Инфоурок Химия Другие методич. материалыМеталдар мен оның құймаларын алу жолдары. Қазақстандағы кен орындары

Металдар мен оның құймаларын алу жолдары. Қазақстандағы кен орындары

Скачать материал

Сыныбы: 9

Тақырыбы: Металдар мен оның құймаларын алу жолдары. Қазақстандағы кен орындары.

Мақсаты: Табиғаттағы металдардың қасиеттерін сипаттап түсінік беру.Қазақстандағы кен алудың жолдары.қолданылуы.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Қазақстандағы металлургия жайлы айтып, картамен жұмыс жасау.

Дамытушылық: ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік: өз бетінше жұмыс істеуге, экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Аралас

Сабақтың әдісі: Ауызша, есептер шығару.

Көрнекілігі: Карта ,тақта,интерактивті тақта,схема,суреттер,сызбанұсқалар.

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастару

2.Үй тапсырмасы

1) Химиялық жемірілу деген не?

2) Тұрмыста жемірілудің мысалдарын айту.

3.Жаңа сабақ

Жер қыртысында металдардың таралуы әр түрлі.Металдардың көбі қосылыс түрде кездеседі.Өнеркәсіптік әдіспен металдар алынатын минералдарды кендер деп атайды.Егер кеннің құрамында бірнеше металдардың қосылыстары болса, оларды полиметал кендерге жатқызады.Алтай тауының Қазақстан жағында 900-ге жуық полиметал кен орны бар.Қазақстандағы кен орындарын зерттейтін академик Қ.И.Сәтбаев айланысты.Авиация және ғарыштық техникада қажетті металдар (Au, Mg, Ti) өндіру.Қазіргі заманғы металлургия металдары бөліп алудың әдістеріне қарай 3-ке бөлінеді.

1.Пирометаллургия:жоғарға -да тотықсыздандыру

2.Гидрометаллургия :тұздарын тотықсыздандыру

3.Электрометаллургия: электр тоғымен тотықсыздандыру.

Қара металлургияның кең ірі кәсіпорны - Теміртау комбинаты,Ақтөбе ферроқұйма  заводы, Саколов Сарыбай. Түсті металлургия :Өскемен, Ридер Шымкент,Павлодар.Метал камбинаты.

Қорытынды: Металлургия дегеніміз не? Оның түрлері?

Есептер шығару.

Үйге тапсырма беру: Қазақстанда металлургия саласының дамуы (реферат)

Қара  металлургия. Қазақстан Республикасының бүкіл дерліктей аумағын қара металл кендерінің алып кентастық аймағы ретінде қарастыруға болады. Мұнда оның бүкіл әлемге белгілі барлық генетик. және өндірістік, оның ішінде бірегей түрлері кездеседі. Қазақстанда кара металл кентастарының 1000-нан аса кен орындары мен кен білінімдері анықталған. Темір, хром, марганец пен титан кентастарының кен орындары игерілуде. Балансқа алынғаны 17 кен орны, баланстан тыс 11 кен орны бар. Темір кентасының жиынтық қоры 17 млрд. т. Оның 93% мөлшері бес ірі кен орында: Қашар, Сарыбай, Соколов, Әйет, Лисаковта шоғырланған. Бұл кен орындарының барлығы Солт. Қазақстанда (Торғай ойысының солт.-батыс бөлігінде) орналасқан. Орт. Қазақстанда пайдаланылып келе жатқан Бат. Қаражал, Үшқатын мен Кентөбе кен орындарының барланған қоры 300 млн. т-дан асады. Оңт. Қазақстанда Иірсу (қоры 327,7 млн. т) мен Абайыл (28,3 млн. т) кен орындары барланған. Бат. Қазақстанда (Солт.-Шығыс Арал маңы) ең ірісі – баланстан тыс оолитті қошқыл теміртас кентасты Көкбұлақ кен орны (1,9 млрд. т), сонымен қатар титан-магнетитті кентастарының болжамдық қоры 1 млрд. т болатын Великов ірі кен орны бар. Қазақстан хромит кентасының қоры бойынша әлемде екінші орында. Балансқа алынғаны 21 кен орны (шамамен 230 млн. т). Қорлардың барлығы Кемпірсай кенді ауд-нда (Мұғалжар тауында) шоғырланған. Аса ірі хромит кен орындарының қатарына Алмас-Жемчужина кен орны жатады (қоры 100 млн. т-дан асады).

 Бұл алапта кобальт-никель кенінің де бай қоры бар. Қазақстанда марганец кентастарының баланстық қоры 400 млн. т-дан асады. Болжамдық қорлары 850 – 900 млн. т деп бағаланады. Қорлар негізінен (99%) Орт. Қазақстанның Атасу кенді ауд-нда шоғырланған (Бат. Қаражал, Үшқатын, Үлкен Қытай, Қамыс кен орындары). Қаратау, Байқоңыр, Кіндіктас, Жетісу Алатауындағы көмір-кремнийлі тақтатас қабаттарында орналасқан ванадий кендері мен Бат. және Солт. Қазақстандағы, жердің беткі қабаттарында жатқан титан кендерінің де маңызы аса зор.

 Түсті металдар. Қазақстанда түсті металдар шикізатының ірі базасы қалыптасқан. Олардың ішінде жетекші орынды мырыш,

қорғасын және мыс кендері алады. Бұл металдардың республикадағы қоры бойынша тиісінше әлемде бірінші, екінші және үшінші орын алады. Олар Қазақстан түсті металлургиясы базалық кәсіпорындарының (Жезқазған, Балқаш, Ертіс мыс, Шымкент, Риддер, Өскемен қорғасын мен мырыш, Павлодар алюминий қорыту з-ттары) шикізат көзі болып табылады. Қазақстан әлемдегі ірі мыс өндіруші елдердің бірі. Республика аумағында мыс кентасының порфирлі, мысты құмтас, колчеданды, скарндық мысты-цеолитті, мысты-никельді, т.б. кен орындарының көптеген түрлері белгілі. Мыс кентасының ірі кен орындарына Жезқазған, Қоңырат, Ақтоғай, Айдарлы, Жаман-Айбат, Бозшакөл, Көксай, Қасқырмыс, Нұрқазған (Самара), т.б. жатады. Жекелеген кен орындарының (Жезқазған мыс кені, Жаманайбат мыс кені) мыс қоры 10 млн. т-дан асады.

 Қорғасын мен мырыштың 100-ден аса кен орындары анықталып, 58-і балансқа алынған. Олардың негізгі қоры Шығ. Қазақстанда (Кенді Алтай) және Орт. Қазақстанда шоғырланған, сондай-ақ, Оңт. Қазақстанда да (Қаратау) кездеседі. Қазір қорғасын мен мырыштың 30-ға жуық кен орындары игерілуде. Алюминий шикізаты ретінде ең көп таралғаны – боксит. Қазақстанда бокситтің қоры көп. Анықталған 200 кен орны мен кен білінімдерінің (есепке алынғаны) 50-ден астамы платформалық типті. Олардың ішіндегі ірілері: Краснооктябрь, Белинское, Тауынсор, Шығ. Әйет, Көктал, Наурызым, Жоғ. Әйет, Арқалық кен орындары. Бұлардың барлығы Торғай ойысында орналасып, Бат. Торғай, Шығ. Торғай (Амангелді) және Орт. Торғай бокситті аудандарын құрайды.

Қазақстан сирек металдарға бай өлке. Молибден қоры жөнінен республика әлемде төртінші, Азия елдері арасында бірінші орын алады. Молибден кентастарының қоры 34 кен орны бойынша есепке алынған, олардың 26-сы баланстық. Ірілері: Көктіңкөлі, Оңтүстік, Шалқия, Жәнет, Батыстау, Жоғ. Қайрақты, Қараоба, Ақшатау. Молибден кен орындары негізінен штокверктік (порфирлік) типті. Қазақстан КСРО-дағы жоғары сапалы тантал концентраты мен ниобийдің негізгі өндірушісі болды. Тантал бойынша өнеркәсіптік шикізат базасы төрт кен орында шоғырланды: Бәкен, Белогор, Юбилейное және Жоғ. Баймырза. Кен орындарының барлығы Қалба жотасында орналасқан. Солт. Қазақстанда ірі Сырымбет пен Донецк қалайы кен орындарының ашылуы қалайы шикізат базасын айтарлықтай ұлғайтты. Оған дейін ілеспе қалайының 5 кен орны балансқа алынған болатын, негізгілері кешенді сирек металл кентасты Қалайытапқан (жалпы қордың 70%-ға жуығы), Қараоба, Бәкен, Юбилейное және Ахметкин кен орындары.

 Вольфрам қоры жөнінен Қазақстан әлемде бірінші орын алады. Вольфрам қорының 53%-дан астамы 16 кен орнында шоғырланған, оның 12-сі баланстық. Вольфрам кенінің басым типтері – кварц-желілі-грейзенді және штокверкті, оларға Қараоба, Ақшатау, Жоғ. Қайрақты, Бұғыты, т.б. кен орындары жатады. Вольфрамға бай кентастар скарндық-грейзендік кен орындарында (Солт. Қатпар, Баян) немесе олардың мүжілген қатпарларында (Көктіңкөлі) кездеседі. Вольфрамның 16 кен орны есепке алынған. Оның 85%-на жуығы штокверк кендері (Шығ. Қайрақты, Бұғыты, Көктіңкөлі, Қараоба, т.б.), ондағы вольфрам триоксидінің мөлш. 0,12 – 0,19%. Негізгі қорлар 6 ірі және аса ірі: Жоғ. Қайрақты, Бұғыты, Қараоба (штокверк), Солт. Қатпар, Көктіңкөлі, Баян, Ақсоран кен орындарында шоғырланған.

Бейметалл кен байлықтарының барланған және әлуеттік қоры мол. Республика аумағында бейкентасты шикізаттың 2000-нан аса барланған кен орындары бар, оның 1200-і құрылыс материалдарының кен орындары. Республикада шипалы балшықтың 30-дан астам кен орны тіркелген. Олардың көпшілігі Қазақстанның батысы мен солт-нде орналасқан.

 Қазақстанда минералды және термалдық жер асты суларының ірі қорлары бар. Минералды сулардың пайдаланылатын қоры 48 кен орны бойынша тәуілігіне 31,0 мың м3 мөлшерінде есепке алынған. Барланған кен орындарының ең көбі (18) Оңт. Қазақстанда, Бат. Қазақстанда – 9, Солт. Қазақстанда – 7, Орт. Қазақстанда – 10 және Шығ. Қазақстанда – 4. Барланған минералдық жер асты суы кен орындары негізінде санаторийлер, курорттар, профилакторийлер, емханалар жұмыс істейді, ал көптеген арасан бұлақтар мен өз бетінше атқылайтын ұңғымалардың суын жергілікті тұрғындар пайдаланады. Қазақстанның таулы-қатпарлы алқаптары мен платформалық аумақтарындағы артезиан алаптарының қойнауларында гидротермалдық судың мол қоры бар. Олар су бойынша 10,275 мың км3, ал жылу бойынша 680 млрд. Гкал шамасында, бұл 97,115 млрд. т шартты отынға тепе-тең.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Металдар мен оның құймаларын алу жолдары. Қазақстандағы кен орындары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Администратор баз данных

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 669 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.02.2017 1605
    • DOCX 48 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Куанышбекова Жазира Ахметовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Куанышбекова Жазира Ахметовна
    Куанышбекова Жазира Ахметовна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20653
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель химии

600 ч.

9500 руб. 4750 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Курс профессиональной переподготовки

Химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель химии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 471 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 350 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия")

Учитель химии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Методы сохранения баланса в жизни

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Интегративный коучинг: от теории к практике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Стратегии маркетинга и продаж в B2B

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Консультация логопеда. Возможно ли продуктивно заниматься с дошкольниками онлайн?

Перейти к трансляции