Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Методическая разработка на тему "ХХІ ғасыр көшбасшысы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Методическая разработка на тему "ХХІ ғасыр көшбасшысы"

библиотека
материалов



«ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ

Сәлеметсіздер ме құрметті сайыскерлер мен қонақтар!

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысымызға қош келдіңіздер!

«Білім -басқарудың басты тетігі» - деген екен әйгілі Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс. Ал білім үздіксіз ізденістен қалыптасады.

Бүгін біз ең білгір, ең мықты ойыншыны анықтаймыз. Олай болса бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты зияткерлік сайысымыздың қатысушыларымен таныс болыңыздар!

  1. Иоро

  2. Имт

  3. ит

Қымбатты ойыншылар сәттілік! Іске сәт!

Ал енді алғашқы айналымның ойын шарты бойынша қазір сіздерге тест түрінде ортақ 20 сұрақ оқимын. Жауап ретінде 3 нұсқа беріледі. Сіздер берілген нұсқалардың ішінен дұрыс жауапты табуларыңыз керек. Әр сұраққа ойлануға 5 секунд беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Ойынымыз толығымен арнайы сарапшылардың бақылауында болады. Жауаптарыңыздың дұрыс және бұрыстығын алдарыңыздағы ЖАУАП САНЫН көтергеннен кейін білетін боламыз.

Ойын шарты түсінікті болса, алғашқы айналым:

БӘЙГЕ

  1. Қазақ хандарының арғы атасы, Шыңғыс ханның үлкен ұлы

  1. Үгедей

  2. Жошы

  3. Шағатай

  1. Электр зарядының бірлігі?

  1. Фарад

  2. Вольт

  3. Кулон

  1. Сiлтеу есiмдiгiн табыңыз.

1) Тақ, жүз, оқы

2) Үйде, кеште, ерте

3) Анау, мынада, осы

  1. Ноу-хау сөзінің ағылшын тіліндегі мағынасы?

  1. Білімің қалай?

  2. Жаңалық, хабар

  3. Тосын, ерекше

  1. Заттардың оттекпен әрекеттесу реакциясы?

  1. Тотығу

  2. Алмасу

  3. Орын басу

  1. Солтүстік Американың тұрғылықты халқы?

  1. Саамдар

  2. Үндістер

  3. Тутсилер

  1. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.-

Өлең жолдарының авторы кім?

  1. Бейімбет Майлин

  2. Абай Құнанбаев

  3. Ілияс Жансүгіров

  1. NaCl –ненің формуласы?

  1. Ас содасының

  2. Каустикалық соданың

  3. Ас тұзының

  1. Солтүстік Америка құрлығына енетін, дүние жүзіндегі ең үлкен арал?

  1. Калимантан

  2. Исландия

  3. Гренландия

  1. 1929 жылы Қазақстан астанасы қай қалаға көшірілді?

  1. Қызылордаға

  2. Алматыға

  3. Орынборға

  1. Солтүстік бағытты көрсететін жұлдыз?

  1. Сүмбіле

  2. Жетіқарақшы

  3. Темірқазық

  1. Бұрышты өлшеуге арналған құрал

  1. Сызғыш

  2. Циркуль

  3. Транспартир

  1. Аустралияның астанасы

  1. Сидней

  2. Мельбурн

  3. Окленд

  1. Баркер сыйлығы спорттың қай түрінде беріледі?

  1. Бокс

  2. Футбол

  3. Күрес

  1. Қан құрамындағы ақ түйіршіктер

  1. Лейкоциттер

  2. Эритроциттер

  3. Плазмоид

  1. Химияда формула мен химиялық таңбаның алдына жазылатын сан

  1. Валенттілік

  2. Коэффициент

  3. Дәреже

  1. Ауа райы қай қабатта қалыптасады?

  1. Тропосферада

  2. Литосферада

  3. Геосферада

  1. 100 теңгенің 1 пайызы

  1. 1 теңге

  2. 10 тиын

  3. 10 теңге

  1. Қазақ хандығы қай жылы құрылды?

  1. 1545

  2. 1465

  3. 1456

  1. «Көрмес түйені де көрмес» деген сөйлемде бастауыш қай тұлғада қолданылған

  1. Көсемше

  2. Тұйық етістік

  3. Есімше

20 сұрақ оқылды. Алғашқы айналым бойынша нәтиже мынадай болды:

  1. Мұқатаев Айдос

  2. Канашева Мадина

  3. Бекетов Рустам

  4. Нұрлыбекова Мадина

  5. Қайрлыбаев Абай

  6. Базарова Қарлығаш



Құрметті сайыскерлер екінші айналымның ойын шартымен таныстырып өтейін, алғашқы айналымда жинаған ұпайларыңыз толығымен сақталады. Қазір 20 сұрақтан әзірленген алты ұяшық ұсынылады. Әр қатысушы өзі таңдаған ұяшық нөмірдегі оқылған сұрақтарға 2 минут ішінде жауап береді. Ойынымыз толығымен арнайы сарапшылардың бақылауында болады. Сайысты 1 кезеңде ең көп ұпай жинаған сайыскер бастайды.

Келесі кезең:

ЖОРҒА

  1. Ойыншы

  1. Зат есім,сын есім,сан есімдердің орнына жұмсалатын сөз табы-есімдік

  2. Абылай ханның ақылшы биі, «Көмекей әулие» атанған жырау-Бұқар жырау

  3. Аптаның төртінші күні-бейсенбі

  4. Темірден, жезден жасалған, қылыш кеспес, найза, садақ оғы өтпес баскиім-дулыға

  5. Заттың шама-шарқын, ретін білдіретін сөз табы- сан есім

  6. Дүние жүзіндегі ең биік шың-Эверст

  7. Шыңғыс ханның әкесі- Есугей батыр

  8. Музыкалық шығарманы ұжым болып орындаушыларды басқаратын адам- дирижер

  9. Алматы қаласының негізгі белгісіне айналған жеміс-алма

  10. Қазақстанның шығыстағы көршісі- Қытай

  11. Дүниежүзінде жерінің ауданы бойынша бірінші орын алатын мемлекет – Ресей

  12. «Шашасына шаң жұқпау» тіркесі қандай мағына береді? – жүйрік

  13. Жерден ең алыс орналасқан ғаламшар- Нептун

  14. Мұсылмандарды намазға шақыру мезгілін жариялау-азан

  15. Тіске қаттылық беріп ағартатын бейметалл- фтор

  16. Адамдардың шығу тегін жанаурлармен байланыстыру- тотемизм

  17. Жиіліктің өлшем бірлігі-герц

  18. Малдың мүйізіне, құлағына салынатын белгі – ен

  19. Биологиялық катализатор-ферменттер

  20. Волейболлдағы ойыншылар саны-6



  1. Ойыншы

  1. І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы қазақтың қай ақыны туралы- Ақан сері

  2. Қысты ауыстыратын жыл мезгілі- көктем

  3. Фотосинтез үдерісінің нәтижесінде түзітелетін зат- глюкоза

  4. Мұстафа Өзтүрік спорттың қай түрінен «Жетінші дан иегері» атанды? – таэквандо

  5. Қазақстан Республикасы туының авторы-Ш.Ниязбеков

  6. Әр сөзді асқан шапшаңдықпен айтуға дағдыландыратын ауыз әдебиет үлгісі- жаңылтпаш

  7. Топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы - айтыс

  8. Өсімдіктің жерасты мүшесі- тамыр

  9. Астана қаласының елтаңбасында бейнеленген алып ағаш- бәйтерек

  10. «Гамлет», «Отелла» атты шығармалардың авторы- Шекспир

  11. Ежелгі грек поэмасындағы Одиссейдің отаны- Итака

  12. «Бетінен оты шығу» тіркесінің мәні – ұялу

  13. Жаз мезгілінің соңғы айы – тамыз

  14. Маса боп ызыңдап халқын оятуды мақсат еткен ақын- Ахмет Байтұрсынов

  15. Бағдаршамның дәл ортасындағы түс – сары

  16. Табиғат көріністерін бейнелейтін суретші – пейзажист

  17. Футболда бір матч неше минуттан тұрады – 90 минут

  18. Ең көп тараған тіл- қытай

  19. М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы батырдың қолынан қаза тапқан інісі- Ноян

  20. Чилидің астанасы- Сантьяго





  1. Ойыншы

  1. Жүректі зерттейтін медицина саласы- кардиология

  2. Ең суық жыл мезгілі- қыс

  3. Ең ежелгі көл – Байкал

  4. Білекке тағылатын әшекейлі, сәнді бұйым-білезік

  5. Ерлігімен көзге түскен ержүрек адамға берілген атақ-батыр

  6. Цирктегі әртістер өнер көрсететін орын- арена

  7. Ақшаны зерттейтін ғылым саласы – нумизматика

  8. Бокс жекпе-жегі өтетін алаң- ринг

  9. Қытайдың ұлттық валютасы-юань

  10. Рейхстагқа алғашқылардың бірі болып ту тіккен қазақ жауынгері- Рахымжан Қошқарбаев

  11. Маусым жылдың нешінші айы – алтыншы

  12. Жүзжылдық мерзімді қамтитн уақыт өлшемі – ғасыр

  13. «Арасына от жағу» тіркесінің мәні – араздастыру

  14. Аспан денелерін бақылауға арналған құрал – телескоп

  15. Көздің кейбір түстерді ажырата алмау кемістігі- дальтонизм

  16. Мұражайға қойылатын құнды зат- экспонат

  17. Қазақ халқының мифтік сенімі бойынша қойдың пірі-шопан ата

  18. Қазақстан Республикасы Конституциясы күні- 30 тамыз

  19. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңінің авторы –А.Құнанбаев

  20. Адамның дене мүшесін өзге адамға салу – трансплатация





  1. Ойыншы

  1. «Қан мен тер» романының авторы- Әбдіжәміл Нұрпейісов

  2. Жазды ауыстыратын жыл мезгілі – күз

  3. Кемер белбеумен бірге тұратын, пышақ салынатын әшекейлі, былғары бұйым – қын

  4. Нақыл сөзді жалғастырыңыз. Білетінің бір тоғыз, ...........-білмейтінің тоқсан тоғыз.

  5. Өсімдіктер мен жануарлар қорғалатын тұтас табиғи аймақ – қорық

  6. Жердің ауа қабаты – атмосфера

  7. Жер шарындағы ең терең көл- Байкал

  8. Жас бала алғаш сапарға шыққанда жасалатын салт, дастархан жаю – тоқымқағар

  9. Сұрап білу, жауап алу мақсатында айтылатын сөйлем- сұраулы сөйлем

  10. Жердің өз білігінен айналып шығу уақыты – бір күн

  11. Африканың ең биік нүстесі – Килиманджаро

  12. «Арқаны кеңге салу» тіркесінің мәні – еркінсу

  13. Қабанбай батырдың шын аты- Ерасыл

  14. Алыс сапардан, саяхаттан келген адамның сыйы- базарлық

  15. Бактерияларды жоятын қасиеті бар металл-күміс

  16. Солтүстік Кореяның астанасы- Пхеньян

  17. Карталардың төменгі жағында әдетте дүниенің қай бөлігі көрсетіледі- оңтүстік

  18. Рим империясындағы ең ірі құлдар көтерілісін кім басқарды – спартак

  19. Ең суық ғаламшар- нептун

  20. Екі әріптен тұратын Қазақстандағы қала әрі өзеннің аты- Шу



  1. Ойыншы

  1. «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы- М.Әуезов

  2. Ең ыстық жыл мезгілі- жаз

  3. Атқа міну үшін аяқ салуға арналған, жезден, темірден жасалған тұрман – үзеңгі

  4. Адам лимфа түйіндерінің саны-3

  5. Ежелгі Үндістандағы раджалар деген кімдер – тайпа көсемдері

  6. Әділдігі мен тапқыр шешендігімен төрелік айту беделіне ие болған адам – би

  7. Анасының төркіні балаларына кім болады- нағашы

  8. Қағазды,оқ-дәріні, жібек матаны ойлап тапқан ел- қытай

  9. Қандай? Деген сұраққа жауап беретін сөз табы-сын есім

  10. Жануарларды зерттейтін ғылым саласы – зоология

  11. Жердің Күнді толық бір рет айналып шығу уақыты- жыл

  12. Іс-әрекетті білдіретін сөз табы-етістік

  13. Маммология ғылымы нені зерттейді – сүтқоректілерді

  14. «Ат тонын ала қашу» тіркесінің мәні – безу, жоламау

  15. Көктем мезгілінің соңғы айы – мамыр

  16. «Мен жастарға сенемін» өлеңінің авторы- М.Жұмабаев

  17. Кемпірқосақтың ең астыңғы жолағының түсі- күлгін

  18. «Беті шімірікпеді» тіркесінің мәні-ұялмады

  19. Су қандай температурада қатады-0 градуста

  20. Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы - ихтиология







  1. Ойыншы

  1. Күзді ауыстыратын жыл мезгілі – қыс

  2. Әлемдегі ең жүйрік сүтқоректі – гепард

  3. Ханның кеңесшісі-уәзір

  4. Теңгенің айналымдағы ең кіші банкноты – 200 тг

  5. Кібісе неше жыл сайын қайталанып отырады-4 жыл

  6. Қасқырдың күшігі-бөлтірік

  7. «Оян, қазақ» поэмасының авторы – М.Дулатов

  8. Қаңтар- жылдың нешінші айы- 1

  9. Көше қозғалысын реттейтін құрал – бағдаршам

  10. Қазақ аңыздары бойынша Нұқ пайғамбардың кемесі қай жерде аялдаған – Қазығұрт тауында

  11. «Тамырына балта шабу» тіркесінің мәні – жою,жоғалту

  12. Көктем мезгілінің бірінші айы- наурыз

  13. Қожа Ахмет Иассауи кесенесін салдырған тұлға- Әмір Темір

  14. Қазақ халқының мифтік сенімі бойынша түйенің пірі- Ойсыл қара

  15. Аспан денелері туралы ғылым-астрономия

  16. Басқа елдерге шығатын тауар-экспорт

  17. Ортақ нүктесі болмайтын, қиылыспайтын түзулер- параллель

  18. Бұлттар арасында болатын электрлік ұшқынды разряд-найзағай

  19. Берілген шаманың жүзден бір бөлігі-пайыз

  20. Нөлден үлкен сандар- оң сандар

Сонымен екі айналымды сәтті аяқтадық. Енді үшінші айналымда ойнайтын, өнер көрсететін, білім жарыстыратын сайыскерлерді білу үшін сараптамаға назар аударайық.

Біз сіздермен келесі айналымда жүздесетін боламыз.

Өкінішке қарай

ұпаймен ойынды осы жерден тоқтатады. Біз сіздермен қимай қоштасамыз. Сайысымыздың арнайы алғыс хатымен марапаттай отырып,болашақтарыңыз жарқын болсын деп тілек айтамыз. Рахмет сіздерге!

Қымбатты сайыскерлер екі кезеңді сәтті аяқтадық. Үшінші айналым бойынша осыған дейінгі ұпайларыңыз жойылады. Қазір сіздерге 4 тақырып бойынша 10,20,30,40,50 ұпайлық 20 сұрақ ұсынылады. Осы сұрақтардың ішінде әуенді сұрақ, бейнесұрақ және арнайы сұрақтар бар.

Әр сұраққа жауап беруге 8 секунд беріледі. Егер ойыншы өзіне тиесілі сұраққа жауап бере алмаған жағдайда менің «Қарсыластар» деген сөзімнен кейін бірінші боп қол көтерген алғашқы екі ойыншы жауап бере алады. Ең бастысы ұпай шегерілмейді. Ойын шарты түсінікті болса «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды» анықтайтын соңғы кезең:

ДОДА

Дода тақырыптары төмендегідей:

  1. Дүние жүзіндегі ең....

  2. Әртүрлі сұрақтар

  3. Тәуелсіз Қазақстан

  4. Қазақ тілі мен әдебиеті



ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ ЕҢ..........

50- Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама  (Анхель – Венесуэла –979 м немесе 1054м)

hello_html_m6e60c673.jpg



40-Дүние жүзіндегі ең ыстық жер   (Әл-Әзизия – Ливия – 57,7 Co)

hello_html_7dd9100f.jpg



30-Дүние жүзіндегі ең кішкентай ел (Ватикан)

hello_html_42b647af.jpg

20-Дүние жүзіндегі ең кең тараған операциялық жүйе? (ОС Windows)

10-Дүние жүзінде ең көп тараған тіл? (Қытай тілі)



ӘРТҮРЛІ СҰРАҚТАР

50-Алғаш Нобель сыйлығын алған физик? (Вильгельм Рентген)

40 - Apple компаниясының негізін қалаушы (Стив Джобс)

30- «Жеті жарғы» заңы қай ханның тұсында өмірге келген? (Тәуке хан)

20- Бірде-бір елмен шектеспейтін Еуропа елі- (Кипр)

10-Жердің табиғи серігі? (ай)

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН

50- ҚР Конституциясы қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады? (9 бөлімнен 98 баптан)

40-Қазақстан қай бөлігінде қай елдермен шекаралас? Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, солтүстігінде Ресеймен. Оңтүстігінде — Түрікменстан, Өзбекстан  және Қырғызстан , ал шығысында Қытаймен.

30 –Қазақстан Республикасы қай жылы, қай айда Біріккен Ұлттар Ұйымына қабылданды? (1992 жылы 2 наурызда)

20- Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы(1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры, қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш (Т.Әубәкіров)

10- Қазақстан Республикасында ресми түрде қолданылатын тіл? (қазақ тілі)





ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ

50- Табу сөздер дегеніміз не? Оның қазақ халқында кездесетін кезі (Табу сөз - халықтың нанымы бойынша, атын тура атауға болмайтын тыйым салынған сөздер.

Табу (индонезия "тыйым салу") - әртүрлі наным-сенімнен, ырымдардан туындаған. Мысалы, қатал табиғи құбылыстар, жыртқыш аңдар мен қауіпті жәндіктер, түрлі аурулар: - табиғаттың дүлей күші: жасыл түсті (жай түсті) - ауру түрі: жаман ауру (қылтамақ) - аң аты: Ұлыма (қасқыр)

Бұл ұғым қазақ-дәстүрінде жиі қолданылады. Мәселен, жаңа түскен келінінің күйеуінің туыстарын өз атымен атамай, оларға лайықтап ат қоюы: шырайлым, айдарлым, төре жігіт т.б.)



40 -Балқожа бидің тәрбиесінде болған ақын кім? (Ы.Алтынсарин)

30- Мақалды жалғастыр.

Ішімдегінің бәрі тілімде,
Тілімдегінің бәрі түрімде.

20-Шәкәрім Құдайбердіұлы қай жерде дүниеге келді? (Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстау бөктері)

10- Әннің аты мен авторын ата? «Есіңе мені алғайсың» - Мұқағали Мақатаев

Сонымен үш айналымды сәтті аяқтадық. Сайыс нәтижесі бойынша ұпайлар мынадай:

1.

2.

3.

Ұпай нәтижелері бойынша бүгінгі ойында жеңіске жеткен ойыншымыз ................... Біз сені шын жүректен құттықтаймыз!



Автор
Дата добавления 01.06.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров69
Номер материала ДБ-107308
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх