Инфоурок Доп. образование Другие методич. материалыМетодическая разработка урока "Перегондық рельс тізбектері" по предмету Основы автоматики и дискретные устройства СЦБ

Методическая разработка урока "Перегондық рельс тізбектері" по предмету Основы автоматики и дискретные устройства СЦБ

Скачать материал

  «Автоматика негіздері  және  ББОБ  дискретті құрылғылары»  пәні    бойынша  ашық сабақ  жоспары

 

Сабақтың тақырыбы:   Перегондық  рельс тізбегі.

Сабақтың  түрі:     теориялық

Сабақтың  типі:     аралас

Сабаққа бөлінген уақыт:   90 мин.

 

Сабақтың мақсаты:

а) білім беру: оқушыларды автоблокировканың электр тартым жүйесіндегі перегондық рельс тізбегінің сұлбасы және аппаратурасымен таныстыру; олардың ерекшеліктерін  және белгіленуін білуге  үйрету..

         б) тәрбиелік: оқушыларды мейрімділікке, әдептілікке тәрбиелеу,жуап-

кершіліктерін арттыру, ұйымшылдықтарын және топтағы қарым-қатыныстарын  жақсарту.

         в) дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, техникалық ойлау қабілеттерін  дамыту, келешек мамандығына  қызығушылығын артып, білімді маман болуға ықпал  ету.

 

Оқыту әдістері: сөздік, көрнекілік, интерактивтік.

 

Пәнаралық байланыс: «Электротехника», «Электроника,микроэлектро- 

 ника және микропроцессорлық техника».

Сабақтың көрнекілігі және техникалық жабдықталуы:

интерактивтік тақта Aktiv studio, тест сұрақтары,бағалау парағы,үлестірмелі материал, бейне материал, приборлар.

 

 

         Сабақтың  өткізілу  барысы

 

I.      Ұйымдастыру кезеңі:                                                      2-3 мин.

а) Оқытушының оқушылармен сәлемдесуі

б) Дәрісхананың тазалығына, сабаққа дайындығына назар аудару

          в) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

                   (әр топтың көшбасшысы сабаққа  қатыспағандарды атап,

                   олардың қатыспау себептерін айтады).

II.     Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру (тест

сұрақтары, интерактивті тақтамен жұмыс, жарыс түрінде):

                                                                                          25 мин.

 

                                                       

 

 

                                                           -1-

 

Оқушылар  екі топқа бөлінген. Әр топтың көшбасшысы бар, ол өз

тобының белсенділігін қадағалайды және бағалап отырады.

1)    Әр команда өз атауын және ұрандарын айтады;

2)    Тест сұрақтарын беру ( 6 оқушы);

3)    Өткен тақырып бойынша екі  оқушы тақтаға шығып ауызша

жауап береді – рельс тізбегінің приборларын кері тартым тоғының әсерінен қорғау және тартым  тоғының асимметриясы.

Тақырып: «Рельс тізбектерінің приборларын кері тартым тоғынан қорғау».

4)    Рельс тізбегінің бөлшектерін  жинау және  оларды  дұрыс орналастыру  – интерактивтік тақтаның мүмкіншіліктерін пайдалана отырып әр топтан оқушылар шығып жұмыс жасайды.

5)    Сәйкестендіру кестесі: а) анықтамалар

б) реленің шартты белгілерін  анықтау.

     6) «Сен білесің бе?» атты сайыс.

         Командалар үйден құрып келген кроссворд сұрақтарын қарсы

         топқа береді,олар тақтаға шығып жазады. Шыққан түйін сөзге

         топ басшысы анықтама береді.

 

III.             Үй тапсырмасын бекіту.                                              5-7мин.

Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін талдап, оқыту-

шының қорытындылауы. Оқушыларды топ басшыларымен бір-

лесіп бағалау, кемшілігі мен жетістіктерін атап өту.

 

IV.            Оқушыларды жаңа сабақ тақырыбымен, мақсатымен және

қаралатын сұрақтармен таныстыру. Сұрақтары:                 3 мин.

1.     25 Гц айнымалы ток кодты рельс тізбегінің сұлбасы.

2.     ПЧ-50/25 типті жиілікті түрлендіргіш.

3.     ФП- 25 типті  сүзгісі.

 

 

V.   Жаңа тақырыпты түсіндіру.                                              30 мин.

Өткен тақырыппен байланыстыра отырып, жаңа тақырыпты түсіндіру. Перегонда қолданылатын  кодты рельс тізбегінің сұлбасын көрсетіп, оған толық мінездеме беру.Рельс тізбегінің релелік және қорек шетіндегі приборларына тоқтап, олардың жұмыс істеу принципі және құрылысы түсіндіріледі. Жиілікті түрлендіргіш, электр сүзгілер, разрядниктер мен автоматты ажыратқыштарды оқушыларға көрсету.

 

                                                  -2-

Перегондық   рельс  тізбегі.   

Айнымалы (~) ток электр тартымы бар учаскелерде бұрыннан 75Гц (~) ток электр тізбектері қондырылған, бірақ соңғы кезеңде жиілігі 25Гц (~) токпен қоректенетін рельс тізбектері кеңінен қолданылады, өйткені олар төмендетілген (балласт) оқшаулама кедергісінде тұрақтылы жұмыс жасайды. Жиілігі 25Гц айнымалы сигналды токты алу үшін статикалық электромагнитік түрлендіргіштер қолданылады  ПЧ – 50/25 типті.

Жиілігі 25 Гц (~) ток кодты рельс тізбегі  перегонда  қолданылады.Схема 11.1.

               

  Сур. 11.1.     25 Гц айнымалы ток кодты рельс тізбегінің сұлбасы.

-         Ол рельс арқылы кодты сигналдарының жіберілуін қамтамасыз етеді. Кодты сигналдар – АЛС құрылғыларын және светофор көрсетуін байланыстырады.

Кодты сигналдары (КЖ, Ж, 3) трансмиттерлік рел Т контактісімен жіберіледі.

ДТ – 1 – 150 (n = 3) дроссель трансформатор қолданылады.

-          Статикалық электромагниттік жиілікті  түрлендіргіші.  Сур. 11,2 (а).

 

              

 

Сур. 11.2. Жиілікті түрлендіргіштің принципиалдық сұлбасы.

 

Түрлендіргіш екі трансформаторлық болаттан жасалынған магниттік өткізгіштен тұрады. Оның үш орамасы бар: екеуі – тізбектелеп қосылған, олар вентиль арқылы жиілігі 50Гц сыртқы қорек көзіне қосылады, ал үшіншісі – контурлық (резонанстық) деп аталады, және де екі магнитөткізгішке оралған. Бұл түрлендіргішті жиіліктің  бөлгіші (делитель частоты) деп атайды. Жиілікті түрлендіргіштің жұмыс істеу принципі  параметрлік тербелістерді қоздыру құбылысына негізделген.  Жиілігі   f = 50Гц тогының әсерінен контурдағы индуктивтігі периодты түрде өзгеріп тұрады, сөйтіп Wk контурлық орамасында өшпейтін тербелістер пайда болады. Бұл тербелістердің жиілігі f/2 болады. Контурлық орамаға жүктеме қосылады.

ПЧ-50/25 типті түрлендіргіштің артықшылықтары: ол қарапайым, жұмыс істеуі берікті және шығысындағы кернеу тұрақтандырылған; артық жүктемеден қорғанысы бар, яғни төзімді. Оның кемшіліктері: размерлері мен салмағы үлкен (14,6кг), ПӘК –пайдалы әсер коэффициенті  төмен (≈40%).

ПЧ 50/25 – 100 типті түрлендіргіштің шығысынан 5В-дан  175В – дейін аралықтағы кернеулерді алуға болады.   Конденсаторлар бөлек блокта орналасады – КПЧ, (сурет 11.2 (б)).  Рельс тізбегінің шектегіші ретінді реттелмейтін кедергі R = 200 Ом қолданылады. (сх. 11.1)

Рельс тізбегінің аппаратурасын дроссель – трансформатормен байланыстыру үшін  трансформатор ПТ қорек жағында және трансформатор ИТ релелік жағында қолданылады.

Осы трансформаторлар АВМ – 1 типті автоматты ажыратқыштармен қоса аппаратураны қорғайды және қызмет көрсетушілерді асқын кернеулерден сақтайды. 

 РВН – 250 типті разрядниктер арқылы аппаратура тартым тоғынан, найзағайдан пайда болатын импульстік асқын кернеулерден қорғалады.

Бұл схеманың жұмысы 50Гц (~) ток кодты рельс тізбегінің жұмысымен бірдей.

Жиілігі 25Гц рельс тізбектерінің реттелуі → түрлендіргіштің шығысындағы кернеуді өзгерту арқылы жасалады.

Рельс тізбегінің mах-ді ұзындығы – 2500м. Тұтынатын қуаты қалыпты режимінде 54 В∙А, ал қысқа тұйықталу ҚТ режимінде – 100В∙А – ге дейін өседі.

Кіріс (релелік) жағы шунтталған кезінде локомотивтің қабылдау орауыштырының астында  рельстегі  АЛС тогы кем дегенде 1,4 А болу керек, яғни IАЛС  ≥ 1,4 А.

Жолдық импульстік релені тартым тоғының әсерінен қорғау үшін ФП-25 (ФП-75) типті жолдық сүзгісі қолданылады, схема 11.4.

Сүзгі - жиілігі 25 Гц сигналды тоқты жіберуге арналған, ол тартым тоғының бөгеуілдеріне үлкен кедергі туғызады.  ФП-25 типті сүзгісі  50 Гц жиіліктегі бөгеуілдерді 100 есе азайтады.  С1-Т1 және С2-Т2 тербеліс контурлары 25Гц жиілікке бапталған. Контур  С3-L және конденсатор С4  –  25Гц –ке резонанстық контурды құрайды, олар осы жиіліктегі тоқты сүзгінің шығысына өтуін қамтамасыз етеді.            

                                                                              

            

                                                                Сур.11.4.    ФП-25типті  сүзгінің сұлбасы.

 

 

 

 

 

                                                    -4-

VI.            Жаңа тақырыптың материалдарын пысықтау.           15 мин.

 

1.     Интерактивтік тақтасы арқылы оқушыларға жаңа тақырып

бойынша  деңгейлік сұрақтар беріледі: жеңіл сұрақтар-тесттік, қиын сұрақтарға  толық жауап  беру қажет болады.

2.     Сәйкестендіру кесте – приборларды табу.

3.     Схеманы таңдау.

4.     Ойын «4- сурет, 1-сөз». Көрсетілген суреттер арқылы студенттер қандай мағыналы сөз екенін табады. Ойынның тәрбиелік мәні бар және темір жол автоматика мен телемеханикасының жалпы термин сөздерімен студенттің пәнге деген, болашақ мамандығына деген қызығушылығын арттыру мақсатында.

5.     Видеоролик «Рельсовые цепи».

 

VII.        Оқытушының жауаптарды толықтыра отырып, сабақты

қорытындылауы.                                                                        5 мин.

Оқушылардың бағаларын хабарлап, кемшілігі мен жетістіктерін

атап өту.

 

VIII.      Үй тапсырмасы.                                                                2 мин.

Пән бойынша оқулықты пайдалану арқылы білімін тереңдету, өз

бетінше дайындалу. 

1.     Оқулық В.С. Дмитриев, И.Г. Серганов «Основы железнодо-

рожной автоматики и телемеханики», параграф 11.2;

                184- 187 беттері.

2.     Кодты рельс тізбегінің схемасын  жұмыстық  дәптерге түсіру, берілген лекцияны конспектлеу.

 

IX.            Сабақтың аяқталуын хабарлау.                                      

 

 

 

 

 

Оқытушы:                        Кенжебекова Г.Б.

 

 

 

 

                                               -5-

 

 

                                               Тест 1

1.      Реленің автоматика элементі ретінде негізгі қасиеті қандай?

A.    кіріс және шығыс мөлшерлері бірдей өзгеруі;

B. шығыс шамасының кіріс шамасына қарай пропорционал өзгеруі:

C. кіріс шамасының баяу өзгергенінде шығыс шамасы секірмелі түрде өзгеруі;

D. шығыс шамасы кіріс шамасына тәуелсіз;

E. шамалары өзгермелі болуы;

    2.     Дроссель-трансформаторлар ДТ-0,2 және ДТ-0,6 қандай  телімдерде қолданылады?

A.    автономды тартымы бар телімдерде;

B.  тұрақты ток эл.тартымы бар телімдерде;

C. айнымалы ток тартымы бар телімдерде;

D. кез-келген тартымы бар телімдерде;

E. өтпелде;

  3.    Трансмиттерлік реленің күщейтілген түйіспелерінің қоспасының маркісі қандай?

A.    Ср Кд 86-14;

B.  Ср Кд 14-86;

C. Ср Кд 80-20;

D. Ср Кд 20-80;

E. КдСр 86-14;

4.    Полярлық іске қосу (пусковое) релесі ПМПШ – 150/150 қандай сұлбада қолданылады?

A.    бұрма электржетігін іске қосу сұлбасында;

B.  бағдаршам сигналдарын іске қосу сұлбасында;

C. рельс тізбегінде қоректену тоғын беру сұлбасында;

D. АБ линиялық тізбегін қоректену сұлбасында;

E. рельс тізбегін кодтау сұлбасында;

5.   НМШ2-4000 типті реленің контактілік жүйесін көрсетіңіз.....

A.    8фт;

B.  4фт;

C. 2фт,2ф

D. 4фт,4ф;

E. 2фт,2т;

                                                           Тест 2

1.  Рельс тізбегінің шунттық  сезгіштігі қандай  болуы  керек?

A.    кемінде  1 Ом;

B.  кемінде  0,06 Ом;

C.  0,06 Ом –нан  жоғары;

D. 100 Ом-нан жоғары;

E.  1 МОм;

2. Тоқтың бағытына тәуелсіз релені  көрсетіңіз?

A.    НМШ2 - 4000;

B.  ПМПШ - 150/150;

C. ИМВШ - 110;

D. КМШ1 - 80;

E. СКШ1-280;

 

3. Полярлық якорьдің түйіспелерін көрсетіңіз

A.    12-11-13;

B.  112-111-113;

C. 22-21-23;

D. 72-71-73;

E. 52-51-53;

4. КПТШ-5 (КПТШ-515) жолдық трансмиттердің кодты циклының ұзақтылығы қандай?

A.    1,86сек;

B.  0,86сек;

C. 1,6сек;

D. 0,65сек;

E. 2,8 сек;

5.  Автономды тартымы бар телімдерде минималды АЛС тоғы қандай болу  керек?

А. 2А;

B.  1,2А;

C. 1,4А;

D. 1,6А;

E. 50мА;

 

                                                           Тест 3

1.  Тезәрекетті  реленің  іске қосылу уақыты  қандай?

A.    0,03 сек. дейін;

B.  0,3 сек. дейін;

C. 1,5 сек. дейін;

D. 1,5 секунден жоғары;

E.  уақыты маңызды емес;

2.   ИВГ релесі қандай реленің орнына қолданылады?

А.  ДСШ-12;

B.   КШ1-80;

C.  ИМВШ-110;

D.  АНВШ2-2400;

E.  НМШ2-900;

3.              Рельс тізбегінің бос емес қалпы қандай режимге сәйкес?

A.    бақылау;

B.  АЛС;

C. шунттық;

D. қалыпты;

E. қысқа тұйықталу;

    4.   Егер нейтралды реле тоқсыз болса, онда оның қандай түйіспелері қосылған?

А.  11-13;

B.   111-112;

C.  111-113;

D.  11-12;

E.   12-13;

5.  Оқшаулағыш түйіспелердің қызметі, ол.........

А.  іргелес рельс тізбектерін электрлік қосу;

B.   рельс жібінің кедергісін азайту;

C.  іргелес  рельс тізбектерін электрлік  түрде  айыру;

D.  жол  релесін қорғау;

E.  АЛС тоғын өткізу;

 

                                                           Тест 4

1.  Термоқосқышы бар релені көрсетіңіз

A.    НМШТ;

B.  НМШ1 - 1800;

C.  АНШ2 - 2;

D.  НМШМ1 - 1400;

E.  КМШ-450;

2. Әдетте, трансмиттерлік реленің орамасына ұшқын өшіруші контур қосылады. Не ушін?

A.    орамадағы тоқты азайту үшін;

B.  түйіспелерді бұзылудан қорғау үшін;

C.  асқын кернеуден ораманы қорғау үшін;

D.  кедергіні көбейту үшін;

E.  кодты сигналды түрлендіру үшін;

3.  Қандай реледе геркон МКСР-45181 қолданылады?

A.    ИМВШ-110 релесінде;

B.  ИВГ релесінде;

C. ДСШ-13 релесінде;

D. КМШ -750 релесінде;

E.  АНШ2-2 жолдық релесінде;

4.  ДТ-0,6 типті дроссель трансформатордың трансформация коэффициенті қандай?

A.    n=40;

B.  n=15;

C.  n=17;

D.  n=10;

E.   n= 3;

5.  Рельс тізбегі бос қалпында оның бүтіндігі бұзылса, онда осы жағдай қандай режимге сәйкес болады?

А.  қалыпты;

B.   АЛС режимы;

C.  бақылау;

D.  шунттық;

E.  қысқа тұйықталу;

                                                           Тест 5

1.  Қос якорлы реленің неше позициясы бар?

A.    екі позиция;

B.  үш позиция;

C. бір позиция;

D. төрт позиция;

E. екі позиция-қосылған, ажырытылған;

2.  Үздіксіз қоректендіруі бар тұрақты ток рельс тізбегінде қандай жол релесі         қолданылады?

А. НМШ1-400;

B.   ДСШ-13;

C.  АНШ2-2;

D.  ИМВШ-110;

E.  ДСШ-12;

3. Маятникті трансмиттер МТ-2  қанша тербеліс жасайды?

A.    95-115 минутына;

B.  40+2  минутына;

C.  50+2  минутына;

D.  115-145 минутына;

E.   115-125 минутына;

4. Рельс тізбегінің бос емес қалпы қандай режимге сәйкес?

A.    бақылау;

B.  АЛС;

C.  шунттық;

D.  қалыпты;

E.  қысқа тұйықталу;

5. КПТШ-7 (КПТШ-715) жолдық трансмиттердің кодты цикылының ұзақтылығы қандай?

A.    1,86сек;

B.  0,86сек;

C. 1,6сек;

D. 0,65сек;

E. 2,8 сек;

                                               Тест 6

1. Темір жол автоматикасының релелелерінің контактілердің рұқсат етілген қызу температурасы қандай?

A.    300С;

B.  1000С;

C.  500С;

D.  1200С;

E.   100С;

2.  ДСШ типті реленің неше орамасы бар және қандай?

А.  екі орама, тізбектеп қосылған;

B.   бір орама, жолдық;

C.  екі орама: жолдық және жергілікті;

D.  екі орама: негізгі және қосымша;

E.  үш орама: негізгі және екі қосымша;

3.   Жол трансформаторлық жәшіктердің типтері қандай?

А. ТЯ-1, ТЯ-2 және РЯ-1;

B.   РОБС-1, РОБС-2 және РОБС-4;

C.  ПОБС-2А, ПОБС-3А, ПОБС-5А;

D.  ДТ-0,2, ДТ-0,6, ДТ-1;

E.  ФП-25, ФП-75, ФП-50;

  4.  Тұрақты ток тартымы бар телімдерде минималды АЛС тогы қандай болуы керек?

A.     1,2 А;

B.   2 А;

C.   1,4А;

D.  1,6 А;

E.  50 мА;

5.  Дроссель – трансформаторлардың  корпусы қандай материалдан жасалынады?

А. шойыннан;

B.   темірден;

C.  мыстан;

D.  болаттан;

E.  алюминий және болат қоспасы;

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Методическая разработка урока "Перегондық рельс тізбектері" по предмету Основы автоматики и дискретные устройства СЦБ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Урок для студентов колледжа, обучающихся по специальности "Автоматика и телемеханика на железнодорожном транспорте" на казахском языке.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 899 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.02.2021 617
    • DOCX 121 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кенжебекова Гульнара Бисекеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8857
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация дополнительного образования детей в условиях дошкольной образовательной организации

Педагог дополнительного образования

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 104 человека из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 531 человек

Курс повышения квалификации

Особенности организации учебной деятельности в учреждениях дополнительного образования детей технической направленности

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 47 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы психологии детского спорта в деятельности тренера-преподавателя, спортивного психолога в учреждениях физкультурно-спортивной направленности

108/144 ч.

от 2500 руб. от 1250 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Мини-курс

Инвестиционные проекты: оценка, эффективность и стратегии

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы политической науки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Художественная гимнастика: углубленная физическая подготовка

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе