Инфоурок Классному руководителю Рабочие программыМетодическая разработка классного часа

Методическая разработка классного часа

Скачать материал

Ана өмірдің шуағы.

Сабақтың мақсаты: 
Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу 
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, шарлар, плакат. 
Сабақтың барысы: 
Мұғалім сөзі: 
Ана-өмір қолдаушысы әлемнің 
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы 
Сейілмесін жанарынан ананың 
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы 
Аялайық аналарды әрдайым 
Қуанышқа бөлейікші өздерін 
Әжелердің,аналардың,қыздардың 
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін 
Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан . 
Аяулы аналар!!! 
Арулар! 
Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын!

1 Жүргізуші      Ару-ана, Ару-асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, 
Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама. Қандай нақты айтылған ой десеңізші! Расында бар әйел қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес! Иә, Құдайдан кейін құдірет иесі – ана. Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иетініміз сондықтан десек, бүгінде ұрпақ өсірумен қатар, ел еңсесін көтеріле түсуіне өз үлесін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандайда болмасын құрметке лайық. Бүгінде қоғам өмірінің әйелдер араласпайтын саласы жоқ десе болады. Бірі ғалым , бірі саясаткер, енді біреулері дәрігер, кәсіпкер тізе берсең жалғаса береді. Солардың бірі аяулы ұстаздар. Аналар өмірдің барлық саласын меңгергеніне шүбә жоқ бас иеміз. 

11 Жүргізуші      АНА, АНА, АНА! Не деген мейірімді, шапағатты сөздер еді! Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңші! Сезім мен қасиетті бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен? Жақсылық атаулының барлығы  да ананың ақ сүтінен жаралған. Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы да осы ана болмақ
І жүргізуші: 
Қымбатты ақ жаулықты аналар, асыл апалар! Сіздерді көктем айының ең алғашқы мейрамы 8-Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!

   1-ші оқушы

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген – бәйтерегі өмірдің,

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.

   2-ші оқушы

Ана деген – асыл жандар болаттай,

Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар, қадірлей біл ананы,

Жат қылыққа ақыл – ойды тоқтатпай!

3-ші оқушы

Ана десем, сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық.

Бар адамға берсе ананың мейірін,

Орнар еді бар әлемге тыныштық.

4-ші оқушы

Ана десем шешек атып жанары,

Өмірімнің бастау алар жаңа әні.

Ана десем, тіршілікте пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады!

 

Ән «Ана туралы жыр»

1 Жүргізуші: Бүгінгі мейрам аналардікі ғана емес, ардақты әжелердікі де, осы мейрам күні әжелерді құттықтап қояйық.

5: Шай ішетін қоюлап

Жақсы көрем апамды.

Сырмақ сырған оюлап,

Жақсы көрем әжемді

6: Өскенде мен ал, енді,

Аралаймын әлемді.

Сыйлық әкеп әжеме,

Таң қалдырам бар елді.

Ән : «Асыл әжем»

11Жүргізуші: Ортамызға келген Ару көктем, қыз көктем, гүл көктемді қарсы алайық.

Саламат па, Ару көктем ! Сені асыға күттік көптен.

Көктем: Сәлем,сәлем балақайлар!

Қуаныңдар алақайлап.

Құстар әнін ала келдім,

Жерге кілем жаба келдім.

Жан бітірген табиғатқа ,

Гүлдерімді ала келдім.

Шығыс биі

І жүргізуші: 
Дүниенің жарық күні анамыз 
Дана болсақ анаменен данамыз 
Тыңдаңыздар, көңіл қойып ағайын 
Анаға арнап тағы бір ән саламыз 

ӘН «Анашым»

І жүргізуші Келесі алдарыңызда «Жігіттер» квн командасы өз өнерлерін көрсетеді.

І жүргізуші: -Ерте заманның бірінде қазақ даласына шабуыл жасаған дұшпанның қалың қолы бір қаланы қоршап алады. Қалаға келетін ауыз суды тоқтатып қорғаннан өте алмаған жау халықтың берілуін күтіпті. Бірнеше күн өтсе де, қала берілмепті. 
Сонда дұшпанның әскер басы мынадай бұйрық шығарыпты. 
- Қаладан көтергенше жүк алып, әйелдердің кетуіне рұқсат етемін,- дейді 
Әйелдер бір-бір қапшық арқалап қаладан шығып кетеді. 
Дұшпан қалаға кіріп қараса, бір де бір еркек жоқ. 
Әйелдер ер азаматтарын қапқа салып көтеріп кетіпті. 
Кішкене қыздар ұл балаларды,кемпірлер шалдарды көтеріп қаладан шығып кетіпті. 
-Осылай бір халықты әйелдер аман алып қалған екен. 
Кішкене қыздар ұл балаларды көтеріп шығарыпты. 
Сен осылай жасай алар ма едің? 
ІІ жүргізуші: 
- Мүмкін мен тек біреуін ғана алып шығар ма едім? . 
 Би  «Адай»
ІІ жүргізуші: 
- Аналарымыз қандай өнерлі десеңші! 
І жүргізуші: 
- Өздері мерген. Өздері бір үлкен адамды да көтеріп кететіндей күштерін қалай сынасақ екен? 
ІІ жүргізуші: 
-Олардың шешендігін сынап көрелік. 
Сөз тапқанға қолқа жоқ ойыны 
Аналарды ортаға шақырып, бір әріпті  таңдатамыз. 
Әр жауап таңдаған әріптен басталуы тиіс. Бір әріпке 5 сұрақ тұрады. 
І ж -Менің анам алтын 
ІІ ж -Менің де анам алтын 
І ж -Аналарды құрметтеп 
ІІ ж -Қол соғыңдар жалпың 
Аналарды ортаға шақырамыз 
І жүргізуші: 
- Біздің сөз тапқыш аналарымыздың құрметіне Естеу Нүсіпбековтің

 «Аналарға арнау» өлеңі. 

Аналарға арнау

Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар -
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар.

Өр десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді, — лайықсыздар.

Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көң
ілінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.

Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер —  жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.

Естеу Нүсіпбеков

І жүргізуші: 
Алтын анам жасымнан аялаған, 
Мен үшін игілікті аямаған. 
Сабақтан шаршап үйге келгенімде, 
Бал сөзі жаным деген сая маған. 
ІІ жүргізуші: 
-Мұсылман қауымы анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да парызынан құтылмайсың деген екен. 
І жүргізуші: 
-Бәріміз де ана алдында борыштармыз. Сол борышты өтеу бізге міндет.
І жүргізуші: 
-Сөзімнің соңын мынадай оқиғамен аяқтағым келеді: Екі дүниенің сардары, кісіліктің киесі өмірдің үлгісі болып, Аллаһтың хақ дінін насихаттаған пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғс.) –ға сахабалары келіп 
-Алланың елшісі бұл өмірде кімге бірінші сәлем беру керек деп сұрағанда: - Ол анаңа,- деді, екінші кімге дегенде: - тағыда Анаңа,- деді, үшінші кімге дегенімізде: -тағыда Анаға,-деді төртінші кімге дегенді: 
-Әкеңе,-деді . 
Міне бұл тек аналарға деген ерекше құрмет. Осындай хақ діннің заңына бағынған халқымның салт-дәстүрін құрметтеген адам аналарын құрметтеуі тиіс. Әрқашан да аналар беделі биік болсын!

ІІ Жүргізуші: 

Өмірге бізді келтіріп,

Жарық дүние сыйлаған.

Жамандыққа баласын.

Ешқашан да қимаған.

 Көрмесін қайғы балалар,

 Аман болсын аналар!

ӘН хор «Әрқашан күн сөнбесін»

І жүргізуші: 

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-анаға сұрақ

 

1. Сіз үшін ең құрметті не?

2. Мектеп балаңызға не береді?

3. Ұялғанда не істейсіз?

4. Сіз үшін байлық не?

5. Кім сұлу?

6. Қандай мақал білесіз?

7. Сөйлей-сөйлей кім боласың?

8. Бақшада не өседі?

9. Қиындықты қалай жеңесіз?

10. Қандай салт дәстүрді білесіз?

11. Қандай ақын-жазушыны білесіз?

12. Қол не үшін керек?

 

2 анаға сұрақ

1. Асыл мұраларды қалай құрметтейсіз?

2. Ең ұлы іс-не?

3. Құлақ неге екеу?

4. Кімге сенбейсіз?

5. Кімнің қамын ойлайсың?

6. Қазақ ұғымында ұл бала қандай бала?

7.Ананың көңілі балада,баланың көңілі неде?

8  Кітап сізге не береді?

9. Ұстаз кім?

10. Тіл не үшін керек?

11. Сіз кімсіз?

12. Қазақ тілі қандай тіл?

 

3 анаға сұрақ

 

1. Ең биік не?

2. Сіз үшін достық деген не?

3. Қандай салт-дәстүрді білесіз?

4.Балаңыздан дан не күтесіз ?

5. Бақыт деген не?

6. Нені өсиет санайсыз?

7. Қазақстан қандай?

8.Қандай мақал-мәтел білесіз?

9. Ең құрметті не?

10. Неден қорқасыз?

11. Ең кіші не?

12. Арманға жету жолы не?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Методическая разработка классного часа"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер по платежным услугам

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

№ 18 ОМ. 7 "Ә"  класс жетекшісі; Кушанова Альмира Кенжегалиевна

Ана - өмірдің шуағы.

 

Сабақтың мақсаты: 
Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу 
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, шарлар, плакат. 
Сабақтың барысы: 
Мұғалім сөзі: 
Ана-өмір қолдаушысы әлемнің 
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы 
Сейілмесін жанарынан ананың 
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы 
Аялайық аналарды әрдайым 
Қуанышқа бөлейікші өздерін 
Әжелердің,аналардың,қыздардың 
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін 
Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан . 
Аяулы аналар!!! 
Арулар! 
Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 702 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.11.2014 711
    • DOCX 73.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кушанова Альмира Кенжегалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 9710
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 218 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 551 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 769 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 842 человека

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 752 человека из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 979 человек

Мини-курс

Развитие предметно-практических действий, игровых навыков и математических представлений у детей раннего возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Создание контента и заработок в онлайн среде: регулирование, продвижение и монетизация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 242 человека из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 63 человека

Мини-курс

Методы маркетинговых исследований в интернете

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 20 регионов