Инфоурок Другое Другие методич. материалыМероприятие по казахскому языку на тему "Көптілдік-халықтар достығының негізі"

Мероприятие по казахскому языку на тему "Көптілдік-халықтар достығының негізі"

Скачать материал

Көптілдік- халықтар достығының негізі   

 Мақсаты:балаларға мемлекеттік тілдің маңызын, қасиетін ұғындыру; тілді үйренуге деген қызығушылығын арттыру; патриоттық тәрбие беру,ойлау қабілітін дамыту,қазақ тілін кұрметтеуге баулу.

Әдісі: сыни тұрғыдан ойлау,топтастыру жұмысы, ой бөлісу

Көрнекілігі: нақыл сөздер, бейне экран                                             

«Шаттық шеңбері» балалар қазақ,орыс, ағылшын тілінде амандасады Сәлеметсіздер ме          ! Здравствуйте! Good morning!

Жүргізуші:Мемлекет басшысы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»атты Қазақстан халқына жолдауында «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл,орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі»деген болытын.Қазіргі таңда өркениетті ел ретінде көптеген шетелмен қарым –қатынасымыз күннен-күнге нығайып, беделіміз артып келеді. Бұл шетел тілін оқытуды жақсартуды, оны терең меңгеруді талап етеді. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл қазақ тілін білу-әрбір азаматтың міндеті. Тіл-ұлт ерекшеліктерінің бірі.Тіл-халықтың жаны,сәні,тұтастай кескін келбеті, болмысы. Қазақстан –көп ұлт өкілдері тұратын мемлекет. Мұндай мемлекет үшін мемлекттік тіл өте қажет.

1-оқушы: Мінеки,біздің жанұяда

Қазақ,орыс, ағылшын

Тілдері жайында

Сабағымызды бастаймыз.

Жас достарым,

Мұны жақсы ұғайық!

Қазақ,орыс,ағылшын тілдері

Құрметтеуге лайық!

Дүниедегі сұлулықтың бәрін де

Мүмкін емес қызыл тілсіз түсіну.                                                                                                                        

Көп тіл білу өте қажет бүгінде!

 

2-оқушы: Языки народов мира

В школе изучаем,

Язык дружбы,язык мира

И истории язык

Будущее Казахстана-
Мир, согласие, дружба.

 

3- оқушы:  London  Bridge is Falling down,

Falling down, Falling down,

London Bridge is Falling down,

My fair Lady 

 

4-оқушы: Тарихы бар дастанымдай ерліктің,

Дәстүрі бар үлгісіндей елдіктің,

Қазақстан – алтын бесік Отаным,

Ұлы ордасы татулық пен теңдіктің.

 

 5-оқушы: О Казакстан! О Родина моя!

Смотрю на степи и не вижу им конца.

Любуюсь я красотами природы,

И  нет на Родине моей плохой погоды

 

 

6-оқушы: Build it up with, bricks so sure

Bricks so sure, Bricks so sure

Build it up with bricks so sure

My fair Lady

 

7-оқушы: Көп ұлтты Қазақстанда

Жүзден астам тілдер бар.

Мәртебелі,маңызды

Қазақ тілін танып ал!

 

8-оқушы: На просторах Казахстана

Много разных народов живет.

Все народы,как братья, равны,

Всем народам любовь и почет.

 

Мир-солнышке и детям,

Мир-природе, мир- весне!

Мир- былинке, мир-планете!

Мир-всем людям на земле!

 

9-оқушы: Wood and clay

Wash away was Wash away

Wood and clay will wash away

My fair Lady

 

ХорменБіз-Тәуелсіз  Қазақстан болашағымыз.

                  Ел ертеңі – біздің қолымызда.

Жүргізуші:  Бойларыңда  от  бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып шарықтаңдар әрдайым!  

 

ll бөлім

 

Балаларды екі топқа бөлеміз.

1-топ «Бәйтерек»,

2-топ «Жұлдыздар»

«Жеті жұрттың тілін біл»сайысы

Бұл сайыстың шарты –мақал-мәтелдердің жауабын үш тілде айту: қазақша,орысша,ағылшынша.

1-топ:

1.Адам басшысы-...(ақыл, ум,intelligence)

2.Ана сүті бой өсіреді, ...ой өсіреді(Ана тілі,родной язык,Language)

2-топ:

1.Піл көтермегенді ... көтереді.(тіл,язык, language)

2. ...сүйектен өтеді,таяқ еттен өтеді(Сөз,слово,word)

 

lll бөлім

Сөздік қорларыңды дамытуға бағытталады.

«Қазақстандықтар» сөзінен қанша сөз құрай аласың? (Музыка әуенімен)

 (Қазақ, ас,тақ, тас, тандыр, қазы,тары, арық, ар, ата,нар,атан,тана,асық,ық,ыс,Қазақстан,тарақ,сандық,сан,қатар,қақ,ат,қасық,ана,зат,атыс,сатқын т. б)

 

 

lV бөлім

Адасқан әріптерді дұрыс қойып, бір сөз шығару (әр топқа үш сөзден)

1-топ:

А.І.А.Т.Н.І.Л.Н (Ана тілін)

Б.У.Л.І.               (Білу)

М.З.П.Ы.Р.Ы.А. (Парызым)

2-топ:

Ө.К.Н.Р.Й.Е.К.Е.Т.І.М. (Көркейтемін)

Л.І.Т.(Тіл)

А.Б.Й.Ы.Л.Ы.Ғ.Н. (Байлығын)

 

V бөлім. Көрініс

1-топ: «Сөз қадірі»

Қатысқандар: автор, әкесі,баласы, қария.

Автор: Өте ерте заманда бір қадірлі шешен қария дүниеден көз жұмарында баласына:

-         Балам, мен көп ұзамай дүние салам. «Әкем қазына қалдырмады» деп өкпелеме. Ел ішінде қалдырып бара жатқан асыл мұрам бар. Соны іздеп тап,қадірле,қастерле,-дейді.

Мұны естіген бала әке мұрасын іздеймін деп табанынан таусылады, таба алмайды.Ойы сан саққа кеткен бала бір күні ел ішіндегі абзал қарияға келді.

Бала:  Ата ,әкем маған қандай қазына қалдырды? Мен іздеп таба алмадым. Мүмкін сіз білетін шығарсыз,айтыңызшы.

Қария: Әкеңнің сөзі рас, балам. Оның саған қалдырған мұрасы –тіл. Ол шешен адам еді ғой. Бәріміз сәйлеуді сенің әкеңнен үйрендік. Тілден қымбат қазына, байлық жоқ.

Автор:Осылайша аталы сөздің шешуін айтыпты.

 

 

2-топ: «Бабалардан  қалған асыл сөз» (Әуен ойнап тұрады)

Қатысатындар: қария, бала.

Қария:  Адамға ақыл беретін кімдер?

Бала:Ана тілі ғой ақыл беретін.

Қария: Жоқ,балам, ана тілі ойды өсіреді. Адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз,досы екенін ұмытпа.Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Жақсы ақыл адамды тез есейтеді. Адамға ақыл беретін-адал дос.Адал дос –ақылшың ,ақылшы дос-жақының.

Бала: Досы көптің табысы көп,табысы көптің жақыны көп.Достықтың көзі ақылдан басталады ма?

Қария: Жоқ, балам, тіл – ақылдың айнасы,ақыл- істің пайдасы.Есіңде болсын, ханның ақылы тағында,әкімнің ақылы жанында, ғалымның ақылы басында, ананың ақылы жасында, жігіттің ақылы жақсылығында, ақымақтың ақылы көрінгеннің қасында.

Жүргізуші: Иә,тіл қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен бірге еніп қалыптасады.Тіл байлығы- әр елдің мақтанышы.

10-оқушы: Біз ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұлымыз!

11-оқушы: Біз ежелден ер деген даңқы шыққан халықпыз!

12-оқушы:Біз кең байтақ жерінде бірлігі жарасқан алуан ұлт-ұлыстан тұратын біртұтас халықпыз!

13-оқушы: Біз атадан мұраға қалған қасиетті тілімізді қадірлей білетін ұрпақпыз!

14-оқушы: Ана тілі-біздің ар-ождан,адамгершіліктің айнасы!

15-оқушы: Адам ана тілімен асқақ.

 

Хормен: Қазақстан – біздің болашағымыз!

                  Қазақстан - соғып тұрған жүрегіміз!

 

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»

Жүргізуші: Қазіргі заман-білімдінің заманы. Елімізде жастарға білім алу үшін жағдай жасалып отыр.Сондықтан оқы,білім ал, еліңе адал қызмет ет. «Асулардан асады жастар әлі,Зор болашақ бүгіннен басталады» дегендей бүгінгі сабағымыз осымен аяқталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мероприятие по казахскому языку на тему "Көптілдік-халықтар достығының негізі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер по обслуживанию многоквартирного дома

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 621 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.11.2016 501
    • DOCX 21.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нигметова Роза Куайдоллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нигметова Роза Куайдоллаевна
    Нигметова Роза Куайдоллаевна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3766
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции