Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Рабочие программы / Металлургия және машина жасау өнеркәсібі

Металлургия және машина жасау өнеркәсібі

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

ШҚО білім басқармасының Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп – гимназия – интернаты КММ






hello_html_m3ec2c610.png




hello_html_m19e57ecf.gif







Пәні: География

География пәнінің мұғалімі: Смағұлова Ақгүл Қажмұханқызы



Өскемен 2013

Сабақтың тақырыбы: $35. Металлургия және машина жасау өнеркәсібі.


Уақыты: 11-00

Сыныбы: 10 «Б» 
Күні: 12.02.2013

Кабинеті: 306 география кабинеті

География пәнінің мұғалімі: Смағұлова Ақгүл Қажмұханқызы
Бекітемін: ¬¬¬________________ ______
Мектептің оқу ісінің меңгерушісі Кусайнова Б.С.

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Дүние жүзінің металлургия кешеніне тоқталу, машина жасау өнеркәсібі кешендері туралы мағлұмат беру, оларға кешенді сипаттама беру.
Дамытушылық мақсаты – Қара және түсті металлургия кәсіпорындарының орналастыру заңдылықтарын анықтай отыра, оқушылардың ой-өрсін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты – Металлургия кәсіпорындары өнімдерінің экспортқа бағытталуына тоқтала отырып, еліне, жеріне деген отангерлік сезім қалыптастыру. Оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, Дж экономикалық картасы, металл үлгілері

Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, дүние жүзінің саяси картасы

Сабақтың типі: дәстүрлі емес

Сабақ түрі: Конференция сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Пәнаралық байланыс: химия, биология, тарих

Технология: СТО технологиясының элементтері

Алдын-ала тапсырма: сынып шағын топтарға бөлініп, қара металлургияға және машина жасауға сипаттама беру тапсырмасын алды.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, журнал толтыру.

Мұғалім:

  1. Темірді қызған кезінде соқ.

  2. От көмір жейді, тот темір жейді.

  3. Ағаш кессең ұзын кес, қысқартуға оңай, темір кессең қысқа кес, ұзартуға оңай.

 

  • Бұл мақалдарды не біріктіреді?

  • Металл. Д.И. Менделеев кестесінің 118 элементінің 98 элементі металдарға жатады.

  • Металдарды қандай топтарға біріктіруге болады?

  • Қара және түсті. Оларды қара және түсті металлургия өндіреді. Осы екі сала металлургиялық кешенді құрайды.

  • Қорытынды: Металлургиялық кешен деген не?

  • Әр түрлі металдарды өндіретін салалардың жиынтығы.

 

- Бүгінгі сабақ іскерлік ойын «Өндірістік жиын» түрінде өтеді. Жиынға бас инженер, шикізат бөлімі, техникалық бөлім, экономистер, статистика бөлімі, кадр бөлімі, экологтар, ғылыми-зерттеу бөлімі, медбике, БИПЭК АВТО орталығынан, журналистер, операторлар, сарапшылар, өткізу бөлімдері қатысады.


1. Бас инженер – Мұқатов Ілияс

2. Шикізат бөлімінің бастығы – Мұқамедкаримова Фариза

3. Өскемен қаласы техникалық бөлімінің басшысы – Махмұтова Айгерім

4. Каз-Цинк заводының экономисті – Оралбекова Алия

5. Статистика бөлімінің бастығы – Тақанова Гүлжанат

7. Кадр бөлімінің жас маманы – Жұмабекова Ляззат

8. Өскемен қаласының Экология департаментінен – Солтанғазина Аяжан

9. Ғылыми зерттеу бөлім бастығы – Қамбарова Жансая

10. Астана қаласының денсаулық сақтау орталығының бас маманы – Слямбекова Диана

11. БИПЭК АВТО орталығының директоры – Найзабеков Назар

11. Тәуелсіз сарапшылар – Жанағатова Назерке

Тоқтарғазинова Меруерт

Қалған оқушылар: журналисттер, операторлар


Бөлімдердің мақсаты: Дүние жүзінің қара және түсті металлургиясына және машина жасауға баға беру.

Бас инженер: жиынымызды шикізат бөлімінен бастаймыз. Кез келген өндіріс шикізаттан басталады.

Шикізат бөліміне сөз береміз. Қара металлургияның негізгі шикізаты – темір кені. Республикамыз темір кен орындарына өте бай. Оның ішінде, ірі темір кен орындарының қатарына Қостанай облысы Торғай иінінде Соколов-Сарыбай, Лисаков, Қашар, Аят, Орталық Қазақстан аумағындағы Атасу, Қаражал кеніштері жатады. Жылына 30-40 млн т темір кенін өндіретін Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты жер бетіне жақын орналасқан темір кенін өндіруге маманданған. Онда темір концентраты шығарады. Ал Лисаков, Аят, Қашар кен байыту комбинаттары шығаратын флюс қосылған жентектер шойын өндіру үшін сапалы шикізат болып табылады. Сонымен қатар бұл кен орындары Оралдың металлургия комбинаттарын шикізатпен қамтамасыз етеді. Соколов-Сарыбай, Қашар, Лисаков, Аят кен орындарының темір қорын дүниежүзіне әйгілі Лотарингия (Франция), Кривой Рог (Украина) кен орындарымен салыстыруға болады. Сондай-ақ Торғай иінінде табылған темір кені қорының мол екендігі анықталып отыр. Темір кені ашық әдіспен өндіріледі. Рудный қаласындағы Соколов-Сарыбай, сондай-ақ Аят, Лисаковск және қашар кен байыту комбинаттары Қазақстан қара металлургиясының маңызды шикізат базалары болып табылады. Ақтөбе облысында Кемпірсай массивінде никель, хром кеніштері ашылды. Қара металлургияға қажетті шикізаттын бірі – марганец кені. Ол Жезді, Қаражал, Үшқатын кен орындарында кездеседі. Қара металлургияда Топардың әктасы, Алексеевтің доломиті және отқа төзімді саз бен кварцит кені де пайдаланылады.

Бас инженер: Келесі болып сөзді техникалық бөлім жалғастырады.

Техникалық бөлім: қазіргі кезде қара металлургияның толық циклді және қайта қорыту өндіріс орындары бар. Қара металлургия өнеркәсіптерінде темір кенін өндіріп, шойын, болат балқытып, прокат және ферроқорытпаларды жасап шығарады. Қара металлургия өнімі – темір мен көміртектің қорытпасы. Оның құрамында сонымен бірге – кремний, марганец, фосфор, күкірт элементтері де болады. Қара металдың қасиеті, негізінен, оның құрамында көміртектің аз не көп болуына байланысты. Егер темір қорытпасында көміртектің мөлшері 2%-дан аспайтын болса, оны болат деп атайды, ал 2%-дан 6%-ға дейін болса, ондай қорытпаны шойын деп атайды. Шойынды темір кенінен кен қорытатын пеште өндіреді. Ал болатты мартен, конвертор, электр пештерінде балқытып алады. Болаттан дайын өнім – прокат алынады.

Қара металлургияда кәсіпорынның мына типтері бөліп көрсетіледі:

  • толық циклді металлургиялық зауыттары, яғни шойын, болат және прокат шығаратын (кейде олардың құрамына темір кіреді);

  • болат балқыту және болат прокаттау зауыттары (қайта қорыту металлургиясы);

  • ферроқорытпа өндірісі – темірді хроммен, марганецпен, кремниймен және басқа элементтермен байыту, бұл қосындылар одан әрі болат балқытуда оларға қажетті қасиет беруде пайдаланылады:

  • кіші металлургия – машина жасау зауыттарында болат және прокат өндіру;

  • домнасыз металлургия – темірді тікелей қалыпқа келтіру (электр пештерінде сапалы темір кенінен – окатышь алу)

Қазіргі кезде елімізде өндірілетін темір кенінің 90 % -ын Қостанай темір кені алабы өндіреді. Оның ішінде, Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігі және Лисаков кен-байыту комбинаты дүниежүзінде темір кенін өндіретін ірі 15 компанияның қатарына кіреді.

Республикамызда Теміртау қаласында «Арселор-Миталл Стил Теміртау» деп аталатын Қарағанды толық циклді қара металлургия комбинаты жұмыс істейді.

Ақтөбеде Қазақстандағы ең алғашқы ферроқорытпа зауыты салынды. Оның шығаратын негізгі өнімі- феррохром.

Республикамыздағы сапалы болат өндіруге деген қажеттіліктің артуынан осындай ферроқорытпа зауыты Ақсу қаласында да іске қосылды. Бұл зауыт шикізат ретінде Орталық Қазақстанның марганец кенін және Оралдың кварцитін, Қарағанды кокс көмірін және Ақсу МАЭС-терінің электр энергиясын пайдаланып жұмыс істейді.

Тараз қаласында еліміздегі үшінші Тараз металлургия зауыты жұмыс істейді. Онда ферромарганец, ферросиликомарганецпен қатар бірінші рет құрамындағы марганец – 30 %, кремний 15-20% болатын марганецті темір өнімдері шығаруда.

Экономистер: 2008 жылы үкіметтің «30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасы негізінде «Арселор-Миталл Стил Теміртау» компаниясы жаңа сортты прокат өндірісі іске қосылды. Жобаның құны – 150 млн доллар. Осы уақытқа дейін арматура, швеллер біздің елімізге басқа елдерден тасымалданып келсе, енді өзімізден шығарылатын болады. Ал шойынның және прокаттың 100 % болаттың 95%-ын өндіреді. Сонымен қатар Республикамызда Теміртау қаласында болат сынықтарын қайта қорытатын металлургия зауыты салуға мүмкіндік туды. Жобаның құны 700 млн доллар. Қазіргі кезде Қарағанды металлургия комбинатын Англияның Испат фирмасы басқарады.

1т ферроқорытпа алу үшін 10 мың кВт сағат электр энергиясы жұмсалады.

Келешекте Ақсу ферроқорытпа зауыты мен Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты негізінде толық циклді қара металлургия комбинаты салу жоспарлануда.

Өткізу бөлімі:

Статистер:

  • Темір кені қорынан Қазақстан дүниежүзінде 8, ал ТМД-да 3 орында.

  • Қазақстан қара металлургия өндіруден ТМД елдерінің ішінде Ресей, Украинадан кейін 3 орында.

  • Хромиттің қорынан Қазақстан ТМД-да бірінші (бүкіл қордың 97%), ад дүниежүзінде Оңтүстік Африка Республикасынан кейінгі 2 орынды алады.

  • Марганецтің қорынан Қазақстан ТМД-да Украинаға ғана жол берсе, дүниежүзінде АҚШ және Украинадан кейінгі 3 орында.

Кадр бөлімі: домна цехында әр түрлі мамандар жұмыс жасайды – газшылар, көрікшілер, су жіберуші, машинистар, шебер-технологтар. Ең басты адам – көрікші, ол горн қасында жұмыс жасайды. Шойын жиналатын жерде жұмыс жасайды. Көрікші болуы үшін кең техникалық білім, домна үрдісінін теориялық негізін, шойын, шлак қасиеттерін, домна пешінің құрылысын білуі тиіс. Домна пешінде 1 аусымда бірнеше көрікші жұмыс жасайды. Көрікші мамандығын кәсіптік-техникалық институттарда, колледждерде және металлургиялық зауыттарда алуға болады. Біздің елбасымыз Н. Назарбаев Қарағанды металлургиялық зауытта еңбек жолын бастаған. Және бұл мамандық өте қиын және табысты. 1 сағаты 4500-5000 тенге орташа есеппен, аптасына 37 сағат жұмыс жасайды, сонда айына 166000-185000 тенгеге дейін барады. ССКӨБ АҚ-та 18 мыңнан аса адам жұмыс істейді Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін кен алыбы инвестициялық жолмен дамыды. Мамандар біліктілігіне барынша көңіл бөлінді. Әйтпесе жаңарып жатқан техникаларда, ашылып жатқан зауыттарда бұрынғы аяң жүріспен жұмыс істеймін деу келмеске кетті. Техника, технология, жұмыс әдістері жа­ңар­ды. Соколов-Са­ры­бай кен өн­діру бірлестігіндегі үлкен сала­ның бірі оқу орталығы. Бұл ор­талық осы кен орны ашылғанда, яғни 1955 жылы құрылған бола­тын. Өйткені, қай кезде де іс тетігін кадрлар, мамандар шешеді. Ал қазір өндірістің инновациялық жол­мен дамуына бай­ланысты оқу орталығы да жаңа­ша сипатқа ие болған. Мұнда жұ­мысшы маман­дықтарынан бастап, басшы ма­ман­дарға дейін дайында­лады, ол­ар­дың біліктілігін көте­реді. Соңғы кездері кен карьерлеріне шетелдік озық техникалардың келуіне бай­ланысты жүргізуші­лер­ге компьютерлік басқару техника­ла­рының те­тіктері үйретіледі. Мұн­да жылы­на 200-ден аса аталым­дағы кәсіп бойынша 4,5 мың адам оқып шы­ғады. Кен алыбының құ­ра­мын­да­ғы карьерлер, байыту фаб­рика­ла­ры, темір жол тасымалы, кейінгі ашылып жатқан зауыт–бар­лығына машинистер, жүргізушілер, кен жұ­мысшылары, наладчиктер, проходчиктер, жүк мәшинелері, буль­дозерлер, экскаваторлар жүр­гі­зу­шілері сияқты толып жатқан ма­мандықтардың барлығы да осы орталықта дайындалады.

ENRC корпорациясы құрамына кіретін кәсіпорын қыз­меткерлері арасында жыл сайын кәсіби шеберлікті байқау жарысы өтеді. Биыл бұл сайыс «ССКӨБ» АҚ базасында өтті. Еуразиялық таби­ғи ресурстар корпорациясына қа­расты кәсіп­ор­ын­дардан келген 60 адам бес ма­мандық бойынша сын­ға түсті. Ол­ар біліктілігін, білімін, шеберлігін ортаға салды. Коман­далық есепте Соколов-Са­рыбай кен өндіру бір­лес­тігінің жұмыс­шы-мамандары бі­рінші ор­ынды жеңіп алды.

Экологтар: металлургия зауыттарынан бөлінетін зиянды газ қалдықтары, күкірт пен азот оксидтерінен атмосфераны қорғау үшін, тұтқыш қондырғылар орнату және мұржаларды биік етіп орналастыру сияқты жаңа технологияларға көшу жолдары қарастырылуда.


Өнеркәсіп салалары

Атмосфераға зарарлы заттектердің шығарылуы

Өнеркәсіп

100%

Электроэнергетика

29%

Отын

21%

Қара металлургия

15%

Түсті металлургия

22%

Химия и нефтехимия

3%

Машина жасау

3%

Орман өнеркәсібі

3%

басқалары

4%


Ғылыми-зерттеу бөлімі: металлургиялық кешеннің перспективалары қандай?

Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігі құрамына кіретін ENRС компаниясының инвестициялық жо­балары да кен алыбымен тікелей байланысты. Қуаттылығы жы­лына 7 миллион тонна болатын ба­йыту зауыты 2014 жылы пайда­ла­нуға берілмек. Оның құрылысы үшін 440 миллион АҚШ доллары игеріледі. Сонымен қатар, жылына 3 миллион тонна темір балқы­татын күйдіру мәшинесінің және 1,8 миллион тонна ыстық брикетті темір өндіретін зауыттың құры­лысы басталып, ол да 2014 жылы аяқталады. ENRС оған 920 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржы салмақ. Кен базасын кеңейту жұ­мыстарына да 715 млн. АҚШ дол­лары жұмсалады екен.

Кенді өндіру технологиясы. Кенді ландшафты бұзбай алу мүмкіндіктері бар. Био геотехнологияларды қолдану мүмкін. Геотехнологияларда барланған скважинаға кенді ерткін құяды, келесі скважинадан жердің бетіне шығарады. Биотехнологиялық әдістерде бактериалдық қоспа қолданады оны жердің астына құыйп, бактериялар денелеріне металл жинайды, сосын аларды жер бетіне көтереді. Осындай әдіспен өндіретін кен өзіндік құның 2 есе төмендетеді, ал шығынды 4 есе түсіреді. өкінішке орай біздің мемлекетімізде бұл әдістер қолданбайды, өйткені керекті жаңа технологиялар жоқ.

Медбике: Адамның денесінде ертінді түрінде 3-4г темір болады. Ол қанға қызыл түс береді. Қан құрамындағы темір азайып кетсе, адам тез шаршайды, басы айналады, көңіл күйі нашарлайды. Мұндайда дәрігер оған құрамында темірі бар дәрі ішу керектігін ескертеді. Осы жағдайды түсіндіреді.

БИПЭК АВТО орталығының директорының сөзі:

 

Журналистер сұрақтар қояды.



Сабақты бекіту. Венн диаграммасын сызу. Болат пен шойын және олардың ортақ белгілері.

Қорытынды: Сарапшыларға сөз беру.

Үйге тапсырма: 1. Республикадағы темір, марганец, хромит кен орындарына жан-жақты хабарлама дайындау.

2. Қара металлургия кәсіпорындарын кескін картаға түсіру.

Бағалау.

hello_html_5d2a6119.jpg


hello_html_m326c661.jpg

hello_html_m36a2796.jpg


hello_html_554d733.jpg



hello_html_5c764beb.jpg


hello_html_m2c13e76a.jpg


hello_html_m4faa49e7.jpg


hello_html_56450206.jpg

hello_html_440b9dcb.jpg

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 12.12.2015
Раздел География
Подраздел Рабочие программы
Просмотров1383
Номер материала ДВ-253817
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх