Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Методические материал "Құстар қалай қыстайды"

Методические материал "Құстар қалай қыстайды"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_76321f19.gifhello_html_mfedc0af.gifhello_html_7b6fd548.gifhello_html_m5951b446.gifhello_html_76321f19.gifhello_html_m7799c1d1.gifhello_html_6475f02d.gifhello_html_m4b5f91dd.gifhello_html_m33d85388.gifhello_html_m4b5f91dd.gifСабақтың білімдік тақырыбы:Жануарлар дүниесін қорғау

Сабақтың білімдік мақсаты: Жануарлардың құрыған және құрып бара жатқан жануарлар туралы айтумен шектелмей, орманның кесіліп жойылуы, табиғи ортаның бүлінуі туралы мағлұмат беру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Жұмбақтар арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:Табиғаттың жанашыры болып,оны қорғауға үлестерін қосуға тәрбиелеу.

Сабақ түрі:жаңа сабақ

Сабақ типі:СТО технологиясы

Сабақ әдісі:Талдау, сұрақ – жауап, ойын, әңгімелеу

Сабақ көрнекілігі:суреттер,сөзжұмбақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Қонақ күту-салтымыз,

Оқып біліп жатырмыз.

Келген қонақ сіздерге

Сәлем бердік жалпымыз.

-Табиғат тіршіліксің тұнып тұрған

Сен күнсің көтерілген күліп қырдан

Сен көлсің,

Сен ормансың,

Сен бұлбұлсың,

Адамды сұлулыққа құнықтырған.

Сен жарықсың,

Сен жерсің,

Сен ауасың

Сен анамсың,

Бәрі менің өмірім сен сыйлаған

-Балалар, қалай ойлайсыңдар,өлең не туралы?

-Табиғат туралы

Табиғат туралы оқып білеміз?

-Олай болса дүниетану сабағын бастаймыз.

Үй тапсырмасын тексеру.

Қызығушылықты ояту.

а)Ой шақыру

-Енді , балалар,табиғатқа байланысты сөзжұмбақ шешіп көрейік.

1.Жылдың ең ыстық мерзімі ( жаз)

2. Аңда бар, өсімдікте жоқ қай әріп (А)

3. Қасиетті тағам (нан)

4. Балықтың мекені (су)

5.Ағаш көркі.............(жапырақ)

6. Бал жинайтын жәндік( ара)

7.Ешкі төлі (лақ)

8.Емен, қайың, талдар өсімдіктердің қай тобына жатады? (ағаш)

9.Өсімдіктердің жер асты мүшесі (тамыр)

Ж

А

Н

У

А

Р

Л

А

Р



-Олай болса, бүгінгі біздің сабағымыз жануарлар әлемін қорғау туралы.

Ой қозғау

Табиғатты қорғау үшін қандай жұмыстар атқарылуда? Өздеріңнің үлестерің жайлы айтығдар

II Мағынаны тану

Жаңа сабақты түсіндіру

Суретпен жұмыс

Дәптермен жұмыс қорықтардың атауларын жазып алу.

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар ,

Жел бетімнен еседі.

Кіп-кішкене балалар

Үп-үлкен боп өседі.

5.Сұрақ-жауап жұмысы.

6.Ойын «Кім жылдам» Жануарлар туралы жұмбақтар беріледі. Олардың шешуін тауып, пайдасы туралы айту. Қайда мекендейтінін, үй жануарларының пірлерін, төлдерін атау. Сол жануар туралы мақал-мәтел айтқызу

Жұмбақтар.

Бар екен үш қанатты ұшып кетпес,

Егін сап жұрт қатарлы кәсіп етпес.

Өзінің мекенінен шығып кетсе,

Тіршілік көремін деп үміт етпес (балық)

Далада жүр шапқылап,

Керемет тым сақ құлақ.

Тек есектен басқада,

Оған ұқсар жоқ құлақ (қоян)

Белестен шапқан бесті ат,

Бүкір келген желісті ат,

Бейғам елді іздейді,

Малдан күдер үзбейді. (Қасқыр)

Қайда болса баратын,

Мінсең-ұшқыр қанатың (Жылқы)

Үйіме келіп қонады,

Балшықтан үйін соғады. (Қарлығаш)

Орманда жоғары,

Ағашқа қонады

Тұмсығын балға етіп,

Тоқылдатып соғады. (Тоқылдақ)

III Ой толғаныс.

Оқушылардың қалаған жануарларының атауына бес жолды өлең шығару.

Сабақты пысықтап, оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: Түсінік айту, қорықтар жайлы деректер жинау.

Дүниетану сабағында ойын түрлерін қолданудың тиімділігі

Оқу үрдісінде ойын оқытудың әрі формасы, әрі әдісі де болып табылады, сол себепті ойын әрекеті оқытушы мен оқушының іс-әрекетінің бірлескен, өзара байланысты технологиясының дидактикалық категориясы ретінде де қарастырылады. Педагогтар ойын үстінде бала санасын дамыту, тәрбиелеу, оқыту қатар жүргізіледі, оны бала белсенділікпен және асқан ыждағаттылықпен қабылдайтындықтан ойындарды оқу үрдісінде міндетті түрде енгізу керектігін айтады.[26].

Психологтар мен педагогтар ойын мәселесіне өз назарын аударғанымен, тек ХІХ ғасырдың аяғында ғана ойын арнайы зерттеу пәніне айналады. А.Диваев, Н.Виноградов, В.Вахтерев және т.б. ойын теориясын құрастырды және ойын мәселесін көтеріп, іс-әрекеттің маңызды түрі ретінде оның теориялық, әдіснамалық негізін ашты.Неміс педагогикасының көрнекті өкілі Ф.Фребель дидактикалық ойындардың негізін салушы болып есептелінеді, ол қимыл-қозғалыс ойындарының, құрылыс дағдылары мен еңбек ету қабілеттерін дамытуға бағытталған дидактикалық жаттығулардың жүйесін жасады.С.Л.Рубинштейннің пікірінше ойын негізінде адамның барлық психикалық қабілеттері қалыптасады, баланы ересек өмірге дайындайды. Ойын арқылы бала қоршаған ортамен қарым-қатынас жасайды.Ойын көп қырлы, сондықтан зерттеушiлер әр түрлi жақтардан қаралады. Ойынды былай түсiндiредi:

- белсендiлiктің негiзгi түрі;

- белсендi оқу және тәрбие формасы; 

- дербес ойын іс-әрекеті;

- шығармашылық процестердi дамытудың тәсiлi;

- танымның ерекше пiшiнi (формасы);

- өздiгiнен тәрбие, бекiтудiң құралы.

Ойын - өз алдына оқыту үрдісі, балаларды еңбекке дайындаудың белсенді құралы. Ойын сабақтары түрлерін таңдап алып, оны жүргізу мұғалімнен үлкен шығармашылық ізденісті талап етеді. Мектеп оқушыларының мектепке келгенге дейінгі әрекеті ойын десек, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу(таным) әрекетіне бейімделуі тиіс. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни оқушыға берген біліміміздің қайтарым нәтижесін көруіміз керек. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет.Ойындардың мынадай түрлері бар:

Сурет 1.

Ойынтүрлері


Білімберетін

ойындар



Тәрбиелейтінойындар


Дамытатынойындар


Жеке тұлғаныәлеуметтендіретінойындар


Диагностикалықойындар


Оқушының танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері былай бөлінеді: Сурет 2.

Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері


Балалардың орындаушылық әрекетті талап ететін ойындар


Қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар


Қайта жасау іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар


Оқушылардың іс-әрекетін бақылауға бағытталған ойындар


Ізденіс іс-әрекетіне бағытталған ойындар


Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі - дидактикалық ойындар. Олар:

1. Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, қарапайым жұмбақ арқылы беріледі.Мысалы,Жеп көріп ем өзін мен,

Жас шығарды көзімнен. (Жуа)

Соғым үшін сайлап қойдым,
Бордақылап байлап қойдым.
(Қарбыз).

Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты.
(Алма).

hello_html_62f0baf6.png

Жасыл түс ненің белгісі?

Жұмбақтар қандай тақырыпқа арналған.«Өсімдікке не қажет?» деген тақырыпта ертегі құрастырту.

2. Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды.

Автор
Дата добавления 18.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров76
Номер материала ДВ-352593
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх