Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Методическая разработка "Педагогикалық техника негіздері"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Методическая разработка "Педагогикалық техника негіздері"

библиотека
материалов


Педагогикалық техника негіздері


Архыматаева Нурила Жақсылыққызы


Педагогтың жұмысы тиімді болу үшін керекті шарт-педагогикалық техниканы жақсы меңгеруі. Педагогикалық техника педагогикалық шеберліктің құрамды бөлігі. Педагогикалық техника ұғымы ХХ ғасырдың 20 жылдары пайда болды, содан бері зерттелуде. Педагог оқушыларға ықпал ете отырып, оларға өзінің ой-пікірлерін, сезімдерін жеткізуге талпынады. Ал байланысты, ниетті, мақсат, ойларды, талап, нұсқау, ережелерді оқушыларға жеткізетін- сөз, тіл, жест, мимика.

Педагогикалық техника  - мұғалімнің өзін-өзі басқара алуы, педагогтың бойындағы тәрбиеленушілерге ықпал жасайтын икемділіктер кешені. (Синица И.Е. )

Педагогикалық техника — жеке балаға, сондай-ақ тұтас ұжымға тәрбиелік әсер етуге таңдаған әдістемелерді жүзеге асыратын білім, шеберлік, дағдылардың жиынтығы.

Педагогикалық техника – мұғалім іс-әрекетінің ішкі мазмұны мен сыртқы әрекетінің көрінісі. Мижериков В.А.)

Сонымен бірге әртүрлі қалыптасқан көзқарастар бойынша;

    • педагогикалық шеберлікті меңгерген мұғалімнің интуициясы мен білімі,

    • ғылыми жағынан беделі, педагогикалық қиындықтарды жеңе білу,

    • басшылыққа икемді болу,

    • баланың жан дүниесін түсінетін дарынды қабілеті,

    • оқушы тұлғасына нәзік және жекелей ықпал етіп, даналық пен шығармашылық тұрғыдан ойына түрткі туғызатын, ғылыми талдауға қабілетті, қиялы жетік болуы жатады.

Қ. Қалдарова: « Педагогикалық техника педагогикалық шеберліктің басты көрінісі»деп педагогикалық техниканың құрылымдық элементтеріне тоқталады.

А. Гин өзінің «Приемы педагогической техники» еңбегінде педагогтардың педагогикалық техника тәсілдерін қолоданған педагогтардың іс тәжірибелерінен мысалдар келтіріп, ұсынады.

Белгілі педагог Ш. Амонашвили өзінің «Мақсаттың бірлігі» еңбегінде М, 1987. 87 бет. –

«Бастауыш сынып. Математика.

Мен тақтаға тапсырманы жазып, сенімді жүзбен «Мен бұл тапсырманы шешуге сіздерге 10 минут уақыт беремін! Дедім. Бірақ ешкім тапсырманың берілуіне мән бермей шешуге кірісті. Шешімін таба алмай ашуланды,. 10 минут қайда, бүкіл сабақ сол тапсырманы орындауға кетті. Сонда Вова тұрып: «А, мына жерде қате бар, бұл тапсырманы шешу мүмкін емес» дейді. Ал сол тапсырманы басынан көруге болуыш еді, егер іштеріңдегі біреулерің «Алдымен тапсырманы оқып алайық» деп айтса, мен Вованың айтқанынан соң тапсырманы өздеріңмен бірге оқып, «Кешіріңдер, балалар» мен қателесіппін» дедім, ал шындығында мен бұны әдейі істеген едім, сендер берілген тапсырманың дұрыстығына көздеріңді жеткізудің маңыздылығына көздеріңді жетккізу үшін» деп жазады.


Педагогикалық техниканың құралдары.


А.С.Макаренко былай деген болатын:"Тәрбиеленушілер сенің ойыҢды, жүрек сезіміңді ұққандықтан құрметтейді, сенімі артады»

1) ӨЗ ДЕНЕСІН БАСҚАРА АЛУ - физикалық денсаулық, мимика, пантомимика, жестті қолдана алу икемділігі.

Адам қозғалысының мәні туралы кинетика ғылымы зерттейді.

Вербальды емес мәнерлілік- табысты педагогикалық үрдістің бір бөлігі. Адамдар арасындағы өзара әрекеттестік 60 тан 80 % дейін вербальды емес құралдар арқылы жүзеге асырылатынын психологтар анықтаған, ал вербальды жолдар арқылы ақпараттық 20-40 % ғана беріледі екен.

Келбет - бет пішінді байқатады. Мұғалімнің келбеті -көзқарасы, қас-қабағы ашық болуы тиіс.Оқушы мұғалімнің бет-пішініңнен, қөзқарасыңнан сенің айтайын деген ойыңды, мақұлдауыңды ұғынады.

Кәсібі көпшілік алдында сөйлеумен байланысты болғандықтан мұғалім қол қимылдары мен мимиканы қолдануды, оқушылардың көңіл-күйіне назар аударып,олардың жан дүниесін, ойларын түсінуі керек.

Мимика - өз ойын, сезімін, көңіл-күйін бет қимылдары арқылы таныта білу өнері. Сөзге қарағанда бет әлпет, көзқарас адамдарға көп әсер береді. Мимика ақпараттарды жақсы қабылдатуға көмектеседі. Оқушылар мұғалімнің «бетінен»-ақ оқиды» Мұғалім әрқашан балаларға қарап тұруы тиіс, қабырғаға, терезеге, төбеге қарап сөйлеуден қашу керек.

Мимика деталдары: қас пен көз. Қасты көтеру таң қалуды білдірсе, түю- бір ойға, бір мәселеге келуді, қозғалыссыз болуы- жайлылықты, үнемі қозғалыста болу- таңдануды туғызады. Ал көзі арқылы барлығын көріп, назарда ұстап тұру қажет.

Пантомимика – дене, аяқ, қолдың қозғалысы. Ол бастыны анықтауға көмектеседі. Адамның қимылына қарап, айтайын деген ойын ұғынуға болады. Аяқтың арақашықтығы 13-15 см болу керек. Алдыға қарай қозғалып айту айтылатын мәселенің маңызды екенін білдірсе, ал артқа қарай кету тыңдаушыларға еркін отыруға мүмкіндік беретін поза.

Педагогтың  жүзі жайдарлы, қозғалыстары жинақы болғаны дұрыс. Педагог өзіне-өзі сенімді болуы керек.


Педагог қолдарының қимылы үйлесімді және жинақы болуы керек. Жест – қол сермеуі. Қол сермеудің 2 түрі бар:

  1. Қол сермеудің бейнелеу түрі- ой тізгінімен байланысты, оны адам жиі қолданады..

  2. Қол сермеудің психологиялық түрі- адам сезімімен байланысты.

Қол қимылдары дененің басқа қозғалыстары сияқты ақпаратпен қоса жүреді.


2) ӨЗІНІҢ ЭМОЦИОНАЛЬДЫ ЖАҒДАЙЫН БАСҚАРА АЛУ - өзінің психикалық жағдайын, сезімдерін, көңіл-күйін басқара алу икемділігі .

Мұғалімнің өзін-өзі басқара білуі. Оған мынадай тәсілдерді жатқызуға болады:

- қайырымдылық пен оптимизмге тәрбиелеу

- өз тәртібіне бақылау жасау / сөйлеу, тыныс алу т.б./

- пед.қызметте жақсарту ісінде қолдану (еңбек терапиясы, музыкотерапия, библиотерапия, әзіл, имитациялық ойын);

- өзін-өзі сендіру.

Осы бағытта В. А. Сухомлинский: ішкі жан дүние гармониясын сақтау үшін қайырымды, оптимист бол, әзілмен шешуді ұсынады.

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ПЕРЦЕПЦИЯ - зейін, өзін-өзі сырттай көре алу икемділігі т.б.

Педагогқа адам психикасы үшін маңызы зор-кері байланыс механизмін қолдана алу иекемділігі керек. Өйткені, мінез-құлық та, дауыс та, мимика да, қол сілтеу де біздің ішкі дүниемізге, көңіл-күйімізге әсерін тигізеді.


4) СӨЙЛЕУ ТЕХНИКАСЫ – сөйлеу мәдениет, эмоциясы, дауысты қою, дем алу, интонация, сөйлеу темпі,сенім туғызуы

Мұғалімнің сөйлеу техникасы- дауыс ырғағы, тоны. Оны реттеу үшін өзімен жұмыс жасауы керек. Сөйлеу мәдениеті дегеніміз әр дыбысты анық айту, дауыс екпінін таңдау, дұрыс тыныс алып, бет әлпеті мен қимылын үлесімді пайдалану шеберлігі.

Сөйлесу кезінде қолыңызды айқастырмаңыз, аудиторияға бетіңізбен бұрылып тұрыңыз, араларыңыздағы қашықтық үлкен болмауы керек. Сөйлеу кезінде оңға, солға емес, керісінше алдыға, артқа қозғалған дұрыс. Алдыға қозғалғанда айтып тұрған ақпаратыңыздың маңыздылығы күшейеді, ал артқа қозғалсаңыз тыңдаушыларға кішкене дем алуға мүмкіндік бересіз.

Тыныс алу ағзаға ауаны қамтамасыз ететін физиологиялық қызмет атқарады, сондай-ақ ол сөйлеудің энергетикалық базасы болып та саналады. Тілдік тыныс алу- фоноционды /грекш phono - дыбыс) дегенді білдіреді. Күнделікті өмірде адамдар көбінесе диалогтық тілдесімге түсетіндіктен тыныс алу қиындық туғызбайды. Ал сабақ барысында мұғалім ұзақ уақыт сөйлеуі үшін: түсіндіру, дәріс оқу барысында тыныс алуды жаттықтырмаса онда бет қызарады, демікпе пайда болады, қан тамырлары жылдам соғуы мүмкін.

Тыныс алудың техникасы бойынша жаттығу жасау.

  1. жоғары тыныс алу: иықты көтеру, түсіру, кеудені көтеру.

  2. кеуде қуысының көтерілуі

  3. ішпен тыныс алу

Дауыс. Дауыс аппараты үш бөлімнен тұрады: генераторлық,энергетикалық, резонаторлық.

Дыбыс генерациясы дауыс жарғағында, ауыз қуысында болады , ол дыбыстардың тонын, шуын қамтамасыз реттейді.

Резонаторлық жүйе- жұтқыншақ, мұрын қуысы, ауыз қуысы- сөздің қозғылысы мен қойылуын реттейді. Дауыс қозғалысы оның жоғарығымен анықталады. Жоғарылық-дауыс тонының деңгейі. Диапазон- дауыс көлемі. Дауыс диапозонының төмендеуі монотонды сөйлеуге әкеледі. Дауыстың бір тонды дыбысталуы адамды басады, қажытады. Мұғалім сыныпты ұстап» тұруы үшін дауысты жоғары көтеріп айтады, яғни әр педагог жұмыста болған уақытының 50 %-да жоғары дауыспен сөйлейді екен. Дауыс жоғарылығының себебі-сыныпты шулатпау екендігі түсінікті. Сынып шуы орта есеппен алғанда 55-72 децибелді құрайды екен, ал сау адамның дауысының жылдамдығы 65-74 децибель шамасында болады.

Сондықтан, мұғалім кәсібіне байланысты тамақ ауруларына ұшырамас үшін күнделікті жұмыстан кейін мүмкіндігінше 2-3 сағат сөйлемегені жөн, ал сөйлеген күнде де баяу сөйлегені дұрыс.

Ритмика – белгілі бір сөздерді, сөйлемдерді ұзақ айту жылдамдығы және пауза жасау. Бұл сөйлеудің маңызды элементі болып табылады. Ол тыңдаушыларға ықпал ету көзі деп санайды К. С. Станиславский. Сөйлеу жылдамдығы педагогтың жеке қасиетіне байланысты. Қазақтар, орыстар 1 минутта- 120 сөйлемге дейін айтады екен, ал ағылшындар болса – 120-150. Эксперименттік мәліметтерге сүйенсек, 5-6 сыныптарда мұғалім минутына 60 сөйлем, 10 сыныптарда 75 сөйлемнен артық айтпауы тиіс.айтылатын сөйлем, мәтіні неғұрлым маңызды болса, соғұрлым сөз ақырын болады.


-МҰҒАЛІМНІҢ ДЕНЕ БІТІМІ, ӨЗІН-ӨЗІ ҰСТАУЫ

Педагог пен оқушылар арасындағы ара қашықтық

  1. Тікелей жақындықтың арақашықтығы

    • Жанасудан 0,5 метрге дейін

    • Ең жақын арақашықтық

    • Оқыту үшін кейде ыңғайсыз

  2. Жеке кеңістік

  • 0,5 метрден басталады

  • Жақын, бірақ тым жақын емес

  • Оқыту үшін қолайлы

  1. Әлеуметтік тілдесудің арақашықтығы:

  • 1 метрден 3,5 метрге дейін

  • Топпен тілдесу

  • Оқыту аймағы

  1. Көпшіліктің алдында тұрып сөйлеудегі арақашықтық:

  • 3,5 метрден 7,5 метрге дейін

  • Сахнада тұрып сөйлеу аймағы

  • Оқыту үшін ыңғайсыз


Педагогтың дене күйі, тұрған тұрысы

  • Түзу дене күй-сенімділік, зеректік, сенімділік

  • Оқушыларға теріс қарап тұрып сөйлеу-қызығушылықтың жоқтығы

  • Қырымен тұру-теріс, негативті қарым-қатынас

  • Сұрақ қойғанда алдыға қарай еңкею- дұрыс, оң қарым-қатынас

Сабақты жүргізуге кедергі жасайтын әдеттер

  • Бір сөзді қайталай беру

  • Затты қолда айналдырып ұстап тұру

  • Дененің артық қозғалыстары

  • Аудиторияның назарын басқа жаққа аударатын және ашуландыратын әдеттерден құтылу керек

ПЕДАГОГ ИМИДЖІ (ағылшынша «бейне») оқушылар, әріптестер, әлеуметтік орта, жаппай санада қабылданған мұғалім бейнесі.

Имидж құрамы: (В. М. Шепель)

1. Визуалды бейне:

  • Физиологиялық белгілер- шаш, бойы, дене бітімі үйлесімділігі / 85% әсер етеді

  • өзіне сай стильді анықтайтын элементтер: киім, аяқ киім, аксессуарлар

Педагог киімі эстетикалық жағынан әсерлі, әдемі, жарасымды болуы керек. Өзі-өзіне сенімді, жинақы болуы керек.

  • Шешен сөйлеу, тіл табыса білу қабілеті

  • Вербальды емес құралдар

  • өзін-өзі бағалау /зіне сенімі, талаптану/

  • кәсіби және құзырлық /кәсіби дағды, қабілеттер/

  • жеке –іскерлік қасиеттер /эмоционалды байсалдылық, креативтілік, белсенділік/

  • Көшбасшылық

Жаңа қоғам педагогтың имиджіне жаңа талаптар қояды, бірақ қай заманда болысн ұстаз үшін өзгермейтін қасиеттер бар:

  • балаларды жақсы көру

  • мейірімділік

  • шынайылық

  • тілдесе алу икемділігі.


А.С.Макаренко былай деген болатын:"Тәрбиеленушілер сенің ойыңды, жүрек сезіміңді ұққандықтан құрметтейді, сенімі артады»

Әдебиеттер:

  1. Қалдарова Қ. И. Педагогтың кәсіби іс әрекетіндегі пед.техника. А., 2010

  2. А. Гин Приемы педагогической техники. М., 2002

  3. Учителю о педагогической технике. /под ред. Л. И. Рувинского М., «Педагогика», 1987






Автор
Дата добавления 24.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров132
Номер материала ДБ-387171
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх