Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Методическая разработка на тему «Қазіргі Қазақстан мәдениеті»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • История

Методическая разработка на тему «Қазіргі Қазақстан мәдениеті»

библиотека
материалов





hello_html_m3f9670c1.jpg

Сабақтың тақырыбы : «Қазіргі Қазақстан мәдениеті»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ұлттық мәдениетке деген

қызығушылықтарын арттыра отырып,

болашаққа сеніммен қарайтын ХХ I ғасырдың

бәсекеге барынша қабілетті шығармашыл

тұлғаларын қалыптастыру.

Білімділігі: Мәдени мұраларымыздың тарихымен таныса

отырып, халықаралық деңгейдегі мәдени-

ғылыми зерттеулер арқылы білімдерін кеңінен

толықтыру.

Дамытушылығы: Мәдени құндылықтарды бағалай білетін,

рухани интеллектуалығын қалыптастыра

отырып мәдени ой- санасын дамыту.

Тәрбиелілігі: Ата-баба салтын, дәстүрін сақтай білетін

ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау арқылы өзара пікір, . жеке,топтық жұмыстар жүргізу.



Пәнаралық байланыс: Мәдениеттану,тарих,философия,өнер.

Көрнекіліктер: Тақырыпқа байланысты слайдтар,

бейне- материалдар,интерактивтік

«Тәуелсіз жылдардағы Қазақстан»

кітап көрмесі,буклеттер.









































I.Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті: "Нұрға бөлену"

II.Үй тапсырмасымен жұмыс : «Кеңестік кезеңдегі Қазақстан мәдениеті»

Топ оқушыларынын үш топқа бөлеміз. Жереби бойынша топ атауларын таңдау, ұпай санын шығаратын әділ есепшіні сайлау.

1- топ «БЕЛЕС»

2-топ «АСУ»

3-топ« ЗАҢҒАР»

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы жастардың қолында » деп айтқаны баршамызға мәлім. Қиялынан қанат біткен,ойы ұшқыр, білімді жастар сіздерсіздер. Сіздердің әрқайсыларыңыздың Отанымызды патриоты болатын жастары деп уміттенемін. Ендеше ,бүгінгі сайыс сабағымызды «Естігенімді ұмытпаймын көргенімді есте сақтаймын, болашаққа сеніммен қараймын» ұранымен жалғастырамыз



1-кезең «Ой ашар » сәйкестендіру жауабы бойынша әріптерді орналастыр







2-кезең «Кім шапшаң? Сұрақ- жауаптарды шапшаң табу арқылы балл





10 балл-Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы қашан құрылды?

(1922жыл, 30- желтоқсан)

20 балл- Кеңес Үкіметі орнаған жыл? (1917 жыл, қазан)

30 балл Ұ- Қазақтан шыққан тұңғыш теміржолшы ,ғалым кім?

( М. Тынышпаев)

40 балл-КСРО кезіндегі тың және тыңайған жерлерді игеру жоспары

қай жылдары жүргізілді? (1954 жылы, ақпан-наурыз)

50балл- 1930 жылдары көшпелі аудандарда не жүргізілді?

(Жаппай сауаттану)

10 балл- Кеңестік кезеңде қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігі

қай қалада өтті? (Мәскеуде)

20 балл- Алғашқы театр қай қалада ашылды? ( Қызылордада)

30 балл - Тұңғыш қойылған спектакльді атаңыз? (Еңлік - Кебек)

40балл- Әннің әуенін тыңда, атын табыңыз (Көк тудың желбірегені)

50 балл -Тың және тыңайған жерлерді игеруге қанша өзге ұлт өкілдері келді?

(2 млн астам)

10 балл- - Түрксіб теміржолы қай жылы салынды? (1927-30жж)

20 балл- « Қазақ » газеті қай жылы жарық көрді?(1913 жылы

30 балл- Қазақстандағы тұңғыш ашылған жоғары оқу орны ?(КАЗПИ, 1928ж)

40 балл- Қазақстанның тұңғыш астанасы қай қала болды? (Орынбор)

50 балл-Кеңестік кезеңдегі мектептерде 8-10 кластық білім алу қай жылдар

. жүзеге асырылды? (1960 жылдары)



3-кезең «Бақытты сәт » білім сайысы



Үнді қыздарының ұлттық киімдері нің атауы не?


(Сари)

Қытайдың данышпан философы, моралист, мемлекет қайраткері, тарихшы Конфуций қай қалада туған?(ЦюйФ)

Қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін қашан алды?

(1989 жылы)

2

Гректер жазушысы Гомердің поэмасының атауы не?( Одиссея)

Италия суретшісі Леонардо да Винчидің «Моно Лиза »портреті қайда сақталған?

(Эрмитажда)

Русь «Россия»деп қашан аталды? (1547жылы)

3

Италияндықтардың негізгі үш парызының атаулары не? ( Опера, жылдамдығы жеңіл спорттық машиналар, футбол)

Зевс мүсіні қайда орналасқан?

(Олимп тауында)

Пьерд Кубертеннің ұйымдастыруымен өткен тұңғыш олимпиада қашан өтті?

(1896жыл)

4

Дао- дегеніміз не?


(Жол)

Көне сыналық жазу қайда кездескен?

(Шумерде)

Юнеско көлемінде өткен Абайдың 150 жылдығы қашан өтті? (1995жылы)

5

Египеттегі ең ірі пирамиданың атауы не?

(Хеопс)

Тадж-Махал кесенесі қайда орналасқан?

( Үндістанда)

Алматы облысы, Есік қорғанынан табылған " Алтын адам»қашан тапты?

(1969-70жылдары)

6

Парсы жазушысы Омар Хайямның Рубайларының қазақша атауы не? (Төрттаған)

Омар Хайямның ескерткіші қайда орналасқан?

(Нишапурда)

Қазақстан кино матографиясының ең алғашқы туындысы "Дала әндері" қашан түсірілді? (1930 жылы)



Кәде сұрақтар


7

1996 жылы Алматыдағы Республика алаңындаҚазақстан Тәуелсіздігінің 5 -жыл толуына байланысты ескерткіш орнатылды .ескерткіштің атауы не ? (Тәуелсіздік монументі)

Республикамыздың 5 облысын басып өтетін ұзындығы 2787км құрайтын автомобиль жолының812 шақырымы қайдан өтеді

(Қызылорда)

Астанадағы «Қазақ елі монументі қашан бой көтерді?» (2008 жылы)



Айналымның келесі кезеңі үлкен тапқырлықты қажет етеді. Бірінші топ-Не?, екінші топ -Қайда?,үшінші топ -Қашан? сұрақтарына мүдірместен жауап беруі керек. Барлық сұрақ -7. Оның әрбіреуі-2 ұпайға тең, ең соңғы сұрағы -4 ұпайға тең.



Жаңа сабақ тақырыбы : «Қазіргі Қазақстан мәдениеті»

Тәуелсіздік алғаннан бері халықаралық ұйымдарға мүше болып кіруге республикаға жол ашылды. Соның бірі ЮНЕСКО – ірі халықаралық ұйым. Ол – Білім, Ғылым және Мәдениет, "Адам және биосфера”, "Адам табиғи ортада” т.б. бағдарламалар негізінде жұмыс жасайды.ЮНЕСКО – Қазақстанда биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында елдің ерекше қорғалатын табиғи аймақтарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи және мәдени мұрасы және "Адам мен биосфера” бағдарламасы шеңберіндегі аймақтар тізіміне кіргізу туралы шараларды іске асыруда, бірлесіп жұмыс атқаруда. Бұнымен қатармен балалардың денсаулығын қорғау, білім беру, балалардың тамағын жақсарту, сумен қамтамасыз ету, санитарлық қызметті жақсарту жөніндегі нақты шараларды жүзеге асыруға бағытталған. Сонымен бірге Қазақстан 800-ге жуық мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойылды.

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Респубикасы президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен іске асырылуда. Бағдарлама халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін; ұлттық тарихы үшін ерекше маңызы бар тарихи- мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиетпен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қоржасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады. 2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы мен 2007-2009, 2009-2011 жылдарға арналған "Мәдени мұра" салалық бағдарламасын дамыту жүргізілуде. Бұл бағдарламаның мақсаты - еліміздегі және шетелдердегі тарихи, мәдени мұраларымызды жинап, олардың ұзақ уақыт сақталуына қолайлы жағдайлар туғызу, шетелдік ғалымдармен және іргелі ғылым орталықтарымен бірлесе отырып, жан-жақты зерттеу, халықаралық қауымдастыққа кеңінен насихаттау.

"Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының басты бес бағыты:

Бірінші бағыт- ұлттық символдарымызды қалыптастыруға кірісуіміз қажет.

Екінші бағыт - мәдени туризмді дамыту.

Үшінші бағыт -Қазақстанның мәдениетін халықаралық деңгейде таныту, тарихи орындары жөнінде сапалы деректі фильмдерді ғаламдық телеарналардан көрсету.

Төртінші бағыт - тарихи-мәдени мұраны оқып танып қажетімізге жарату.

Бесінші бағыт - "Мәдени мұра" нәтижесінде жиналған құнды материалдарды білім беру бағдарламасын енгізу.

"Мәдени мұра" бағдарламасын іс жүзіне асыру нәтижесінде Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерінің тізіміне 218 нысан қосылғаны белгілі. 51 тарихи және мәдени ескерткіштерге жаңғырту жұмыстары, 39 археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Сирияның астанасы Дамаск қалсында Әл-Фараби кесенесі мен этномәдени орталығы.

Түркістандағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесі мен Тамғалы археологиялық петроглифтер кешені ежелгі Отырар қаласындағы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енді. 2006 жылы Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб пәтерінде Қазақстандық бағдарламаның тұсаукесері болды.Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасына Ресей, АҚШ, Германия, Франция, Австрия, Иран, Мыс Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасына Ресей, АҚШ, Германия, Франция, Қытай, Украина, Беларусь, Тәжікстан, Түрікменстан т.б. қызығушылық танытып, Қазақстанның мәдени күндерін өткізуде.

Слайд «Жылдардағы мәдени жетістіктер »

«Жылдардың мәдени жетістіктер»

2000 жыл - «Мәдениетті қолдау жылы». Монголиядан Қазақстанға Күлтегін

ескерткішінің көшірмесі әкелінді.

2001 жыл-Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жылы.

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» трансевразиялық магистраль жобасы басталды.

2002 жыл - Денсаулық жылы.

2003 жыл- Әлемдік діндер көшбасшыларының I -cъезді өтті. «Ауыл жылы» атанды.

2004 жыл- «Мәдени мұра » заң жобасы қабылданды.

2005 жыл- Ресейде «Абай» жылы аталып өтті.

2006 жыл- Бейбітшілік пен келісім Сарайы-Астананың мақтаныш ғимараына айналды.

2007 жыл- Қазақстанды ЕҚЫҰ төрағалық ету туралы шешім қабаылдады.

2008 жыл - Қазақстанның Ресейдегі жылы деп жарияланды.

2009жыл-«Қазақстанның Германиядағы жылы»,«Болашақ» халықаралық степендиясы .

2010 жыл- Қазақстан ЕҚЫҰ төрағалық етті.

2011 жыл-«Азиада» қысқы олимпиаданың ашылуы өтті.

2012 жыл- Қазақстанның Түркиядағы жылы деп жарияланды.

2013 жыл- Қазақстанның Австралиядағы жылы деп жарияланды.

2014 жыл - Қазақстанның Франциядағы жылы деп жарияланды.

hello_html_m934abd0.jpg

2015 жыл- Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды.



Заман талабына тез бейімделетін, бірінше тілді меңгеретін, мәдениеті мен парасаты пара-пар бәсекелестікте өзінің қабілетін көрсетіп, болашаққа сеніммен қарайтын Отаншыл патриоттық рухтағы сіздердей жастарға сенім артамыз. Қазіргі Қазақстан мәдениеті күннен-күнге, жылдан-жылғақарқынды даму үстінде.Оның куәсі«ЭКСПО-2017»халықаралық көрмесі болмақ.

Құндылықтарға байланысты сұрақтар:

1.Ел дамуына қосар үлесіңіз қандай?

2. «ЭКСПО-2017» көрмесіне қандай жаңалық ойлар едіңіз?

3. Болашаққа деген сеніміңіз қандай?

Хор « Менің Қазақстаным»

Қорытындылау . «Ел тірегі - болашақ жастар» эссе жазу.
















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 19.05.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров353
Номер материала ДБ-089886
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх