Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Методическая разработка «А.Матросовтың ерлігін қайталаған Сүндетқали Есқалиев»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • История

Методическая разработка «А.Матросовтың ерлігін қайталаған Сүндетқали Есқалиев»

библиотека
материалов

Тақырыбы: Ұлы Жеңіске-70 жыл. А.Матросовтың ерлігін қайталаған Сүндетқали Есқалиев.

Мақсаты: Ұлы Отан соғысына қатысқан Қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстыру. Ұлы Отан соғысында елін, жерін қорғап қалуда асқан қаһармандық көрсеткен, Кеңес Одағының Батыры Сүндетқали Есқалиевті әрдайым еске ала отырып,
ерлігімен таныстырып, оған деген құрмет, мақтаныш сезімін дамыту;

Патриоттық сезімге баули отырып,Отанын оны қорғау міндет екендігін мәңгі естен шығармау керектігін ұмытпауға тәрбиелеу

Көрнекілік: нақыл сөздер, газеттер, буклеттер, суреттер.

Тәрбие сағатының барысы:

22 маусым - барлық посткеңестің елдердің тарихындағы ең қайғылы датаның бірі.   

Осыдан 70 жыл бұрын, дәл осы күні   таң қылаң бере   фашистік Германия  Кеңестік   Социалистік   Республикалар  Одағына     шабуыл   жасады. 

Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың  қатарында   Кеңес Одағының   батыс шебін күзеткен    ондаған мың  қазақстандық-шекарашылар болды.    Атақты Брест   гарнизонының  өзінде  1941 жылдың көктемінде   біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен,     шілде айында  олардың   көпшілігі     әскерден елге  қайтулары керек  болған.  Бірақ      жаудың  шабуылы  олардың   бұл   жоспарларын  күл-талқан  етті.     Соғыс   өрті  ішке  қарай  тез еніп,    Брест қамалының тірі  қалған   қорғаушылары партизандар қозғалысына  қосылды.    Олардың  қатарында 190   қазақстандық болған  және олардың көбісінің сүйегі Беларусь жерінде    қалған.  

Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл  Кеңес Одағы сияқты,     алғашқы   күннен бастап  жұдырықтай жұмылды.   Республиканың түкпір-түкпірінде  әскери  комиссариаттарға   еріктілер  ағылды.   Кеше  ғана мектеп  партасында  отырған  бозбалалар  мен бойжеткендер де,   қала   мен ауыл тұрғындары да соғысқа  сұранды.  

Көркемсөз оқушы:Соғыс не? Арпалысқан өлім-өмір,

Тұрса ағаш, сынса отын, жақса көмір.

Өлім мен өмір батыр алысқанда,

Бұрқылдап қызуына қайнар темір.

Соғыс не? Соғыс апат, соғыс соққы,

Ол соқса шығарушы бұрын жоқты.

Ол дауыл, күш мұхитын тасытады,

Елетпей азды –көпті, ашты-тоқты.

 

Соғыс не? Соғыс елдің сыны,

Ел емген қазыналы жердің сыны.

Адалдың арамменен айғақшысы,

Төгілген керек үшін тердің сыны.

Соғыс сұмдық атадан бала айырылған,

Біреуін қан, біреуін ар айырған.

Гүл бақшам бөлектеліп мен де кеттім,

Дінесім, Шаһмұрат, Анарымнан.

Соғыстың жоқ ешқандай тамашасы,

Бір өлім, мың өлімнің арашасы.

Соғыста өлім құлап, өмір жеңер

Оны сезбес пікірдің аласасы. (Қ.Әбдіқадыров  «Соғыс»)

1939    жылдың  дерегі  бойынша,  біздің  республикамызда  6,2 миллион адам тұрып  жатқан.  Соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарына  1 миллион  200 мың  қазақстандық шақырылған,    20-дан астам   атқыштар  дивизиясы  мен  басқа да     құрылымдар жасақталған.  Фашистермен     болған шайқастарда  328-ші, 310-шы, 312-ші, 314-ші, 316-шы, 387-ші, 391-ші, 8-ші, 29-шы, 102-ші, 405-ші атқыштар дивиясы,   100-ші және 101-ші  ұлттық,   81-ші, 105-ші, 106-шы кавалериялық дивизиялар, 74-ші және  75-ші теңіз    атқыштар бригадасы,  209-шы  Зайсан,   219-шы  минометтік,  85-ші зениттік,   662-ші, 991-ші және 992-ші  авиациялық полктер  ерекше    көзге түсті.    Майданға  14 100  жүк және  жеңіл  автокөлік,  1 500   шынжыр табанды  трактор,  110 400   жылқы,  16 200  арба    жөнелтілді. 

Қазақстан    армия мен флот үшін   офицерлік кадрлар  және  резервтік    күштер дайындауға да  лайықты үлес  қосты.  1941-1945 жылдары    әскери  оқу орындарына  42 мыңнан  астам   жас қазақстандық   жолданды,    ал Қазақстанның аумағында  сол жылдары жұмыс істеген  27 әскери оқу орны толық емес   мәлімет бойынша 16 мыңдай офицер дайындап шығарған.    

Ән: «Священная война» 

Біздің    жерлестеріміз  майдан даласында    ерлікпен шайқасқан.     Жауынгерлік ерліктері  үшін жүздеген  мың  қазақстандық  медаль-ордендермен марапатталса,  500-дей    адам  Кеңес Одағының Батыры,   100-ден  астам адам - Даңқ орденінің  толық иегері атанған.  Төрт қазақстандық  екі  мәрте    Кеңес Одағының  Батыры  атанды,  олар - Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов  және Леонид Беда. 

Кеңес  Одағы   Батырларының  қатарында  қазақтың екі   қызы -  мерген  Әлия Молдағұлова мен   пулеметші  Мәншүк Мәметова  бар.   Рейхстагқа    Жеңіс туын  тіккендердің   бірі -  қазақ  жігіті   Рахымжан  Қошқарбаев.    Жаудың   тылында  партизандардың  қатарында да   қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі  - Қасым Қайсенов.     Ал танымал  қолбасшы,       әскери  жазушы Бауыржан  Момышұлын,  28  панфиловшылардың ерлігін    білмейтін  қазақ жоқ шығар.  

Соғыстың тек майдан даласында ғана емес,  тылда  жүргені мәлім.      Гитлерліктер КСРО-ның батыс  аудандарын басып  алғаннан кейін, Сібір  мен  Қазақстанның  ел экономикасындағы  маңызы күрт артқан.   Жаудың  қолына   бермеу  үшін  соғыстың алғашқы айларында    өнеркәсіптік кәсіпорындардың   барлығы тылға көшіріле бастады.      Қысқа мерзімнің ішінде Қазақстанның аумағына  142 кәсіпорын     жайғастырылды,   532 506 адам көшірілді.     Оған қоса,  жаңа өнеркәсіптік  нысандардың  құрылыстары  жеделдетілді.   Соғыстың алғашқы 1,5  жылында Қазақстанда 25  кен орны пен шахта,  11 кен байыту   фабрикалары,   19 жаңа көмір шахтасы,    3 разрез,   4   жаңа  мұнай кеніші мен     Гурьевтегі   мұнай өңдеу зауыты  іске қосылды. 

Темір    жол құрылысы   жалғасты.  1942-1943 жылдары   Мақат-Орск,   Ақмола -Магнитогорск     желілерінің  құрылысы аяқталды.  Соғыс жылдары  Қазақстан  жалпыодақтың мыс  құймасының  30 пайызын,  марганец кенінің  60  пайызын,   мыс кенінің 50 пайызын,   металл  висмуттың  65 пайызын,     полиметалл  кендерінің  70 пайызын,      мырыш  өнімінің   85 пайызын берді.  Қорғаныс өнеркәсібіне қажетті мыстың  үштен бірі   Қазақстанда  өндірілді,    сондықтан да соғыс жылдары  әрбір   10   оқтың  тоғызы   Қазақстанда құйылды.  

Республикада     танк және ұшақ      жасауға ақша  жинау қозғалысы      жүрді.   1941  жылдың күзінде  Бүкілодақтық лениндік коммунистік жастар одағы (ВЛКСМ)  атындағы  танк дивизиясын    құруға   қаржы  жинала бастады  да,     бір жылға  жетер-жетпес уақыттың ішінде  армия  қазақстандық   комсомолдардан    45 жаңа   танк алды.   Кейінірек       халық қаражатына  тағы 10 танк   колоннасы,   бірнеше  авиациялық  эскадрилия,   торпедо  катерлер мен  атаулы ұшақтар    жасалды. Соғыс жылдары  Қазақстан  халқы      жауынгерлік    техникалар  жасауға  480,3 миллион рубль     жинап берді.  

Жеңіске  Қазақстанның ауыл шаруашылығы да       өз  үлесін   қосты.    Атап айтқанда, еліміз    30,8   миллион пұт астық, 14,4 миллион  пұт картоп және көкөніс,   15,8  миллион     пұт   ет,  3 194 мың   центнер сүт,  17,6 мың  центнер   жүн   берді.  Бұл  соғысқа дейінгі бес  жылдағы көрсеткіштен бірнеше есе   көп.   Республиканың барлық  экономикасы   әскери «рельске»  қойылды:    бейбіт мақсаттағы  шығыстар барынша қысқартылды,  көптеген кәсіпорындар  қорғаныс  өнімдерін    шығаруға    кірісті.   Ер  азаматтардың бәрі      армия  қатарында  болғандықтан,  зауыттарда     әйелдер,  қариялар,  жасөспірімдер  еңбек етті.  Еңбек тәртібі қатайтылды,   жұмыс уақыты  ұзартылды.   Алты апталық,  23 сағаттық   жұмыс күні  бекітілді,    демалыстар  тоқтатылды.   Бірақ  ешкім   қынжылған жоқ.   Бүкіл ел    «Бәрі де  майдан үшін,  бәрі де  Жеңіс  үшін!» деген ұранмен  еңбек етті. 

Айтып болды дүние талай әнді,
Аспан жүзін таң алды, арай алды.
Жетсек деген бір сөзбен ел оянды.

Төрт жыл бойы жел соғып, дауыл келді,
Қала көрді қиындық, ауыл көрді.
Жеңіс, Жеңіс! Әке мен оның ұлын
Кездестірмей қойғаның ауыр болды.

Менде шықтым көшеге қарап елге,
Есікбай қарт ер салды қарагерге.
Жеңіс! Жеңіс! Анамның көз жасы юоп,
Тамып түсіп жаттың сен қара жерге.

Састырды ғой сол төрт жыл сабырлыны,
Сарғайды ғой, ананың сағым мұңы.
Келмейтінін әкемнің біліп анам,
Зар жылаған екен-ау со бір күні...

Қуанышқа кетті бір толып менен,
Желік басқа бүгінгі, көрік бөтен.
Тойға бардым мен мәз боп өз әкемді
Көрмеймін деп мен ойлап көріп пе екем.

Қандай ауыр болсаң да Жеңіс едің,
Аялайды арманың мені сенің.
Аямайды кәмпитті, береді аға,
Бәрін билеп ап кетті тегі сенім.
Бір жыр қалсын сонау бір ауыр кезден,
Әдет өзге ол кезде, ғұрып өзге.
Баққа сендік келетін көп кешікпей,
Бәрімізге қарайтын жылы көзбен.
Шуақты күн, мөлдір көл, мөлдір дала,
Шын бақыттың келгенін сендірді аға.
Жеңіс күнін тойлады біздің ауыл,
Өз әкесін ойлады әрбір бала.
Уақыт өзі бағасын берер кейін,
Құс боп ұшуға-дағы өлең бейім.
Жеңіс күні келгенде сол Жеңіспен
Әкем бірге келердей елеңдеймін...
(Т.Молдағалиев «Жеңіс күні»)

КСРО-ның батыс өңірлерінен    көшірілген  халықпен     қоса, 1941 жылдың күзінде  Қазақстанға  Полвольжеден жүздеген  мың    немістер мен   поляктар   жер   аударылды.  1942-1944  жылдары   507 мың  балқар,  қарашай,   ингуш,  шешен    халқы,  110 мың  түрік-месхетиндер,  180 мың  қырым татарлары    күшпен   жер аударылды.   Оған қоса, күн  сайын  Қазақстанға      жаралы жауынгерлер мен офицерлер тиелген    пойыздар ағылып жатты.    Әскери госпитальдердің  көбісі Алматыда    құрылды.  

Ұлы Отан  соғысы   4   жылға  созылды.    Майдан даласында  600 мыңнан  астам қазақстандық   қаза  тапты.    Соғыста       қаза тапқандардың саны  туралы мәлімет   бүкіл  әлемді   дүр  сілкіндірді.    Жекелеген  мәліметтер  бойынша,    адамзат тарихындағы бұл ең     зұлмат  соғыс    20 миллионнан астам  кеңес  азаматтарының өмірін   қиды.    1 710 қала  және  70 мыңнан  астам   село-деревнялар,  31 850    өнеркәсіптік   кәсіпорын,  65 мың шақырым темір  жол,  4 100 теміржол  стансасы, 36 мың  пошта-телеграф   мекемесі,   телефон стансасы және басқа да байланыс    бекеттері  жермен-жексен   болған  немесе  жартылай   қираған. 40 мыңдай    аурухана  немесе басқа да емдеу мекемелері,  74 мың мектеп,   техникум,   жоғары оқу орны, ғылыми-зерттеу институттары,  42 мың кітапхана   және басқа да көптеген  нысандар жойып  жіберілген,   тоналған.   

Бүгін  Қазақстанның барлық қалалары мен ауылдарында Даңқ  монументтеріне,  Ұлы Отан  соғысында  қаза  тапқан  жауынгерлердің ескерткіштеріне  гүл шоқтарын қою рәсімдері өтуде.   Бұл     соғысты  ешкім  де  ұмытпауы, ешнәрсе  де ұмытылмауы керек.


1924 жылы Шыңғырлау ауданының Алмаз ауылдық округіне қарасты Аққұдық (Константиновка) елді мекенінде дүниеге келген ол 1942 жылғы шілде айында әскерге алынған. 1944 жылы 556-атқыштар полкінің құрамында Могилев облысы Быхов ауданы Лудчицы деревнясын азат етуде мәңгі өшпес ерлік көрсетіп, тарихта батыр болып қалды.

Бұл маусым айының 23-нен 24-не қараған түн еді.  556-шы атқыштар полкінің ротасы деревня маңында ұрыспен жаудың қорғаныс шебін бұзып өтіп, алға ұмтылған еді.  Шағын деревняны қалайда бермеуге  жанталасқан немістер шабуылды әлсін-әлсін тойтарып, заулатқан зеңбірегімен, қарша боратқан оғымен талай сарбаздың өмірін қиды. Әсіресе, Лудчицының шығыс жағындағы дөң үстінде  дзотқа орналасқан «аузы жабылмаған» жау пулеметі жауынгерлердің басын көтертпеді. Осы жау нүктесінің үні өшкенде ғана шешуші сәт өз жақтарында болатынын бәрі де түсінді. Сарбаз Сүндетқали қаруластары күтпеген шешімге келді. Жер бауырлап барып, пулеметке граната лақтырып еді, бірақ ол жарылмай қалды. Бұны көрген жауынгер ұшып тұрып, амбразураны өз кеудесімен жаба құлады. Қақалып-шашалған пулеметтің үні сонда ғана өшті. Осылайша жанқиярлық ерлігімен С.Есқалиев өз жолдастарына жол ашқан еді.  А.Матросовтың ерлігін қайталап, небәрі жиырма жасында қыршын кеткен қазақ жігітіне 1945 жылы 24 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Ауылдастарының сөзіне қарағанда, Сүндетқали жетім өскен. Оны Рахима Имашева есімді абзал ана асырап алып, ержеткізеді. Кейін 1967 жылы Р.Имашева ауыл делегациясы құрамында батыр жерленген жерге барып, тағзым етіп қайтқан. 1966 жылы ол оқыған мектепке ердің есімі беріліп, мүсіні қойылды. Сондай-ақ Минск, Быхов және Орал қалаларының бір-бір көшесі С.Есқалиевтің есімімен аталады. «Ердің атын ел сақтар» деген осы болса керек.                      

Ән: «День Победы»





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 12.02.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров199
Номер материала ДВ-446550
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх