Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Методический доклад на тему "о дирижерах"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Методический доклад на тему "о дирижерах"

библиотека
материалов

Дирижер қандай болуы керек?

Дирижер(diriger)- басқару, бағыт беру деген мағына беретін француз сөзі. Дирижер-ол оркестрлер мен хорлардың барлық түрлерінің жетекшісі. Ол – музыкалық өнердің бір саласы.

Барлық музыкалық мамандықтардың ішіндегі ең жасы да осы дирижерлық мамандық. Қолына таяқша ұстап, тұңғыш рет оркестрдің алдына шыққан дирижер – неміс скрипкашысы Шпор еді. Бұл 1817жылы болатын. Алғашқы дирижерлар Бетховен, Вебер, Мендельсон, Берлиоз, Лист, Вагнер мамандығы жағынан кәсіби композиторлар еді. Шетел дирижерларының ішінен әлемге әйгілі болған Рихтер, Малер (Австрия), Никиш (Венгрия), Вейнгартнер, Вальтер(Германия), Тосканини ( Италия), Ш.Мюнш (Франция), Рахманинов пен Головановтарды ( Ресей) атауға болады.

Қазақстанда тұңғыш дирижер, әрі композитор академик Ахмет Жұбанов болды. Ол-1934 жылы Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестрін ұйымдастырып, иығына фрак киіп, дирижерлық тұғырға көтерілген тұңғыш қазақ еді. Ахмет Жұбанов негізін қалаған қазақтың дирижерлық өнерін 1967 жылы Алматы консерваториясында ашылған оркестр дирижерлығы кафедрасы жалғастырып келеді. Содан бері 100 – ден астам дирижер кафедрадан қанаттанып шықты. Олардың біразы Петербург, Мәскеу консерваторияларынан опера – симфониялық дирижеры мамандығын игерді.

Конкурстар тарихы сонау XIX ғасырдан бастау алды. Тұңғыш Халықаралық композиторлар конкурсы 1803 жылы Парижде өткен екен. Екінші Халықаралық Мендельсон атындағы конкурс 1848 жылы Лондон қаласында болды.

Француздың әйгілі дирижеры Шарль Мюнш: « Дирижер атану оңай емес, ондай атаққа тек нағыз суреткер ғана жете алады» - депті.Ал белгілі орыс дирижеры А.Пазовский: « Дирижер болу үшін, ең алдымен, нағыз музыкант болу керек» - деп қысқа қайырыпты. Сайып келгенде, екі мықтының да ойы бір жерден шығып отыр.

Дирижер Қажығалиев нағыз суретер ғана емес, ол –оркестр деген үлкен бір ұжымдық аспаптың табиғатын терең білетін, сол аспапта шебер ойнай алатын, музыкант. Ал, ол аспап – « пернелері» мен «шектері» алдына ойлай алатын, сезіне білетін музыканттардан тұратын көп дауысты, сансыз бояулы үлкен бір әлем. Қажығалиевтің бір қасиеті: ол – тылсым әлемнің сырына қанық, өзін еркін сезініп, ұжымның тыныс тіршілігін танытып, онымен біте қайнасып кете алады. Алайда, ұжымның еркіне беріліп, оның ырқына көніп кетпейді. Қайта оркестрдің сезіміне әсер етіп, шығармашылық өнердің отын лаулатып, оны өзіне баурап алады. Сонда оркестр дирижердың сілтеген қолына ілісіп жүре береді. Бұл, әрине,- үлкен өнер адамына ғана тән, дирижердың ерік күші мен шығармашылық талпынысының нәтижесі. Осы екі қасиет дирижердың оркестр алдындағы беделін орнықтыры түседі.

Қажығалиевтың беделі ерекшк болды. Белгілі музыкант Игорь Маркевич: “ өзіне шабыт бере алатын жетекшісіне оркестрдің сенім білдіруі- өте сирек құбылыс, және ондай сенімге ие болу оңай емес” – дей келіп, ондай беделге дирижер өзінің білімділігі мен біліктілігінің, сарқылмас жігерінің арқасында ғана ие бола алатынын айтыпты. Қажығалиев беделінің бір сыры- оның оркестр аспаптарынбес саусағындай жақсы білуінде.Аспаптардың ойнау тәсілдері мүмкіншіліктерін жақсы білмейтін дирижер орындаушы музыканттың айтқанынан аса алмас еді. Бұл жетекшінің абыройына үлкен нұқсан келтірері даусыз. Қажығалиевтың домбыры мен скрипкада шебер ойнайтынының пайдасы тимейқойған жоқ. Скрипканың штрихтары мен әртүрлі ойнау тәсілдерін ұтымды пайдаланудың нәтижесінде қобыздың ожаудай ғана шанағынан әдемі әуен төгілді. Домбырашылардың да қағыстары түзетіліп, дыбыстың шашырамай біркелкі шығуын қатаң талап етті. Қажет болған жерде, домбыраны немесе қобызды қолына алып, ойнап көрсетуге тура келеді. Осыдан кейін дирижердың айтқанының дұрыс, талабының орынды екеніне дау болмайтын.

Дирижер Қажығалиевтің оркестрмен жүргізген дайындық жұмысы- оның бұған дейінгі, үйдегі егжей- тегжейлі жұмысының жалғасы. Дирижер жаңа дүние болсын, тіпті бұрын орындалған шығарма болсын, оның әрбір нотасы мен нюанстарын жетік біліп, характерін тауып, тұшынып, ой елегінен өткізбей оркестр алдына шықпайды. Ал композитордың стилін түсініп, музыкасында не айтайын дегенін табуға дирижерға оның сергек қиялы, көркем ойлау қабілеті мен ақындық сезімі көмекке келеді. Автордың ойын терең түсіну ғана дирижердың музыкаға шынайы интерпретация жасауына септігін тигізеді. Шығарманы ойша түсініп, түйсіну мен оны оркестрге ойнайтып, құлақпен естіп, көңілмен сезіну – екеуі екі түрлі дүние. Оркестрдің ойыны, аспаптардың ойнау ерекшкліктері көңілдегі көркем ойды жеткізе ала ма? Не жетіспейді? Қай жерінде кемшілік болды? Осындайда оркестрдың ойынына ұшқыр ойлы, жедел талдау жасау, оны оркестрге жете түсіндіріп, дәләлдеу, тіпті мойындату – дирижердың қабілетіне байланысты. Дирижердың есту және есте сақтай білуі, темпераментті және қанатты қиялының самғау биіктігі, көкірек сарайының көркем ойларға жомарттығы, селт еткен дыбысқа сезімінің сергектігі сияқты табиғаттың өзі сыйлаған қабілеттерінің көрінер тұсы осы. Оркестр аспаптарының тембрін есту, дыбыстың сан түрлі бояуын көңіл көзімен көре білу – дирижердың мықты қаруларының бірі. Содан да Қажығалиев аспаптардың динамикалық мүмкіндіктерін толық пайдаланып қана қоймай, олардың бояуларының да қанық болғанын талап етеді. Сонда ғана партитура жалаң дыбыстар жиынтығы болудан қалып, дыбыстардың сансыз бояуы көркем сурет жасап, әр нотаға жан бітіп, шығарманы бетіне қан жүгіріді. Аспаптардың техникалық мүмкіндіктері мен дыбыс бояуларының молдығы сол аспаптарды өз қолымен жасатқан Қажығалиев үшін ешқашан құпия болған емес. Оның көп ізденісінің, ғылыми –зерттеу жұмыстарының нәтижесінде өмірге келген төрт сырнайдың төрт түрлі тембрін айтпағанда, олардың әр регистрдегі дыбыс бояуларының палитрасы маэстроның санасында ойнап жатты. Осындай аспаптардың барлық мүмкіндіктерін жетік білетін, қанатты қиялы, көрікті ойларымен орындаушының көңіліне от тастап, шабытын шалқыта алатын дирижердың сермеген қолының астынан көркемдігі жоғары тамаша музыканың тумауына қақысы жоқ. « Музыкаға деген өз ойы, өз өзқарасы бар орындаушы – музыкатқа қарағанда, дирижердың миы екі есе артық жұмыс істеуі керек» - деген белгілі орыс дирижеры Николай Андреевич Мальконың талабынан табылған дирижер ғана осындай жетістіктерге жете алады.

Дирижер Қажығалиев оркестрге қатаң талап қоятын, мақсатына жеткенше сөзіне беріктігін талай дәләлдеген жетекші екені белгілі. Бұл - атақты дирижерлардың барлығына тән қасиет. Өзіне және оркестрге қатаң талап қоймай жақсы жетістіктерге жету қиын. Қажығалиев оркестрге талап қойғанда, оның мүмкіндік шеңберінен асып кетпейді. Шамадан тыс қатал болып, қолдан келмейтінді талап ету есерлік болар еді. Сондықтан да оркестрдің мүмкіндіктерін жетік білудің маңызы зор. Сонда ғана дирижердың талаптары шеңберден аспай, нысанаға дөп тиіп жатады. Қажығалиев әрбір нотаны, музыкалық сөйлемді түсінбей ойнауға мүлде қарсы. Ол әрбір орындаушыдан алдында жатқан шимайдай музыканы танып, оған дем салып, жан бітіріп, әр нотаға тіл бітіріп сөйлетуді талап етеді. Бұл қол жетпейтін талап па? Мұны нағыз артистің-бүкіл өмірінің ісі мен мақсаты деп қарайтын-өзінің өнеріне деген үлкен махаббатынан туған шығармашылық талабы деп қабылдаған жөн. Бұл-орындаушылықтың биік үлгісін жасауға деген суреткер талпынысы. Оған қол жеткізудің бірден- бір жолы, орындаушының көңіліне ой тастап, қиялына қанат бітіру үшін, дирижер неше түрлі амалдарға, тәсілдерге барады. Музыкалық терминдер қауқарсыз болғанда, сөзге бейнелеу өнері араласады. Қылқалам салған әдемі сурет музыка сырын жеткізуге талпынады. Ол болмаса, табиғат сұлулығы мен әсем әуен астасып, дирижер поэзия тілімен сөйлеп,ойынан өлең өріліп жатады. Осы жерде белгілі американдық дирижер Леопольд Стаковскийдің: « музыкант- ақын, ал ақын- музыкант болуы керек»- деген сөзі ойға оралады. Мұны дәл мағынасында түсінсек қателесеміз. Белгілі өнер шеберінің бұл сөздері « музыкант- ақын жанды, ал ақынның тұла бойы тұнып тұрған музыка болуы керек» дегенге саяды. Сөйтіп, мақсытына жету үшін дирижер шешен де, суретші де, ақын да болып кетеді. Нотаға тіл бітіру оңай ма? Әрине қиын. Алайда, нағыз музыкант үшін жансыз нотаға тіл бітіріп, сөйлетуден асқан ләззат жоқ. Осындай ләззатқа жеткен жеке орындаушы да, оркестр де рахат бір сезімге бөленетіні хақ. Тамаша музыка жасау бақытына ие болған ұжымның өзін соған жеткізген Қажығалиевқа деген ілтипаты мен сенімі тіптен ерекше болды. Мұның орны бөлек, өйткені дирижерды бүкіл халықтық беделге ел сеніміне жеткізген де осы. Әдетте, А.Пазовский жазғандай әр түрлі пікірлер болады. Бір дирижер туралы: ол- бәрінен бұрын музыкант десе, екішісі туралы: ол- дирижер, ал үшіншісі туралы: ол- артист деп жатады. Баз біреулер жайында: ол- жақсы ұстаз, таптырмайтын дайындық жүргізуші(репититор) деген де сөз тарайды. Бұл- музыканттардың берген бағасы. Ол көбіне әділ болады. Ал Қажығалиевтің бойынан алғашқы үш қасиетті де көреміз. Ол- музыкант, ол- дирижер, ол- артист. Жарты ғасырлық дирижерлық қызметінде ол осыны дәлелдеп келді.

Музыкант Қажығалиев оркестрдің ансамбльдік үндестігіне көп көңіл бөледі. Ансамбль өнері- музыкалық орындаушылық саласындағы күрделі жайлардың бірі. Оркестрдің тарыдай шашырамай, бір жағадан- бас, бір жеңнен- қол шығарғандай етіп ойнауы- айтуға ғана жеңіл. Ол- оркестр артисттерінің бірін- бірі естіп, тыңдай білу қабілетінің қалыптасуына да байланысты. Ал мұны қалыптастыруға дирижердың тынымсыз жұмысының, темірдей тәртібі мен тастүйін талабының арқасында ғана қол жеткізуге болады. « Ансамбль» деген ұғым- классикалық туындыларды орындағанда ғана емес, күйлерді еркін ойнап үйреніп қалған шебер домбырашылар үшін де көңіл аударатын маңызды мәселе болды.

«Ансамбль» деген ұжымды түсінбеушілік виртуоз домбырашылардың арасында кездесіп қала беретін еді. Осындай жағдайды білетін дирижер Ш.Қажығалиев сосын да күй орындаған кезде оркестрдің ансамбльдік тұтастығына баса көңіл аударған болар. Композитор А.Долуханянның: « Шамғон Қажығалиев күйлерді тамаша орындайтын дирижер»- деген сөздері соған дәлел болса керек.

Дирижердың оркестрмен жұмысының маңызды бір саласы- оркестрлік сүйемелдеу өнері десе де болады. Бұл да қалпақпен ұрып алатын оңай олжа емес. Сапала ды, саналы еңбектің нәтижесінде ғана оркестр дирижердың ашса- алақанында, жұмса- жұдырығында, уысынан шықпайтындай шеберлік шегіне жете алады.

Әдетте, жақсы дирижер- сезімтал психолог. Дирижер Қажығалиев орестр артисттерінің жан дүниесін қас- қабағынан түсінеді. Әр орындаушының шеберлігінің шегін танып, талап деңгейін одан асырмайды. Дер кезінде тоқтай біледі. Күрделі атқарылған ауқымды жұмысты мезгілінде доғарып, одан пайдалы қорытынды шығарып, оркестр мүшелерінің көңіл- күйіне жақсы әсер етіп, олардың орындаушылық қабілетіне де тиімді ықпал жасайды. Әрбір орындаушыға, тұтастай оркестрге өздері тындырған істің нәтижесін көріп, сезінуге мүмкіндік жасау олардың көңілінде қанағат сезімін тудырып, алдағы мақсаттарға құлшындырары сөзсіз. Ұжымның іскер басшы, сезімтал дирижердың басшылығымен талай табысқа жетіп, абыройға ие болатынына сенімін арттыра түседі. Өйткені, бар ойы, мақсаты оркестр абыройы екенін олар жақсы түсінеді. Қажығалиевтың осы қасиетін кезінде А.Долуханян: «ол ұжымның тыныс- тіршілігімен өмір сүреді, ол үшін жаны ауырады»- деген сөздерімен дөп басып айтқан.

Бір жылдары Қажығалиев оркесир алдында ұстаздық қабілетімен де көріне білді. 1965-1966 жылдары ол оркестрдің құрамын 90адамға жеткізгені белгілі. Оркестр ұжымның толық , әрі тұрақты болуының музыканың сапасына да көп әсері бар. Сол себепті дирижер ұжым тұрақтылығы үшін барлық жағдай жасауға әзір. Бұл- ауқымды, өресі биік дирижерларға тән қасиет болса керек. Кезінде әйгілі дирижер А.Никиш те оркестр құрамының тұрақтылығына көп еңбек сіңіріп, тер төккен екен.Қажығалиев оркестр құрамын өсіру кезінде тәжірибесі жоқ студент- жастар да қабылданып, дирижер оларды оркестрде ойнау өнеріне баулып, үйретуді бастады. Бірақ оның ұстаздығынан гөрі басшы- дирижерлығы, музыканттығы мен артисттігі басым түсіп жатты. Оның тұлғасынан дирижер- психолог бейнесі жиірек бой көрсетті. Әрбір орындаушының көңіл- күйін түсініп, оған дем беріп, мақтайтын сәтін де білді. Кейде тіпті орындаушының кездейсоқ кемшілігін « байқамаған» кездері де болды. Алайда, « сипай білген алақан, соға да біледі» демекші, қажет болғанда қатал басшының қатулы қабағы қалғығанды қалт жібермей, ұжымды шығармашылық тәртіпке шақырды.

Әдетте, біреуді тәртіпке шақыратын адамның өзінің міні болмауы керек. Бұл- дәлелдеуді қажет етпейтін өмір шындығы. Ал өмірде не болмайды. Ұлы дирижерлардың бірі Ганс Рихтердің Вена операсында бас дирижер болып жүрген кезі екен. Бірде ол контрабаста ойнайтын музыкантқа нотаны дұрыс ойнамағаны үшін дөрекілеу түрде кемшілігін бетіне басыпты. Сонда әлгі музыкант: « Сіздің айтқаныңыз дұрыс, мен қателестім. Бірақ, сіз неге сонша дөрекі сөйлейсіз? Егер сіздің таяқшаңыздың ұшына қоңырау іліп қойса, онда қателескен жерлеріңізді біз де естіп отырар едік»- деген екен. Әрине, « жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ» болмайды. Алайда, Ш.Қажығалиевтың жарты ғасырлық дирижерлық өмірінде ондай жағдай болған жоқ. Болуы да мүмкін емес еді. Өйткені, ол ең алдымен өзіне қатаң талап қоя білді.

Неміс композиторы Рихард Штраустың әкесі көп жыл оркестрде ойнаған тәжірибелі валторнашы екен. Ол бір сөзінде: әрбір орындаушы дирижерды әр қимылын бақылай отырып, оның жүрісіне, оркестрдің алдына қалай келіп, таяқшаны қолына қалай алғанына қарап, оның дирижерлық қабілетіне баға бере алатынын айтқан. Олай болса, Қажығалиев сахна төрінен көрінгенде көрермен қауымның ду қол соғуы- дирижерға берілген жоғары баға- сүйіспеншіліктің айғағы. Ал оның пультқа келіп тұрғандығы тіп- тік тұлғасы орындаушылардан да осындай бір жинақылықты талап еткендей.Ол бұйрықты қолын сілтегенде тасқындаған әуен сиқырлы таяқшаның ұшында сан түрлі әсем өрнек сызып жатты. Әр аспаптан шыққан дыбыстың әсерлілігі, табилылығы сонша, барлық аспапта дирижердың өзі ойнап жатқандай көрінеді. Әр әуеннің сырын аша, беріле қозғалған қимылы да тартымды. Қай шығарманы болмасын үлкен сезіммен орындайды. Оркестрді өзіне баурап алады. Бірақ өзіні де, өзгені де ұмылып, « еріп» кетпейді. Әр уақытта жинақы. Музыканың толқынына түссе де, ескегінен айрылмаған, әуенінен адаспаған. Құлақ құрышының сезімталдығын бір сәтке де әлсіретпеген.

Оның қолының әрбір қимылы музыканың темпі мен ырғағын ғана көрсетіп қоймай, әуендегі астарлы ойды өрнектейді. Аз қимылмен көп нәрсені баяндайды. Ол кейбір дирижерлар әуестенетін, сырт қарағанда әсерлі болып көрінетін әсіре, оғаш қимылдардан өзін алшақ ұстайды. Өйткені, музыкадағы өрнекті ой мен терең сезім иірімдері оркестрге дирижер қолының мағыналы қимылы арқылы жетеді. Осы тұста А.Пазовскийдің: « икемді, жұмсақ қол қимылы- дирижер шеберлігінің бірден- бір белгісі»- деген сөздері ойға оралады. Ал қызыққұмао көрермен алдындағы арзан абыройға бола әсерлі оғаш қимылдар жасап, орындаушы мен ойлы көрерменді музыканың негізгі мағынасынан алшақтатып, адастырып жіберу күнә болар еді. Осы ойларды жинақтағанда, нағыз дирижер келбеті айқындала түседі. Музыканы бүкіл болмысымен сезініп, сиқырлы қолдарымен өрнектей алатын артист Қажығалиевтың табиғат музыкадан құя салған кесек тұлғасын қөргенде, « туа біткен дирижер» деген сөз тіркестері санаға саялап, тіл ұшына үйіріледі.

Десек де, «өнер адамының бойында бір пайыз дарын болса жеткілікті, қалғаны еңбекпен келеді»- деп П.Чайковский айтқандай дирижерлық биікке Қажығалиев оқығаны мен тоқығаны, көргені мен білгені арқылы жетті. Дарынды да, тәжірибелі, асқан шебер дирижерлармен кездесіп, олардың оркестрмен жұмыс істегенін көру- әркімге қона бермейтін бақыт. Ол- бір уақыттың ағымы, тағдырдың сыйы. Ал, ұлы мәртебелі тағдыр өзінің сүйген құлына ғана осындай мол сый ұсынатыны белгілі. Алайда осы сыйды толық қабылдап алу үшін де зерек зерде, өткір көз, құйма құлақ, ұшқыр қиял керек болатын. Үздіксіз ізденіс пен талмайтын талпыныс қана табиғат сыйын олжалауға, үлкен табыстарға жеткізетін еді. Сол қасиеттердің дер кезінде Қажығалиевтың бойынан табылғанын уақыт көрсетіп отыр».

Қазақстанның халық артисі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Қаршыға Ахмедияровтың дирижер туралы тұжырымы төмендегідей.

Халық аспаптар оркестірінің негізі күйден тұрса, сол күйді шебер орындаушыдан дирижер шығатыны сөзсіз. Біздің дирижерлардың көпшілігі домбыра аспабында ойнамайды, Сондықтан күйдің ішкі, сыртқы құрылысын білмейді. Тек тактісіне қарап оркестрді басқарады. Меніңше күйді жанр ретінде таңдап, оған жаңа бояу, құрылысын жетілдіре, тарихи маңызына, мазмұнына, тақырыбына терең үңілетіндей маман даярлау негізгі мақсат.

Жалпы білім беретін орта және арнаулы жоғары музыкалық оқу орындарында, қазақтың ұлттық музыкалық аспатарымен байланысты болып келетін барлық өнер, мәдениет,білім түрлерін оркестрлер арқылы болсын, әлеуметтік сұраныс талаптарын ескере отырып, бүгінгі биік талап еңбегіне сай, жаңаша бағытта дамыта түсуге, барынша көңіл аударыла түсуде. Бұл ең алдымен, кәсіби және халықтық оркестрлер мен ансамбльдерінің, өнер ұйымдары жетекшілері мен ұстаздарының басты міндеті саналмақ.



































Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Санаққали Байжұманов « Халық аспаптар оркетрі». Мектепте қазақ халық аспаптары оркестрін ұйымдастыру жөнінде материалдық құрал.Алматы: «Өнер», 1993.

2.Жамағат Темірғалиев «Қазақ оркестрін аспаптандыру». Оқу құралы- Алматы: «Әуен», 2010.

3.Тілеуғазы Бейсембек «Шамғон Қажығалиев». Монография- Алматы: «Өлке»,2007.

4. Простомолотов Е.И. Играй, оркестр.- Алматы: «Ғылым», 1992.






















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 30.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров293
Номер материала ДВ-213017
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх