Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыМероприятия на тему "Қош бол, құтты Әліппем"

Мероприятия на тему "Қош бол, құтты Әліппем"

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Қош бол, құтты Әліппем!.doc

  Сабақтың тақырыбы :  Қош бол , құтты Әліппем !

Сабақтың мақсаты : 1 . Оқушыларға әліппе мен ана тілінің маңызын түсіндіру, балалардың икем – дағдыларын көрсету .

 2 .Сөйлеу , ойлау дағдыларын  дамыту .

3. Оқушыларды эстетикалық талғампаздыққа , білімпаздыққа баулу  .

Әдіс – тәсілдер : сұрақ – жауап , көрнекілік , қызықтыру сәті , әдеби – монтаж .

Құрал – жабдықтар : шарлармен безендіру , ғажайып сандық , шырша ойыншықтары , құттықтау ашық хаты ,сиқырлы шаршылар .

Сабақтың барысы :

1. Ұйымдастыру .

Кіріспе сөз : Құрметті қонақтар ,оқушылар ! Ең алғаш мектеп табалдырығын аттағанда қолдарыңа ұстаған «Әліппенің» барлық 42 әрібімен таныстыңдар .Енді сонымен қоштасып , « Әліппемізге » үлкен рахметімізді айтайық .

Диас : Ең алғаш қолға алғанда әліппені

  Қызығып қарай бердім әріптерді ,

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың ,

Ұстазым маған кілтін алып берді .

Айназ : Үйретіп алғаш бізге Әліппені ,

Мұғалім ғылымға жол салып берді ,

Адамның ой арманы мақсаттары ,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Азат : Әліппемен қош айтысып қаламыз ,

Енді қолға басқа кітап аламыз ,

Ата- ана  қуанышқа ортақ бол ,

Сауатты боп шықты міне балаңыз .

Нұрсая : Бар кітапқа бас болған ,

Әліппе ғылым анасы ,

Әліппеден басталған ,

Даналықтың данасы .

Хор : Қош бол , құтты Әліппем !

   Көп нәрсені үйреттің ,

Таныстырып әріппен ,

Тақылдатып сөйлеттің .

-         Алфавитте неше әріп бар , солар туралы айтып берейік .

Айназ : Алфавиттің «А» тұрады басында ,

Әрқашанда «Ә » тұрады қасында ,

Байқадың ба «Б» тұрады үшінші,

Ал осының сыры неде түсінші ?

 Диас ; «А » деген ол – аналар ғой ардақты .

Азат : «Ә » деген ол – әкелер ғой салмақты .

Нұрсая :  « Б» деген ол – балалар ғой әдемі .

Айназ : Біздің елде үшеуі де кәделі ,

  Алшақ кетпей сондықтан да расында ,

Тұрады олар алфавиттің басында .

-         Енді  «Әліппемізге » арнап бір ән айтып берейік .

Хор : ән «Әліппе»

Психологиялық тренинг – жаттығу  «Қолдағы жазу »

Балалар бір –бірінің алақанына жазу жазады, екінші бала қай әріп екенін табады .

«Сиқырлы шаршы » - Балалар , қазір мына сиқырлы шаршылардың артында не жасырынып тұрғанын табайық .Сендерге сұрақ қоямын ,дұрыс жауап берсеңдер  шаршылар ашылады .

1) Алфавитте неше әріп бар , 42 ме 45 пе ?

2) 5+5мәні  10 ба ,9 ба ?

3) Бауырымен жорғалаушы түлкі ме, әлде жылан ба ?

4) «Сегіз аяқ» өлеңінің авторы Абай ма , әлде Ыбырай ма ?

5) Бетін адам ашады , білім нұрын шашады . Жұмбақтың шешуі кітап па , дәптер ме ?

6) Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы тойланды ма , 30 жылыдғы ма ?

 Сиқырлы шаршылар ашылып  А . Байтұрсыновтың «Оқуға шақыру» өлеңі бойынша салынған сурет ашылады .

-         Біз оқыған қай өлеңнің мазмұны бойынша салынған сурет , өлеңде не туралы айтылып еді ? / балалар өлең мазмұнын айтып береді /

« Ғажайып сандық »- Балалар , мына ғажайып сандықты аша алмай тұрмын ,сендер маған көмектесіңдерші,ол үшін менің айтқан нұсқауларымды орындасаңдар , сандық ашылады .

/ тор көздерді санай отырып , кілттің суретін салады /

-         Ал енді осы кілтпен мына сандықты ашайық , ішінде не бар екен ?

/ Сандық ашылады ішінен «Ана тілі » кітабы шығады , балаларға таратып беремін.

-         Әліппеден кейін енді осы «Ана тілі » кітабын оқимыз .Ахмет Жұбанов аталарың «Әр халықтың ана тілі  білімнің кілті .Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын » деген екен .Бұл сөздерді сендерге арнап айтып отыр ,ана тілін оқи отырып сендер көп нәрсені үйренесіңдер , білімдерің молаяды .Ана тілін жақсы оқысаңдар , басқа сабақтарды да жақсы оқисыңдар .

-         Сендер Әліппені оқыған кезде баға қойған жоқ едік , енді ана тілін оқығаннан бастап сендерге баға қойылады .Қандай баға алғыларың келеді ?

Көрініс «Бес алдым »

Азат – баласы, Диас – әкесі.

Диас : Кәкен, сабағыңнан неше алдың ?

Азат : Міне ,бес алдым .

Диас : Мынау тұрған «үш» делік ,

          Ал мынауың «екілік».

          «5» алдым деп бүгін сен , неге айтасың өтірік ?

Азат : Ой, папатай есепті білмеуіңді қарашы ,

     «3»-ке қоссаң «2»- ні , «5» болмай ма санашы .

-         Біз қандай бес аламыз ?

Ойын «Бестік құрау»  Кім көп бес алады екен , қағаз қиындыларынан бес құрау .Бес алатын оңай емес екен , көп оқу керек , сонда ғана жақсы баға аласыңдар .

-         Алдымызда қандай мейрам келе жатыр , ендеше жасыл шыршаны мекендейік./ шырша ойыншықтарына жазылған мақал – мәтелдерді оқи отырып безендіреді .

Қорытынды . – Алфавиттік жұмбақтарды жасыру .

Құттықтау ашық хаттарын тапсыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бастауыш класпен қоштасу ертеңгілігі .

Сабақтың тақырыбы :  Бастауышым – балбұлағым .

Сабақтың мақсаты :

1. Бастауыш кластан жоғары класқа өтулері туралы түсінік

беру ,оқушылардың үйренген білім , білік, дағдыларын көрсету .

2. Сөйлеу , пікір айту дағдыларын дамыту .

3. Білім алуға қызығушылықтарын арттыру ,ұстаз еңбегін бағалай

білуге ,өзіне, жолдастарына , ата-аналарына жақсы тілек білдіруге баулу.

Көрнекілік : құмыра , гүлдер , мозаика , құттықтау ашық хаттары , дипломдар

Сабақтың барысы : І . Ұйымдастыру бөлімі :

- Құрметті қонақтар. « Бастауышым – балбұлағым » атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер ! Бүгінгі жас ұлан – кешегі сәби балдырған . 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын аттап , әліппе үйренген балалар , білімнің бір баспалдағына шығып отыр .Тойларың құтты болсын .

Сұлтан :  Қош келіпсіз , ақ жаулықты аналар !

                 Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар .

Данара :  Алдарыңызда жауқазындай құлпырған ,

                Біз алаңсыз балғын шақты балалар .

Ерасыл :  Қош келіпсіз , өр тұлғалы әкелер !

                Қыран құстай балапанын мәпелер .

Олжас :  Бүгін ,міне,бастауышпен қоштасар ,

               Азамат боп кешегі сәби еркелер .

 

ІІ. Ойын « Ассоциация » - Әліппе деген сөзді естігенде ойымызға не түседі ?

Овал: әліппеТоптастыру стартегиясы

 

 

 

 


Балалардың жауаптары : әріптер , жазу үлгісі , алғашқы ұстаз , оқулық , алғаш рет әріптерді танып , оқығанымыз ,ата- анамыздың әліппені оқытқаны  т.б

Ең алғаш әліппені оқытқан ұстазымызға алғысымызды білдірейік .

Данара : Есімде  ұстаздың алғаш қарсы алғаны ,

               Айқара есік ашып тастағаны ,

               Бір мереке думан боп осы маңда ,

               Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны .

               Енді, міне сағымдай боп өте шықты ,

               Төрт жыл уақыт аз ба екен , кім біліпті .

Олжас :  Үйретіп бізге алғаш Әліппені ,

               Ұстазым ғылымға жол салып берді .

               Адамның ой арманы – міндеттері ,

                Оқудың сәулесімен жарық көрді .

Сұлтан :  Шәкірттердің тыңдап жауап ,сұрағын .

                Жас санаға төгіп білім шуағын .

                Хат танытып , жол сілтеген өмірге

                Барша жанға құрметті жан мұғалім .

Ерасыл :  Жүзің жылы  , құшағың кең ,

                 Сенен түлеп ұшамын мен .

                 Өзің берген біліміңмен ,

                 Биіктерге ұшамын мен .

Мейрам :  Ақылшы асыл ұстазым ,

                 Өзіңе мен де ұқсармын .

                 Жеткенше қайрат төзімім,

                 Биікке самғап ұшармын .

 

ІІІ бөлім : Жылы жүрек – жақсы тілек .

Мұғалім : Сендерге бастауыш сыныпта білім берген  басқа да пән мұғалімдері бар , сендердің білім алуларыңа көмектескен ата –аналарың бар , сол жандарға алғысымызды , жақсы тілегімізді білдірейік .

Ол үшін мына гүлдерге тілегімізді жазып , құмыраға салайық .

Оқытқан пән мұғалімдеріне құттықтау ашық хаттарын тапсыру :

 

1/ Алғашқы ұстазымыз Әсем Бөленханқызына :

Қолыма алғаш қалам ұстатқызған,

Ұстазым Әсем апай қымбат маған ,

Сабырлы да , салмақты қалпыменен

Қажымай үйретуден бір талмаған .

Айтамыз ,апай , сізге көп –көп алғыс .

Қашанда қасыңыздан табылармыз ,

« Бастауыш бар білімнің негізі » - деп ,

Біз сізді әрқашанда сағынармыз !

 

2/ Орыс тілі пәнінің мұғалімі Салтанат Молдағалиқызына  :

«Үш тұғырлы тіл» біздің ұранымыз ,

Салтанат апайдан көп сұрарымыз .

Оры тілі мемлекеттік тілден кейін ,

Керек болар тіліміз , құмарымыз.

Бүгінде тілді білсек қор болмаймыз .

Шүлдірлеп тұрсақ егер зор болмаймыз ,

Тілейміз Салтанаттай апайларға

Болашаққа сілтейтін жол болғайсыз .

 

3/ Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Асқар Қадылбекұлына :

Кім білмейді біздің  Асқар ағайды ,

Спорт десе жоқтан ол бар жасайды .

Қашанда балалардың жанынан табылатын ,

Жұрт оны денсаулыққа жаршы атайды .

Асқар ағай ұл –қызыңыз спортшы боп ,

Түссінші алшысынан асығыңыз ,

Қашанда биіктерден қол бұлғаңыз,

Азаматқа лайық кәсібіңіз !

 

 

4/ Еңбекке баулу пәнінің мұғалімі Лаура Асхатқызына :

Күтеміз ықыласпен бар сабағын ,

Еңбектеніп алғамыз әр бағаны ,

Еңбектің мәнін терең түсіндірген ,

Осы деп бұл заманның зор талабы .

Еңбекке баулу деген сөздің басы

Өрлесін еңбекпенен өрге тасың ,

Үйреткен түйме қадап , іс тігуді

Лаура апай ұзақ болсын өмір жасың !

 

5/Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Риза Жеңісханқызына  :

Табиғат сыйлағанда сұлулығын ,

Дәл соны Риза апайдай ұғынды кім ?

Пейзаж , натюрморт , кескіндеме

Ешқайсысы таң емес маған бүгін .

Үйрендік бейнелеудің сырын сізден ,

Апайға тілеріміз көп қой бізідің ,

Қашанда арманыңыз алдамасын ,

Ызғарын сезбегейсіз өмір – күздің .

            Хор : Ән « Ұстазым »

 

ІҮ . Тапсырма орындау : Өлең құрау

көлбеңдеп , жалғыз – жалғыз , көтеріле , заулайды , көк қояндар ,алмайды , көкқұтандар , ербеңдеп / орны ауысқан сөздерден өлең құрау  және авторы кім екенін табу ./

Көкқұтандар   көлбеңдеп ,

Көтеріле  алмайды,

Жалғыз – жалғыз ербеңдеп

Көк қояндар заулайды. -  Мұқағали Мақатаевтың «Қайран , Қарасазым-ай » өлеңінен  үзінді шығады .

 

Ү . Поэзия минуты – Оқушылар М.Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқиды .               Данара – Арыз жазып кетейін .

                           Сұлтан – Автограф .

                            Олжас – Туады , туады әлі нағыз ақын .

ҮІ . « Әрі оқу , әрі ойын »  бөлімі

-Екі топқа бөлу  .

-Кім жылдам  , мозаикадан ертегі сюжеттері бейнеленген суреттерді құрайды

 

ҮІІ . Сергіту бөлімі : Қазақ биі – орындайтын ұлдар тобы .

 

ҮІІІ . Оқушыларға бастауыш класты аяқтағаны туралы дипломдар табыс ету

Сұлтанға  : Кішкентай өзі , ісі бар үлкен ,

                   Тәртібі жақсы талапты ,

                   Сұлтанды біз айтамыз жырымызда ,

                   Оқыған беске сабақты .

 

Данараға :  Жақсы оқып үлгі көрсеткен ,

                    Жақсы баға алған дәйім еңбекпен ,

                     Данарадай өнерлі қыз бар бізде ,

                    Әр сабақта маңдай терін төккен .

Олжасқа : Әнді де айып , биді де билеп ,

                 Алдыңда өнер көрсетер ,

                 Олжас әркез мақтан боп жүрмек

                  Лайым солай жүрсе тек.

Ерасылға : Ерасыл атты ұлымыз бар .

                   Еңбекқор болу ойында ,

                   Қиындықта жол табады ,

                   Бәрінен ұзын бойы да .

Мейрамға :  Орнын білген жақсы ұл бар ,

                     Мейрам соның біреуі ,

                     Айтылар оған жақсы тілек ,

                     Бәйгеден озып келеді .

ІХ. Қорытынды

Данара  : Бастауышым – балбұлағым

             Алдым сенен  балдың дәмін

              Әріп танып  , білім алып

              Рахметімді жаудырамын .

Сұлтан :  Бастауышым – балбұлағым

               Лаулап жансын шамшырағың

               Өзің берген  біліміңмен

               Самғап ұшты тау қыраның .

Олжас :  Өтті сенде – қызық шағым ,

               Бастауышым – балбұлағым .

               Қоштасар күн жетті міне ,

              Қимастықпен қол бұлғаймын .

Ерасыл : Біз бүгін бастауышпен қоштасамыз ,

               Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз .

               Білімнің бұлағымен сусындаған ,

               Өнер – білім өзіңмен достасамыз .

Мейрам : Бастауышым – бастамам .

                 Білім жолын бастаған ,

                 Білім шыңы  биікте ,

                 Беліңді бу,  жас данам !

Хор :  Мектеп анаң бүгінде ,

           Мектеп алтын босағаң ,

           Мектеп берген біліммен ,

           Марқаясың жас ұлан !

 

Х . Құттықтау сөз  ата- аналарға, мектеп басшыларына беріледі .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мероприятия на тему "Қош бол, құтты Әліппем""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бухгалтер

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 584 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.01.2016 757
    • RAR 471.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кусаинова Асем Боленхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кусаинова Асем Боленхановна
    Кусаинова Асем Боленхановна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20749
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 760 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 979 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 93 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 250 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 144 человека

Мини-курс

Медико-педагогические аспекты обучения и тренировки

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Раннее развитие: комплексный подход к развитию и воспитанию детей от 0 до 7 лет.

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Политическое проектирование и международные отношения"

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе