Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Методическая разработка по казахскому языку "Қазақ тіліне тән дыбыстар мен әріптерді оқыту"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Методическая разработка по казахскому языку "Қазақ тіліне тән дыбыстар мен әріптерді оқыту"

библиотека
материалов

Қостанай облысы, Денисов ауданы, Әйет селосы

Денисов ауданының білім беру бөлімі.

Академик Темірбай Байбосынұлы Дарқамбаев атындағы

Әйет орта мектебі” ММ.















Қазақ тіліне тән дыбыстар мен әріптерді оқыту.















Сәуле Утарбаева

«Академик Т.Б.Дарқамбаев атындағы

Әйет орта мектебі» ММ

қазақ тілі пәнінің мұғалімі


Қазақтардың тілі – исламның бүлдірушілік

әсеріне ұшырамай, түпкі таза түрін –

түркілік сипатын сақтап қалған тіл.

Рас, оған да бірен – саран жат сөздердің

енгені байқалады. Бірақ ол сөздер ... қазақ

тілінің қорына қосылып кеткен. Қазақ

тілінің осы тазалығы мен табиғилығы,

сондай – ақ көп таралғандығы бұл тілдегі

мұраларды менің көбірек жинап, оған

әдебиет нұсқаларынан құрастырған

жинақтардың толық бір томын арнауыма

себеп болады. Оның үстіне қазақтың басқа

бауырластарына қарағанда сөзге

тапқырлығы мен шешендігі де маған

әсер етті.

В.В.Радлов.



Қазақ тіліне тән дыбыстар мен әріптерді оқыту.


Орыс мектептерінде қазақ тілінің фонетикасын меңгертуде екі тілдің бір-біріне ұқсастығын негізге алу керек. Өйткені, өзге тілді оқытудың әдістемелік негізгі принциптерінің бірі – оқушының ана тілінің ерекшеліктерін әдістемелік жағынан дұрыс пайдалана білуі. Бұл принциптің өзге тілді оқыту әдістемесін тереңдетуде, тездетуде ұйытқы екендігі әлдеқашан ғылыми түрде дәлелденген тұжырым.

Қазақ тілдің фонетикалық құрылысын меңгеру өте күрделі процесс. Өзге ұлттың өкілдері қазақ тілін меңгеруге келгенде өз ана тілін меңгеріп оны айтуға қалыптасып қалған жағдайда келеді. Бұл қалыптасу қазақ тіліне тән дыбыстарды айтуға қиындық туғызары түсінікті. Дегенімен, өздері қалыптасып айтып қалған дыбыстарға ана тіліндегі ұқсас дыбыстарымен салыстыра отырып, олардағы өзгешеліктерді, ұқсастықтарды дәлелдей түсіндіргенде ұтарымыз көп. Бұл принцип орыс мектебінің оқушыларын қазақ тілінің фонетикасын оқыту процесінде орыс тілінің интерференциялық әсерін кемітуге, жоюға мүмкіншілік тудырады.

Грамматикалық құрылысы жағынан орыс тілімен қазақ тілі әр түрлі типтік топтарға жатады. Сондықтан да қазақ тілі мен орыс тілінің фонемалары бір – бірімен қарама – қарсы заңдылықтарға бағынады.


Мысалы:

Орыс тілінде

Қазақ тілінде

1

Сөз екпіні

Сөз екпіні әр түрлі сөздерде, әр түрлі буында болады.

Сөз екпіні соңғы буында болады.

2

А”,”О” дыбыстары

Бірнеше түрде дыбыс танады.

Әркез бір ғана дыбыспен дыбыс танады.

3

Дауысты дыбыстар

Сөздің басында не соңында келуі еркін.

Дәл мұндай еркіндік жоқ.

(буын үндістігі)

4

О” дыбысы

1. Айтылғанда еріннің алға дөңгеленіп шығып, бірақ ерін онша жақындала қоймайды, тіл төменгі тіске тимей, артқа тартылады.

(это, хорошо, холодно, т.б.)

2. Сөздің барлық буынында қолданыла береді.

1.Айтылғанда еріннің алға дөңгеленіп шығып, тілдің ұшы төменгі тіске тиюі арқылы жасалады.

(Отан, орта, орман, т.б.)

2. Сөздің бастапқы буынында ғана қолданылады.

5

Б”, “В”, “Г”, “Д” дауыссыз дыбыстар

Сөздің соңында кездеседі.

Сөздің соңында кездеспейді


Міне, осындай ерекшеліктерін айта отырып, салыстыра үйрету тиімді.

Қазақ тіліне тән дыбыстар мен әріптер: ә, ө, і, ү, ұ, қ, ғ, ң, һ.

Енді осы топ дыбыстарымызды қандай жолдарымен меңгертуге болатындығыны және олардың кейбір ерекшеліктерге тоқталайық.

Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту, дұрыс меңгерумен байланысты. Ал жалпы сөйлеуге дағдыланудың бастапқы жолы – дыбыстарды, сөздерді, сөз тіркесін және сөйлемдерді дұрыс айту. Бұл жағдайда да ана тіліндегі ерекшеліктер мен ұқсастықтарды ескеріп, салыстырып отырған жөн.

Сөзді, дыбысты қабылдаумен, тыңдаумен тығыз байланысты.Бірнеше рет тыңдап алған соң дыбыссыз іштей сол дыбыстарды қайталау арқылы жаттығу. Жаңа дыбысты немесе сөзді хормен қайталау (бұл әдіс тіл үйренушілерге ұялып қалмау, дұрыс айтпай қаламын ба деп қорқу сияқтылардан сақтандырады).

Бастапқы кезде мынадай жаттығу жұмыстарын жүргізуге болады.

  1. Тыңдаңыздар.

  2. Тыңдаңыздар, айтылып жатқан дыбыстарды мәтіннен табыңыз,сол дыбыс жазылған карточканы көрсетіңіз.

  3. Тыңдаңыз, іштей қайталаңыз.

  4. Тыңдай отырып, оқытушымен бірге қайталаңыз

  5. Өзіңіз жеке дауыстап қайталаңыз.

  6. Оқыңыз, тыңдаңыз.

  7. Айтылғанды тыңдай отырып жазыңыз.

  8. Оқыңыз, екпінді қойыңыз, өзіңіздің оқығаныңызды, қойған екпініңізді оқытушының оқығанымен салыстырыңыз.

  9. Оқыған мәтініңізге сұрақ қойыңыз. Келісіңіз, қарсы болыңыз.

Біріндеп қазақ тіліне тән дыбыстарды мәтін арқылы осылай меңгере отырып оқушыларды дұрыс айтуға дағдылануға болады.

Бұл процесті тез әрі саналы тереңдету үшін негізгі принциптердің бірі – интенсификацияландыру әдістерін пайдаланған тиімді. Оның өзіндік тәсілдері бар. Оқу процесіндегі интенсификация дегеніміз ғалымдардың айтуы бойынша (Жүсіпов М.) тілді құрал ретінде жиі пайдалану. Меңгерілген тақырыпты, сол дыбыстарды, сөздерді, сөз тіркестерді неғұрлым жиі қолданса соншалықты тез меңгеру. Тіл үйренушінің (оқушы) сол үйреніп жатқан тілді күнделікті өмір тіршілігінде көп қолдануы, сол тілде қарым – қатынас жасау, т.б.

Өкінішке орай, біздің қазақ тіліміздің қолданылу аясы әзірге өте тар.































Қазақ тіліне тән дыбыстар мен әріптердің жазылуы.

Ә - жіңішке, ашық, езулік дауысты дыбыстың әрпі.

Ә әрпі көбінесе сөздің бірінші буынында және бір буынды сөздерде жазылады, соңғы буында жазылмайды: ә - сем, ә - леумет, ә - демі, тәр - тіп, кә - сіп, Сәу - ле, дәу - рен, ән, әл, әр, жә (одағай).

Сөздің алғашқы буынындағы (не алғашқы буындарындағы) жіңішке дауысының әуенімен келесі буында жіңішке айтылатын (естілетін) ә дыбысының орнына, негізінен, а әрпі жазылады: тәкаппар (айтылуы – тәкәппар), ләззат (айтылуы – ләззәт), рәсуа (айтылуы – рәсуә), Жәмила (айтылуы – Жәмилә), Сәбира (айтылуы – Сәбирә), Кәмила (айтылуы –Кәмилә) және тағы осы сипаттас жалқы есімдер.

Ескертулер:

1. Мына сөздердің екінші буындарында естілуінше ә әрпі жазылады: сірә, куә, күнә, кінә, іңкәр, зәмзәм (суы), жүдә, күмән, мүсәпір, дүдәмал, шүбә, мәмпәси (бұлардың жазылуын емле сөздіктерінен қарап білу керек).

2. Бірінші буыны жіңішке ү дыбысымен келген жалқы есімдердің (көбінесе кісі аттарының) екінші буынында да естілуінше ә әрпі жазылады: Күлән, Күләнда, Күләш, Күләй, Мүтән.

3. Біріккен сөздер мен қос сөздердің соңғы буындарында (яғни олардың екінші сыңарының алғашқы буынында) ә әрпі жазыла береді: Гүлжәмила (Гүл // жә - мила), Бейсенәлі (Бейсен // ә - лі), әлсін - әлі (әлсін // ә - лі), кәп - кәрі (кәп // кә - рі), әп - әсем (әп // ә - сем).



Ө - жіңішке, ашық, еріндік дауысты дыбыстың әрпі.

Ө әрпі қазақтың көп буынды сөздерінің алғашқы және бір буынды сөздерде ғана жазылады: ө-сімдік, ө-кімет, кө-леңке, өс, өр, өн, төс, төр, төрт.

Алғашқы буындағы еріндік ө дыбысының әсерімен екінші буындағы езулік е дыбысы ө болып естіледі (айтылады), бірақ жазуда е әрпі жазылады: бөрене (айтылуы – бөрөне), көбелек (айтылуы – көбөлек), жол-жөнекей (айтылуы – жолжөнөкей).

Ескертулер:

Біріккен сөздер мен қос сөздердің соңғы буындарында (яғни олардың екінші сыңарларының алғашқы буынында) ө әріп жазыла береді: көркемөнер (көркем // өнер), Айнамкөз (Айнам // көз).



Ұ –жуан, қысаң, еріндік дауысты дыбыстың әрпі.

Ү – жіңішке, қысаң, еріндік дауысты дыбыстың әрпі.

Ұ,ү әріптері, негізінен сөздің бірінші буынында және бір буынды сөздерде жазылады: ұ-лы, ұ-зын, ұ-лан, құ-лақ, үл-кен, түй-реуіш, ұн,

ұл,үн, үш, құн, күн, құрт.

Алдынғы буындағы еріндік ұ,ү,о,е дыбыстарының әсерімен келесі буында естілетін (айтылатын) ұ,ү дыбыстарының орнына ы,і әріптері жазылады: құндыз (айтылуы – құндұз), құрық (айтылуы – құрұқ), бүгін (айтылуы – бүгүн), күбір (айтылуы – күбүр), өңір (айтылуы – өңүр), орын (айтылуы – орұн).

Ескертулер:

1. Мына тәрізді түбір сөздердің екінші буындарында естілуінше ұ,ү әріптері жазылады: бұлбұл, байғұс, мазмұн, мақұл, мағлұмат, дүлдүл, мәжбүр, дәстүр, марқұм, нақұрыс, әңгүдік (бұлардың жазылуын емле сөздіктерінен қарап білу керек).

2. Біріккен сөздер мен қос сөздердің соңғы буындарында (яғни олардың екінші сыңарында) ұ,ү әріптері жазыла береді: көкқұтан (көк // құ - тан), Аққұдық (Ақ // құ - дық ), қыстыгүні ( қысты // гү - ні ), мал - мүлік (мал // мү-лік).



Ы,і –жуан және жіңішке, қысаң, езулік дауысты дыбыстардың әріптері.

Ы,і әріптері сөздің барлық буындарында жазылады: ыс, ыстық, ынтымақ, ызғырық, іс, кіріс, ірі,ізгілік.

Үш буынды сөздердің ортасында дүдәмалдау естілмейтін қысаң ы,і дыбыстардың әріптері көбінесе түсірілмей жазылады: абырой,ажырау, ақымақ, әсіресе, дәрігер, жапырақ, жұдырық, көбінесе, қабілет, қазына, қасірет, құмыра, қатынас, құрылыс, қоңырау, мәлімет, мейірім, өкімет, топырақ, үзіліс, ықылас, үкімет.

Ескертулер:

Сөздің құрамында ы,і әріптерінің жазылмайтын жағдайлары бар. Олар:

1.Сөз р дыбысынан басталып, одан соң а, ә, е, и, у, ұ әріптері және л дыбысынан басталып, одан соң а, ә, е, о, ұ, ү, ы әріптері келгенде, сөз басындағы р, л әріптерінің алдынан ы, і әріптері жазылмайды: разы, рай, рақат, рақмет,рәсім, реніш, рет, ләззат,рұқсат, лақ, ләйлі, т.б.

2. Сөзде ы, і әріптері я, ю әріптерінің алдынан жазылмайды: қия, мия, қиян, қиямет, қиянат, қию, жию, биялай, биязы, т.б.

Соңғы буындарында ы,і дыбыстары бар сөздерді тәуелденгенде, көбінесе соңғы буындарындағы ы,і әріптері сақталып жазылады:

Киім + і - киімі, бауыр + ы – бауыры, бақыт + ы - бақыты, дәуір + і - дәуірі, пейіл + і – пейілі.

Ескертулер:

Тәуелдегенде соңғы қатаң дауыссыз дыбысы ұяңдап кететін сөздерде ы,і әріптері түсірілмейді: көрік + і – (ұстаның)көрігі, білік + і –(арбаның) білігі.



Қ – қатаң, тіл арты, шұғыл дауыссыз дыбыстың әрпі.

Қ дауыссыз дыбыс сөздің барлық буындарында кездесе береді: қазақ, қасқыр, қой, қаһарман, қосымша, халық, құмырсқа.

Ғ – Ұяң, тіл арты, ызың дауыссыз дыбыстың әрпі.

Ғ әрпі сөздің басында және ортасында ғана жазылады: ғылым, ғана, ғалам, жаға, шағала,жаңғалақ, қазға, қалаға, жалығады,жалығу.



Ңүнді, мұрын жолды, тіл арты, шұғыл дауыссыз дыбыстың әрпі.

Ң әріп сөздің басында қолданылмайды, тек сөздің ортасында және аяғында қолданылады: аң, кең, ең, қоңырау, тың, таңба, жаңбыр, азаң, жаңа, жіңішке, сіңлі, жеңге.



Һ –ұяң, ызың, көмей дауыссыз дыбыстың әрпі.

Һ әрпі естілген жерінде жазыла береді: қаһар, қаһарлы, қаһарман, гауһар, жиһан, баһра, Жауһар, Маһида, Маһинұр, аһ, уһ, еһе, аһлады, уһледі.

Һ әрпі жазылатын сөздер қазақ тілінде аса көп емес, олар, негізінен, араб, парсы тілдерінен енген сөздер мен одағайлардың ішінде кездеседі.


























Қазақ тіліне тән дыбыстарды оқыту процесіне

арналған дидактикалық материалдардың жиынтығы.

Ойындар.

  1. Сиқырлы әріп”

Ойынның мақсаты: қазақ тіліне тән дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыс болсын мейлі, бір дыбыстың сөз мағынасының өзгеруіне көп әсер ететінін жеңіл әрі есте қалалықтай етіп ұғындыру, оқушылардың сөздік қорын байытып, тілге деген қызығушылығын арттыру.

Ойынның шарты: тақтадағы үш әріптен құралған, мысалы “біл” деген сөз жазылып тұрады. Қол көтеріп тақтаға шыққан оқушы сол сөз құрамындағы бір әріпті кез келген әріппен өзгертіп, жаңа сөз жасауы қажет.

Мысалы:

1. біл – бір – біз (кім - тік - тіс - тіл – піл )

  1. қор - қар – қас - қос - қыс– қыз - қаз – қан – қап – қал - қат - қай - қой - қош

  2. жең – мең - кең - тең – таң – шаң – паң - заң

  3. құс – құм – құр – тұр - тұз (ұлы – ұлт - ұшу - ұят – бұл)

  4. жәй – әже - әке – мән – сән

  5. сөз - көз - көк - көл - көп - мөр - төр - өрт (өте - өту - өшу )

  6. жүз - күз - күй - күн (сүт - түп - түр – түс)




2. “Біз – қазақ тіліне тән дыбыспыз”

Ойынның мақсаты: қазақ тіліне тән дыбыстар туралы түсінігін бекіту, оларды есте сақтау, тез ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: қазақ тіліне тән дыбыстарды (ә,і,ң,ғ,ү,ұ,қ,ө,һ) таңбалайтын кеспе әріптер оқушыларға түгел таратылып беріледі. Мұғалімнің қолында қазақ тіліне тән дыбыстар жіберілген сөздер жазылған қағаз бар. Ол сөзін көрсеткенде, оқушылар тиісті әріпті көрсетеді. Ойланып қалған, кешіккен бала ұтылған болып саналады.

Мысалы:

айда..ар

жа...быр

с..біз

к...белек

жары...

б...лақ

ж...зім

б...л....м




3. “ЛОТО”

Ойынның мақсаты: қазақ тіліне тән дыбыстар туралы түсінігін бекіту, оларды есте сақтау, тез ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: қазақ тіліне тән дыбыстарды (ә,і,ң,ғ,ү,ұ,қ,ө,һ) лото кеспе оқушыларға түгел таратылып беріледі. Мұғалім қазақ тіліне тән дыбыстарды дауыстап атайды, оқушылар лото кеспедегі әріпті жабады.



Қ


Ө


І


Ү


Һ


Ә


Ғ


Ұ


Ң



4. “Кім жылдам?”

Ойынның мақсаты: қазақ тіліне тән дыбыстар туралы түсінігін бекіту, оларды есте сақтау, тез ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: қазақ тіліне тән дыбыстарды (ә,і,ң,ғ,ү,ұ,қ,ө,һ) таңбалайтын кеспе әріптер оқушыларға түгел таратылып беріледі. Оқушыларды екі (не одан да көп) топқа бөліп, тапсырмаларды беру. Кім жылдам және дұрыс орындайды, сол - жеңімпаз.

  1. қазақ тіліне тән дыбыстарды алфавит бойынша көрсету.

  2. қазақ тіліне тән дауысты дыбыстарды көрсету.

  3. қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстарды көрсету.

  4. қазақ тіліне тән (жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік) дауысты дыбыстарды көрсету.

  5. қазақ тіліне тән (үнді, ұяң, қатаң) дауыссыз дыбыстарды көрсету.


  1. Бұл қандай әріп?”

Ойынның мақсаты: қазақ тіліне тән дыбыстар туралы түсінігін бекіту, оларды есте сақтау, тез ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: Мұғалім тақтада қазақ тіліне тән дыбыстардың кейбір

элементтерін жазады, оқушыларға бұл элементтерді әрі қарай жалғастырып, бұл қандай әріп екенін анықтауға тапсырма береді.


6. “Мен білімін”

Ойынның мақсаты: қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау, оларды есте сақтау, тез ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.

Ойынның шарты: қазақ тіліне тән дыбыстардың таңбалайтын парақшалар әріптерді оқушыларға түгел таратылып беріледі. Мұғалім бір – бірден дыбысты айтады, “Мен білемін” деп оқушы атаған әріпті көрсетеді, әріпке білетін сөзді айтады.

(Сол сөзбен сөз тіркесін, жай сөйлемді құрастыруға болады)


7. Ауадағы “жазу”

Ойынның мақсаты: қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау, оқушылардың назарын, қиялын қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: Мұғалім қазақ тіліне тән дыбыстарды ауада “жазады”, оқушылар “оқиды”, дәптерлеріне жазады. Тапсырманы ең дұрыс істеген оқушылар жақсы баға алады.

8. Дұрыс көрсет.

Ойынның мақсаты: қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау, оларды есте сақтау, оқушылардың назарын, тез ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: Екі оқушы тақтаға шығады, тақтада тәртіпсіз қазақ тіліне тән дыбыстар жазылған. Мұғалім дыбыстарды атаған кезде, оқушылар тез қайталап, көрсетуге тиісті. Тапсырманы қате жібермей орындаған оқушы жеңеді.


9. Суретке қарап, тап.

Ойынның мақсаты: қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау, оқушылардың назарын, тез ойлау, дұрыс жазу мен айту қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: әртүрлі тақырыпқа арналған суретті мұғалім көрсетеді, ал оқушылар осы суреттегі қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздерді атап, дәптерге жазады. Қазақ тіліне тән дыбыстардың жазылуын түсіндіреді.

Мhello_html_m6b76fe1f.gifысалы: 1. “Қыс” – тақырыпқа суретті көрсеткенде, оқушылар бұл суретте мынадай сөздерді атады:

қар, шаңғы, киім, көзілдірік, т.б. Бұл сөздерді дәптерлеріне жазғызып,

қазақ тіліне тән дыбыстардың жазылуын, айтылуын ережелерін қайталады.
”Табиғат” – күн, бұлттар, ағаш, кемпір қосақ, күн нұры, т.б.


hello_html_m252da125.gif

  1. Естідім - естімедім”

Ойынның мақсаты: қазақ тіліне тән дыбыстарды есту қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: Мұғалім қазақ тіліне тән дыбыс бар сөздерді айтады. Оқушылар бұл дыбысты естісе, қолдарын көтереді. Бұл ойында қатесі аз тобы жеңіске жетеді.

Мысалы: Мұғалім “Қ” дыбысы бар сөздерді оқиды.

Табақ, сабақ, тақта, қоңырау, қараша, қоңыр, т.б.



  1. Жаңа сөзді кім тез табады?”

Ойынның мақсаты: қазақ тіліне тән дыбыстарды есту қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын молайту.

Ойынның шарты: Мұғалім тақтаға 2 бағанға қазақ тіліне тән дыбыстары жоғалған сөздерді жазады (сөздің алдында, ортасында және соңында). Екі топ оқушылар ойнайды. Тез, дұрыс жазып болған топ жеңеді.



  1. Дыбыстардан сөйлемді құра аламын”

Мұғалім дыбыстар қатарымен оқушыларға сөйлем оқиды. Оқушылар сол дыбыс қатарды дұрыс жазып алады да, мән бойынша бөліп, сөйлемді оқиды. Сөйлемдегі қазақ тіліне тән дыбыстардың астын сызу.Сөйлемді дұрыс жазған оқушы жеңіске жетеді.

Мысалы: е к і а д а м к е л е ж а т ы п б і р а ю ғ а к е з д е с і п т і –мұғалім оқиды.

Екі адам келе жатып бір аюға кездесіпті. – оқушының дұрыс жауабы.

  1. Дыбыстардың тәртібі.”

Бұл ойынға екі жинақ қазақ тіліне тән дыбыстар жазылған парақшаларды дайындау керек (9кеспе). Парақшаларды алмастырып, үстелдің үстіне салынады. Екі топ оқушы бір – бірден парақшаларды алады. Енді оқушылар алфавит бойынша қатарға тез тұрады. Бірінші тұрған топ жеңеді.











Жаңылтпаштар.

Іс үстінде, Бір жыңғылды Бұлақ ақты,

Үстіүстіне Бір мың гүл. Тулап қатты.

Үзіліс жасама. Бір бұлбұлда Шулап қатты,

Мың бір жыр. Бұлақ ақты.


Қырда қаптап Қонжық қоржық Шын еңбекші - өрмекші.

Өсті бақбақ. Қоржық қонжық. Өрмекші - шын еңбекші.


Әбдіреде әбігер әтеш отыр. Арқада алты арқар бар,

Әбігер әтеш отырған Қырқада қырық арқар бар.

Әбдірені әжем ашып жатыр. Қырық арқарда ақ арқар бар.

Алты арқарда марқа арқар бар.


Ғарышкер ұшты ғарышқа. Ұзақ

Ғарышқа ұшты ғарышкер. Ұзаққа ұшты.

Айтшы, ғарыш алыс па? Ұзақ тұзаққа түсті.


Үрген төбет үйрекке күн бермейді Қаһарлы айдаһар

Үріккен үйрек үйге кіріп үлгермейді. Шаһарға келіп, қаһарланар.


Үш кіші ішік піштім, Гүлім гүлге қарап күлімдеді,

Бес кіші ішік піштім, Көгілдір гүлге қонған

Неше кіші ішік піштім? Аралар гуілдеді.

Іске тіл ілесе алады,

Тілге іс ілесе алмайды.


Таң ата Заңғар Ғайша қанша арша алса,

Шаңғы алдырар. Ғалым сонша арша алды.

Шаңғыны теуіп,

Заңғар қаңғырар. Мұз - мұзға ұқсас,

Тұз – тұзға ұқсас,

Тұз мұздай, Мұз да, тұз да ұқсас.

Мұз тұздай.


Қаһарлы айдаһар Көк серке көп серкемен

Шаһарға келіп қаһарланды. Нені іздейді?

Көп серке

Ақ тастыда ақ тас көп, Көк серкені

Ақ тастыда әқ тас көп. Мүйіздейді.

Апам айтты әпкеме:

Үйдің ішін ақтас”, - деп.




Жұмбақтар.

Ә

Орақ құйрық, тарақ бас, Анада жоқ, әкеде бар.

Көп ұйқыны жаратпас. Атада жоқ, әжеде бар. (Ә)

(Әтеш)

Көтере алмай ішкен суын, Таныстырып әріптермен,

Күшеніп жатыр, Білімге жол салып берген.

Жаңғыртып қамыс нуын. Кем көрмейтін анамнан мен

(Әупілдек) Айналайын ... (Әліппемнен)

Ғ

Ғарышта бар Қолымда шалғы –

Жұлдызда жоқ. Қарайық,

Ғалымда бар, Ұқсайды оған қай әріп? (Ғ)

Менде жоқ. (Ғ)


Анада жоқ,

Ағада бар.

Шегеде жоқ,

Тағада бар. (Ғ)


Қ

Лақтырып бөркін басынан, Ағайынды бәрі:

Бүйірі қызса, тасыған. Шықса – көк,

(Құман) Түссе – сары.

(Жапырақтар)

Ұшқанда өлең айтады,

Қонғанда жер қазады.

Мұны да ойлап көрейін,

Шешуін кім табады?

(Қоңыз)


Ң

Таңда бар, кеште жоқ. Өмірде жоқ, өңірде бар.

Жаңбырда бар, нөсерде жоқ. (Ң) Ауырда жоқ, жеңілде бар. (Ң


Н – нан Ң – ның қарашы, Сырты қандай қатты,

Айырмасы бар қандай? Дәні сондай тәтті.

Бейне бір аяққа Шығып қара таңдап,

Тұзақ іліп қойғандай. (Ң) Оның аты - ... (Жаңғақ)


Ө

Инесі жоқ, жібі жоқ,

Шілтер тоқыр міні жоқ. (Өрмекші)

Ұ

Тыпырлаған сайын толысқан, Тал басында тамаша үй.

Секеңдеген сайын семірген. (Ұя)

(Ұршық)

Ұнда бар, үнде жоқ. Құманда бар, суда жоқ.

Құнда бар, күнде жоқ. (Ұ) Тұманда бар, бұлтта да бар. (Ұ)


Әжемнің қолында шыр айналар.

Шыр айналса, өзіне шыр байланар.

(Ұршық)


Ү

Күндіз соқыр не деген? Сыпырғыш бұл – қарайық,

Түнде қандай көреген Ұқсайды оған қай әріп? (Ү)

(Үкі)


Керексіз болып қалғанша,

Адамға қызмет етеді.

Шылбырынан байланса,

Табаны қызып кетеді.

(Үтік)


Һ

Көп басты, бір құйрықты, Қатарда жоқ,

Лапылдап ауызынан от шықты. Қаһарда бар. (Һ)

(Айдаһар)


Қалада жоқ,

Шаһарда бар. (Һ)


І

Тізде бар, тазда жоқ. Мен кетемін,

Тісте бар, тыста жоқ. (І) Ол қалар. (Із)


Босағадан табылған,

Кейде перде жамылған.

Бұйымның бас әрпі не?

Киімге арнай қағылған.

(Ілгіш)



Сиқырлы буындар.


Мhello_html_5789e2f7.gifІР

hello_html_m24b15c14.gifhello_html_1575c7f8.gifКЕ ЖЕ

hello_html_m2f351e0e.gif

hello_html_6b11c135.gifhello_html_m4999677e.gifЛЕМ РІП

hello_html_m629af88f.gifhello_html_4641c3ba.gifhello_html_8ea2dfd.gif

СЕМ ТЕШ

КЕЛ



А

hello_html_m2df47aa7.gif

hello_html_1bd876f3.gifhello_html_m77dae311.gifТА ҚО

hello_html_7bcc59ee.gif


hello_html_m2650cbaf.gifhello_html_m7967d44f.gifЖА ДО

hello_html_m42000418.gif


ҚАР




СЫҚ

hello_html_m197f947e.gif

hello_html_m3d58c7b9.gifhello_html_5ee47fbc.gifЗЫ ЛАМ

hello_html_2378f15f.gif

hello_html_m144fe10a.gifhello_html_78ba1bd9.gifЛА РА

hello_html_4641c3ba.gif


ЙМАҚ






ЗЫ

hello_html_m42000418.gif

hello_html_m3d58c7b9.gifhello_html_1575c7f8.gifҢЫР СУ

hello_html_m5fae7dca.gif

hello_html_m408e67fc.gifhello_html_m2e03db1c.gifС Л

hello_html_13b38de5.gifhello_html_1bd876f3.gif

hello_html_m2df47aa7.gifЮ Й


ЯН





МЫРСҚА


hello_html_5789e2f7.gifhello_html_m3d58c7b9.gifhello_html_m6cb76752.gifС РТ

hello_html_145ef8b5.gif

hello_html_m408e67fc.gifhello_html_41d1c1fc.gifМ РАЛ

hello_html_45cf3d91.gifhello_html_6345b98c.gif

hello_html_m2df47aa7.gifДАЙ РЫС


РАМ


hello_html_m5e7899eb.gifША

hello_html_7d777191.gifШЫ


hello_html_38d8ff39.gifА Ң

hello_html_m712a010.gifhello_html_1004fd5b.gif

ТА


ТЫ



ЗЕН

hello_html_m2cc964ac.gif

hello_html_m1603d684.gifМІР


hello_html_5493fe68.gifРІС

hello_html_3c0018f9.gifhello_html_55d0a34f.gifhello_html_190ffa22.gifhello_html_13d9fd98.gifhello_html_5d3445ec.gifӨ НЕР


РЕН


ЗЕК


ГІЗ


РІК






hello_html_m3ef1d891.gifКІМЕТ


hello_html_m7d46a30d.gifТІР


hello_html_m71604d1c.gifМІТ


hello_html_m48c8535c.gifhello_html_c55ad99.gifhello_html_m66cb5d9c.gifhello_html_1e1378d.gifҮ ЛЕС


ГІТ


ЗУ


КІ



hello_html_m1603d684.gifРАН


hello_html_3bae2b1f.gifЛАН


hello_html_1d4fa6bd.gifhello_html_451f994a.gifhello_html_31c1389b.gifҰ ЛУ


ШАҚ


САҚ




НІ

hello_html_4d5a9e6a.gif

hello_html_m63957f9f.gifРІМШІК


hello_html_m785da55e.gifhello_html_m2b0127e6.gifhello_html_m24a94040.gifІ ЗЕТ


Н


РІ




hello_html_adf54f5.gifЖИ АЗ

hello_html_m2fc2ff84.gif

hello_html_m14bd9a29.gifhello_html_26dbe9cc.gifҚА АРЛЫ


hello_html_135117ce.gifhello_html_m3999ba85.gifhello_html_m1603d684.gifhello_html_135117ce.gifhello_html_7d777191.gifhello_html_46428c09.gifАЙДА Һ АР


ГАУ АР


ҚА АР

Жоғалған әріп.


Ә

... Н, ...КЕ, ...ТЕШ, ...ЙНЕК, ...ҢГІМЕ, С...ЛЕМ, Д...СТҮР, ...ЛЕМ, ...РІП, ...ЖЕ, ...СЕМ, ...СЕЛ.


Ғ

ҚАР...А, ҚАРЛЫ...АШ, ТОР...АЙ, А...А, СА...АТ, ...АЛЫМ, ҚОР…АН, ...АРЫШКЕР, ҚАНА..АТ, ҚАРА…АЙ.


Қ

...У, ...АЗ, ...АЛА, ...АЛАМ, ...АРБЫЗ, ...ОҢЫРАУ, ...ОЛШАТЫР, ЛА..., ...ЫЗЫЛ, ...ҰЙРЫ..., ...АС...Р.

Ң

ТА..., ТЕ...ІЗ, ЖА...ҒАҚ, ДӨ...ГЕЛЕК, ЖА...БЫР, ҚО...ЫР, ША..., А..., ТЫ..., Ө...ІР, ЖЕ...ІЛ, ШЫ..., ТЕ..., ҚО...ЫРАУ.


Ө

...РТ, ...ЗЕН, ...РНЕК, ...РІК, ...ТІНІШ, ...РМЕКШІ, ...МІР, ...НЕР, ...СЕК, К...К, К...П, К...ПІР, К...БЕЛЕК, Т...РТ, ...З, ...Ю.


Ұ

...РАН, ...Л, ...ҚЫШ, ...ШАҚ, Қ...ЛАҚ, Қ...ЛЫС, Қ...МАН, ...Н, М...З, Т...З, ...Я, Қ...РТ, Қ...МЫРСҚА, Қ...Н.


Ү

Ж...Н, К...Н, С...Т, Т...С, Т...Р, ...Й, ...ЙРЕК, ...ЗІЛІС, К...Й, Г...Л, Т...Н, ...ТІР, ...ТІК, ...Ш, К...Ш, ...ЛКЕН, К...Л.


Һ

МӘШ…УР, АЙДА…АР, ҚА…АРМАН, ҚА…АРМАНДЫК, ЖА...АН, ЖА...АТ, ЖИ...АЗ, ҚА...АР, ҚА...АРЛЫ, ЖИ...АНГЕРЛІК.


І

Л, …ЗЕТ, …ЛГЕК, …ЛМЕК, …ЛТИПАТ, …ЛГ…Ш, …Н…, Т…Л, СЕГ…З, КИ…М.










Өлеңдер.


Ә

Әтеш тұрып азанда, Әрекеті баршаның,

Оятады әндетіп. Басталады осылай,

Әжем шайын әзірлеп, Ерте тұрған әр жанның

Әкем жұмыс қамында. Несібесі осындай.


***


Мәә - мәә” деген әні бар, “Мөө - мөө” деген әні бар,

Жібек тоны – сәні бар: Үй маңынан табылар.

Қошақаным момақан Мөңірегіш бұзауым -

Сүйкімді бір жануар. Маған үйір жануар.


***


Әукім - әукім, сиырым,

Сүтіңді сауып алайын.

Кілегей тартып, май шайқап,

Дастарқанға салайын.


Әй - әй қозым.


Әй - әй қозым, әй, қозым, Әй - әй қозым, әй, қозым,

Шәй – шәй, қозым, шәй қозым! Жерім майса, май, қозым.

Ойнақтайсың күн ұзақ, Жасыл шөпке тойынып,

Теуіп кетер тай, қозым. Жайылып кел, әй, қозым!


Ғ

Ғаламат ерлік көп қандай, Ғалым болсаң ғылымда

Ғажайып неткен ел еді! Ғажайыптар аша біл,

Ғарышты кезген Тоқтардай Ғарыштың да, тыңның да

Ғарышкер болғым келеді. Ғылым дәнін шаша біл.


Қ

Құйын


Ойда жоқта құм борап, Мұны, сірә, кім білген,

Соғып кетті ақ құйын. Құйын да бір төтен ғой!

Қуыршақтар домалап, Білдірместі бүлдірген,

Ұшып жатыр көп бұйым... О да тентек екен ғой!

***

Қарға шаншып шаңғыны Қара қозы, көк қозы,

Қарға қырды қаңғыды. Қоңыр қозы – көп қозы.

Ұстауға көл шабағын Көп қозының ішінде

Шағалалар аңдыды. Аласы, ағы, жоқ бозы.


Құлыншақ. Ақ лақ.


Құлыншақ – ау, құлыншақ, Ақ лағым – ау, ақ лақ,

Құнан, тайдан бұрын шап. Неге тұрсың маңырап?

Ой мен қырға шапқыла, Сүтке тоймай қалдың ба,

Болма, бірақ ұрыншақ. Қиғылықты салдың ба?

Жем беремін қазір – ақ,

Сабыр етші азырақ.


Ң

Түйе. Жаңбыр


Маң – маң басқан, маң басқан, Жаңбыр жауды себелеп,

Шудаларын шаң басқан. Жасырынды көбелек.

Екі өркешін қом басқан, Аспан кетті күркіреп,

Төрт аяғын тең басқан. Бұл не деген керемет!

Тілін тікен теспеген, Жаңбыр, жаңбыр жау бер!

Мұрындығы келіскен. Сенен бақша, бау өнер.

Шөк” дегенде, “бык” деген, Жадырасын туған жер,

Шешіп, үйді жүктеген. Күміс моншақ, тама бер!


Кім ардақты?


Ең ақылды – Дана,

Ең пейілді - Дала,

Ең қымбатты – Бала,

Ең ардақты – Ана.


Ө

Бөө - бөө” деген әні бар, Мен кішкентай емеспін,

Енесін тез сағынар: Мен енді үлкен боламын

Жібек жүнді ботақан Көмегінсіз ешкімнің

Мөлдір көзді жануар. Өзім киіне аламын.


Ботақан.


Кіп – кішкентай ботақан, Ботамен күн өткізіп,

Өзі сондай момақан. Болды маған көп қызық.

Ақ тайлақ атайды Алдым әбден үйретіп,

Еркелетіп оны атам. “Шөк!” – дегенде, шөккізіп.


Ұ

Ұя салып құр, құтан.

Жалғастырмақ ұрпағын.

Ұялмастан тұр көкек,

Бояп жаман тырнағын.


Сұр қоян.


Ұзын құлақ сұр қоян Қарап еді артына

Естіп қалап сыбдырды, Қиығын сап көзінің,

Ойлы – қырлы жерлермен Келе жатқан томпаңдап

Ытқып – ытқып жүгірді. Көжегі екен өзінің.


Ү

Үш бала.


Бір ауылда үш бала, Тиіп кетсең жылайды.

Олар құрдас үш жаста. Екіншісі бір қыңыр,

Бірақ, бірақ олардың Ақыл айтсаң тулайды.

Қылықтары үш басқа. Үшіншісі елгезек,

Біріншісі шыңқ етпе, Бәрімізге ұнайды.



Һ

Айдаһарың мақтана.

Қаһарланып шаттана,

Шағамын деп жаңғақты,

Тістері мүлдем қалмапты.


І

Інім


Інім менің кәдімгідей азамат, Қолғанатты апамның ол үйдегі,

Кесе – аяқты қояды өзі тазалап. Үтіктейді жуған шалбар, жейдені.

Тақпақ айтып, сурет салып әдемі, Тамақ жасай алмайды тек, өйткені

Әр нәрсені бір сұрайды мазалап. “Ер баланың жұмысы емес”,-дейді оны.


Қызыл бұзау


- Біздің үйдің маңынан Тілімді алмай бірақ та,

Болмайды көп ұзауға. Кетіп қапты тағы да.

Қайдан іздеп сабыламын, - Бұл мінезін ұнатпай

Деп ем қызыл бұзауға. Байладым үй маңына.




Мақал –мәтелдер.

Ә

Әрекет болмай, берекет болмас.

Әуелгі байлық – денсаулық.

Әзіл айтсаң да, әділ айт.


Ғ

Ғылымның басы – ақыл.

Ақылдың басы – төзімділік.

Туған жерге туың тік.

Жақсы жолдас – жанға серік,

Жаман жолдас – малға серік.

Жақсы жолдас жауға бермес.


Қ

Оқу – инемен құдық қазғандай.

Оқу түбі – тоқу.

Оқысаң – озарсың,

Оқымасаң - тозарсың.

Жақсы кітап – жан азығы.

Отқа түскеннің еті күйер,

Өтірікшінің беті күйер.


Ң

Еңбек түбі – береке.

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

Кім еңбек етсе, сол тоқ

Дос сыртыңнан мақтар,

Дұшпан көзіне мақтар.


Ұ

Құлан құдыққа құласа, құлағында құрбақа ойнайды.

Құдай бергенге құлай береді

Тұр – тұрадан хабар келсе, ұйқыдан маза кетер.

Ұрлық түбі – қорлық.


Ү

Күйеу атымен күл тасы. Тапсыр күлік жүгірмес

Тапса оңбаған түзде де оңбайды. Тапсыр бірге түтпейді.

Тап бір жауса, терек екі жауады. Тап – білімде.

Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді.


Ө

Өнерлі адамның қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын.

Өлгеннің артынан өлмек жоқ.

Өлеңді жерде өгіз семірер, өлімді жерде молда семірер.

Өзек сусыз, өзен қусыз болмас.

Өтірік сөз өрге баспас.


І

Кісідегінің кілті аспанда. Бірінші байлық – денсаулық,

Екінші байлық – ақ жаулық,

Білімді адамға дүние жарық, Үшінші байлық – бес саулық.

Білімсіздің күні қаріп.


Білегі жуан бірді жығады, Темірді қызған кезде соқ.

Білімі жуан мыңды жығады.






















Баспалдақтар

Ә


Ә



Ә




Ә





Ә






Ә







Ә








(ән, әке, әтеш, әйнек, әңгіме, әткеншек)




Ғ


- - - - - Ғ - -

- - - Ғ - -

- - - Ғ -

- - Ғ -

- Ғ -

(қарлығаш,торғай, қарға, таға, аға)




Қ


Қ



Қ




Қ





Қ






Қ







Қ








Қ









(қу, қаз, қала, қалам, қарбыз, қоңырау, қолшатыр)

Ө


Ө




Ө





Ө






Ө







Ө








(өрт, өзен, өрнек, өтініш, өрмекші)




Ң




Ң




Ң






Ң







Ң








Ң







Ң






Ң



(таң, теңіз, жаңғақ, дөңгелек, жаңбыр, қоңыр, шаң)





Ұ


Ұ



Ұ




Ұ





Ұ






(ұл, ұлу, ұшақ, ұшқыш)


Ү


Ү



Ү




Ү





Ү






Ү







(үй, үкі, үтік, үйрек, үзеңгі)






Һ



- - - - Һ - -

- - Һ - -

- - Һ - - - -

(айдаһар, жиһаз, қаһарлы)





І


І



І




І





І






І







І








(із, іні, ізде, ілгіш, інішек, ірімшік)



Тапсырмалар.

  1. Есте сақта”

  1. Берілген сөздерді дауыстап оқып шық. Есте сақтауға тырыс

әже - бабушка

әке - папа

әлем - мир

әсем – красивый, прекрасный

әпке – старшая сестра

әңгіме – разговор

әділ - справедливый

дәрі - лекарство

дәрігер - врач

тәтті - сладкий

дәптер - тетрадь

дәмді - вкусный

сәлем – привет

дәмді - вкусный


  1. Ә” әрпін астын сыз. Ерекше дыбыстарға назар аудар.

  2. Осы сөздермен сөз тіркестерін немесе сөйлем құра.

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



  1. Берілген сөздерді дауыстап оқып шық. Есте сақтауға тырыс.

ғимарат – здание

ғұмыр – жизнь

ғылым – наука

ғалым – ученый

ғасыр – век

ағаш – дерево

қағаз – бумага

сағат – часы

жаға – берег, ворот

шаңғы - лыжи мұғалім - учитель

шаңсорғыш – пылесос

күнбағыс – подсолнечник

күнқағар – козырек

күншығыс – восточный

қабырға – ребро


  1. Ғ” әрпін астын сыз. Ерекше дыбыстарға назар аудар.

  2. Осы сөздермен сөз тіркестерін немесе сөйлем құра.

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



  1. Берілген сөздерді дауыстап оқып шық. Есте сақтауға тырыс.

қақпашы - вратарь

құс – птица

құрт – курт

қақпа – ворота

қант – сахар

қаймақ - сметана

қадам – шаг

қой – баран

қауын – дыня

қиял – фантазия

қуаныш – радость

қосу - прибавить

құмырсқа – муравей

құлын – жеребенок

құлпынай – клубника

құлақ – ухо

қарлығаш – ласточка

қайшы - ножницы


  1. Қ” әрпінің астын сыз. Ерекше дыбыстарға назар аудар.

  2. Осы сөздермен сөз тіркестерін немесе сөйлем құра.

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



  1. Берілген сөздерді дауыстап оқып шық. Есте сақтауға тырыс.

жаңғақ – орех

таң – утро

жең – рукав

кеңес – совет

қоңыс – жук

шаң - пыль

теңге – тенге

тең – равный

аң – зверь

ең – самый

саңырауқұлақ – гриб

терең - глубокий

теңіз – море

жеңіл – легкий

аңшы – охотник

көлеңке – тень

жаңа – новый

жаңбыр - дождь


  1. Ң” әрпін астын сыз. Ерекше дыбыстарға назар аудар.

  2. Осы сөздермен сөз тіркестерін немесе сөйлем құра.

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________




  1. Берілген сөздерді дауыстап оқып шық. Есте сақтауға тырыс.

сөйлем – предложение

бөлім – часть

көктем – весна

төсек – постель

көкөніс – овощь

өзгеріс - изменения

көңіл – настроение

дөңгелек – круг

өлшем – мера

көқарас – мнение

өмір – жизнь

өзен - река с


  1. Ө” әрпін астын сыз. Ерекше дыбыстарға назар аудар.

  2. Осы сөздермен сөз тіркестерін немесе сөйлем құра.

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


  1. Берілген сөздерді дауыстап оқып шық. Есте сақтауға тырыс.

құттықтау - поздравление

ұжым - коллектив

мұғалім - учитель

ұлы - великий

құрылыс - стройка

бұйрық - приказ

сұрақ - вопрос

ұзақ - грач

ұсыныс - рекомендация

сұлу - красивый

бұлақ – родник

мұражай - музей

тұру - стоять

мұнай - нефть

құдық - колодец


  1. Ұ” әрпін астын сыз. Ерекше дыбыстарға назар аудар.

  2. Осы сөздермен сөз тіркестерін немесе сөйлем құра.

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



  1. Берілген сөздерді дауыстап оқып шық. Есте сақтауға тырыс.

күндіз – днем

үй – дом

үміт – надежда

жүз – сто, лицо

күлкі – смех

түлкі - лиса

гүл – цветок

үтір – запятая

үлкен – большой

күй – мелодия

күн – день

үлгі -пример

үйірме – кружок

күш – сила

күнбағыс – подсолнечник

мүмкін – возможно

күз – осень

күту - ждать


  1. Ү” әрпін астын сыз. Ерекше дыбыстарға назар аудар.

  2. Осы сөздермен сөз тіркестерін немесе сөйлем құра.

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



  1. Берілген сөздерді дауыстап оқып шық. Есте сақтауға тырыс.

мәшһур – известный, популярный

қаһан – уст. Хан

гауһар, жауһар - 1. самоцветы

2. бриллиант

айдаһар – дракон

қаһарман – герой

қаһармандық – мужество, отвага

жаһан – весь мир

жаһат – намерение, желание

жиһаз – мебель

қаһар – ярость

қаһарлы - яростный

жаһан – вселенная, мир

жиһангерлік - мировой


  1. Һ” әрпін астын сыз. Ерекше дыбыстарға назар аудар.

  2. Осы сөздермен сөз тіркестерін немесе сөйлем құра.

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



  1. Берілген сөздерді дауыстап оқып шық. Есте сақтауға тырыс.

білім – знания

ін – нора

ілгіш – вешалка

киім – одежда

піл - слон

тіс – зуб

кісі – человек

ірі – крупный

жеміс – фрукты

із - след

іскер – деловой

тіл – язык

темір – железо

ірімшік – творог

тәтті - сладкий

  1. І” әрпін астын сыз. Ерекше дыбыстарға назар аудар.

  2. Осы сөздермен сөз тіркестерін немесе сөйлем құра.

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


























2.“Дұрыс айт, жаз”


Қазақ тіліне тән дыбыстарының естілу ерекшеліктерін салыстыра отырып дұрыс оқуға, қатесіз жазуға төселдіру жолдардың бірі. Бұл әріптерді қате жазудан сөз мағынасының өзгеріп кететінін арнайы тапсырма бойынша түсіндіру. Мысалы, берілген сөздерді дұрыс оқып, оның орысша аудармасын айтады.

А - Ә

сан – сән

ай - әй

сал –сәл

сал – сәл

тай –тәй


Ұ – Ү

тұсы – түсі

құдық –күдік

құн – күн

ұғу үгу

ұшқыр – үшкір

жұқ – жүк

құт - күт

ұмыт – үміт

тұт – түт

бұқ – бүк

сұр – сүр

ұн – үн

ұнамды – үнемді

құйды - күйді

құш – күш

тұру – түру

құз – күз

ұр – үр

құл – күл

тұн - түн

құл - күл


Ө -О

соз – сөз

қош –көш

жон – жөн

қотару –көтеру

боз – бөз

шоқ – шөк

оз - өз

тол – төл

бос – бөс

от - өт

сол –сөл

тоқ – төк

тор – төр

қорық – көрік

болыс – бөліс


Н - Ң

мен – мең

сен –сең

кен - кең

ен – ең

он – оң

шан - шаң


Ы –І

тыс – тіс

ыс – іс

сыз – сіз

ашты - ішті

қырпы - кірпі

қорық –көрік

ұмыт – үміт

қыр - кір


 






3. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті жазыңдар

           

            1. ...лем, ...дебиет, т...улік, к...лем, д...стүр, әд...лет, к...ркем шы...арма, қо...ам, ...ркениет, ж...зім, к...міс, б...рым, гау...ар, қа...арман, Қаскеле..., көк...ніс, к...нд...з, же...ге, қалы...дық, ж...г...т, өр...к, балм...здақ, алм...рт, те...із, т...мен.

 

            2. ы немесе і

            б...л...м, ау...р, қ...с, өш...рг...ш, күндел...к , қаб...рға, қар...ндас, с...ңл..., ор...нд...қ;

            3. а немесе ә

            ...ріп, ...же, ...лды, ж...ны, сұр...қ, ...йел, т...рбие, отб...сы, у...қыт.

           

4..Көп нүктенің орнына (ұ – ү) тиісті әріпті жазыңдар.

    ...ят, ...лттық, ...рпақ, б...зау, қ...лып, ...йқы, ...міт, т...рлаусыз, к...ріш, б...йра, б...ршақ, ...лгі, ...найды, к...шік, т...рлаулы, к...лгін, ...лпа, б...рын, қ...лан.

 

5. Жіңішке дауысты дыбыстарды теріп жазыңдар.

Үстелдің үстінде тәрелке, шәйнек, кесе тұр. Шәйнекке су құяды. Шәйнектен шәй ішеді. Тәрелкеге көже құяды. Кесеге шәй құйып ішеді.

 

6. Көп нүктенің орнына дауыссыз дыбыстардың бірін қойып жазыңдар.

...алтанат, ...абақ, ...ұлу, ...әлем, ...ырна, ...ілем, ...алым, ...егіз, қа...ам, е...ік, та...та, ас...ана, о...ан, де...алыс;

 


















Тірек үлгілері

(тақырыптар бойынша)


К...з айлары


hello_html_6ce3fb33.gifhello_html_m1d5b0843.gifhello_html_m68b88bd0.gif





...ырк...йек


...азан


...араша



Д...йсенб...

Бейсенб...


hello_html_m139263e9.gifhello_html_63168454.gif



Сейсенб...

Ж...ма

Аhello_html_59f2ef0b.gifhello_html_135117ce.gifпта к...ндер...

hello_html_215e4b21.gifhello_html_m308f2701.gif

hello_html_6a3fe976.gif

Сенб...

С...рсенб...





Жексенб...







д...птер

hello_html_525a8ac0.gif


hello_html_1d35827.gifhello_html_m69cb1fe0.gifк...ндел...к ...арындаш



О...у ... ...ралдары


кhello_html_20fcd12f.gifhello_html_m37506033.gif...тап ...алам

hello_html_m72d41cd1.gifhello_html_m310edb87.gifhello_html_m47e45152.gif



сыз...ыш ...ш...рг...ш

с...мке







нан


hello_html_4cbb7abc.gif

май ...ант

hello_html_m1c3bb5d2.gifhello_html_28067d84.gif

Азы...-т...л...ктер

hello_html_7d227518.gifhello_html_m36d2df2a.gifс...т айран

hello_html_1a903393.gifhello_html_700b5786.gifhello_html_m7a7b4f77.gifhello_html_42d5bbbf.gifhello_html_m41c3c530.gif


ж...мырт...а к...мпит

. ..р...мш...к шай

ш...жы...








hello_html_5c68dc6e.gif


hello_html_40862967.gif

hello_html_m7b405d87.gif

hello_html_580f67d0.gif


hello_html_m19ce912e.gifhello_html_m4cddfa4e.gif

hello_html_2cd24387.gif

hello_html_m71dea669.gifhello_html_m68767ad2.gifhello_html_meb1e699.gif

hello_html_m694cb613.gifhello_html_7d7f6fa2.gifhello_html_741a7783.gif






hello_html_m5c04ca40.gifhello_html_m21f2f861.gif









...ас...р

hello_html_178cadc4.gif

hello_html_79cf0660.gifЖолбарыс


Жhello_html_m742d4b99.gifhello_html_m2e8fe607.gifhello_html_2eba9eb9.gifануарлар Тасба...а


Т...йе

П...л









Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Ш. Бектұров, М. Серғалиев. “Қазақ тілі” Алматы “Білім” 1994ж.


  1. Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте” журналдары.


  1. Қазақ тілін үйренейік” газеттері.


  1. А. Қожаұлы “Шынар”


  1. Р. Сыздықова “Емле және тыныс белгілері” Алматы “Рауан” 1996ж.


  1. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде” журналдары.


  1. С.Исаев “Қазақ тілі”


Автор
Дата добавления 29.03.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров678
Номер материала ДВ-566985
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх