Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Методический доклад "Деңгейлеп саралап оқыту"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • История

Методический доклад "Деңгейлеп саралап оқыту"

библиотека
материалов

Қазақстан тарихы және қоғамдық білім негіздерін оқытуда деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын қолдану.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау керек» деп атап көрсетілген.

Қазіргі жаһандану заманында азаматтардың білімі мен біліктілігі мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің басты көрсеткіші.Елбасымыздың Жолдауында «ұлттық бәсекелестік бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» деп атап өтті./1.7б./

Сондықтан Қазақстан дамыған 50 елдің қатарынан көріну үшін,оқыту мен білім беру мазмұнын,ақпараттық өркениеттің талаптарын,халқымыздың ұлттық рухани құндылықтарымен үйлестіруі керек.

Деңгейлеп-саралап оқыту түсінігі латынның «дифференция» яғни «өзгешелік», «айырмашылық» дегенді білдіреді./2.19б./

Бұл технологияның басты белгісін Н.Шахмаев былай тұжырымдайды «оқушылардың жеке типтік ерекшеліктерін ескеру негізінде ұйымдастырылған оқу-тәрбиелеу барысы сараланған оқыту»./3.54-55б.

Бұл тұжырымды Н.Г.Огурцов дамытып,толықтыра түсті, «саралап оқыту дегеніміз-тұлғаны,оның көзқарасын,қабілетін,дағдысын ескере отырып,өмірге дайындайтын процесс,бұл процесте мұғалім мен оқушы тең,әрі белсенді қатысушылар»./4.53б./

Бұл мәселе еліміздің және шетелдік зерттеушілер еңбектерінен көрініс тапты,мәселен Бударный.,Е.Голант,И.Унт,Н.Шахмаев,Ж.Қараев, В.Беспалько тағы басқалар.

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының мақсаты:1.әр оқушының қабілеті мен білім деңгейін ескере отырып,өз мүмкіндіктеріне сай білім беру.2.Оқушыны өз ойын еркін білдіруге,өздік жұмысқа,өзін-өзі жетілдіруге ынталандыру.3.Оқушының шығармашылық қабілетін ашу және жетілдіру.

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы төрт деңгейден тұрады:

Бірінші деңгей-міндетті репродуктивтік,екінші деңгей-алгоритімдік,үшінші деңгей-эвристикалық,төртінші деңгей-шығармашылық./5.6б./

Бірінші деңгейде сабақта алған білім өзгертілмей, пысықтауға арналған тапсырмалар беріледі

Білу(атаңыз,қай жылы болды,қай жерде т.б.)

Түсіну(сөйлемді аяқтаңыз...,не білдіңіз...,неге...т.

Екінші деңгейде оқушыға аллған білімін қолдана және талдай білуді игеруге арналған тапсырмалар беріледі.


Қолдану(мақсатын түсіндіріңіз,дәлел-деңіз т.б.)

Талдау(құрылымы қандай,топтастыры-ңыз,талдаңыз т.б.)

Үшінші деңгейде танымдық –ізденіс тапсырмаларын бере отырып,қорытындыға келу дағдысы қалыптастырылады.

Топтау(өз шешіміңізді табыңыз,жүйе-леңіз,зерттеңіз т.б.)

Бағалау(жетістігін көрсетіңіз,баға беріңіз,сәйкес келе ме т.б.)

Төртінші деңгейде шығармашылыққа бағыттайтын өз бетінше орындайтын тапсырмалар беріледі.


Шығармашылық деңгейдің тапсырмалары оқушының өздігінен білім алуына, дағдыларын қалыптастыруға,шығармашылығы мен іскерлігін дамытуға және алған білімді қолдана білуге үйретеді.Сондықтан бұл деңгейдегі тапырмаларды жинақтамастан бұрын оқушыларға психо-диагностикалық тексеру жүргізген дұрыс (тест,сауалнама т.б. түрінде).Сол арқылы оқушының жеке және жас ерекшеліктері,оқуға ынта-жігері анықталып,тапсырмалар деңгейге бөлінеді.Мұнда берілетін тапсырмаларды екі бағытқа бөлуге болады:1)Репродуктивтік бағыт-сызба, кесте,диаграмма т.б.толтыру,яғни дайын дерек көздердегі материалдарды пайдалану арқылы оқушыларда білу,есте сақтау,дамыту дағдылары қалыптасады.2)Реконструктивтік бағыт-жоспар құру,тезис,аннотация,баяндама,реферат т.б.Мұнда оқушы бойында алған білімді қаншалықты меңгергені анықталады,ғылыми-зерттеу жолы ашылады.

Мәселен, Дүние жүзі тарихы пән бойынша «Версаль-Вашингтон жүйесі» тақырыбы бойынша мына деңгейлік тапсырмаларды қолдануға болады,

1-деңгей-Кестенің сол және оң жағын толтырыңыздар

1

Нәзір Төреқұлов

1

...

2

...

2

Вашингтон конференциясында қабылданған теңіз қару-жарағын қысқарту туралы құжат

3

«Құқық қорғау қоғамы»

3

...

4

...

4

Жапонияны Шаньдун түбегін қайтаруға мәжбүр еткен жоба шарты

5

«Ашық есік», «тең мүмкіндік»

5

...

6

...

6

Мемлекеттік саясаттың түрі

7

1915ж.6 қарашада Германия жаулап алды

7

...

8

...

8

Түрік халқының ұлт-азаттық қозғалысы



2-деңгей-Мәтіндегі қатені табыңыз

1.І Дүние жүзілік соғыстан кейін Еуропада аса ірі екі империя Габсбургтер және Осман империясы құлады.Ресей империясы ыдырады.

2.Эльзас пен Лотарингия Бельгияға қайтарылды,ал Эйпен мен Мальмеди округтері Данияға берілді.Латвия мен Эстония парламенттік республика болып құрылды.

3.Ұлыбритания соғыс барысында қатты зардап шегіп,несие беруші елден қарызданушы елге айналды.Ұлттар Лигасын құрушы бола тұрып,оның құрамына кірмей қалды.

3-деңгей-Мына конференциялардың болған жылы,маңызы,қорытындылары туралы айтыңыз

Версаль

бітімі

Париж

конференциясы

Вашингтон

конференциясы

Сан-Ремо

келісімі

Бриан-Келлога пактісі



4-деңгей-Мына сұрақтарға жауап беріңіз

1)1.Версаль шарты Германияға қаншалықты ауыр болды?Жауабыңызды дәлелдеңіз.

2. Германия мен Венгриядағы толқулар Австрияға қалай әсер етті? Жауабыңызды дәлелдеңіз.

2)Үйге тапсырма: басты оқиғаларға кластер және ребус құрау.

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын қолдануда демократия мен ізгілендіру принциптері сақталады.Бұл технологияның артықшылықтары:

1.Оқушының өз білімі мен мүмкіндігіне сенімі күшейеді және нақты мақсат қояды.

2.Сатылы түрде меңгерілген білім,оқушы білімін біртіндеп толықтырады.

3.Мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнайды.

4.Оқушы өз білімін бақылап,даму мониторингісін құрады.

Деңгейлеп оқыту барысында оқушы бойында төмендегідей біліктіліктер қалыптасады:1.Тарихи оқиғалар туралы түрлі көзқарастарға өз пікірін білдіре алу,дәлелдеу.

2.Өз ойын жүйелі және нақты фактілермен жеткізе білу.

3.Өздігінен тарихи мәтін бойынша жоспар құру,статистика мәліметтері,даталар бойынша кластер жасау,кесте,диаграмма,ребус құру.

4.Тірек-конспектісін,тезис,реферат,баяндама жазу.

5.Құжаттармен,мерзімді баспасөз материалдары және қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу;

6.Күнделікті өтетін қоғамдық мәселелерге баға беру,өз көзқарасын білдіру.

Қорыта айтқанда, жаңа мазмұнды білім беру жүйесіндегі педагогикалық технологиялардың алатын орны ерекше. Педагогикалық технологиялардың принциптері–оқытуды ізгілендіру болып табылады. Оқыту технологияларын сауатты қолдана білген әр ұстаздың білім беру үрдісі нәтижелі және сапалы болатыны сөзсіз. Тек қана осындай ұстаз сабағында жеке тұлғаның білім, білік, дағдысын қалыптастырып, өздігінен даму бағдарын анықтап, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп дамытатын тұлға тәрбиелей алады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Ұ.Есназарова.Жаңа технология және инновациялық әдістер.//Биология,гео-графия және химия,1999,1,19б.

2.М.Құдайқұлов,Д.Нұрғалиева,Ж.Жаңабаева.Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелейік.// Қазақстан мектебі,2006,3,7-9б.

3.Ж.Қайынбаев.Кеңестік педагогикадағы саралап оқыту мәселесі.//Білім берудегі менеджмент,2001 3,54-59б.

4.И.Марченко,И.Тен. «Индивидуализация» и дифференцация обучения.// Қазақстан мектебі,2003, 10,35б.

5.Л.Жампейісова Қазақстан тарихын мектепте оқытуға қойылатын қазіргі күнгі талаптар.//Халықаралық конференция материалдары,2006,11-13.12.321б.






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 04.11.2015
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров185
Номер материала ДВ-122674
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх