Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Директору, завучу / Другие методич. материалы / Методический материал Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары
  • Директору, завучу

Методический материал Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары

библиотека
материалов

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

Жиенбаева Сапаркул Забиевна

Шардара қаласы №2 Ж.Жабаев атындағы бастауыш мектептің оқу ісінің меңгерушісі


Қaзipгi жиыpмa бipiншi ғacыp Eлбacымыз Н.Ә.Назарбаев aтaп aйтқaндaй - бiлiм ғacыpы. Қоғамның жылдам өзгеруіне байланысты жaңa қоғaмғa caй өзгeшe қaбiлeт, өзгeшe қacиeткe иe ұpпaқ қaлыптacып кeлeдi. Cондықтaн, мұғaлiм оқушылap үшiн қaндaй дa бip пән бойыншa бiлiм бepeтiн aдaм ғaнa eмec, pухaни - шығapмaшылық тұpғыдaн дaмығaн, жaңa пeдaгогикaлық - инновaциялық тeхнологиялapды мeңгepгeн, epeкшe тұлғa болу кepeктiгi өмipдiң тaлaбы болып отыp. Eлiмiздe бiлiм бepу үдepiciнe жaңaшылдық eнгiзу үшiн бұл caлaғa aйpықшa нaзap aудapылудa жәнe дaмығaн eлдepдiң тeхнологиялapын оқып үйpeнугe бaғыттaлғaн куpcтap ұйымдacтыpылудa. Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім беру ұйымдары жастарға жалаң білім беріп қана қоймай, алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында пайдалана алуды үйретуі керек екендігін баса айтып, үкіметке оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың бес жылға арналған Ұлттық шаралар жоспарын дайындау жөнінде нақты тапсырма берген болатын.Осы тапсырманың негізінде маусым айында Үкіметтің 25 маусым 2012 жылы №832 қаулысымен бекітілген «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» қабылданды.

Аталған  Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау.

Олүшін төмендегідей міндеттер қойылды:
     Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың отандық және халықаралық практикасын зерделеу.

    Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау.
    Білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ету: стандарттар, оқу жоспарлары мен бағдарламалар.

 Жалпы функционалдық сауаттылық деген ұғымды таратып айтар болсақ, адамдардың (жеке тұлғаның) әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторы.  Яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыруы. Бұл жаңа ғана өмірге бейімделіп келе жатқан жас бүлдіршіндердің қалыптасуы, өмірге, мектеп өміріне бейімделіп кетуі. Мұндағы басшылыққа алынатын функционалдық сапалар: оқушының белсенділігі, шығармашылығы, ойлауы, шешім қабылдай алуы, қабілеттілігі т.б. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Осы Ұлттық жоспардың мақсатын орындау – ең алғаш мектептегі бастауыш сатыдан басталады.

D:\Документы\Рабочий стол\сапаш\20141011_093154.jpg

        Бастауыш саты – бұл  оқушы  тұлғасы  мен  санасының  қарқынды  дамитын  құнды, қайталанбайтын  кезеңі.  Сондықтан бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.Қазіргі бастауыш мектеп жағдайындағы   білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны  игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді. Осындай мұғалімдер бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын арттыруда тиімді әдіс-тәсілдерді қолданады.Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын,  талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге дағдыландырады. F:\Новая папка\SAM_5620.JPG

ХХІ ғасырда барлық елдер бірінші орынға білім беру сапасын қоюда. Оның өлшемі тек сауаттылық деңгейімен (жазу, оқу, есептеу) өлшенбейді, оның критерийі - функционалдық сауаттылық болса, ол сауаттылықты дамытуда басты рольді мұғалім алады. Ұлттық жоспар бойынша функционалдық сауаттылықты дамытудың төрт негізгі механизмі бойынша белсенді жұмыстар атқарудамыз. Бірінші механизм – оқыту методологиясы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту жалпы білім беретін мектептерге Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату және баланың оқуға қызығушылығын арттыратын қазіргі заманғы білім беру технологияларын пайдалану арқылы іске асырылуда. Мектебімізден «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰ педагогикалық шеберлік орталықтары мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталықтарының базасында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламасы негізінде 5 мұғалім деңгейлік курстардан өтіп,сертификатталған. Мұғалімдер оқытудың жаңа технологияларын өз әріптестеріне үйрете отырып, түрлі іс- шаралар арқылы насихаттауда. Сондай іс- шаралардың бірі ретінде «Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары» тақырыбында мектебімізде семинар өткізілді.Семинардың басты мақсаты – қазіргі білім беру жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерінің функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру мәселесінің бүгінгі жағдайын ескере отырып, бастауыш сынып мұғалімдерінің осы бағыт бойынша педагогикалық тәжірибелерін талқылау, өзара тәжірибе алмасу.

Семинардың ашылу салтанатында мектеп директоры Р.Беркимбаева құттықтау сөз сөйлеп, күн тәртібіндегі өзекті мәселенің маңыздылығына тоқталып, осы бағытта мектеп мұғалімдерінің атқарып отырған жемісті жұмыстары мен жетістіктерін айтып,   семинардың өткізілуі осының айғағы екендігін атап өтті. Семинарда  директордың  оқу ісі жөніндегі орынбасары С.Жиенбаеваның «Жаңаша оқыту – заман талабы» тақырыбындағы баяндамасы мұғалімдер тарапынан өте жоғары деңгейде қызығушылық туғызды.  Ол өз баяндамасында «Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық – оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор екендігін, ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және әрекетке дайын қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру, ал тұлға құзіреттілігін дамыту – ұстаздың құзіретті тәсілдерді меңгеруін айта келе,  кәсіби құзіреттілігі мен біліктілігін арттырудың тиімді моделін құру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы кеңінен талдап өтті. 

Негізгі бөлімде — қазіргі заманауи ағымдағы Кембридж тәсілі, ақпараттық коммуникативті технологиялар, СТО, т.б. технологиялар және интербелсенді әдістерді қолдану арқылы  тиімді ашық сабақтар көрсетілді. 

Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы тиімді әдістерді қолдана отырып жоғары деңгейде көрсеткен сабақтары педагогтардың осы тақырып бойынша жасаған жұмыстарының жемісі деуге болады.  Мұғалімдер базалық білімдерді тексерудің стандарттан тыс формалары көмегімен оқушыларды белсенді қарым-қатынасқа тарта білді, өзіндік жұмысты тиімді ұйымдастыра білді, кері байланыстың әр түрлі формаларын пайдаланды, оқушылардың топта жұмыс істеу қабілеттерін дамыта алды. Бұл оқыту үрдісін жандандыруға, танымдық ынталарын дамытуға  және осының әсерінен білім сапаларын  арттыруға үлкен әсері болады және осының бәрі оқушылардың түрлі салаларда ең жоғарғы нәтижеге жетулеріне мүмкіндік береді. 

Семинардың қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар қабылданды:

  • «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары» тақырыбында арнайы жинақ шығару;

  • мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда оқытудың жаңаша әдістерін қолданып жүрген мұғалімдерге қолдау көрсету;

  • мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған  математикалық сауаттылық және жаратылыстану сауаттылығы бағытындағы оқыту семинарларын аудан, облыс көлемінде өткізуді ұйымдастыру

Функционалдық сауаттылықтың келесі механизмі – балаларды оқыту мен тәрбиелеуге ата- аналардың белсенді қатсуын қамтамасыз ету. Бұл бағытта ата- аналарды балаларының жеке ерекшелігін таныту, олардың қабілетін дамыту, жағымсыз мінез – құлықтарынан арылтуға көмек бері мақсатында түрлі тренингтер, форумдар, іс- шаралар өткізіліп, сауалнамалар алынуда. Оқушылардың көптілді меңгеруіне ата – аналардың көзқарастарын анықтау барысында сауалнама алынып, қорытындысы шығарылды. Онда «Балаңыздың ағылшынша, орысша үйренген, жаттаған сөздік қорын үйде бақылап, тексеріп отырасыз ба?» деген сұраққа 38 ата- ананың «үнемі тексеремін» - 6, «тілдерді меңгермегендіктен бақылай алмаймын» - 19, «балам өзі қайталау арқылы еске түсіреді»- деп 13 ата- ана жауап берген. Бұл сауалнамада ата- аналар оқушыларды сабаққа көбірек қатыстыру, үй тапсырмасын көбірек беру, қосымша сабақ ұйымдастыру туралы өз ұсыныстарын берген. Осы ұсыныстар негізінде оқушылардың көптілді меңгеруіне жағдайлар жасалды. Нәтижесінде оқушылар түрлі халықаралық байқауларға, интернет олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындар алуда.

Қосымша білім беруді дамыту мақсатында мектебімізде түрлі үйірмелер жұмыс жасауда. Ол үйірмелерге оқушылар өз қызығушылықтары бойынша қатыстырылуда. Ата – аналардың сұраныстары бойынша «Веселая азбука», «Занимательная грамматика», ағылшын тілі пәнінен «Алфавит сыры» үйірмелері ашылып, қосымша 35 оқушы қамтылды. Үйірме жетекшілері оқушылардың жазу, оқу дағдыларымен қатар ауызекі сөйлеу дағдыларын арттыруға баса назар аударуда. Бұл үйірмелерде оқушыларды диалогтық қатынасқа тарту топтық іс – әрекеттер арқылы жүргізілуде. Оқушыларымыз сонымен қатар аудандық оқушылар үйі мен музыка мектебіндегі түрлі секциялар мен үйірмелерге де қатысып, өзін – өзі анықтауға мүмкіндік алуда.

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қазіргі таңда оқыту жүйесіне қойылып отырған әлеуметтік сұраныс талаптарымен сай келу үшін бастауыш сыныптардан бастап оқушының оқу, жазу сауаттылығын, жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығын, математикалық сауаттылығын, компьютерлік сауаттылығын, денсаулық мәселесіндегі сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған арнайы жұмыс арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болатындығын әрбір мұғалім білуі тиіс. 

 

Әдебиеттер:

1.Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс- қимыл жоспары. Астана.2012 жылғы 25 маусым.

2.Бектұрғанова М.Т. «Мектеп директорының орынбасары» журналы №2 2011








Автор
Дата добавления 09.10.2015
Раздел Директору, завучу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1167
Номер материала ДВ-044733
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх