Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Методическая разработка Халық педагогика
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Методическая разработка Халық педагогика

библиотека
материалов





hello_html_m11f3b9d7.jpg





































«Халық педагогикасы арқылы баланың адамгершілік қабілеттерін дамыту»



Әдістемелік құрал

















2013 оқу жылы

«Павлодар облысы Ақсу қаласы №2 балабақшасы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны







Құрастырушы: Жакина Жанна Қуандыққызы

Ақсу қаласы

2 балабақша тәрбиешісі

Рецензент: Нұрғалиева Сара Дүйсенбаевна

Павлодар облыстық педагог-мамандар біліктілігін

арттыру институтының әдіскері















































Халық педагогикасы арқылы баланың адамгершілік қабілеттерін дамытуға арналған әдістемелік құрал.

Әдістемелік құрал жинағы балалардың ой-өрісін және есте сақтау қабілеттерін дамытып, салт-дәстүрді сақтай білуге , ата-бабамыздың тәлім тәрбиесін есте сақтауға баулиды. Ұлағатты дәстүрді ұрпақтан -ұрпаққа жеткізуге көмектеседі.













І Кіріспе



Мақсаты: балалардың тілдік қорларының даму деңгейін, білімге деген тиімді жолдарын арттыру.

Халық педагогикасы арқылы баланың адамгершілік қабілеттерін дамытуға арналған әдістемелік құрал.

Бұл әдістемелік құрал балабақша балаларына ерекше көмекші болмақ.

Халық педагогикасы арқылы баланың адамгершілік қабілеттерін дамытуға арналған әдістемелік құрал мына бағыттармен жұмыс істейді.



  • Бесік жырлары;

  • Өтірік өлеңдер;

  • Мақал-мәтелдер жиынтығы;

  • Мазақтама жиынтығы;

  • Жұмбақтар жиынтығы;

  • Санамақтар жинағы;



















































Түсінік хат.



Әр баланы жеке тұлға ретінде, оның шығармашылығын, қабілеттілігі мен қызығушылықтарын дамыту мақсатында құрастырылған халық педагогикасы арқылы баланың адамгершілік қабілеттерін дамытуға арналған әдістемелік құрал.

Жоспар келесі міндеттерді қарастырады.

  • Балалардың бойында адамның көңіл-күйін, бет пішінін, қимыл-қозғалыстарын, дауыс ырғағына қарай тани білу қабілеттерін дамыту.



  • Балалардың бойында достық, адалдық, батылдық, жан ашырлық қасиеттерін тәрбиелеу. Әлемді тек ақылмен ғана емес, жүрекпен де тани білуге үйрету.



Әр түрлі тақырыптағы өлең жолдары балалардың қызығушылық-

тарын арттырады және олардың тілдерін дамытады.



Мектепке дейінгі балалардың қабілеттілігін,

бейімділігін және сондай-ақ тілінің дамуына өте оңтайлы кезең.

Мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекеттерін

ұйымдастыру балалар шығармашылығын және білім алудың

жаңа қабілеттері мен дағдыларын үйренуге жағдай жасаумен

қатар, балаға өмірде өзінің тиісті орнын табуға көмектеседі,

өзін - өзі көрсете білуге ықпал жасайды. Даярлық топтарындағы

балалар жаңылтпаштар, мақал-мәтелдерді

жаттай отырып сөздік қорлары, жылдам тілінің дамуы жетіледі. Бұл

құрастырылған халық педагогикасы арқылы баланың адамгершілік

қабілеттерін дамытуға арналған әдістемелік құрал.



Өткен ата-бабамыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрып өзегінде тәлім- тәрбие тұнып тұр. Сол ұлағатты дәстүр негізін жас ұрпақ санасына кішкентайынан сіңіре отырып, тілдік қорын, ұлттық рухани сана сезімін дамытып, ой өрісінің жан-жақты жетілуіне үлес қосуымыз керек.

Балаларға ұлттық тәрбие бере отырып, ертегі, әңгіме тыңдау арқылы адамгершілік қасиеттерді анықтай білуге, ересектермен және құрбыларымен ықыласты қарым-қатынаста болуға, ата салтына, үлкендерге деген сый құрметке тәрбиелеу ұлттық парыз.



















Бесік жырлары.





Бесік жырының басты қызметі — бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан жүйесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру. Бесік жыры баланың сәби кезінде, яғни 1 — 5 жас аралығында, бала жанына жағымды әуенмен айтылады, әуен-сазсыз Бесік жырының мәні де, сәні де келмейді.Сырлы сөз бен сазды әуен астасып келетін Бесік жыры халық педагогикасының бастау бұлағы ғана емес, қазақ әйелінің жан дүниесін танытатын, кезеңдік ел тұрмысынан мол мағлұмат беретін шалқары кең жанр. Оның осы мүмкіншілігін кейінгі жазба әдебиет өкілдері мен сазгерлер де кеңінен пайдаланып келеді. Әже мен ананың әлдиі сәбидің алғашқы өнер мектебі екені баршаға белгілі. Ұлы Абайдың «Туғанда дүние есігін ашады өлең» деуі тегін емес. Бесік жырында ұлттық тәрбиенің үздік үлгісі жатыр.(С.Сейфулин)





hello_html_m575bf7d2.png



















































АНАНЫҢ ӘЛДИІ

Мамық төсек салайын, 
Құшағыма алайын. 
Қозым менің ұйықтасын, 
Арқасынан қағайын.



ӘЛДИ- ӘЛДИ

Әлди-әлди бөпесі, 
Ояу жатыр көкесі. 
Үй артында апаң бар, 
Тоңсаң саған шапан бар.



ӘЛДИ.

Әл-әл бөпем,әл-әл-ай,

Жылама,бөпем,жылама,

Жілік шағып берейін.

Қойға кеткен апаңды,

Қайдан тауып берейін.

«қой» дегенде қоя ғой,

Қойдан бағлан сояйын.

Құйырығына тойғызып,

Ұйықтатып сені қояйын.



ӘЖЕ ӘЛДИІ.

Әлди, әлди, немерем,

Мен өзіңмен көгерем.

Жалықпаймын күн бойы,

Қызығыңа кенелем.

Әлди, бөпем, әлди-ай,

Тыңдай берші, ән-күйді-ай!



Келіншектің бесік жыры

Әлди-әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем!

Жылама, бөпем, жылама,

Жілік шағып берейін,

Көк ала иттің құйрығын

Жіпке тағып берейін!

Әлди-әлди, жанашым!

Алдыма алып шабайын,

Тойға кеткен әкеңді

Кайдан іздеп табайын?

Әлди-әлди, аппағым!

Жылама, менің жүрегім,

Әкең малда тұр шығар

Таяныш қып күрегін.

Әлди, менің бөбегім,

Әкең жүр ғой малменен!

Жүрген шығар алысып

Шұна қаяз қарменен.

Қартайғанда күтетін

Әкесі мен шешесін,

Кандай жігіт өскенде

Болар екен бөпешім?

Өңкей біздей зарлыға,

Кемдіктегі жарлыға,

Жаным менің ержетіп

Көсем болар ма екенсің?

Тақылдаған таңдайы,

Кере қарыс маңдайы.

Алмас тілді немесе,

Шешен болар ма екенсің?

Бұлбұлдай боп тілінен

Тәтті айтқанда бал тамған,

Ащы айтқанда қан тамған

Ақын болар ма екенсің?

Не болмаса жүректі,

Күш, қайратты, білекті,

Кемшілікке көнбейтін

Батыр болар ма екенсің?

Омырауы есіктей,

Ақ балтыры бесіктей,

Егінші боп, өзгеге

Нұсқа болар ма екенсің?

Отқа темір қайнаткан,

Бұт балғаны ойнатқан,

Нанша илейтін темірді

Ұста болар ма екенсің?

Не болмаса жұмыскер,

Не өнерлі мініскер,

Саусақтары сүйріктей

Зергер болар ма екенсің?

Не қасқа атты Қамбардай,

Аш қылмайтын аң барда,

Құралайды көзге атар

Мерген болар ма екенсің?

Жақсы болып ержетсе

Балапаны бөпесі,

Бағы ашылып, анасы

Көкке тиер төбесі.

Бақытсыз боп ержетсе,

Бар үміті - қарағы,

Михнат шеккен сорлы ана

Ашпағаны қабағын.

Әлди-әлди, балашын!

Ұйықтатайын тербетіп...

Тілегім сен, құлыным,

Үміт ақта ержетіп!..



БЕСІК ЖЫРЫ

Әй-әй бөпем, әй бөпем.

Ән айтайын,бал бөпем.

Ән тыңдағын келсе егер,

Және айтайын, жан көкем...

 

Бөпем менің ай ма екен?

Шекер ме екен, бал ма екен?

Ойнақтап бір бәйгіден

Озып келер тай ме екен?

 

Тас бұлақтар тауда екен,

Жас құрақтар сайда екен.

Көлбең-көлбең ұшатын

Көбелектр қайда екен?

 

Қара қарға қарда екен.

Жапалақтар жарда екен.

Балпаң-балпаң басатын

Балапандар қайда екен.

 

Әй бөпем-әй бөпем,

Ұыйқтадың ба, бал бөпем?..

Алдағанға көнетін

Аңқау бөпе қайда екен?

Күнім, айым,
Еркетайым,
Бөлейін енді.
Тыста дауыл,
Жатқан ауыл,
Үйкың да келді.

Жұмсак бесік,
Жылы төсек,
Жата ғой, қозым.
Әлди, бөпем,
Әлди, бөпем,
Үйықта, жұм көзің.

Құлынщактар,
Қозы, лақтар —
Бәрі де уйқыда.
Сен — жұлдызым,
Сен — көз нұрым,
Кір тәтті ұйқыға.

Сая жаным,
Балапаным,
Соқсын дауыл, жел,
Болма алаң,
Сүйген анаң
Сақтар, анық біл.

Бәу-бәу, бөпем,
Бәу-бәу, бөпем,
Әлди, әлди-ай!
Сәулем, еркем,
Кұні ертең
Толарсың сен-ай.

Пісіп алмам,
Толып бағлан,
Жүгіріп жүрерсің.
Сұлу сүйрік,
Жорға, жүйрік
Тайға мінерсің.

Қара жарғақ,
Түлкі тымақ
Шоқтап киерсің.
Қуанып, қалқам,
Ерке марқам,
Қысып сүйермін.

Мініп тұлпар,
Алып сүңқар,
Тауға кетерсің.
Сен боп сөзім,
Жасты көзім,
Сағынып күтермін.

Қызық іздеп,
Қыздар көздеп,
Елдер кезерсің.
Тарлан шүйіп,
Сүлу сүйіп,
Үйден безерсің.

Қуып бақыт,
Тілеп тақыт,
Жолдар шегерсің.
Жүрек жара,
Мен бейшара
Жастар төгермін.

Қайнап қаның,
Батыр жаның
Ерікке ұмтылар.
Сен еріме —
Жас бөріме
Қарсы кім түрар!

Алмас қылыш,
Найза құрыш
Белге буарсың.
Сен, сырттаным,
Арыстаным,
Жауды қуарсың.

Туған жерден,
Өскен елден
Ерге не қымбат!
Жас жолбарыс,
Жаумен алыс,
Шаңға, қанға бат.

Айбатыңды,
Қайратыңды
Көріп карт анаң,
Төгіп жасын,
Жайып шашын,
Тілер: «Бол аман!»

Кұтем, кұйем,
Көрсет, Ием,
Сол алтын күнін.
Үйқың тәтті,
Үйқың қатты,
Қозым, кұлыным.

Жаным да сен,
Тәнім де сен,
Қарашығым-ай!
Әлди,бөпем,
Әлди,бопем,
Әлди, әлди, әлди-ай!


ӘЛДИ

Әлди,әлди,әлди,аппағым,

Қозының жүні қалпағым.

Жұрт сүймесе сүймесін,

Өзім сүйген аппағым.


Әлди,әлди,алаңға,

Жел қонады далаға.

Сүт пісіріп берейін,

Нұрланжан деген балаға.


АҚ БЕСІК

Әшекейлі ақ бесік-

Әлдиіме баң бесік.

Шүмегінді табайын,

Түбегіңді салайын.



Сылдырмағың салайын,

Жібек көрпе жабайын.

Бауың-барқыт,пүліштен,

Балдақтарың күмістен.



Жабдығыңмен сайлысың,

Жатса бөпем,жайлысың,

Бөпем сенде өседі,

Құтты болсын төсегі.

БЕСІК ЖЫРЫ

I

 Әлди, әлди, әлпешім!

Ұйықта деймін, ұйықтайсың.

«Мә-мә» берсем қайтесің,

Ұйықта десем, ұқпайсың.

Жоқсың бүгін көз ілген,

Көп ісімнен бөгедің.

Жаудыраған көзіңнен!..

Ұйықтай қойшы, бөбегім.

Әлди,әлди, әлди-ді,

Әлди біздің қалғиды

     II

Ұйықта десем, күлесің,

Айналайын күлкіңнен!

Ер жеткен соң білесің,

«Тұр-тұрлармын» бір күн мен.

«Кешіктің, - деп, - сабақтан»,

Тыншыңды алсам «тұр-тұрлап»,

«Жоқ қой әлі таң атқан», -

Деп жүрмеші бұртындап.

Әлди, әлди, әлди-ді,

Әлди біздің қалғиды.

 

      III

Ұйықта, бөпем, ұйықтай ғой

Ұйықтайтын бұл шағыңда.

Қызық өмір - думан той

Тұр ғой күтіп алдыңда.

Ұйықтап өткен не табар

Бұл өмірге бекер кеп?

Ұйықта, бөпем, ұйықтап ал,

Ер жеткен соң бол сергек!

Әлди, бөпем, бөпемсің,

Кім боп шығар екенсің?

 

      IV

Күлімдейсің - күнімсің,

Батар дағы күн шығар.

Уілдейсің - күйімсің,

Күй де бір кез тыншығар.

Сен де тынық бір мезгіл,

Толқып кана жат, бөпем.

Аспанымда жүзе біл,

Айым менің - ақ бөпем!

Әлди, өлди, әлдиім,

Назды, нәзік ән-күйім!





Келіншектің
бесік жыры
Әлди-әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем!
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Көк ала иттің құйрығын
Жіпке тағып берейін!
Әлди-әлди, жанашым!
Алдыма алып шабайын,
Тойға кеткен әкеңді
Кайдан іздеп табайын?
Әлди-әлди, аппағым!
Жылама, менің жүрегім,
Әкең малда тұр шығар
Таяныш қып күрегін.
Әлди, менің бөбегім,
Әкең жүр ғой малменен!
Жүрген шығар алысып
Шұнақ аяз қарменен.
Қартайғанда күтетін
Әкесі мен шешесін,
Кандай жігіт өскенде
Болар екен бөпешім?
Өңкей біздей зарлыға,
Кемдіктегі жарлыға,
Жаным менің ержетіп
Көсем болар ма екенсің?
Тақылдаған таңдайы,
Кере қарыс маңдайы.
Алмас тілді немесе,
Шешен болар ма екенсің?
Бұлбұлдай боп тілінен
Тәтті айтқанда бал тамған,
Ащы айтқанда қан тамған
Ақын болар ма екенсің?
Не болмаса жүректі,
Күш, қайратты, білекті,
Кемшілікке көнбейтін
Батыр болар ма екенсің?
Омырауы есіктей,
Ақ балтыры бесіктей,
Егінші боп, өзгеге
Нұсқа болар ма екенсің?
Отқа темір қайнаткан,
Бұт балғаны ойнатқан,
Нанша илейтін темірді
Ұста болар ма екенсің?
Не болмаса жұмыскер,
Не өнерлі мініскер,
Саусақтары сүйріктей
Зергер болар ма екенсің?
Не қасқа атты Қамбардай,
Аш қылмайтын аң барда,
Құралайды көзге атар
Мерген болар ма екенсің?
Жақсы болып ержетсе
Балапаны бөпесі,
Бағы ашылып, анасы
Көкке тиер төбесі.
Бақытсыз боп ержетсе,
Бар үміті - қарағы,
Михнат шеккен сорлы ана
Ашпағаны қабағын.
Әлди-әлди, балашын!
Ұйықтатайын тербетіп...
Тілегім сен, құлыным,
Үміт ақта ержетіп!..



АНАНЫҢ ӘЛДИІ

Мамық төсек салайын, 
Құшағыма алайын. 
Қозым менің ұйықтасын, 
Арқасынан қағайын.


Бөпем менің қалғыды, 
Тербетті оны ән-жыры. 
Бота, қозы, құлыншақ -
Ұйықтап қалды барлығы.

Ай арбамен жетіпті, 
Күн ұйқыға кетіпті. 
Жұлдыз кіріп кетер деп, 
Қақпаларын бекітті.

Ормандар да қалғыды, 
Қорғандар да қалғыды. 
Сен де ұйықтап қала ғой, 
Анасының жан нұры!

Күнім ұйықтап қалыпты, 
Анасы әнге салыпты. 
Ол түсінде ғажайып 
Ертек-елге барыпты, 
Алтын алқа тағыпты.

Ақ бесікті тербетіп,

Құшайын мен иісіңді,

Ақ жүзіңнен сүйкімді.

Тыныш үйде, бесікте,

Қандырып ал ұйқыңды.

Әлди, бөпем, әлди-ай,

Тыңдай берші, ән-күйді-ай!

 

Бейбіт өмір қыраны,

Солдат ағаң қырағы,

Шекараны күзетін,

Кірпік қақпай тұр әне,

Әлди, бөпем, әлди-ай,

Тыңдай берші, ән-күйді-ай!

 

Астық жиған еңіске,

Әкең кетті егіске.

Күліп-ойнап жата ғой,

Тамағыңды сен іш те,

Әлди, бөпем, әлди-ай,

Тыңдай берші, ән-күйді-ай!

 

Шешең қазір келеді,

Аймалайды, өбеді.

Мазаламай тыныш жат,

Шаруасы көп еді.

Әлди, бөпем, әлди-ай,

Тыңдай берші, ән-күйді-ай!

 

Сүйеу болар тірегім,

Соғып тұрған жүрегім,

Арналады өзіңе,

Бар арманым, тілегім.

Әлди, бөпем, әлди-ай,

Тыңдай берші, ән-күйді-ай!

















ХАЛЫҚ БЕСІК ЖЫРЛАРЫ.

Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем!
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін.

Әлди, әлди, аппағым,
Қойдың жүні – қалпағың.
Жұртқа жаман болса да,
Өзім сүйген аппағым.

Әлди, әлди, шырағым,
Көлге біткен құрағым.
Жапанға біткен тірегім,
Жаман күнде керегім!..

Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем!
Қонақ келсе, қой, бөпем,
Қой тоқтысын сой, бөпем,
Құйрығына той, бөпем!
Айналайын күн бөпем,
Бурыл тайға мін, бөпем!
Ақ қызы бар үйінде,
Ақылбайдың үйіне
Бұрала барып түс, бөпем,
Қымызынан іш, бөпем!

* * *
Қолымыздан іс алып,
Мойынына күш алып,
Бізді бағар ма екенсің?
Құрығыңды майырып,
Түнде жылқы қайырып,
Жаудан жылқы айырып,
Жігіт болар ма екенсің?
Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің?
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Ұста болар ма екенсің?
Таңдайларың тақылдап,
Сөйлегенде сөз бермей,
Шешен болар ма екенсің?
Кең балағың түріскен,
Ұлы топта күрескен

Палуан болар ма екенсің?
Бал қайнатып, шай ішкен,
Қазы кертіп, жал жеген,
Асты болар ма екенсің?
Ұзақ жасап, көбірек,
Басты болар ма екенсің?
Қарағай найза қолға алып,
Жауға тиер ме екенсің?
Қашқан жаудың артынан,
Түре қуар ма екенсің?
Қуып ойдың жетігін,
Біліп ғылым тетігін,
Ғалым болар ма екенсің?
Еңбек етіп бар елге,
Өнеріңмен әлемге
Мәлім болар ма екенсің?
Көп қиыннан өтерсің,
Мақсатыңа жетерсің.
Ұйықтай қойшы, бөпешім!

Қаз-қаз, балам, басарсың,
Сүтке суды қосарсың.
Тал шыбықтан ат мініп,
Балдырған мылтық асарсың.
Жылама, балам, жылама,
Апаңды сен қинама!

Жұмыстарың таусылмай,
Терлеп-тепшіп жүрерсің.
Қызығымен ойынның,
Сақылдап сен де күлерсің.
Ес тоқтатып бір кезде,
Алды-артыңды білерсің,
Әлди, балам, әлди-ай,
Апаң айтқан ән-күй-ай.

Бесік жырын апаңның
Кішкенеңнен жаттай бер.
Қаз-қаз тұрып өмірге,
Басып табан аттай бер.
Өзіңе арнап, бөпешім,
Тау суындай сарқырап,
Толқып аққан жыр қалсын.

Жеңілтек болма, бөпешім,
Салмақты бол ерлердей.
Жүгіре берме далаңдап,
Құр бекерге ербеңдей.
Жылама, балам, жылама,
Атасы айтқан бұл сөзді,
Бөпешім менің ұға ма?
Әлди, балам, әлди-ай!
Жетіге қашан келесің?
Суын әкеп шешеңнің
Ержеткен соң берерсің,
Құрығын ұстап әкеңнің
Соңына сен де ерерсің.
Жылама, балам, жылама,
Апаңды сен қинама!
Әкең сенің қуансын,
Шешең сенің қуансын.
***
***
Әлди, әлди, бөбегім,
Жұбанбайтын не дедім.
Бөбегімді емізіп,
Бесігіне бөледім.
Әлди, әлди, әлди қақ,
Ержеткенде жылқы бақ.
Үлкен таудан түлкі қақ,
Тәңір берсін басыңа бақ.
Әлди, әлди, бөбегім-ау!

Әлди, әлди, тайлағым,
Өрістегі шаңдағым,
От басында ойнағым,
Су бетінде қаймағым.
Әлди, әлди, бөбегім-ау!
Әлди, әлди, оймағым,
Оймағыммен ойнадым.
Күнде әлдилеп сүйсем де,
Қызығыңа тоймадым.
Әлди, әлди, бөбегім-ау!

Бесікті аластау.
Алас, алас, баладан алас,
Иесі келді, пәлесі көш!
Алас, алас, бәледен алас,
Көзі жаманның көзінен алас!
Тілі жаманның тілінен алас!
Қырық қабырғасынан алас,
Отыз омыртқасынан алас!
Алас, алас, аласы,
Келді, міне, баласы.
Көш, көш, пәлесі,
Келді, міне, егесі.
Аталарың ақырса, одан қорықпа,
Аналарың, ағаларың шақырса,
одан қорықпа,
Ойнақтаған лақтан қорықпа,
Сылдыраған бұлақтан қорықпа.
Тулаған тайдан,
Қуалаған ботадан қорықпа!
Маң төбеттей ұйқылы бол,
Түлкінің баласындай күлкілі бол.
Алас, алас, аласы,
Келді, міне, баласы.
Ұйықтап дем алсын,
Қунап оянсын!

Бесікке бөлеу.
Мойнымдағы тұмарым,
Тарқамайтын құмарым.
Тағдыр берген алсын деп,
Ақ бесікке салсын деп.
Мойнымдағы маржаным,
Қорадағы мал-жаным.
Бесігіңе жата ғой,
Тәтті ұйқыға бата ғой.

Балам жатсын бесікке,
Пәлесі қалсын есікте.

Бесіктен шешіп аларда
Анасы шешіп алсын,
Ұйқысы бесікте қалсын.
Балам бесіктен шықсын,
Пәлесі есіктен шықсын.

ӨС-ӨС!

(балдырғанның қол-аяғын созу)

Өс-өс, балам, өсе бер,
Батыр бол – балуан білекті,
Батыл бол – таймас жүректі.
Аяғыңды созайық,
Саусағыңды жазайық.
Етті болсын балтырың,
Епті боп өс, жарқыным

Айналайын айдан,
Су алайын сайдан.
Жігіт болып, бөпешім,
Тисін елге пайдаң!
Аспандағы жұлдызым,
Маңдайдағы құндызым,
Ұйықтай қойшы тезірек,
Толықсыған қырмызым!

























































































hello_html_29479d4d.png

Өтірік өлең.



Өтірік өлең қазақ халқының тұрмыс салтына байланысты туындаған ауыз әдебиетінің көне үлгісі. Шендестіру арқылы бір заттың екінші заттан өзгешелігін, артықтығын көрсету өтірік өлең жанрының басты ерекшелігі саналады. Өтірік өлең әзіл-оспаққа құрылып, көбіне той-думанда, ойын-сауықтарда айтылған. Халық поэзиясында айрықша тапқырлық пен өмір шындығын өзгертіп, қисынсыз түрге келтіріп айтудың шеберлік белгісі ретінде бағаланған. Өтірік өлеңде суреттелетін оқиға желісі нақтылы шындықтан алынғанымен, ондағы іс-әрекет шынайы өмірге жанаспайды: “Аспанға алты жерден тіреу қойдым, Той қылып, мың масаны сонда сойдым” деген сияқты фантастикалық қиялға, күлкіге құрылады. Өтірік өлеңде әсірелеумен қатар бейнелеу, теңеу тәсілдері арқылы көркем бейнелер жасалады, қиыннан қиыстырылған тапқырлық, ойдың өткірлігі мен логик. жүйенің қисыны сарапқа түседі. Ақыл-өрісін кеңейтетін фантазиялық қиялдың шарықтауы көрініс тауып, әсіресе ғылыми-техникалық жаңалықтар шынға бергісіз ойға құрылған сан қилы өтірік өлеңдер туындатады.  Өтiрiк өлең – қазақ халық поэзиясындағы ерекше қызғылықты, балалар құмарта тыңдап, қызыға жаттап алатын фольклорлық жанр. Өтiрiк өлеңдi бүлдiршiндер ғана емес, үлкендер де сүйсiне тыңдайды, тiптi бүгiнгi айтыста да бұл жанр тiрiле, жаңа қырынан танылып жүр.Бұл өтiрiк өлеңнiң қазақ фольклорындағы көне де, дәстүрлi жанр екендiгiн көрсетедi.



hello_html_m278e5eae.png

















































ЖҰМЫСЫМДА ЖҮР ЕДІМ,

Жұмысымда жүр едім, 
Қонаққа Бақа шақырды. 
Көлге келсем су беріп, 
Аш қалдырды, қатырды!



ҚҰМЫРСҚА КӨЛГЕ ШОМЫЛЫП,

Құмырсқа көлге шомылып, 
Құмға аунады жағада. 
Жазда қарға көміліп, 
Аққала соқты далада.



ТАҢҒА ЖУЫҚ ШАМАМЕН,

Таңға жуық шамамен, 
Ерте тұрып қарап ем, 
Қара күшік жоқ еді... 
Көктен түсіп келеді.



БІР КҮНІ ІРІ АРЫСТАН,

Бір күні ірі Арыстан, 
Кешірім сұрады Балықтан. 
Балық мұны кешірмей, 
Жұлып алды қайықтан.



ШЫБЫН ТЕУІП МАСАНЫ,

Шыбын теуіп масаны, 
Қыр-сайменен қашады. 
Ұстап алып маса оны, 
Ет орнына асады.



СӘУЛЕСІНЕН КҮННІҢ,

Сәулесінен күннің, 
Арқан естім бір күн. 
Жүнін қырқып шілдің, 
Жейде тоқып кидім.



ТЫШҚАН МЫҚТЫ ІННЕН ШЫҚТЫ,

Тышқан мықты іннен шықты, 
Белдесті де пілді жықты.



ҰСТАП АЛЫП ҚОҢЫЗДЫ,

Ұстап алып қоңызды, 
Баққыздым көп доңызды.

ШҰНАҢДАҒАН ШҰНАҒЫМ,

Шұнаңдаған шұнағым, 
Неткен батырлағым! 
Алып ұрып қасқырды, 
Жеді жұлып құлағын.



АРҚАН ЕСТІМ ЕМЕННЕН,

Арқан естім еменнен, 
Қайық ойдым тебеннен. 
Шегірткенің сирағын 
Ескек етіп келем мен.





АЮ ТҰРДЫ АҚЫРЫП,

Аю тұрды ақырып, 
Тышқанға тым жігерлі. 
Тышқан оны қатырып, 
Лақтырып кеп жіберді.



ҚҰСТАЙ ҰШЫП ТҮРЛІ ЕЛДІҢ

Құстай ұшып түрлі елдің 
Құстарымен таныстым. 
Суын ішіп бір көлдің, 
Барыспенен жарыстым.



БАСҚА ӨТІРІК БОЛСА ДА,

Басқа өтірік болса да, 
Осым рас, ағалар. 
Жылдар өтті қаншама, 
Әлі орнында тұр олар.

Көк жүзіне түнерген, 
(Келгенде бір ашуым). 
Менің шашып жіберген 
Үркер - жеті асығым.



«МЕН АУЫРМЫН» ДЕП

«Мен ауырмын» деп
Бүрге, «Ауырмын» деп Маса да, 
Дау созылып көп күнге, 
Болды үлкен мәселе.

Таластан соң екеуі 
Таразыға тартылды. 
Масадан сонда Бүргенің 
Мың келісі артылды.



МЫҢ ЖЫЛ ЖАСАП БАЙҚАҒАМ,

Мың жыл жасап байқағам, 
(Бұл ғажапты білдің бе). 
Төрт жасқа кеп қайтадан, 
Бала болдым бір күнде.



ҚОС ҚОЛЫММЕН ҚАС-ҚАҒЫМ,

Қос қолыммен қас-қағым, 
Тауды құм ғып тастадым. 
Ұйықтайын деп азырақ, 
Басыма Пілді жастадым.





МАСАҒА МІНІП СИРАҚТЫ,

Масаға мініп сирақты, 
Моторын «гүр» еткіздім. 
Адасып жүрген жирафты, 
Орманға лезде жеткіздім.



КӘДІМГІ КІРПІ ЖЕР ҮШІН

Кәдімгі Кірпі жер үшін 
Талайларды састырған. 
Қуып жетіп терісін 
Сыпырып алды қасқырдан.



ҮЙРЕК ЖЕГІП АРБАМДЫ КӨЛГЕ АЙДАДЫМ,

Үйрек жегіп арбамды көлге айдадым, 
Қасқыр алып, көңілді торғайларым. 
Шапаным мен Тымағым жанжалда сып, 
Тіл алғыза алмадым, ойбайладым.





























































































hello_html_7b35cabf.png





Қазақ мақал-мәтелдері.

Қазақ халқы рухани дүниеге, қазынаға бай халық. Оның қай түрін алсақ та, тәлім-тәрбиесі мол, ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған өcиеті ерекше. Сонау ықылым заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, екшеленіп, ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі – қазақтың мақал-мәтелдері.

Қай мақалды алсақ та ол ер не әйел адамның жас ерекшеліктеріне, мінез-құлқына және іс-әрекеттеріне байланысты келеді. Мақал  нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді.



Мақал- мәтелдерде халықтың ой-санасы, ақыл өнегесі көрініс тапқан ойдың дәлдігімен, тереңдігімен сипатталуы мақалдарда тиянақты, тұжырымды ой айтылады.Құрылысы жағынан бір немесе бірнеше сөйлемнен құралып келе береді.Тақырыптары да әр алуан.Отан,ерлік,өнер-білім,ер-жер т.б. Балаларға мақалдарды үйрете отырып, мағыналарын ашқызу, түсіндіру талап етіледі.Мұнда балаға беретін тәрбие тілін дамытатын нәрсе терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып, мағынасын ашады.Тоғыз ауыз сөздін тобықтай түйінін жинақтап,қорытып береді.



hello_html_m7be56d41.png



Жан-жануар, табиғат құбылыстарына байланысты мақал-мәтелдер



Көшерiмдi жел бiлсiн,

Қонарымды сай бiлсiн.



Шөлдегi шұқанақ

Суға тоймас.



Қалған көлге бақа айғыр.

Сасқан үйрек артымен сүңгiр.



Шабан үйрек бұрын ұшар.



Құт, құтты болып келсе құт,

Құтсыз болып келсе – жұт.



Сүмбiле туса су суыр.



Үркерлi айдың бәрi қыс.



Жаздың бiр күнi –

Қыстың мың күнiне татыр.



Нөсер алдында нажағай

ойнайды.



Тау мен тасты су бұзар,

Адам затты сөз бұзар.



Туған ай тураған етпен тең.



Қарға қарғаның көзiн

шоқымас.



Тау текенiң  тауға шықпаса,

Тұяғы қышиды.



Жаман мерген теке атқан,

Жерiне үш барады.



Жаңбыр бiр жауса,

Терек екi жауады.















Қылышын сүйретiп қыс келер.



Шағала келмей – жаз болмас,

Шаңқан болмай – боз болмас.



Сәуiрдегi жауын –

Сауып тұрған сауын.



Қаз келсе, жаз келер,

Қарға келсе, қатқақ болар.



Сәуiр болмай, тәуiр болмас.



Қараша – қауыс,

Кәрi-құртанды тауыс.



Су аққан жерiнен бiр ағар.



Сәуiр болса, күн күркiрер,

Күн күркiресе, көк дүркiрер.



Тау кезеңсiз болмас,

өлке өзенсiз болмас.



Қыстың қамын жаз ойла.



Бөдененiң үйi жоқ,

Қайда барса бытпылдық.



Жаз сайға қонба,

Қыс қырға қонба.



Тоқты тоймас,

Шөмiш кеппес.



Алпыс күн тасыған су,

Алты күнде қайтар.



Жыланды өлтiргеннiң

сауабы бар.







Ақ сұңқардың баласы,

Алдына қоймай ас жемес.



Мезгiлсiз шаңырған

Қораздың басын жұлмақ керек.



Қасқыр жүйрiк – жылыс жоқ,

Түлкi жүйрiк – дыбыс жоқ,

Қоян жүйрiк – тыныс жоқ.



Тар сонардан, кең шиыр.



Бұтаға паналаған торғай

да аман қалады.



Сауысқан тоты боламын деп

Жүрiсiнен жаңылыпты.



Сақ қарға сағағынан iлiнер.



Қыс қыстығын қылмаса,

Жаз жаздығын қылмайды.



Сақырлаған аязда,

Сары қамысты панала.



Баба бүркiт барлап ұшады,

Бала бүркiт парлап ұшады.



Таспен жапалақты ұрсаң да,

Жапалақ өледi.



Жайық басынан жел тұрса,

Жаз да болса қыс болар.



Батар күннiң атар таңы бар.



Түлкi жатарында

Жер таңдамайды...



Тышқан iнiне кiре алмаса,

Құйрығына қалджуыр байлар.



Өлi арыстаннан

Тiрi тышқан артық.





Жер ырыстың кiндiгi,

Бiлiм ырыстың тiзгiнi.



Құлан қайда семiрсе,

Сол жерге түгiн төгедi.

*Бұлт қайда орнаса,

Береке сонда шөгедi.

Ел қайда қыстаса.

Күлiн сонда төгедi.



*Тамшыдан тама берсе,

Дария болар.



*Кiмнiң тарысы пiссе

Соның тауығы.



*Тауықты тойындыра

алмайсың,

Қызды киiндiре алмайсын.



*Мысыққа ойын керек,

Тышқанға өлiм керек.



*Мысық жоқта тышқан

Төбеге шығады.



*Сұмырай келсе су құрыр.



*Жайды айтса,

Жайықтың суы ауыспас.



*Көкек өз атын өзi шақырады.



*Мезгiл жетсе, мұз да ерiр.



*Қыстың алғанынан,

Салғаны қызық.



*Бұлт ала, жер шола.

Тауықтың түсiне тары кiредi.













Ас-тамақ, тазалық-денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдер



Ас адамның арқауы.

Сiңбес астың бөгеуi көп.



Быламық бетiнен суыйды,

Көже түбiнен суыйды.



Қайғысыз қара суға семiредi.



Аз асқа жасауыл болма,

Көп асқа бөгеуiл болма.



Қазыға тойсаң,

Қарта әлем сасыйды.



Ас иесiмен тәттi,

Табағымен жақсы.



Қайғың қара көже болсын.



Аш тамағым,

Тиыш құлағым.



Ет дегенде – бет бар ма.



Ет етке, сорпа бетке.



Асқа талау түссе

Иттiң мұрадын бередi.



Екi бас, екi басқа



Қазаныңа не сал саң,

Шөмiшiңе сол iлiнер.



Тас қадақ болғанмен

Тамақ болмайды.



Байғұстың асын

Пiсмiлда таусар.



Сұрап бергенше,

Ұрып бер.





Алты күн аш болсаң да,

Атаңның әдетiн қойма.



Жетерiн бiлсең, жей тұр.



Ет жемей жатып тұздық,

Асатпай жатып құлдық.



Есебiн тапқан екi асар.



Жеген ауыз жесiн.





Қасық тары ботқа болмас,

Ботқа болса да жұртқа болмас.



Ас iшсең атауындай iш,

Ауырсаң мұрттай ұш.



Жазғы етте жасық жоқ,

Қымыз аста қасық жоқ.



Бауыр шiрiн, бас тәттi,

Ағайынмен iшкен ас тәттi.



Ертеңгi асты тастама,

Кешкi асқа қарама!



Берген перне бұзар.



Сүт сұрай келiп,

Ыдысынды жасырма.



Бақыр қазан қайнаса,

Бәрiмiздiң бағымыз.



Мың "сiз", "бiз" ден,

Бiр шыж-мыж артық.



Берген перне бұзар.



Алаған қолым, береген.



Ұшқан құс, жүгiрген аң,

Бәрi – тамақ.





Қамысты жаққанменен

Шоғы болмас,

Көк суды iшкенменен

Тоғы болмас.



Күн жазға айналды,

Ет азға айналды.



Пышағы бар сүйгенiн жер,

Пышағы жоқ тигенiн жер.





Балық жеген бағысбас,

Жан-жағына қағыспас.



Қомағайдың сазасы –

Бiр шөкiм ет.



Балықтың батасы жоқ.



Өзiнде асың болса,

Бiреуде қасың бар ма.



Ас тұрған жерде

Ауру тұрмайды.



Ас үстiнен аттама,

Астан үлкен емессiң.



Бiр аяқ қымыздың,

Екi аяқ желiгi бар.



Жиен ел болмас

Желке ас болмас.



Жиен ел болар,

Жайы болса.



Желке ас болар,

Майы болса.



Өзiне қарай қосағы,

Қазанына қарай ошағы.

Ашта жеген құйқаны,

Тоқта ұмытпа.





Жақсы ас қалғанша,

Жаман қарын жарылсын.



Жер асыңнан, жемес асың

Көп болсын.



Көмбенiң иесi екеу:

Бiреуi көмген,

Бiреуi көрген.



Қарны ашқан, қараша

Үйге шабады.



Жазға жуынды,

Қысқа қатық.



Түскi асқа

Түстiк жердегi келедi,

Кешкi асқа

Күндiк жердегi келедi.



Аштың ақылы тамағында,

Жаяудың ақылы табанында.



Бiр ауылда бiр үй аш болса,

Бар үй аш болады.



Тойған жерге тоғыз кел.



Аты бардың тынысы бар,

Асы бардың ырысы бар.



Беретiн кiсi келгенде,

Бес қайнайды қазаным.



Аспаздың қарны

Асқанына тояды.



Тоқшылықта жеген

тоқпан жiлiк,

Ашаршылықта көзiңнен

бiр-бiр ұшар.



Асы жоқ алтын аяқтың,



Алтынын ал да отқа жақ.



Омыртқаны ұстап отырғанша,

Қабыртқаны алып

қағып тастай бер.





Жаяудың сыбағасын

Атты жемес.



Барында батып iш,

Жоғында сатып iш.



Аз ас, көп ниет.



Көже-көже, көзiңе айтайын,

Сорпамнан садаға кет.



Өзi тоймастың

Көзi тоймас.



Бал ұстаған бармағын жалайды.



Отын олжа,

Су қорлық.



Өзi тоймағанның

Сарқытын iшпе.

Досыңның асын

Қасындай iш.



Өзiң жатық болсаң,

Iшкенiң қатық болар.

Өзiң қиық болсаң,

Iшкенiң сұйық болар.



Етке тойсам,

Сорпаға иттiгiм жоқ.



Жұтқан жұтамас.



Тойсаң тоба қыл.



Тарта жесең тай қалар,

Қоя жесең қой қалар,

Қоймай жесең не қалар.

Тамақтан өткеннiң –

Бәрi тамақ.



Пiскен асқа тiк қасық.



Бiр аштың бiр тоқтығы бар.



Жазым болса быламыққа

тiс сынар.



Жейтiн ауызды,

Жемес ауыз байлайды.



Ашқа қазан астырма,

Тонғанға отын жақтырма.

Қыдырып iшкен көженiң

Кенеуi жоқ.

Қыдырып айтқан билiктiң

Керегi жоқ.



Есек мiнген ат сұрамайды.

Балық жеген ет сұрамайды.



Тар қазан тасқалақ.

Мешкей адам ашқарақ.



Тоймай iшкен асың құрсын,

Қорлықпен жасаған жасың

құрсын.



Жұтаған шүкiрге тоймайды.



Айға жетпес асыңды,

Ауылдастан аяма.



Аштық ас талғатпайды,

Ашықтық жас талғайтпайды.



Тас – тасты жiбiтетiн ас.



Аш ауыл айранды бұрын iшедi.



Қазаны басқаның, қайғысы басқа.



Сауып iшсең мың күндiк,

Сойып жесең бiр күндiк.











Аз қайғыны ас басады,

Көп қайғыны дос басады.



Жылқының етiн жесең

Тiсiңе кiредi,

Жемесең түсiңе кiредi.

Ескерген, ескi асынан сақтар.



Үркер туса сорпа да – ас.



Салулы ауыз сақтағаныңды

жейдi.



Қарның ашса, қазан ас.



Ет болмаса, сазан ас,

Сазан тамақ емес пе,

Сазанды жұрт жемес пе.



Асы бар аяқтан аттама.

Жайын құйрығын жеген

жатпас.



Бал татыған балық

Сорпасын iшпеген басым,

Қоңырсыған қой

Сорпасын iштiм-ау.



Тәнi саудың жаны сау.

Ауру астан,

Дау қарындастан.



Ауру кiсi кiлкi сүймес,

Ауыр жүктi жылқы сүймес.



Қотыр қолдан жұғады,

Таз тақыядан жұғады.





Ақша қарда көп жүрсең,

Көзiң бiр күн қарығар,

Алыс жерде көп жүрсең,

Көңлiң бiр күн тарығар.









Аурып тұрдың –

Аунап тұрдың.



Аурып жазылған жан олжа,

Жоғалып табылған мал олжа.



Көзiң ауырса, қолыңды тый.

Iшiң ауырса, аузыңды тый.



Таз таранғанша той тарқар.



Соқыр көргенiнен жазбас.



Шыныменен жыласа,

Соқыр көзден жас шығар.



Аурудың алдын ал.



Ауруын жасырған өледi.



Керең, адамның аузына қарар,

Соқыр, кiсiнiң даусына қарар.



Тыймаған ауызда пәле бар.



Туа мүкiс жазылмас.

Ауру азығымен.



Әуелгi байлық – денсаулық,

Екiншi байлық – он саулық,

Үшiншi байлық – ақ жаулық.



Ауруды елемеген өледi,

Дауды елемеген төлейдi.



Елемеген ауру жаман,

Ескермеген дау жаман.



Тұмау – аяғы құрт,

Тұман – аяғы жұт.



Сәтiн салған ауруға,

Не болса, сол ем болады.







Ауру шықпаған

жаннан дәмелi,





Жалқау бiтпеген

малдан дәмелi.



Айналдырған ауру –

алмай қоймас.



Ауру кiрдi – әлек кiрдi.



Аш кiсi ұрысқақ,

Арық қой тырысқақ.



Ұйқы орын талғамайды.



Көкiрек ауру күле өлер.



Аман болса бұл басым,

Тағы шығар бұл шашым.



Саңырауға сәлем берсең,

"Атаңның басы" дер.



Ақсақтың ақырына бақ.



Басы ауырып, балтыры

сыздамағанның.



Тәңiрiмен iсi жоқ.



Тұр-тұрдан хабар келсе,

Ұйқыдан маза кетедi.



Тазалық – саулық негiзi,

Саулық – байлық негiзi.



Басы аманның малы түгел.



Демi бардың – емi бар.



Екi ауру бiр келсе,

Ажалыңның жеткенi.



Жалқаулық – жаман ауру.



Жұғын бар жерде –

шыбын бар,

Шыбын бар жерде –

шығын бар.



Жан ауырса – тән азады,

Қайғы басса – жан азады.



Айдалаға атқан оқ,

Ажалжыға тиедi.



Өлiм бар жерде – қаза бар.

Арық семiредi,

Ауру жазылады.



Жасылық, жамандық, достық, қастық, сақтыққа байланысты мақал-мәтелдер



Жақсының жаттығы жоқ.



Жақсының өзi өлгенмен,

Сөзi өлмейдi.



Өзi жақсы кiсiге,

Бiр кiсiлiк орын бар.



Жақсының үйi мен түзi бiрдей.



Жақсы ат аяғынан қалады,

Жақсы адам тамағынан қалады.



Таудың басын көр де,

Түбiне барма,

Жақсының өзiн көр де,

Үйiне барма.



Жақсы жылынсаң кешер,

Асыл жанысаң өтер.





Ақ сауыттың жағасы бар,

жеңi жоқ,

Шын жақсыңың ашуы бар,

кегi жоқ.





Жақсыда кек жоқ,

Кектiде тек жоқ.



Жақсы әйел теңi жоқ жолдас,

Түбi жоқ сырлас.



Жақсының жаны жаннет.

Жақсы адам жолдасынан белгiлi.



Жақсы ат жанға серiк,

Жақсы ит малға серiк.



Жақсымын деп мақтанба,

халық айтпай.

Батырмын деп баптанба,

барып қайтпай.



Жақсы – ай мен күндей,

Әлiмге бiрдей.



Күн ортақ, ай ортақ,

жақсы ортақ.



Жақсы кiсi картайса да,

Ақылынан танбас.

Жақсы ат қартайса да,

Жүрiсiнен танбас.



Ай жарығы әлемге,

Шам жарығы түбiне.



Сыпайы тоңбас, қалтырар.



Жақсыны көрмек үшiн.



Сыпайыны үйде көрме,

Түзде көр.



Сыпайы сырын жасырмас,

Пұшық мұрнын жасырмас.





Бетiне келер ұятын,

Өзi бiлiп жуса игi.


Жақсы лепес – жарым ырыс.



Үлкен үйдегi күлсе,

Кiшi үйдегi езу тартады.



Жақсының аты өлмейдi,

Жазушының хаты өлмейдi.



Аласаны атқа санама,

Жақсыны жатқа санама.



Жақсы адамда жаттық жоқ.

Тәуекелдiң көңлi тоқ.



Аққу құстың төресi,

Жалғыз жатып оттамас,

Қас жақсының белгiсi,

Қара сөздi жақтамас.



Жақсы қыз – жағадағы құндыз,

Жақсы жiгiт – көктегi жұлдыз.



Жаңа айдан жақсылық.



Бiр күн тұзын татқанға,

Қырық күн сәлем бер.



Жақсы туса ел ырысы,

Жаңбыр жауса жер ырысы.



Жақсы жатырқамайды,

Аңқау аңдамайды,

Әңгiгүдiк тыңдамайды.



Биiк төбеге шықсаң,

Көзiң ашылады,

Жақсымен сөйлессең,

Көңiлiң ашылады.



Игiлiктiң ерте-кешi жоқ.





Қас бекзаттың белгiсi,

Қайғысын жұртқа бiлгiзбес.



Жақсы таз басын жасырмайды,

Жақсы әйел асын жасырмайды.





Ат жақсысы керуеннен,

Зат жақсысы шеберден.



Ақ сұңқар, ұшқырмын

деп мақтанба,

Алдында құрулы торлар бар.

Арғымақ, жүйрiкпiн деп

мақтанба,

Алдыңда талай өрлер бар.



Жақсының үйi түссе

Күйi түседi,

Жаманның үйi түссе,

Мыйы түседi.



Жақсы жұмыс –

жанға тыныш.



Жақсы келдi дегенше,

Жарық келдi десейшi,

Жақсылықтың уытын,

Алып келдi десейшi.



Тоңған тонын мақтайды

Адасқан жолын мақтайды.

Шындық сегiз

Бақыт егiз.



Игiлiкке – сүйгiлiк.



Жақсы болсаң жақын көп.



Жақсылардың үлгiсi,

Жанып тұрған шамдай.

Шешендердiң сөздерi,

Ағып тұрған балдай.



Көргендi кiсi көргенiн айтар,

Көргенсiз кiсi бергенiн айтар.





Етiгi жаман төрге шыға алмас,

Жеңi жаман ас iше алмас.









Екi жаман ауыл болмас,

Ауыл болса да қауым болмас.



Жаманға олжа туссе,

Бөлiсе алмай көпке түседi.



Жалқауға дәулет үшiн

Ұйқы берер,

жаманға ақыл үшiн

Күлкi берер.

Бiр жаман мың қолды iрiтер,

Бiр құмалақ бiр қарын

майды шiрiтер.



Пейлi жаман пәлеге жолығады,

Бiтпейтұғын жалаға жолығады.



Ақмақ бұзуға бар, түзеуге жоқ.



Жаман адамға мал бiтсе,

Жақынын танымас.



Жаман туған,

нағашысынан көредi,

Сөзiн сөйлей бiлмеген,

атасынан көредi.



Жаманға сырынды айтсаң

Жарға жығады.



Жаман ерден жайдағым жақсы,

Жаман қатыннан бойдағым

жақсы.



Жаманның ақылы,

Түстен кейiн кiредi.



Жаман жiгiт жасында шал.



Жаман ашса көрмес,

Айтса болмас.



Халқын алдаған би оңбас,

Қатыны салақ үй оңбас.









Жаман жiгiт той бұзады,

Жаман әйел үй бұзады.



Жаманнан жарты қасық

ас қалар.



Қарғаның жүзiне бiр кесек,

Жаманның жүзi бiрге есеп.



Тегi жаман тойда тонымды

бер дер.

Бiреуге қылған жамандығың

алдыңа келер.



Жаманға сырынды айтпа,

Сырынды айтсаң да,

шынынды айтпа.



Шығысы жаман қамысты,

Су iшiнен өрт шалар;

Пейлi жаман адамды.

Түйе үстiнен ит қабар.



Тынымсызды жiберсең

Бүлдiрiп келер.

Тынымдыны жiберсең

Тындырып келер.



Жанбаса отын жаман,

Жаға алмаса қатын жаман.

Өкпеден соққан жел жаман,

Елiнен безген ер жаман.



Алаңғасарды әрi құла десең,

Берi құлайды.



Жаман өз үйiне өзi қонақ.



Жаман қатын байына,

Жалғыз атын сойғызар.

Жақсы қатын жолдасына,

Жоқтан құрап тойғызар.





Жаман болса туысың





Туыспай-ақ құрысын.

Тентек шоқпар жыяр.





Аузы жаман елдi былғар,

Аяғы жаман төрдi былғар.



Ақмақтың айтқаны келмейдi,

Сандырақтағаны келедi.



Жаманға ақыл айтсаң,

алдайды дер,



Жаман атпен су кешсең,

жалдайды дер.

Жаман түйенiң үстiнде

келе жатып,

Жаяуға бұқ дейдi.



Балық басынан сасыйды.

Жаман аяғынан сасыйды.



Адам туа жаман емес,

Жүре жаман.



Жаманның әлi жапалаққа жетедi.



Жапалақ көрсең атып ал,

Жаманнан басыңды сатып ал.



Қас жаман күн жаумай

су болар.



Жаман сайға су түссе,

Өткел бермес кешуге;

Жаман адамға iс түссе,

Жаныңды сұрар шешуге.



Жаманның үстi су болса,

Кеппестей көрер,

Жаман адамға мал бiтсе,

Кетпестей көрер.



Бетiң қыйсық болса,

Айнаға өкпелеме.



Бұлттан шыққан күн ащы,

Жаман кiсiнiң тiлi ащы.







Жаман өкпелеймiн деп

Сыбағасынан құр қалады.



Жаман жақынын сыйламас.





Арыстан асқынса айға шабар.

Ақмақ асқынса анасын сабар.



Жаманды iске шақырма,

Асқа шақыр.



Жаман адам өзi бола алмайды,

Болғанды көре алмайды.



Жаманның аттан құлағаны

да жаман.



Алғаның жаман болса,

Көңлiң жарым.

Атың жаман болса,

талар қарың.



Жаман ешнәрсе бiле алмайды,

Жұмсасаң тiл алмайды,

Өзi бiлiп пайдасын

қыла алмайды.



Жаман күндi жатып тыңда.

Сорлыға сойылдың

жуан басы тиер.



Сұмырай келсе су құрыр.



Жаманға жалынғанша,

Жат та жаныңды қарман.



Жаман өз сыбағасына

құлдық етедi.



Адасқанның алды жөн,



Қайта жауған қар жаман,

Қайта шапқан жау жаман.





Тартып үзген шабанның iсi,

Өткiзiп қуған жаманның iсi.



Жаманның ойны жаман,

Бұқаның мойны жаман.





Атың жаман болса,

Арманың кетедi,

Алғаның жаман болса,

Мейманың кетедi.



Айыбы бар адам,

Кеңестен қалмайды.



Ымыраны бұзбақ

жаманның iсi,

Қатарды бұзбақ

шабанның iсi.



Жаманды жақынға санама,

Жаман жолды жақынға санама.



Жолдасың жаман болса,

Алыс жүрiп түн қатпа,

Қатының жаман болса,

Кiсi алдында тiл қатпа.



Атың жаман болса қарың кетер

Балаң жаман болса арың кетер.



Жарым жiгiт жаяу жүрiп,

Тың киiктi қуады.



Тақыр жерге су төксең,

Жүруге тайғақ болар,

Жаманға сырыңды айтсаң,



Үндеместе пәле бар.











Екi ұртында шала бар.



Қас жаман қасындағысын

қарақтайды.







Жақсыдан жаман туады,

Бiр аяқ асқа алғысыз.



Жаманнан жақсы туады,

Адам айтса нанғысыз.

Жақсы мақтанса есебiн табар,

Жаман мақтанса қатынын сабар.



Жақсыға жанас,

Жаманнан адас.



Жаманмен жолдас болсаң,

Кесiрi жұғар,

Жақсымен жолдас болсаң,

Несiбi жұғар.



Жақсының басына iс түссе

Ашынар да, ашылар,

Жаманның басына iс түссе,

Бiр тулар да басылар.



Жақсылыққа жақсылық

Әр кiсiнiң iсi дүр.

Жамандыққа жақсылық

Ер кiсiнiң iсi дүр.



Жақсы алдында жазыларсың

Жаман алдында тарыларсың.



Жақсы әке жаман балаға

Қырық жылдық ризық.



Қорыққан мен қуанған бiрдей.



Арғымақты жамандап

Кәне тұлпар тапқаның?



Жаманның берген асынан,





Жақсыдан қашпа,

Жаманға баспа. 



Ескiге жаңа өлшеуiш,

Жаманға жақсы өлшеуiш.





Жаманның қолына бергенше,

Жақсының жолына бер.



Жақсыға айтсаң бiлер,

Жаманға айтсаң күлер.



Қатының жақсы болса

Ұжмақ үйiнде,

Қатының жаман болса

Тозақ үйiнде.



Жақсыдан шарапат,

Жаманнан кесепат.



Жақсыға шаң жуымас.

Жаманға жан жуымас.



Басына iс түссе,

Жақсы көмек етедi,

Жаман күлiп өтедi.



Жаманнан қарыз алсаң,

Тар жерде жаныңды қинар.



Жақсы байқап сөйлер,

Жаман шайқап сөйлер.



Жақсыдан әкiм қойсаң,

Елдi түзетер.



Жаманнан әкiм қойсаң,

Елдi жүдетер.



Жаман басшыдан

Жақсының сiлтеуi артық.









Түйеден түскендей.

Жақсының сөзi

Диiрменнен шыққандай.



Үйдiң жылы, суығын

Қыс түскенде бiлерсiң.







Кiмнiң алыс-жақынын

Iс түскенде бiлерсiң.



Жаманға шөп батады,

Жақсыға сөз батады.



Жақсы атқа бiр қамшы.

Жаман атқа мың қамшы.



Жақсының шарапаты тиер

тар жерде.

Жаманның кесапаты тиер

әр жерде.



Жақсылық ағаш басында,

Жамандық аяқ астында.



Жақсымен жүрсең,

Жақсымен жақсы боларсың.



Жеңiм жаман болса да

жағам жақсы.

Өзiм жаман болсам да

ағам жақсы.



Бес саусақ бiрдей емес.



Жаман айтпай жақсы жоқ.



Жақсыға берсең асыңды,

Жақсы сыйлар басыңды,

Жаманға берсең асыңды,

Итке тастар басынды.



Жақсы жерге жатсаң,

Жақсы-жақсы түс көрерсiң

Жаман жерге жатсаң,



Жаманмен жүрсең,

Жын ұрып, бақсы боларсың.



Жақсының алдында iзет,

Жаманның алдында күзет.





Темiрдiң бiр басы ыстық

Бiр басы суық.



Сыйласу екi кiсiге бiрдей.



Екi тентек қосылса,

Саудай болар,

Екi ақылды қосылса,

Таудай болар.





Жақсының жүрген жерi базар,

Жаманның жүргенi жерi азар.



Жаманшылық көрген жерiңнен,

Еңбекте де қаш,

Жақсылық көрген жерiңе

Еңбекте де жет.



Жақсының жүргенi жерi базар,

Жаманның жүргенi жерi азар.



Татуға тiл,

Сұлуға сұқ.



Кетпеннiң басын бассаң

Сабы маңдайыңа тиер.



Жақсы жiгiт ақылына жеңдiрiп

Iс қылар,

Жаман жiгiт оңай iстi

Күш қылар.



Жасық пышақ өтпейдi,

жаныса да,

Жаман арма демейдi

таныса да.







Жақсы сөз – сүйiндiредi.

Жаман сөз – күйiндiредi.



Күле кiрiп, күңрене

шыққаннан сақтан,

Күнi шығып тұрып,

жауғаннан сақтан.





Жақсы болса алғаның,

Үйiңнен кiсi кетпейдi.

Жаман болса алғаның,

Шын досың да шеттейдi.



Алтынды ерiте бiлмеген,

күл етедi,

Жiбектi түте бiлмеген,

жүн етедi.







Жақсыны жамандаса

аруағы тасады,

Жаманды жамандаса

құты қашады.



Жаман ағайын бар болсаң,

Көре алмайды,

Жоқ болсаң, бере алмайды.

Өз бетiн аямаған





Қараңғыдан қалтырағанша,

Жарықта жалтыра.



Жақсымен жолдас болсаң,

Жетерсiң мұратқа.

Жаманмен жолдас болсаң,

Қаларсың ұятқа.



Жапалақ мақтанса

Жардан қоян алдым дер,

Жаман мақтанса,

Жақсының жағасынан

алдым дер.





Жақсы жүрген жерiне

кент салады.

Жаман жүрген жерiне

өрт салады.



Бетiм жаман болса да,

Ниетiм жақсы.







Пайдасы мол жiгiттер –

Дария шалқар көлмен тең.

Пайдасы жоқ жiгiттер –

Ел қонбаған шөлмен тең.



Жақсы жүрген жерiн

мақтап жүредi,

Жаман жүрген жерiн

даттап жүредi.



Жақсы қатын алғанның,

Тойы өзiнiң үйiнде.



Жамандықты көп қуған,

Құтылмас пәлеге жолығар,

Жақсылықты көп қуған,

Бақ-дәулетке молығар.



Басы қараның бары игi,

Барып келсе тағы игi.



Отырам деп ерiншек өлер,

Жаманға жақсылық қылам деп,

Көңiлшек өлер.



Жетең жаман болмаса,

Жете жарлы болмассың.



Қатты қаңтар болмай,

Су – теңiз тоңбайды.

Қатын шайпау болмай,

Ер жалғыз үй қонбайды.















Қара жерге қар жауар,

Қарды көрген бiр мұрат.



Қара жерден қар кетсе,

Жердi көрген бiр мұрат.



Екi жақсы қосылса,

Өмiрiнде тозбайды.



Жаманға қылған жақсылық

Бiр күнгiдей болмайды.







Жақсы сөйлесе,

Аузынан гүл төгiледi;

Жаман сөйлесе,

Аузынан жын төгiледi.



Жақсы жаныңа жолдас,

Жаман малыңа жолдас.



Айыратын жаман бар,

Қосатын жаран бар.



Жақсының сөзi ақыл шақырады.

Жаманның сөзi ашу шақырады.



Сабырлының бағына

алма бiтер,

Сабырсыздың басына

қауға бiтер.



Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен.



Жақсы қатын жүн қарыз алады,

Жаман қатын су қарыз алады.



Жамандық пайда етпейдi,

Жақсылық зая кетпейдi.



Жақсының сөзi кепiл,

Жаманның өзi кепiл.







Андысқан ауыл болмас.

Дос бергеннiң түсiне қарама.



Дос басыңа қарайды,

Дұшпан аяғыңа қарайды.



Дұшпан құлдiрiп айтады,

Дос жылатып айтады.



Ас барында дос жоқ.

Ат барында той жоқ.



Асың болса, досың көп.





Жүз сом ақшан болғанша,

Жүз жолдасың болсын.





Досыңа ат берме,

Ат берсең ақырын жүр деме.



Күлме досыңа,

Келер басыңа.



Айрылар дос,

аяулыңды сұрайды.



Жаңа дос келгенде,

Ескi достың көзiнен

жас шығады.



Мал көтерер өлiмдi

Дос көтерер көңiлдi.



Ат барда, есекке

жол болсын,

Дос барда есепке

жол болсын.



Досың дос  болғанға шаттан,

Дұшпанмен дос болудан сақтан.









Дос сыртыңнан мақтар,

Дұшпан көзiңе мақтар.



Досы көптi жау алмайды,

Ақылы көптi дау алмайды.



Қалған көңiл – шыққан жан.

Дұшпаныңнан бiр сақтан.



Жаман достан мың сақтан.



Достың көңлi бiр атым,

Насыбайдан қалады.



Жақсы дос падасын

тигiзбесе де,

Зыянын тигiзбейдi.





Жаман дос алдыңды орап,

Жүргiзбейдi.



Қайғың болса досыңа бар,

Қарның ашса қосыңа бар.

Есептескен дос болмас.



Бiреуге ор қазсаң кең қаз,

Өзiң түсерiңе жақсы.



Аңқау астына қарайды,

Арамза үстiңе қарайды.



Дұшпан не демейдi,

Түске не кiрмейдi.



Дұшпаннан түк тартсаң

да пайда.



Ұйқы деген дұшпан бар,

Тұла бойды талдырар,

Жолдан, iстен қалдырар,

Дұшпаныңа алдырар.



Ұйқы өлiммен тең.







Үндемесең дау алар,

Жата берсең жау алар.



Жалынсаң жау басынар,

Басынар да басыңа шығар.



Жау сырыңды алса,

Қырыңды алар.



Жылан ирендеп жүредi,

Сүйреңдеп күледi.



Көп жүрген жылан

аяғын көрсетедi.



Аңдысқан ауыл болмас,

Ерегiскен ел болмас.



Жауға жаның ашымасын.





Қойын алдырып, қорасын бекiтiптi.



Жау кеткен соң қылышыңды

боққа шап.

Жау артынан жұдырық.



Жарақтыға жау жолықпас.



Сақтансаң, сақтармын,

Оң көзiңе сол көзiң

қарауыл болсын.



Жыланның уы басында,

Бейқамның жауы қасында.



Айла алтау, ақыл жетеу.



Жау жоқ деме, жар астында,

Бөрi жоқ деме, бөрiк астында.



Үй менiкi демеңiз,

Үй артында кiсi бар.









Саяқ жүрсең –

Таяқ жерсiң.



Кезенген жаудың көзiнен сақтан,

Сойқандының сөзiнен сақтан.



Жаман айтпай жақсы жоқ.



Қауiп қайдан болса,

Қатер содан.



Пәледен машайық қашыпты.



Өзiңе өзiң сақ бол.



Қоңсыңды ұры тұтпа.



Ежелгi жау ел болмас,

Қастағы сояу көздi аңдайды.



Алысқан жауға, арқанды көрсетпе,

Жауды аяған жаралы қалады.





Үйренiскен жау, атыспаққа жақсы.

Мың жаудан бiр жансыз жаман.



Сырын бiлмеген аттың,

Сыртынан жүрме.

Досы көппен сыйлас,

Досы азбен сырлас.



Ақтан жабысқан пәледен сақтан,

Аяқ астынан шыққан

жаладан сақтан.



Алыстағы дұшпаннан,

Қасындағы қас жаман.



Палуанның жаманы –

Шалдырған соң өкiнер

Күзетшiнiң жаманы –

Алдырған соң өкiнер. 









Отбасына байланысты мақал-мәтелдер



Ерлi-қатынның ортасына

Есi кеткен отырар.





Ерлi-қатын ұрысар да, керiсер,

Керiсер де келiсер.



Көңiлсiзден көзсiз бала туар.



Сұлу сұлу емес

Сүйген сұлу.





Өзiң сүйгендi алғанша

Өзiңдi сүйгендi ал.



Екi жарты – бiр бүтiн.



Ерлi-қатын тату болса

Шырағы жанар,

Ерлi-қатын араз болса

Өмiрден көңлi қалар.





Басы қаралының,

Көңiл жаралы.



Ата-анадан жар жақын,

Туысқаннан мал жақын.



Өз жарыңды жаттай күт,

Жат көрсiн де түңiлсiн.



Бiр бiрiңдi қадiр тұт,

Жұрт үлгi алсын, үңiлсiн.



Әркiмдiкi өзiне,

Ай көрiнер көзiне.



Жақсы әйел,

жаман еркектi түзетедi.







Екi жақсы қосылса,

Өлгенiнше дос болады.

Екi жаман қосылса,

Өлгенiнше өш болады.



Жас жалтаңға қашар,

Кәрi қалыңға қашар.



Атаңа не қылсаң

Алдыңа сол келер.



Ата балаға сыншы.

Атадан ұл туса игi,

Ата жолын қуса игi,

Баланды жұрт мақтаса

Бәрiнен де сол сүйгi.







Әкесiн сыйламаған кiсiнi,

Баласы сыйламайды.



Iлгерi басатын жасты,

Керi тартқан кәрi қайтарады.



Үлкен бастар,

Кiшi қостар.





Ата баласы азарында –

асық ойнайды.



Өзiңдi көрген өлсе өлсiн,

Атаңды көрген өлмесiн.



Атанда бала туар,

Атасының жолын куар.



Әкесi құрдастың, баласы құрдас.



Жас – кәрiнiң көзi,

Кәрi – жастың тезi.



Атаның жаман ұлы малға ортақ,

Әрi үйлi жанға ортақ.





Бала атадан батпан артық туады.



Жаман да болса ұрпақ қалсын –

Өз орнында отың жансын.



Өз қолыңда болмаса әкең де жат.



Баланың ұяты әкеге,

Қыздың ұяты шешеге.



Ата даңқымен қыз өтер,

Мата даңқымен бөз өтер.



Екi баланың ортасындағы

Бiр шал бала болады,

Екi шалдың ортасындағы

Бiр бала – дана болады.



Атадан жақсы ұл туса,

Есiктегi басын төрге сүйрер,

Атадан жаман ұл туса,

Төрдегi басын жерге сүйрер.



Әкемнiң шоты

Аса-аса тиедi.







Атаның өспес ұлы,

Өнбес дауды даулайды.



Әй дейтiн әже жоқ,

Қой дейтiн қожа жоқ.



Аталы ұл – қожалы құл.



Аталы жетiм –

арсыз жетiм,

Аналы жетiм –

ерке жетiм.

















Жалғыз баласы атқа шапса,

Анасы үйiнде тұрып тақымын

қысады.



Анасы сүйгеннiң баласын сүй.



Алты ұл туған ананы –

Қаным десе болады,

Кезек сыйласқан ағайынды,

Жаным десе болады.



Ата-анаң бар болсын,

Бала кезде жар болсын.



Жас бала құстың

қөлеңкесiне тоңады.



Ұл таппас ана болмас

Тұрарын айт,

Мал таппас бала болмас



Ана жақсылығын

Ауырсаң бiлерсiң.



Қайын жақсылығын

Қыдырсаң бiлерсiң.



Баланың өзi туғандай,

Келiннiң өзi келгендей.



Анасын көрiп қызын ал.

Аяғын көрiп асын iш.





Қатын қалса бай табар,

Бала қалса мал табар.



Ананың көңлi балада,

Баланың көңлi далада.



Екi қатынның баласы,

Екi рулы елдей.



Торғай жаңбыр жауса







Балам өстi дегенше,

Батыр өстi десейшi,

Батыр өнер бiлмесе,

Қапыл өстi десейшi.



Ұлсыз қатын,

шүмекке тоймас.



Ата-ананың қадiрiн,

Балалы болғанда бiлерсiң;

Анық достың қадiрiн,

Жалалы болғанда бiлерсiң.



Әкелi жетiм анық жетiм,

Шешелi жетiм жарым жетiм.



Ананың сүтi – бал,

Баланың тiлi – бал.



Ананды Меккеге үш арқалап



Аналы баланың - өзi тоқ,

Анасыз баланың көзi тоқ.



Әдептi бала арлы бала,

Әдепсiз бала сорлы бала.



Жыламаған балаға,

Емшек бермейдi.





Жаман үйқыға тоймас.



Жетi атасын бiлмеген,

Жетiмдiктiң салдары.



Ұл туғанға – күн туар.



Итпен ойнасаң үрерсiң,

Баламен ойнасаң күлерсiң.













Ат болатын құлынның

Бауыры жазық келер,

Адам болар баланың

Маңдайы жазық келер.



Жылайын деген баланың,

Үш күн бұрын көзi қышыйды.



Нар баласын қарпып сүйер.



Алты жасар бала атқа мiнсе

Алпыстағы шал алдынан шығар.



Балалы үйрек көлден кетпес,

Баласы жас елден кетпес.



Ер бала он бесте отау иесi.



Тайдың мiнгенi бiлiнбес,

Баланың iстегенi бiлiнбес.



Ашаршылықты көп көрген



Жаманға айтқан ақылың

Далаға атқан оқпен тең.



Талабы жоқ жас ұлың,

Жалыны жоқ шоқпен тең.



Атасыз ұлдың ауызы үлкен.

Әдепсiз бала –

Аяққа басылған шал.



Қазанға тиме қарасы жұғар,

Балаға тиме пәлесi жұғар.



Мал балада қалды,

Бай далада қалды.



Балаға жанның ашуы бiрдей,

Қай қолыңды кессең де

Жанға батуы бiрдей.



Атадан жақсы ұл туса,

Елiнiң қамын жейдi,





Ер бала ата-анаға таяу,

Қыз бала үйге жаққан бояу.



Бала адамның бауыр етi.



Боранды күнi бала құтырар,

Желдi күнi ит құтырар.



Жас жастың тiлегi бiр,

Жiбектiң түйiнi бiр.



Болар бала боғынан.



Жетiм, жетiм демеңiз,

Жетiмнiң ақын жемеңiз.



Балаллы үйдiң ұрлығы жатпас.



Ұлың көңiлшек болса,

Атының соры.

Қызың көңiлшек болса,

Басының соры.



Жақсы бала қонаққа үйiр;

Жақсы тай атқа үйiр.



Күлшелi бала сүйкiмдi.



Үйiң үй-ақ екен,

Iшiнде ойнайтын баласы болса...



Болатын елдiң баласы,

Бiрiн бiрi "батыр" – дейдi,



Болмайтын елдiң баласы

Бiрiн бiрi "қатын" – дейдi.



Оразының баласы

Он бесiнде баспын дейдi;

Шеразының баласы,

Жиырма бесiнде жаспын дейдi.



Қыз – қуыршақ, - дейдi.

Бала – құлыншақ, - дейдi.









Келiннiң сөзi кетпендей,

Баланың сөзi батпандай.



Жауатын күн – ыстық болады,

Болатын бала – пысық болады.



Өлетiн бала молаға қашады.



Бала соққан кездiктiң

басы жарық.



Бала көңiлдiң гүлi,

Көздiң нұры.



Күмiс кездiк сүйкiмдi.



Ата өлiп бала қалса,

Мұратына жеткенi.

Бала өлiп ата қалса,

Арманы iште кеткенi.



Жылайын деген бала

Әкесiнiң сақалымен ойнайды.



Өз ұлың, өкпеге тепкiлесең

де кетпес,

Кiсi баласы кiсендесең

де тұрмас.



Тiсi шыққан балаға,

Шайнап берген ас болмас.

Қарға баласын аппағым дер.

Кiрпi баласын жұмсағым дер.



Өзi жығылған бала жыламайды.



Аш бала,

Тоқ баламен ойнамайды,

Тоқ бала,

Аш болам деп ойламайды.



Қыз – ауылдың көркi,

Құндыз болса – бөркi.









Талапты бала –

Талпынған құстай,

Құмары қанбас –

Аспанға ұшпай.



Қыз – қонақ.



Өткелден өткенше қызыңды

алайын...



Қыз ауыр ма,

Тұз ауырма.



Ұлың ұрымға, қызың қырымға.



Теңiн тапсаң тегiн бер.



Қызыңды жерiне бер,

Жер ыңғайы келмесе

ерiне бер.



Қазы бардың – назы бар.





Күйеу келсе қыз тұрмас.

Бесiн болса күн тұмас.



Шыққан қыз, шиден тысқары.



Өзi болған қыз,

төркiнiн танымас.





Ондай-ондай ханның

қызында да болады.



Кешермен болса жұрт жаман,

Кетермен болса қыз жаман.

















Арпа берсең атқа бер,

Күтiр-күтiр шайнасын,

Қызды берсең жасқа бер,

Құшақтасып ойнасын.



Отырған қыз орын табар.



Қызым үйде, қылығы түзде.

Қараша үйден ханыша шығар.



Қыз күнiнде қыздардың

Бәрi жақсы,

Жаман қатын шығады

осы қайдан.



Қыздың баласындай.

Қолдың саласындай.



Саз да болса, жаз болсын,

Соқыр да болса, қыз болсын.



Қыз көрейiк, қыз көрейiк,

Қыз көретiн жiгiттi, бiз көрейiк.



Қызға бергендi қыдыр өтер.



Қыз өссе – үйге жұт,

Ұл өссе – үйге құт.



Қымызды кiм iшпес,

Қызды кiм айттырмас.



Көне етiктiге бармай жүр,

Көк етiктi алмай жүр.



Қыздың тамағы қылдай.



Қисық болса да жол жақсы,

Долы болса да қыз жақсы.



Қыз қылығымен көпке жағады.

Қалыңсыз қыз болса да,

Қадесiз қыз болмайды.









Суды құм бөгейдi,

Дауды қыз бөгейдi.



Қысыла-қысыла қыз болдым.



Гүл өссе жердiң көркi,

Қыз өссе – елдiң көркi.



Отқа барған қатынның

Отыз ауыз сөзi бар.



Жақсы келiн – келiн,

Жаман келiн - өлiм.



Үйдi қырық еркек толтыра

алмайды,

Бiр әйел толтырады.



Төркiнiне сенгеннiң,

төбесi жарық.



Қапқа түскен қатындiкi.



Келiн-келiн, келiн бақ,

Келмей жатып сөзiн бақ.



Байсыз әйел үйде тұрмас,

Баусыз оймақ қолда тұдрмас.



Iшi тар қатын бала тумас.



Алты қатын асқа барса,

Әрқайсысы өзiнiң мұңын айтар.





Қатын мұндай көп болмас.

Карта мұндай боқ болмас.



Олақ қатын ұл туса,

Я шүмегi жоқ, я түбегi жоқ.



Қорықпас келiн,

Қой басынан қорқады.











Екi қатын алыпсың,

Бiр пәлеге қалыпсың.



Қылымсыған қатын,

Қызыл көйлек киедi.



Төркiнi жақын қатынның,

Төсегi жиылмас.



Олақ қатын оймақшы,

Салақ қатын сауықшыл.



Келiннiң бетiн кiм бұрын ашса,

Сол ыстық.



Қапияда қатын ақыл табады.

Айлас қатын, мұңдас.



Есiнеу-есiнеу бiр екен,

Есiлде менiң қатыным.



Қатын көп болса

Шөмiштi ит жалайды.



Қатын ерге қарайды,

Ер жерге қарайды.



Келiннiң аяғынан,

Қойшының таяғынан.



Бiз де қатын болармыз,

Қапқа тары салармыз.



Бiздiң алақанымызға да

Қарға тышар.



Қатыны жоқ үй – жетiм.

Күндестiң күнi де күндес,

Күлi де күндес.



Қатын қырық шырақты.



Қой толғағынды берме,

Оң толғағынды бер.







Бiр қатын сылаумен қатын,

Бiр қатын қынаумен қатын,

Бiр қатын сынаумен қатын.



Ерге жаққан қатын,

Елге де жағады.



Екi қатын алғанның,

Құлағы тынбас.

Есекке мiнгеннiң

Аяғы тынбас.



Қатын алсаң, отын ал,

Бiр құшағын артық ал.



Келiн жаман емес,

Келген жерi жаман.



Кәрiлiктiң алды,

Жiгiттiктiң соңы.



Кәрiнiң бары игi.



Қарт қойнында қалаш бар.



Жақсы адам қартайса,

Жазып қойған хаттай,

Жаман адам қартайса,



Жас өсер,

Жарлы байыр.



Қара арғымақ қартайса,

Қарға адым жер мұң болар,

Қара көзден нұр тайса,

Бiр көруге мұң болар.



Кәрi бiлгендi, перi бiлмес.

Отырса от басында,

Көшсе көш басында.



Кәрi келсе асқа,

Жiгiт келсе iске.







Бұл сексен көрейiн деген

Жасым ба едi.

Быламық iшейiн деген

Асым ба едi.



Есiк алды төбе болса

Ерттеп қойған атпен тең.

Аулыңда кәрияң болса,

Жазып қойған хатпен тең.



Көп жасаған көмбенiң

Үстiнен шығар.



Шөп те басынан құрайды.



Өсетiн елдiң қарты –

Қазына болар,

Өспейтiн елдiң қарты –

Қызымыр болар.



Қарсы келсе кәрiлiк

Қара нарды шөктiрер.



Кәрiге құрмет

Балаға мiндет.



Өмiр қартайса да,

Көңiл қартаймайды.





Төрт түлiкке байланысты мақал-мәтелдер



Қой дегенше – қоя қой.



Қойдың сүтi қорғасын,

Қойды соққан оңбаған.



Қойшы көп болса,

Қой арам өлер.



Екi қошқардың басы

Бiр қазанға сыймас.



Iсек қойдың басы үлкен,





Малды бақсаң, қойды бақ,

Май кетпейдi шарадан;

Ит асырысаң сырттаннан,

Қой бермейдi қорадан.



Қой үрiккен жағына беттемейдi.



Ала қойды бөле қырыққан,

Жүнге жарымайды.



Қой көрмеген қой көрсе,

Қуалап жүрiп өлтiрер...



Ақсақ қой түстен кейiн маңрайды.



Ақсақ қой жатып семiрер.



Семiздiктi қой көтерер.



Семiз, семiздiң аяғы сегiз.



Арық қой тырысқақ,

Аш адам ұрысқақ.



Жаман жасаққа жарамайды,

Желiнсау қосаққа жарамайды.



Тоқты тоймас,

Шөмiш кеппес.



Қара құрт жесе, қой семiредi.



Жаман қой iсегiнде қартаяды.



Еркек қой бұралқы болмас.



Қасқырдың ойлағаны – арамдық,

Қойдың ойлағаны – амандық.



Қой егiз тапса,

Шөптiң басы айыр туады.



Сүтсiз қой маңырауық.









Тәңiрi асыраған тоқтысын,

Қасқыр жемейдi.



Арық малды асырасаң,

Аузы-мұрныңды май етер.



Жаман адамды асырасаң,

Аузы-мұрныңды қан етер.



Мал аяған аттан құр,

Төл аяған ақтан құр.



Сенген қойым сен болсаң,

Күйсегенiңе болайын...

Жетiм қозы тас бауыр,

Түңiлер де – отығар.



Тоғыз қабат торқадан,

Тоқтышағым терiсi артық.



Құрттаған қой далаға кетер,

Екi бұршақ, бiр сабауды ала кетер.



Қойлы бай – қорлы бай.

Жылқылы бай сылдыр бай.



Қой мыңға жетсе,

Керегенiң басынан бас кетпейдi.



Қой семiзi – қойшыдан.



Кәрi қойдың басы пiскенше,

Тоқты қойдың басының арсасы

шығар.



Қой өлсе – қозы болады,

Келер жылы өзi болар.



Аз қойда айран бар да, өре жоқ.





Жақсы қойшының

Қозысы түлеп тұрғанда,

Жаман қойшының

Құнан қойы жүдеп тұрады.





Мал өсiрсен қой өсiр,

Өнiмi оның көл-көсiр.



Қой шелдi болмай,

Төлдi болмайды.



Есi кеткен ешкi жыяр,

Ешкiменен есiн жыяр.



Ешкiлi қой өреген.



Ешкiнi түлен түртерiнде,

Шопанның таяғына сүйкенер.



Қой көрмегенмен,

Ешкiлi байдың қызы едiк...



Бұрын шыққан құлақтан,

Кейiн шыққан мүйiз озады.



Тоқал ешкi мүйiз сұраймын деп,

Құлағынан айрылыпты.



Қасапшыға мал қайғы,



Айдағаның бес ешкi,

Ысқырығың жер жарады.



Ешкi жейдi ебелек

Ешкiнi жейдi кебенек.



Қотыр теке қора былғар.



Тамырыңнан түйе сұрасаң,

Қорыққанынан бие берер.









Ақсақ түйенiң аузына,

Жел айдаған қаңбақ түсер.



Көрмес, түйенi де көрмес.









Түйе тұзға келедi,

Күйеу қызға келедi.



Түйе қашып жүктен құтылмас.



Елсiзде екi түйе айда.



Нары бар, нары бардың

малы бар.



Атан өлсе сойылар,

Атаң өлсе қойылар,

Қан сонар қайдан табылар.



Жуас түйе жүндемекке жақсы.



Түйе көп болса жүк сыймас.



Кәрi түйе ойнақтаса жұт болар.



Түйе аяғы маймақ,

Төре аяғы тайғақ.





Алпыс күн атан болғанша,

Алты күн бура бол.



Нар баласы қырымға

Ит баласы жырымға.





Түйесiн қу бас десең

Иесiне тиедi.



Қабырғалы қара нар,

Қабырғасын сөксең бақ етпес.

Алыстан шабынған бураның

күшi кетер.



Түйе қараған жауға жолығар,

Сиыр қараған тойға жолығар.



Қырық атан ұстама,

Қырық тамыр ұста.







Түйенi жел шайқаса,

Ешкiнi көктен көр.



Түйе бойына сенiп,

Жылдан құр қалған.



Түйенiң үлкенi



Көтерем деп түйеден безбе,

Салтанатың емес пе,

Тебеген деп биеден безбе,

Қос қанатың емес пе.



Бiр теңге бие болмайды,

Екi теңге түйе болмайды.



Өлi бураның басымен.

Тiрi атанды қорқытпа.



Екi аяқтыда бажа тату,

Төрт аяқтыда бота тату.



Түйенiң танығаны жапырақ.



Ботам-ботам дегенше

Бота көзiм десейшi.



Көш басшысының кигенi жылы,

Жылаған баланы не қылсын.



Түйе өлген жерде жүк қалар.





Жабу қыйсық емес,

Түйе қыйсық.



Нар сәулетi – ашамай.



Жаман түйе жабуын жер,

Жаман жiгiт аулын жер.



Жалғыз түйе бақырауық,

Жалғыз бала жылауық.









Жатқан жерi даладай

Екi өркешi баладай.



Азу тiсi қаладай,

Жабуы жамшыдай,



Құйрығы қамшыдай,

Бура сойған не сұмдық.



Түйеге – дақ,

Жылқыға – пышақ.



Түйе қотыр болса,

Ботасын былғайды.



Ботасы келесiн былғайды.

Арамнан алған түйеден,

Адалдан алған ешкi артық.



Iнгенiмдi қараймын деп

Мiнгенiмнен айрылдым.



Ат ерiндi келер

Ер мұрынды келер.



Жалғыз шапқан ат жүйрiк.



Тұлпардың өз тұяғы өзiне дәрi.



Соқыр атқа, қотыр ат үйiр.



Тұлпардың iзi бiтпейдi,

Тұяғы кетпейдi.







Азынаған айғырдың үйiрiн көр.

Менменсiнген жiгiттiң үйiн көр.



Бие көп болса,

Құлын көп.



Жүйрiкке тұмар.



Жүйрiк тоқтығын бiлдiрмес,





Кәрi боз қартайғанда

жорға шығарады.



Күйсiз көлiк жүгiрмес.



Ат көрмеген ат көрсе,

Шаба-шаба өлтiрер;

Тон кимеген тон кисе,

Қаға-қаға бiтiрер.







Атың жақсы болса

Бұл дүниенiң пырағы,

Қатының жақсы болса

Бұл дүниенiң шырағы.

Арық атқа қамшы жау,

Жыртық үйге тамшы жау.



Көбендi көр де қой.



Жылқыда ет жоқ,

Құста сүт жоқ.



Жақсы ат алдынан сүрiнбей,

Артынан сүрiнедi.



Басты балта бұзар,

Жылқыны маңқа бұзар.



Атың арық болса, бiр шап,

Отының аз болса, бiр жақ.





Атыңды жүрiп тұрғанда

қамшыла.



Ат жаман таймен ойнар.



Жақсы айғырдың үйiрiн

ат жақтайды.



Қас жүйрiкте сын болмас,

Қас сұлуда мiн болмас.







Атпен ойнаған тайдың

арқасы кетер.



Тұлпардың оттауы бiр болса да, 

Жусауы басқа.



Бар қашаған құтылмас,

Жоқ қашаған жеткiзбес.



Кердi мiнбегенде

Жердi мiнем бе.



Жаман айғыр енесiне

тап берер.



Енесi тепкен құлынның,

етi ауырмас.

*Көбең мiнiс көтермейдi,

Мәстек жүрiс көтермейдi.

Жорға жүрiсiнен пұл болады,

Жаман жүрiсiнен құл болады.



Жорға жолына тоқтар.

Жақсы жөнiне тоқтар.



Көнектен шошыған бие оңбас,

Төсектен шошыған ер оңбас.



Тай тулап үйiрiнен шықпас.



Арық атты түсте бақ,

Қарғып тұрса қанатың.



Ат тұяғын тай басар.





Жақсы аттың тiсiн ашпа,

Жақсы кiсiнiң жасын сұрама.



Жорғы мiнген жолдасынан

айрылар.



Жаман да болса жылқы жасығы.



Айғырды неден салсаң,





Аттың аты үлкен,

Түйенiң табаны үлкен.



Аттыға тай мiнсе де

жарасады.



Бие кәрi, құлын жас,

Келер жылы қолың бос.



Құрық тимес құлын жоқ,

Қырықтық тимес қозы жоқ.







Екi торының өзгелiгi жоқ.

Игi жақсының бөтендiгi жоқ.



Шiдерлi атың өз атың,

Тұсаулы атың бос атың.



Көбiк қарда түлкi ойнар,

Көк көрпеде жылқы ойнар.



Жылқынын бүгелек аздырар,

Ешкiнi кебенек аздырар.



Ат жалдаған өтер,

Ит жалдаған кетер.



Таяк тайға жеткiзер,

Тай құнанға жеткiзер.







Жылқылы елде жау көп.

Жатақ елде дау көп.



Аттан тай озады,

Атадан бала озады.



Жылқы малдың патшасы,

Түйе малдың қасқасы.











Ат айында,

Бие жылында құлындайды.



Тұлпар түбiн табады.

Жақсы адам елiн табады.



Жүйрiк аттың сауырын

берiк алар.



Ат сүрiнбей жер танымас.



Ала бұтаға ат бекiтпе.





Аттың бәрi тұлпар болмас,

Құстың бәрi сұңқар болмас.



Бiр биенiң екi емшегi,

Бiрi кетсе сүтi жоқ.

Бiр түйенiң екi өркешi,

Бiрi кетсе күшi жоқ.

Арықты мiнгенше,

Аяғыңа мiн.



Ат ұстаған азабынан

құтылады.



Алуан-алуан жүйрiк бар,

Әлiне қарай жүгiрер.



Ат арқасына ер батса,

Аяңшыл болады.

Ерге жаттың тiзесi батса,

Ағайыншыл болады.



Жабыны жалды екен

деп сатып алма,



Жаманды малды екен

деп жақын қылма.



Екi бие – ел асы.

Үш бие – бұлақ басы.



Бiр бие жоқтың қасы.





Жүйрiктен жүйрiк шықса,

Аяғы тыпыр-тыпыр етер.



Аттан айрылсаң да,

Ер-тоқымнан айрылма.



Жаман атқа жал бiтсе

Жанына торсық байлатпас,

Жаман адамға мал бiтсе,

Жанына қоңсы қондырмас.



Мынау атты жұрт көргендей

Тәуiр ғып бер,

Болмаса бәрiн құртып

жауыр ғып бер.



Өмiрi зақым жылқы бақсын,

Үзенгiсiн ұзын тақсын.



Жауынды күнi ат көрме,

Айтты күнi қыз көрме.







Байтал мiнсең құлын жоқ.



Ат шаппайды, бақ шабады,

Бақ шаппайды, бап шабады.



Атты ақысын жаяуға жiбермейдi. 



Ат күйгелек болса,

арық болар,

Ер күйгелек болса,

кәрiп болар.



Ат қадiрiн жоқ бiлмес,

Ас қадiрiн тоқ бiлмес.



Тұлпардан тұяқ қалар,

Сұңқардан қыяқ қалар.



Жылқының басы мың

қаладан қайтады.







Ат аяған жерге қарар,

Құс аяған көкке қарар.



Арғымақ аттың баласы,

Аз оттап, көп жусайды;

Асыл ердiң баласы,

Аз сөйлеп, көп тыңдайды.



Ат қадiрiн бiлмесең,

Жаяушылық берсiн сазанды.



Жүйрiк бестiден шығар,

Кеңес келбеттiден шығар.



Жапалақ сыйпағанмен

Сүңқар болмас.

Жабыны мақтағанмен



Ай мiнбей атыңды мақтама,

Жыл тұрмай қатыныңды

мақтама.



Атты қамшымен айдама

Жеммен айда.

Арқанды ат қазығына оралар.



Атының сыры иесiне мәлiм.

Ат жақсысы қартады,



Негiзiне тартады.



Атты күнде мiнсең тулақ,

Аптада мiнсең қунақ.



Жауыр атқа жiп құйысқан.



Бие қоста жүрiп терлесе

Құлын босқа жүрiп терлейдi.









Аттыға ерiп жаяудың таңы

айрылыпты.







Жүйрiктi кекiл қағысынан

байқайды.



Құлындаған биеден,

Құдықтағы су артылмас.



Жiгiтке лайық ат туар.



Ат адамның қанаты,

Ас адамның қуаты.



Атдорба түбiн искемей

Ат тоймайды.



Сиыр алсаң – танып ал,

Танымасаң тарғыл ал.



Сиыр сыйпағанды бiлмейдi,

Жаман сыйлағанды бiлмейдi.

*Ортақ өгiзден,

Оңаша бұзау артық.

Сиыр су iшсе,

Бұзау мұз жалайды.

Өгiзге туған күн,

Бұзауға да туады.



Сиыр судан жеридi.

Су сиырдан жеридi.



Басбiлгi өгiзге "Әк" –

деген өлiм.

Жаман сиыр жазда

бұзаулайды.



Өгiздi өрге айдағанның

Өмiрi өксидi.





Үйде өскен бұзау,

Түзде өгiз болмас.



Өгiз өлген жерiнде мөңрейдi.



Бiреудiң бұзауына дегенiң,

Өзiңнiң өгiзiңе болады.





Ойда он сиырдың мүйiзi

сырқыраса,

Қырда қырық сиырдың

мүйiзi сырқырайды.



Ойда сиырдың мүйiзi

сырқыраса,

Қырда бұғының мүйiзi

сырқырайды.



Болдырған сиыр,

молаға сүйкенедi.



Нәсiлi жаман сиырдан,

Өлi бұзау туады.



Түзде бұзауы жамырағанның

Үйде айраны төгiледi.



Бұқаның арамзасы бұзау

арасында жүредi.



Қашпаған қашардың

уызына қаратып.



Тана пайда бермесе,

Тәңрi пайда бермейдi.

*Сүзеген сиырға

Құдай мүйiз бермейдi.

*Екi сиыр сауғанның

айраны бар,

Екi қатын алғанның

ойраны бар.



Сиыр сушыл келедi,

Пасық адам күншiл келедi.



Әңгiме бұзау емiзер,

Бұзау таяқ жегiзер.



Бәленi қара тана бастайды.





Есек жүрер қатқақта,

Мәлiм болар батпақта.





Есектiң жүгi жеңiл болса,

Жатаған болады.



Өзiм есек бола тұра,

Тұйенi жетектедiм.



Иесiз қалған есектi бөрi жейдi.



Есекке үкi таққандай.



Итке жалпош жапқандай.



Есек семiрсе иесiн тебер.



Қарға мақтанып сұңқар болмас,

Есек мақтанып тұлпар болмас.



Есек мiнген еңбегiн мiнер.



Есектi отқа айдасаң,

боққа қашар.



Есегiне қарай тұсауы.



Есекке күмiс ер жараспас.

Тауына қарай тоғайы



Шошқасына қарай торайы.



Шошқаға ерген балшыққа аунар.



Есек қодығымен,

Шеңгел собығымен.



Ит ұяласынан қорықпас



Ит – ырыс.



Жетектеген ит аңға жарамас.



Иттiң боқ жемесе,

Басы ауырады.











Итпен құда болсаң,

Боқпен той етерсiң.

Иттi күшiгiм десең,

Аузыңды жалайды.



Ит құтырса иесiн қабар,

Шымшық құтырса

бүркiтке шабар.



Ит баласы сүйгiншi,

Тұра бара құсқыншы.



Иттiң басын сары

табаққа салсаң,

шоршып түседi.



Иттi қонақ жараспас.



Ит бiр сүрiнсе қырық сүрiнедi.



Қыры кеткеннiң итi

қырын жүгiредi.



Ауылға жақындағанда

ит озады.



Ауыл итiнiң құйрығы қайқы.



Ит иттiгiн қылмай қоймас.



Қазаннан қақпақ кетсе,

Иттiң ұяты кетедi.



Үре бiлмеген ит

Үйiне ұры түсiрер.









Бұралқы ит үргенiнен жағар.



Ит итаяғын жаламай

Көңлi кеншiмес.









Иттiң табаны қышыса

Керуенге ередi.



Ит жүйрiгiн түлкi сүймес.



Еңбексiз ит жер,

Бейнетсiз бит жер.



Сүйекке ит ошақ басында

кездесер.



Қуға қу намаздыгер-

намазшамда кездесер.



Ит мiнiп, ирек қамшылап.



Иттiң мойнына алтын

қарғы тақса да,

Боқ жеуiн қоймайды.

Бөрi жеген бөксемдi

Иттен несiн аяйын.



Итке артқан қос,

Далада қалады.



Үрген ит кiсi қаппас.

*Көп жортқан ит

құшалаға жолығар.

Ақсақ ит, сау иттен

сауға тiлейдi.



Түлкi алған итте сын жоқ.







Жақсы ит өлiмтiгiн

Көрсетпейдi.



Жақсы болса жау

жұмырды ит жер ме.



Иттiң iшiне сарымай

жақпас.









Ит не жесе соны құсады.



Ит жеңгенiн талайды.



Ит атасын танымас.



Жеңген ит желкесiнен талар. 



Бiр ит көрiп үредi,

Бiр ит ерiп үредi.



Ел жатпай – ит тынбас.



Жаман иттiң атын

Бөрiбасар қояды.



Иттiң ырылдасқаны –

амандасқаны.



Ит төлеуi бiр күшiк.



Иттi иесiмен қыйна.



Ит те бойдағында керiледi.



Ауылдың итi ала болса да,



Күнiне жүз түлкi алса да

Тазының ит аты қалмайды.



Өлi бөрiнi ит аттамас.



Ит иттiгiн етпесе,

Ит аты құрысын.



Иесiн сыйлағанның,

Итiне сүйек сал.



Ит жеген iшiнен таусылар.

Кет десе ит те кетедi.



Иттiң боғы дәрi болса,

Дарияға тышады.









Иттiң аузына түскен соқта,

Жаншылмай шықпас.



Ит балалап сауын болмас,

Бұлт болмай жауын болмас.



Ит иттi жұмсайды,

Ит құйрығын жұмсайды.



Аш иттiң артын сұқ

ит жалайды.



Иттiң бәрi тазы болмас,

Еттiң бәрi қазы болмас.



Ақ ит, қара ит, бәрiбiр ит.



Жарамсақтанған ит,

Жатқанша таяқ жейдi.



Қабаған ит қайыр байлайды.





Итке берсең асыңды,

Иттер тартар басыңды.



Ит тұмсығы жерде жатпас,

Бөрi баласы асырағанмен

ит болмас.

Аулы жақын ит,

Қасқырдан қорықпас.



Үндемеген ит қабар.



Итаяғын итекеш ит

те қорыйды.



Иттi күшiгiнде үйрет.



Iлгерi басқанның итi оттайды.



Қорасында қойы жоқтың

Итiнiң сағына қара.









Құр сүйектi ит те қажамайды.



Мал арыстанның аузында,

Түрiкпеннiң түбiнде.



Мал айдаса жаудiкi

Ысқырса желдiкi.



Алты ай баққан арықты

Бiр күн ұрынған өлтiрер.



Түстiк өмiрiң болса,

Кештiк мал жина.



Бұйырған малға тiс тисiн.



Көп малдан айрылған

Бiр малды қасқыр жейдi.



Белгiлi малшың жоқ болса,



Малды баққанға бақтыр.

Отынды алғанға жақтыр.



Малдың жайын баққан бiлер

Отынның жайын жаққан бiлер.

Айдап салдан аз өлер,

Көре салдан көп өлер.

Бас екеу болмай –



Мал екеу болмайды.



Малды баға бiл,

Бабын таба бiл.



Мал баққанға бiтедi.



Бассыз берген мал мазақ,

Бақсыз берген тiл мазақ.



Қойшының таяғынан,

Келiннiң аяғынан.











Өрiсiне қарап мал өсер,

Өзенiне қарап тал өсер.



Бұйырмаған бұттан кетер.



Жоғалып табылған мал олжа,

Аурып жазылған жан олжа.



Қайтқан малға қасқыр өш.

Әркiм тапқанын теке қояды.



Мал жайған малдың

жайылғанына тояды.



Кетер мал қолдың кiрiндей.



Жоқ табылмайды емес,

Қарауы жетпейдi.

Адам бермейдi емес,

Сұрауы жетпейдi.



Алдырған анасының

қойнын ашыпты.



Иттiң иесi болса,

Бөрiнiң тәңрiсi бар.



Қайтқан малдың қайыры бар.

*Өрiсi жуық оттайды,

Аулы жуық ас iшедi.

Өсер малда өлiм жоқ.



Өзiмдiкi деген бұрын

ұстайды.



Есек барға саналса да,

Малға саналмайды.



Кiсi берген кiсiге ырыс болмас.



Өзiңдiкi өзiңе,

Оттай ыстық көзiңе.



Ағайын асшы,

Мал тұщы.





Мал жайсаң қонысын тап,

Ас жайсаң ыдысын тап.



Жоғалған пышақтың

сабы алтын.



Мал ашуы – жан ашуы.



Қара тұяқ қарында жатпас,

Мезгiлi болмай таң атпас.



Шөмеленi шөбiм бар деме,

Несиенi малым бар деме.



Арықты күтсең тойынар,

Кәрiнi күтсең сойылар.



Кетпенiм сай, шотым сай,

Қазсам суға жетемiн,

Атаным сай, атым сай,

Көшсем нуға жетемiн.



Ақсақ малдың ақырына бақ.

Желген атқа жел жаңғырық,



Тентекке тiл жаңғырық.

Малы бардың назы бар.

*Биыл iзi болса,

Келер жылы өзi болар.

Шаруаның итi де ұрғашы

болсын.



Таңдағы тауықтан

Сол күнгi жұмыртқа артық.



Түйе байлық,

Қой мырзалық,

Жылқы сәндiк.



Шаруаның бiрi – бес,

Диханшылық оған ес.





Тоңға жатқан мал оңбас,

Тобырға түскен iс оңбас.



Бiтпеген малдан үмiт,

Шықпаған жаннан үмiт.



Жайлауды жайлай бiлмеген,

Малды айдай бiлмейдi.



Жаман қойшы,

жайлауын бiр күн жейдi,

Жақсы қойшы,

жайлауын мың күн жейдi.



Жаманға жан жуымас,

Жалқауға мал жуымас.



Бақпасаң мал кетедi,

Күтпесең қатын кетедi.





Сақырлаған сары аязда

Сары қамысты қыста,



Малыңа сый, өзiңе үй болар.

Бiр түлiкке бай болғанша,

Әр түлiкке сай бол.

Түлiк төлден өседi.







Мал баққандiкi,

Жер жыртқандiкi.

Малды жақсы баққаның –

Өзiңе аброй тапқаның,

Малды жаман баққаның –

Келген бақты қаққаның.



Мал баласы –

Жер анасы.



Жалқау – өзiне жау.









hello_html_m4adb58df.png





Мазақтама.



Мазақтама. Халық арасы, ел iшi әрқашанда күлкiге бай. Адам бойындағы кемшiлiктi келемеждеу, орынсыз қылықтарды мысқыл нысанасына алып, сықақтау халық тiршiлiгiнде ертеден бар жасампаз дәстүр. Мұндай iске, әдетте, балалар да ерекше құмар болады. Табиғаттарының өзi тез тұтануға, көңiлдiлiкке, жеңiл әзiл-оспаққа, ойын-күлкiге бейiм балалар әрнәрсенi мазақ етiп, әжуаға айналдыруға дайын тұрады. Сондықтан да болар, жеткiншектер арасында бұл тектес өлеңдер өте мол тараған. Мазақтамаларға 6-12 жас аралығындағы балалардың өте әуес болатындығы байқалады. Бұл кезеңдегi балалар бiр-бiрiне ат қойып, айдар тағуға кез-келген жағдайда бiр-бiрiн келемеждеуге ыңғайланып тұрады. Және ол келемеждерiн көбiнесе өлең жолдары арқылы бiлдiредi. Жалпы балалар өмiрiне ортақ типтiк құбылыстарға арналып, сәттi шыққандары ғана ұзақ жасайды. Ал белгiлi бiр жағдайға байланысты аяқ астынан кездейсоқ туғандары тез ұмытылып қалады. . Балалар мазақтамаларының астарында жеңiл әзiл жатады, тiптi айқын логикалық қисын да таныла бермейдi, бiрақ тiлi жеңiл, ойнақы, көлемi шағын болып келедi. Бұл өлеңдер – бала психологиясының айнасы. Олардың әзiл қалжыңға, күлкiге, дыбыс ойнатып ұйқастырылған тақпақ сөзге құмар жан дүниесi мазақтамалар табиғатынан да сәуле бередi. Демек, балалардың күнделiктi тiрлiгiнiң бiр қыры болып табылатын бұл жанрға жеңiл-желпi қарауға болмайды.













































ШІҢКІЛДЕК

Шыбық тимес шыңқ етер, 
Сөзге келмей қыңқ етер. 
Шіңкілдекке тимеңдер, 
Шишадайын шырт кетер.

МАҚТАНШАҚ

Әй, мақтаншақ, мақтаншақ, 
Оянғаннан жатқанша, 
Жатқаннан таң атқанша, 
Мақтанасың, мақтаншақ. 
Қояр ма еді құлыптап, 
Аузыңды бір жапқан шақ.



ЖАҢҒАЛАҚ

Жаңғалақ па, жаңғалақ? 
Жаңғалақ бір аңғал-аң, 
Оң аяқта - сол балақ, 
Сол аяқта - оң балақ, 
Теріс киіп шалбарын, 
Өзі соған таң қалад.



АШҚАРАҚ

Ашқарақ-ау, ашқарақ, 
Тамақ жеуің масқара-ақ, 
Қанша ішсең де тоймайсың,
Енді қалай ойнайсың?..
Айтқан тілді алмаған, 
Бар дегенге бармаған. 
Бір бала бар тілазар, 
Тамақ десе қалмаған.



МЕШКЕЙ

Асаубайға әрдайым, 
Тамақ дайын, нан дайын. 
Жей береді талғамай, 
Айнымаған комбайн. 
Іс істеуді білмеген, 
Жалқау бала бұл деген. 
Семіздігі шіркіннің, 
Шар сияқты үрлеген.











ТӘТТІҚҰМАР

Қант көрсе қоймайды,
Кәмпитке де тоймайды,
«Тісім-ай!» деп кешкісін, 
Салады кеп ойбайды.



ЕРКЕ

Папасының арқасына 
Мініп алып, түспейді. 
«Самолет» қып атасын да, 
«Аспанға алып ұш!» дейді.
Сарнап тұрып ертесін, 
Сұрайтын қант, бөлкесін. 
Сен бір жаман еркесің, 
Әкеңнің де желкесін, 
Көкеңніңде желкесін 
Жауыр қылған еркесің.



ЖЫЛАУЫҚ

Бақырып, зарлап оянып, 
Екі бүйірін таянып, 
Жылайтын долы баланы, 
Есімін елге жаялық, 
Ұрысқақ,
Болымсызға құрыстап, 
Болып алдың тырысқан. 
Ашуыңды тыя алмай. 
Айқайлайсың ұялмай, 
Алжастың ба жын ұстап, 
Ау, тырысқақ - ұрысқақ.



ЕРІНШЕК

Асқа дайын - еміншек, 
Іске дайын телімсек, 
Жарымаған өмірде, 
Жарым адам - еріншек



ЖАЛҚАУ

Әй, жалқауым, жалқауым, 
Босамасын арқауың. 
Босаса егер арқауың, 
Оңай болар тарқауың. 
Тарқадың ба, оңбайсың, 
Жақсы бала болмайсың. 


hello_html_m7bb649b7.png

Жұмбақ.





Жұмбақтар - ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан бір түрі.Ол баланы жастайынан қиялдай білуге, қоршаған ортаны бақылап, тапқырлыққа баулуды көздейді.

Жұмбақ –халық шығармаларының ең ескі түрінің бірі және барлық жұрттың фольклорының ортақ түрі. Әуелгі туысы арғы, ерте заманда болғанымен, жұмбақ бертін келе, тіпті бүгінгі біздің дәуірімізде де өз керекті қасиетін жойған жоқ.

Қай кезде алсақ та жұмбақ өткір, ұшқыр сөз есебінде халық арасында бағалы болған. Жұмбақты халықтың өзге тапқырлық сөздері қатарында саяси құрал есебінде тап жауына қарсы қолданған орындар да аз емес. Жұмбақ қазақ халқының арасында да және басқа халықтарда да әлі күнге тыңнан туып, молайып дамып келеді. Олай болса халықтың жұмбақ секілді фольклор қорын жинап басып, тексеріп тану ғылымдық зор міндет болады.













hello_html_m18e15f79.pnghello_html_m7c2e21bf.png






















Тұрқы, түрi

Жылқы тектес жалы бар,

Шөп жеп түрлi,

Түзде өскен жануар.

(Құлан)

Пысқырғыш не?

Ысқырғыш не?

(Құлан мен жылан) 

Жақпар тастың өркешiне,

Секiредi құламай.

Қия құздың өр төсiне,

Орғып шығар ол оңай.

(Арқар)

Тау көтерген төрт қазық.

(Төрт аяқ)

Жез бейнелi өзi,

Кең дала еркесi,

Мөп-мөлдiр көзi.

(Киiк)

Айбарлы сұсы бар,

Қанжардай тiсi бар.

Тұла бойында

Тасыған күшi бар,

Күжiрейген жалды,

Бiлсең айт бұл аңды?

(Арыстан)

Түлкi ұқсас тұрқы,

Бiр тоймайтын құлқы,

Андитыны тастан,

Құс пен тышқан.

(Қабылан)

Мойыны тұтасқан,

Аузы апан.

Жоны жалпақ,

Бұты талтақ.

(Бегемот) 

Тiк жардай түстi,

Шұбатылған

Тұмсығы күштi.

Таситын жүктi,

Бұл қандай мықты?

(Пiл)





Қаймықпайды күштi аңнан,

Қорқады тек тышқаннан.

(Пiл) 

Түрi жылқы бейнесi,

Жолақ-жолақ жейдесi.

(Зебр) 

Қара ала тоны бар,

Аңдардың ол краны.

Оны сен де танып ал,

Серейiп кеп тұрады.

(Жираф) 

Мойыны сорайған,

Сирағы серейген.

Теңбiл шұбар терiсi,

Шөлдегi аңның iрiсi.

Жонында жалы бар,

Бұл қандай жануар?

(Жираф)

Иiр мүйiз,

Сүйiр мүйiз,

Ай қабақты,

Май бұғақты,

Тұла бойы

Бұқа мойын,

Бұл қандай түлiк,

Сен де оны ал бiлiп?

(Қошқар) 

Иiр-иiр денесi,

Сахараның кемесi,

Ащы шөптер тамағы,

Шөлге шыдап бағады.

(Түйе)

Көрiп тұрар бар ауыл,

Бiр тауда қос қарауыл.

(Түйе өркешi)

Ұқсап тұрған жақшаға,

Төбеде өскен шақша ма?

(Iрi қара мүйiзi)

(Ара) 

Гүлдiң нәрiн жинайды,

Адамға бал сыйлайды,

Ұнатады бiрлiктi,





Топырақпен көң астын,

Қопарып ем.

Жыбырлаған кен аштым.

(Жауын құрт)

Шөп iшiнде жүредi,

Шақса уын жаяды.

Зиянын қойлар бiледi,

Кұйсетiп жеп қояды.

(Қарақұрт)

Қанды сорып сүлiктей,

Ызыңдап кеп шағады,

Бұл қандай бүлiк дой?

(Сона) 

Тастан салған үйi бар,

Көшiп жүрер асықпай,

Қыста ұйықтап бұйығар,

Тамақ iздеп, ашықпай.

(Тасбақа)

Сұм жүздi,

Құралай көздi,

Киiкше секiрген,

Бура санды,

Жолбарыс тонды.

(Құрбақа)

Қоңырқай жүнi бар,

Төрiсi өте бағалы

Аязды күнi жылынар,

Киiм тiккен жағалы.

(Жанат)

Ызындап ән салып,

Жұп-жұқа қанаты.

Тәттiге тамсанып,

Қоқысқа қонады.

(Шыбын)

Ерiксе,

Құйрығымен ойнайды.

Зерiксе,

Ұйқыға бiр тоймайды.

(Мысық)

Денесiне қапталған,

Сырты түбiт тоны бар.

Дыбыссыз кiрiп-шығады,

Бұкiрейген жоны бар.

(Мысық)

Мұртын сипап күн бойы,

Бетiн сусыз жуады.

Құжынаған жұмыскер

Бiрлескенде тым iскер.

(Құмырсқа)

Үстi толы ине,

Бiрақта, iс тiгiп,

Қадамайды түйме.

(Кiрпi)

Ешбiр бұйым тiкпеген,

Үстi толған көк тебен.

(Кiрпi)

Тұмсығынан торайдың,

Тұмсығы бар аумаған.

Үстiн түгел орайтын,

Тоны ине қаулаған.

(Кiрпi)





Жұдырықтай тұрқы,

Ошағанға ұқсас сырты.

Бұл не?

(Кiрпi)

Денесi буылтық,

Сырты жасыл түк.

(Жұлдыз құрты)

Тор тоқуға шебер-ақ,

Бiрақ киiм тiкпейдi.

Өнерi де өнер-ақ,

Бiрақ iсi бiтпейдi.

(Өрмекшi)

Шақылдап ашықта,

Тiк тұрар қазықтай,

Жем iздеп жортады,

Тысырдан қорқады

Iнiн кеп сағалар,

Зып етiп жоғалар.

(Саршұнақ)

Құм жолад жортады,

Тұрса жеп қияқты,

Сыбызғы тартатын,

Музыкант сияқты.

(Суыр)

Бұл не, бiлiп ал.

(Ұлу)

(Шегiртке)

Ернi жырық–

Кiшкене сырық.

(Ұршық)

Зыр қағады дөңгелеп,

Бас жағында қалпағы.

Белiнде өспей әңгелек,

Басылмайды тарпаңы.

(Ұршық)

Әжемнiң қалпақты таяғы,

Қолына алса жүгiрер,

Шорланып белi бүгiлер.

(Ұршық)

Шыр көбелек айналып,

Жүгiредi бiр тынбай.

Белiне жiп байланып,

Шөмеле үйер құртымдай.

(Ұршық)

Әжем бұрымын,

Қазыққа кередi.

Жылжытам деп алға,

Қылышпен передi.

(Өрмек)

Сұлап жатқан дiңгегi бар,

Қатар тiзген iлгегi бар.

(Көген)

Қос iлгектi орындық

Атқа мiнiп алады,

Адам оны орын ғып,

Емiн-еркiн шабады.

(Ер-тоқым) 

Атам илеп қайысын,

Қажет құрал тiледi.

Атқа, асау тай үшiн.

(Жүген)

Жүргек атқа кiсендi,

Салып едiм, үзе алмай,

Қос аяқтап күшендi.

(Тұсау)

Байласаң бұйда мұртына,

Жын толтырған ұртын.

Асау көнiп жетекке,

Жуасиды кiлт тына.

(Мґрындық)

Оны қақса сәйгүлiк,







Таста жүрер асыр сап,

Ол жоқта жай жүрiп,

Баса алмайды тосырқап.

(Таға)

Өзi сырық,

Басқан жерi құдық.

(Таяқ)

 Ұзын өзен,

Суы жоқ.

(Жол) 

Мөлдiреп жатқан қос көлге,

Шыныдан тұттым қос перде.

(Көзәйнек)

Тұра қалсам алдына,

Жалтыраған ақ айдын,

Өзiмдi - өзiм мен мына,

Көре аламын ап-айқын.

(Айна) 

Өзi тұрғанымен мелшиiп,

Жап-жалтыр жүзiне,

Кетедi ел сиып.

(Айна) 

Үскiнiң көп тармағы,

Қара орманды шарлады.

Қисықтарын түзедi,

Теп-тегiс түз ендi.

(Тарақ)

Танауында арқаны,

Бiр батып, бiр шығып,

Алға қарай тартады.

(Ине) 

Көзiне шуда тағады,

Бөлектi құрап,

Ұшы жылмаң қағады.

(Ине)

Шылбырын сүйрейдi,

Жыртықты түйрейдi.

(Ине)

Гүлдерi бар құлпырған,

Кең жазықтан аумайды.

Оған әркiм ұмтылған,

Киiм киер оңтайлы.

(Мата) 















Сегiз тарам қайыстан,

Өрiмi бар бұзау тiс.

Жұмсақ жағы майысқан,

Айнымаған жылан түс.

(Қамшы)

Қос таяқ,

Бастары дөңгелек.

Тұтасты

Кеседi бөлек-бөлек.

(Қайшы)

Жалғыз аяқ, тiлiк ерiн,

Тұмсығында найзасы бар.

Киiмдердi тiгiп керiм,

Адамға көп пайдасы бар.

(Iс машинасы) 

Аяғы төртеу, жүре алмайды,

Не жатып бiр сәт те дем алмайды.

Отырған адамға дап-дайын,

Тiк ұстап тұрар тақтайын.

(Орындық)

Адамдардың киiмiн,

Ұстап тұрар иығым.

(Киiм iлгiш)

Кiшкене тегештей

Қарыны бар кемештеу.

Құдды қайың берiшi,

Iшiнде шөл дәрiсi.

(Саптыаяқ)

Екi басы дөңгелек,

Екi ұшы сүйiр,

Қиғанға үйiр.

(Қайшы)

Тұтқасыз тобатай,

Ұнатар, көп апай.

(Оймақ)

 Саусаққа киiп ем тобатай,

Иненi жүгiрттiм оп-оңай.

(Оймақ)

Iндi көп-ақ қазады,

Өзi шыға қашады.

(Бiз) 

Тазалап ақ қағаз жүзiн,

Жоқ етер қарындаш iзiн.





Артық кемдi теңестiрер,

Дәндi де өзi жемес бiрер.

(Таразы) 

Өзi өтпейдi,

Ал, өтпестi өткiзедi.

(Қайрақ)





Бiр қора дөңгелек,

Арлы-берлi дөңгелеп.

Әр нәрсенi тексерiп,

Санағанда тым зерек.

(Есепшот) 

Жаңалықты

Үн-түнсiз таратады,

Барша жұртты

Бiр өзiне қаратады.

(Газет)

Қашық жердiң сәлемiн,

Тез-ақ алып келемiн.

(Телеграмма) 

Ұшып түсер күн бiтсе,

Жоғалады жыл бiтсе.

(Күнтiзбе)

Үш тiлi тақылдап,

Жаңылмайтын ақылды-ақ.

(Сағат)

Бұрасаң тетiгiн,

Соғады жүрегi,

Өлшемiн түн мен күн,

Әркiм-ақ бiледi.

(Сағат)

Таспадай қағазға тiзiп,

Жазатын әрiптерi

Шұрық тесiк,

Нүкте мен сызық.

(Морзе алфавитi) 

Сырты құдды алмұрт,

Қояды iлiп төбеге,

Оған құмар бар жұрт,

Ол сонда немене?

(Электр шамы) 

Бассаң түймесiн,

Шашады сәулесiн.

(Электр шамы)





Тысы жылтыр,

Iшi жарқыл.

(Электр шамы) 

Терезенiң тесiгi,

Таза ауаның есiгi.

(Желдеткiш) 

Көгiлдiр түсi бар,

Тас балқытар күшi бар.

(Газ) 



Кино менен концерттi,

Үйде қойып беремiн,

Жаңалығын бар елдiң.

Өз көзiммен көремiн.

(Теледидар)

Күндiз-түнi шатырдан,

Бiр түспейтiн қарауыл.

Кiндiгi үйге тартылған,

Көрiнедi бар ауыл.

(Теледидар антеннасы) 

 Жай да үнсiз тұрады,

Бiреу келсе тез жет деп,

Қоңырауын ұрады,

Дабыл қағып безектеп.

(Телефон) 

Тоққа тисе мұрты ұзын,

Табанымен жазық.

Киiмдердiң қыртысын,

Бередi тез жазып.

(Үтiк)

Қос рельстiң арасын,

Қоссам егер белдеулеп,

Биiкке өрлеп барасың.

(Саты)

Төрт аяғы, арқасы бар,

Жалпақ жайлы ортасы бар.

Ең алдына кiсiнi алып,

Сынайды ылғи күшiн анық.

(Орындық)

Екi ұшына

Екi шелек iлiп алды.

Қайқы таяқ

Иығыма мiнiп алды.

(Иiнағаш)

Күн нұрына қарық қып,





Мөлдiр мұз арқылы,

Нұр төгiп күн тұрар.

Кең бөлме әр күнi,

Тазарып құлпырар.

(Терезе) 

Көз алдыңа жайнаған,

Түсi судан аумаған.

Тегiс перде керiледi,

Бiрақ бәрi көрiнедi.

(Әйнек)

Сабы – таяқ,

Басы – қалақ.

Ұшын жүрер,

Жерге қадап.

(Күрек)

Басы жұқа,

Тың күшi бар.

Сабы ұзын,

Ұңғысы бар.

Топырақты уыстап ап,

Лақтырады қуыс табақ.

(Кетпен)

Iшi салқын, мұзы бар,

Күнкей қашқан қой сынды,

Жылыда тез бұзылар,

Барша тағам тығылар.

(Тоңазытқыш) 

Едендi кеп жаласа;

Қалдырмас ол түгiндi.

Аузына таласа

Бар қиқым жүгiндi,

Тазалауы тамаша,

Кiлем мен алаша,

Жайнайды қараса.

(Шаңсорғыш)

Кiр-қоқысты сүймейдi,

Сыртқа қуып сүйрейдi.

(Сыпырғыш)

Алақанымен

Үй iшiн аялайды,

Бiрақ,

Кiр-қоқысты аямайды.

(Сыпырғыш)









Сүрткен киiмi тазарып,

Өзi қалды тым арып.

(Сабын) 

Кiр киiмдi қалайды,

Өзi кiрдi жалайды.

Суға түссе шомылып,

Дақты жояр талайғы.

(Сабын) 

Кiрге суда кезiгедi,

Сүйкенем деп езiледi.

(Сабын)



Егiс пен өсiмдiктер өлкесiнде



Тегiс жер кесiлдi,

Арқандай есiлдi.

(Жыртылған жер)

Қыр басында әрқилы,

Сары теңiз толқиды.

(Егiн)

Жезге ұқсас сабағы,

Дәнi – халық тамағы.

(Бидай)

Асыраған –

Ел-жұртты,

Жер мұратты.

(Бидай)

Дөңестеу жотасы,

Бауырында сызығы,

Тамақтың атасы,

Баршаның ырзығы.

(Бидай)

Бұтақ басында

Ұясы бар,

Дәл осында –

Өмiрiң бар.

(Бидай)

 Маржанын түзген,

Сатылап тiзген.

(Масақ)

Бiреу бердiм,

Онын тердiм.

Көктемде

Ақ гүлге оранады,

Күзде

Қолға доп боп оралады.

(Алма)

Ортасында қазығы,

Бұтағында азығы.

(Алма)

 Желiлерi жайылып,

Жол-жол болып жатады.

Күн нұрына бой ұрып,

Жердiң нәрiн татады,

Жасыл шатыр астында,

Кететiндей үзiлiп,

Тұр көп маржан тасындай,

Мойыл моншақ тiзiлiп.

(Жүзiм)

Тiл үйiрген дәмi бар,

Сары алтын түс – сәнi бар.

Шақсаң егер кептiрiп,

Сұйегiнiң дәнi бар,

Баққа тұрар сән берiп,

Алқа етiп тiзiп ал.

(Өрiк)

Суық ұрса бүрлейдi,

Көктем шыға гүлдейдi.

Күнге басын иедi,

Мол шуақты сүйедi.

Күте бiлсең бабымен,

Өнiм берер қабымен,

Қызыл, сары түйiнi,

Витаминдер жиыны.

(Алша) 

 Табаны суды сүйедi,

Қабағы күнге күйедi.

(Күрiш)

Қызыл күрең түрi бар,

Тебiндеген бүрi бар.

Пiскен кезде қаулайды,

Алтыннан бiр аумайды,

Бал татыған нөрi бар,

Онда емнiң бәрi бар.

(Шабдалы)









Iшi аумаған жүгерi,

Түрi-түсi алмадай,

Ойымның жоқ бүгерi,

Жесең бал деп қалмағай.

(Анар)

Шертсең көк жолақ сыртынан,

Пiссе үн шықпас ұртынан.

Шикi болса, сампылдап,

- Тиме; - дейдi таңқылдап.

(Қарбыз)

Қарала қойымды,

Байлап ем,

Желiде жатып тойынды.

(Қауын)

Бақшадан жер қазып,

Жиып алдым жез қазық.

(Сәбiз)

Бұйра тұлымы,

Желмен ойнайды.

Қызыл мұрыны,

Жерге бойлайды.

(Сәбiз)

 

Тiгiп алып көк шатыр,

Қызылкүрең доп жатыр.

(Қызылша)

Аласа тал,

Тамаша тал.

Самсап тұр алмасы,

Ол алқызыл,

Ол қанқызыл,

Боялғанша, алмашы!

(Помидор)

Доптар жатыр желiсi бар,

Қабат-қабат терiсi бар.

(Капуста)

Қос құлағы қалқайып,

Су iшкен сайын марқайып.

Күн ысыса тон жинайды,

Доп болғанда ел жинайды.

(Капуста)

Түбi толған құмалақ.

(Картоп)











Кұндi аңдып шалқалап,

Гүлмен жапқан қалқалап,

Бақшада өскен теректiң

Дәндерiнен май тамар,

Шағып жеген нәр табар.

(Күнбағыс)

Сырнайынан төгiп жыр,

Күнге сәлем берiп тұр.

(Күнбағыс)

Қалпағы бар дөңгелек,

Сары гүлмен қоршалған.

Қарай-қарай күнге ерек,

Мойны талып шаршаған.

(Күнбағыс)

Жұзiн орап гүлменен,

Күнге қарап телмiрер.

Тiспен шағып,

Тiлменен,

Дәмiн татқан ел бiлер.

(Күнбағыс)



Кең алқап ақ түске,

Бейне бiр малғандай.

Күзде де, тал түсте,

Қар жауып қалғандай.

(Мақта алқабы)

Тау тау ақ қар,

Ерiмейдi ыстықта.

(Мақта)

Үйi де жоқ,

Күйi де жоқ.

Бiрақ

Жауыннан да,

Дауылдан да

Қымсынбайды.

Ыстыққа да,

Суыққа да

Шын шыдайды

Шешуiн айта ғой,

Балалар бiлсiн жайды.

(Өсiмдiктер)

Күн нұрымен пiседi,

Уылжып қолға түседi.

(Жемiс)





Қар астында қыстады,

Ақпен бөркiн тастады.

(Бәйшешек)

Арулары бајшаның,

Көктемдi қатты сағынып.

Шуаққа шықты

Шап шағын,

Бантиктерiн тағынып.

(Алма ағашы)

Дауылға нық күшi,

Ағаштың мықтысы.

(Емен)

Дауылға да, аязға да,

Шыдап бағар мiзбақпай.

Тау етегi тұрағы,

Жап-жасыл боп тұрады.

(Қарағай)

Жасыл тонының бояуы,

Жыл он екi ай оңбайды.

Дiнi, бүршiктi сояуы

Қысқы аязға тоңбайды.

(Шырша)

Ағаштардың көркемi,

Мiңгi жасыл бұтағы.

Мекен ғып тау-өлкенi,

Кәусәр ауа жұтады.

(Шырша)

Қысы-жазы шешпейтiн,

Көйлегi бар жасылдан.

Өзгертпейдi еш кейпiн,

Жаралғандай асылдан.

(Шырша)

Топырағтан нәр алып,

Тамырлары таралып.

Өсiп шықты еккенiм,

Көрiктендi мекенiм.

(Ағаш көшетi)

Жасыл болып жыпырлап өнедi,

Сары болып үзiлiп семедi.

(Жапырақтар)

Жазда жайнайды,

Күзде жайрайды.

(Ағаш жапырағы) 

Жазғы киiмi жасыл,

Қысқы киiмi ақшыл.





Әсем гүлдi өсiмдiк,

Жыл бойы тұрады.

Жапырағы көгерiп,

Салтанат та құрады,

Гүлшоқ болып өрiлiп.

(Лавр)

Шөлде

Гұлдейдi, құлпырады,

Суда

Өмiрi қырқылады.

(Сексеуiл)

Тасты тесiп, күресiп,

Терең жайып тамырын.

Ақ күлгiн шөп тұр өсiп,

Қарсы ап дәйiм таң нұрын.

(Тау гүлi)

Тасты жапқан түк кiлем,

Тамыры жоқ мүк кiлең.

(Қына)

Өзiне шап шақ,

Киген қалпағы аппақ,

Балалар тұр қаптап.

(Бақбақ)





Аумайды бiр қылыштан,

Пұлiш түсi жап-жасыл.

Соғылғандай мырыштан,

Өтпейтұғын жап-жасыл.

(Қияр)

Саздауыт жерде өседi,

Қош иiсi аңқыған,

Шипа өсiмдiк деседi.

(Жалбыз)

Көлдi жердiң

Үкiлi аруы.

Өткiр желдiң,

Саз тартар қаруы.

(Қамыс)

Басына үлпiлдетiп таққан шашақ,

Бұралып тал шыбықтай тұрған жасап.

(Қамыс)





Тұлымы бар төбесiнде,

Кұлтеленiп шумақталған,

Құлағы бар денесiнде,

Сұңғақ бойы бунақталған.

(Қамыс)

Желден қатты сасады,

Томпалаңдап қашады.

Тiрелгенше дәңге кеп,

Дедектейдi дөңгелеп.

(Қаңбақ)

Бұтаға iлген үлпершек,

Iшi нәрлi қызыл сөл,

Терiп алып үлгерсек.

(Бүлдiрген)



Техника мен шеберхана құралдары



Құстан аумады,

Көкте заулайды.

(Ұшақ)

Тақылдатып таңдайды,

Егiндi тез жалмайды.

Дәнiн берер тазалап,

Өзi түк те алмайды.

(Комбайн) 

Тоққа қоссаң зырылдйды,

Бiр бағыттан бұрылмайды.

Жуан жұмыр темiрдi,

Қырнап, жонып кемiрдi,

Өлшеп берсең кеседi,

Керек етсең теседi,

Артық болса қашайды,

Қажет тетiк жасайды.

(Станок) 

Көктен көзiн алмайды,

Ғарыш сырын барлайды.

(Телескоп) 

Жылжымалы баспалдақ,

Сатыларын бассаң нақ,

Не жоғары, не төмен,

Сырғимын да жетем мен,

Көздi жұмып, ашқанша-ақ.

(Эскалатор)

Жер қатпарын қашайды,





Әкемнiң тор тайы,

Май жалап, су iшсе,

Тоқтамай жортады.

(Машина) 

Жер асты даңғылы,

Көлiгiнiң зулаған.

Естiледi саңқылы.

(Метро) 

Қатар жатқан қос бiлек,

Үстiнен келер күш үдеп.

(Темiржол)

Төбесiнде кiндiгi,

Жалғанған желiге.

Қабырғада күндiгi,

Нұр шашқан төрiне.

(Троллейбус)

Шымыр бiлек қайыспай,

Көтергенде ауыр жүк.

Тiк тұрады майыспай.

(Домкрат) 

Бiрнеше тармақты,

Лақтырсаң қармақты.

Жүздiрмей тастайды,

Кеменi салмақты.

(Зәкiр)



Үш көздi батыр,

Жолды андып жатыр.

(Бағдаршам)

Құс ұясы секiлдi,

Үйшiгi бар биiкте.

Өрiлген қос кекiлдi,

Тұрар мойын иiп те.

(Кран) 

Қарасаң,

Жай зат сияқты күшi кем,

Бiрақ та,

Бұтiндi қақ бөледi тiсiмен.

(Ара) 

Дөңгелек қалпақты,

Бiрiктiрер бөлектi.

(Шеге) 

Басы – құрыш,

Сабы – шырыш.

(Балға)







Қалпақты шымырды,

Төбесiнен ұрады.

Түзетуге қыңырды,

Дәйiм дайын тұрады.

(Балға) 

Алақандай жоным бар,

Үстiне сап соғыңдар,

Жалыннан ап шалқыған,

Сом темiрдi балқыған.

(Темiртөс)



Айға ұқсас түрi бар,

Қатар өскен бiрi бар.

(Орақ)

Көп-ақ тiсi,

Күнi бойы шөп жесе де

Шықпайды iшi.

(Орақ)

Қылышты өткiр шайқадым,

Қырдың шашын жайпадым.

(Шалғы)

Басы – қылыш нұсқасы,

Сабында бар тұтқасы.

(Шалғы)

Сояудай әр тырнағы,

Шөптi жияр қырдағы.

(Тырма)

Қос жағы бар,

Бiр сабы бар.

Бассаң тiлiн,

Сарт етiп жабылар.

(Қақпан)

Қысқаштай сабы бар,

Қос садақ жағы бар.

(Қақпан)

Басып қалсаң түндiктi,

Шап етедi бiр мықты.

(Қақпан)

 Қра батыр,

Бұғып жатыр.

(Қақпан)

Тасты қияқ,

Батыл басар









Қыздырып соқсаң иленедi,

Балға мен төстен именедi.

(Темiр) 

Жалынды үрлеп шалқытады,

Темiрдi бiрлеп балқытады.

(Көрiк)

Қолға алсаң, қызмет етер,

Бүтiндi

Бөлшектеуге шебер.

(Пышақ) 

Белбеуi шынжырдан,

Су тартады шұңғылдан.

(Шығыр)

Бiр басы – қамал,

Бiр басы жәй ашық,

Аяғы төртеу,

Алаңы – самал,

Жатқанға жақсы жайласып.

(Кереует)

Шайқап басын,

Бiр төмен, бiр жоғары,

Тұрса ол,

Тосын

Үйде самал соғады.

(Желдеткiш) 

Оқу-бiлiм және оның құралдары



Бiлiмнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы.

(Мектеп)

Ақыл-ойдың шырағы,

Зәулiм көктей шынары.

Биiгiне бойлаған,

Қанбайды адам құмары.

(Бiлiм)

Бiлiмнiң жол басшысы,

Шәкiрттiң қолбасшысы.

(Мұғалiм)

Шәкiртке жанашыр,

Мейiрман кiм, жаны асыл?

(Ұстаз)









Ұшымен қазық

Тор көздi жазық.

Үстiне өттiм,

Асыл сөз жазып.

(Дәптер)

Кiшкене құдықтан,

Найза ұшты шыбығым,

Су iшiп құныққан.

(Сиясауыт) 

Қабы сояу,

Дiнi – бояу.

(Қарындаш)

Қысқа таяқ дiңi бар,

Шиырлаған iзiнде

Сайрап тұрар тiлi бар.

(Қарындаш)

Ойларынды аңсаған,

Асыл сөздi ақ алаңға,

Түсiруден шаршаған,

Мен емеспiн әмәнда.

(Қалам)

Тiл жоқ өзiнде,

Сөзi бар iзiнде.

(Қаламсап) 

Бар ойынды жиямын,

Ақ қағазға құямын.

(Сия) 

Сағат сайын қағылады,

Тек мектептен табылады.

(Қоңырау)

Күмiс алмұрт тiлi бар,

Сыңғырлаған үнi бар.

Шақыратын бiлiмге,

Сағаты бар, күнi бар.

(Қоңырау)

Денесi бар шыбықтан,

Темiр тұмсық құдықтан,

Сусын алып iшедi,

Ойы iз боп түседi.

(Қаламсап)

Бөлiнгендi табыстырып,

Бiрiктiрсе қабыстырып.

Жымдастырған жiгiт де,

Байқамайсың түгiн де.

(Желiм)

Жұқа тақтай бөлшегi,





 Бiр санға өсiрдi,

Өзi қалып орнында,

Бiздi алға көшiрдi.

(Класс) 

Доп сынды келбетi,

Онда бар түп-түгел,

Әлемнiң әлпетi.

(Глобус) 

Оқу-бiлiм аспабы,

Қоймасының бас қабы.

Бөлмесi де бiрнешеу,

Тиегi бар ашпалы.

(Сөмке)

Көкқұтанша ақ айдында,

Бiр аяқпен тұрады.

Тұмсығымен ол мұнда,

Шыр айналып шығады.

(Циркуль)

Бiрiн-бiрi қоштаған,

Бiр үйден көрдiм,

Қырық екi дос-жаран.

(42 әрiп)

Елдерi мен қаласы,

Ойпаты мен даласы.

Теп-тегiс тақтай-ды,

Өзенi де ақпайды,

Тоғайы мен тауы бар,

Бұл не, өзiң тауып ал.

(Карта) 

Қаласы бар, елi жоқ,

Даласы бар, шөбi жоқ.

Мұхиты бар, суы жоқ,

Орманы бар, нуы жоқ.

Шыңдары да теп-тегiс,

Кең жазықтан әр түстi,

Шығыс пенен батысты –

Бар әлемдi табасың,

Өзiң таң боп қаласың!

(Географиялық карта)

Бiр санға өсiрдi,

Өзi қалып орнында,

Бiздi алға көшiрдi.

(Класс) 

Әлемнiң әлпетi.

(Глобус) 







Оқу-бiлiм аспабы,

Қоймасының бас қабы.

Бөлмесi де бiрнешеу,

Тиегi бар ашпалы.

(Сөмке)

Қырық екi жауынгер,

Сапын түзеп тұрады.

Бұлдiршiндер

Қауымды ел,

Сырын терең ұғады.

(Алфавит) 

Бiлiм менен тәлiм,

Парақты ашқанда

Беттерiнен мә„лiм.

(Күнделiк)

Оқушыға күнде ерiп,

Жұретiн не?

(Күнделiк)

Кепкен жарғақ,

Шеңберге керiлген,

Соқсаң сарнап,

Үн шығады төгiлген.

(Барабан) 

Былғанышты жақтырмайды,

Ол бар жерде дақ тұрмайды.

Бiрақ тағы өз үстiнен,

Таза бiр жер таптырмайды.

(Сорғыш) 

Әңгiме, аңыз, ертегi,

Нотасы мен әнi бар.

Суретiн де көр тегi,

Қандай журнал бәрi бар?

("Балдырған")

Үстiнде есiгi,

Өзi орындық, әрi үстел,

Оқушылар бесiгi.

(Парта) 

Iлулi тұр кең алаң,

Керегiмдi мен одан.

Жазып алам көшiрiп,

Сүртем сосын өшiрiп.

(Тақта)

Оқуыма төрешi,









Ыдыс-аяқ және басқа да үй жабдықтары туралы



Төңкерсең күмбез сынды,

Шалқайтсаң құдық сынды.

Жиегiнде қос құлағы бар,

Тiк көтерген үш бұтағы бар.

(Қазан) 

Сыртын отқа қақтайды,

Одан басқа жақпайды.

(Қазан)







Құлағы бар қалқиған,

Аузы бар аңқиған.

Шығып алып ерте-кеш,

Төрт аяққа талтиған,

Қыздырады жалынға

Дәу  қарынын қампиған.

(Қазан)

Иiнiнде құлағы,

Iшiнде бұлағы.

Көмейiне от салсаң,

Ызыңдап тұрады.

(Самауыр) 

Құдықтың iшiнен,

Құдық көрдiм.

Бiрiнде – су қайнайды,

Бiрiнде – от жайнайды.

(Самауыр)

Күмiс күбi –

Ортасында құбыры бар,

Тесiк түбi.

(Самауыр)

Қақпағы бар, жез құдық,

Сусыны ыстық кез құдық.

Ортасында оқпаны,

Онысының от жаны.

(Самауыр) 

От басады табаны, 

Тек қана су тамағы.

Киiм-кешек хақында



Адамның сәнi,

Онсыз жоқ мәнi.

(Киiм)

Дорбаға тығып, бас бағын,

Байлай салдым қос жағын.







Қыста,

Шығарда тысқа,

Құлағы салпақ,

Құйрығы жалпақ,

Төбесi жайпақ,

Түктi маңдайы тайпақ,

Iшi мамық байпақ.

Қара орманды қаптадым,

Сөйтiп жан сақтадым.

(Тымақ) 

Ортасы күмбез,

Жиегiн көмкерген.

Етегi желкендей,

Киiм едi ол нендей?

(Кимешек) 

Әкем ақ тауын,

Ақ шарбымен орады.

(Сәлде)

Әшекейлi күбiнi,

Үюлi тұрған шөмеле,

Кигiздiм биiк төбеге.

(Сәукеле) 

Сырт жағына зер жiппен,

Көз тартатын көрiкпен.

Ою-өрнек бастырған,

Шалқасынан тастаған,

Кәдiмгi сырлы тостаған,

Қойсаң егер төңкерiп,

Төңiрегiн көмкерiп,

Тостағандай бос тұрған,

Киiз үйден аумайды,

Басқұрмен бастырған.

Iшi – егiс,

Сырты – тегiс.

(Тон) 

Аузы бiр –

Қос құбыр.

(Шалбар) 

Ерте тұрдым да,

Қос жолға түстiм.

(Шалбар)

 









Қолы бар,

Саусағы жоқ.

Мойны бар,

Басы жоқ.

(Көйлек)

Күндiз

аяғымды қаптаймын,

Түнде

Босағаға тастаймын.

(Аяқ киiм)

Кұнi бойы жүргiзедi,

Үйге де кiргiзедi.

Бiрақ, өзi iзеттi,

Босағада қалып

Шығуымды күтедi.

(Аяқ киiм)

Бес айналы туыс,

Тапқаны бiр қуыс.

(Тырнақ пен етiк)

Судан ғайып,

Әжемде бар

Қос қайық.

(Кебiс) 

 

Қаз-қарта тесiгi бар,

Қақпақсыз есiгi бар.

Көмейiнде тiлi бар,

Аузын буар жiбi бар,

Кеме сынды пошымы,



Киiз үй және оның жабдықтары жайында



Ұқсайтын шеңберге

Қабырғасы жиылып, керiледi.

Жиқазы мол кең бөлме,

Төбесiнен жұлдыздар көрiнедi.

(Киiз үй)

Көзi көп қабырға,

Бiлiнбес жамауы.

Тұмсығын шатырға

Тығады сабауы,

Байланар ақырға,

Бұйдалы танауы.

(Киiз үй)

Аяғы жер тiреп,

Таяғы көк тiреп тұр.

(Киiз үй)

Төбедегi көзiнен,

Күн сәулесi түседi.

Бұрышы жоқ төрiнен,

Самал еркiн еседi.

(Киiз үй)

Жетпiс екi найзаны,

Бiрiктiрiп ұстап тұр,

Ата-бабаның қай жаны,

Ие болса оған – ұшпақ бiр.

(Шаңырақ)

Керсең,

Алып тор жолды парақтай,

Жайсаң,

Қатарлап сызған жолақтай.

(Кереге)

Қабырғасы тор көз,

Төбесiнде зор көз.

(Кереге; Шаңырақ)





























Ортасы ашық,

Шомбал төрт қазық.

Тiк тұрар күн ұзын,

Екеуi тым ұзын.

Бiрi – онда.

Бiрi – солда.

Қатар жатқан таласа,

Екеуiнiң бойы аласа.

Бiрi төбемде,

Бiрi еденде,

Осы төрт қазықтың,

Iшiндегi жазықтың.

Үстiн жапқан шап-шағын,

Ашсаң тақтай қақпағын.

Жол бередi кiсiге,

Кiресiң үй iшiне.

(Қос жақтау; Маңдайша; Табалдырық; Есiк)

Тұмсығын тесiп,

Жүннен бұйда есiп.

Қазыққа байладым.

(Уық)

Имек бүйiр ұшының,

Бұйдасы бар.

Қырлы сүйiр ұшының

Ұясы бар.

(Уық)

Бiр басы имек,

Бiр басы үшкiр сырық

Қатар-қатар тұрып,

Күмбез сынды шеңбердi,

Көкке тiктеп көтердi.

(Уық)

Тақиялы сүмбi тал тiзбегi,

Ақ шапан жамылды жүн тегi.

(Үзiк) 















Ұшы екi айыр ақ таяқ,

Сұйенiп тұр жатпай-ақ.

(Бақан)

 

Түрiлiп тұрар бiр басы,

Бұрышсыз үйдiң мұржасы.

(Түңлiк)

Дәу шеңбер шатырлы,

Төрт тамырлы,

Ақ жаулық жамылды.

(Түңлiк, оның төрт бауы)

Қабырғаның кең төрi,

Ажыратпай ұстап түр.

Жұмыр болат шеңберi.

(Белдеу)

Дөңгелек үйдiң

Қара-шұбар жыланмен

Белiн будым.

(Белдеу)

Көк тiреп тұрған,

Көп таяқты буған.

(Басқұр)

Даланың тайраңын,

Қаз-қатар тұрғызып,

Отыз жерден байладым.

(Ши)

Түбiнен үзген,

Қатарлатып тiзген,

Сұйрiктi тұттым,

Таза ауа жұттым.

(Ши)

Келсең жолды ашады,

Кетсең жолды жабады.

(Есiк)

Үйден

Ең соңынан шығатын кiм?

Үйге

Ең алдымен бас тығатын кiм?

















Көмейлете iндi,

Сүңгiтiп ем тiлдi.

Темiр кiсен дiнi,

Кейiн қарай шегiндi.

(Кiлт)

Күзетем деп үйдi,

Жұдырығын түйдi.

(Құлып)

Қақпаның қалы,

Оның да бар

Оң мен солы.

(Топса)

Жиегiне қағылар,

Әр есiктiң қалы бар.

Ол болса қақпа да

Ашылып-жабылар.

(Топса)

Төрт таяққа керiлдi,

Әдемi үй боп көрiндi.

(Шатыр)

Кәсiби мамандық иелерi



Айдында жүзедi,

Тiрi күмiс сүзедi.

(Балықшы)

Алатаяқ ұстаған,

Жол тәртiбiн нұсқаған.

Өмiрiңдi күзеткен,

Ысқырығы күштi адам.

(Милиционер)

Өнерге тән жаратқан,

Көкiрегi кең аспан.

Барша жұртты қаратқан,

Бейнегер кiм тым асқан?

(Қылқалам шеберi)

Маңдайға жағып шырақты,

Лавалардан тұрақты.

Ағызып отын өзенiн,

Жылытқан кiм суретiн?

(Бейнегер)















Жасыл желек көгалда,

Бiрде артқа,

Бiрде алға,

Желаяј көп бала,

Таласып жүр бiр шарға.

(Футболшылар)

Өңкей сығай екi топта,

Таласып жүр бiр допқа.

(Футболшылар)

 Жолының көп азабы,

Сондадағы тынбайды.

Жаңалықты жазады,

Көпшiлiктi тыңдайды.

(Журналист)

Кең байтақ туған жерiме,

Кетпесiн деп жат iз өтiп.

Тыныштық тiлеп елiме,

Отанды кiм тұр күзетiп?

(Жауынгер)

Арқан байлап белiне,

Шымырлықпен бекiне.

Өрмелейтiн қай өрен,

Шыңның шырқау шегiне?

(Альпинист)

Шың басына өрмелеп,

Күнге ұмтылар дөңгелек. 

(Альпинист)

Айлар бойы жүзедi,

Жердi көрмей жүредi.

Ақ жал таумен алысқан,

Адамды кiм бiледi?

(Теңiзшi)

Төл өсiрiп момақан,

Уыз iшкен қоймалжың,

Бiлсең айтшы, балақан,

Еңбегi зейнет кай малшы?

(Қойшы)

Тұлғалы кең иығы,

Мұнара оның тұрағы.

Маң далада бұйығы,

Сөнбей жанса шырағы,

Жер астының сұйығы











Ол жетсе ауылға,

Самсар жұлдыз торабы,

Нұр шашып тұрады.

(Электршi) 

Күмiс қанат, сұңқары,

Көкке еркiн сүңгидi.

Бұлттан да тым әрi,

Кеткен жанды кiм дейдi?

(Ұшқыш)

 Өрнектеп, сәндеп,

Тiгiстерiн бүгетiн.

Солпысын жөндеп,

Кiм көйлек тiгедi?

(Тiгiншi)

Қалпағы ақ қарасаң,

Дәрiгер емес, бiрақ ол.

Дәм мәзiрiн қаласаң,

Алға ұсынып тұрады ол.

(Аспаз)

Топырақтың құнарын,

Дәл тауып құрамын,

Қай жерде қай дақыл,

Өнiм берер бай дақыл,

Зерттеп дәйiм жүретiн,

Кiм бәрiн бiлетiн?

(Агроном)

Көрiнбейдi өзi,

Естiледi сөзi.

(Радио дикторы)



Жалтылдап қалағы,

Салатын кiм қаланы?

(Кiрпiш қалаушы)

Қараңғыны қақ жарып,

Жүрген кiм шам жағып?

(Монтер)

Бал татыған мәзiр,

Ол бар жерде әзiр.

(Аспаз)

Өскен шашты жаратпайтын,

Қайшысы бар жалақтайтын.

(Шаштараз)











Оның тiккен бұйымы,

Аяғыңды қаптайды,

Шыға қалса жұлымы,

Әдемiлеп баптайды.

(Етiкшi)

Ортасында сан халық,

Белдескенде жан салып.

Жерге тимей жотасы,

Атанған күш атасы,

Айбаттыны кiм дейдi,

Қайраттыны кiм дейдi?

(Балуан)

Көкке ұшқан шарықтап,

Шаңырақтың бауынан.

Ұстап үстем қалықтап.

(Парашютист)

Дабылға тез жететiн,

Жалынға сүңгiп кететiн.

Қақалса да түтiнге,

Тайсалмайтын батыл кiм,

Жасқанбайтын батыр кiм?

(Өрт сөндiрушi)

Рояльда ойнайды,

Бiрақ та ән салмайды.

(Әрiп терушi)

Құрып қойып өрмегiн,

Ұршықтарын ойнатып.

Сәндi мата өрнегiн,

Жасайтын кiм жайнатып?

(Тоқымашы) 

 Ұзын-ұзын жолдар бар,

Үйрек қонар көлдер бар.

Ат үстiнде шокиып,

Отыратын күндер бар.

(Өрмек тоқушы) 

Отан үшiн жан берiп,

Жоғалтқанмен ол атын.

Жүрегi бар мәңгiлiк,

Халықпен бiрге соғатын.

(Белгiсiз солдат) 

Екi шекпен күмбiрлеп,

Көңiл сазын сапырады,

Тұлпар шабыс дұмбiрлеп,

Желпiндiрiп отырады.

Адам және оның дене мүшелерi жайлы



Маған да , саған да,

Жақын туыс – бес адам.

Үш әрiптен тұратын,

Оңға оқы, солға оқы,

Өзгермейдi еш одан,

Бәрi де өз жұратың,

Айтады кәне: кiм атын?

(Ата; Ана; Апа; Аға; Iнi)

Даладай

Кiмнiң кең пейiлi?

Данадай,

Кiмнiң мол мейiрi?

(Ана) 

Отынсыз, сусыз пiскен ас,

Адамның бәрi iшкен ас.

(Ана сүтi)

Iшi ақ айдын,

Екi ағайын.

(Ана емшегi) 

Сырты орман,

Алды жазық құрлықты,

Араласаң,

Табасың жетi құдықты.

(Бас)

Сыртқа шығар жолы тұйық,

Тұсi шымқай қызыл сұйық.

(Қан)

Таппайтын тағат,

Тығулы сағат.

(Жүрек) 

Көрмеген ешкiм,

Дәмiн татып.

Қара орман асты,

Ұйыған қатық.

(Адамның миы)

















Құрамалы сырық,

Берсең ырық.

Кетесiң тұрып,

Барасың жүрiп,

Қаласаң,

Отырасың бүгiп.

(Аяқ)

Бунақты көсеу,

Тармағы бесеу.

(Қол мен Саусақ)

Бiр бұтақта – бес тармақ,

Бiрiнде бар мүйiз қалпақ.

(Бес саусақ)

Белдеуде бес ат,

Бесеуi де қасқа ат.

(Саусақ)

Қатар өскен дос құсап,

Екi жақта қос бұтақ.

Әрқайсысында

Бiрi қысқа

Бiрi ґзын

Бес бұтақ.

(Қол мен Саусақ)

Дәу үңгiрдiң қақпасы,

Жабылады, ашылып,

Жоқ болса да топсасы.

(Ауыз)

Бiр беткейде екi көл.

(Көз)

Жағасы құрақ,

Мөлдiр суат.

(Көз) 

Қос дөңгелек мөлдiреп,

Iшiнде бар қарашық,

Алғы жаққа елжiреп,

Қарайды ылғи таласып.

(Жанар)

Сөз ұққыш –

Қос тұтқыш.

(Құлақ)

Бiр таудың екi жағына,

Екi қалқан жабысқан.

Жақын барсаң маңына,

Сезе қояр дыбыстан.







Үңгiр түбiнде жалбырап,

Өсiп тұр жалғыз жапырақ.

(Тiл)

Есiгiн ашсаң,

Сайраған бұлбұл.

Есiгiн жапсаң,

Жайраған құр күл.

(Тiл)

Үңгiрдi жайлаған,

Сұйексiз, тиексiз,

Жылмаңдап сайраған.

(Тiл)

Үстi шарбақ,

Асыт шарбақ,

Ортасында

Тұрар сарнап,

Жалғыз бармақ.

(Тiс пен Тiл)

Үңгiр толы асыл тас.

(Тiс)

Отыз екi батыр,

Екiге бөлiнiп,

Қамалып жатыр.

(Тiс)

Қамалда бар

Алақандай қызыл от,

Отыз жаугер,

Көрсетедi қызымет.

(Тiл мен Тiс)

Екi көл – кiл тынған,

Екi ну – құлпырған.

Жатса да қатар жарысып,

Көрмептi бiрде танысып.

(Екi көз, Екi қас)

Дөңнiң сыртқы қабаты –

Қарлығаштың қанаты.

(Қас)

Қабақта бар қалың тоғай,

Жолсыз-ақ табарсың оңай.

(Қас)











Тау басы тұнық,

Қаптаған шыбық,

Қойсаң да қырқып,

Өсе бередi,

Қайтадан шығып.

(Шаш)

Шыңда бар орман,

Құсы жоқ қонатын.

Тек қана қолмен,

Шөбi көп оратын.

(Шаш)

 Мөлдiреп екi көл жатыр,

Ортада дөңес бел жатыр.

(Мұрын мен Көз) 

Екi көршi,

Бiрi – пысылдауық,

Бiрi – сақылдауық.

(Мұрын мен Ауыз)

Алқапта бар биiк тау,

Алды тiк жар қиық тау.

Қос үңгiрi желдетiп,

Ауа жұтар селдетiп.

(Мұрын)

Қатар жатқан қос iн,

Аң кiрмейтiн бос iн.

(Танау)

Қос жиек,

Ортасы

Ақ сүйек.

(Ерiн)

Өсiп тұратын демде,

Бұтақ сайын теңге.

(Тырнақ)

Бәрi таныс,

Көз алдымда тұр.

Бәрi қалыс,

Үнсiз қалпында тұр.

(Сурет)

Жотада бар

Кеуiп жатқан

Жалғыз оқпан.











Күндiз,

Қасыңнан қалмайды.

Бiрақ

Ешкiм ұстай алмайды,

Қорқақ па,

Қараңғыға бармайды.

(Көлеңке)









Ұйқасын тап



Өзiнше ноян,

Қорқақ кiм?..

(Қоян)

Үкiсi бар қарыс,

Бунағы көп...

(Қамыс)

Тұмсығымен шымшып,

Құрт тередi...

(Шымшық)

Бата алмас түлкi,

Үстi тiкен...

(Кiрпi)

Тастан тасқа секiрiп,

Жем тередi...

(Кекiлiк)

Көз алмай күнге алыс,

Қарайды...

(Күнбағыс)

Маңайын түгел көрiп,

Биiктен қарайды...

(Керiк)

Түнде үйге ерек нұр,

Шашып тұрды...

(Электр)

Құйрығы он қарыс,

Бұл айбатты...

(Жолбарыс)

Тауда жүрген тарғыл аң,

Ол қайратты...

(Қабылан)







Кезiп жүрген шаңдақты,

Көрдiм жаңа...

(Қаңбақты)

Жүндi жайып өрнектеп,

Шиге орап тептiк төпелеп.

Сосын аштық көрмек боп,

Дап-дайын тамаша...

(Текемет)

Өңешi кең таңдайын,

Дөнге тосты...

(Комбайн)

Төменге қарамай,

Көкке өрлер...

(Қарағай)

Алмастан тыным,

Шабады...

(Құлын)

Жағасында бұлақ

Жайылып жүр...

(Лақ)

Уылжыған албырт,

Дәмi ғажап...

(Алмұрт)

Шабақ аңдып жағада,

Шарқ ұрады...

(Шағала)

Сылдыр қағып,

Таудан құлап.

Жатыр ағып,

Мөлдiр...

(Бұлақ)

Аппақ доп тауып,

Шақырды ақ...

(Тауық) 

Қалғиған қос құлақты,

Теңбiл түрi көрiктi,

Мекен жерi бұлақты,

Бiлемiсiң...

(Елiктi)

Бақта өскен сәнi бар,

Гүлi майда көрiктi.

Жемiсi бар дәмi бал,

Жақсы көрем...

(Өрiктi)

Дамыл таппай бiр мезет,

Жортумен жүр сүр...





Көкте жарқылдап найзадай,

От шашты шатынап...

(Найзағай)

Күн жылынды көктем кеп,

Жонның бәрi...

(Көкпеңбек)

Жайқалып биыл шығыпты,

Тiгiп ем былтыр...

(Шыбықты)

Тор тоқып бермекшi,

Өзi ескен жiбiмен

Әлде кiмге...

(Өрмекшi)

Айбат шегер алыстан,

Аң патшасы...

(Арыстан)



Бәрi бiрдей жұмысқа,

Шығатын кiм?..

(Құмырсқа)

Жүгiретiн қуанып,

Бала бiткен андыздап,

Қандай тәттi...

(Балмұздақ) 

Дертке дауа шипалы,

Витаминдi күш – қуат.

Дәрмен құртпай жүйкенi,

Ауылға бар, iш...

(Шұбат)

Үнi ғажап,

Дүлдүл,

Бақта сайрар...

(Бұлбұл)

Орыннан-орынға ауысқан,

Ұшқалақ қарала...

(Сауысқан)

Есек құлақ,

Ол не?

(Құрақ)



















От пен жарық жайлы



Күндiз жанбайды,

Түнде маздайды.

(Шырағдан)

Шеңбердiң үш тағанын,

Қаракөлдiң табанын.

Қызыл сиыр жалап тұр,

Терлеп, буы тарап тұр.

(Қазан; Жалын)

Қып-қызыл кезiнде,

Бет қаритын жапырақ,

Табы қайтқан кезiнде,

Сұп-сұр майда топырақ.

(Шоқ пен Күл)

Жүрген жерiн жалмайды,

Тастан басқа қалмайды.

(От) 

Жердiң әрiн жейдi,

Жолда кезiккеннiң,

Аямай бәрiн жейдi.

Бұл қандай алпауыт?

Айта ғой, дәл тауып?

(Өрт)

Түсi нарттай,

Тiлiн тартпай.

Жолға шықса,

Қоймайды құртпай.

(От)

Қимылы оңдырмас,

Кiшкене қоңырбас.

(Сiрiңке)

Құйтымдай сандықтың,

Суырмасы толып тұр,

Қажеттi заты сан жұрттың.

(Сiрiңке)

Салып ем шыны сарайды,

Тiлiнен жарық тарайды.























 Өңұешi кең,

Дәу аузымен жұтады.

Төбесi дөң,

Кiшi аузымен құртады.

(Пеш)

Шудалары желпеңдеп,

Үйден шығып жатады,

Көкке өрлейдi көлбендеп,

Бұлт болып батады.

(Түтiн)

Үй үстiнен

Көкке өрлеп шығады,

Әуе iшiнен,

Iз-тұз жоқ боп тынады.

(Түтiн)

Қабырғаға қасынар,

Былғауыш басы бар.

(Сiрiңке)

Құрама темiр,

Қолқабысы көп –

Ғұлама темiр.

(Робот) 

Қызық iшек

Дөңгелек сайда жатыр.

Ақ шәйнек,

Бұрқылдап қайнап жатыр.

(Электр қыздырғышы)

Әуеде дәу қарынды үрдiм де,

Аузын байлап бүрдiм де,

Төмен қарай сүйредiм,

Ауада еркiн биледiм.

(Парашют)

Құмды жиған –

Тұмсығы диван.

(Экскаватор) 

Спорт бұйымдары мен ойын-сауық құралдары туралы



Таба алмай оң менен солыңды,

Адассаң қапылыста.

Дәл сiлтер көрсетiп жолынды,

Шығысқа,

Батысқа.

(Компас)

Қос әйнектен қарасаң,

Көз алдыңда тұрады.

Алыстағы орасан.

(Дүрбi)

Бiр құлаштай сабы бар,

Бунақтары тағы бар.

Басы ұқсас қайыққа,

Жолықтырар ойыққа,

Қос танабы тартылған,

Ұзына бойы ән тұнған.

(Домбыра)

Жүректi баурар үнi бай,

Баршаға ортақ тiлi бай.

(Саз) 

Қаламы жоқ, ал бiрақ,

Естiгенiн сөзбе-сөз,

Сол қалпында қабылдап,

Жазып алар тезбе-тез.

Қайталайды қойсаң көзбе-көз.

(Магнитофон) 

Бала бiткен соғады,

Жеңiл шарды домалақ.

Ұрсаң

Ұшып жоғары,

Жерге түсер домалап.

(Доп) 

Қампитын үрлеп қарының,

Қуалап басты арынын.

(Доп) 

Тепсең-ақ секiрiп,

Ұстатпай қашады.

Бiр жерге бекiнiп,

Тұра алмай сасады.

















Мiнсем,

Төменге зу етем,

Өрлесем,

Оны өзiм сүйретем.

(Шана) 

Мiнiп алып ылғи да,

Тыңнан жол табамын,

Жоғарыдан ылдиға,

Жұлдыз болып ағамын.

(Шана) 

Аяғымда

Басы қайқы қос сырық.

Таяғым да

Қуады оны састырып.

(Шаңғы)

Қайқы тұмсық қос табан,

Қос таяқпен ұштаған.

Итерсең алға заулайды,

Шойын жолдан аумайды.

(Шаңғы)

Даңғыл жол етемiн,

Тiлгiлеп ақ қарды.

Шарықтап кетемiн.

Қапталды,

Шатқалды.

(Шаңғы)

Табанға қанжар байладым,

Бетiнде айна ойнадым.

(Коньки)

Балалар суға салған жiп,

Тереңнен iлiп алар жүк.

(Қармақ)

Жердiң ирек құртына,

Құмар асау ұртына.

Iлгек iлiп шығарды,

Судың жаға сыртына.

(Қармақ)











 Жiңiшке жiп,

Жүрген сүйретiп.

Бiр басы – темiр iлгек,

Бiр басы – құрық имек.

(Қармақ)

Үрлесең жеп-жеңiл,

Елпiлдеп кетедi.

Ұшырсаң,

Көк-теңбiл,

Бұлтқа да жетедi.

(Шар) 

Үңгiген iшiне,

Қорғасын құйылған.

Әдемi түсi де,

Әрi тигiш қиырдан.

(Сақа)

Көше бойлап аяндайды,

Адам тасып аялдайды.

(Автобус) 

Темiр тайым,

Тамақты еш жоқтамайды.

(Велосипед) 

Суда – көлiк;

Құмда - өлiк.

(Қайық)

Көзi – төбесiнде,

Көлi – түбiнде.

(Құдық) 

 Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Не жүретiн жолы жоқ.

Мiнiп алсаң заулайды,

Бiрақ, iсi қалмайды.

(Қайық)

Жазда айдында жүзедi,

Қыста үмiтiн үзедi.

(Қайық)

Өзеннiң қос жағасын,

Жалғастырған жол жатыр,

Тура өтiп шығасың,

Су кештiрмес қол шатыр.

(Көпiр) 

Қос құбыр

Аузына iлiккен

Тез құрыр.

(Мылтық)





Азық-түлiк және тамақ түрлерi туралы



Алға жайып тұз-дәмiн,

Келтiредi үй сәнiн.

Ол халқымның ақ жаны,

Жақсы дәстүр маржаны,

Кеңпейiл де арайлы,

Осы жерден тарайды.

(Дастархан) 





Күрең қызыл түсi бар,

Тағамдардың асылы.

Қуат берер күшi бар.

(Таба нан) 

Беттескен қос табақ,

Ортасында бас тамақ,

Қоз бен шоққа ораса,

Дәм пiседi тамаша.

(Таба нан) 

Ұрмай-соқпай жылатады,

Әркiм бiрақ ұнатады.

(Пияз)

Өзi ащы,

Бiрақ,

Дәмдi етер асты.

(Тұз)

Ақ қиыршық еритiн,

Ас жоқ одан жеритiн.

(Тұз)

Көлiкпен түздiң,

Ащы тас сүздiм.

(Тұз)

Түсi аппақ,

Тысы қатты-ақ,

Екi түрлi уызы,

Жесең тәттi-ақ.

(Жұмыртқа) 

Есiгi жоқ,

Тесiгi жоқ,

Ақ доптың iшiнде,

Несiбi көп.

(Жұмыртқа)









Қос басы жұмыр,

Жiңiшке құбыр,

Iшiне жиған,

Дәмi де шымыр.

(Жiлiк майы) 

Аппақ су – дәмi тәттi,

Iшсең сусын қандырады,

Шөлдегенде қатты.

(Қымыз)

Терi құдық қауғасын,

Тарттым да,

Қанып iштiм дәмдi асын.

(Саба) 





Мал киiмi ысталған,

Дәмi дәмдi ұсталған.

(Мес)

Сұйық едi аппақ,

Бауырдай боп қатыпты,

Iшсең дәмi тәттi ақ.

(Айран)

Аппақ ас, сызы бар,

Балалар қызығар.

(Балмұздақ)

Мұз сынды түрi,

Тәттi дәмнiң бiрi.

(Науат)

Аппақ сұйық,

Қалса ұйып,

Шөлiң қанады,

Iшсең құйып.

(Сүт пен Айран)

Ең мықты дәрi,

Жұрттың бәрi.

Аусап iшер,

Бал татыр дәмi,

Ненiң нәрi.

(Шұбат)

Әжем уыстап сығып,

Далада кептiрген.

Қатты әрi тәттi дәмiн,

Кiм бар жеп көрген?









Мал төлдеп,

Әр ауыл

Пiсiрдi ақ бауыр.

(Уыз) 

Тобатайға құртымдай,

Жаз бойы бiр тынбай.

Жинаған гүл сөлiн,

Не?

Бiлсең, айтшы өзiң?

(Араның балы)

Аспан түстес сұйық,

Әркiм iшер құйып.

(Су) 

Бiр жансыздың қаны бар,

Тiл үйiрген дәмi бар.

Шөлдесең iш, қанып ал.

(Кесе мен Шай) 



Ұқсас атаулар жайлы



Бiрi – ағаш кесу құралы,

Бiрi – шырынды бал бұлағы.

(Ара)

Бiрiнен кисең бөрiктi,

Бiрiнен тiгiп,

Киерсiң киiм көрiктi.

(Қамқа)





Санасаң,

Бiр үйде төртеуi бар.

Қаласаң,

Ауызды өртейтiн нәр.

(Бұрыш)

Жел соқса,

Жайқалып толқиды.

Ел оқыса,

Тұла бойың балқиды.

(Өлең)

Бiрi – ыдысқа керек,

Бiрi – жүрiске керек.

(Аяқ) 







hello_html_1557cdeb.png

Санамақ.





Санамақ  қазақтың жас балаларға (4 — 7 жас) арналған ұлттық ойыны. Зеректікті, ептілікті пен икемділікті қажет ететін ойындардың қатарына жатады. Сандарды қайталап айтқызу арқылы балаға алғашқы матем. дәріс — санауды үйретеді. Санамақ айтылғанда әр санның атына бір ұқсас сөз қосылып айтылады. Санамақ ойыны осылайша сұрақ қойып, түрлі сандар мен сөздерді қайталап айтқызу арқылы баланың ойлау қабілетін арттырып, сөздерді анық айтуды үйретеді. Қай халықтың болмасын балалар ойындарын бастауда санамақтар басты рөл атқарады. Өзiнiң ерекше кең таралуымен де, балалар көңiл күйiне әсерлiгiмен де, сандық көлемi жағынан да бұл жанр ойындық балалар фольклорында ерекше маңызды орын алады. Барша халықтар санамақтарының атқаратын негiзгi қызметi ортақ, ол – ойынды бастауға жетекшi тағайындау және сол ойындағы әр баланың мiндетiн анықтау. Санамақты балалар тiлi еркiн шыға бастағаннан (3-5), ойыннан қол үзiп ересек тарта бастағанға дейiнгi (13-15) жас кездерiнде жарыса жаттап, қызыға айтып жүредi. Жас өспiрiмдер арасында осыншалық құрметке ие болған бұл жанрдың тәлiмдiк мәнi де өте зор. Ең алдымен ұйқасты өлеңдер баланың поэзияға құмарлығын арттырып, әдемi сөйлеуге дағдыландырса, санамақты көп жаттауға деген құлшыныс олардың жаттау қабiлеттерiн, танымдық ой өрiсiн дамытады, ал санамақты ырғағымен айта бiлу мәнерлi сөйлеуге үйретсе, санамақ тәртiбiн бұзбай айту баланы сергектiкке, байқампаздыққа, турашылдыққа баулиды.





hello_html_19cc4492.png







БІР, БЕТІҢ ӨТЕ КІР.

Бір,
Бетің өте кір.
Екі,
Бейбасқа жекі
Үш,
Ұмтыл алға түс.
Төрт,
Беске оқу - серт.
Бес,
Белестерден желдей ес. 
Алты,
Антты бұзбау - ата салты. 
Жеті,
Қойдың семіз еті.
Сегіз,
Қоздасын қой егіз.
Тоғыз,
Арам айуан - доңыз.
Он,
Торқадан артық тон.



БІР - БІЛІМ АЛДЫМ,

Бір - білім алдым, 
Екі - егін салдым.

Үш -үй көшірдім, 
Төрт -төл өсірдім.

Бес- белге шықтым, 
Алты- асық ұттым.

Жеті - желім жақтым, 
Сегіз - серке бақтым.

Тоғыз — тойға бардым, 
Он - отын жардым.



Егеу - екеу, 
Үскек - екеу. 
Қос-қосынан 
Қосса нешеу?



АМАЛ САНАМАҚТАР

Алдында үш балапан, 
Артында үш балапан. 
Ақ тауық пен балапан 
Айтшы санын, балақан.



Буыршын мен атан бар, 
Тайлағым мен ботам бар.
Үш інгенге иемін, 
Санын айтшы түйемнің.



БІР ДЕГЕНІМ - БІЛІК,

Бір дегенім - білік, 
Қолың жүр іліп, 
Білік - шалғы тұтқасы, 
Алғаның жөн біліп.

Екі деген есті, 
Ел жайлауға көшті. 
Салқын екен жайлау, 
Салқын самал есті.

Үш дегенің - үскі, 
Ұшып жерге түсті. 
Тындыратын істі, 
Үскі неткен күшті.

Төрт дегенім - төсек, 
От жағамын көсеп. 
Төсек жақсы, өйткені 
Жайлы орынға есеп.

Бес дегенім - бесік, 
Бөбек жатар өсіп. 
Уағында анасы 
Шомылдырар шешіп.

Алты деген - арша, 
Арша отын жанса. 
Мыңтап қазан қайнатар, 
Жіктеп отқа салса.

Жеті деген - жебе, 
Жебе бұзар кебе. 
Жебе-кебе сөзі -
Ертегі сөз көне.

Сегіз деген - сенім, 
Болашағың сенің. 
Сені азамат болар деп, 
Сеніп отыр елің.

Тоғыз деген - торпақ, 
Болма өзің қорқақ. 
Еңбек етсең жарайды, 
Көп ісіне ортақ.

Он дегенде ойлап, 
Тапқан сөзім - оймақ. 
Жалғастырып тағы да, 
Айтыңдаршы жайлап.



БІР ДЕГЕНІҢ - БІЛЕУ,

Бір дегенің - білеу,
Екі дегенің - егеу,
Үш дегенің - үскі,
Төрт дегенің - төсек,
Бес дегенің- бесік,
Алты дегенің — асық,
Жеті дегенің — желке,
Сегіз дегенің - серке,
Тоғыз дегенің - торқа,
Он дегенің - оймақ,
Он бір - қара жүмбақ.
Жұмбағым жұтылды,
Өрге қарай қүтылды,
Оны таппаған Айнабек тұтылды.



БІР ДЕГЕНІМ - БОЗ ДАЛАМ,

Бір дегенім - боз далам, 
Екі деген - ер бабам.

Үш дегенім - үй-ордам, 
Төрт дегенім - тау-орман.


Бес - баланың бесігі, 
Алты - алаштың есімі.

Жеті - Жердің қабаты, 
Сегіз - саудың санасы.


Тоғыз десем - той барам, 
Он дегенде - ойланам.

Мұның бәрі бізде бар, 
Он бірді өзің іздеп ал.



АЛ, САНАҢДАР, САНАҢДАР,

Ал, санаңдар, санаңдар, 
Бізде қанша адам бар? 
Алдымда: 
Атам, өжем бар, 
Алдымда: 
Әкем, анам бар. 
Білмесеңдер біліңдер, 
Тағы саусаң бүгіңдер. 
Алдымда: 
Әпкем, көкем бар, 
«Аман жүрсін інім» бар. 
Өзім бармын, 
Інім бар,
Кіп-кішкентай күнім бар. 
Қанша болдық бәріміз, 
Қанша болдық?... 
Біліп ал!
Бізде қанша мысық бар? 
Бізде қанша күшік бар?...



КЕЛ САНАЙЫҚ САНАМАҚ,

Кел санайық санамақ, 
Саусақтарды даралап. 
Бас бармағым алғашқы -
Балаң үйрек жалғасы. 
Ортан терек - кезекші, 
Шылдыр шүмек - көмекші. 
Шынашағым - балапан,
Бәріне ортақ алақан. 
Шылдыр шүмек -мен,
Титтей бөбек - сен. 
Бір үйде біз нешеуміз? 
Бір үйде біз бесеуміз.





АЛМА ЖИНАП БӨЛІСТІ.

Алмас, Асан келісті, 
Алма жинап бөлісті. 
Арасында бір алма, 
Айтыс болды бұларға.
Асан берсе, алмасы 
Үштен бірі кем болар. 
Алмас берсе, алмасы 
Асанның да тең болар. 
Алма санап көріңдер, 
Екіге тең бөліңдер.







АҒАШ-САНАМАҚ

Бір дегенім - бәйтерек, 
Екі дегенім- емен.

Үш дегенім - үйеңкі, 
Төрт дегенім - тұт.

Бес дегенім - беке (айва), 
Алты дегенім - арша.

Жеті дегенім - жиде, 
Сегіз дегенім - сексеуіл.

Тоғыз дегенім - тораңғы, 
Он дегенім - орман. 
Орман - аң-құстарға қорған.



АҢ-САНАМАҚ

Бір дегенім - бөрі, 
Екі дегенім - елік.

Үш дегенім - ұшар (аң), 
Төрт дегенім - түлкі. 

Бес дегенім - бөкен, 
Алты дегенім - арқар.

Жеті дегенім - жайран, 
Сегіз дегенім - сілеусін. 

Тоғыз дегенім - толай, 
Он дегенім - ор қоян.



ҚҰС-САНАМАҚ

Бір дегенім - бірқазан, 
Екі дегенім - ементұмсық. 

Үш дегенім - үйрек, 
Төрт дегенім - торғай. 

Бес дегенім - безгелдек, 
Алты дегенім - алабұлдырық, 

Жеті дегенім - жек (дуадақ), 
Сегіз дегенім - сұңқар. 

Тоғыз дегенім - тоқылдақ, 
Он дегенім - оқпақ.



ЖӘНДІК-САНАМАҚ

Бір дегенім - бүрге,
Екі дегенім- есеқара.
Үш дегенім - үйез (шыбын),
Төрт дегенім - түлкішек (түкті құрт).
Бес дегенім - бөгелек,
Алты дегенім - аламан.
Жеті дегенім - жегі (құрт),
Сегіз дегенім - сүлік.
Тоғыз дегенім - тоқалтіс (тышқан),
Он дегенім - оқ жылан.
Жетім қалар жәндіксіз,
Мына орта қоршаған.



САНДАР СЫРЫ

Бір — дегенім бірлік, 
Бірге ойнадық, күлдік. 
Бір үйдегі көп бала, 
Бір көлікке міндік.



БІЗДЕР САНАЙ БІЛЕМІЗ,

Біздер санай білеміз, 
Білмегенге күлеміз. 
Біреу, екеу, үш, төрт деп, 
Бес, алты... деп жүреміз.



ОНҒА ДЕЙІН САНАЙЫҚ!

Қолға қалам алайын, 
Қанша сан бар жазайық. 
Қарап тұрмай, сандарды 
Қайта-қайта санайық.

О

Дөңгелекке ұқсайды, 
Доп сияқты, ұшпайды. 
Досым нөлді О дейді, 
Десем «бұл нөл», ұқпайды.

1
Біздің үйде бір тауық, 
Бір жұмыртқа жүр тауып. 
Бір сиыр бар қорада, 
Бәтіш тәтем жүр сауып.

2
Екі аяқпен жүремін, 
Екі көзбен көремін. 
Екі қолым бар менің, 
Екеу құлақ, білемін.

3
Үйімде бар үш қалам,
Үшеуін де ұштағам.
Үш досымды салдым мен, 
Үш балыққа ұқсаған.







4
Төрт дөңгелек арбада, 
Төрт аяқ бар малда да... 
Тауыса алмай бидайды, 
Төрт тышқан жүр қамбада.

5
«Бестік» деген бағаны, 
Бақыт күнде алады. 
Бәрі жақсы көреді, 
«Беске» оқыған баланы.

6
«Алақай!» дер келді күн, 
Алтыдамын мен бүгін. 
Алты жасқа келмекші, 
Алғы аптада енді кім?!

7
Жеті саны киелі, 
Жұрттың бәрі біледі. 
Жеті жасқа жеткендер, 
Жығылмай-ақ жүреді.

8
Сен де, мен де баламыз, 
Сегіз санын саламыз. 
Сегіз деген екі төрт, 
Сегіз жаста ағамыз.

9
Тоғыз жасқа келгенім -
Тоғыз жылды көргенім. 
Тоғыз жаста тәнті еткен, 
Талабымды көр менің!

10
Он жыл, он жас - он деген, 
Он жас кіші ол менен. 
Онды жаза аламыз, 
Он - тұрған бір нөл менен.



БІР ҮЙДЕ ОН БАЛАМЫЗ,

Бір үйде он баламыз, 
Бір-бір жастан арамыз.
Бір жастағы - Біржан 
Екідегіміз - Елжан 
Үштегіміз — Үсен 
Төрттегіміз - Төкен
Бестегіміз - Бекен 
Алтыдағымыз - Арқан 
Жетідегіміз - Жетен 
Сегіздегіміз - Сөкен
Тоғыздағымыз - Тойтан 
Ондағымыз- Ойқан
Жастарымызды қосыңыз, 
Қосындысы қанша осының?



1. Б-ДАН БАСТАЛАДЫ - БИЕ ДЕ,

1.    Б-дан басталады - бие де,
2.    Е-ден басталады - егін де,
3.    Ү-ден басталады - үлек те,
4.    Т-дан басталады - төбе де,
5.    Б-дан басталады - бесік те,
6.    А-дан басталады - атан да,
7.    Ж- дан басталады - жент де,
8.    С-дан басталады - сең де,
9.    Т-дан басталады - тон да, 
10.   О-дан басталады - оқу да,
Он бір ойға тоқу да керек.



БІР ДЕГЕНІМ - БЕЛІН,

Бір дегенім - белін, 
Екі дегенім- егін, 
Үш дегенім - үкі, 
Төрт дегенім - төл, 
Бес дегенім - бекіре, 
Алты дегенім - адам, 
Жеті дегенім - жеміс, 
Сегіз дегенім - сең, 
Тоғыз дегенім - тоң, 
Он дегенім - оң, 
Он бір болады одан соң.



ЕКІ ДЕГЕНІМ - ЕЛІМ,

Екі дегенім - елім, 
Атамекен жерім. 
Ол - өзен, көл,кең дала, 
Ол - тауларым менің.



ҮШ ДЕГЕНІҢ - ҮЙ,

Үш дегенің - үй, 
Үйсіз оңбас күй. 
Үй - туған ел бөлшегі, 
Соны еске түй.







ТӨРТ - АТАҚТЫ ТӨРТ ТҮЛІК,

Төрт - атақты төрт түлік, 
Төрт түлікке тоқшылық. 
Жылқы, сиыр, қой, ешкі, 
Өсір бәрін көп қылып.



БЕС - ҚОЛЫҢДА БЕС САУСАҚ,

Бес - қолыңда бес саусақ, 
Іске даяр тұр самсап. 
Тас қамалды бұзамыз, 
Жұдырықтай бір болсақ.



АЛТЫ - АСАУ АРҒЫМАҚ,

Алты - асау арғымақ, 
Мінсең шабар арқырап. 
Қиялдайды сондайды, 
Бәйге сүйгіш әркім-ақ.



ЖЕТІ - ТУҒАН ЖЕРІМІЗ,

Жеті - туған жеріміз, 
Біз - туған жер төліміз. 
Жиі барсақ ауылға, 
Тола түсер кеміміз.



СЕГІЗ - ДЕГЕН САЛТАНАТ,

Сегіз - деген салтанат, 
Ел жиналар анталап. 
Тәуелсіздік тойы бар, 
Сайыс құрар бар талант.



ТОҒЫЗ - ТОРҒЫН ТОҒАЙЫҢ,

Тоғыз - торғын тоғайың, 
Бауыр, туыс, ағайын. 
Ұстаздарың, достарың, 
Шаттық толы маңайың.



ОН - ОТАНЫҢ АРДАҚТЫ,

Он - Отаның ардақты, 
Ол - қорғаның салмақты. 
Сені ақылды болар деп, 
Бар тілегін арнапты.

































Қолданылған әдебиеттер тізімі:





  1. «Халық тәлім-тәрбие бастауы». Алматы «Рауан. А.Шашақова 1994

  2. Қазақтың ұлттық ойындары. Б.Төтенаев. Алматы. «Қайнар» 1994.

  3. «Кітап білім бұлағы». А.Бақриденова. Оқу құралы. Павлодар. 2000

  4. «Тәрбие тағлымы» ғылыми-педагогикалық журналдар.

  5. «Дәстүрлі тәрбие» әдістемелік құрал. Ә.Әміров. Алматы «арда» 20067

  6. 1Отбасы және балабақша1 журналдары

  7. «Мектепке дейінгі тәрбиеге халық педагогикасының кейбір элементтерін пайдалану. Б.Қ. Қалиақпарова. Павлодар. 1993

  8. «Жеті қазына» жинақ кітабы, С. Кенжеахметұлы. Ана тілі. 2003































Автор
Дата добавления 14.04.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров208
Номер материала ДБ-031447
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение