Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Методические материалы по начальных классов на тему "Тілім-менің тірегім"

Методические материалы по начальных классов на тему "Тілім-менің тірегім"


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы , Көлбастау ауылы

13 Аркадий Гайдар атындағы орта мектебінің

2«Ә» сынып жетекшісі: Аюпова Тамара Сейтжанқызы



Тақырыбы: Тілім менің - тірегім.

Мақсаты:1. Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, мәртебесін биік ұстау жөнінде, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру.

2. Оқушылардың ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту.

3.Оқушылардың өз бетінше ізденуін қадағалау, білімдерін жетілдіру.

Сабақтың түрі: Интеллектуальды шоу.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап.

Пән аралық байланыс: Әдебиет, тарих, қазақ тілі.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер, Алаш арыстары мен ақын - жазушылардың суреттері, бүктемелер.


Барысы

Кіріспе бөлім:

«Шаттық шеңбері» арқылы оқушылар бір – біріне тілек айтады.

Мұғалім сөзі:

Талай ғасырлар бойы ата – бабамыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген.Олар көксеген арманға ХХ – ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік.Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт - бағдарын ұстанған, өркениетті елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық. Осыған байланысты оның қасиетін оқушылар бойына сіңіру, ұғындыру мақсатында « Тілім менің – тірегім » атты ашық сынып сағатын өткізіп отырмыз.

Өткенім бүгінгінің баспалдағы,

Бүгінім ертеңіме бастар әлі,

демекші , ең алдымен сайыскерлерді таныстырып кетейін.

1 – топ «Ойшылдар» , ІІ – топ «Тапқырлар»

І - бөлім Тіл - өнер.

ІІ – бөлім Мақалдарды жалғастыр....

ІІІ – бөлім Бәйге (сұрақ – жауап)

ІV – бөлім Жұмбақтың шешуін тап.

V - бөлім «Бата беру» рәсімінен көрініс.

VІ - бөлім Жеңімпаздарды анықтап , мадақтау.

1-жүргізуші: Саламатсыздар ма? Құрметті ұсаздар, қонақтар, тіл апталығына арналған мерекелік бағдарламамызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.




Туған жердей жат жердің болмайтыны – ақиқат,

Оған көңілің ешқашан толмайтыны – ақиқат,

Алтын торда алтын құс , өсірсеңде бұлбұл құс,

Өскен бағы болмаса, қонбайтыны - ақиқат, - деп сайысымызды бастаймыз.

2-жүргізуші: Тілдер мерекесіне арналған 2 «ә» сыныбы даярлаған мерекелік бағдарламамызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

1-жүргізуші: Мемлекетіміз тәуелсіздік, ана тіліміз мемлекеттік мәртебе алып, көптен күткен арманымыз орындалды.

2-жүргізуші: Ия, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрлері, тіл ерекшелігі болады. Біздің ұлттық тәрбиеміз ананың сүті, ананың әлдиі, ананың тілінен бастау алады.


Оқушы: Тілім менің!

Тілім үшін мың өліп, тірілді елім,

Адамдықпен арымды қатар қойып,

Тілді қорғау –парызым бүгін менің,


Оқушы: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық,

Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.


Оқушы: Қазақ тілің-Атаң, Анаң,

Қуат алар Отан да одан.

Дүниеде ешбір асыл

Тең келмейді қатар оған.


Оқушы: - Қуан далам! Қуанатын күн бүгін!

Серпіп таста, мұңды жүрек түңдігін!

Тіл туралы Заңым енді күшінде,

Паш еткендей кескен жаңа кіндігін!


Оқушы: - Қуан бабам! Қуанатын күн бүгін!

Халық жауы атандың-ау сол үшін,

Ғұмырыңды құрбан етіп жолыңда ар.


Оқушы: Қуан анам! Ұстазыңнан сүйініп,

Сәтің де көп кеткен кейде түңіліп.

Ақ сүтіңмен бойға біткен тіліңді

Пір тұтамын мен алдыңа иіліп.


Оқушы: - Қуан балам! Туған тілдің киесі.

Жебеп сені болғаныңа иесі.

Тек мұнымен бітпейтінін ұғып өс,

Дүниеде тіршіліктің күресі.


Оқушы: - Қуан халқым! Күшіне енді тіл заңы,

Сүйінші деп ақын ұлың жырлады

Ел елдігі бағаланар тілімен,

Сол арқылы құлпырады, гүл бағы.



1-жүргізуші:

- Туып өскен Торғайдың даласында

Қайран елі- қазағы санасында,

Тілі үшін жазықсыз жапа шеккен

Арысың кім, ойланбай табасың ба?

Оқушылар: Хормен Ахмет Байтұрсынов!

2-жүргізуші:


- Елім деп, тек алып соққан жүрегі

Ахметтей ағасына іні еді.

Қазақ тілін терең зерттеп, танытқан.

Ғұламаның есімін кім біледі?

Оқушылар: Хормен Құдайберген Жұбанов!



Ана тілім-бақытым.

Оқушы: Ана тілім, дана тілім бақытым

Қазақ тілін білу менің парызым.

Тілім менің ұмытылмас тірлігім,

Кім біледі тіліміздің тағдырын.


Оқушы: Алаңдатты тіл тағдыры бүгінде.

Сен болмасаң болар ертең күнім не?

Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен.

Қазақ болып қалу үшін түбінде.


Оқушы: Қазақ тілім бас иемін мен саған

Тілге деген болу керек кең талғам.

Мемлекеттік тілімізді сыйласақ,

Қазақ тілі біздер үшін жаралған.


Оқушы: Тіліміздің тарихы бар қол жетпес,

Айтсаң оның тарихына сөз жетпес.

Өткеніне тіліміздің көз жүгіртсек,

Тіліміздің тарихы бар сан жетпес.

Тіл деген қасиетті ұғым екен,

Қазақ тілі жырлайтұғын жырым екен,

Ұмытпайық тілімізді ешқашан.

Қасиетін сақтайтұғын сырым екен.

Тілім саған әрқашанда бас иемін,

Бар ғой сенің бойыңда қасиетің,

Тіліміз деп әрқашан мақтан тұтқан,

Ұмытпайық бабалардың өсиетін.


Оқушы: Мәртебесі тіліміздің биік екен

Қазағыма қазақ тіл боп енген екен.

Тілімізді ұмытпайық әрқашан

Қазақ тіл боп мәңгілікке қалған екен.


Оқушы: Тілім саған арналады бар күнім

Сен арқылы таси түсті шаттығым.

Қазақ тілін білмесең сен егер де,

Онда сенің қазақ тілге жоқтығың.


Оқушы: Қазақ тілім сенсің бар гүлім

Арналады менің саған бар күнім.

Ана тілін ұмытпасаң ешқашан,

Жоғалмайды ешқашанда пәктігің.


1-жүргізуші:

ІІ – айналым Мақал – мәтелдер сайысы .

Мұнда екі топтан бір – бір мақалшы шығып мақалды айтады екінші топ оның жалғасын айтады.


Мақал-мәтелдер сайысы:

1 топ.

1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).

2. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең).

3. Ине көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады).

4. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).

5. Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ).

6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).

7. Шебердің қолы ортақ, ... (шешеннің сөзі ортақ).

8. Айтылған сөз, атылған ... (оқпен тең).


2-топ.

1. Тауды, тасты жел бұзар, ... (адамзатты сөз бұзар).

2. Жақсы сөз ... (жарым ырыс).

3. Жақсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер).

4. Тіл қылыштан ... (өткір).

5. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ... (ой өсіреді).

6. Жыланның уы тісінде, адамның уы ... (тілінді).

7. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ... (шешен боларсың).

8. Тілден артық ... (қазына жоқ).



Енді біздің оқушылардың мемлекеттік тілді қалай меңгергендігін сұрақтарға жауап беру арқылы сынап көрейік.

2 – жүргізуші:

ІІІ – бөлім Бәйге (Сұрақ – жауап)


1-топқа:

1. ҚР қашан тәуелсіздік алды? (1991 ж. 16 желтоқсан).

2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров).

3. Шоқанның әжесі? (Айғаным).

4. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері? (Құрмаш).

5. Күй атасы кім? (Құрманғазы).

6. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес).

1 – жүргізуші:

2-топқа:

1. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік тіл мәртебесін қай жылы алды? (1989).

2. Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан Уалиханов).

3. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл).

4. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (Ахмет Байтұрсынов).

5. Ұлттық киімдер қалай аталады? (тақия, бешпент, қамзол, сәукеле, тон, ішік, кимешек т.б.).

6. Тұңғыш кемеңгер? (Ыбырай Алтынсарин).

2 – жүргізуші:

ІV – бөлім Жұмбақ жасырамыз.

Екі топтан екі жұмбақшы шығып бір – біріне жұмбақ жасырады.


1-жүргізуші:

V – бөлім. «Бата беру» рәсімінен көрініс.

VІ – бөлім Жеңімпаздарды анықтап , марапаттау.

2-жүргізуші:

Тәуелсіз Қазақстан Ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын.

Тып – тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

Елімізде бақ – береке ырыс болсын,

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.

Халқымның ахуалы дұрыс болсын,

Еліміз әрқашанда тыныш болсын.


1 – жүргізуші:

2 «Ә» сынып оқушыларының даярлаған сыныптан тыс іс-шарасы аяқталды.

Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рахмет!


Автор
Дата добавления 27.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров74
Номер материала ДВ-489151
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх