Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Методическая разработка "Озық оқушы" 1 класс

Методическая разработка "Озық оқушы" 1 класс

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Тақырыбы: Озық оқушы
Мақсаты: Халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған құнды тәжірибелер мен тәлім – тәрбиесін, адамгершілік қағидаларын бойына сіңіру. Сөз байлығын, ойлау қабілетін дамыту.
Оқушылардың барлық пәндер бойынша алған білімдерін тексеру. Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Топ аттары жазылған қағаздар, қима қағаз,
Интерактивті тақта.
Әдісі: Сұрақ - жауап, топтастыру, ой - қозғау.
Сабаттың түрі: Сайыс сабақ.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, математика, қазақ тілі, дүниетану.


Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Қатысушыларды ойын шартымен таныстыру.
2. Қазылар алқасын сайлау.
3. Қорытынды бөлім.

Құрметті оқушылар, қонақтар.
Өнерлімен дос болсаң,
Қиялыңды қозғайды,- демекші, бүгінгі «Озық оқушы» атты интелектуалдық ойынымызға хош келдіңіздер!
Сайысымыздың мақсаттары әр түрлі ойын тапсырмалары арқылы білімдерін одан әрі тереңдеу. Алған білімдерін пысықтау.
Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Енді сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.

Әділ қазы алқасымен таныстыру:
Әділдікпен баға берер сендерге,
Әділдікпен қара қылды қақ жарар,
Әділ қазы алқаларын сайлайық
Ең алғыр топты таңдап алуға,- дей келе, әділ қазылар алқасын сайлайық.

І топ – «Білімділер»
ІІ топ – «Ойшылдар»
Әр топ мүшелері өз ұрандарын атап, өздерін таныстырып шығады.
«Білімділер» тобы.
Бір сыныпта оқимыз, бәріміз де
Достық сөзі әрқашан дәрі бізге
Жарысуға сендермен келіп тұрмыз
Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге.
Біздің тобымыздың ұраны: «Білімдіге – дүние жарық, білімсіздің күні – кәріп»


«Ойшылдар» тобы.
Біз дайынбыз жарысуға достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Біздің тобымыздың ұраны: «Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы»

Бөлімдермен танысу: 1. «Ұшқыр ой»
2. «Жалғасын тап»
3. «Ойлан тап»
4. «Қызықты есептер»

5. «Тапқыр болсаң, талас жоқ»

6. «Сөз құрастыру»

Жарайды, енді мен қазір сендерге сөз жазылған қағаз таратамын. Қай топ бірінші сол сөздерден сөйлем құраса, сол топ бастайды.
- Кәне оқиықшы, қандай сөйлем шықты?

«Ұлт болашағы – білімдінің қолында»
Ал, дайынбыз ба? Кезек 1 - топта.
1 - Бөлім. «Ұшқыр ой»
Сұрақтарға жауап беру. Әр топқа 10 - сұрақтан қойылады.
1. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қай күні тойланады? (16 желтоқсан 1991ж)
2. Қазақ батырларын ата. (Наурызбай, Бөгенбай, Райымбек, Қабанбай, Абылай)
3. Ұзындық өлшем бірліктерін ата? (см, дм, м, км)
4. Өлі табиғатқа нелер жатады? (Су, аспан, жер, ауа, тас)
5. Қосудың компоненттерін ата. /қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні\ 6. Жылдың 4 мезгілін ата. /қыс, көктем, жаз, күз\
7. Дарабоз атанған батыр кім? (Қабанбай)
8. Қай құс ерте келеді? (Қарлығаш)
9. Басты байлық не? (Денсаулық)
10. Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)
2 - топтық сұрақтары.

1. Біздің мемлекеттік туымызда нелер бейнеленген? (Күн, бүркіт, ою - өрнек)
2.
Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров)
3. Уақыт өлшем бірліктері (Жыл, ғасыр, апта, секунд, минут, ай, тәулік, күн)
4. Иіс сезу мүшесін ата? (Мұрын)
5. Біздің ел ордамыз қай қала? (Астана)
6
. Күйді кім тартады? /күйші\ 7. Қазақстанның мемлекеттік тілі / қазақ тілі\ 8. 1 жұмыртқа 5 минутта піседі, 4 жұмыртқа неше минутта піседі? (5минутта)
9
. Жеті күнді ата.
10. 12 ай /жыл\

2 - бөлім «Жалғасын тап»

Білетінің бір тоғыз,
Білмейтінің тоқсан тоғыз.

Күш — білімде, білім — кітапта.

 Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.

 Білегі күшті бірді жығады,
Білімі күшті мыңды жығады.

  Ақыл — тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.

 Білім арзан, білу қымбат.

  Наданмен дос болғанша,
Кітаппен дос бол.

  Ғылым — теңіз, білім — қайық.

 Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір

  Білім басы — бейнет, соңы — зейнет.

Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.

Оқу инемен құдық қазғандай.

 Оқу түбі тоқу.

Оқу — білім бұлағы,
Білім — өмір шырағы.

Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні қаріп.

Білім таппай мақтанба,
Өнер таппай баптанба.

Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.

  3 - Бөлім. «Ойлан тап» тап

Сол жақтағы кестедегі әріптерді оң жақ кестедегі сандардың ретімен қойып, жұмбақты құрастырда шешуін

1

26

15

21

12


К

Е

Ү

Ш

Ш

29

2

25

4

17

Е

Ө

Т

Е

А

22

19

3

23

9

Т

Ы

Т

Е

П

6

27

7

5

14

І

П

Л

Р

Ң

30

16

11

28

20

Ң

Ш

ШК

С

І

18

24

13

8

10

Д

Н

Е

І

Ө

Жауабы:




4 – бөлім: «Қызықты есептер»

Ой ұшқырлығына құрылған есептер

1.Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? ( балықтар ағашта отырмайды және ұшпайды.)
2.Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр? (Үйеңкіде алма өспейді)
3.Тақта алдында 3 бала тұр.Олар:Самат,Марат,Қанат. Марат ортасында тұр. Маратты қозғамай қалай шетке тұрғызуға болады?
4.Үй тышқанның неше құлағы бар?
5.Жанұяда 7 ер баланың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда қанша бала бар? (8 бала:7 ұл,1 қыз)
6.Самат,Марат,Қанатты орындыққа әртүрлі ретпен қалай отырғызуға болады?
( а)Самат, Марат, Қанат. ә)Самат,Қанат,Марат. б)Марат,Самат,Қанат. в) Марат,Қанат, Самат. г)Қанат,Самат,Марат. ғ)Қанат,Марат,Самат.)

5 – бөлім. «Тапқыр болсаң, талас жоқ»
Шрифтограмма шешу.
«Білімділер» тобы.
пан – ба – ла
тап – ха – на – кі
ған – бал – дыр

«Ойшылдар» тобы.
те – ма – ка – ти – ма
ыр – шақ – қу
ле – ди – те – дар.
6-бөлім «Сөз құрастыру»
2 - топқа бір - бір конверт беріледі. Конверттен қандай сөз шықса, сол сөз әріптерін пайдаланып 1минут ішінде сөздер құрастырады.
1 - топ «Қызғалдақ» 2 - топ «Бауырсақ»

























Сабақтың атауы Білімді мыңды жығар. Интеллектуалды ойын.
Жалпы мақсаттар Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау.
Оқыту нәтижесі Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету. Оқушылардың сөздік қорын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек ете білуге дағдыландыру.

Негізгі идеялар Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу
Қажетті материалдар Топ аттары жазылған қағаздар, қима қағаздар, интерактивті тақта.

Тапсырмалар 1. Топқа бөлу. (5 минут)
2. Бірінші айналым. «Тездет, бірақ қателеспе!» (10 минут)
3. Екінші айналым. «Ұшқыр ой»(3 минут)
4. Үшінші айналым. «Ойлы болсаң, озып көр»(15 минут)
5. Төртінші айналым. «Тапқыр болсаң, талас жоқ»(2 минут)
6. Бесінші айналым. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» жарнама жасау.(5 минут)
7. Қорытындылау. (5 минут).
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Психологиялық дайындық.
Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат
Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адамдық.
Кіріспе сөз: бүгін біз сіздермен «Білімді мыңды жығар» атты интеллектуалды ойынын өткіземіз. Оқушылар әр түрлі түстерді таңдау арқылы екі топқа бөлініп отырады.
І топ – «Білімділер»
ІІ топ – «Ойшылдар»
Әр топ мүшелері өз ұрандарын атап, өздерін таныстырып шығады.
«Білімділер» тобы.
Бір сыныпта оқимыз, бәріміз де
Достық сөзі әрқашан дәрі бізге
Жарысуға сендермен келіп тұрмыз
Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге.
Біздің тобымыздың ұраны: «Білімдіге – дүние жарық, білімсіздің күні – кәріп»
«Ойшылдар» тобы.
Біз дайынбыз жарысуға достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Біздің тобымыздың ұраны: «Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы»
Ойын ережесімен таныстыру. Әділқазылар алқасын сайлау.
Ойын 5 - айналымнан тұрады.
1 – айналым. 1 слайд
«Тездет, бірақ қателеспе!»
Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Бір сөзбен «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Екі топтың да жауабы тыңдалады. Содан кейін тақтадан дұрыс жауабы шығады.
«Білімділер» тобы.
1) Дауыссыз дыбыстар 3 - ке бөлінеді. (Иә. Қатаң. Ұяң. Үнді)
2) Өмір сүру үшін адамға ең қажетті нәрселер: үй, киім, көлік, теледидар. (жоқ. Тамақ, ауа, су, жарық, жылу)
3) Барлық сатып алынған заттар бағасының қосындысы заттың құны деп аталады. (иә)
4) Судың 4 күйі бар. (жоқ. 3 күйі бар: қатты, сұйық, газ)
5) Көкжиектің негізгі 4 тұсы бар. (иә. Солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс)
6) 120 минутта 3сағат бар.(жоқ. 2сағат)
7) Жұмбақ – үлгі – өнеге ретінде айтылатын әрі қысқа, әрі нұсқа нақыл сөз. (Жоқ. Бір затты, жайды ойлап табу үшін астарлап айтылған қысқаша өлең)
8) Қандай? Қай? Сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың сынын, сапасын білдіреді. (иә)
9) 9 бен 4 – тің көбейтіндісі 32 - ге тең. (жоқ. 36)
10) Тік төртбұрыштың периметрін табу үшін ұзындығы мен енін қосамыз. (иә)
«Ойшылдар» тобы. 2 слайд
1. Зат есім қандай? қай? деген сұраққа жауап береді.(жоқ. кім? не?)
2. Ұзындық өлшем бірліктері мм, см, дм, м, км.(иә)
3. Өмірде болған адамға қатысты құрылған халық шығармасы ертегі.(жоқ. Аңыз)
4. Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі карта.(иә.)
5. 45 - тің 5 - тен бір бөлігі 8 - ге тең.(жоқ. 9 - ға.)
6. Үш биді ата. Олар Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би.(иә)
7. Негізгі сөйлем мүшесі баяндауыш.(жоқ. бастауыш)
8. Адам денесінің тірегі бас.(жоқ. қаңқа)
9. Шаршы дегеніміз барлық қабырғасы тең төртбұрыш.(иә)
10. Абылай ханға Төле бидің қойған аты Сабалақ.(иә)

2 – айналым. 3 слайд.
«Ұшқыр ой».
Берілген бір сөзден бірнеше сөз ойлап табуларың керек.
«Ойшылдар» тобы. Атамекен.
«Білімділер» тобы. Болашақ.
Дұрыс орындаған топқа10 ұпай беріледі.
- Өте жақсы, балалар, біздің әр сайысымызды әділқазылар бағалап отыр, нәтижесін соңында айтады. Келесі айналымға өтелік.

3 – айналым. 4 слайд
«Ойлы болсаң, озып көр». Әр сұрақтың өз ұпайы бар.

Дүниетану.
Бұл аңда жаудан қорғанудың 2 тәсілі бар, ол бүркеніш реңі және
аяғы. Тез жүгіреді және тез секіреді. Ол тек тез қашып қана қоймай, қауіпсіз жерге қысқа, тез жетудің жолын біледі. Кейде оған бұл қасиеттері көмектеспейді. Онда ол шалқасынан жата қалады да артқы аяқтарымен қорғанады. 20 ұпай. 5 слайд
Қай құс жұмыртқа баспайды? Өз атын қайталай береді? 30 ұпай. 6 слайд
Өсімдіктің тірі организм екендігін дәлелде. 40 ұпай. 7 слайд
Математика.
Есік алдында 3 гүл өсіп тұр. Оның біреуі қызыл, біреуі сары және біреуі көк. Сары гүл ортасында емес және қызыл гүлдің қасында емес Онда гүлдер қалай орналасқан? (сары, көк, қызыл) 20 ұпай. 8 слайд
2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма? 30 ұпай. 9 слайд
Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады? 40 ұпай. 10слайд
Қазақ тілі.
Ребусты дұрыс шешсең, мақал шығады. 40 ұпай. 11 слайд
Еңбек туралы мақал - мәтел айт. 30 ұпай. 12 слайд
Хат сөйлеудің қай түріне жатады. (жазбаша) 20 ұпай. 13 слайд
Ана – тілі.
Жыртық терезе, қара су, аштық азабы. Әңгіме кім жайлы? Авторын ата. (Б. Майлин. Күлпаш.) 20 ұпай. 14 слайд
Суретке зер сал. Қай мысал, авторы кім? Мысалды екі оқушы сахналап көрсетеді. (Шегіртке мен құмырсқа. И. Крылов. Аударған Абай.) 30 ұпай. 15 слайд
Қасиетті тілімнен түңілмедім. Қай өлең? Авторы кім? Жатқа айт. (Үш бақытым. М. Мақатаев) 40 ұпай. 16 слайд

4 – айналым.
5 – айналым. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»18 слайд
Жарнама жасау 10 ұпай.
«Білімділер» тобы.
«Менің мектебім» жарнама
«Ойшылдар» тобы.
«Сүйікті оқулығым» жарнамалау.

Осымен ойынымыз шарықтау шегіне жетті. 19 слайд
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену, жалықпау. –
деп сөз кезегі әділқазыларға беріледі. Жеңімпаздарға марапаттау айтылады. Ең көп ұпай жинаған білімді оқушы анықталады.
Топ жетекшілері қорытындысын айтты, бағалады.











































Серіктестер жаңалықтары

Тақырыбы: Ойлы болсаң, озып көр.
Мақсаты: Халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған құнды тәжірибелер мен тәлім – тәрбиесін, адамгершілік қағидаларын бойына сіңіру. Сөз байлығын, ойлау қабілетін дамыту.
Оқушылардың барлық пәндер бойынша алған білімдерін тексеру. Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Топ аттары жазылған қағаздар, қима қағаз,
Интерактивті тақта.
Әдісі: Сұрақ - жауап, топтастыру, ой - қозғау.
Сабаттың түрі: Сайыс сабақ.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, математика, қазақ тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Қатысушыларды ойын шартымен таныстыру.
2. Қазылар алқасын сайлау.
3. Қорытынды бөлім.

Құрметті оқушылар, қонақтар.
Өнерлімен дос болсаң,

Қиялыңды қозғайды,- демекші, бүгінгі «Ойды болсаң, озып көр» атты интелектуалдық ойынымызға хош келдіңіздер!
Сайысымыздың мақсаттары әр түрлі ойын тапсырмалары арқылы білімдерін одан әрі тереңдеу. Алған білімдерін пысықтау.
Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Енді сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.
1 - топ. «Талапкер»
2 - топ. «Алғырлар» тобы
Бөлімдермен танысу: 1. «Ұшқыр ой»
2. «Қызықты төрттік»
3. «Сөз құрастыру»
4. «Полиглот»

Әділ қазы алқасымен таныстыру:
Әділдікпен баға берер сендерге,
Әділдікпен қара қылды қақ жарар,
Әділ қазы алқаларын сайлайық
Ең алғыр топты таңдап алуға,- дей келе, әділ қазылар алқасын сайлайық.

Таныстыру: Әп топ топтың аты мен ұранын айтады.
Жарайды, енді мен қазір сендерге сөз жазылған қағаз таратамын. Қай топ бірінші сол сөздерден сөйлем құраса, сол топ бастайды.
- Кәне оқиықшы, қандай сөйлем шықты?

«Ұлт болашағы – білімдінің қолында»
Ал, дайынбыз ба? Кезек 1 - топта.
1 - Бөлім. «Ұшқыр ой»
Сұрақтарға жауап беру. Әр топқа 10 - сұрақтан қойылады.
1. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қашан жариялады?

(16 желтоқсан 1991ж)
2. Қазақ батырларын ата.

(Наурызбай, Бөгенбай, Райымбек, Қабанбай, Абылай)
3. Ұзындық өлшем бірліктерін ата? (см, дм, м, км)
4. Өлі табиғатқа нелер жатады? (Су, аспан, жер, ауа, тас)
5. Әр адамның шағын адамы? (Отбасы)
6. Жылдың 4мезгіліне өлең жазған кім? (Абай)
7. Дарабоз атанған батыр кім? (Қабанбай)
8. Қай құс ерте келеді? (Қарлығаш)
9. Басты байлық не? (Денсаулық)
10. Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)
2 - топтық сұрақтары.

1. Біздің мемлекеттік туымызда нелер бейнеленген? (Күн, бүркіт, ою - өрнек)
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров)
3. Уақыт өлшем бірліктері (Жыл, ғасыр, апта, секунд, минут, ай, тәулік, күн)
4. Иіс сезу мүшесін ата? (Мұрын)
5. Біздің ел ордамыз қай қала? (Астана)
6. Абылай ханның шын аты кім? (Әбілмансұр)
7. Қазақстанның тауларын ата. (Көкшетау, Ұлытау, Алатау)
8. 1 жұмыртқа 5 минутта піседі, 4 жұмыртқа неше минутта піседі? (5минутта)
9. Судың үш күйін ата? (Қатты, сұйық, газ)
10. Абайдың әжесі кім? (Зере)
2 - бөлім «Қызықты төрттік»
Төрт пән бойынша әр топ 5 сұрақтан жауап береді.

Ана тілі 1 - топ
«Абай жолы» роман - эпопеясының авторы кім?
«Дала жұлдызы» деп кімді айтамыз?
Құрманғазының шәкірті кім?
Рейхстагқа ту тіккен кім?
2 - топ
«Күлпаш» әңгімесін кім жазған?
«Сәулелі жұлдыз іздеген адам» әңгімесі кім туралы?
Үш биді ата?

Ы. Алтынсарин кім? Оның қандай шығармаларын білеміз?
Желтоқсанда құрбан болған қыздарымыз кім?
Математика 1 - топ
Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
Шаршы дегеніміз не?
1 ғасырда неше жыл бар?
9бен 4 көбейтіндісі нешеге тең?
Ең кіші төрт таңбала сан?
2 - топ
1 мүшел 12жас десек, 3 мүшелде неше жас бар?
Бөлу амалының атаулары?
Геометриялық фигураларды ата?
2 жылда неше ай бар?
1 км - де неше мерт бар?
Қазақ тілі 1 - топ
Мәтіннің түрлерін атаңдар?
«Батыр» сөзіне мәндес сөздерді тап?
Жұрнақ дегеніміз не?
Дауысты дыбыс неше түрге бөлінеді?

Зат есімнің тәуелденуі
2 - топ
Зат есімнің жіктелуі
Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?
Барыс септігінің жалғауы?
Жалғаудың қызметі не?
Әдемі, сұлу, келбетті қандай сөздер?
Дүниетану. 1 - топ
Қазақстан жері қанша километр аумақты құрайды?
Заттың көлемін кішірейтетін санды не дейміз?
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар?
«Қара алтын» деп нені айтады?
Адамның ішкі мүшелерін ата?

2 - топ
Қазақстандағы тұзды теңіздер мен көлдерді ата?
Адам денесінің тірегі
Жерге жақын тұрған және күндіз ғана болатын жұлдыз не?
Картада таулар қандай түспен боялған?
Қалталы аң?
3 - Бөлім. «Сөз құрастыру»
2 - топқа бір - бір конверт беріледі. Конверттен қандай сөз шықса, сол сөз әріптерін пайдаланып 1минут ішінде сөздер құрастырады.
1 - топ «Қызғалдақ» 2 - топ «Бауырсақ»





































Жұбан Молдағалиев. Ар – ұят туралы

Қазаққа ар - ұят ең жоғары саналады. Ар - ұят - парыздың бақылаушысы, адам өмірін реттеуші. Арлы, ұятты, намысты адам өз елін, жерін, ұрпағын мәңгі қорғайды.

Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы

Тік төртбұрыш туралы алған білімдерін еске түсіру, тік төртбұрыш пен шаршының периметрін және ауданын әр түрлі тәсілмен табуды түсіндіру.

The Earth is in danger

Табиғат, табиғатты қорғау жөнінде сөздік қорларын кеңейту. Should/should’t модальды етістіктерінің қолданылуын түсіндіру.

Сөз және оның мағынасы

Айтылуы бірдей мағынасы әр түрлі сөздер туралы түсінік беріп, жаңа тақырыпты мысалдар арқылы меңгерту, сөздердің мағыналарын таныту. Қазақ тілінің сөз байлығы жайлы тоқталып, ана тіліне құрмет ...

How do you get to school?

To develop student’s skills in oral speech; to develop student’s writing, reading and speaking abilities through giving several tasks; to improve their mental and critical thinking.

Мәдениет-біліммен

ОҚО, Созақ ауданы, «Шолаққорған» жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Өтепов Талғат Рәзімханұлы

Краткосрочный план

Гумарова Жумазия Орынгалиевна учитель русского языка и литературы СОШ - детсад им. А. Кусаинова, Бокейордийнского района, п. Муратсай.

Ойлы болсаң, озып көр

Жарияланды 5-03-2015, 08:56 Категориясы: Бастауыш сынып 

«Ойлы болсаң, озып көр»
Мақсаты:
Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу

Барысы:
Мұғалім сөзі: Балалар, бүгін біздің сынып оқушыларының арасында «Ойлы болсаң, озып көр» атты зияткерлік білім сайысы өткізіліп отыр. Осы сайысқа сынып оқушыларынан екі топ құрылып өзара білімдерінен сынға түспек. Ендеше сайысқа түсер екі топпен танысайық.

Топтармен таныстыру
Ортада бүгінгі зияткерлік ойынымыздың сайыскерлері «Зерде» және «Зейін» тобы.
«Ойлы болсаң, озып көр» зияткерлік ойынымыздың өткізілу жоспарымен таныс болыңыздар.
1-айналым «Ғажайып жетілік» деп аталады.
Бұл айналымда оқу бағдарламасы аясында сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа 1 – ұпай беріледі.
2-айналым «Математик» деп аталады. Топтар кезекпен 3 - минут уақыт аралығында математикалық амалдарды дұрыс орындап, барынша көп есеп шығару керек. Әр топ шығарған есептерінің сандарына байланысты ұпай жинайды.
3 - айналым «Құрастырма сурет» Бұл айналымда құрастырылған бейне көрсетіледі. Геометриялық фигуралардан осы көрген бейнені құрастыру керек. Қай топ бірінші болып құрастырып шықса, сол топ 5ұпайды алады. Жартылай орындаған топ 2 ұпай алады.
4 - айналым «Кім жылдам» Бұл ойында екі топқа екі сөз беріледі. Осы сөздерден бірнеше сөздер құрастыру керек. Әр сөзге 1ұпайдан беріледі.
Ең көп сөз құрастырған топ жеңімпаз атанады.
5 - айналым «Тапқыр болсаң тауып көр» Сөзжұмбақты шешу арқылы жеңімпаз топты анықтаймыз.
6 - айналым « Анықтама беру» Бұл айналымда топтарға әдебиеттік оқу пәнінен тапсырма беріледі. Топтар берілген мәтін үзіндісін оқи отырып
Бұл мәтіннің қалай аталатынын және кімнің шығармасы екенін табу керек.

Қорытындылау



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-359477
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>