Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыМетодическая разработка по Истории Казахстана

Методическая разработка по Истории Казахстана

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: ХҮІІ-ХҮІІІғ жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күрес

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі, ел тұтастығын сақтаудағы батырлардың ерліктері, шапқыншылардың зардаптары туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың  сабаққа деген  белсенділігін, қызығушылығын арттырып, ойлау, сөйлеу, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік:  Сыртқы жаудан қорғануда ұйымшылдықтың, бірауыздылықтың аса қажеттігін, Отан үшін күрес –ең жоғарғы қасиет екенін түсіндіре отырып, отаншылдық, ұлтжандылық рухта тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан қартасы, дидактикалық материалдар, видео материалдар.

Сабақтың  типі: дәстүрлі

Сабақтың түрі: Аралас сабақ (білім-білік дағдыларын  қалыптастыратын)

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, логикалық ой тізбегін құру

                                        

Сабақтың  барысы:

І.  Ұйымдастыру  (сәлемдесу, оқушыларды түгендеу)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1.Жоңғар шапқыншылығы логикалық ой тізбе.

2.Картадан Жоңғар мемлекетінің қалыптасуы мен қазақ жерін біржолата жаулап алу үшін 7 бағытта70 мың әскерімен кірген жерлерін көрсету.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «ХҮІІ-ХҮІІІғ жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күрес». Біздің бүгінгі мақсатымыз, қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі, ел тұтастығын сақтаудағы батырлардың ерліктері, шапқыншылардың зардаптары туралы білімдерімізді кеңейту. Бүгінгі сабағымыздың эпиграфын «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран» деп бастағым келеді.

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын, бұрын өткен тақырыптардан мынандай логикалық ой тізбегін құрайық.

ЖОҢҒАР ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ

 

 

 

 

 


Кім?                         Қашан?              Қандай мақсатпен?      Салдары қандай болған?

Кім?- Жоңғар хандығы

Қашан? -ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда

Қандай мақсатпен? Қазақ хандығының аумағы Жоңғария билеушілерін бұрыннан қатты қызықтыратын. Оның себебі, біріншіден, Жетісу мен Сырдария өңірін басып алатын болсақ, онда Жоңғарияны Ресей мемлекетімен, Сібірмен, Орта Азия хандықтарымен байланыстыратын аса маңызды сауда жолдарының торабын өз бақылауымызда ұстаймыз, одан әрі Ауғанстанға, Иран мен Закавказьеге жол ашылатын болады деп үміттенді. Екіншіден, Қазақстанды жаулап алсақ, өз хандығымыздың солтүстіктегі шекарасын әлдеқайда нығайтамыз, бағынған халықтан қосымша алым-салық алып тұрамыз деп ойлады. Үшіншіден, басқыншыларды қазақтың кең-байтақ даласындағы шұрайлы мал жайылымы мен Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік- шығысындағы сауда-қолөнер орталықтары қызықтырды. Төртіншіден, Қазақстан аумағын жаулап алу жоңғарлардың Еділ мен Жайық аралығында көшіп-қонып жүрген қандас тайпалары құба қалмақтарымен кедергісіз тікелей байланыс орнатып, қарым-қатынас жасауына жағдай туғызатын еді. Ақыр соңында, бесіншіден, Жоңғар мемлекетінің қазақтарды кұл етіп ұстаудың мол мүмкіндігіне ие боламыз деп дәмеленді. Жоңғарлардың Қазақ хандығына қарсы басқыншылық соғысты күшейте түсуінің, міне, осындай себептері болды.

Салдары қандай болған? «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» қазақ қоғамына тигізген зардабы орасан зор болды. Далалықтардың көші-қон бағдарламаларының быт-шыты шықты. Қазақтар шұрайлы мал жайылымдарынан айырылды. Жетісудағы және Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы бір кезде гүлденіп тұратын жасыл жазиралар енді қараусыз қаңырап бос жатты. Көршілес мемлекеттермен сауда-саттық байланысы да уақытша үзіліп қалды. Бірақ ең ауыр азапты қайғы-қасірет туған-туыстар мен жақын жандардың қазасы болды. Шәкәрім Құдайбердіұлының келтірген деректері бойынша, қазақтардың үштен екі бөлігі қырғынға ұшыраған. Енді бір бөлігі құлдыққа сатылып кеткен. Халық ашаршылыққа душар болды. Өлмей аман қалу үшін қайыңның сөлін ішкен. «Қайың сауған» деген сөз содан қалған. Тірі қалғандар басқыншыларға шектен тыс ауыр алым-салық төлеп тұрған. Қазақ хандығының халқы елдің әр түрлі алыс аймақтарына, тіпті  шекаралас жатқан шет мемлекеттерге де тарап, босып кетті. Қазақтардың батысқа қарай жаппай ағылуы қарақалпақтармен, түрікмендермен, өзбектермен, башқұрттармен және қалмақтармен жерге таласқан дау-дамайларға алып барды. Қазақтардың Орал Қазақтарымен де, Батыс Сібірден орыстармен де өзара қарым-қатынастарын шиеленістіріп жіберді. Міне, мұның бәрі әбден әлсіреп, қожыраған Қазақ хандығын Ресей империясының оңай олжа ретінде отарлап алуымен аяқталды.

ІІІ.  Жаңа тақырыпты түсіндіру  жоспары:

  1. Жоңғарлардың шапқыншылыққа дайындығы.
  2. Жоңғар хандығының құрылуы және оның басқыншылық саясаты.
  3. Жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі. Орбұлақ шайқасы.
  4. Қарақұмдағы құрылтай.
  5. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама».
  6. Жоңғар шапқыншылығына қарсы Отан соғысы, оған бүкіл халықтың бірігуі.
  7. 1727 жылғы Бұланты бойындағы шайқас.
  8. Аңырақай шайқасы.

 

ІV. Бекіту.

1-тапсырма. Оқиғаларды жылдармен сәйкестендір.

 

1635 ж

 

Қарақұмдағы құрылтай

1643 ж

 

«Аңырақай шайқасы»

1710ж

 

Жоңғар хандығы құрылды.

1723ж

 

«Бұланты»  бойындағы шайқас

1727ж

 

«Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама»  қайғыға толы, ауыр жыл. «Елім-ай»  әні қалды.

1729-30ж

 

Батур қоңтайшы  бастаған жоңғарлардың қалың қолы қазақ даласына бет алды.

  

 

2-тапсырма. Тарихи сынақ хат. Орбұлақ шайқасы.

Жәңгір ұрыс жүргізуге ыңғайлы орын ретінде ______________  бұлағы деп аталатын тау арасын таңдап алады да 3 шақырымдай жерге созылған қырқаның қырын қуалай сарбаздары жасырынатын ор қаздырады. Ол келе жатқан жау алақандағыдай көрініп тұратын, __________________ биік, артқы жағы ____________ еді. Сөйтіп, азғана қолын екіге топтаған Жәңгір жау қолын тау шатқалында күтеді. Жар астында қауіп бар деп ойламаған жаудың тар шатқалға кіруі мұң екен ордағы сарбаздар әуелі үстінен тасыр-тұсыр ____________________, содан кейін ту сыртынан _____________ жаудырғанда, әрбір оқ бір-бір жаудан жұлып түсіп жатты. Алғашқы шайқастарда ойраттар жағынан ______________ адам өледі, қалған _________________ қолмен екінші рет келіп тиіскенде, ұрыс жүріп жатқан жерге Самарханнан 20 мың қолмен _______________________ көмекке келіп үлгереді. Нәтижесінде жоңғарлар қуылып жеңіліп, кері қуылып тасталды.

 

3-тапсырма. Блиц сұрақтар.

1. «Ақтабан шұбырынды» жылдары қай жылы басталды?
2. 1710 жылы болған ірі оқиға қандай және қай жерде болды?
3. Жоңғар хандығы қай жылы құрылды?
4. 1643 жылы әскер тарихында сирек кездесетін қандай шайқас болды?
5. Ордабасы тауының қасында жиналған үш жүздің өкілдері қазақ жасақтарының бас қолбасшысы ретінде кімді сайлады?
6. Қазақтар қай жылдары жоңғарлардан басым түсіп, оларды күйрете талқандап жеңіске жетті?
7.Аңырақай шайқасынан кейін Қазақстанның қандай жерлері азат етілді?

8.. Жоңғар шапқыншылығы кезінде халық арасында қандай ән шықты?

9.1727 жылы Бұланты өзенінің жағасында шайқас болды, осы жер бұрын қалай аталды?
10.1730 жылы қандай шайқас болды

 

4-тапсырма. Осы екі ұстанымның қайсысын қолдайсыздар?Егер а нұсқасы таңдалса не болар еді?

а) «Жоңғар мемлекеті күшті әрі соғыс тәжірбиесі мол, сондықтан жоңғарларға бағынған дұрыс, халқымыз әбден қалжырады».

б) «Біз жаудан кек алуымыз керек, жеңеміз немесе  қолға қару ұстап, шайқаста ақ өліммен өлеміз...»

 

5-тапсырма. Мақал – мәтелдердің  жалғасын тап.
1. Батыр туса........... (ел ырысы)
Жаңбыр жауса,........ (жер ырысы)
2. Бірлік бар жерде....... (тірлік бар)


6-тапсырма. «Халық құрылтайы» кестесін толтыр.

Қашан?

Қайда өтті?

Қандай мәселелер көтерілді?

Немен аяқталды?

Тарихи маңызы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

V. Қорытындылау. Бағалау.Үйге тапсырма §1 оқу






Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Методическая разработка по Истории Казахстана"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 974 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.02.2016 847
    • DOCX 57.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Каргина Гулимжан Тлепбергеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10094
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 330 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 318 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 113 человек

Курс повышения квалификации

Электронные образовательные ресурсы в работе учителя истории в контексте реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 128 человек

Мини-курс

Разделение имущества при банкротстве: правовые аспекты и мировое соглашение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История России: ключевые события и реформы

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 137 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Мини-курс

Эффективные практики по работе с тревожностью

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 112 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 51 человек