының
мемлекеттік Туы,
Елтаңбасы, Әнұраны» туралы Заңға қол қойды.
1- Оқушы: Қайберен Гаухар
Рәмізім-елдігімнің белгісі,
Білу керек бала дағы ең кіші.
Рәміздерім-әнұран, ту, елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
2.Оқушы: Шешембі Ақмарал
Қазақстан Туы
Көк
аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк
емес ол тектен-тек-
Елдің ашық қабығы.
Ақ ниеті – алтын күн,
Асқақ
арман-қыраны.
Жалауы бұл-халқымның,
Мәртебесі, мақтаны.
3. Оқушы:
Қазби Гүлзат
Елтаңбасы елімнің
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбәт, әдемі!
Тұнығындай көңілдің
Ортада-аспан әлемі.
Құт, береке, шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ.
Екі жақтан көмкеркен.
Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған...
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім-Елтаңбам.
4. Оқушы
Танирбергенова Айсұлу
Күнісіз
қазақ көгінің,
Шуағын
шашқан халқына.
Қазығы
бостандығымның,
Қажымас қайсар нар тұлға,
Ұшырдың
алыс айға адам
Халқымның мақсат арманын,
Түсінер сіздей қайда адам?!
Бес
қару белге буынып,
Қол бастар көсем өзіңсің,
Жаныңды қиып бересің,
Қазақтың
байтақ жері үшін.
1.Жүргізуші:
Ел Тәуелсіздігінің жиырма жылдығы қарсаңында
лицей басшысының
бастамасымен лицейімізде ғылыми
-әдістемелік орталық ашылды.
2.Жүргізуші:
Бұл инженер-педагогтарға
оқу-тәрбие жұмысын жандандыруға, түрлі инновациялық оқытудың дәстүрлі үлгілерін
дәріптеуге, қол көмегін созады.
3.Жүргізуші:
1929 жылы ірге тасы қаланған
лицейдің оқу- корпусы ешқандай күрделі жөндеуден өтпеген .Қазіргі таңда күрделі
жөндеуден өтіп жатыр. 15 желтоқсан күні клубтың тұсау кесері - болашақ ұрпақ мамандарына
арналмақ.
Қонақтарға сөз беріледі
1.Жүргізуші:
Сұрағы: Қасқырбек Өмірзақұлы, Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында « Нұр
Отан» ХДП ХIV cъезінде «Қазақстан 2017 Мақсаттары. Ұлттық іс қимыл жоспары.»
Сайлауалды тұжырымдамасының жобасы талқыланғаны белгілі. Съезд төңірегіндегі
қонақ ретіндегі өз ойыңыз?
2.Жүргізуші:
Сұрағы: Қасқырбек Өмірзақұлы.Қазақстанның тәуелсіздік алмай тұрғанға
дейін 20 жылдығы мен еліміздің Тәуелсіздік алғаннан кеінгі өзгерістеріне көз
қарасыңызды білдіріңіз.
Ән
Нұрғалиұлы
Нұрғазы
3.Жүргізуші:
2030 жылы ел басының сөзімен айтқанда
Қазақстан орта Азия Барысына айналады деді, сіздің көзқарасыңыз бойынша Қазақстанның
20 жыл өткеннен кейінгі бейнесі
1.Жүргізуші:
Осы жердің төл тумасы ретінде Қазалының 2030
жылғы бейнесін қалай елестете аласыз?
2.Жүргізуші:
Тәуелсіздіктің құрдасы ретінде өзіңізді қалай сезінесіздер,алға қойған
мақсаттарыңыз?
3.Жүргізуші:
Келесі
кезекте 13 топтың орындауында Хор Егеменді Қазақстан
1.Жүргізуші:
Келесі сөз кезегін лицейіміздің басшысы Болат
Әбиұлына береміз
Қонақтарға сыйлық тапсыру
2.Жүргізуші:
Елбасымыздың саясатының
арқасында
Қазақстан жылдан-жылға
көркейіп,небір қиындықтарды артқа тастап,жаңа
экономикалық өрлеу үстінде.
Өз халқын жақсылықпен жетістікке
жетелеген Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы
елдің тағатсыздана күтетін жаңалыққа толы бастамасы.
3.Жүргізуші:
Әр жылғы жолдаудан еліміз жаңа
серпіліс пен батыл қадамдар күтеді.Еліміздің экономикасын өркендетуге сіздер де
ат салысады деп сенеміз.
Еліміздің Егемендігі жасай берсін!
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.