Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Конспекты / Металдар және оның қосылыстарының табиғаттағы және тірі ағзалардағы рөлі. 9 сынып

Металдар және оның қосылыстарының табиғаттағы және тірі ағзалардағы рөлі. 9 сынып

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

  • Химия

Поделитесь материалом с коллегами:



Сабақтың тақырыбы: Металдар және оның қосылыстарының табиғаттағы және тірі ағзалардағы рөлі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға халық арасында ежелден қолданылып келе жатқан металдар туралы, олардың қасиеттері, адамға қажеттілігі туралы, қолдану аясының кеңдігі туралы білімдерін толықтыру.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ (конференция сабағы)

Сабақта қолданылатын әдіс: Іздену - зерттеу әдісі

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, презентация

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Өтілген тақырыпқа талдау жасау.

Өзінді тексер.

Тест

  1. Жер қыртысында ең көп таралған металл

А) темір Ә) алюминий Б) кальций

  1. Қазақстан қазба байлықтарының металлогендік картасын кім жасады?

А) Қ. Сәтбаев Ә) Н. Бекетов Б) В. Пономарев

  1. Ғарыштан түсетін метеориттер негізінен қандай металдан тұрады?

А) мыс Ә) темір Б) алюминий

4. Полиметалл кендерінің мол қоры табылған кенді аймақты ата.

А) Орталық Қазақстан Ә) Солтүстік Қазақстан

Б) Шығыс Қазақстан (Кенді Алтай)

5. Өнеркәсіптік жолмен металдар алынатын минералдар қалай аталады?



А) Құйма Ә) Шикізат Б) Кен



  1. Егер кеннің құрамында бірнеше металдың қосылыстары болса, онда оларды қалай атайды?

А) Бейметалл Ә) Қоспа Б) Полиметалл

  1. Металдарды электр тогымен тотықсыздандыру арқылы алу қалай аталады?

А) Электрометаллургия Ә) Гидрометаллургия

Б) Пирометаллургия

  1. Жоғары температурада тотықсыздандыру арқылы металдарды алу қалай аталады?

А) Гидрометаллургия Ә) Электрометаллургия

Б) Пирометаллургия

  1. Металдарды олардың тұздарынан тотықсыздандыру арқылы алу қалай аталады?

А) Гидрометаллургия Ә) Пирометаллургия

Б) Электрометаллургия

  1. Темірден басқа металдар және олардың құймалары қандай металлургия түріне жатады?

А) Галламды металлургия Ә) Түсті металлургия

Б) Плазмалы металлургия



  1. Кімнің басшылығымен Қазақстанда алғаш рет галламды металлургия саласы жанданды?



А) В.Д. ПономаревА.И. Зазубин Ә) Е.И. Пономарева, О.А. Сонгина



Б) В.Д. Пономарев, М.А. Соколов



  1. Су ерітінділерінен галламдарды химиялық жолмен қалпына келтіру арқылы металдар мен олардың қосылыстарын алу процестерін қандай металлургия зерттейді?



А) Плазмалы металлургия Ә) Галламды металлургия



Б) Металлометрия



  1. Металдарды активті металдармен тотықсыздандыру металдарды алудың қандай әдісіне жатады?

А) Плазмалы металлургия Ә) Галламды металлургия

Б) Металлометрия

14. Темір кені қандай кен орындарда өндіріледі?

А) Қаражал, Жезді Ә) Бақыршық, Майқайың, Жітіқара

Б) Соколов- Сарыбай, Лисаков



  1. Қандай металлургия саласы темір және оның құймаларын өндіреді?



А) Қара металлургия Ә) Түсті металлургия

Б) Галламды металлургия

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Ә

А

Ә

Б

Б

Б

А

Б

А

Ә

А

Ә

Б

Б

А



Шкала: «5» - 12-15; «4» - 7-11; «3» - 3-6.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі элементердің көбісі ағзаның құрамдас бөлігі. Бірақ олардың бірі көп, екіншісі аз мөлшерде болады.

Тіршілік үшін маңыздылығына қарай химиялық элементтер үш топқа бөлінеді:

Тіршілікке қажетті элементтер. Олар адам аңзасында үнемі болады және ферменттер, гормондар, дәрумендер құрамына кіреді: Н, О, Са, N, K, P, Na, S, Mg, CI, C, I, Mn, Cu, Co, Fe, Zn, Mo.

2. Қосымша элементер: Ga, Sb, Sr, Br, F, B, Li, Si, Sn, Cs, Al, Ba, Cl, As, Rb, Pb, Ra, Bi, Cd, Cr, Ni, Ti, Ag, Th, Hg, V, Se.

3. Өте аз элементер. Адам және жануар ағзаларынан табылған, мөлшері мен биологиялық маңызы белгісіз.

Осы аталған элементтердің, соның ішінде металдардың адам және жануарлар ағзасы мен өсімдіктер үшін маңызы, атқаратын рөлі, қайдан алу керектігіне бағдар беру үшін сабағымызға мамандарды шақырған болатынбыз.

Алғаш болып химик маман жалпы металдардар туралы айтып өтеді.

Химик: Металдарды элемент ретінде қарастырсақ периодтық жүйеде:

  1. Сол жақ төменгі бөлігінде орналасқан.

  2. Тотығу дәрежесі оң.

  3. Күшті тотықсыздандырғыштар.

  4. Атом радиустары бейметалдарға қарағанда ұзындау.

  5. Негізгі топшаларға орналасқан Ме сыртқы энергиялық деңгейіндегі электрон саны топ нөміріне тең.

  6. Периодтық жүйенің 80 пайызын алады.

  7. Қосымша топшада орналасқан металдардың сыртқы энергиялық деңгейіндегі электрон саны топ нөміріне сәйкес келмейді. Олардың электрон саны 2-ден аспайды. Қалғаны астындағы қабатта орналасады. Соларды беріп жіберу арқылы +4, +7 дейін тотығу дәрежесін, бейметалдық қасиетін көрсетеді. Бұлар d-элементтер.

  8. Электртерістігі бейметалдарға қарағанда аз.

  9. Сілтілік металдар: Li, Na, K, Rb, Cs, Fr .

  10. Металдардың кристаллдық торындағы оң иондар мен бос электрондар арасындағы байланыс металдық байланыс деп аталады. Металдық байланыс оған созылғыш, тапталғыш қасиет береді. Металдардың кристалл торында электр өткізгіштігі әр түрлі болады. (Cu, Ag, Al жақсы өткізеді, Hg- нашар өткізеді).


Келесі тарихшы маман бізге металдардың шығу тарихы туралы баяндап өтеді.

Тарихшы: Металдар адамзат қоғамына ерте заманнан белгілі. Тас ғасырында-ақ алғашқы табылған металдар сом күйіндегі алтын мен күміс болатын. “Металдар ” деген сөздің өзі ертедегі гректің “іздеу”деген сөзінен шыққан. Адамзат қоғамы бертін келе металдарды табиғи қосылыстардан бөліп алуды үйренді. Мәселен , мыс біздің заманымызға дейінгі IV мыңжылдықта алынса, келесі III мыңжылдықта оның орнына беріктеу қоланы қолдана бастады. Сөйтіп, мыс дәуірінің орнын қола дөуірі басты. Адам алғаш рет таза темірмен аспаннан түскен метиориттің сынығы арқылы танысты. Темірді балқытып бөліп алудың құпиясы біздің заманымызға дейінгі 1500 жылдарда Кіші Азияда ашылды, содан бастап темір дәуірі басталды.

Біздің заманымыздың бас кезінде небәрі 7 металл белгілі болса, XVIII ғасырда оның 17-сі ашылды.

Металдардың табылу кезеңдері

Металдың пайдала бастаған

дәуірі

Алғаш табылған металдар


Біздің заманымызға дейін

Алтын, күміс, мыс, темір, сынап, қалайы, қорғасын

XVIII ғасырға дейін

Мырыш, сурьма, висмут

XVIII ғасырда

Платина

XIX ғасырда

Натрий, магний, алюминий, хром, марганец, никель, молибден, кобальт, кадмий, иридий

XX ғасырдың бірінші жартысында

Жер қыртысында кездесетін барлық қалған металдар

XX ғасырдың екінші жартысынан

осы кезеңге дейін

Жер қыртысында кездеспейтін жасанды жолмен алынатын металдар – актиноидтар, лантаноидтар.



1-оқушы : Қазақстан аумағындағы ерте кездегі тайпалар металдар туралы, оны өңдеу әдістерін меңгергенбе?Осы туралы айтып кетсеңіз.



Тарихшы: Қазақстан аумағыннан көптеген металдан жасалған бұйымдар табылды. Бұл Қазіргі Қазақстан аумағында өмір сүрген тайпалардың металдарды өңдіру мен өңдеу әдістерін жақсы білгендерін көрсетеді. Мысалы тайқазан 1399 ж. Түркістанда құйылған. Тайқазан 7 металдан құйылған: темір, мырыш, қалайы, қорғасын, мыс, күміс және алтын.

Екінші табылған құнды дүние – “Алтын адам ”. “Алтын адам ” – Есік қорғанынан табылған сақ жауынгері (б.з.д. Vғ). Оның киімі 4 мыңнан астам алтын әшекейлермен безендірілген.

Батыс Қазақстан облысынан археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған әшекей заттар (II- Ivғғ. б.з.д.) халқымыздың асыл металдарды өңдеу әдістерін жақсы меңгергендерін көрсетеді.

Келесі сөз кезегі географ маманға беріледі.

Географ: Қазақстан жері асыл металдарға бай. Соңғы деректер бойынша Қазақстан алтын қоры бойынша дүние жүзінде 9- орында, ал ТМД елдерінде 3- орын алады. Алтын көп шоғырланған аймақтар Васильев (Көкшетау маңы), Бақыршық (Семей), Ақбақай (Жамбыл обл.), Майқайың (Павлодар). Қазақстандағы күміс қорының мол жері Лениногорск, Зырян, Жезқазған алтай өңірлері. Қазақстан мыс қорын өңдіріп оны қорытатын әлемдегі ірі аймақтардың бірі. Мыс Балқаш, Жезқазған, Бозшакөл, Қоңырат өңірлерінде көп кездеседі. Сынап кендері Семей өңірі (Шар, Қызылжар, Қызылеспе) Жоңғар Алатауында (Салқынбел), Мұғалжар (Аралтөбе) көп кездеседі. Вольфрам қоры жөнінен Қазақстан әлемде 1- орын алады. Вольфрам Қараоба Ақшатау кен орындарында кездеседі. Қаратау, Байқоңыр, Жоңғар тауларында ванадий кен орындары, Батыс және Солтүстік Қазақстанда титан кендері бар.

2-оқушы: Мен сұрағымды Биолог маманға қойғым келеді.

Адам ағзасында хром кездеседі ме? Оның қосылыстарының судың құрамында болуы зиянды деп естуші ем.Зиян болса қандай зардаптар туғызады?

Биолог:

Металдардың табиғи қосылыстарының тірі организмдердің тіршілігі үшін маңызы ерекше. Хром – өсімдіктер мен жануарлар ағзасында кездеседі. Ересек адамдардың ағзасында 6 г (0,1пайыз) болады.Металл түріндегі хром – зиянсыз, ал қосылыстары Cr (III), Cr(VI) денсаулыққа зиянды. Олар теріні зақымдап, тері ауруларына душар етеді.

Биолог: Адам ағзасында Na- 0,08%, K – 0,23%, Ca – 1,4%, Fe – 0,007% және т.б. болады.

  • Натрий хлориді адам тамағы мен жануар азығының қажетті компоненті болып табылады. Калий иондары клетканың ішінде, натрий ионы клеткааралық кеңістікте клетка функциясының процестеріне қатысады. Өсімдік тіршілігі үшін калийдің рөлі үлкен. Калий негізгі қоректік элементке жатады. Ол жетіспеген жағдайда өсімдік баяу өседі, тұқым өнуін тоқтатады, жапырақтары сарғаяды, сабағы нәзік және жіңішке болады.

  • Мg, Ca элементтері тіс кіреукесінде, жүрек, бауыр, бүйрек, сүйек ұлпаларында кездеседі.

  • Бұлшықет белогы – миоглобин, құрамында Fe3+ катионы етке қызғылт түс береді. Қан белогы – гемоглобин, құрамында Fe2+ катионы, қанға қызыл түс береді, сүйек кемігінде түзіледі. Темір барлық жасыл өсімдіктер құрамына кіреді, хлорофилл түзуге, тыныс алуға қатысады.

  • Zn – барлық өсімдіктер мен жануарларға қажет, адам ағзасында 20% бұлшықетінде кездеседі. Қалған мөлшері қанның плазмасында, бауырда, эритроциттерде. Мырыш инсулин гормонымен бейорганикалық кешен түзеді, қандағы қанттың құрамын реттейді. Өсімдіктерге мырыш жетіспесе ақуыздың және көмірсулардың алмасуы бұзылады, хлорофилл мен дәрумендер синтезі тежеледі. Ондайда мырыш құрамдас тыңайтқыштар беріледі.

  • Қорғасын, күміс, кадмий элементтері ағзаға түссе зақымдайды.

Келесі дәрігер бізге ағзада металдардың жетіспеуінен қандай аурулардың болатындығы және металдардың медицинада қолданылуы туралы сөз етеді.

Дәрігер: Химиялық элементтердің барлығы да тиісті мөлшерден артық болса немесе азайып кетсе адам ағзасына кері әсерін тигізеді.

  • Литийдің кейбір қосылыстары депрессия ауруына оңтайлы әсер етеді. Ішек - қарын жолдарынан литий иондары қанға құйылады. Литий иондарының концентрациясы 0,6 ммоль/л жетсе немесе асса эмоционалдық байқағыш қабілеті төмендейді. Қан плазмасындағы литий иондарының құрамын қатаң бақылап тқру қажет. Егер мөлшері 1,6 ммоль/ л жоғары болса кері әсерін тигізеді.

  • Ағзада натрийдің өзгеруінен жүйке жүйесі, жүрек қан тамырлары, бұлшық ет қызметтері бұзылады. Әр күні адам ағзасына 1 г натрий қажет, оны ас тұзы ретінде қабылдайды. Ұдайы қолданса гипертония аурулары пайда болады. Сонымен қатар ол іріңді жараларды емдеуде, компресс ретінде, уланғанда асқазанды тазалауға пайдаланылады.

  • К+ - жүрек соғысын қалыптандырады, зат алмасуына әсер етеді, бұлшықеттердің жиырылуына көмектеседі.

  • Адам ағзасында темір мөлшері жетіспеуінен –қан аздық (железодефицитная анемия) ауруы пайда болады. Ол дұрыс тамақтанбаудан,экологиялық себептерден,әлсіреу ,көп қан кету т.б. пайда болады.

  • Мыс жетіспесе, мыс жеткіліксіз (медьдефицитная) анемия ауруы пайда болады. Ұлпалардың қалыпты дамуы нашарлайды. Мыс сульфатының 0,25% сулы ерітіндісі көз ауруларына қолданылады.

  • Күміс тұздарының ерітінділері ежелден антисептикалық қасиеті бар. Қазіргі кезде “күміс сулары” пайдалы. Медицинада AgNO3 кристалдық (ляпис) және оның сулы ерітінділері қолданылады.

Элемент

Адам ағзасындаңы мөлшері (70 кг салмақта )

Тәуліктік мөлшері

Ағзадағы мөлшері жетіспегенде

Ғе

5 г

15 г

Қан аздық

Сu

100 г

2-3 г

Бауыр аурулары

Zn

3 г

10-15 г

Ергежейлік, шаштың түсуі

Cr

6-30 мг

0,05-0,2 мг

Аллергия, өкпе рактары

Mg

20-42 г

0,3-0,7 г

Жүйке жүйесінің аурулары

Co

30 мг

7-15 мг

Қан аздық, зоб аурулары

V

-

-

Сүйек қисаюы

Mn

340 мг

5-10 мг

Бойдың өсуі, қаңқаның дамуының бұзылуы


Ca

1700 г

25-50 г

Сүйек аурулары

K

250 г

5-10 г

Жүрек аурулары

Na

250 г

5-10 г

Ми аурулары

Mo

150 г

0,1мг

Жүйке жүйесінің аурулары



3-оқушы: Ағзада калийдің жетіспеуін қалай білуге болады? Жетіспесе қандай тағамдарды калийдің қоры көп?



Дәрігер: Адам ағзасы калийді көп керек етпейді. Тәулігіне 2-8 грамм жеткілікті. Калийдің басты қызметі – бұлшықеттерді қалыпты жағдайда ұстау, әсіресе жүрек бұлшықеттерін шыңдау. Күнделікті дұрыс тамақтанған жағдайда ағзада калийдің жетіспеушілігі сезілмейді. Себебі, олар кез-келген тағамда бар. Калий қызыл және қара қарақат, алма, алхоры, жүзім, өрік, грек жаңғағында мол ұшырасады. Калийге ең бай көкініс- картоп.



4-оқушы: Мырыш қосылыстары медицинада қолданыладыма?

Дөрігер: Иө, әрине. Мырыш сульфатының 0,25% сулы ерітіндісі көз тамшысы ретінде, мырыш хлориді тіс емдеуде қолданылады.

ІV. Сабақты бекіту және қорытындылау.

Стикердегі диалог” ойыны

10 оқушыға 10 стикер үлестіріледі. Стикердің бір бөлігінде сұрақ, ал екінші бөлігінде басқа бір сұрақтың жауабы жазылған. Осылайша 1- оқушы бір стикердегі сұрақты оқыған кезде 2- оқушы өз стикерінен соның жауабын тауып оқиды да, өз стикеріндегі сұрақты қояды, ал 3- оқушы өз стикерінен соның жауабын тауып, осылай жалғаса береді. Тұйықталып қалған жағдайда басқа оқушы бастайды.

Үhello_html_2c17b11.gifлгі:











  1. Қандай элемент инсулин гормонымен бейорганикалық кешен түзеді, қандағы қанттың құрамын реттейді. (Мырыш)

  2. Көз жұлын сұйығында, ас қорыту сөлінде, сүйек ұлпасында кездесетін металл, ұдайы қолданса гипертония аурына ұшырайды. (Натрий)

  3. Қандай металл қосылысы жетіспеген жағдайда өсімдік баяу өседі, тұқым өнуін тоқтатады, жапырақтары сарғаяды, сабағы нәзік және жіңішке болады. (Калий)

  4. Қандай кен қоры жөнінен Қазақстан әлемде 1- орын алады. (Вольфрам. Қараоба, Ақшатау кен орындарында кездеседі.)

  5. Қазақстан қандай металл қоры бойынша дүние жүзінде 9- орында, ал ТМД елдерінде 3- орын алады. (Алтын. көп шоғырланған аймақтар Васильев (Көкшетау маңы), Бақыршық (Семей), Ақбақай (Жамбыл обл.), Майқайың (Павлодар)).

  6. Тайқазан неше металдан құйылған. Оларды ата. (Темір, мырыш, қалайы, қорғасын, мыс, күміс және алтын).

  7. Металдар ” деген сөздің өзі ертедегі гректің қандай сөзінен шыққан.
    (Іздеу)

  8. Периодтық жүйенің қанша пайызын металдар алады? (80%)


  1. Металар периодтық жүйеде қалай орналасқан. Қандай қасиет көрсетеді, тотығу дәрежесі қандай? (Сол жақ төменгі бөлігінде орналасқан.Тотығу дәрежесі оң. Күшті тотықсыздандырғыштар.)



  1. Магнитті қасиеті бар қанда кездесетін металл (темір. Fe3+ катионы етке қызғылт түс береді. Fe2+ катионы, қанға қызыл түс береді )

V. Бағалау.

VІ. Үйге тапсырма:

«Металдар бейбіт заманға керек» – эссе жазу

.

hello_html_m4d466bb7.png

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Автор
Дата добавления 17.09.2015
Раздел Химия
Подраздел Конспекты
Просмотров1935
Номер материала ДA-049025
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх