Инфоурок Физическая культура Другие методич. материалыМетодическая разработка казахские национальные игры

Методическая разработка казахские национальные игры

Скачать материал

Облыстық білім беру басқармасының

Дене тәрбиесінің аймақтық оқу-практикалық орталығы

 

 

 

 

 

 

ХАЛЫҚ  ӨНЕРІ

 

   

 

 

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ӘЛІППЕСІ-

МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНДА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қизат Саят Қизатұлы

Павлодар қаласының №1 жалпы орта білім мектебінің

дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

Павлодар -2017-

 

 

 

КІРІСПЕ.

 

 

Тоғыз құмалақ – қазақтың ерте заманнан келе жатқан ұлттық спорт ойындарының бірі. Тоғыз құмалақ ойынын «қойшылар алгебрасы» деп те атайды. Тоғыз құмалақты тұнғыш рет қойшылар ойлап шығарған және бұл есеп ойыны.

 

Тоғызқұмалақ әліппесін мектептерде пән сабағы етіп енгізу арқылы, халқымыздың көне өнерін жастарға үйрету арқылы, ой-өрісін дамытуға ,тез арада шешім қабылдауға, төзімділікке, адамгершілікке т.б. ұлттық әдет-ғұрыптарға тәрбиелеуге ықпалы тигізері мол.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТЫҢ  ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ, ТАҚТАСЫ, ҚҰМАЛАҚТАРЫ, ОЙНАЙТЫН ОРЫНЫ,ОҚУШЫЛАРҒА ТӘРБИЕЛІК МӘНІ.

 

  

 

Тоғызқұмалақ қазақ халқының ғасырлар бойы бірге жасап келе жатқан ұлттық мұрасы, өнері. Тоғызқұмалақтың үшмың жылдық тарихы бар дейміз. Бұл туралы тиянақты қағаз бетіне түскен деректер жоқ, ауыз екі айтылған сөздер арқылы мәліметтер жинақталып таратылып жүр. Міне осы ғасырдың жетпісінші жылдары тоғызқұмалақ өнерінің қайта жандану сәті боп саналады.

    

Ойнайтын орыны шағын сыныптарға, бөлмелерде не шахмат ойнайтын орындарды  пайдалануға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТАҚ, ЖҰП САНДАРЫН ҮЙРЕТУ.

 

  

 

 Тоғызқұмалақ ойынын жақсы меңгеру үшін тақ, жұп сандарын үйрету тақ сандар (1, 3, 5, 7, 9, 11, 13, 15, 17, 19, 21.... ) ашық жұп сандар (2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20....) жабық деп жазған жөн. Тоғызқұмалақ ойынын үйретушілерге бір ескерте кететін нәрсе тақ санды құмалағы бар отаулар тоғызқұмалақ тілінде-ашық жұп санды құмалағы бар отаулар – жабық отаулар деп аталады.

 

 

                          

 

ОТАУЛАРДАН БАСТАП ЖҮРУ.

 

  Тоғызқұмалақ ойыны басталарда, әр ойыншының тоғыз отауында тоғыздан 81 құмалақтары болады.

  Ойынды солдан оңға қарай жүріспен кез келген отаудан бастауға болады. Ол үшін ойыншы (ақ жағы) жүріс жасалатын отауда бір құмалақ қана қалдырып, басқаларын түгелімен қолына алады да, келесі отаудан бастап, әр- бір отауға өз жағының да, қарсыласының да қолындағы құмалақтары біткенше бір-бірден салып шығады. Сонда ең соңғы салынған құмалақ қарсыласының тақ санды құмалағы бар кез келген отауына түсіп, сол отаудағы құмалақтар санын жұп жасаса, (2, 4, 6, 8, 10. т.с.с.) бұл жүріс табысты болып саналып, сол отаудағы барлық құмалақтарды өз қазанына салады.

Тоғызқұмалақ ойынында қарсыластар алма-кезек жүріп отырады. Қара жақтын мақсаты да қарсыласының тақ санды бір отауына өзінің қолындағы соңғы құмалағын түсіріп, жұп жасап, сол отаудағы құмалақтарды ұтып алу болып табылады. Осы тәртіппен жүріс алма-кезек ауыстырлып отырады.Егер жүріс кезінде ойыншылардың ең соңғы құмалағы қарсы жақтың кез-келген бір отауына түсіп,сол отаудағы құмалақтар санын тақ жасаса (1, 3, 5, 7, 9, 11, 13.т.с.с.) немесе, өз жағының отауларының біреуінде тақ жұбына қарамай келіп түсіп жатса, жай жүріс жасалады деп саналып, ол отаудағы құмалақтар ешбір қазанға алынбайды.

 Тоғызқұмалақта ойнаушылардың алдарына қоятын негізгі мақсаты-кем дегенде өз қазанында 82 құмалақ жинап, қарсыласын ұтып шығу. Екі жақтың бірдей ұтуы, не ұтылуы мүмкін емес.

 Ойын аяақталған соң ойыншылардың қазанындағы құмалақтардың соңы 81-ден болса, ойын тең ойын деп бағаланады. Тоғызқұмалақта тең ойын болуының басты шарты – екі жақтың да тақта бетінде, тұздықтарының болуы.

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТЫҢ ЖҮРУ ЖОЛЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ.

 

ЖҮРУ ЖОЛЫНЫҢ БІРІНШІ ЕРЕКШЕЛІГІ

 

Жүріс жасау ерекшеліктері

Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесе қарсыластардың келісімімен анықталады.

Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады.

Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды.

Мәселен, жоғарыдағы тақтадағы алғашқы жағдайда бастаушы №7 отаудағы 9 құмалағын таратса, соңғысы қарсыласының №6 отауына барып түседі және ондағы 9 құмалақ соңғы құмалақпен 10 болып, ұтып алынады және қазанға салынады.

Сол кезде тақтада төмендегідей жағдай қалыптасады.

http://www.9kumalak.kz/images/stories/others/ereje_2.jpg 

Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде орны бос қалады.

Жүріс жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе 2-3 құмалақ бөліп алып жүруге болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖҮРУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ЕКІНШІ ЕРЕКШЕЛІГІ (ТҰЗДЫҚ)

 

Тұздық алу ережесі

Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде – “тұзды үй”, қазіргі тілде – тұздық деп атайды.

Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына таратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек.

Сонда сол отауда қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, ойынның аяғына дейін сіздің меншігіңізге айналады.

Енді жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ, міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады.

Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады. Жазбаша түрде – Х деген шартты таңбамен белгіленеді. Мәселен, төмендегі диаграммаға қарайық.

http://www.9kumalak.kz/images/stories/others/ereje_3.jpg 

Осы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудағы 10 құмалағын тарату арқылы, соңғы құмалағын бастаушының №7 отауына түсіріп, ондағы 2 құмалақты үшеу етіп, осы құмалақтарды ұтумен қатар, осы отауға тұздық жариялайды. Сонда төмендегі жағдай қалыптасады.

 http://www.9kumalak.kz/images/stories/others/ereje_4.jpg

Ендігі кезде бүкіл ойын барысында №7 отау – қостаушының меншігіне айналады.

Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды.

Тұздық аттас отаулардан алынбайды.

Мысалы, жоғарыдағы диаграммадағы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудан тұздық алды, енді бастаушы ойыншы ойын барысында бұл отаудан тұздық алуға қақысы жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖҮРУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ҮШІНШІ ЕРЕКШЕЛІГІ

“Атсырау” ережесі

Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ таусыла бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі.

Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші таусып алып, жүріссіз қалуы – атсырау деп аталады.

Атсырауға ұшыраған ойыншының қарсыласы бұл жағдайда қосымша бір жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз қазанына салып алады. Мысалы: 

 http://www.9kumalak.kz/images/stories/others/ereje_5.jpg

Осы тақтадағы жағдайда жүріс қостаушыдан. Ол №9 отаудағы 3 құмалағын таратады. 

Өз кезегінде бастаушы №1 отауға түскен 1 құмалақты жүреді. Қостаушы №9 отаудағы жалғыз құмалақты 1 отауға салады.

http://www.9kumalak.kz/images/stories/others/ereje_6.jpg 

Бастаушы кез келген отаудағы құмалақпен, мәселен, 6 отаудағы 2 құмалақтың бірін орнына қалдырып екіншісін 7 отауға көшіреді. Сонда төмендегіше жағдай туындайды: 

http://www.9kumalak.kz/images/stories/others/ereje_7.jpg

Осы жағдайда бастаушы отауларындағы барлық құмалақтарды (19 құмалақты) қазанына салып, ойынның есебін жүргізеді.

Есеп 90-72 Бастаушы ұтты.

Егер “атсырау” жағдайында қосымша жүріс жүрілген кезде, құмалақтар амалсыздан қарсыластың отауларының біріне түсіп, жүріс беретін болса, ойын әрі қарай жалғаса береді.

Егер ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса ойын бірден тоқтатылады.

ЖҮРІСТІ ЕСЕПТЕУ ЖОЛДАРЫ.

1.БІРІНШІ ЕСЕПТЕУ ЖОЛЫ.

 

 

     Жүріс жасалатын отаудың соңғы құмалағы дәл қай нөмерлі отауға барып жазу тәртібі бойынша қағаз бетіне жазылған сандардың арасына қосу белгісін қоямыз. Мысалы: 4-отауда 16 құмалақ бар. Яғни 4 қосу 1 қосу 6 қосындысы - 11:

     а) Егер сандардың қосындысы 10, немесе  10-ға жетпейтін болса, қосындыдан 1-ді шегереміз.

      

    ә) Егер сандардың қосындысы 10-нан артық болған жағдайда, қосындыдан 10 санын шегереміз.

 

     416 тең 4 қосу 1 қосу 6 тең 11 шегеру 10 тең 1.

 

     4-отаудың реттік саны. 16-отаудағы құмалақ саны. 11-қосынды 10-дәлдік түйінді сан. 1-1- ші отауға барады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.ЕКІНШІ ЕСЕПТЕУ ЖОЛЫ.

 

     Жүріс жасалатын отаудың соңғы құмалағы дәл қай отауға барып түсетінін анықтау үшін отаудың рет санына сол отауда жатқан құмалақтар санын (4-ші отауда 16 құмалақ бар, яғни – 4 қосу 16 болады 20) қосамыз да:

      а) Егер қосынды  10-нан кем болса,  қосындыдан 1-ді аламыз.

      

      ә) Егер қосынды 10-нан артық болса қосындыдан 10-ды аламыз.

 

       б) Егер қосынды мөлшері 20 немесе 20-дан артық болса, қосындыдан 19-ды аламыз.

       в) Егер қосынды мөлшері 29-дан 37-ге дейін болса, қосындыдан 28-ді аламыз.

        г) Егер қосынды 38 немесе одан да көп болса, қосындыдан 37-ні аламыз.

 

           МЫСАЛЫ:

                   416 тең 4 қосу 16 тең 20 шегеру 19 тең 1.

                   425 тең 4 қосу 25 тең 29шегеру 28 тең 1.

                   434 тең 4 қосу 34 тең 38 шегеру 37 тең 1.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           

3.ҮШІНШІ ЕСЕПТЕУ ЖОЛЫ.

 

    Бұл-жүрісті  есептеудің ең жеңіл жол. Жүріс жасалатын отаудағы соңғы құмалақ дәл қай отауға барып түсетінін табудың бұл үшінші жолы ілгері және кері есептеу болып табылады. Мұнда 10, 19, 28, 37, сандарын әрқашанда  есте жақсы сақтай білу керек. Оның себебі жүріс кезінде 10 құмалақ жатқан отаудан басталған жүріс қарсыласының аттас нөмерлі отауына дәл барып түсіп жатады. Отауда 19 құмалақ болса, ол отаудан басталған жүріс құмалақтарды барлық отауға бір-бірден салып шыққанда соңғы құмалақ қатадан өз орнына қайтып келіп түседі. Отауда 28 құмалақ болса, екі жақтын барлық отауларын бір айналып шығып, қайтадан қарсыласының аттас нөмерлі отауына дәл барып түсіп жатады.

 

 

    Отауда 37 құмалақ болса, ол барлық отауды екі айналып шығып, қайтадан өз орнына келіп түсіп жатады.

   

 

 

 

 

 Мысалы 5-отаудағы 12 құмалақтың соңғысы қай отауға барып түсетінін анықтасақ, ол қарсыласының 7 отауына барып түсетінін табамыз. Себебі, 5-отауда 10 құмалақ болса, ол қарсыласы жағының аттас 5-отауына барып түскен болар еді. Ал бізде 12 құмалақ бар, яғни ол ілгері екі отау жылжып (7) отауға барып түседі. Бұл ілгері есептеу болып саналады. Ал төрт отауындағы 18 құмалағының соңғысы өз жағының 3-отауына келіп түсіп жатады.Себебі, егер отауда 19 құмалақ болса, бар отауды бір айналып, қайта өз орнына келген болар еді. Ал бізде 18-ғана құмалақ. Сондықтан өз отауының бір құмалақ кейінгі түсіп жатыр. Бұл кері есептеу болып саналады.

                                                 

 

 

 

 

ОЙЫНДЫ ЖАЗЫП ЖҮРУ ТӘРТІБІ.

 

      Енді, Тоғызқұмалақ ойынының жазу тәртібіне қелейік. Жүрісті жазу үшін, ең алдымен, жүріс жасалатын отаудың рет санын, оның қасына сол отауда жатқан құмалақтың санын көрсететін сан жазылады. Мәселен, 29-екінші отауда 9 құмалақ бар деген сөз.517-бесінші отауда 17 құмалақ бар деген сөз. 2-бірінші отауда 1 құмалақ бар деген сөз. т.с.с.

      Бүдан кейін жүріс жасау белгілері-сызықша немесе қос нүкте: қоылады да соңғы құмалақ барып түскен отаудың рет саны мен сол отаудағы құмалақ санының қанша болғанын көрсететін сан жазылады. Ойын кезінде 47-113 деген жазу жазылады дейік. Яғни жеті құмалағы бар төртінші отаудан жүріс жасалып, қарсыласының 12 құмалағы бар бірінші отауына түседі де құмалақ санын 13-ке жеткізеді. Бұл жай жүріс. Ойын кезінде 513:816 деген жазу болады. Яғни 13 құмалағы бар бесінші отаудан жасалған жүріс қарсыласының 15 құмалағы бар сегізінші отауына жетеді де, құмалақ санын 16-ға жеткізіп, ол құмалақтарды ұтып алады. Міне, осындай жүрісте қос нүкте : қойылады.

      Ойын кезінде тұздық алынса, х белгісі қойылады. Мысалы: 214:43 х 2- отауда жатқан 14 құмалақты жүріп, қарсыласының 4-отауындағы құмалақтарды үшеу етіп, тұздық алғандықтан жазылады.

       Тоғызқұмалақ ойындарын жазғанда мындай негізгі шартты белгілерді пайдалану керек:

 

        -жай жүріс

          қосу белгісі: табысты жүріс

          Х тұздық белгісі

 

 

 

 

 

                           

 

ЖАРЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ

       

       Жекелей, командалық біріншілік, спартакиада, даңқты кісілердің атынан өтетін жүлделер.

       Тоғызқұмалақта да ұтқан ойыншы 1 ұпай алады. Ал ұтылған 0 ұпай, егер тең ойнаса 0,5 ұпайдан бөліседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            

 

                   Пайдаланған әдебиеттер.

 

Ақшораев Ә- «ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ»

Алматы «ҚАЗАҚСТАН»

Тлеубаев С.-Тоғызқұмалақтың әліппесі «СПОРТ».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

                                                                   

 

 

1.Кіріспе……………………………………………………….. 2

2.Тоғызқұмалақтың даму кезеңдері…………………….......3-4

3.Отаулардан бастап жүру……………………………………..5

4.Тоғызқұмалақтың жүру жолының ерекшелігі…………..6-11

5.Жүрісті есептеу жолдары……………………………......12-14

6.Ойынды жазып жүру тәртібі…………………………....…..15

7.Жарыстардың түрлері………………………………….....…16

8.Пайдаланған әдебиеттер……………………………….....…17

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Методическая разработка казахские национальные игры"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель страховой организации

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 973 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.01.2017 806
    • DOCX 767 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қизат Саят Қизатұлы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Қизат Саят Қизатұлы
    Қизат Саят Қизатұлы
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7042
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация тренерской деятельности по физической культуре и спорту

Тренер-преподаватель

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 372 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 354 человека

Курс повышения квалификации

Методическое обеспечение деятельности учреждений физкультурно-спортивной направленности

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Физическая культура")

Учитель физической культуры

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Управление личной продуктивностью менеджера

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное продвижение и организация проектов в сфере искусства

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек