Инфоурок Биология Другие методич. материалыМетодические разработки

методические разработки

Скачать материал

 

БҰТАҚТЫ ЖӘНЕ ЖЕМІС АҒАШТАРДЫ КЕСУ ТЕХНИКАСЫ

 

Мұхтар Қапанұлы Керимбеков - Оңтүстік Қазақстан облысының білім,

жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының

«Экологиялық орталық» МКҚК әдіскері

 

        Жеміс беретін ағаштарды кесу. Кесудің негізгі мақсаты  жеміс беру кезеңінде өсіп-өнуді көбейту мен шығыршың санының қалыпты қатынасын қалыптастыру, ішкі бөрікбастағы бұтақтардың жеміс беруін ұзарту, ескі бұтақтарын жаңарту, жыл бойынша тәртіптеу. Бұл жерде кесудің қарапайым тәсілі қолданылады. Ағаштың бөрікбасының ауқымын қадағалау, жиі болып өсуіне жол бермеу қажет. Ағаштарды қатты жараламау үшін кесуді жылма-жыл жасайды. Кесілген сайын ағаштың өсу реакциясы арта түседі де, қалыптан тыс қалыңдайды. Жыл өткен сайын ағаштың жеміс беруі артып, өсуі азаяды. Ағаштың өсу белсенділігінің тежелуінен жаңа жеміс беретін бұтақтар көбеймейді, ал ескілері кезеңмен жеміс салады, яғни бір жыл береді, келесі жылы демалады.

Жеміс беретін ағаштарды қырқу-кесу дегеніміз бұтақтарды сирету және қысқарту болып табылады. Ол ағаштың өнімі көп болу үшін және берген өнімнің сапасы жақсы болу үшін жасалатын іс-шаралар. Ағаштарды - қырқу кесу жауапы іс. Ағашты дұрыс кеспеген сәтте керісінше өнімнің төмендеуіне әкеп соғады. Қырқу-кесу ағаштың бойында сөл жүру басталғанша, қыс аяғында немесе ерте көктемде жүргізіледі. Яғни ақпанның екінші жартысында ағаштарды кесу ең қолайлы сәт. Ауаның температурасы -2 Сº-ден төмен болмағаны жөн. Қырқу-кесу жұмыстары дұрыс жүргізілмегенде ағаштар ауырып, әлсірейді, осындай әрекеттердің алдын алу үшін төмендегі кеңестерге көңіл бөліңіздер. Ағаштарды дұрыс қырқып, сол мақсатты іске асыру үшін, алдымен керек. Егер де бұталарды арамен кессеңіз, кесілген жерлерді өткір пышақпен тегістеп, өңдеу қажет. Сонымен бірге қырқып кесетін жерді микробтардан қорғау үшін міндетті түрде бақша қамырын (садовый вар) жағып қою керек.

Қырқу- кесу  ағаш ағзасына хирургиялық араласу қол сұғу. Бұл кезде әрбір бұтақтың тағдыры қыл үстінде тұрады, яғни ол негізгі бұтақ болып қала ма, жоқ жанама бұтақ бола ма, әлде мүлдем қырқылама, сондықтан ағаштарды кесуден бұрын алдын-ала жоспарлап, негізгі тұлға бұтақтар өсетіндей пішін шығарып алғаннан кейін кіріскен жөн.

Кесу дегеніміз - ағаштар үшін қайғы қасірет. Қырқу-кесуден кейін ағаштар ауырады. Бірақ, қырқу-кесу жұмыстарын жүргізбесе, ағаштардың бұтақтары көбейіп, жабайы болып өсіп, бір-біріне кедергі жасайды, арасына күн тимейді, ауа бармайды, жемістері ұсақталып кетеді.

Кесудің мерзімі мен техникасы. Жеміс ағашын кескенде қолданылатын бақша жабдықтары: бау пышағы, бау қайшы, бау ара. Сонымен бірге бақ құмын, (ағаш жарақатына жағатын) ерітетін арнаулы шілтерлі кәтел міндетті түрде болуы керек. Ұсақ бұтақшалардың бәрін бау қайшымен қырқады, үлкендерін пышақпен немесе бау арамен кеседі. Ағаштарды тәртіп бойынша тыныштық күйде, қыста немесе ерте көктемде бүршіктері бөртпей тұрғанда қиған дұрыс, егер температура бірден күрт суытатын жағдай туса, бірінші жеміс беретін бүршік жанданбай тұрғанда кеседі. Ол жапырақ бүршіктерінен ерте жанданады.

Сиретуден бұрын бұтақты негізгі сақина бездері бойымен түбір қалдырмай кеседі. Бұл үшін қиықтың төменгі шеті біраз дөңестеу болған жөн, әйтпесе үлкен жарақат болып қалады. Мұндай қиюды «сақина қиық» деп атайды.

Біржылдық өркендердің қаңқа бұтақтарын қия отырып, тікендерін қалдырмай кесікті бүршікке жасайды, олар жараның бітуіне қиындық келтіреді. Пышақпен төменнен жоғары кеседі, тек осындай жағдайда ғана жұлым-жұлым емес, тегіс кесік болады.

Үлкен қураған бұтақтарды бастапқыда оның негізінен төмен аралайды. Содан кейін бұтақты жоғары жағынан аралап кеседі. Бұдан кейін таза қалған түбірді кесіп, пышақпен жарақатын тазартады. Барлық кесілгендеріне бақ құмын немесе таза әліп майында дайындалған майлы бояуды жағады, болмаса ағаш түбіндегі дымқыл топырақтан (лай) жақсылап жағу керек.

Ағаштардың әр түрлі бөлшектерін кескенде кесу техникасы және жұмыстағы қауіпсіздік ережелерін сақтау керек. Иілгіш және солқылдақ бұтақтарды қолмен ұстап тұрады. Мұндай кезде бұтаны ұстап тұрған қолды пашақ қозғалысы бойында қарсы ұстауға болмайды.Бұтақтарды пашақпен кескенде өсімдіктердің қалдыратын бөлігінің өсуіне 40-45° бұрыш жасап кескен жөн. Мұндай кесіктер тез бітеліп кетеді.

Біржылдық өсінділерді «бүршік үстінен қысқарту» үшін кесікті таңдап алған бүршіктің қарама қарсы жағынан табанынын тұсынан бастап, бүршіктен 1-2 мм жоғарыдан аяқтайды.

Өркендер мен бұтақтарды сиреткенде табанынан кеседі, ол үшін кесік бұтақ түбінде беттесіп түсуі керек. Мұндай кесіктер тез бітеледі.

Жуан бұтақтарды үш түрлі қимылмен кесіп алу ұсынылады. Алғашында бұтақтардың табанына 20-30 см қашықтықта, бұтақтың астыңғы бетінен тереңдетіп аралайды, сонаң соң үстінгі бетінен төменгі кесіктің тұсынан бұтақтың ұшына қарай 3-5 см шегініп аралайды.Бұтақ алынғаннан кейін қалған томаршаны табанынан қиыплып тастайды. Диаметрі 1,5-2 см-ден артық жарақаттарды тазалап, бетіне бақ құмын жағады.

Ең алдымен сынған, қураған, ішке қарай өсіп тұрған, тік өскен немесе айқасып, айқыш-ұйқыш бір-біріне кедергі жасап тұрған бұтақтарды кеседі.

 

 

 

Одан ары қарай  бұтақтарды сирету, қысқарту жұмыстары жүргізіледі.

Бұтақтарды сирету дегеніміз - бұтақты түбінен қырқу. Ал, бұтақтарды қысқартқан кезде олардың ұштары ғана шырпылады. Ағаштарды отырғызғаннан кейін қырқып-кеспей және адамның көмегінсіз өз бетімен қалыптасуына  жол беруге болмайды. Мұндай ағаштар мерзімінен бір-екі жыл бұрын жеміс бере бастағанмен, олардың ұшар басы жақсы берік болмайды. Кейбір сұрыптарда бұтақтардың түптері жалаңаштанып қалады, жеміс ондай ағаштардың ұш жағына шығады, мұның өзі кейін ағаштың өнімділігіне зиян тигізеді және күтуді қиындатады. Ұшарбасы берік болмау себебі, қырқып кеспеген бұтақтар ұзарып өсе береді де әлсіз болады. Ал, ұштарын шырпығанда, бұтақтардың өсуі бәсеңдейді де, олар жуандалып берік болады. Ағаштарды отырғызғаннан кейін алғашқы 3-4 жыл бойы негізгі тұлға бұтақтарды өсіруге, оларды бой бұтаққа бағындыруға және ағаш діңінің бойында дұрыс орналастыруға бағытталған қырқу- кесу жұмысы жүргізіледі. Күлте басы бес сатылы бұтақ жүйесі бойынша қалыптасқан ағаштарда, бойбұтақты жерден 40-50 см биіктігінен бастап қырқумен жаңа бүйір бұтақтар өсіріледі, бұлардың ішінен төменгі қатардағы  негізгі бұтақтардың аралығында орналасқан екі бұтақ таңдалып алынады. Келесі жылы тағы да 1-2 бұтақ өсіріледі., сонымен ағаштың негізгі тұлғасы қалыптастыру аяқталады. Ағаштың өсу дәуірінен, жеміс беру дәуіріне көшкенде, қырқып- кесуді тоқтатуға болады, тек бұтақтардың жиеленіп кетуі және өнімді болуына қолқабыс тигізетін жеңіл-желпі қырқу-кесу жұмыстары жүргізіледі.

Үсіп кеткен ағаштарды кесу. Жеміс беретін көп не аз дәрежедегі ағаштар кей жағдайда үсікке шалынады. Уақытында дұрыс кесіліп, жақсы күтімде болған ағаштардың аязға ұрынғандары қалпына келеді. Егер тамыр жүйелері және өсімдік түзуші ұлпалар (ткандер) зақымдалмаса, суыққа ұрыну дәрежесін ағаш тіндерінен, өскіндерден және бұтақтарының тігінен, көлденеңінен, қиығынан анықтауға болады.

Зақымданбаған ағаш тіндері кәдімгі ақ немесе ашық-сұр, ал суыққа ұрынғаны ашық-сары немесе аққұба болып келеді. Тіндерінің қараюы барлық уақытта бұтақтардың құрып бітуі емес. Кей уақытта ғана ағаш тіні қарайса, сонда өсімдік қатты зақымдалған болады.

Суық үрған (үсіген) ағашты үсу дережесін анықтап барып кеседі. Жас ағаштың (3-4 жыл) үсік шалған бұтағының жоғарғы ұшын көктемде сау бөлігіне дейін кеседі. Барлық бұтақтарды келесі жылы өскеннен кейін бірдей етіп қырқады. Егер тек бір жылдықтары болса, онда қаңқа бұтақтарының 1-2 жылдық қаңқасын қысқартып кеседі.

Қатты үсік ұрған бөрікбас пен ағаш діңін үсік шалған шекарадан төмен кеседі, кейде түгел алып тастайды. Бұлай кескеннен кейін де, ұйықтап жатқан діңнен бүршіктер пайда болып, тез бөрікбас құрайды.

Аздап, орташа үсік шалған бүршіктерді, 8-15 жастағы каңқа және жартылай қаңқа тармақтарды қысқартады, жанынан мықты тармақталған жағына ауыстырады.

Қатты үсік шалған бүршікті өскіндердің есуі басталған соң (мамырдың аяғы маусымның басы) кеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Методические разработки"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Спортивный психолог

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

БҰТАҚТЫ ЖӘНЕ ЖЕМІС АҒАШТАРДЫ КЕСУ ТЕХНИКАСЫ
Мұхтар Қапанұлы Керимбеков - Оңтүстік Қазақстан облысының білім,
жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының
«Экологиялық орталық» МКҚК әдіскері

Жеміс беретін ағаштарды кесу. Кесудің негізгі мақсаты жеміс беру кезеңінде өсіп-өнуді көбейту мен шығыршың санының қалыпты қатынасын қалыптастыру, ішкі бөрікбастағы бұтақтардың жеміс беруін ұзарту, ескі бұтақтарын жаңарту, жыл бойынша тәртіптеу. Бұл жерде кесудің қарапайым тәсілі қолданылады. Ағаштың бөрікбасының ауқымын қадағалау, жиі болып өсуіне жол бермеу қажет. Ағаштарды қатты жараламау үшін кесуді жылма-жыл жасайды. Кесілген сайын ағаштың өсу реакциясы арта түседі де, қалыптан тыс қалыңдайды. Жыл өткен сайын ағаштың жеміс беруі артып, өсуі азаяды. Ағаштың өсу белсенділігінің тежелуінен жаңа жеміс беретін бұтақтар көбеймейді, ал ескілері кезеңмен жеміс салады, яғни бір жыл береді, келесі жылы демалады. Жеміс беретін ағаштарды қырқу-кесу дегеніміз бұтақтарды сирету және қысқарту болып табылады. Ол ағаштың өнімі көп болу үшін және берген өнімнің сапасы жақсы болу үшін жасалатын іс-шаралар. Ағаштарды - қырқу кесу жауапы іс. Ағашты дұрыс кеспеген сәтте керісінше өнімнің төмендеуіне әкеп соғады. Қырқу-кесу ағаштың бойында сөл жүру басталғанша, қыс аяғында немесе ерте көктемде жүргізіледі. Яғни ақпанның екінші жартысында ағаштарды кесу ең қолайлы сәт. Ауаның температурасы -2 Сº-ден төмен болмағаны жөн. Қырқу-кесу жұмыстары дұрыс жүргізілмегенде ағаштар ауырып, әлсірейді, осындай әрекеттердің алдын алу үшін төмендегі кеңестерге көңіл бөліңіздер. Ағаштарды дұрыс қырқып, сол мақсатты іске асыру үшін, алдымен керек. Егер де бұталарды арамен кессеңіз, кесілген жерлерді өткір пышақпен тегістеп, өңдеу қажет. Сонымен бірге қырқып кесетін жерді микробтардан қорғау үшін міндетті түрде бақша қамырын (садовый вар) жағып қою керек.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 987 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.05.2015 1906
    • DOCX 357.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Керимбеков Мухтар Капанович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Керимбеков Мухтар Капанович
    Керимбеков Мухтар Капанович
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7968
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Нанотехнологии и наноматериалы в биологии. Нанобиотехнологическая продукция

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 316 человек из 67 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Биология")

Учитель биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы игровой деятельности дошкольников: роль игр в развитии детей

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Робототехника в школе: конструирование и программирование

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 21 региона

Мини-курс

Психология расстройств пищевого поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 91 человек из 38 регионов
Сейчас в эфире

Консультация эксперта в области деловых коммуникаций. Зачем нужна корпоративная культура?

Перейти к трансляции