Инфоурок Естествознание КонспектыМетодическая разработка урока на тему "Жануарлар мекені"

Методическая разработка урока на тему "Жануарлар мекені"

Скачать материал

Ересек  тобындағы  ұйымдастырылған  оқу  қызметінің  конспектісі

«Таным» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: «Жаратылыстану»

Тақырыбы: «Жануарлардың мекені»

Мақсаты: Жануарлар  да жанды табиғатқа жататыны туралы түсініктерін қалыптастыру.Туған өлкенің жануарларын қорғауға  тәрбиелеу.Бақташының еңбегімен жақынырақ таныстыру.

Педагогикалық технологиялар: АКТ, слайд

Ресурстармен қамтамасыз ету: полиэтиленді пакет, су құйылған стакандар, түтікшелер, шар.

Билингвалдық компанент: жануарлар-животные

Ұйымдастырылған оқу қызметінің  барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

-Балалар, менің қолымдағы не? (шар)

-Шардың түсі қандай? (ақ)

-Балалар, айналамызда  ақ түске  ұқсас заттарды айтайық. Біз таңертеңгілік балабақшаға келе  жатқанда айнала қандай түсте болады, жерде не жатады? (Қар)

-Қардың түсі қандай? (ақ)

-Ендеше ақ түс қандай мезгілді білдіреді? (Қыс мезгілін)

Сондықтан мен сендерге ақ түсті шарды алып келдім.

Қыста ауа-райы қандай болады?

Қыс айларын білеміз бе?

2.Негізгі бөлім:

Балалар , сендер қысқы орманға саяхатқа барғыларын келе ме?

Ендеше, мен сиқырлы қалпағы мен сиқырлы шапанымды киіп, соның көмегімен орманға  барамыз (көздеріңді жұмындар, айналыңдар).

-Балалар, біздер орманға келдік, көздеріңді аша қойындар.Орманнан нелер көріп тұрсыңдар?

(Қоян шыршаның түбінен секіріп шығады)

Қоян: Сәлеметсіңдер  ме, балалар. Орманда не істеп жүрсіңдер?

Қоян: Мен  осы шыршаның астында інімде жатыр едім, сендердің дауыстарыңды естіп, сендермен бой сергітіп ойын ойнайын деп шықтым. Менімен  ойын ойнағыларың келе ме, балалар?

 «Жасырын сурет» ойынын ойнаймыз.  

Бізге қажетті суреттерді қар басып, жасырып қалыпты.Қардан тазалау үшін жұмбақтарды шешейік.

1.     Қорбаң, қорбаң етеді,
Орман оның мекені
Тәтті балға тойып ап,
Қыста ұйқыға кетеді.
 Бұл не?(Аю)

2.      Аю –ақылды, иіс сезгіш, жыртқыш аң. Бірақ өзі ешкімге тиіспейді.Олар жаз және күз бойы май жинау үшін тоқтаусыз тамақтанады. Май оларды қыста қоректендіреді. Осы кезде дүниеге қонжықтар келеді.
Суықтан  қалай сақтанады.?  (Аю орманда апанда өмір сүреді, қыс бойы қардың астындағы апанда жатып ұйықтайды.              
Немен қоректенеді?
Аю көбінесе жеміс ˗ жидек, құрт ˗құмырысқа, балықтарды ұстап жейді.
Олардың сыртқы бейнесі қандай?
Олардың денесі шомбал, басы үлкен, құлағы кішкентай, құйрығы қысқа. Жүні бір түсті, қоңыр, қара не ақ. Аяғы бес саусақты тырнақтары болады.

Аю оянып кетпесін, жай ғана өтіп кетейік.
2. Өзі бір қу, жүрген жері айқай шу .(Түлкі)
Түлкі –інінде.
 -Түлкі мұрны иісті жақсы сезеді, ол қар астындағы тышқандарды аулап жейді. Құстарды жейді. -Түлкі,қасқыр,қоян қысқа азық қорын дайындамайды.
Олардың көздері қырағы, құлақтары сақ,иіс сезуі жақсы жетілген.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар, сендердің дауыстарыңды естіп, сендермен бой сергітіп, ойын ойнасам деймін.

«Ненің құйрығы» ойыны.

3.Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады. (Қоян)

-Қоян түні бойы жүгіріп қорек іздейді. Ал, күндіз бұта астына жасырынып демалады. Құрғақ шөптер мен ағаш қабығын жеп қоректенеді.
Қай аң қысқа қарсы тонының түсін өзгертеді?Неліктен?
Қоян сұр тонын ақ тонға ауыстырады.Ол орманда қасқыр мен түлкіден осылайша жасырынады.
4.Сұр түсті
Ақсиған көп тісті.(Қасқыр) 

Үй жануарларымен, құстармен қоректенеді. Тістері үлкен, қорқынышты, сұр түсті.

«Қай аң қайда өмір сүреді» ойын
• Секең, секең етеді,
Орман оның мекені.
Отырғанда шоқиып,
Құманға ұқсап кетеді. (Тиін)

 Тиін ағаштың қуысында мекендейді, тиін жаздай жидектерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды жинап және шырша бүрінімен қоректенеді . Қыс бойы сол азығын қорек етеді.

«Ненің іздері» ойыны

•    Көп, көп ине,
Бір сабағы жоқ ине,
Іс тікпейді әрине,
Бұл не? (Кірпі)

Кірпі қыс бойы ұйықтайды-інінде.
Кірпіге үстіндегі инелері не үшін керек? Сыртқы жауларынан қорғану үшін.
Кішкентай тікенектері көп,сақтанғанда жиырылып қалады.
-Ал, балалар, кім айтады? Бір сөзбен бұл  жануарларды қалай деп атаймыз?( Жабай жануарлар).
-    Неге жабайы дейміз?(Орманда өмір сүреді)

          Сергіту сәті:

Сөздік жұмыс

* Жабайы  жануарлар-дикие животные-уайлд энимелс;                                            
*Орман-лес- форест ;
* Аю-медведь-бээ;
* Қасқыр-волк-вулф;

 *Түлкі-лиса-фокс;
* Қоян-заяц-хеэ;
*Тиін-белка-скуейрл;
Кірпі-ежик-  хеджхог;     

Орман иесі кіреді: Ол балалармен сәлемдесіп сендердің орман жайлы айтқандарыңды естіп,не білетіндеріңді білуге келдім.
-    Орман адамдарға не үшін қажет:
  1) Орман біздің байлығымыз.
  2) Орман жердің жасыл әшекейі.  

  3 ) Орман бар жерде ауа да таза.   

  4) Орман жануарлар мен құстардың мекені.
  5) Орман-біздің досымыз

  6) Орман- ылғалды ұстау арқылы  егін өсіруге көмектеседі.

  7 ) Орман өзінің жемістері мен жидектерін,саңырауқұлақтарын сыйға тартатын қамба.   

  8) Орман сұлулықтың қайнар көзі.
-     Орманды бақылайтын орманшы болады,олар аңдарды аңшылар келіп атып кетпесінші деп бақылау жасайды.Орманда мекендейтін қай аң болмасын біз адамдар қамқоршы болуымыз керек.
-   Ағаштарға  тисуге де болмайды, себебі қыста үсіген бұталар тез сынады.Орманда бәріне қорек жетеді,ешкім де аш қалмайды. Орман  көптеген жануарларға баспана әрі қорек болады..
ОЙЫН: Ойлауға

Ең айлакер аң....(түлкі)
Ең қорқақ...(қоян)
Балды жақсы көретін...(аю)

-Балалар, табиғаттың  бізге берері көп. Табиғаттың тыныштығын сақтап, жан-жағымызға мейірім сыйлап жүрейік.

3.Қорытынды

Балалар, орманда қандай аңдар өмір сүреді?

- Олар немен қоректенеді?

- Дала жануарлары  мен үй жануарларының айырмашылығы неде?

- Қыста қай жануар орманда ұйықтап жатады?

- Қай жануар қорқақ?

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Методическая разработка урока на тему "Жануарлар мекені""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Клининговый менеджер

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

«Таным» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: «Жаратылыстану»

Тақырыбы: «Жануарлардың мекені»

Мақсаты: Жануарлар да жанды табиғатқа жататыны туралы түсініктерін қалыптастыру.Туған өлкенің жануарларын қорғауға тәрбиелеу.Бақташының еңбегімен жақынырақ таныстыру.

Педагогикалық технологиялар: АКТ, слайд

Ресурстармен қамтамасыз ету: полиэтиленді пакет, су құйылған стакандар, түтікшелер, шар.

Билингвалдық компанент: жануарлар-животные

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

-Балалар, менің қолымдағы не? (шар)

-Шардың түсі қандай? (ақ)

-Балалар, айналамызда ақ түске ұқсас заттарды айтайық. Біз таңертеңгілік балабақшаға келе жатқанда айнала қандай түсте болады, жерде не жатады? (Қар)...

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 915 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.05.2018 657
    • DOCX 22.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Казиева Эмина Кереевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Казиева Эмина Кереевна
    Казиева Эмина Кереевна
    • На сайте: 5 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4170
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика организации инструкторской работы и проведения занятий по баскетболу

Инструктор по баскетболу

300 ч. — 1200 ч.

от 6500 руб. от 3600 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы психологического консультирования, психогигиены и психосоматики

72/108/144 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 88 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 143 человека

Курс профессиональной переподготовки

Предоставление и продвижение услуг дистанционного банковского обслуживания

Менеджер

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инклюзивное образование: нормативное регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детская нейропсихология: особенности, диагностика, исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 119 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 55 человек

Мини-курс

Финансовые ключи экспертного успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе