Инфоурок Математика КонспектыМероприятие на тему Наурыз - жыл басы

Мероприятие на тему Наурыз - жыл басы

Скачать материал

                                     Наурыз - жыл басы

     Мақсаты: 1.Наурыз мейрамының пайда болу тарихымен таныстыру, қазақ халқының салт-дәстүрімен таныстыра отырып, халқымыздың әдет–ғұрып, мәдениетін түсініп, құрметтеуге тәрбиелеу.

    2.Оқушыларды халқымыздын дәстүріне, әдет–ғұрпына арналған жақсылық пен ақ ниетке толы бабалар жолын жалғастыруға баулу.

   3.Оқушылардың танымдық қабілетін дамыта отырып, психологиялық іс-әрекеті арқылы жеке тұлғаны тәрбиелеу.

    Көрнекілігі: Сынып бөлмесі мерекеге сай безендірілген. «Наурыз тойы мереке», «Наурыз күні қазанның ортаймасын, ел той тойласын» атты ұлағатты сөздер қабырғаға ілінген.

 

                                            Барысы:

     Мұғалім: Ұлттық мерекелер мен тойлардың тәрбиелік мәні зор. « Тойдың болғанынан боладысы қызық» деп халық тойға дайындық кезінде балаларды енбекке баулиды,салттарды қалай өткізу жолдарын үйретеді. Наурыз сөзі парсы тілінен енген. «Нау» -жаңа, «руз» - күн деген ұғымды білдіреді. Қазақстанда наурыз мейрамы 1926 жылға  дейін тойланды да тоқтап қалды. Тек 1988 жылдан бастап ресми түрде қайта тойлана бастады. Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз Қыдыр ата Қыдырады деп айтады. Сол себепті, осы түн –Қыдыр түні деп аталады. Осы түні жалғыз шала сәуле болмас деп төрге қос шырақ жағылып қойылыды. Күн сәулесі жер шарының шығыс бөлігінен таңғы сағат 3-ке тұспа-тұс келеді. Сондықтан да қазақ халқы жаңа жылды 22 наурыз түс уақытында қарсы алады. Ұлыс күні наурыз көже пісіреді. «Бұлақ көрсең көзін аш» деп, қаумаласқан жігіттер айнала төңіректегі бастаулардың көзін ашса, «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Бір тал ексен он тал ек!» дескен қариялар бұлақ басына тал егеді.

     Ортаға ұлттық киім киген екі жүргізуші шығады.

   1-жүргізуші: Құрметті қалайық ! Наурыз мерекесіне арналған ойын- сауық кешімізге қош келдіңіздер.

   2-жүргізуші: Мерекелеріңіз құтты болсын!

   1-жүргізуші: Наурыз -ән күй, би, достық, ынтымақ мерекесі. Бұл күндері адамдар біріне-бірі қошемет көрсетіп, тартуын тартады.

   2-жүргізуші: Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, көктемнің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланады.

    1- оқушы: Наурыз айы- Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен наурыз жыл басы болып саналады.

   2- оқушы: Наурыз той – бұл күн үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп, көңілді ойын-сауықтарға қатысады. Тойда ат жарыс, палуан күрес, айтыс, түрлі ойындар ұйымдастырылады. Ән, өлен айтылып, би биленеді.

    3- оқушы: Наурыз көже – наурыз тойына ғана тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі тағамнан пісіреді. Наурыз көже сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы басқа тағамдарды қосып пісіріліп, келгендерге ұсынылады.

    4- оқушы: Наурыз көк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана осы құсты Шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргенде «Наурызкөгім келдің бе?» деп шақырып, жем шашады.

     5- оқушы: Халықта батаның түрлері көп, сонын бірі – наурыз бата. Мұнда наурыз той өткізгендерге, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, палуандарға, жас талапкерлерге үлкендер бата береді.

6-оқушы: Салт-дәстүрім жараса,

Қайта құрып жаңаша.

Көңіл қошын іздесең жақсы-жайсаң,

Тамашаға келіңіз,тамашаға!

2-жүгізуші: Бүгінгі Наурыз тойымен қатар баланы бесікке бөлеу рәсімі өтілуде.

    Бесікке бөлеу рәсімі

1-әже: Бесік-қасиетті, киелі, құтты мүлік. Сәбидің алтын ұясы. Бесікті отпен аластап, «тыштырма» жасап алады да, баланы бесікке салады. Бесік үстіне жеті қадірлі зат жабады. Жабылған әр нәрсенің өзіндік мәні бар.

 Балаға деген ана махаббаты бесік жыры арқылы айтылады. Ана бала болашағына жақсы тілекпен жыр айтады. Ана баланы бесігіне бөлер кезінде:

   

          Наурыз туралы ән-жырлар айтылады.

1-жүргізуші: Ертеде бұл мейрамға халық жаппай жаңа ақ көйлектерін киіп, шаштарын, сақал-мұрттарын жөндеп дайындалған екен.

2-жүргізуші: Наурыз мейрамының осы ұстанымын бұзбай, біздің қонақтарымыз да ұлттық киімдерін киіп келіпті. Ортаға ұлттық киім киген көрермендерді шақырайық. Қарсы алыңыздар!

       Ұлттық киімдер шеруі көрсетіледі.

1-жүргізуші: Той тойға ұласуда, бүгінгі қыз ұзату тойына қош келдіңіздер, ағайын!

      Қыз ұзату рәсімі көрсетіледі.

2-жүргізуші: Қыз ұзату тойында ата-ана ренжиді және қуанады. Құшағында мәпелеп өсірген қызын шыңға ұшырып, ұясына қондыру міндет болғанмен қиынға соғады.

 Қыз ұзату тойына жігіт жақтан қызды алуға 7-8-ден астам келеді. Бұл қонақтар құдалар болып есептеледі. Қыздың үлкен туыстары бас құда болады. Қыздың ұзатылган жігіті қыздың туыстарына күйеу бала болады.

1-жүргізуші: Салт-дәстүр бойынша қызды құдаларымен бірге таңертең шығарып салады. Күн шығатын кезді жаңа күн, жаңа өмір жолы деп ырым етеді.

2-жүргізуші: Жиналған мынау халыққа,

Жыр маржанын шашайық.

Батысын алып қарттардың,

Наурыз көже беру рәсімін жасайық.

  Наурыз көжесі таратылады.

1-жүргізуші: Алтын күн нұрға бөлеп ерменен,

Самал жел кең далаға еркелеген.

Балуса тұсау кесер жырларымды,

Көктем көзімен ерте келгем.

 Ән: «Шақырады көктем»

2-жүргізуші: Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,

Нұрға толтырып жатыр міне маңайды.

Мал біткеннің бал татыған уызы,

Қуат болып қанымызға тарайды.

1-жүргізуші: Төрт-түлік мал халқымыздың сүйері,

Көңілімнің күмбірлеген күй еді.

«Аман ба,-деп,мал-жаның?»,

Бірін-бірі қуанышпен сүйеді.

2-жүргізуші: Наурыз тойы-береке,

Наурыз тойы-жыр,аңыз.

Қызық дулы мереке,

Қызық думан құрамы!

Күн әкелген жыл көрім,

Күллі дүние жайдары.

Желкілдеген гүлдерін,

Жер-Анамыз жайнайды.

Наурыз-шаттық әніміз,

Салтанатты сәніміз.

Ән салып жас-кәріміз,

Би билейік бәріміз.    Қазақ биі орындалады.

1-жүргізуші: Күн мен айға әлемнің,

Бердің ыстық сәлемін.

Қарттарыма сүйеніп,

Сәлем бердік иіліп.

Орындалды ойларың,

Құтты болсын бүгінгі,

Наурыз атты тойларың, -деп бүгінгі тойға үлкендерден бата сұрайық.

Бата

Армысыздар жамағат!

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын.

Қайда барсаң жол болсын.

Ұлыс береке берсін.

Бәле-жала жерге енсін!

Ұлы халқым тең болсын.

Қайғы-уайым жоқ болсын,

Қуанышың көп болсын.  Әумин!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мероприятие на тему Наурыз - жыл басы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Флорист

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 985 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.12.2016 393
    • DOCX 46 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байманова Айгуль Сарсенбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Байманова Айгуль Сарсенбаевна
    Байманова Айгуль Сарсенбаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7049
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Ментальная арифметика: умножение и деление

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 224 человека из 56 регионов

Курс повышения квалификации

Методические и практические аспекты развития пространственного мышления школьников на уроках математики

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 27 регионов

Курс повышения квалификации

Практические аспекты применения современных технологий при обучении школьников математике в рамках ФГОС ООО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 33 регионов

Мини-курс

Формирование здоровых детско-родительских отношений: влияние и преодоление сепарации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 42 регионов

Мини-курс

Психологическая зрелость и стрессоустойчивость: основы развития личности и поддержки

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 98 человек из 43 регионов

Мини-курс

Взаимоотношения в семье и успех детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе