Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Мероприятия на тему "Жаңп жыл-жаңа қадам, жаңа бағыт!"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Мероприятия на тему "Жаңп жыл-жаңа қадам, жаңа бағыт!"

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ <Жа?а жыл-жа?а ?адам, жа?а ба?ыт!>.doc

библиотека
материалов

ШҚО Катонқарағай ауданы, Қайыңды ауылы

Қайыңды негізгі орта мектебінің мұғалімі С.Ж.Аушинова


Іс-шара тақырыбы: «Жаңа жыл-жаңа қадам, жаңа бағыт!»


Музыка ойнатылып,жүргізуші:

Қымбатты, оқушылар,ата-аналар,қонақтар! Биылғы келген 2016 жыл құтты болсын.

-Ертең жұрт қарсы алады, басқа жылды

Тұрса екен тұман баспай аспанымды.

Ертең мен түні бойы ұйықтамаймын,

Ұмытамын сырқатты басқа мұңды.

Басқа жыл келгенінше жер бетімен,

Құшақтап дүниені тербетілем.

Ертең мен барлығынан айығамын,

Бір сүйіп жаңа күннің келбетінен.


Сіздерге арналған «Кел,Жаңа Жыл!» мерекелік шарамызды бастаймыз.


(музыка ойнап тұрады ) Көңілді мерекелік көңіл күймен ортаға Анасы мен Қызыл телпек шығады.


Анасы: Қызым, сүйкімді қызым, бүгін бізде мейрам. Жаңа жыл келе жатыр. Саған арнап дайындаған сыйлығым бар.

Қ.т.: Қандай тамаша,анашым! Рахмет.

Анасы: Жаңа жыл мерекесімен орманға барып,әжеңді құттықтап кел.Оған дайындаған сыйлығымызды табыс ет,қуанып қалсын. Міне, себетке көп сәлемдеме салдым. Апарып келе ғой..

Қ.т.: Жарайды,анашым. Тез барып келермін.


Қызыл телпек жолға шығады. Ортаға себетімен шығып би билейді. Сахна артына шығып кетеді.Сол кезде Шыршалар ортаға шығады. Би билейді.


Шырша 1: Балалар, Қызыл телпек ну орманға да жетіпті, ал сендер білесіңдер ме, орманда қандай аңдар өмір сүреді. Қане,кім айтады?

Балалар: (балалар аңдарды атайды....)

Шырша 2:Балалар,қандай білімдісіңдер. Енді осы аңдардың ішінде қыста ұйықтайтын қандай аңдарды білесіңдер? Ұйықтамайтын қаңдай аң орманда жүреді?

Балалар: қасқыр

Шырша 1: Дұрыс айтасыңдар. Осы уақытта (түрін өзгертіп) орманда қасқыр серуендеп жүреді.


(Музыка әуені естіледі. Қасқыр ортаға билеп шығады. Билеп саханадан шығып кетеді).

Шыршалар шығады. Түрлері абыржулы. Сол кезде и Қызыл телпекті кездестіреді.)


Шырша 2: Қызыл телпек ,орманда қасқыр жүр. Абай бол!

Қызыл телпек:Ойбай, енді не істесем. Қасқырмен жолықсам жаман болар. Ол ашулы шығар.

Шырша 1: Маған бір ой келді. Аңшыларды шақырсақ қайтеді. Қасқырды қуып жіберсін.


(Музыка ойнайды да ортаға аңшылар шығады. Олар би билеп жүреді. Сол кезде қасқыр ортаға шығып келе жатады да ,оны аңшылар қоршап алады. Атып жатқан қимыл көрсетеді. Қасқыр қашып кетеді)


Бір аңшы мақтанып сөйлейді: Бірінші болып қасқырды мен аттым.

Аңшы 2: Жоқ ,достым,қателеспе мен атқам.

Аңшы 3:Атсаңдар атқан шығарсыңдар,бірақ менің оғым тиді ау деймін.Әлде мүлде тимеді ме?

Аңшы 1: Онда қуып жетейік әйтпесе Қызыл телпекті ұстап алар.


(Аңшылар қасқырдың артынан қуып кетеді)


Шырша 2: Балалар, Қызыл телпекті қасқыр ұстасын ба? Ендеше қане,көмектесіп жіберейік.Ән салып ,би билейік.Қызыл телпекке 1,2-сынып оқушылары көмектессін.(1,2-сынып оқушыларының концерттік номерлері)

(Осыдан кейін Қызыл телпек ортаға шығып құлағын алыстан естілген музыкаға түреді)

Қызыл телпек: Бұлар кімдер екен?


(Қарақшылар шыршаныайналып, ән ырғағымен билеп көңіл көтеріп жүреді.)


Қарақшылар: Қараңдар, бізге кім қонаққа келген?

2. Қандай кішкентай қыз!.

3. Беті қандай жұмсақ еді.

4. Маған қалпағы ұнап тұр.

5. Себетінде не бар екен?


Шырша 1: Балалар, Қызыл телпекке қарақшылардан құтылуға көмектерің керек. Ән айтып, би билеп қарақшыларды қуып жіберейік. Ортаға 3-сынып оқушыларын шақырайық.

(3-сынып оқушылары өнер көрсетсін)

Шырша 2: Рахмет, балалар. Қызыл телпекті қарақшылардан құтқардындар. Ал қасқыр болса, Қызыл телпектің әжесінің үйіне жетіпті.


(Ортаға қасқыр, әжесі шығады.)


Әжесі: Келдің бе, немерем? Тездетейік, Жаңа жыл жақындап қалды. Біз әлі дайын емеспіз. Қара, шыршамыз әлі жанбаған.

Қасқыр шаршаны бірнеше рет айналып, әдемі шамдарын жаға алмай, оқушылардан көмек сұрайды.

Қасқыр: Балалар, шыршаның шамдарын жағуға көмектерің керек болып тұр. Мүмкін шырша туралы ән айтсаңдар шыршамыз әсемденер. Қане,шыршаны айналып ән айтсақ қайтеді.

Шыршалар да щ\шығып: Балалар,бәріміз қосылып ән айтайық.

(Барлығы шыршаны айналып туралы ән айтады.Шыршаның шамын сол кезде жақсын)


Әжесі: Жарайсындар. Рахмет.Енді ,сен үйдің ішін сыпырып шық.

Шырша: Әжесінің үйі таза болсын ба,балалар.Онда қасқыр үйді тазалағанша біз ән айтып,би билейік. Кезекті 7,8-сынып оқушыларына берейік.

(7,8-сынып оқушылары өнер көрсетсін)

(Қасқыр сібірткі алып сыпырып шығады.)

Қасқыр: Ух,шаршап кеттім ғой.Қашып кетсем қайтеді.

(Әжесі естіген сыңай білдіріп, құйрығынан тартып жібермейді. Осы кезде Қызыл телпек әжесінің үйіне де жетеді. Қасқырды көріп қорқып кетеді.)


Қасқыр: Қызыл телпек, қорықпа,

Мен көңілді қалыпта.

Тек жақсылық жасауға ,

Бет бұрдым, соны ұмытпа,

Қызыл телпек: Рас па, қасқыр, біз онда дос болайық

Балалармен қосылып, бірге шырша айналайық.

Қызыл телпек: Балалар,онда бәріміз тағы да шырша айналып ән салайық.

Барлығы шырша айналып, ән айтады.


Шырша 1: Естисіндер ме, тықырды

Жақыннан ат пысқырды.

Әжесі: Иә, иә мен де естідім

Жолға ұзаққа келді кім?

Шыршалар, әжесі: Неге тұрмыз, қарсы алайық балалар

Келіп жетті көптен күткен Аяз ата, Ақшақар!

Музыка әуенімен Аяз ата мен Ақшақар келеді.

Аяз ата: Армысыңдар, бармысыңдар, халайық

Барша жұртқа иіліп сәлем салайық.

Жаңа жылды қарсы алуға жиналған

Балалардың өнеріне қанайық.

Шырша 2: Аяз ата, Аяз ата

Сізді күтіп жүрдік біз.

Ақ көңілмен айтылатын

Әнге құлақ түріңіз.

Аяз ата: Құлағым сендерде, балаларым.


Барлығы «Аяз ата» әні айтады.


Аяз ата: Бәрекелді, балақандарым.Сендерді көріп қуанышым қойныма сыймай тұр.

Жолдан қатты шаршаппыз.

Демалайық бір сәт біз.


Әжесі: Аяз ата, отырып, тынығыңыз

Дайын ба бізге арнаған сыйлығыңыз

Балалар тақпақ айтып жарысады

Үлестіріп сыйлық беріп үлгіріңіз.


Аяз ата: Ап, бәрекелді, тыңдайық

Балалардың бал тіліне тоймайық.


Балалар бар өнерін ортаға салады.


Ақшақар: Аяз ата, қарашы. Қандай әдемі шырша тұр. ән айтып шыршамызды айлансақ қайтеді.

Шырша айналып ән айту.


Ақшақар: Балалар, қандай өнерлі ! Мен де өз өнерімді көрсетейін. (ақшақар биі)

Қызыл телпек: Аяз Ата,бүгін сізбен бірге мектептегі озат,белсенді оқушыларды құттықтауға мектеп диреторы келіпті.Сол кісіні тыңдап,сіз де біздің жақсы оқушыларымызды көріңіз.

(Осы кезде әкімшілік сыйлйғы берілсін)

Ақшақар: Аяз ата, балаларға біздің де сыйлықтарымызды беретін кез келді.
Аяз ата: Дұрыс айтасың, мінекей сыйлықтарың (сыйлықтарын таратады)

Шырша 1: Жаңа жыл мерекесі құтты болсын,
Әрқашан мерекелік көңіл болсын.
Кеудеміз күмбірлеген жырға толып,
Қане, достар, күлкімен орта толсын. 

Шырша 2: Кел, төрлет, Жаңа жылым. Құтты жылым.
Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін.
Қарсы алдық сені еңселі еңбекпенен,
Жарқырап әне алдымнан шықты күнім.

Әжесі: Ей, жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым.
Жақсылықт ың жаршысы да нұрысын.
Адамдардың асқақтаған арманы,
Ақындардың таусылмайтын жырысың

Қызыл телпек: Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр.
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып береке бер халқымызға 
Мерейін мәртебесін биікке асыр

Аяз ата: Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын

Ақшақар: Қош келіпсің Жаңа жылым,сырлы сағым,

                  Көп болсын көлеңкесіз нұрлы шағың.

Жайсын саған қызығып күн құшағын,

Тоссын саған ғажайып түн құшағын!

Шырша 1: Келесі жылы біз сізді сағына күтеміз. Қош болыңыздар!





5



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 24.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров128
Номер материала ДВ-371856
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх