Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / Методические материал по физике, "Кызыкты екі гылым"

Методические материал по физике, "Кызыкты екі гылым"

В ПОМОЩЬ УЧИТЕЛЮ ОТ ПРОЕКТА "ИНФОУРОК":
СКАЧАТЬ ВСЕ ВИДЕОУРОКИ СО СКИДКОЙ 86%

Видеоуроки от проекта "Инфоурок" за Вас изложат любую тему Вашим ученикам, избавив от необходимости искать оптимальные пути для объяснения новых тем или закрепления пройденных. Видеоуроки озвучены профессиональным мужским голосом. При этом во всех видеоуроках используется принцип "без учителя в кадре", поэтому видеоуроки не будут ассоциироваться у учеников с другим учителем, и благодарить за качественную и понятную подачу нового материала они будут только Вас!

МАТЕМАТИКА — 603 видео
НАЧАЛЬНАЯ ШКОЛА — 577 видео
ОБЖ И КЛ. РУКОВОДСТВО — 172 видео
ИНФОРМАТИКА — 201 видео
РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТ. — 456 видео
ФИЗИКА — 259 видео
ИСТОРИЯ — 434 видео
ХИМИЯ — 164 видео
БИОЛОГИЯ — 305 видео
ГЕОГРАФИЯ — 242 видео

Десятки тысяч учителей уже успели воспользоваться видеоуроками проекта "Инфоурок". Мы делаем все возможное, чтобы выпускать действительно лучшие видеоуроки по общеобразовательным предметам для учителей. Традиционно наши видеоуроки ценят за качество, уникальность и полезность для учителей.

Сразу все видеоуроки по Вашему предмету - СКАЧАТЬ

  • Физика

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Қызықты екі ғылым»

Мақсаты: Қоғамдық білім байқау сабағында оқушыларды оқу материалында кездестірілетін оқиғалар мен құбылыстарды дұрыс бағалауға, талдауға және қорытындылауға, дүние танымдық адамгершілік эстетикалық көзқарастарымен қалыптастыруға бағыт- бағдар беру.
Сабақта оқушыларды бір-бірімен салыстыру, топтау-жинақтау логикалық талдау мәселесіне жағдай туғызу, әдіс тәсілдерді қиыстыра қолдану.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта, зертханалық тапсырмалар, кеспе қағаздар.

Апталық ашылуы флешмобтан басталады. Қыздардың биінен кейін ортаға 11 сынып оқушысы шығып...


(11 В сынып оқушысы Айдар)

Білім- барлық уақытта жоғары құңдылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз. Мәңгілік ел – болашағымыздың бағдары. Бүгінгі «Білімді ұрпақ-ел тірегі» атты физика және информатика апталығын ашық деп жариялаймыз.

І-жүргізуші

Әлемдік тартылыс,
Күшін сен сыйладың
Ауырлық, үйкеліс,
Күшін сен сыйладың
Сыйладың сен маған,
Тұрақты сандарды.
Ом менен Ньютонның
Әр түрлі заңдарын
Электр қуатын сыйладың сен маған,
Жасанды көз нұрын сыйладың сен маған.
Сенсіз бұл өмірде жүру де жоқ маған.
Сенсіз бұл өмірді сүру де жоқ маған


ІІ-жүргізуші Мәссаған, Перізат, сен өзің әнші екенсің ғой! Сен физика ғылымы жайлы ән шырқасаң, мен информатика жайында өлеңімді айтайын

Ұстаз да, шәкірт те бас иетін,
Компьютер, бар сенің қасиетің.
Бір емес бірнеше іс атқарасың,
Жалғыз өзің, мыңның ісін атқарасың.
Ақпарат, ақпараттық әрекетті.
Жүзеге асырасың, бас ұрасың
Интернет желісін жүктейсің де,
Әлемдік жүйеге сен енесің
Өмірдің тулап жатқан толқынында.
Өзіңді өзгелермен бір көресің
Ақпарат, ақпараттық әрекетті.
Жүзеге асырасың, бас ұрасың.

І-жүргізуші

Мінеки залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қостайық,

Кешіккендерді тоспайық

Қызықты екі ғылым жайында

Кешімізді бастайық.

ІІ-жүргізуші

Қайырлы күн құрметті көрермен!

Сөз бастайын термелейтін өлеңмен.

Тәрбиелі,білімді боп әрқашан

Өс, өркенде, қанат жайып кемелден.


І-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қадірлі көрермендер!

Баршаңызға «Білімді ұрпақ – ел тірегі» атты физика және информатика апталығын ашық деп жарияланды.

ІІ жүргізуші: Сөз кезегін физика және информатика бірлестігінің


І-жүргізуші: Апталығымыздың ашылуына байланысты ұйымдастырылған «Қызықты екі

ғылым...» атты интеллектуалдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!


ІІ жүргізуші: Біз бүгінгі кешімізді 9-шы сыныптардың арасында сайыс түрінде жүргіземіз.Әрбір сыныптан 2 оқушыдан шығады. Топ мүшелері жеребе арқылы анықталады. 4 адамнан тұратын 3 топ қатысады.


І-жүргізуші: Әрбір оқушыны кезекпе-кезек жеребе таңдауларын сұраймыз.



ІІ-жүргізуші: Сайыс 4 кезеңнен тұрады. 1-кезең «Таныстыру»



I-жүргізуші: 2-кезең «Жорға»



ІІ-жүргізуші: 3-кезең «Кім тапқыр?»



І-жүргізуші: 4-кезең «Физикалық құпия құбылыстар»


І-жүргізуші:

Бұл сайыста әрбір топтың жинаған ұпайын өзіміз есептеп ескертіп отырамыз. Арнайы әділ қазы алқалары болмайды. Бізге есептеуге арнайы бақылаушылар көмектеседі. Әр кезеңнен жиналған ұпайлары сандықшаларға салынып отырады.


IІ-жүргізуші:

Кезек келіп, өжеттеніп, сөз аппын.

Танысайық, ғажап ойын, ғажап күн!

Тегіміз бір-батырақ та, бай да емес,

Емеспіз бе, азаматы қазақтың!-дей келе «Таныстыру» кезеңін бастайық.


І-жүргізуші:

Мұнда әрбір топ өздерін таныстырып, көрермендерге және қарсыластарына сәлем береді. Таныстыруға 3 минут уақыт беріледі. Топтың атын қоясыздар. Таныстыру өз идеяларыңызға байланысты ерікті түрде. Таныстыру сайысы жоғары ұпай 10 баллдық жүйемен анықталады.


IІ-жүргізуші:

Топтар дайын болғанша, 7 «Б» сыныбының жігіттерін ортаға сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырайық.

(6 жігіт шығады. 3 физика, 3 информатика пәндеріне байланысты өлеңдер оқылады. Содан кейін жігіттердің орындауында физика және информатика әні)



I-жүргізуші:

7 «Б» сынып жігіттеріне алғысымызды білдіреміз.


IІ-жүргізуші:

Ал, енді сөз кезегін ойыншыларымызға берейік.

1 топ: Жасыл

2топ: Сары

3топ: Көк


І-жүргізуші:

Ендеше, осы сайыстың қорытындысы бойынша бағаларды білсек ...


IІ-жүргізуші:

Білімді ұрпақ – еліміздің тірегі!

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар


І-жүргізуші: «Жорға» кезеңінде әрбір топ берілген сұрақтарға жауап береді. Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Сұрақты топпен ойласуға 1 минут уақыт беріледі. Егер топ жауап бермесе, 2 топтың қайсысы алғаш топ басшысы қол көтерсе, сол топқа жауап беру мүмкіндігі туады. Бір сұраққа 1 ұпай.



Бірінші топ сұрақтары : Жасыл -

1. Сұйықтың ең кішкентай бөлшегі қалай аталады? ( тамшы)
2. Термометрді кім жасады? ( Швед астрономы, физигі Цельсий)

3. Импульс түрлерін атаңдар? ( дене импульсі, күш импульсі)

4. Бас әріптерді теру пернесі (Capslock)

5. Паскальда қандай сандар типтері болады? (бүтін, нақты)

6. Алгоритмнің неше түрі бар, қандай?(3, сызықтық, тармақталу, қайталану)

7.Сандыққа нені тығып қоюға болмайды? ( жарық )

8. Дененің жұмыс істеу қабілеттілігін сипаттайтын физикалық шама. (энергия)

9. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)

10.Паскаль тілін қай жылы, кім ойлап тапты? (1968-1971, Никлаус Вирт)




Екінші топ сұрақтары : Сары-

1. Ауырлық күшінің бағыты? (төмен)
2. Атомның ядролық моделін жасаған ғалым? ( Резерфорд)
3. Бір заттың малекулаларының екінші заттың малекулалар аралық бос орындарына өзара өтуі – бұл.... (диффузия)

4.Программалау тілінде құрылған компьютерге дәл және толық нұсқау (программа)

5.Паскаль тіліндегі айнымалылар бөлімі? (VAR)

6. Бір килобайтта қанша байт бар?(1024)

7. Дене импульсінің формуласы? ( Р=mv )

8. Күн күркірегенде ең алдымен найзағайды көреміз бе, әлде күркіреген дауысты естиміз бе? (найзағайды)

9. Функционалдық пернелер (F1-F12)

10.Энергияның түрлерін ата (кинетикалық және потенциалдық)



Үшінші топ сұрақтары : Көк-

1. Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі? ( деформация )
2. Дененің тірекке немесе аспаға түсіретін күші? ( салмақ)
3. Динамика заңдарын атаңдар? ( Ньютон заңдары)

4. Компьютерде программаны бірден емес бүкіл программа мәтіні аудармасы жиналғаннан кейін орындау әдісі (Компилятор)

5. Енгізу операторы? (readln)

6. Айнымалы шама дегеніміз не? (Алгоритімді орындау барысында мәні өзгеретін шамалар)

7. Пішінін сақтамайтын көлемін сақтайтын дене? (сұйықтық)

8. Декодтау дегеніміз не?( кері кодтау)

9. Сегіз биттен тұратын өлшем бірлік (байт)

10. Атом массасының өлшем бірлігіне не алынған? (кг)





Екінші кезеңнің ұпайларын қорытындылайтын уақыт жеткен секілді.

ІІ-жүргізуші: 3-кезең «Кім тапқыр?», екі ғылымға байланысты жұмбақтар қойылып жылдам жауап бергендіктері бағаланады. Жұмбақтарға топ басшысы жауап береді. Әрбір топ тақтаға қарап өзіңе ұнаған жұлдызшаны таңдайды, әрбір топтың 3 жұлдызша таңдау мүмкіндігі бар.


1-жұмбақ.

Ақпаратты қағаздағы

Компьютерге енгізеді.

Егер білсең айта ғойшы,

Бұл қандай құрылғы (Сканер)


2- жұмбақ.

Ток күшінің өлшемі

Ағып өткен мөлшері

Физикалық шаманы

Ғалым атына теңеді. (Ампер)


3-жұмбақ.

Бұтақ орнында мың бір инесі бар,

Компьютер жанын мекендейтін.(Кактус)


4- жұмбақ.

Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,

Тағы да бір белгісіз шама шықты.

Ол болмаса денелер қозғалмайды,

Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (Жылдамдық)


5-жұмбақ.

Бас құрылғыны басқаратын,

Кеудесін көтеріп қасқаятын ми (процессор)

6- жұмбақ.

Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасаң,

Ньютонға ол келеді. (Күш)


7-жұмбақ.

Биологияда бұл паразит,

Көзге зорға көрінер.

Информатикада өлшем бірлік,

Ақпаратты ол өлшер. (Бит)


8- жұмбақ.

Күш көбейсе артады,

Аукадан артқа тартады.

Жүзі жұқа үшкір зат,

Одан бірақ қорқады. (Қысым)


9-жұмбақ.

Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланам күн сайын жарық үшін (ток)



І-жүргізуші: 4-кезең «Физикалық құпия құбылыстар» бұл кезеңде дайын құралдарды пайдалана отырып берілген уақытта қызықты зертхана жасап сол құбылысты түсіндіреді. (оқушыларға жұмыстың орындалу шарттары беріледі)



ІІ –жүргізуші:

Қатысушыларымыз эксперименттік жұмыс орындау үстінде, осы кезде ,көрермендер, сіздердің білімін тексеру үшін сіздерге сұрақ қойсақ қалай қарайсыңдар? Көрермендерден кім бірінші қол көтереді, соның жауабы тыңдалады.





І – жүргізуші:

Физика

1.Қандай жолмен ешуақытта адам жүрмейді? ( Құс жолы)
2. Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса не қалады? ( ауа)
3. Ньютонның заңын ашуына себеп болған не? ( алма)
4. Көкке қараған жұлдыз санаған (телескоп )

5. ашық ыдыстағы су неге азаяды? ( буланады)
6. қандай ыдыстарға су құйылмайды? ( су толы ыдысқа)
7. Жазуға болатын химиялық элемент? ( Бор)

8. Кімнің заңын білмесең, үйде отыр деген сөзді физиктер көп айтады?( Ом)

9. 1 кг массасы қыста ауыр ма, әлде жазда ауыр ма? (бірдей)

10. 12 шоқ жұлдыздың жалпы аты (зодиак)

Информатика

1.     Компьютер миі? (жүйелік блок)

2.     Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы? (модем)

3.     Ақпаратты шығару құрылғысы (принтер)

4.     Графикалық редактор? (Paint)

5.     Қарапайым есептеулер жүргізетін бағдарлама (калькулятор)

6.     Жойылған нысандар орналасатын қапшық (себет-корзина)

7. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама? (Word)

8. Компьютердің негізгі құралдары (монитор, жүйелік блок, пернетақта)

9.  Келесі жүріс. (жүріс келесі топқа беріледі)

10. « Microsoft»  фирмасының президенті (Билл Гейтс)

ІІ жүргізуші:

Кезеңдер аяқталды, жалпы қорытындыны анықтауға бақылаушыларға уақыт беріледі.

І-жүргізуші:

Өмір дегенде,
Тіршілікте, сірә жетер ме ой.
Жарық сәуледен басқаның бәрі бекер ғой.
Бекер ғой бәрі,
Бекер ғой бәрі бөтен ғой.
Өмір дегеннің бір күндік сәуле екен ғой,
Өмір осы екен сырыңа міне қанықтым.
Жаса сен мәңгі,
Жаса сен, мәңгі жарық күн!

ІІ –жүргізуші:

Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,

Ренжімей тараса, озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау, дей келе сайысымызды қорытындылау үшін «Марапаттау» рәсіміне .....................................шақырамыз.

І-жүргізуші:

Физика және Информатика - болашаққа бастайды,
Келешекке білім қуған жастарды.
Қадам басып ХХІ ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын
тастайды.
ІІ-жүргізуші:

Біз 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенеміз.
Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын!

І – жүргізуші:

Апталығымыз ашық сабақтармен, сынып арасындағы ойындармен, сайыстармен жалғасын табатын болады. Қош сәлемет, сау болыңыздар!

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Автор
Дата добавления 20.01.2016
Раздел Физика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров123
Номер материала ДВ-359382
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх