Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Методическая разработка на тему Ата- анаң – алтын тұғырың.

Методическая разработка на тему Ата- анаң – алтын тұғырың.


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Өзін-өзі тану сабағының жоспары


Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі

Мерзімі: 23.04.2015ж. № 23 сабақ

Тақырыбы: Ата- анаң – алтын тұғырың.

Құндылығы: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: Ізгілік, адалдық, қайырымдылық

Оқытушы:Жанабаева Ж.У. Тобы: АСУ-11 Студенттер саны: 25


Сабақ мақсаты:
  • Студенттерге ата-ана қадірін, оларды сыйлап құрмет көрсетуде, дұрыс әрекет құндылығынан туындайтынын ұғындыру.

Міндеттері:

  • Ата- ананы құрметтеу арқылы, оларға деген ізгілік құрмет қалыптастыру.

  • Студенттердің бойында қайырымдылық қасиеттерін дамыту.

  • Бүкіл адамзатқа адал қызмет етуге тәрбиелеу

Ресурстар:

(нақыл сөздер, үнтаспа)







САБАҚ БАРЫСЫ

1. Ұйымдастырукезеңi: Сәлемдесу.5 Т

Оқу құралдарына назар аудару.

2. Тыныштық сәті:

«Күннің нұры» (5 мин)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен сүйіспеншілік құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Сүйіспеншілік және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Студенттер өз әсерлерімен бөліседі.

Сабақ барысын талқылау

3.Үй тапсырмасын сұрау.

«Менің атым Қожа» тақырыбын оқып, сұрақтарға жауап беру

  • Қожаға мінездеме беріңдер.

  • Әкенің адам өмірінде алатын орны қандай?

  • Қожаның әкесінің бойынан қандай жақсы қасиеттерді атады? (Кең пейілді, парасатты, ақылды)


4.Дәйексөз.

Әке - асқар тау,

ана - ағып жатқан бұлақ,

бала — жағадағы құрақ.

Халық нақылы

  • Адам қай уақытта ата-ананың үмітін ақтай
    алады?

Бәріміз қосылып айту.

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу.


5.Мұғалімнің сыйы. Бейнефильм үзінді.

«Әке мен бала»

Осы фильмнен қандай ой түйдіңіздер?

  • Әкеге деген сүйіспеншілікті қай образдан байқадыңыз?

  • Баласының әкесін қарттар үйне тапсыруына не себеп болды? Бұл жасаған әрекеті дұрыс па?


5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс (Студенттерге үш түрлі-түсті қағаз тарату арқылы үш топқа бөлінеді)

Топқа тапсырма: Келтірілген тірек сөздерді пайдаланып, өлең шумақтарын жазу (аялы алақан, жылы жүрек, аяулы жан, асыл арман,риясыз сүйіспеншілік )

Түйін сөз:Ата-анаға қамқорлық бейнежазба.

Алыстағы ата-аналарымызға қоңырау шалу.


6.Топпен ән айту.

«Ана туралы жыр»

Сөзі Ғ.Қайырбековтікі

Әні Ш.Қалдаяқовтікі

Әлемнің жарығын,

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін,

Жинадың сен маған.

Сен бердің құстардың,

Қанатын самғаған.

Балалық құштарым,

Өзіңе арнаған.

Қайырмасы:

Әлдилеп аялап,

Өсірген жемісің.

Самал жел, сая бақ,

Құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де,

Мен саған сәбимін.

Көңіліңді көктемдей,

Көзіңнен танимын.

Өтеуге борышым,

Анашым, жан сырым.

Іздедім сен үшін,

Әлемнің асылын.

Әлемнің байлығын,

Сыйлар ем, кеш мені.

Сыйлар ем ай, күнін,

Қолыма түспеді.

Қайырмасы:


7.Үй тапсырмасы

24 сабақтың №1 тапсырмасын орындап келу .


8.Соңғы тыныштық сәті.


- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

- Енді көздеріңді аша қойыңдар.Рахмет! Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!













































ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі





« Әлеуметтік пәндер» «Бекітемін»

Бірлестігінің алқасына қаралды Директордың ақпараттық

Хаттама № «___»________2015ж жөніндегі орынбасары

Бірлестік жетекшісі _________Рамазанов М.Қ.

Сражов.Б.Б._________________ «___»_____________20___ж.



hello_html_208c50f2.png

АШЫҚ САБАҚ



Пәні: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Ата-анаң –алтын тұғырың



Тобы: АСУ-11

Оқытушы Жанабаева Ж.У.

Өткізілетін мерзімі: 12.02.15

Ақтөбе 2015 жыл



Автор
Дата добавления 13.06.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров74
Номер материала ДБ-119916
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх