Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Мероприятие на тему "Наурыз-думан"

Мероприятие на тему "Наурыз-думан"


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Мерекелік іс-шара


Тақырыбы: «Наурыз – думан»


Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының

салт-дәстүрін, дінін, ұлттық дүниетанымын, ұлттық киімін,

тамағын насихаттау. Тілге деген ұлттық сезімдерін ояту. Қазақ

халқының салт-дәстүрін бағалап, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Нақыл сөздер, суреттер, бәйшешек гүлі, шарлар,

наурыз тал макеті, киіз үй.

Мұғалімнің сөзі: Құрметті ұстаздар, қонақтар. Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекемізде келді. Наурыз тойларың құтты болсын. Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болып, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы Ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!


hello_html_746f3bc4.jpg


Жүргізуші:

Өлкеме Наурыз келді, көктем келді.

Құлпыртып жерге орап көкпен жерді

Халқымның салт-дәстүрін аялаған,

Арманы асқақтады көптен бергі.

Залға ұлттық киім киген балалар кіреді.

Оқушы:

Наурыз құтты болсын ағаларға,

Наурыз құтты болсын аналарға

Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи

Наурыз құтты болсын баршамызға!

Оқушы:

Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!

Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар!

Бүгінгі Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын!

Оқушы:

Қазақ халқының салтында Наурыз мерекесі кезінде әр үйдің алдына жас шыбық «Наурызтал» отырғызып, жабық жатқан тұнба бұлақтың көзін ашады екен. Олай болса «Наурызталды» қарсы алайық!

Оқушы:

Кәрі қыстың зәрі сынып,

Басылғанда дауылы сәл

Отырғызған нәлі шыбық

Менің атым «Наурызтал».

Оқушы:

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Қайда барсақ жол болсын, елімізде бақыт, байлық болсын!

Мұғалім:

  • Балалар, қазақтың қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер?

Балалар:

  • Беташар, бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер, шілдехана.

Мұғалім:

  • Ал, енді сол салт-дәстүріміздің бірінің көрінісін көрсетейік.


hello_html_m589e9266.png



hello_html_m4dacfc96.png

Оқушы :

  • Балалар бізге Қыдыр бабамыз бірнеше тапсырмалар беріп жіберіпті. Кәне сол тапсырмаларды орындайық.

  • Не тәтті?- Ананың сүті тәтті.

  • Не жұмсақ? – Ананың қолыжұмсақ.

  • Қандай ырым мен тыйым сөздер білесіңдер?

  • Малды теппе, ақты төкпе,есікті керме, тұнде тырнақ, шаш алмайды.Бос бесікті тербетпе, бесікті ашық қалдырма.

Оқушы:

  • Жеті ата дегеніміз кімдер?

Мұғалім:

Қазақ халқында «Қуыс үйден құр шықпа» деген қазақ мақалы бар. Ендеше ұлттық тағамдарымызды ұсынайық.

  • Наурыз көже туралы түсінік береді.


hello_html_m4bf2e487.jpg



  • Қазақ халқының қандай спорттық ойындарын білесіңдер?

Оқушы:

-күрес, тоғызқұмалақ, ат жарыс, қыз қуу, аударыспақ, көкпар...



hello_html_m36c7144c.jpg


hello_html_27a8b418.jpg






hello_html_m3c19fd2b.jpg


Оқушы:

  • Сүйінші, сүйінші!! Қыдыр ата келе жатыр. Атамен бірге Мешін жылы да келе жатыр.

Оқушы (Мешін):

Жаңа жыл бақыт жылы болсын!

Малың тоқ, уайым қайғы жоқ болсын!

Береке берсін басыңа!

Қыдыр қонсын қасыңа!

Қыдыр ата:

  • Армысыңдар жәмиғат!

Ұлыс оң болсы!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң, жол болсын!

Ұлыс бақты болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

Қайғы уайым жоқ болсын!

Қуаныштарың көп болсын!

Әумин!!

Оқушылар: Наурыз мерекесі-құтты болсын!


- Наурыз көже қыстан (соғымнан) алынып, арнайы сақталып қойған сүр еттен пісіреді. Оған жеті түрлі дән қосылады. Өйткені жеті саны қазақта киелі сан болып есептеледі. (ет, тұз, күріш, құрт, сүт, бидай, айран).

Қорытынды:Сонымен біз Ұлыстың ұлы мерекесі Наурыз мерекесіне арналған сынып сағатымызды аяқтаймыз. Наурыз мерекесін тойлаумен қатар, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерімен де таныстық. Сынып сағатына белсене ат салысқан оқушылар сыйлықтармен марапатталады.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 03.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров55
Номер материала ДВ-412319
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх