Инфоурок / Химия / Конспекты / Металдар,олардың периодтық жүйедегі орны, атомдық құрылысы, қасиеттеріндегі ерекшеліктері тақырыбындағы сабақтың жоспары

Металдар,олардың периодтық жүйедегі орны, атомдық құрылысы, қасиеттеріндегі ерекшеліктері тақырыбындағы сабақтың жоспары

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов


73 Негізгі орта мектеп















Сабақтың тақырыбы: «Металдар,олардың периодтық жүйедегі орны, атомдық құрылысы, қасиеттеріндегі ерекшеліктер.»









Химия пәні мұғалімі:

Балтабекова Назигүл Секербайқызы



















Қарағанды қаласы



Сабақтың тақырыбы : Металдар,олардың периодтық жүйедегі орны, атомдық құрылысы, қасиеттеріндегі ерекшеліктер

Сабактың мақсаты : Оқушыларға металдардың периодтық жүйедегi

орнын, атом құрылысын, маңызды физикалық қасиеттерiн түсiндiру, меңгерту.

Мiндеттерi: бiлімділік:оқушылардың металдардың периодтық жүйедегi орнына кiшi және үлкен период металдарының атом құрылысына тән ерекшелiктерiне көңiлiн бөле отырып, жаңа тақырыпты игерту, кейбiр кеңiнен қолданылатын металдар туралы түсiнiк беру;

дамытушылық: металдардың тұрмыста, өнеркасiпте қолданылуы, құймалардың пайдасы жөнiнде бiлiмдерiн дамыту, металдар туралы ұғымдарын кеңейту, танымдық қызығушылықтарын арттыру, iзденiмпаздық қабiлеттерiн жетiлдiру, алған бiлiм - дағдысын өмiрде қолдана бiлуге үйрету.

тәрбиелiк: окушылардың дүниетанымын қалыптастыру, қоршаған ортаға саналы көзқараспен қарауға баулу.

Типi: жаңа тақырыпты игерту.

Түрi: танымдық- iзденушiлiк сабағы

Әдістерi: әңгiмелеу, тусiндiру, оқулықпен жумыс, сұрақ-жауап, демонстрациялау, талдау, жинақтау.

Көрнекiлiгi:интерактивтi тақта, слайдтар, металл бұйымдар, металл үлгiлерi, кесте, Видео

« Металдардың кристалдық торлары»

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңi

II.Сабақтың такырыбын анықтау ,мақсаты және мiндетiмен хабардар ету.

Бiз сендермен ғажайытптар елiнде қонақтамыз.Бұл елдiң адамдарын былайша атаған ... Оны өздерiң әңгіме барысында табасыңдар.

Олардың біразы өте кедей болған.Бiрақ та қалталарында бiр тиындары (тиын бұл жерде электрондар) болмасада, олар еш қайғырмаған. Бұларға көрші қалталарында бiреу болсада артық тиыны (электроны) бар адамдар тұрған.Олар өздерін бай санаған.Соларға қарап олардың мiнездерi өзгерген. Олар ашуланғыш, тiптен қауiптi бола бастаған .Кедей адамдардан, байлардың айырмашылығы сол, олар сараң. Карыз сұраса әрең берген және де болмашы мүмкiншiлiк болса, олардан тартып алуға тырысқан.

Сұрак: Қалай ойлайсыңдар бұл елдiң адамдары қалай аталған?

Металдар және бейметалдар.Дұрыс, олай болса бүгінгі сабақтың тақырыбы:

«Металдар, олардың периодтық жүйедегі орны, атомдық құрылысы, қасиеттеріндегі ерекшеліктер»

Сабақ әңгiмелесу, сұрақ-жауап түрiнде оқушыларды белсендi түрде қатыстыра отырып жүргiзiледi.

Слайд 1-2

III.Жаңа сабақты оқыту

Адам металдарды ертеден қолдана бастаған. Металдарды колдану тарихына қыскаща тоқталу.Оқушылар хабарламалары тыңдалады

1 -оқушының хабарламасы. Слайд З

Мыс дәуiрi

2-оқушының хабарламасы Слайд4

Қола дәуiрi

З-оқушының хабарламасы Слайд4

Темiр дәуiрi

Мұғалiм толықтырады: бiздiң заманымызға дейiн алтын, күмiс, мыс, темiр, сынап, қалайы, қорғасын пайда болған. Оған дәлел V-VII ғасырларда өмiр сүрген алтын киiмдi адам 1969 жылы Есiк қорғанынан табылғанын жақсы бiлесiңдер. Бұл жерде 4000-дай алтын детальдар табылған. Тағы да адамзат тарихында тұтас бiр дәуiрлер мыс, қола, темiр дәуiрлерi деп аталуы оларды адамның игеру кезеңiмен байланысты.

Қазбадан табылған қару жарақтар, әшекей бұйымдардың, еңбек құралдарының металдардан жасалғаны анық.

Алтын және күмiс- асыл металдар, қазiргi уакытта да әшекей-бұйымдар жасауда, сол сияқты электроника бөлшектерiнде, авиакосмос өндiрiсiнде, судоқұрылысында қолданылады. Металдардың қоғам дамуындағы маңызы зор, әрине олардың керемет қасиеттерiне байланысты.Осы қасиеттерiн атаңдар.

(металл үлгiлерi көрсетiледi).

Оқушылар металдардың мынадай қасиеттерiн:электрөткiзгіштік және жылуөткiзгiштiк, металдық жылтыр, иiлгiштiк, қаттылық (сынаптан басқа) және т.б атап шығады

Сұрақ: Бұл қасиеттер неге байланысты?

Күтiлген жауап: заттардың қасиетi,осы заттардың атом жоне молекула құрылысына байланысты.

Яғни металдар — жалпы касиеттерi бiрдей заттар тобы.

1-3 топтың негiзгi топшасы және 4-8 топтың қосымша топшасы элементтерi металдар болып табылады.

Слайд 6.

1 -тапсырма. ХЭПЖ пайдалана отырып,өзбеттерiңше ,дәптерлерiңе топтардагы металл өкiлдерiн терiп жазыңдар.

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

Na

Mg

AI

Ti

V

Cr

Mn

Fe

K

Ca

In

Sn

Ta

Mo

Tc

Pd

Cs

Ba

TI

Pb

Bi

W

Re

Ir

Таңдаулы оқушылардың жауабы тыңдалады.

Мұғалім:Егерде бордан астатқа дейiн диагональ сызық жүргiзсек, диагональдiң сол жағынан төмен орын алған барлық элементтер металдарға жатады, тiптi сыртқы қабатында 4 электроны (Gе, Sn, РЬ), 5 электроны (Sb, Вi),6 электроны (Ро) бар элементтерде металдар, олар үлкен радиустарымен ерекшеленедi.

Олай болса, ХЭПЖ-дегi 110 элементтің 89-ы металдар.Слайд 7

Элементтің ХЭПЖ —дегi орны, олардың атом құрылысын айқындайды. Сабақтың бас кезінде алған кестенiң көмегiмен,натрий атомы құрылысына ХЭПЖ орны бойынша сипаттама берейік.Слайд 8

Натрий атомы ненi көрсетедi? Жақындатылған натрий атомының моделiне назар аударыңдар,орбита бойынша қозғалған ядро және электрон көрiнiп тұр.

Слайд 9.Натрий атомының моделi

Элемент атомының электрондық кескiнi(схема) қалай құрастырылатынын естерiңе түсiрейiн.

Слайд 10.Сендерде мынадай болу керек

Слайд 11.

2-тапсырма .Натрий атомы мысалына қарай отырып, дәптерлерiңе, алюминий және кальций атомдарының электрондық құрылысын құрастырыңдар.(дәптердегi жұмыстың орындалуы тексерiледi)

Металдардың электрондық құрылысы туралы қандай қорытынды жасауға болады?

Сыртқы деңгейлерiнде 1-3 электрон.Бiздiң есiмiзде, химиялық қосылысқа түскенде, атомдар сыртқы деңгейлерiн толық аяқталған 8 электрондық қабатқа айналдыруға тырысады.Бұл үшiн металл атомдары сыртқы қабаттағы 1-3 электрондарын берiп жiберiп, оң зарядталған ионға айналады .Сол себептi олар тотықсыздандырғыштық қасиет көрсетедi.

Слайд 12.

Металдар- сыртқы энергетикалық деңгейiнде 1-3, сирек 4-6 электроны бар элементтер.

Металдар- атомдары сыртқы (кейде iшкi) электрондық қабатындағы электрондарын оңай беретiн химиялық элементтер.

Металдар-тотықсыздадырғыштар. Себебi металдардың сыртқы энергетикалық деңгейiнде электрондар саны аз және атом радиусы үлкен.

Сергiту сәтi . Слайд 12 Жұмбак шешу.

Ертеден белгiлi жетеудiң бiрiмiн,

Электроника саласында iрiмiн.

Көптеген құймаларга кiремiн,

Әдемiлiгiм жөнiнде алтынмен тең жүремiн.(Мыс)

Менделеев ауылының 6-шы көшесiнде тұрағым,

Әр түнде адамдармен жүздесiп тұрамын.

Менi балқыта алмай қиналды көбiсi,

Қазақстан әлемде, кенiм жөнiнен бiрiншi.(Вольфрам — -3410о С)

Адамдар менi салмақты деп мақтайды,

Сонда да мен химиктерге жақпаймын.

Өндiрiсiм жөнiнде Азия мен ТМД-да,

Өзiмдi бiрiншi қылмай тынбадым. .(Күмiс)

Менi электроникада дәнекер ғып қолданады,

З- орын алғандар құймамды қанағат тұтады.

Консерв қалбырын жасауға қатысамын,

Валенттiгiм II мен IV арасында ауысады.(Қалайы)

Машина мен трактордың жанымын,

Қара металлургияның нанымын .(Темiр)

Жай зат металды қарастырамыз.

Слайд 13

Алдымен ,металл атомдарында түзiлетiн химиялық байланыстың типi және кристалдық тордың құрылысы жөнiндегi мәлiметтi қорытындылаймыз:

-салыстырмалы аздаған электрондар бiрмезгiлде көптеген ядроны байланыстырады, байланыс деколизацияланады.

-валенттiк электрондар,тұтастай электронейтралданған металдың барлық бөлiктерiнде еркiн араласады.(демонстрация)

Слайд 14. «Металдардың кристалдық торларының типтерi» Видео « Металдардың кристалдық торлары»

Оқушылар металдар осындай құрылыстарына сәйкес, физикалық касиеттерi жалпылама сипатта болады деген қорытындыға келедi.

Слайд 15.

Мұғалім :Металдардың физикалық касиеттерi, әлбетте олардың құрылысымен анықталады.(Оқулықпен жұмыс)

а) қаттылығы - сынаптан басқа, барлық металдар, қалыпты жағдайда, қатты заттар. Ең жұмсақ — натрий, калий. Оларды пышақпен кесуге болады; ең қатты-хром (демонстрация)

ә) тығыздығы —металдардың тығыздығы атомдық масса мен атом радиустарымен анықталады. Атомдық массасы қаншалықты үлкен және атом радиусы қаншалықты кiшi болса, металдың тығыздығы арта түседi. Периодтық жүйеде атомдық масса жоғарыдан төмен қарай өседi, ал атом радиустары период бойынша солдан оңға қарай кiшiрейедi, сондықтан I - VII негiзгi топша металдары тығыздығы жоғары болып есептеледi.

- металдар жеңiл (тығыздығы5 г/см) және ауыр (тығыздығы 5 г/см-ден жоғары) болып бөлiнедi(демонстрация)

б) балқуы

Қиын балқитындар (100000 –жоғары температурада балқитындар)

Ең қиын балқитын металл — W ( tб -339000 С)

Оңай балкитындар (100000 С-тан төмен температурада балқитындар)

Ең оңай балқитын металл - Нg ( tб- 38, 90С)

Қол қызуымен балқитын металл – Li ( tб- 290С)

(демонстрация)

в) электрөткiзгiштiк, жылуөткiзгiштiк — электр өрiсiнiң әсерiнен электрондар бағытты қозғалысқа ие болады, сөйтiп, электр тогы пайда болады.

Электрөткiзгiштiгi ең жоғарғы металдар күмiс пен мыс, одан кейiн алтын, алюминий, темiр болып келедi. Ең аз электрөткiзгiштiк сынапқа тән.

Жылуөткiзгiштiк те электрөткiзгiштiк тәрiздi электрондардың қозғалғыштығына және кристалдағы бөлшектердiң тербелмелi қозғалысына тәуелдi. Осы құбылыстардың арқасында металл кесегiндегi қызу бөлшектердің бiрiнен бiрiне берiлiп, өзара тез теңеседi Мысалы күмiс қасық шыны стақанға қарағанда жылуды 500 еседей көп өткiзедi.

Металдардың электр мен жылу өткiзгiштiгi температура артқан сайын азаяды, себебi электрондардың еркiн қозғалысы артып, олардың бағытталған қозғалысы ретсiз бола бастайды.

Нg РЬ Fе Zn Мg А1 Аu Сu Аg

Металдардың электр және жылу откiзгiштiгiнiң арту қатары

Температура жоғарлағанда кристалдық тор түйiндерiндегi атомдар және иондардың қозғалыс аплитудасы кенеттен жоғарылайды, бұл

электрондардың қозғалысына кедергi келтiредi, және металдардың электрөткiзгiштiгi төмендейдi.

Айта кету керек,температура жоғарлағанда кейбiр бейметалдардың электрөткiзгiштiгi артады, мысалы графитте температураның жоғарлауынан кейбiр коваленттiк байланыстар бұзылады, және еркiн араласатын электрондар саны артады. (демонстрация)

г) металдық жылтыр - барлык металдар жылтырайды. Үстелде айна және шырша ойыншықтары жатыр. Неге олар шыны тәрiздi мөлдiр емес? Себебi, бұл күмiс қабатының жылтыр түс беруiнен. Ал күмiс — металл.

Металл кристалдарының iшiндегi бос кеңiстiкте электрондар бар, олар күн сәулесiн жұтып тербелiске ұшырайды да, өзiне тән толқындар шығара бастайды, соған сәйкес түстi адам көредi.

Металдық жылтыр - металдардың барлығына тән қасиет Осы қасиетiн адамдар жоғары бағалап, кейбiр көркемөнер туындыларын жасауға пайдаланады. Яғни барлығы мөлдiр емес, бiрақ өздерiне тән жылтыры бар. Олар көбiне сұр түстi болады. Металдар жарық сәулесiн, сондай-ақ ультракүлгiн сәулелердi де шағылыстырады. Мәлiмет: Алтын ультракулгiн сәулелердi шағылыстырады, сондықтан ғарышкерлердiң скафандр иллюминатрларын қаптау үшiн пайдаланады. Айнаны шынының бетiне жұқа қабат металл жағып жасайды, көбiне шыныны кумiспен жалатады, себебi ол жарықты жаксы шағылыстырады. Шырша ойыншықтары да күмiспен қапталады.

Түсi. Қалай ойлайсыңдар, алтын сары, мыс неге қызыл, сары түстi болады? Алтын, мыс, висмут жарық спектрiнiң жасыл, көк сәулелерiн сiңiредi, сондықтан олардың түсi қызыл, қызыл-сары, сары түстi болып келедi. (демонстрация)

е) Иiлiмдiлiгi. Металдарды соққанда ұсақ түйiршiктерге бөлiнiп, шашырап қалмайды, небәрi пiшiнiн езгертiп тапталады не жаншылады, яғни соғуға төзiмдi пластикалық қасиетiн, иiлiмдiлiгiн көрсетедi. Себебi, атомдар қабаттары металдық байланысты сақтай отырып, бiрiнiң бетiнде бiрi сырғып жылжи алады. Металл кесегiндегi электрондар оның бойымен бiрге қозғалып, сырғыған кабаттарды үнемi байланыстырып тұрады. Бұл құбылысты тусiну үшін жай эксперимент жасап керейiк. Екi шыны пластинканы алып, бiр - бiрiне қабаттастырамыз. Оларды ажырату оңай ма? Әрине, оңай. Ендi пластинканың бiрiнiң үстiне бiрнеше тамшы су тамызамыз. Оларды ажыратып керейiк. Не байқалды? Судың маңызы неде? Бл жерде суды металл атомдарын байланыстырып тұрған «электрон газы» деуге болады, қалай ойлайсыңдар, қай металл иiлiмдi болып келедi?

Иiлiмдiлiк қасиет алтында бар.Мысалы: алтынды таптап, қалыңдығы 0, 003 мм жұқа қабықшаға айналдыруға болады, бұл адам шашынан да 500 есе жұқа. Оны әртүрлi денелерге алтын «жалатқанда» қолданады.

Аu Аg Сu Sn РЬ Zn Fе

Металдардың иiлiмдiлiк қатары

Металдар иiлiмдiлiгiнiң әр алуандығы олардың кристалдық торы құрылысының әртүрлi болуына тәуелдi.

Металдар куб (бүйiрлi және көлемдi орталықтанған) және гексональдi торлар түзе алады. (демонстрация)

IV.Сабақты бекiту

Мұғалім:бiз металдардың Д.И.Менделеевтiң периодтық жүйесiндегi орны, құрылысы, физикалық қасиеттерiн қарастырдық. Ендi сабақты бекiту мақсатында тест жұмысын орындауға ұсынамын.

Слайд 16-18

1.Кальцийдiң электрондық формуласы:

а) 1S22S263S1

б) 1S22S263S2

в) 1S22S263S23P64S1

г) 1S22S263S23P64S2

2) Мына электрондық формула 1S22S263S23P64S2 тән атом:

а) Na б) Са

в) Сu г) Zn

З) Металдардың электрөткiзгiштiгi, металдық жылтыры, иiлгiштiгi, тығыздығы анықталады:

а) атомдық массасы

6) металдардың балқу температурасы

в) металл атомдарының құрылысы

г) жұптаспаған электрондардың болуы

4) Металдар бейметалдармен әрекеттескенде көрсететiн қасиетi

а) тотықтырғыш

6) тотықсыздандырғыш;

в) әрi тотықтырғыш, әрi тотықсыздандырғыш

г) тотығу-тотықсыздану реакциясына қатыспайды

5)Периодтық жүйеде типтiк металдар кайда орналаскан?

а) жоғарғы бөлiкте; б) төменгi бөлiкте;

в) жоғарғы оң жақ бұрышта; г)томенгi сол жақ бұрышта;

Жауап кілті арқылы көршіміздің жауабын тексереміз

1-Г; 2-Б; 3-В; 4-Б; 5-Г.

Слайд 19 Анограммадан сөз құрастырып, қазақша, орысша, латынша атап формуласын жазу.

Полиглот.

1) лақайы — қалайы – олово – эстанум

2)-напыс — сынап – ртуть – гидроргениум

3)сынғақор — қорғасын – свинец – плюмбум

4) тынал — алтын – золото – аурум

5) мiрте – темiр – железо – феррум

Ең...Ең...Ең...

1 .Ең қиын балқитын металл?(вольфрам)

2.Адамга ең алғаш белгiлi болған металл?(алтын)

3.Жер бетiндегi ең көп таралған металл?(алюминий)

4.Адамзат баласы ең алғаш өндiрген металл?(мыс)

5.Ең жеңiл металл?(литий)

6.Ең оңай балқитын металл?(цезий)

7.Ең қатты металл?(хром)

8.Ең жұмсақ металл?(калий)

V. Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау

VI. Үй тапсырмасы

§28,291-7 тапсырма. №12, №13, №26, №27 электрондық формуласын жазу.

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Краткое описание документа:

Металдардың шығу тарихына шолу жасай отырып ,халық арасында ежелден қолданылып келуі және қолдану аясының кеңдігі, олардың құрылысы және қасиеттеріндегі ерекшеліктерге байланысты екендігіне көз жеткізу мақсатында өткізілген сабақ№

Сабақтың міндеті:металдардың тұрмыста, өнеркасiпте қолданылуы, құймалардың пайдасы жөнiнде бiлiмдерiн дамыту, металдар туралы ұғымдарын кеңейту, танымдық қызығушылықтарын арттыру, iзденiмпаздық қабiлеттерiн жетiлдiру, алған бiлiм - дағдысын өмiрде қолдана бiлуге үйрету.окушылардың дүниетанымын қалыптастыру, қоршаған ортаға саналы көзқараспен қарауға баулу.

Общая информация

Номер материала: 295207
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>