Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Методический материал "Білім берудегі жаңа технологиялар"

Методический материал "Білім берудегі жаңа технологиялар"

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:


«СУЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛЬ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ» МЕКЕМЕСІ


ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ





БЕКІТЕМІН

СДУ Бірінші проректоры, оқу істері жөніндегі проректоры

ф-м.ғ.д., профессор

Әмірғалиева С.Н.

_______________________


«_____» тамыз, 2015 ж.







«БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР»


(5В011700 – ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ және 5В020500– «ФИЛОЛОГИЯ»

мамандықтары үшін)


ПӘНІНІҢ


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ





















ҚАСКЕЛЕҢ, 2015

«Білім берудегі жаңа технологиялар» пәні бойынша оқу-жұмыс бағдарламасы «5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті» және «5В020500-Филология» мамандығы бойынша білім алушының біліктілік сипаттамасы негізінде құрастырылды.



Құрастырған – МА, ассис.оқытушы Дүйсебекова Ж.М.




«Қазақ филологиясы» кафедрасы мәжілісінде қарастырылды.



« » 2015 ж., № ... хаттама



Кафедра меңгерушісі _________________ ф.ғ.к., ассис.проф. Ұ.О.Еркінбаев






Филология және педагогика ғылымдары факультетінің Оқу-әдістемелік бюросы мақұлдады.


« » 2015 ж., № ... хаттама




Факультет Оқу-әдістемелік бюросының төрағасы__________п.ғ.к., ассис.проф. Д.Гаипов























«Білім берудегі жаңа технологиялар»

пәні оқу-әдістемелік кешенінің

мазмұны


1.

Пәннің типтік оқу бағдарламасы (егер пән міндетті компонентке кірсе)

2.

Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы

3.

Студентке арналған пәнді оқу бағдарламасы (Syllabus)

4.

Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі

5.

Пәнді оқу-әдістемелік қамтамасыздандыру картасы

6.

Дәрістік кешен

7.

Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары

8.

Пәнді оқып білу жөнінде әдістемелік нұсқаулар

9.

Білім алушының өзіндік жұмысына арналған материалдар

10.

Білім алушының оқу жетістіктерін бақылау және бағалау бойынша материалдар

11.

Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелдеу (пән мазмұнына байланысты)

12.

Мамандандырылған аудиториялар, кабинеттержәнезертханалар тізімі


































«СУЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛЬ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ» МЕКЕМЕСІ


ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ


ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ







«БЕКІТЕМІН»


Факультет деканы, п.ғ.к., ассис.проф.


_______________ Д.Э.Гаипов


«_____» 2015 ж.






«БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР»


(5В011700 – ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ және 5В020500– «ФИЛОЛОГИЯ»

мамандықтары үшін)


пәні бойынша


ОҚУ-ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ


















Қаскелең, 2015

«Білім берудегі жаңа технологиялар» пәні бойынша оқу-жұмыс бағдарламасы «5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті» және «5В020500-Филология» мамандығы бойынша білім алушының біліктілік сипаттамасы негізінде құрастырылды.



Құрастырған – МА, ассис.оқытушы Дүйсебекова Ж.М.




Қазақ филологиясы кафедрасы мәжілісінде қарастырылды.



« » 2015 ж., № ... хаттама



Кафедра меңгерушісі _________________ ф.ғ.к., ассис.проф. Ұ.О.Еркінбаев






Филология және педагогика ғылымдары факультетінің Оқу-әдістемелік бюросы мақұлдады.


« » 2015 ж., № ... хаттама




Факультет Оқу-әдістемелік бюросының төрағасы__________п.ғ.к., ассис.проф. Д.Гаипов























Модульдің атауы және шифры

«Тіл білімінің жаңа бағыттары және білім берудегі жаңа технологиялар» ТК/КВ

Модульдің пәндері және коды

  1. KZP 325 «Когнитивті лингвистика»

  2. KZP 327 «Әлеуметтік линвистикаға кіріспе»

  3. KZL 313 «Қазақ этнолингвистикасы»

  4. KZL 319 «Білім берудегі жаңа технологиялар»

Семестр

5

Кредит саны (ҚР, ECTS кредиті)

2 (90 сағат)

Модульге жауапты және пән оқытушысы

МА, ассис.оқытушы Ж.М.Дүйсебекова

Оқыту тілі

Қазақ

Оқытуды ұйымдастыру үшін қажет сағат саны

Cеминар/практикалық – 30 сағат, СОӨЖ – 30 сағат, СӨЖ – 30 сағат

Модульдің пререквизиттері

Информатика

Модульдің постреквизиттері

Жалпы тіл білімі. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі. Қазақ тілінің орфографиясы мен пунктуациясы.

Модульдің сипаттамасы

Инновация ғылым жетістіктері мен тиімді тәжірибелерді пайдалануға негізделген техника, технология, еңбекті ұйымдастыру және басқару саласындағы жаңалықтарды енгізу болса, инновациялық технологиялар – жаңадан енгізілген идеяларды жүзеге асыру кезеңдерін қолдайтын әдістер мен құралдар болып табылады. Білім беруде жаңашыл технологияларын қолдану заман ағымына сай талап етілуде. Бүгінде қоғамның жеке тұлғалы, дамыған адамын тәрбиелейтін маманға өзінің үздіксіз шығармашылық ізденуі, оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруі, кәсіби құзырлығының жоғары деңгейде болуы қажет. Бұл әсіресе болашақ педагогтар мен зерттеуші мамандар үшін өте маңызды. Яғни адамзаттың өркендеуінде жалпы ғылым сапасын арттыру ең басты талаптардың бірі болып отыр. Ал аталмыш сапаны арттыру филолог-зерттеушінің дәстүрлі білімді үйренумен қатар, оны жаңа инновациялық әдіс-тәсілдермен, заманауи технологиялармен ұштастыра білуіне тікелей байланысты. Осыған орай, бұл модульдің пәндері білім беру саласын ақпараттандырудың теориялық және практикалық негіздерін, түрлі инновациялық технология мүмкіндіктерін қолданудың дидактикалық алғышарттарын, білім беру үрдісінің автоматтандырылған моделі және білім ақпараттандыруды дамыту технологиясын қарастырады.

Модуль құзыреттілігі:

  • теориялық білім деңгейін арттырып, теориялық білімді қолдану дағдыларын бекітеді;

  • өз бетінше зерттеу біліктерін қалыптастырады;

  • оқу-зерттеу жұмыстарын жүргізе білу дағдысының қалыптасуына әсер етеді;

  • зерттеу нәтижелерін обьективті бағалауға тәрбиелейді;

  • озат тәжірибелерді жалпылауға үйретеді;

  • талдай білуге және күтпеген жағдайлардан шығуда жол таба білуге үйретеді;

  • ғылыми ізденуге қызығушылығын оятады;

  • оқытудың жаңа инновациялық технологияларын еркін пайдалана алады;

  • білім берудің демократизациялануына үлес қосады;

  • өздігінен үздіксіз білім алу көздерін меңгерген;

  • білім беру процесін қажетті ақпараттық және техникалық құралдармен қамтамасыз ете алады;

  • ақпараттық-коммуникациялық сауаттылығы артады;

  • ақпараттық мәдениеттілігі қалыптасады;

  • тәжірибе алмасудың түрлі инновациялық жолдарын біледі;

  • оқу-әдістемелік, зерттеушілік жұмыстарына қолайлы техникалық база ұйымдастыра алады;

  • компьютерлік минимумдарда еркін жұмыс істей алады;

  • жаңа материалдарын онлайн ресурстар үшін өңдей алады;

  • видео материалды түсіріп, оны қажетті формада өңдей алады;

  • аудио және видео материалдарды ғаламторға жүктей алады;

  • ғаламтордағы іздеу жүйелерімен жұмыс істей алып, оны тиімді пайдаланады;

  • зерттеуге қажетті компьютерлік бағдарламаларды қолдана алады;

  • сайтқа ақпарат бере алады және зерттеуші блогын жүргізеді.














































Модульдің атауы және шифры

«Мәтін теориясы мен практикалық оқыту моделі» ТК/КВ

Модульдің пәндері және коды

KZL 319 «Білім берудегі жаңа технологиялар»

Семестр

5

Кредит саны (ҚР, ECTS кредиті)

2 (90 сағат)

Модульге жауапты және пән оқытушысы

МА, ассис.оқытушы Ж.М.Дүйсебекова

Оқыту тілі

Қазақ

Оқытуды ұйымдастыру үшін қажет сағат саны

Cеминар/практикалық – 30 сағат, СОӨЖ – 30 сағат, СӨЖ – 30 сағат

Модульдің пререквизиттері

Информатика

Модульдің постреквизиттері

Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. Қазіргі қазақ тлі синтаксисі. Ғылыми зерттеу негіздері. Жалпы тіл білімі.

Модульдің сипаттамасы

Инновация ғылым жетістіктері мен тиімді тәжірибелерді пайдалануға негізделген техника, технология, еңбекті ұйымдастыру және басқару саласындағы жаңалықтарды енгізу болса, инновациялық технологиялар – жаңадан енгізілген идеяларды жүзеге асыру кезеңдерін қолдайтын әдістер мен құралдар болып табылады. Білім беруде жаңашыл технологияларын қолдану заман ағымына сай талап етілуде. Бүгінде қоғамның жеке тұлғалы, дамыған адамын тәрбиелейтін маманға өзінің үздіксіз шығармашылық ізденуі, оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруі, кәсіби құзырлығының жоғары деңгейде болуы қажет. Бұл әсіресе болашақ педагогтар мен зерттеуші мамандар үшін өте маңызды. Яғни адамзаттың өркендеуінде жалпы ғылым сапасын арттыру ең басты талаптардың бірі болып отыр. Ал аталмыш сапаны арттыру филолог-зерттеушінің дәстүрлі білімді үйренумен қатар, оны жаңа инновациялық әдіс-тәсілдермен, заманауи технологиялармен ұштастыра білуіне тікелей байланысты. Осыған орай, бұл модульдің пәндері білім беру саласын ақпараттандырудың теориялық және практикалық негіздерін, түрлі инновациялық технология мүмкіндіктерін қолданудың дидактикалық алғышарттарын, білім беру үрдісінің автоматтандырылған моделі және білім ақпараттандыруды дамыту технологиясын қарастырады.

Модуль құзыреттілігі:

  • теориялық білім деңгейін арттырып, теориялық білімді қолдану дағдыларын бекітеді;

  • өз бетінше зерттеу біліктерін қалыптастырады;

  • оқу-зерттеу жұмыстарын жүргізе білу дағдысының қалыптасуына әсер етеді;

  • зерттеу нәтижелерін обьективті бағалауға тәрбиелейді;

  • озат тәжірибелерді жалпылауға үйретеді;

  • талдай білуге және күтпеген жағдайлардан шығуда жол таба білуге үйретеді;

  • ғылыми ізденуге қызығушылығын оятады;

  • оқытудың жаңа инновациялық технологияларын еркін пайдалана алады;

  • білім берудің демократизациялануына үлес қосады;

  • өздігінен үздіксіз білім алу көздерін меңгерген;

  • білім беру процесін қажетті ақпараттық және техникалық құралдармен қамтамасыз ете алады;

  • ақпараттық-коммуникациялық сауаттылығы артады;

  • ақпараттық мәдениеттілігі қалыптасады;

  • тәжірибе алмасудың түрлі инновациялық жолдарын біледі;

  • оқу-әдістемелік, зерттеушілік жұмыстарына қолайлы техникалық база ұйымдастыра алады;

  • компьютерлік минимумдарда еркін жұмыс істей алады;

  • жаңа материалдарын онлайн ресурстар үшін өңдей алады;

  • видео материалды түсіріп, оны қажетті формада өңдей алады;

  • аудио және видео материалдарды ғаламторға жүктей алады;

  • ғаламтордағы іздеу жүйелерімен жұмыс істей алып, оны тиімді пайдаланады;

  • зерттеуге қажетті компьютерлік бағдарламаларды қолдана алады;


АЛҒЫСӨЗ


Пәннің атауы: Білім берудегі жаңа технологиялар

Кредит саны: 2 (90 сағат)

Пәннің жалпы сипаттамасы: Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін, әрбір білім беру мекемесіндегі ұжымның, әрбір білім саласындағы маманның күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Осы жайттарды ескере отырып, қазіргідей жаһандану дәуірінде білім беру үдерісінде жаңа инновациялық технологияларды қолдану басты бағыттардың біріне айналып отыр.

Пән негізінде болашақ зерттеушілер мен білім саласының мамандары оқытуды ұйымдастыруды және оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалануды, оқытудың жаңа әдістері мен формаларын озат техногиялармен ұштастыруды, жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық-техникалық базасын жетілдіруді, сондай-ақ оқу процесі мен ғылыми-әдістемелік жұмыстарға жаңа ақпараттық технологияны қолдану негізінде олардың озық тәжірибелерін таратуды үйренеді.

Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі – компьютерлік технология. Компьютерлік технологияның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау білім беру саласының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда компьютерлік технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады.Пәннің басты нысаны – білім беру мен жаңа тенологияларды бір арнаға тоғыстыру. Сондықтан, пән негізі компьютерлік технология құралдарын білім беру саласында қолданудың методологиялық және тәжірибелік құндылықтарын, интеллектуалдық қабілетті дамытуды, өздігінен білім алып, түрлі ақпараттарды өңдеу сияқты әркеттерге бағытталған оқытудың әдістемелік жүйесін, сонымен қатар ақпараттық құзырлықты қалыптастыру жолдарын практикалық тұрғыдан қарастырады.

Пәннің мақсаты мен міндеті: Білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса, білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға, еліміздегі ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан пәннің басты мақсаты – оқу-тәрбие процесіне жаңа ақпараттық технологияны енгізуді қамтамасыз ету бойынша ғылыми-ізденушілік және оқу-әдістемелік жұмыстарын жүргізу ретінде анықталады. Жоғарыда айтылғанды назарда ұстай отырып, пән мынадай міндеттерді көздейді:

- жаңа ақпараттық технологияны қолдануды өз саласына бейімдеу;

- электронды оқу құралдары мен мультимедиялық бағдарламаларды қолдану;

- ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша шығармашылықпен жұмыс жасауға дайындау;

- ақпараттық оқу, эксперименттік зерттеу қызметінің өз бетімен түрлі іс-әрекеттерін жүзеге асыру;

- ақпараттық мәдениетті ұйымдастыру;

- біртұтас ақпараттық кеңістікте әртүрлі деңгейдегі ақпаратпен алмасуды қамтамасыз ету.

Жаңа технология бойынша білім саласындағы болашақ маманның зерттеу әрекетін ұйымдастыруда күтілетін нәтижелер:

  • теориялық білім деңгейін арттырып, теориялық білімді қолдану дағдыларын бекітеді;

  • өз бетінше зерттеу біліктерін қалыптастырады;

  • оқу-зерттеу жұмыстарын жүргізе білу дағдысының қалыптасуына әсер етеді;

  • зерттеу нәтижелерін обьективті бағалауға тәрбиелейді;

  • озат тәжірибелерді жалпылауға үйретеді;

  • талдай білуге және күтпеген жағдайлардан шығуда жол таба білуге үйретеді;

  • ғылыми ізденуге қызығушылығын оятады;

  • оқытудың жаңа инновациялық технологияларын еркін пайдалана алады;

  • білім берудің демократизациялануына үлес қосады;

  • өздігінен үздіксіз білім алу көздерін меңгерген;

  • білім беру процесін қажетті ақпараттық және техникалық құралдармен қамтамасыз ете алады;

  • ақпараттық-коммуникациялық сауаттылығы артады;

  • ақпараттық мәдениеттілігі қалыптасады;

  • тәжірибе алмасудың түрлі инновациялық жолдарын біледі;

  • оқу-әдістемелік, зерттеушілік жұмыстарына қолайлы техникалық база ұйымдастыра алады;

  • компьютерлік минимумдарда еркін жұмыс істей алады;

  • жаңа материалдарын онлайн ресурстар үшін өңдей алады;

  • видео материалды түсіріп, оны қажетті формада өңдей алады;

  • аудио және видео материалдарды ғаламторға жүктей алады;

  • ғаламтордағы іздеу жүйелерімен жұмыс істей алып, оны тиімді пайдаланады;

  • зерттеуге қажетті компьютерлік бағдарламаларды қолдана алады;

  • сайтқа ақпарат бере алады және зерттеуші блогын жүргізеді.

Пәннің пререквизиттері: Информатика.

Пәннің постреквизиттері: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. Қазіргі қазақ тлі синтаксисі. Ғылыми зерттеу негіздері. Жалпы тіл білімі. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі. Қазақ тілінің орфографиясы мен пунктуациясы.

























КІРІСПЕ


Қазіргі дамыған елдер инновациялық идеяларымен дүние жүзін жаулап келеді. Бүгінгі күні өмірімізге дендеп еніп, қолданысы кеңейе бастаған «инновация» термині ауыз екі тілде ғана емес, қоғамдық қарым-қатынаста кеңінен қанат жайып келеді. «Инновация» ағылшын тілінен аударғанда «жаңалық енгізу, жаңашылдық» деген ұғымды білдіреді. Басты мәні бұрын болмаған жаңалық, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа әдісі деген түсініктеменің жиынтығы.

Жаңашылдық білім беру саласының алдында тұрған жаңа міндеттерді сәтті орындаудың негізгі шарттарының бірі болып саналады. Олар оқу-тәрбие жұмыстарының тиімділігі мен өнімділігін арттыруға септігін тигізеді. Білім беру саласына жаңалықтар енгізбестен бұрын, қоғамдық еңбектің басқа салаларына сәтті түрде жаңалықтар енгізу қиынға соғады.

Өзгерістер өмірдің диалектикасы ретінде тек қана біздің заманға, біздің қоғамға және біздің өмірге тән құбылыс емес. Олар мәңгі адами қозғалыстың, яғни адамның жақсы өмір сүруіне, жаңа заман талабына сай шарттарға қол жеткізуіне деген күресі мен талпынысының көрінісіне айнала отырып, жалпы өмірдің диалектикасын бейнелейді. Жуырда ғана мұндай өзгерістер өте баяу жүзеге асатын, алайда соңғы жылдардағы ғылым мен техниканың өзара тығыз байланысты дамуының нәтижесінде олар да қарқындылығын күшейте бастады. Бүгінгі күні әртүрлі елдер үшін білім беру мен тәлім-тәрбиені дамыту бағытында ортақ қиыншылықтардың туындағанына қарамастан, олар бір-бірінен білім беру мәселелерін шешу жолдары, әдістері және мақсаттары тұрғысынан елеулі дәрежеде ерекшеленіп отырғандығы байқалады. Мұндай айырмашылықтар адамның рөлі мен оны жетілдірудің маңызын (мінез-құлқының маңызын, жеке тұлғаны дамытудағы тәрбиенің ролін), осыдан барып қоғамның жекелеген мәселелерін шешудегі, оның қажеттіліктерін қанағаттандырудағы және жалпы қоғамды дамытудағы білім беру жүйесінің міндеттерін әртүрлі түсінуден келіп шығады. Осыған байланысты, әртүрлі қоғамдық-саяси жүйелерімен ерекшеленетін елдерде білім беру саласына жаңалықтар әртүрлі мақсаттармен, әртүрлі тәсілдермен және әртүрлі атаулармен енгізіледі де, олардан әртүрлі нәтижелер күтіледі. Әртүрлі елдердегі бірдей жаңалықтар әртүрлі қызметтерге ие болып, оларды қолдану нәтижелері де түрліше бағаланады.

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді сараптау нәтижелері «новация» мен «инновация» ұғымдарын жеке-жеке қарастыру керектігін көрсетті. Дегенмен, әдебиеттерде осы екі ұғымның әртүрлі анықтамалары кездеседі. Инновация ұғымын энциклопедиялар мен сөздіктерде әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады.

Инновация ұғымына жалпы энциклопедияның жаңа басылымында «инновация, жаңалық, жаңару – техникалық және технологиялық жетістіктер мен ашылымдардың немесе жаңалықтардың іс жүзіндегі қолданысы» деген анықтама беріледі. Ал, сөздікте «новация – бар нәрсенің ішінара жаңаруы, яғни қандай да бір бөлігінің, қасиетінің, байланысының өзгеруі» делінсе, «инновация – мүлдем жаңа нәрсе, жаңалық» ретінде пайымдалады .

«Инновация» сөзі латын тіліндегі іn (ішіне) novus (жаңа) сөздерінен құралып, жаңару, жаңалық, өзгеру деген мағынаны білдіреді. Қазақстанда ең алғаш “инновация” ұғымын қазақ тілінде анықтаған ғалым, профессор Н.Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үдеріс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызмет» деп көрсетеді. Ал, К.Құдайбергенова «инновацияны» – нақты қойылған мақсатқа сай алынған жаңа нәтиже деп есептеп, төмендегідей аудармалар жасаған: «инновация» - жаңарту, «нововедение» – енген жаңалық, «новое» – жаңа, «новшество» – жаңалық, «инновационный процесс» – жаңарту үдерісі. Алайда, инновация ұғымының шығу кезеңі мен тарихын дәл анықтау мүмкін болмаса да, бұл ұғым қоғамдық ғылымдарға жаратылыстану ғылымдарынан келген деп есептеледі. Өйткені, инновациялар көбіне экономика, техника, агрономия, өнеркәсіп және медицина салаларында кеңінен қолданылады. Инновациялар қоғамның пайда болу кезеңінен бері жүзеге асырылып келе жатса да, педагогикалық категория ретінде ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында ғана қолданысқа енгізілді. Мұның басты себептерінің бірі – олардың мағынасының түрліше түсінілуінде.

Қазіргі заман педагогтары Б.Әбдікәрімов, М.С.Молдабекова, Т.С.Садықов, А.А.Саипов, Л.Х.Мажитова, Г.Ж.Меңлібекова, Е.Ө.Медеуов, Ж.Ж.Жаңабаев, А.А.Жолдасбеков, Ж.К.Оңалбек, С.Маусымбаев, А.М.Абдыров, Б.А.Оспанова, К.М.Беркімбаев және т.б. маманды кәсіби даярлау үдерісінің психологиялық-педагогикалық негіздеріне, мамандықтың мәніне, өзіндік ерекшеліктері мен функцияларына тоқталады. Оның құрылымын негіздей отырып, маманның іс-әрекетінің кәсіби бағдарын, студенттердің шығармашылық және өздігінен дербес білімін жетілдіруге байланысты ғылыми-әдістемелік бағдар ұсынған. Қазақстанда білім беру жүйесіндегі басқару мәселелері де ғалымдардың зерттеу нысанынан тыс қалмады. Оны республика ғалымдары бірнеше бағытта зерттеді. Айталық, жоғары оқу орындарында білім беру жүйесіндегі оқу үдерісін басқару Н.Асанов, Ш.Т.Таубаева,  С.С.Хасенов, Е.Ш.Қозыбаев, жалпы орта білім беру жүйесіндегі мектепті басқару Н.А.Әбішев, К.Д.Қарақұлов, кәсіптік-техникалық білім жүйесіндегі оқу үдерісін басқару Б.К.Момынбаев, К.Ө.Өстеміров, оқу-өндірістік комбинатты, жастарға еңбек және экономикалық білім беруді басқару Қ.Ж.Аганина, А.М.Мүсілімов, Г.Т.Хайруллин және т.б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.

Инновациялық үдерістерді зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші жаңа жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу үдерісіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығы алыс және жақын шетел ғалымдарының К.Ангеловски, М.В.Кларин, В.Я.Ляудис, М.М.Поташник, С.Д.Поляков, Т.И.Шамова, О.Г.Хомерики, Н.Р.Юсуфбекова, В.И.Загвязинский, П.И.Пидкасистый, Н.И.Лапин, А.И.Пригожин, Ю.Н.Кулюткин, А.К.Маркова, Н.Д.Никандров, Я.А.Пономарев, В.А.Сластенин, Л.С.Подымова, Л.Н.Фридман және т.б. еңбектерінде қарастырылған.

Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы педагогикалық инновация мен оқытудың жаңа технологиясы мәселелерін Ш.Т.Таубаева, Н.Н.Нұрахметов, С.Н.Лактионова, Е.З.Батталханов, Қ.Қ.Қадашева, Т.О.Балықбаев,  Ж.А.Қараев, Г.К.Нұрғалиева, К.Бұзаубақова, С.Д.Мұқанова, Н.И.Хван,  Л.Е.Румянцева, З.У.Имжарова, М.М.Мұқаметқалиқызы және т.б.педагог ғалымдар зерттеген.

          Инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың тиімділігін бағалау критерийлеріне инновациялық білім беру үдерісінің шынайылығы, жүзеге асырылғыштығы (ресурстық қамтамасыз етілу деңгейі), басқарылғыштығы, инновациялық деңгейі, гуманитарлығы, өңделгендігі және таралу мүмкіндігі жатады. Ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне сүйене отырып, оқыту процесіне де технологияны ендіру қажеттілігі туды. Және оқытуды жаңа дәрежеге көтеруде маңызды рөл атқарады.























ОҚУ ЖОСПАРЫ БОЙЫНША САҒАТ САНЫ


Курс

Семестр

Кредит саны

Жалпы сағат көлемі

Академиялық сағаттың сабақ түрі мен семестр бойынша жіктемесі


Қорытынды бақылау

Дәріс

Семинар \Практикалық сабақтар

Лабораториялық сабақтар

КР

СОӨЖ

СӨЖ


3

5

KZ


2

ECTS


2



90



-



30



-



-



30



30



Емтихан




































Негізгі бөлім

1 ПӘН МАЗМҰНЫ

    1. Семинар / Практикалық сабақтардың тақырыптары


Тақырыбы

Қысқаша мазмұны

Апта

Сағат саны

1

Ғылымдағы инновация түсінігі. Жаңа технологиялар ұғымы.

Жаңа инновациялар мен технологияларды енгізу саясаты мен стратегиясы.



«Инновация» түсінігі. Білім беру процесіндегі инновациялық технологиялар. Кез келген ғылым саласында ақпараттық жаңа технологияларды пайдаланудың қажеттілігі мен тиімділігі. Жаңа технологиялардың адам өміріне ену қарқындылығы. Олардың қамтып үлгерген салалары. Білім мен ғылымдағы инновациялар мен жаңа технологиялардың орны.








1-апта








2

2


АКТ ұғымы. АКТ-ның әлеуметтік-тұрмыстық қолданысы. АКТ ғылым саласында.


АКТ-ның қолданылу аясы. Білім және ғылым салаларындағы АКТ-ның маңыздылығы.



2-апта



2

3

АКТ құзыреттілік кәсіби құзыреттіліктің бір бөлшегі ретінде.


АКТ құзыреттілігінің берер толық мағынасы. АКТ құзыретіне ие маман атану үшін қажет біліктіліктер. ECDL стандарттары. ЮНЕСКО талаптары.





3-апта




2

4

«Ақпараттық мәдениет» ұғымы.


«Ақпараттық мәдениеттілік» түсінігін жан-жақты талдау. «Ақпараттық қоқыс» санатына кіретін мәліметтерді ажырата білу. «Ақпараттық мәдениеттілікті» меңгеру арқылы уақытты үнемдеу.





4-апта




2

5


Электрондық ресурстар. Олардың түрлері мен өзіндік ерекшеліктері.


Электрондық ресурстарды таңдай білу. Оларды мақсатқа сай қолдана алу. Электрондық ресурстардың түрлерін ажырату және бір-бірінен айырмашылықтарын түсіну.





5-апта




2

6

Электронды порталдар және олардың түрлері. Білім порталы.


Портал ұғымына кеңірек тоқталу. Білім порталының құрастырушы бөліктері. Білім порталынан қажетті мәліметті іздеу және жүктеу жолдары.





6-апта




2

7

Электронды анықтағыштар мен іздестіру жүйесі.


Ғаламтор желісінде адасып қалмаудың және уақыт үнемдеудің тәсілдері. Әлектронды анықтағыштар мен іздестіру жүйесіне жүгіну.





7-апта






2

8


Электронды оқулықтар. Олардың жасалуына қойылатын мазмұндық және теориялық талаптар.


Электронды оқулықтардың түрлері. Оның ұтымды және әлсіз тұстары. Әдебиеттердің электронды нұсқаларын жасаудың тиімділігі.




8-апта




2

9

Мультимедиялық презентациялар (Power Point, Prezi, Keynote, Book Creator).


Power Point, Prezi, Keynote, Book Creator секілді бағдарламалар арқылы жұмыс жасау жолдары, олардың бір-бірінен ерекшеліктері, зерттеу тақырыбына байланысты мультимедиялық презентация жасау кезінде ескеруі қажет тұстарына тоқталу.






9-апта





2

10

Электронды ресурстардың бір түрі - аудио және бейнематериалдарды жасауда қолданылатын бағдарламалар (Aurasma, iMovie, т.б.).

Аудио және бейнематериалдар таптырмас дерек көздері екені белгілі. Ол үшін Aurasma, iMovie бағдарламаларын компьютер, iPad, ұялы телефондарда қалай жасауға болатындығына тоқталу.






10-апта






2











11


Электронды оқу-әдістемелік құралдар. Нәтижені бағалау үшін қажетті бағдарламалар (Kahoot, Quizlet, Grade Cam).


Кез келген меңгерілген тақырыпты пысықтау үшін қызықты тапсырмалар мен жаттығуларды әзірлеуге қажетті бағдарламалар жеке-жеке түсіндіріледі. Тест тапсырмалары түрінде жаттығулар ұсыну, екі жақты пікірлер тудыратын пікірталас, талқылау жұмыстарын жүйелі жасауда өте тиімді Kahoot, Grade Cam бағдарламалары мен сөз мағыналарының түрлерін, этимологиясын, аудармасын анықтамасын түсіндіріп, жаттығулар жасауда пайдалы Quizlet бағдарламасы туралы мағлұмат беріледі.











11-апта










2

12



Тақырыптық және арнайы сайттар. Сайт картасы.



Сайттардың қандай түрлері болатындығын және олардың бір-бірінен айырмашылықтарын түсіндіру. Сапалы сайттың өзіндік белгілері. Тегін ғылыми және тақырыптық шағын сайт жасау мүмкіндіктері.






12-13

апта





4


13


Ғылыми жұмысты тиімді жүргізуге қажет өзге де электронды ресурстар. Электронды кітапханалар


Отандық және шетелдік электронды кітапханлар жүйесін салыстыру. Тиімді жақтарын айқындау. Ғылыми және зерттеу жұмыстарын жүргізуге қажет басқа да бағдарламалар мен ресурс түрлерімен танысу.





14-апта





2

14


Ғаламтор жүйесі. Қарым-қатынасқа негізделген бағдарламаларды ғылыми мақсатта пайдалану жолдары.


Ғаламтор жүйесінің пайдалы және зиянды жақтарын айқындап, талдау жұмыстарын жүргізу. Заманауи қарым-қатынасқа негізделген бағдарламаларды ғылыми мақсатта пайдалану жолдарын іздестіру.




15-апта




2

15

Аралық 1, 2





Емтихан





Барлығы



30


























    1. Студенттің оқытушы жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмысы (СОӨЖ)



СОӨЖ тақырыбы мен мазмұны


Бақылау түрі

Ұсынылатын әдебиеттер

Апта

Сағат саны


1


«Инновация» ұғымының қолданылу аясы. Білім беру саласындағы инновациялар



Жазбаша: конспект


2.1.1, 2.1.2, 2.2.7


1


2


2


Қазақстандық білім саласында АКТ-ның қолданылу тәжірибесін өзге елдермен салыстыру

Презентация: электронды салыстырмалы диаграмма жасау


2.1.7, 2.1.6


2


2


3


ECDL стандарттары

Жазбаша: талдау жұмыстарын жүргізу


2.2.3, 2.3.1


3


2




4




«Ақпараттық мәдениеттілік» ұғымы

Жазбаша:

Конспект

Презентация:

«Мен ақпараттық мәдениеттілікті қалай түсінемін?»




2.1.1, 2.1.2, 2.2.7




4




2


5


Электрондық ресурс түрлері

Презентация:

«Электрондық ресурс түрлері»


2.3.1, 2.3.5


5


2



6



Білім порталдарының құрылысы

Жазбаша:

Отандық және шетелдік білім порталдарын салыстыру



2.2.3, 2.3.1



6



2



7



Электронды оқулықтар құрылымы

Презентация:

Электронды оқулықтар құрылымына байланысты



2.1.7, 2.1.6



7



2



8



Мультимедиялық презентациялар

Жазбаша:

Презентация түрлері мен олардың ерекшеліктері туралы реферат



2.1.1, 2.1.2, 2.2.7



8



2


9


«Gmail»мүмкіндіктері. Google drive, Google classroom, Google site, Google calendar, т.б. тиімді Google бағдарламалары

Практикалық:

Шағын жоба дайындау


Ғаламтор желісіндегі Google және Gmail бағдарламалары


9


2




10




Нәтижені бағалауға қажет бағдарламалар

Практикалық:

Kahoot, Quizlet, Grade Cam бағдарламаларының біреуімен шағын жаттығу-тест жұмыстарын жасау




2.3.2, 2.3.5




10




2


11


Сайт картасы

Практикалық:

Топпен сайт картасына талдау жүргізу


2.3.1, 2.3.5


11


2



12



Электронды кітапханалар

Практикалық:

Университет электронды кітапханасының құрылымымен танысу



2.3.2, 2.3.5



12-13



4


13


Аудио немесе видеоны

конверттеу арқылы материалды қайта өңдеу

Практикалық:

топтық жұмыс

Ғаламтор желісіндегі Converter бағдарламалары бар тегін сайттар


14


2


14


Онлайн конференция

жүргізудің алғышарттары.

Вебинар дегеніміз не?


Практикалық:

Онлайн сабақ ұйымдастыру (жұптық жұмыс)


2.1.7, 2.1.6


15


2

15

Аралық 1, 2



7, 15



Емтихан






Барлығы




30
























1.3 Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ)


СӨЖ тақырыптары


Бақылау түрі

Апта

Сағат саны

1


АКТ-ның білім саласындағы рөлі


Презентациялық жоба

1

2

2


Электронды ресурс түрлері (әр түріне тоқталу)


Презентациялық жоба

2

2

3


Aurasma, iMovie, т.б. бағдарламаларды пайдаланып, аудио және бейнематериалдар жасау (АКТ негізінде)


Презентациялық жоба

3

2

4


Шағын сайт жасау (Gmail қолданбалары арқылы)


Презентациялық жоба

4

2

5


Қарым-қатынасқа негізделген бағдарламаларды ғылыми мақсатта пайдалану жолдарын іздестіру

Презентациялық жоба

5

2

6


Ең тиімді электронды ресурс түрі

Презентациялық жоба

6

2

7


Ақпарат алу көздері

Презентациялық жоба

7

2

8


«Ақпараттық сауаттылық» түсінігі. Ақпаратты сауаттылыққа жету жолдары

Презентациялық жоба

8

2




9


Педагогикалық құзыреттіліктің сегізінші түрі немесе білім саласындағы мамандардың ақпараттық сауаттылығын қалай арттыруға болады?




Презентациялық жоба




9




2


10


Виртауалды әлемнің пайдалы және зиянды тұстары


Презентациялық жоба


10


2

11

Қарым-қатынасқа негізделген бағдарламаларды ғылыми мақсатта пайдалану жолдарын іздестіру

Презентациялық жоба

11

2

12


Презентациялық жоба

12-13

4

13

АКТ-ның білім саласындағы рөлі

Презентациялық жоба


14


2

14

Электронды ресурс түрлері (әр түріне тоқталу)

Презентациялық жоба

15

2

15

Аралық 1, 2


7, 15



Емтихан





Барлығы



30


  1. ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


2.1 Негізгі әдебиеттер:

  1. Красильникова В.А. Информационные и коммуникационные технологии в образовании. – М.: Дом педагогики, 2006.

  2. Информационные и коммуникационные технологии в образовании :

монография / Под.редакцией: Бадарча Дендева – М. : ИИТО ЮНЕСКО, 2013. – 320 стр.

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. – А.: Назарбаев Зияткерлік мектебі ДББҰ, 2012.

  2. Гершунский Б.С. Компьютеризация в сфере образования: проблемы и перспективы. – М., 2004.

  3. Манвелев С.Г. Конструирование современного урока. – М.: Просвещение, 2002.

  4. Нургалиев Г.К., Тажигулова А.И. Педагогические технологии информатизации образования. – Алматы: РЦИО, 2002.

  5. Жатапова А.А., Рудик Г.А., Белошниченко Е.В., Сатывалдиева А.С. Педагогика ХХІ-го века на пороге школ. – А., 2009.


2.2 Қосымша әдебиеттер:


  1. Айдосова З. Дамыта оқыту технологиясының мәселелері (қазақ тілі мен әдебиеті). – 2004.

  2. Педагогика: педагогические теории, системы, технологии: Учеб. для студ. высш. и сред. пед. учеб. заведений. Под ред. С.А.Смирнова. – 4-е изд., испр. – М.: Издат. Центр «Академия», 2000. – 512 стр.

  3. Машбиц В.В. Психолого-педагогические проблемы компьютеризации обучения. – М., 2005.

  4. Бөлекбаева Қ. Ұстаздық ізденістер (озық іс-тәжірибелер жинағы). – Алматы, 2007.

  5. Рудик Г.А. Культура умственного труда или 101 техника учения. – Кустанай, 2010.

  6. Биляев О.М. Структура современного урока. – К., 1981.

  7. Жүнісханов Қ. Бәсекелестікке қабілетті тұлға тәрбиелеу. – А., 2008.

  8. Leader’s hip for Learning: Making the Connections. [Оқытудағы көшбасшылық: Байланыс орнату]. Cambridge& University of Cambridge Faculty of Education.

  9. Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі. Г.Бейсенова, Қазақстан мектебі №6 - 2006ж

  10.  Кукушкина О.И. Компьютерная программа для детей с откланениями в развитии // Педагогика. – 2001.

  11. Кукушкина О.И. Компьютерные технологии в контексте професии: обучение студентов // Дефектология. – 2001.

  12.  Кукушкина О.И. Компьютерная поддержка взваимодействия специального психолога и педагога//Дефектология. – 2002.

  13. С.Т.Мұхаметжанова, Ж.Ә.Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. - Алматы, 2008ж.

  14. А.Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000 ж.

15. Орта мектеп жаршысы. Республикалық оқу-әдістеме журналы, № 2, 3, 2011 ж.

16. Оқыту –тәрбиелеу технологиясы  Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, №3, 2010 ж.




2.3 Электрондық ресурстар:


  1. Европейские компьютерные права: Программа сертификации пользователей компьютера // ECDL –Программа сертификации пользователей компьютера. URL: http://www.ecdl.su/

  2. ИКТ в образовании: педагогика, образовательные ресурсы и обеспечение качества // Сб. тез. Междунар. конфер. ИИТО-2012, Москва, 13-14 ноября 2012 г. М.: Институт ЮНЕСКО по информационным технологиям в образовании, 2012. URL: http://ru.iite.unesco.org/publications/3214718/

  3. Коммерс П. Социальные медиа в обучении с применением ИКТ: Аналит. записка, март, 2011. М.: Институт ЮНЕСКО по информационным технологиям в образовании, 2011. URL: http://iite.unesco.org/files/policy_briefs/pdf/

  4. Conole G. ICT and general administration in educational institutions: Policy Brief, May, 2012. Moscow: UNESCO Institute for Information Technologies in Education, 2012. URL: http://unesdoc.unesco.org/images/0022/002202/220241E.pdf

  5. Применение ИКТ в высшем образовании стран СНГ и Балтии: текущее состояние, проблемы и перспективы развития: Аналит. обзор. СПб.: ГУАП, 2009. URL: http://iite.unesco.org/pics/publications/ru/files/3214561.pdf

  6. http://edu.gov.kz

  7.   http://www.aikyn.kz

  8. http://www.pedagog.kz

  9. http://www.bsh.kz

  10. http://site.kstu.kz

  11. http://www.nci.kz






























«Сулейман Демирель атындағы университет» мекемесі


Филология және педагогика ғылымдары факультеті


Қазақ филологиясы кафедрасы



«БЕКІТЕМІН»


Факультет деканы, п.ғ.к., ассис.проф.


_______________ Д.Э.Гаипов


«_____» 2015 ж.






СИЛЛАБУС


Пән: – KZL 319 «Білім берудегі жаңа технологиялар»

Кредит: 2

Семестр: 5


Оқытушы туралы мәлімет

Аудиториялық сағат саны мен өтетін орны, уақыты

Офис сағаттары өтетін орын мен уақыты

Байланыс ақпараты

Дүйсебекова Жайнагүл Мұратқызы - МА,

Қазақ филологиясы кафедрасының ассист.оқытушысы

Барлығы – 90 сағ.

Бейсенбі: сағ. 11.00-12.50

7 блок

2 қабат


7 блок

3 қабат

Е312

Сәрсенбі: сағ: 09.00-10.00

жұмыс тел. 3079565 (360)


87079711377

e-mail

zhainaguler@gmail.com








Каскелең 2015

1 ПӘННІҢ НЕГІЗДЕМЕСІ


Пәннің атауы: Білім берудегі жаңа технологиялар

Кредит саны: 2 (90 сағат)

Пәннің жалпы сипаттамасы: Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін, әрбір білім беру мекемесіндегі ұжымның, әрбір білім саласындағы маманның күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Осы жайттарды ескере отырып, қазіргідей жаһандану дәуірінде білім беру үдерісінде жаңа инновациялық технологияларды қолдану басты бағыттардың біріне айналып отыр.

Пән негізінде болашақ зерттеушілер мен білім саласының мамандары оқытуды ұйымдастыруды және оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалануды, оқытудың жаңа әдістері мен формаларын озат техногиялармен ұштастыруды, жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық-техникалық базасын жетілдіруді, сондай-ақ оқу процесі мен ғылыми-әдістемелік жұмыстарға жаңа ақпараттық технологияны қолдану негізінде олардың озық тәжірибелерін таратуды үйренеді.

Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі – компьютерлік технология. Компьютерлік технологияның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау білім беру саласының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда компьютерлік технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады.Пәннің басты нысаны – білім беру мен жаңа тенологияларды бір арнаға тоғыстыру. Сондықтан, пән негізі компьютерлік технология құралдарын білім беру саласында қолданудың методологиялық және тәжірибелік құндылықтарын, интеллектуалдық қабілетті дамытуды, өздігінен білім алып, түрлі ақпараттарды өңдеу сияқты әркеттерге бағытталған оқытудың әдістемелік жүйесін, сонымен қатар ақпараттық құзырлықты қалыптастыру жолдарын практикалық тұрғыдан қарастырады.

Пәннің мақсаты мен міндеті: Білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса, білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға, еліміздегі ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан пәннің басты мақсаты – оқу-тәрбие процесіне жаңа ақпараттық технологияны енгізуді қамтамасыз ету бойынша ғылыми-ізденушілік және оқу-әдістемелік жұмыстарын жүргізу ретінде анықталады. Жоғарыда айтылғанды назарда ұстай отырып, пән мынадай міндеттерді көздейді:

- жаңа ақпараттық технологияны қолдануды өз саласына бейімдеу;

- электронды оқу құралдары мен мультимедиялық бағдарламаларды қолдану;

- ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша шығармашылықпен жұмыс жасауға дайындау;

- ақпараттық оқу, эксперименттік зерттеу қызметінің өз бетімен түрлі іс-әрекеттерін жүзеге асыру;

- ақпараттық мәдениетті ұйымдастыру;

- біртұтас ақпараттық кеңістікте әртүрлі деңгейдегі ақпаратпен алмасуды қамтамасыз ету.

Жаңа технология бойынша білім саласындағы болашақ маманның зерттеу әрекетін ұйымдастыруда күтілетін нәтижелер:

  • теориялық білім деңгейін арттырып, теориялық білімді қолдану дағдыларын бекітеді;

  • өз бетінше зерттеу біліктерін қалыптастырады;

  • оқу-зерттеу жұмыстарын жүргізе білу дағдысының қалыптасуына әсер етеді;

  • зерттеу нәтижелерін обьективті бағалауға тәрбиелейді;

  • озат тәжірибелерді жалпылауға үйретеді;

  • талдай білуге және күтпеген жағдайлардан шығуда жол таба білуге үйретеді;

  • ғылыми ізденуге қызығушылығын оятады;

  • оқытудың жаңа инновациялық технологияларын еркін пайдалана алады;

  • білім берудің демократизациялануына үлес қосады;

  • өздігінен үздіксіз білім алу көздерін меңгерген;

  • білім беру процесін қажетті ақпараттық және техникалық құралдармен қамтамасыз ете алады;

  • ақпараттық-коммуникациялық сауаттылығы артады;

  • ақпараттық мәдениеттілігі қалыптасады;

  • тәжірибе алмасудың түрлі инновациялық жолдарын біледі;

  • оқу-әдістемелік, зерттеушілік жұмыстарына қолайлы техникалық база ұйымдастыра алады;

  • компьютерлік минимумдарда еркін жұмыс істей алады;

  • жаңа материалдарын онлайн ресурстар үшін өңдей алады;

  • видео материалды түсіріп, оны қажетті формада өңдей алады;

  • аудио және видео материалдарды ғаламторға жүктей алады;

  • ғаламтордағы іздеу жүйелерімен жұмыс істей алып, оны тиімді пайдаланады;

  • зерттеуге қажетті компьютерлік бағдарламаларды қолдана алады;

  • сайтқа ақпарат бере алады және зерттеуші блогын жүргізеді.

Пәннің пререквизиттері: Информатика.

Пәннің постреквизиттері: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. Қазіргі қазақ тлі синтаксисі. Ғылыми зерттеу негіздері. Жалпы тіл білімі. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі. Қазақ тілінің орфографиясы мен пунктуациясы.



























ГЛОССАРИЙ – СӨЗДІК

Академиялық сағат – білім алушының оқытушымен бірге бекітілген кесте бойынша оқу сабақтарының барлық түрінде (аудиториялық жұмыс) немесе жекелей өткізетін жұмыс уақыты;

Белсенді үлестірмелі материал (БҮМ) (Hand-outs) – оқу сабақтарында білім алушының тақырыпты табысты меңгеруіне шығармашылығын арттыратын үлестірмелі көрнекі иллюстрациялық материал (дәріс тезистері, сілтемелер, слайдтар, мысалдар, глоссарий, өздік жұмыс тапсырмалары);

Білім алушының академиялық рейтингісі (Rating) – аралық бақылау нәтижелері бойынша белгіленетін білім алушының пәннің оқу бағдарламасын меңгеру деңгейінің сандық көрсеткіші;

Білім алушының аралық аттестациясы – емтихан сессиясы кезінде оқу пәні мазмұнының бір бөлігін немесе оны оқып болғаннан кейін оқу пәнінің барлық көлемін меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін амалдар;

Білім алушының қорытынды аттестациясы (Qualification Examination) – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған оқу пәндерінің көлемі мен оларды меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін амалдар;

Білім алушының оқудағы жетістіктері оқу үдерісінде қол жеткізген және тұлғалық дамуының деңгейін көрсететін білім алушының білімі, шеберлігі, дағдысы және құзіреттілігі;

Білім алушының оқудағы жетістіктерін бақылау – жоғары оқу орны тарапынан анықталатын бақылаудың түрлі формаларымен (ағымдық, аралық және қорытынды) және аттестаттау арқылы білім алушының білім деңгейін тексеру;

Білім алушының оқытушының жетекшілігімен өткізілетін өзіндік жұмысы (ары қарай – БОӨЖ) – білім алушының бекітілген кесте бойынша оқытушының жетекшілігімен өткізілетін аудиториядан тыс жұмысы; білім алушының санатына байланысты ол мынадай түрлерге бөлінеді: студенттің оқытушының жетекшілігімен өткізетін өздік жұмысы (ары қарай – СОӨЖ), магистранттың оқытушының жетекшілігімен өткізілетін өздік жұмысы (ары қарай – МОӨЖ) және докторанттың оқытушының жетекшілігімен өткізілетін өздік жұмысы (ары қарай – ДОӨЖ);

Білім алушының өзіндік жұмысы (ары қарай – БӨЖ) – өздігінен оқуға белгіленген тақырыптар тізімі бойынша жұмыс, ол тақырыптар оқу-әдістемелік әдебиетпен және нұсқаулармен қамтамасыз етіліп, тест, бақылау жұмысы, коллоквиум, реферат, шығарма және есеп түрінде бақылау жүргізіледі; білім алушының санатына байланысты студенттің өздік жұмысы (ары қарай – СӨЖ), магистранттың өздік жұмысы (ары қарай – МӨЖ) және докторанттың өздік жұмысы (ары қарай – ДӨЖ) болып бөлінеді; БӨЖ-дің барлық көлемі білім алушының күнделікті өздік жұмысын талап ететін тапсырмалармен анықталады;

Білім алушының үлгерімін ағымдық бақылау – академиялық кезең үрдісінде оқу бағдарламасына сәйкес оқытушының өткізген аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарда білім алушының білімін жүйелі тексеру;

Демонстрация (лат. Demonstpatio – көрсету) – барлық топқа әр түрлі көрнекі құралдарды көрсетуде қолданылатын әдістемелік тәсіл.

Диалог – екі адам арасындағы сұрақ-жауап үлгісінде өткізілетін сұхбаттасу. 

Дискуссия (лат. Discussion – қарастыру, зерттеу) – мәселені талқылау үрдісі, оны шешу жолдарында берілетін ұжымдық зерттеу тәсілі.

Жағдаяттық тапсырма – білім алушының белгілі бір оқиғаға немесе жағдайға қатысты орындайтын жұмысы. Көп жағдайда бұл тапсырма рөлдік үлгіде орындалады.

Жазылым – сөйлесім, тыңдалым, оқылым үнемі жазба жұмыстарымен ұйымдастырылады. Жазба жұмысының тақтада жазу, көшіріп жазу, шағын реферат, баяндама, аннотация т.б. түрлері жүргізіледі.

Жеке оқу жоспары – типтік оқу жоспары мен таңдау пәндері каталогының негізінде әр оқу жылына эдвайзердің көмегімен білім алушының өзі құрастыратын оқу жоспары;

Жұмыс оқу жоспары – білім беру ұйымдары мамандықтың типтік оқу жоспары мен білім алушының жеке оқу жоспары негізінде жасайтын құжат;

Кезеңдік бақылау – оқу пәнінің бөлігін (модульді) аяқтағаннан кейінгі білім алушының оқу жетістігін бақылау;

Кредит (Credit, Credit-hour) – білім алушының/оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің бірыңғайландырылған бірлігі;

Қорытынды бақылау – аралық аттестаттау кезеңінде емтихан түрінде өткізілген оқу пәнінің бағдарламасын меңгеруін бағалау сапасы мақсатында білім алушының оқудағы жетістіктерін бақылау, егер пән бірнеше академиялық кезеңде оқытылса, онда қорытынды бақылау белгілі академиялық кезеңде оқытылған бөлімі бойынша өткізіледі;

Монолог – бір адамның кез келген тақырыпты немесе естіген, оқыған материалдарды ауызша баяндауы.

Оқудағы жетістіктерін бағалаудың баллдық-рейтингілік әріптік жүйесі – халықаралық тәжірибедегі әріптік жүйеге сәйкес қабылданған және білім алушының рейтингісін анықтайтын оқудағы жетістіктері деңгейін баллмен бағалау жүйесі;

Оқу пәнінің саясаты (грек. Politike – мемлекетті басқару өнері) – оқытушының пәнді оқыту барысында студентке қоятын талап деңгейінің жүйесі.

Оқылым - өз бетінше іштей оқу, дауыстап оқу техникасын меңгеру. Газет материалы, естеліктер және әңгімелер, повестер оқу тапсырылады. Өздік жұмыс барысында оқу нормаларын, талаптарын жетілдіреді.

Пәннің бағдарламасы (Syllabus) – пәннің қысқаша бағдарламасы, оның құрамында оқытылатын пәннің сипаттамасы, пәннің мақсаты мен міндеттері, оның қысқаша мазмұны, тақырыптар мен оларды оқу мерзімі, өздік жұмыс тапсырмалары, кеңес беру уақыты, білім алушының білімін тексеру кестесі, оқытушы талаптары, білім алушының білімін бағалау ұстанымдары және әдебиет тізімі беріледі;

Пәннің сипаттамасы (Course Description) – пәннің қысқаша сипаттамасы (5-8 сөйлемнен тұрады), онда пәннің мақсаты, міндеттері және мазмұны сипатталады;

Презентация (лат. Praesentatio - таныстыру) – жеке немесе топта орындалған оқу-танымдық жұмыстың нәтижелерін көрсету.

Силлабус (лат. Syllabus – қадам, саты) - әрбір пән бойынша студенттерді оқыту бағдарламасы.

Семинар – (лат. Seminarum - орда) – жоғарғы оқу орындарындағы практикалық сабақ. Семинар сабақтың  мақсаты – оқу пәнін тереңдетіп оқыту.

Сөйлесім – белгілі бір тақырып, проблема жайлы өз білгендерін қазақша толық жеткізе алуға және пікірін қарсыласымен жарыссыз арқылы жеткізуге дағдылану: Ауызекі және ресми сөйлесім үлгілерін меңгеру.

Типтік оқу жоспары – білім берудің кәсіби оқу бағдарламасының оқу пәндерінің көлемі мен тізбесін, олардың оқытылу тәртібі мен бақылау формасын белгілеп беретін құжат;

Тыңдалым – меңгерілген лексикалық материал және қосымша таныс емес мәтін материалын ауызша мәнерлеп оқып,тыңдауға жаттығу.Радио, теледидар хаьарларын тыңдауларға жаттығу және аудио-видио құралдарынан берілетін мәтіңді тыңдау,айтып беруге үйрену.

Тьютор – нақты пәнді меңгеруде білім алушының академиялық кеңесшісі рөліндегі оқытушы;

Тренинг – студенттің өзін-өзі танудағы білімі мен дағдысын қалыптастырудың, топтағы адамдармен қарым-қатынастық  әдіс жиынтығы. Тренингтің негізгі құралдары топтық дискуссия және рөлдік ойындар болып табылады.

Үлгерімнің орташа балы (Grade Point Average - GPA) – таңдалған бағдарлама бойынша білім алушының бір оқу жылындағы оқудағы жетістіктер деңгейінің орташа есептелген бағасы (барлық пәндер бойынша аралық аттестаттау бағаларының сандық эквивалентінің кредиттерін ағымдық оқу кезеңіндегі кредиттердің жалпы санына шаққандағы есебі).








2 КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

2.1 Семинар / Практикалық сабақтардың тақырыптары


Тақырыбы

Қысқаша мазмұны

Апта

Сағат саны

1

Ғылымдағы инновация түсінігі. Жаңа технологиялар ұғымы.

Жаңа инновациялар мен технологияларды енгізу саясаты мен стратегиясы.



«Инновация» түсінігі. Білім беру процесіндегі инновациялық технологиялар. Кез келген ғылым саласында ақпараттық жаңа технологияларды пайдаланудың қажеттілігі мен тиімділігі. Жаңа технологиялардың адам өміріне ену қарқындылығы. Олардың қамтып үлгерген салалары. Білім мен ғылымдағы инновациялар мен жаңа технологиялардың орны.








1-апта








2

2


АКТ ұғымы. АКТ-ның әлеуметтік-тұрмыстық қолданысы. АКТ ғылым саласында.


АКТ-ның қолданылу аясы. Білім және ғылым салаларындағы АКТ-ның маңыздылығы.



2-апта



2

3

АКТ құзыреттілік кәсіби құзыреттіліктің бір бөлшегі ретінде.


АКТ құзыреттілігінің берер толық мағынасы. АКТ құзыретіне ие маман атану үшін қажет біліктіліктер. ECDL стандарттары. ЮНЕСКО талаптары.





3-апта




2

4

«Ақпараттық мәдениет» ұғымы.


«Ақпараттық мәдениеттілік» түсінігін жан-жақты талдау. «Ақпараттық қоқыс» санатына кіретін мәліметтерді ажырата білу. «Ақпараттық мәдениеттілікті» меңгеру арқылы уақытты үнемдеу.





4-апта




2

5


Электрондық ресурстар. Олардың түрлері мен өзіндік ерекшеліктері.


Электрондық ресурстарды таңдай білу. Оларды мақсатқа сай қолдана алу. Электрондық ресурстардың түрлерін ажырату және бір-бірінен айырмашылықтарын түсіну.





5-апта




2

6

Электронды порталдар және олардың түрлері. Білім порталы.


Портал ұғымына кеңірек тоқталу. Білім порталының құрастырушы бөліктері. Білім порталынан қажетті мәліметті іздеу және жүктеу жолдары.





6-апта




2

7

Электронды анықтағыштар мен іздестіру жүйесі.


Ғаламтор желісінде адасып қалмаудың және уақыт үнемдеудің тәсілдері. Әлектронды анықтағыштар мен іздестіру жүйесіне жүгіну.





7-апта






2

8


Электронды оқулықтар. Олардың жасалуына қойылатын мазмұндық және теориялық талаптар.


Электронды оқулықтардың түрлері. Оның ұтымды және әлсіз тұстары. Әдебиеттердің электронды нұсқаларын жасаудың тиімділігі.




8-апта




2

9

Мультимедиялық презентациялар (Power Point, Prezi, Keynote, Book Creator).


Power Point, Prezi, Keynote, Book Creator секілді бағдарламалар арқылы жұмыс жасау жолдары, олардың бір-бірінен ерекшеліктері, зерттеу тақырыбына байланысты мультимедиялық презентация жасау кезінде ескеруі қажет тұстарына тоқталу.






9-апта





2

10

Электронды ресурстардың бір түрі - аудио және бейнематериалдарды жасауда қолданылатын бағдарламалар (Aurasma, iMovie, т.б.).

Аудио және бейнематериалдар таптырмас дерек көздері екені белгілі. Ол үшін Aurasma, iMovie бағдарламаларын компьютер, iPad, ұялы телефондарда қалай жасауға болатындығына тоқталу.






10-апта






2











11


Электронды оқу-әдістемелік құралдар. Нәтижені бағалау үшін қажетті бағдарламалар (Kahoot, Quizlet, Grade Cam).


Кез келген меңгерілген тақырыпты пысықтау үшін қызықты тапсырмалар мен жаттығуларды әзірлеуге қажетті бағдарламалар жеке-жеке түсіндіріледі. Тест тапсырмалары түрінде жаттығулар ұсыну, екі жақты пікірлер тудыратын пікірталас, талқылау жұмыстарын жүйелі жасауда өте тиімді Kahoot, Grade Cam бағдарламалары мен сөз мағыналарының түрлерін, этимологиясын, аудармасын анықтамасын түсіндіріп, жаттығулар жасауда пайдалы Quizlet бағдарламасы туралы мағлұмат беріледі.











11-апта










2

12



Тақырыптық және арнайы сайттар. Сайт картасы.



Сайттардың қандай түрлері болатындығын және олардың бір-бірінен айырмашылықтарын түсіндіру. Сапалы сайттың өзіндік белгілері. Тегін ғылыми және тақырыптық шағын сайт жасау мүмкіндіктері.






12-13

апта





4


13


Ғылыми жұмысты тиімді жүргізуге қажет өзге де электронды ресурстар. Электронды кітапханалар


Отандық және шетелдік электронды кітапханлар жүйесін салыстыру. Тиімді жақтарын айқындау. Ғылыми және зерттеу жұмыстарын жүргізуге қажет басқа да бағдарламалар мен ресурс түрлерімен танысу.





14-апта





2

14


Ғаламтор жүйесі. Қарым-қатынасқа негізделген бағдарламаларды ғылыми мақсатта пайдалану жолдары.


Ғаламтор жүйесінің пайдалы және зиянды жақтарын айқындап, талдау жұмыстарын жүргізу. Заманауи қарым-қатынасқа негізделген бағдарламаларды ғылыми мақсатта пайдалану жолдарын іздестіру.




15-апта




2

15

Аралық 1, 2





Емтихан





Барлығы



30


























    1. Студенттің оқытушы жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмысы (СОӨЖ)



СОӨЖ тақырыбы мен мазмұны


Бақылау түрі

Ұсынылатын әдебиеттер

Апта

Сағат саны


1


«Инновация» ұғымының қолданылу аясы. Білім беру саласындағы инновациялар



Жазбаша: конспект


2.1.1, 2.1.2, 2.2.7


1


2


2


Қазақстандық білім саласында АКТ-ның қолданылу тәжірибесін өзге елдермен салыстыру

Презентация: электронды салыстырмалы диаграмма жасау


2.1.7, 2.1.6


2


2


3


ECDL стандарттары

Жазбаша: талдау жұмыстарын жүргізу


2.2.3, 2.3.1


3


2




4




«Ақпараттық мәдениеттілік» ұғымы

Жазбаша:

Конспект

Презентация:

«Мен ақпараттық мәдениеттілікті қалай түсінемін?»




2.1.1, 2.1.2, 2.2.7




4




2


5


Электрондық ресурс түрлері

Презентация:

«Электрондық ресурс түрлері»


2.3.1, 2.3.5


5


2



6



Білім порталдарының құрылысы

Жазбаша:

Отандық және шетелдік білім порталдарын салыстыру



2.2.3, 2.3.1



6



2



7



Электронды оқулықтар құрылымы

Презентация:

Электронды оқулықтар құрылымына байланысты



2.1.7, 2.1.6



7



2



8



Мультимедиялық презентациялар

Жазбаша:

Презентация түрлері мен олардың ерекшеліктері туралы реферат



2.1.1, 2.1.2, 2.2.7



8



2


9


«Gmail»мүмкіндіктері. Google drive, Google classroom, Google site, Google calendar, т.б. тиімді Google бағдарламалары

Практикалық:

Шағын жоба дайындау


Ғаламтор желісіндегі Google және Gmail бағдарламалары


9


2




10




Нәтижені бағалауға қажет бағдарламалар

Практикалық:

Kahoot, Quizlet, Grade Cam бағдарламаларының біреуімен шағын жаттығу-тест жұмыстарын жасау




2.3.2, 2.3.5




10




2


11


Сайт картасы

Практикалық:

Топпен сайт картасына талдау жүргізу


2.3.1, 2.3.5


11


2



12



Электронды кітапханалар

Практикалық:

Университет электронды кітапханасының құрылымымен танысу



2.3.2, 2.3.5



12-13



4


13


Аудио немесе видеоны

конверттеу арқылы материалды қайта өңдеу

Практикалық:

топтық жұмыс

Ғаламтор желісіндегі Converter бағдарламалары бар тегін сайттар


14


2


14


Онлайн конференция

жүргізудің алғышарттары.

Вебинар дегеніміз не?


Практикалық:

Онлайн сабақ ұйымдастыру (жұптық жұмыс)


2.1.7, 2.1.6


15


2

15

Аралық 1, 2



7, 15



Емтихан






Барлығы




30

























1.3 Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ)


СӨЖ тақырыптары


Бақылау түрі

Апта

Сағат саны

1


АКТ-ның білім саласындағы рөлі


Презентациялық жоба

1

2

2


Электронды ресурс түрлері (әр түріне тоқталу)


Презентациялық жоба

2

2

3


Aurasma, iMovie, т.б. бағдарламаларды пайдаланып, аудио және бейнематериалдар жасау (АКТ негізінде)


Презентациялық жоба

3

2

4


Шағын сайт жасау (Gmail қолданбалары арқылы)


Презентациялық жоба

4

2

5


Қарым-қатынасқа негізделген бағдарламаларды ғылыми мақсатта пайдалану жолдарын іздестіру

Презентациялық жоба

5

2

6


Ең тиімді электронды ресурс түрі

Презентациялық жоба

6

2

7


Ақпарат алу көздері

Презентациялық жоба

7

2

8


«Ақпараттық сауаттылық» түсінігі. Ақпаратты сауаттылыққа жету жолдары

Презентациялық жоба

8

2




9


Педагогикалық құзыреттіліктің сегізінші түрі немесе білім саласындағы мамандардың ақпараттық сауаттылығын қалай арттыруға болады?




Презентациялық жоба




9




2


10


Виртауалды әлемнің пайдалы және зиянды тұстары


Презентациялық жоба


10


2

11

Қарым-қатынасқа негізделген бағдарламаларды ғылыми мақсатта пайдалану жолдарын іздестіру

Презентациялық жоба

11

2

12


Презентациялық жоба

12-13

4

13

АКТ-ның білім саласындағы рөлі

Презентациялық жоба


14


2

14

Электронды ресурс түрлері (әр түріне тоқталу)

Презентациялық жоба

15

2

15

Аралық 1, 2


7, 15



Емтихан





Барлығы



30



  1. ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


3.1 Негізгі әдебиеттер:

1. Красильникова В.А. Информационные и коммуникационные технологии в образовании. – М.: Дом педагогики, 2006.

  1. Информационные и коммуникационные технологии в образовании :

монография / Под.редакцией: Бадарча Дендева – М. : ИИТО ЮНЕСКО, 2013. – 320 стр.

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. – А.: Назарбаев Зияткерлік мектебі ДББҰ, 2012.

  2. Гершунский Б.С. Компьютеризация в сфере образования: проблемы и перспективы. – М., 2004.

  3. Манвелев С.Г. Конструирование современного урока. – М.: Просвещение, 2002.

  4. Нургалиев Г.К., Тажигулова А.И. Педагогические технологии информатизации образования. – Алматы: РЦИО, 2002.

  5. Жатапова А.А., Рудик Г.А., Белошниченко Е.В., Сатывалдиева А.С. Педагогика ХХІ-го века на пороге школ. – А., 2009.


    1. Қосымша әдебиеттер:


  1. Айдосова З. Дамыта оқыту технологиясының мәселелері (қазақ тілі мен әдебиеті). – 2004.

  2. Педагогика: педагогические теории, системы, технологии: Учеб. для студ. высш. и сред. пед. учеб. заведений. Под ред. С.А.Смирнова. – 4-е изд., испр. – М.: Издат. Центр «Академия», 2000. – 512 стр.

  3. Машбиц В.В. Психолого-педагогические проблемы компьютеризации обучения. – М., 2005.

  4. Бөлекбаева Қ. Ұстаздық ізденістер (озық іс-тәжірибелер жинағы). – Алматы, 2007.

  5. Рудик Г.А. Культура умственного труда или 101 техника учения. – Кустанай, 2010.

  6. Биляев О.М. Структура современного урока. – К., 1981.

  7. Жүнісханов Қ. Бәсекелестікке қабілетті тұлға тәрбиелеу. – А., 2008.

  8. Leader’s hip for Learning: Making the Connections. [Оқытудағы көшбасшылық: Байланыс орнату]. Cambridge& University of Cambridge Faculty of Education.

  9. Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі. Г.Бейсенова, Қазақстан мектебі №6 - 2006ж

  10.  Кукушкина О.И. Компьютерная программа для детей с откланениями в развитии // Педагогика. – 2001.

  11. Кукушкина О.И. Компьютерные технологии в контексте професии: обучение студентов // Дефектология. – 2001.

  12.  Кукушкина О.И. Компьютерная поддержка взваимодействия специального психолога и педагога//Дефектология. – 2002.

  13. С.Т.Мұхаметжанова, Ж.Ә.Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. - Алматы, 2008ж.

  14. А.Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000 ж.

  15. Орта мектеп жаршысы. Республикалық оқу-әдістеме журналы, № 2, 3, 2011 ж.

  16. Оқыту – тәрбиелеу технологиясы.  Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, №3, 2010 ж.



3.3 Электрондық ресурстар:


  1. Европейские компьютерные права: Программа сертификации пользователей компьютера // ECDL –Программа сертификации пользователей компьютера. URL: http://www.ecdl.su/

  2. ИКТ в образовании: педагогика, образовательные ресурсы и обеспечение качества // Сб. тез. Междунар. конфер. ИИТО-2012, Москва, 13-14 ноября 2012 г. М.: Институт ЮНЕСКО по информационным технологиям в образовании, 2012. URL: http://ru.iite.unesco.org/publications/3214718/

  3. Коммерс П. Социальные медиа в обучении с применением ИКТ: Аналит. записка, март, 2011. М.: Институт ЮНЕСКО по информационным технологиям в образовании, 2011. URL: http://iite.unesco.org/files/policy_briefs/pdf/

  4. Conole G. ICT and general administration in educational institutions: Policy Brief, May, 2012. Moscow: UNESCO Institute for Information Technologies in Education, 2012. URL: http://unesdoc.unesco.org/images/0022/002202/220241E.pdf

  5. Применение ИКТ в высшем образовании стран СНГ и Балтии: текущее состояние, проблемы и перспективы развития: Аналит. обзор. СПб.: ГУАП, 2009. URL: http://iite.unesco.org/pics/publications/ru/files/3214561.pdf

  6. http://edu.gov.kz

  7.   http://www.aikyn.kz

  8. http://www.pedagog.kz

  9. http://www.bsh.kz

  10. http://site.kstu.kz

  11. http://www.nci.kz



4 БІЛІМ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ


Жұмыс түрлері

Бағалау (балл)

1

Сабаққа қатысу және белсенділік

3

2

Қысқа тестілер мен бақылау жұмыстары (аудиторияда)

10

3

Үйге берілетін практикалық тапсырмалар

17

4

СОӨЖ: топтық жоба, аудиторияда орындалатын практикалық тапсырмалар

10

5

Аралық бақылау

15

6

Қорытынды емтихан

40


Барлығы

100





5 БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ


Әріптік жүйемен

Балдың сандық

баламасы

Балы

Кредиттік жүйе бойынша бағалау

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

A

4,0

95-100

4

өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

3

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

2



қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

1

D

1,0

50-54

F

0

0-49


қанағаттанарлықсыз


Баға қою саясаты: Семестр соңында бүкіл семестрдегі жұмыстың кумулятивті көрсеткіші болатын ортақ жалпы баға қойылады. Қорытынды баға СДУ-да қабылданған бағалар шкаласына сәйкес қойылады.

Практикалық үй жұмыстарын бағалаудың шарттары: орындалған тапсырма мазмұнының дұрыстығы мен толықтығы, орындау техникасы, баяндау логикасы, уақытында тапсыру.

Емтихандық бағаны қоюдың шарттары: жауаптардың дұрыстығы мен толықтығы, баяндаудың стилі мен логикасы.

Курс саясаты:

  • кешікпеу және сабақтардан қалмау;

  • сабақ кезінде ұялы телефондарды сөндіру;

  • барлық тапсырмаларды уақытында орындау.

Академиялық тәртіп пен этикалық саясат:

- толерантты болу, басқа адамның пікірін сыйлау;

- қарсылықты дұрыс формада жеткізу;

- адал әрі әділ болу;

- жауапкершілікті сезіну.

Көмек: Өзіндік жұмыстарды орындау бойынша консультация туралы, оларды тапсыру және қорғау, сонымен қатар өтілген материал бойынша қосымша мәліметтер алу үшін және оқытылатын курс бойынша пайда болған барлық сұрақтармен оқытушыға офис-сағаттары кезінде келу.


6 ПӘНДІ ОҚЫП БІЛУ ЖӨНІНДЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР


6.1 СЕМИНАР САБАҚТАРЫН ӨТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ


Семинар тақырыптары, онда қарастырылатын сұрақтар қазақ тілінің стилистикасы ғылымының өзекті теориялық және методологиялық мәселелерін кеңінен қамтиды. Студенттің білімді өз бетімен алуға ұмтылушылығын, ізденімпаздық қабілетін арттыру мақсат етіледі. Студенттен әр семинардың берілген сұрақтарына тыңғылықты әзірленуі талап етіледі. Ол үшін студент көрсетілген әдебиеттер бойынша әрбір сұрақтың мәнін ашатындай конспект әзірлеуі қажет. Бұл біріншіден, білімнің жүйелілігін, үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, өздік жұмысты орындау, коллоквиум, кезендік және қорытынды бақылауға дайындалу барысында пайдасы зор. Семинардың тақырыбымен танысып алған соң, қажетті әдебиеттерді іріктеп алу қажет. Бір сұрақтың айналасында айтылған түрлі авторлардың пікірлеріне іштей салыстырулар жасап, түйінді жерлерін қағаз бетіне түсіру керек. Осы мәселе төңірегінде өз ойыңыз қандай, соны дәйектеңіз. Бұдан соң белгілі бір тұжырымды дәлелдеу үшін өзіңіз оқыған көркем туындылардан, сын мақалалардан мысалдар келтіріңіз. Келесі семинарларда алдыңғы өткен сабақтарда дайындаған материалдарыңызды, алған біліміңізді дұрыс пайдалана біліп, жаңа тақырыппен байланыстырып отырыңыз.

Семинар сабақтары көбінесе оқылған лекция тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді. Тақырып сұрақтарына сай пікір алмасу, өз көзқарастарын дәлелдеу, мұғалімдерге оқушылардың оқу материалын қаншалықты меңгергенін, соған орай сенімдері мен түсініктерінің қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап және бағыт-бағдар беріп отыруға мүмкіндік туғызады.

Семинар сабағына әзірлену кезінде оқушылар тезистер мен баяндамалар жазып, қосымша әдебиеттерді пайдаланады. Ұсынып отырған сұрақтарға қатысты, ондағы бар негізгі ойларды қамтып, конспект құрады. Міне, осындай жұмыс-тардың нәтижесінде семинар жұмысы оқытуды ұйымдас-тыруда тиімді форма екенін тәжірибе көрсетуде.

Семинар сабағын өткізу барысында мұғалім пробле-малық жағдай туғызып, талқыланып отырған сұрақтарға оқушылардың қызығушылығын оятады, олармен ақылдаса отыра оны талдаудың жоспарын құрады және ұжымдық ізденушілік әрекеттеріне қолайлы жағдай туғызады.



6.2 СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ


Студенттің оқытушымен өздік жұмысының (СОӨЖ)

мақсаты мен міндеттері


Оқытушымен бірге студенттің өздік жұмысы кредиттік жүйедегі аудиторлық сабақ түрінде жүргізілетін білім берудің бір түрі. СОӨЖ кеңес беру және бақылаушылық қызметтерін атқарады. СОӨЖ бұл оқытушымен студенттер бірігіп диалог режимінде жүргізілетін оқу сабағы, мысалы тренинг, пікірсайыс, іскерлік және дидактикалық ойындар, тұсаукесер, кейс құрастыру, жеке, топтық жобаларды өңдеу және т.б.

Әрбір СОӨЖ-ге әр түрлі материалдар дайындалуы қажет (кейстер, ойындар, тестер, сөзжұмбақтар, т.б.). Олар қандай да бір сұрақтарды шешуге, оларды кеңейтуге, әр түрлі жағдайларды, тапсырмаларды және тағы басқаларды шешуге, талдауға негізделеді.

СОӨЖ келесі қызметтерді атқарады: кеңес беру және бақылаушылық.

Кеңес беру қызметтері:

  • әрбір пән бойынша студенттердің өздік жұмысына көмек беру;

  • материалдарды меңгеруге қандай әдісті қолдану керектігін таңдауға студентке көмек беру;

  • студенттерге қиындық тудыратын тақырыптарға қосымша түсінік беру;

  • оқу материалдарын тереңдетіп оқытуға меңгерту;

  • ғылымилықпен айналысудағы студенттердің өздік жұмысына көмек беру.

СОӨЖ бақылаушылық қызметі білім алуда студенттің ынтасын жоғарылату үшін ағымдағы межелік және қорытындылау мен студенттердің білімін бағалау барысында жүзеге асырылады. СОӨЖ барысында студент тютерден кеңес алып, бақылау, семестрлік және курстық жұмыстарды орындауға тапсырма алады (ағымдағы және рейтингтік бақылау).

Стилистика және тіл мәдениеті пәні бойынша СОӨЖ түріне реферат, баяндамалар, конспект, сондай-ақ мысалдар теріп карточка жасап өткізуді жатқызуға болады.

Оларға дайындалу негізінде студенттің ізденуі, алдын-ала қажетті әдебиеттерді іздестіруі, керекті материалдар жинауы, өзіндік көзқарасын білдіре білуі, оларды орындаудағы жоспар жасауы студенттің өз бетімен жұмыс жасай білуіне көмегі зор.

Жұмыс түрлері студенттердің ойлау қабілетін дамытады және оқыған материалдарына талдау жасай білуіне көмектеседі.


Тақырыптар бойынша конспект жасау


Конспект материалды толық оқып шығуынан кейін жасалатын жазба жұмыс. Ол мәтіннен қысқаша түсінік алып, керекті жерлерін алу. Автордың негізгі ойлары конспект жасауда сөзбе-сөз көшіріліп алынбайды, өзіндік оймен қорытынды жасалып жазылады. Бұл мәтіннің мазмұнын тиімді қамти алуын көздейді. Конспект жасағанда мәтіннің беттері көрсетілуі тиіс.

Конспектте жұмыстың авторының аты-жөні толық жазылады, жұмыс атауы, шыққан баспасы, жылы көрсетілуі қажет, конспект жасалған беттерін көрсетуі, нақты, таза жазылуы тиіс.


Тақырып бойынша әдебиеттерді пайдалану


Тақырып бойынша әдебиеттермен жұмыс жүргізуде, олардың тізімін беруде автордың аты-жөнін немесе оқулық атын алфавиттік тәртіпте қадағалау қажет.

Әрбір әдебиет жазылғаннан кейін автордың аты-жөні, оқулықтың шыққан жері, баспасы, жылы мен беттері көрсетіледі. Ал журналдағы мақаланың авторы,мақала тақырыбы, журналдың атауы, нөмірі мен жылдары, баспасы жазылады.


Реферат дайындау


Реферат – баяндаманың басылған немесе жазылған түріндегі қысқаша түрі.

Рефераттың көлемі 10-12 беттен кем болмауы керек.

Рефератқа дайындалуда студент тақырып бойынша әдебиеттерді таңдауы, жоспар құруы қажет.

Жоспар кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.

Рефератты орындауда баяндама 10-15 минутты қамтиды. Оны орындауда тақырып мәні ашылуы, айтылатын негізгі ой танылу қажет. Орындауда өзіндік пікір қоса танылып отырылады. Соңында міндетті түрде қорытынды жасалады. Аудитория қосымша сұрақтар қоюы мүмкін. Берілген сұрақ бойынша өзіндік пікірлерін басқа да топ студенттері білдіруі мүмкін.

Баяндаушыны бағалауда орындаудағы сенімділік, дәлелді нақты таныта білуі, қойылған сұрақтарға нақты жауап бере білуі, өзінің көзқарасын білдіруі қадағаланады.

Рефератты тексеру барысында материалдың мазмұны, стильдік сауаттылығы ескеріледі.


6.3 ҚОСЫМША АҚПАРАТТАРМЕН ЖҰМЫС


1. Студенттер сабақ бағдарламасында қарастырған тақырыптар бойынша күнделікті өз білім-біліктерін дамытып отыруы тиіс. Сондықтан газет, журнал, түрлі әдебиеттерден, ғаламтор материалдары бойынша қосымша ақпараттар жинап, аудиторияда қысқаша баяндап беруге дағдылануы тиіс;

2. Жинақталған қосымша ақпараттар өздік жұмыс папкасында жинақталуы тиіс.


6.4 ЭССЕ ЖАЗУ КЕЗІНДЕ ЕСКЕРІЛЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР


Эссе – студенттің сабақта қарастырылған тақырып жөнінде өз ойлары мен түсініктерін, идеялары мен пайымдауларын келтіретін бағалау тәсілі. Эсседе бірінші мезетте студенттің өзіндік «Мені» көрініп тұруы керек. Эссе арқылы оқытушы студенттің ойлау деңгейі мен сабақта қалай жұмыс жасағандығын бағалайды. Эссе – ағымдағы бақылаудың тиімді тәсілі. Ол студенттердің әр сабақта болған-болмағандығын тексерусіз айқындайтын құрал (сабақтың аяғында студент эссені жазып, оқытушыға тапсырса ғана сабақта болды деп есептелінеді), студенттердің сабаққа белсенді түрде қатыстырудың тиімді құралы (басқа жағдайда студенттің сабақта талқыланған тақырып пен проблема бойынша өз ойларын эсседе келтіруі екіталай).


Эссенің кейбір модификациялары


1) Көршінің сұрағына жауап

Сабақ аяғында студенттер параққа бір сұрақ жазып, парақты оң жағында отырған серігіне береді, бұл сұраққа жазбаша жауапты серігі береді. Жазып болған соң, студенттердің өз сұрақтары мен жауаптарын жұптасып талқылағаны тиімді.

2) Сұрақтан басталып, сұрақпен аяқталатын эссе

Эссе студенттің тақырып бойынша бір сұрағымен басталып, басқа сұрағымен аяқталуы мүмкін. Бұл жерде сұрақтардың адресаттары сан-алуан болу мүмкіндігін ескертіп кеткен жөн: сұрақтарды өзіңе, көршіңе, бүкіл аудиторияға, жеке адамға, оқытушыға, авторға, т.б. қоюға болады. Сұрақтар тіпті ешкімге де бағышталмауы мүмкін (риторикалық сұрақтар).

3) «Үшбу хат»

Эссенің сабақта қарастырған шығарма (идея, теорема, формула, кітап, т.б.) авторына хат формасында жазылуы да орынды. Хатты бүгінгі сабақ тақырыбы төңірегінде оқытушыға немесе аудиториядағы басқа бір студентке де жазуға болады.


6.5 ЖОБАЛЫҚ /ПРЕЗЕНТАЦИЯ/ЖҰМЫСТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР


Презентация өткізу жоспары:

/Презентациялар силлабус тақырыптары негізінде болуы қажет/

Кіріспе/өзін таныстыру, тақырыбын атау, бұл тақырыпты алу себебі/.

Негізгі бөлім

Қорытынды бөлім

Талаптар:

-қызықты өткізуге аса мән беру;

-презентация барысында\қолды шамадан тыс көп сермемеу;

-аудиторияның назарын өзіне қарата алу, аудиториямен байланыс орната алу;

- киім киісіне назар аудару;

-өзін салмақты ұстау;

-сұрақтарды қашан қою керектігін ескертіп кету;

-үлестірме материалдардың болуы/қажет болса/;

- орыс тілін араластырмау;

-презентацияға қойылатын ерекше талаптың бірі - сандық мәліметтерден басқа материалдарды баяндау барысында қағазға көп қарауға болмайды.

Презентацияға берілетін уақыт: бір студентке 5-7 минут.




















ПӘН БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ


«Инновация» сөзі латын тіліндегі іn (ішіне) novus (жаңа) сөздерінен құралып, жаңару, жаңалық, өзгеру деген мағынаны білдіреді. Инновация ұғымының шығу кезеңі мен тарихын дәл анықтау мүмкін болмаса да, бұл ұғым қоғамдық ғылымдарға жаратылыстану ғылымдарынан келген деп есептеледі. Оқу процесіндегі инновациялық модельдің құрылымын былай көрсетуге болады: жалпы инноватикадағы инновациялық процесс идеялары;педагогикалық инноватиканың пайда болуы, таралуы, педагогикалық жаңалықтарды меңгеру; оқу процесі кезінде теориялық талдау жасау немесе іс-әрекет ретінде көрінуі.

Оқу процесін ақпараттандыру - жаппай қолға алу, оның ғылыми-әдістемелік ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білім беру технологияларын игеру арқылы білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу.

Интерактивті оқыту деп психологияға негізделген адамдардың өзара қарым-қатынасын мен өзара әрекетін айтады.

Педагогикалық технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер көзі.

Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары:

1. Олар студенттерге тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады;

2. Білімге бір-бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады;

3. Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдіруге мүмкіндік туады.

Оқытудың компьютерлік технологиясы компьютермен жұмыс істеу техникасын меңгеру, сыныпта белсенділік көрсету, жеке жұмыс істеу, жекелеп көмек көрсету, проблемалық оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В.Ф.Шаталов) теория және практиканы блок түрінде топтау, тірек-схема, тірек-конспект түрінде берілген теориялық, материалдарды сыныпта меңгеру, үйде өз бетімен іздену, жұмыс істеу, түсіндіре басқарып - оза оқыту (С.Н.Лысенкова) алынатын білімнің алғашқы бөлігін алдын-ала оқыту, деңгейлеп саралап оқыту текнологиясы бірнеше деңгейде тапсырма беру және т.б.

Ақпараттық технология – компьютер жадында жазылған педагогикалық бағдарламалық құралдарда бейнеленген формальды мазмұн нобайына негізделеді.

Оқытуды компьютерлендіру - қазіргі білім жүйесінің барлық сипаттарына: мақсатына, міндетіне, мазмұнына, әдістемесіне, технолгиясына белгілі бір әсерін тигізеді.

Ақпараттық технологияның жүйелік параметрі:

а) қолдану деңгейі бойынша-жалпы педагогикалық.

б) философиялық негізі бойынша-бейімделуші + ғылыми технократтық.

в) негізгі даму факторы бойынша-қоғамдық + психогендік.

г) білімді игеру бойынша-ассоциативті-рефленторлы.

д) тұлғалық құрылымға бағдарлануы бойынша-ақпараттық + амалдық

(БЕД + іс әрекет)

е) мазмұны бойынша-кез келген мазмұнға лайық.

ж) танымдық әрекет басқаруы бойынша-компьютерлік

з) ұйымдастыру фомалары бойынша –жеке+топтар

и) оқушымен қарым-қатынасы бойынша-қызметтестік

к) оқыту әдісі бойынша-ақпараттық + амалдық

л) жаңарту бағыты-бойынша-ұйымдастыру және басқарудың нәтижелігі

м) оқушылардың категориясы бойынша-барлық түрлері

Ақпараттық технологияның мақсаты:

1. Ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, коммуникативті қабілеттерін дамыту;

2. Ақпаратты қоғам тұрғысын қалыптастыру;

3. Оқушыға игере алатын,мүмкіндігінше мол материал беру;

4. Зерттеушілік ебдейліктері мен дұрыс шешім табу дағдыларын қалыптастыру.

Ақпараттық технологияның тұжырымдамасы:

  • Оқыту - баланың компьютермен қарым-қатынасы. Бейімділік принципі - компьютерді бала ерекшелігіне бейімдеп оқытудың диалогты сипаты;

  • Басқарымдылығы: оқу үрдісін мұғалім кез келген уақытта өзгерте алуы;

  • Жеке және топтап оқытуды дұрыс үйлестіру: компьютермен жұмыс істейтін оқушының психологиялық көңіл күйі жақсы болуы;

  • Шектеусіз оқыту: оқыту мазмұны оның талқылану және қолданылу аясы шектеусіз болуы.

Ақпараттық технологияның әдістемелік ерекшеліктері:

  • Компьютерлік оқыту құралдары интерактивті (өзара белсенді), олар мұғалімнің не оқушының әрекетіне жауап бере алады.

  • Компьютерлі оқыту құралдары оқушымен өзара қатынасқа түсе алуы ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі болып табылады.

  • Компьютер білім беру үрдісінің барлық көздерінде қолданыла алады: жаңа тақырыпты түсіндіргенде, бекіткенде, қайталауда, БЕД-н (білім, дағды) бақылағанда.

Қатысу деп – компьютерлік оқыту құралдарын жасау мен қолдану әдістемесін, ақпараттық технологияларға негізделген оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясын, жаңа ақпараттық технологиялардың қажеттігін анықтай білуді, әдіскер немесе автор есебінде компьютер оқыту құралдарын жасауға қатысуды айтады. Оқу әдістемесі оқу материалымен ғана емес, компьютерлі бағдарламалардың модельдері және алгоритмдерімен де, терең байланыста болуы керек.

Интерактивті құралдарды сабақта пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:

- пән бойынша базалық білімді меңгеру;

- алған білімді жүйелеу;

- өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

- жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;

- оқушыға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.

Интерактивті тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады.

Ақпараттық-коммуникациялық технология – электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, ғаламторда жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Жаңа ақпараттық технологияларға (ЖАТ) ғалымдар әр түрлі анықтама беріп отыр. Мысалы, Н.Макарова «ЖАТ – қысқаша компьютер негізіндегі технология» деп тұжырымдайды. М.И.Жильдак бұл терминнің неғұрлым кеңірек анықтамасын береді. Ол «ЖАТ – адамдардың білімін кеңейтіп, олардың техникалық және әлеуметтік үрдістерді басқару мүмкіндігін дамытатын, ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, тасымалдау және жеткізудің техникалық құралдары мен әдістерінің жиынтығы» дейді.

Ақпарат (лат. informatio — түсіндіру, мазмұндау) - бұл ақпараттық процесс барысында түзілетін қозғалыстағы объект. Ақпараттың қасиеттері мәліметтердің қасиеттеріне де, әдістердің қасиеттеріне де тікелей тәуелді.

Информатика – адам қызметінің әртүрлі саласында пайдаланылатын ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, түрлендіру және тарату әдістерін үйрететін ғылыми пән.

Бейнелік ақпарат – табиғат көріністері, кескіндер, дәм, иіс, сезу мүшелері арқылы алынатын ақпараттар.

Таңбалық ақпаратқа адамның сөйлеу, жазу түрінде алатын ақпараттары жатады.


10 ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ГРАФИГІ


Бақылау түрі

Апталар

Қорыт.

балл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16-17


1

Сабаққа қатысу және белсенділік


2

Тест тапсырмалары











3

СӨЖ: Үй тапсырмалары













4

Топтық жоба және презентация












5

Аралық емтихан

















6

Қорытынды емтихан



















Барлығы
















*

100





































4. Пәнді оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету картасы

«Білім берудегі жаңа технологиялар»


р/с

Пән атауы

Студент саны

Әдебиеттер (аты, авторы, жылы)

Оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеттер (аты, авторы, жылы)*

Дана

1

Білім берудегі жаңа технологиялар

20

Бітібаева, Қ.О. 
Әдебиетті оқытудың инновациялық әдістемесі мен технологиясы [Текст]: Оқу құралы / Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева.- Астана: Дарын, 2012.- 271 с.

Қазіргі кезең әдебиетін инновациялық әдіс-тәсілдермен оқытудың тиімді жолдары [Мәтін]: Монография / Ж.Б. Абдуалиева.- Тараз, 2010.- 185 б. 

1/1




Балапанов, Е.Қ. 
Жаңа Информациялық Технологиялар: Информатикадан 30 сабақ [Мәтін] / Е.Қ. Балапанов, Б.Б. Бөрібаев, А.Б. Дәулетқұлов.- Алматы: ЖТИ, 2009.- 408 б. 

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Сүлеймен Демирел атындағы университеттің 15 жылдығына арналған "Білім және ғылым саласындағы инновациялар" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның еңбектері [Мәтін] = Труды Международной научно-практической конференции "Инновации в образовании и науке" посвященной 20-летию Независимости РК и 15-летию университета им. С.Демиреля: Сборник.- Алматы: СДУ, 2011.- 631 б. 

1/28




Садвакасова, З.М. 
Социально-педагогические технологии в организациях образования [Текст]: Учебно-методическое пособие / З.М. Садвакасова, А.К. Асубаева.- Алматы: Қазақ университеті, 2013.- 304 с. 

Қазіргі шеттілдік білім беру инновациялары: тәжірибесі, мәселелері және келешегі [Мәтін]: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары = Инновации современного тноязычного образования: опыт, проблемы, перспективы / К.У.Кунакова.- Алматы: Абылай хан атындағы қазақ ХҚ және ӘТУ, 2013.- 511 б. 


10/1




Мамаев, Қ.С. 
Информатиканың теориялық негіздері [Мәтін] / Қ.С. Мамаев, Ш.И. Айдосов, Н.Қ. Серікбаев.- Шымкент: Әлем, 2013.- 200 б. 

Құрманова, Н. 
Қазақ тілін дамыта оқыту технологиясы [Мәтін]: Монография / Н. Құрманова.- Астана: Мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығы, 2007.- 140 б. 

40/2




Мусабаева, Ж. 
Кредиттік техналогия жүйесінде болашақ мұғалімдерді арнайы пәндер арқылы даярлаудың жаңа моделі [Мәтін] / Жамиля Мусабаева; Сатыбалдиев Ораз Сатыбалдиевич.- Алматы, 2013.- 87 б. 


1




Рысбеков, Б. 
Оқушылардың білімдік құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық-әдістемелік жолдары [Мәтін] / Бахытжан Рысбеков; Kанлыбаев Курманали.- Алматы, 2013.- 89 б. 


1




Білім берудегі жаңа технологиялар [Мәтін]: Оқу құралы / А.Б. Айтбаева.- Алматы: Қазақ университеті, 2011.- 162 б. 


15




Бидайбеков, Е.Ы. 
Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері [Мәтін]: Оқулық / Е.Ы. Бидайбеков; Е.Ы.Бидайбеков, В.В.Гриншкун, Г.Б.Камалова, Д.Н.Исабаева, Б.Ғ.Бостанов.- Алматы: Дәуір, 2014.- 352 б. 


20






ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ


1- тақырып: Ғылымдағы инновация түсінігі.

Сабақтың мақсаты: Білім мен ғылымдағы инновациялар мен жаңа технологиялардың орнын айқындау.

Сабақтың қысқаша мазмұны: Инновация сөзін қазақтың "тапқырлық", "жаңалық" сөздерімен тең мағынада қолдануға рұқсат етіледі. АғылшыншаInnovation көбіне-көп ғылым техниалық тапқырлық пен жаңалық ашуды көрсетеді. Әрине инновацияның қазіргі мағынасы ауқымды, ол көбінесе адамның рухани белсенділі арқылы әуелде болмаған жаңа жоспарлау, жобалау, техника, мәдениет, сауда, және қоғамдық өмір салтын қалыптастыру, ал, тар мағынада тек жаратылыстану ғылымдары мен өндірістік техникада жаңа тапқырлық ашуды көрсетеді.

Intel компониясының жоғары техника қызметкері Gene Meieran-ның пікірінше инновацияның үш түрі бар:
1.
 Түбегейлі жаңалық ашу. Ол көбінесе мәлім салада дәстүрлісін бұзып, көнені жойып, түбегейлі өзгеріс алып келеді. Мысалы адамзат тарихында лампаның тапқырлануы, сандық технологияның тапқырлануы;
2.
 Жақсарту, жаңарту. Ол көбінесе біртіндеп өзгерістер жасау арқылы бәлім саланы, мәлім затты жетілдіріп, кемелді жаңасын жарату; жаңа артықшылықтар қосып, бір нәрсені бұрынғысынан тіпті де керемет ету.. Мысалы, Қаламның, машинаның жаңа түрін жасау.
3.
 Жаңаша қолдану. Яғни, бір нәрсенің бұрынғы қолданысынан басқа жаңа қолданысын тауып шығу. Ол заттың қолданысына жаңалық енгізіп, оны бұрынғыдан басқа мақсаттарда қолданудың жолын ашу. Мысалы мешеу елдер көмірді тек отқа жағуға пайдаланса, дамыған елдер көмірден 150 шақты тауар шығарады екен.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" стратегиялық жолдауында, 1999 жылдың маусымында қабылданған Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңында, 2000 жылдың 30 қыркүйегінде қабылданған "Білім" мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағды алу, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді. Ол Қазақстан Республикасы жариялаған білім беру басымдығына, "жалпыға білім беру" моделін "әр адамға таңдау бойынша білім беру" моделіне көшуге негізделген.

Қазіргі кезеңде Республикасызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.

Ақпараттық технологияларды практика жүзінде пайдалану жолында арнайы білім беру мақсатында жаңа пән – информатика сабағы соңғы 20 жыл көлемінде оқытылып келеді. Оның орта білім жүйесіндегі алатын орны қазіргі информациялық қоғамдағы кәсіби қызметтің негізі  болып табылатын әлемнің ақпараттық – жүйелік бейнесін жасау, ақпараттық орта мен адамның тиімді қарым-қатынасын қалыптастыру сияқты мәселелермен анықталып келеді. Осыған қоса қазіргі  кезде педагогикалық ғылым саласында да оның әдіснамасы (методологиясы) мен парадигмасын жетілдіруге қажет тереңдетілген әлеуметтік өзгерістер болып жатыр.


Келесі сабақ тапсырмасы:


  1. Білім беру процесіндегі инновациялық технологиялардың рөлі қандай?

  2. Қандай жаңа технологиялардың түрлерін білім беру үрдісінде пайлануға болады?

  3. Инновация ұғымы тағы қандай салаларда қолданылады?


Әдебиеттер:


  1. Красильникова В.А. Информационные и коммуникационные технологии в образовании. – М.: Дом педагогики, 2006.

  2. Информационные и коммуникационные технологии в образовании :

монография / Под.редакцией: Бадарча Дендева – М. : ИИТО ЮНЕСКО, 2013. – 320 стр.


2-тақырып: АКТ ұғымы. АКТ-ның әлеуметтік-тұрмыстық қолданысы. АКТ ғылым саласында.

Сабақтың мақсаты: Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың білім саласындағы маңызын көрсету.

Сабақтың қысқаша мазмұны: Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне  мұқият қарайтын дәуір.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр ақпараттандыру ғасыры » деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық   прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда.

Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады. Білім берудегі интерактивті технология (интерактив сөзі «inter»-бірлесу, «act»-әрекет) сабақ барысында оқушылардың сабаққа қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. Интерактивті тақта мүмкіндігін пайдалана отырып, өткізген сабақтар мұғалімнің оқу процесінде уақытын үнемдей отырып, оқушыларға көптеген ақпараттарды беруге көмектеседі. Интерактивті тақтаның керемет мүмкіндіктері оқушыларды таңғалдырады, шабыттандырады, қызықтырады. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді.


Келесі сабақ тапсырмасы:


  1. Білім беруде АКТ-ның рөлі қандай?

  2. АКТ-ның қандай түрлері бар?

  3. АКТ-ны қолдану арқылы оқытушы қандай мүмкіндіктерге қол жеткізе алады?


Әдебиеттер:


  1. Нургалиев Г.К., Тажигулова А.И. Педагогические технологии информатизации образования. – Алматы: РЦИО, 2002.

  2. Жатапова А.А., Рудик Г.А., Белошниченко Е.В., Сатывалдиева А.С. Педагогика ХХІ-го века на пороге школ. – А., 2009.


3-тақырып: АКТ құзыреттілік кәсіби құзыреттіліктің бір бөлшегі ретінде.

Сабақтың мақсаты: АКТ құзыреттілігіне ие маман моделін құрастыру.

Сабақтың қысқаша мазмұны: Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет. Аталған қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасақталды. Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе қалай жүзеге асырылып жатыр деген сауал туындайды. Әсіресе, мемлекеттік тілде осы бағыттағы мәселелер әлі де жеткілікті деңгейде емес. Бiлiм берудi ақпараттандыру процесi пән мұғалiмдерiне, әдiскерлерге, бiлiм мекемелерiн басқарушыларға жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.

Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламаларының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi ретiнде мамандардың осы сала бойынша бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау қарастырылған. Аталған мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау бойынша курс тақырыптарының мазмұны өзгертiлiп, жаңаланды. Оның негiзгi мазмұны бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерiнiң кәсiби шеберлiгiн жаңа ақпараттық технологияны пайдалану бойынша жетiлдiруге, басқаша айтқанда, бiлiм берудi ақпараттандыруға сай мамандарды жан-жақты даярлауға бағытталған. Бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерiнiң жаңа ақпараттық технологияны меңгерту саласы бойынша бiлiктiлiгiн көтерудің даярлау мiндеттерiн шешуде институт көлемiнде осы сала бағытында өткiзiлетiн курстарды сабақтастыру процесi жүзеге асырылуда. Педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технология негiзiнде дайындауда келесi қағидалар негiзге алынған:

  • вариативтiлiк — әрбiр бiлiм беру қызметкерлерiнiң жасақтаған материалдарына сәйкес бiлiктiлiктi көтеру жүйесiн бағыттайды;

  • болашаққа негiзделген — күтiлетiн нәтиженi анықтайтын кезеңдiк бағдарламалардың бағытын орнықтырады және жеке тұлғаға бағытталған курстың жалпылама мақсатын анықтайды;

  • рефлексивтi-креативтi — жаңа ақпараттық технологияларды меңгерту бiлiмдерiн ұйымдастыруда курстың бағыты даралық-шығармашылық негiзге бағытталуы қажет;

  • эргономикалық — нақтылы мәселелердi үйренуге қажеттi уақыт мөлшерi талап етiледi;

  • iзгiлiктiлiк — бейiмделген оқыту жүйесiн құруды талап етедi, бiлiктiлiктi көтеру жүйесiнiң құрылымы мен нақтылы нәтижесiн анықтау;

  • тәжiрибеге бағытталған — оқыту көздерiнiң бiрi ретiнде оқытушылардың тәжiрибесi қолдану идеясы жүзеге асырылады және нақытлы iс-әрекеттер бойынша тыңдаушылардың танымдық процестерiнiң өзара байланыстылығы мен олардың жеке тұлға ретiнде қалыптасу деңгейi анықталады;

  • жекелеген консультация беру - тыңдаушыларға консультация беру ұсынылады. Ол мына бағытта жүргiзiледi: әрбiр тыңдаушының өзiндiк ерекшелiгiн ескере отырып қойылған нәтижелерге жетуге байланысты игерiлетiн мәселелердiң мазмұны мен оған қолданылатын тиiмдi әдiс-тәсiлдер.

Бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мақсаты - Қазақстан Республикасында бiртұтас бiлiмдiк ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса, бiлiм беру саласында жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңiстiктi әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiмен сабақтастыруға мүмкiндiк бередi

Бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мiндеттерi:

  • ақпараттық және телекоммуникациялық техникалық құралдармен қамтамасыз ету;

  • бiлiм берудi ақпараттандыру бойынша практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;

  • оқу-тәрбие процесiне жаңа ақпараттық технологияны енгiзудi қамтамасыз ету бойынша ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк жұмыстарын жүргiзу;

  • мектеп пәндерi бойынша жасақталатын жалпыға мiндеттi бiлiм стандарттарының және оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң мазмұнын ақпараттық технологияны пайдалану мүмкiндiктерiмен жетiлдiру бiлiм берудi басқаруда ақпараттық жүйенi құру;

  • бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн программалық-техникалық құралдарды қамтамасыз ету және мультимедиялық программаларды, электрондық оқулықтарды жасақтау.


Бақылау сұрақтары:


  1. АКТ құзыреттілігіне нелер жатады?

  2. ECDL стандарттарының негізі қандай компоненттерден құралады?

  3. Білім беру саласында жұмыс істейтін маманға қоятын ЮНЕСКО талаптары қандай?


Әдебиеттер:


  1. Педагогика: педагогические теории, системы, технологии: Учеб. для студ. высш. и сред. пед. учеб. заведений. Под ред. С.А.Смирнова. – 4-е изд., испр. – М.: Издат. Центр «Академия», 2000. – 512 стр.

  2. Машбиц В.В. Психолого-педагогические проблемы компьютеризации обучения. – М., 2005.


4-тақырып: «Ақпараттық мәдениет» ұғымы.

Сабақтың мақсаты: Болашақ білім саласындағы маман ретінде студент бойында «ақпараттық мәдениеттілікті» қалыптастыру.

Сабақтың қысқаша мазмұны: ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Ел өмірінің барлық салаларында компьютерлендіру процесі аяқталып, алдымызда келешек жас ұрпаққа компьютердің қыр-сырын терең меңгертіп, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсаты тұр. Ел болашағы – білімді ұрпақта. Технологияның күн сайын үздіксіз дамып, өзгеріп, жаңарып жатқан ақпарат заманында өмір сүру – күрделі дайындықты талап етеді. Осындай ақпараттық кеңістікке баланы дайындау бүгінгі күні заман талабына айналып отыр. Оқушыларды ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау үшін оларды ойша ойлауға, талдау жасай білуге, коммуникативтік дағдыларын дамытуға, ақпараттық сауаттылық пен ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу қажет, олардың әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру және олардың өзін-өзі жетілдіре отырып, қызмет субъектісі деңгейіне көтеруін қамтамасыз ету керек.

Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам ақпараттың қажетті кезін сезінуі, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді пайдалануға қабілетті болып, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.

Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Бұл ақпараттың пассивті түрде пайдаланылатын бөлігінің артуына байланысты болып отыр. Интернеттің кең таралуына орай ақпарат таратудың бақылауға көнбейтін кері процесінің күннен-күнге артып бара жатқаны байқалады.

Оқушылардың бойына ақпараттық мәдениетті қалыптастыру – білім беру саласындағы өзекті мәселелердің бірі. Ақпараттық қоғамға көшу процесінде ақпараттың құндылығы өзгеріп, уақыт, кеңістік және қашықтық ұғымдары туралы түсінігіміз кеңейіп, осылардың барлығы жаңа мәдениеттің, яғни ақпараттық мәдениеттің тууына себепші болып отыр.

Интернеттің кең таралуына байланысты ақпарат таратудың бақылауға көнбейтін кері процестері де бар. Ондай ақпараттың сапасы көбінесе өте төмен болып келеді, тіпті жалған, әрі зиянды мәліметтер көбейіп барады. Ең қауіптісі осы залалды ақпарат күннен күнге артып бара жатыр және үстірт түрдегі бәрін білушілік әдетімен тығыз байланысты. Кез келген мәліметті керек болмаса да талғамай қабылдай берудің қажеттілігі жоқ екенін, Интернеттегі ақпарат қоқысы, компьютерлік ойындардың зияны, т.б. адам сезіне білуі керек.Осы мәселелерді шешу шектеулер мен тосқауыл қою арқылы жүзеге аспайды. Ол үшін бізге талғамдық мәдениетті қалыптастыру қажет. Яғни, ақпараттық аймақтағы құндылықтарды бағалай білетін, әр адамның моральдық деңгейін бейнелейтін ақпараттық мәдениет қалыптастыратын тәрбие алуымыз керек және адамда келесі білім меңгеру тәсілдерін қалыптастыру қажет:

  • Ақпараттың тасымалдануы мен оны сақтау тәсілдерін білу;

  • Ақпаратты алу үшін ақпараттық қызмет көрсету жүйесінің жұмысын білу;

  • Алынған ақпараттың сипатын бағалай білу;

  • Автоматтандырылған және автоматтандырылмаған жүйеден ақпарат іздеу, алу тәсілдерін білу;

  • Өзіңнің ақпаратыңды жасау және сақтау тәсілдерін білу, т.б.


Бақылау сұрақтары:


  1. «Ақпараттық қоқыс» санатына кіретін мәліметтер?

  2. «Ақпараттық мәдениеттілікті» қалай меңгеруге болады?


Әдебиеттер:

  1. Бөлекбаева Қ. Ұстаздық ізденістер (озық іс-тәжірибелер жинағы). – Алматы, 2007.

  2. Рудик Г.А. Культура умственного труда или 101 техника учения. – Кустанай, 2010.


5-тақырып: Электрондық ресурстар. Олардың түрлері мен өзіндік ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты: Электрондық ресурстардың түрлерін ажырату және бір-бірінен айырмашылықтарын түсіну.

Сабақтың қысқаша мазмұны: Соңғы жылдары Қазақстан мемлекеті де, дүниежүзіндегі көптеген дамыған елдердегідей: өркениетті дамытудың бірден-бір маңызды стратегиялық мәселесі ретінде білімді ақпараттандыру қағидасына ерекше назар аударуда. Қазақстандағы білім саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттің тың саясаты да осының дәлелі іспеттес.

Қазақстан Ресбуликасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында электрондық оқытудың мақсаты: «…білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының үздіксіз білім беру ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету» - деп атап көрсеткен. Білім беруде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдану мен енгізу мәселелері Қазақстанның және шет аймақтардың педагогикалық зерттеулерінде қаралуда. Осындай мәселелер С.А. Жданов, А.А. Абдукадыров, Б.С. Ахметов, Т.О. Балықбаев, С.А. Бешенкова, Н.Х. Розов, Е.Ы. Бидайбеков, Ю.А. Первин, Н.Ф. Талызин, Н.Д. Угринович және т.б. ғалымдардың еңбектерінде кездеседі. Бұл еңбектерде оқу құралы ретінде қолданылатын бағдарламалық қамсыздандыру мен компьютерлерді қолдануда мамандарды дайындаудың қарқындылығы өсетіндігін көрсетілген.

Информатиканы оқытудың электрондық құралдары М.Н. Алексеев, С.Г. Григорьев, Л.Б. Рахимжанова, И.Н. Скопин, Н.А. Талпаков, Т. Хакимова және басқа да ғалымдардың жұмыстарында кездеседі . Республикада білім беруді ақпараттандырудың жаңа кезеңінің ерекшелігі ретінде оқу процесінде қолданылатын әртүрлі электрондық құралдар мен ресурстарды, яғни электрондық анықтамалар, энциклопедиялар, оқыту бағдарламалары, студенттер білімін бақылаудың автоматтандырылған құралдары, электрондық оқулықтар және бағдарламалық-әдістемелік кешендерге біріктірілген тренажерларды игеруге ұмтылу басты мақсат болып отыр.

Е.Ы. Бидайбеков, С.Г. Григорьев және В.В. Гриншкун ұсынған білім беру электрондық ресурстарын тек білім саласында ғана емес, барлық салада қолданылатын электрондық ресурстардың жалпы түсінігі арқылы екі кезеңмен анықтаудың тәсілдері бар. Бұл жағдайда электрондық ресурстар ретінде графикалық, мәтіндік, сандық, сөйлеу, музыкалық, видео-, фото- және басқа да ақпараттардың жиынтығы деп қарастыру ұсынылған. Бір электрондық ресурста ақпараттық немесе ақпаратты-анықтамалық көздер, ақпаратты құру және өңдеу құралдары, басқару құрылымдары бөліп көрсетілуі мүмкін. Электрондық ресурс кез-келген электрондық тасымалдағышта орындалуы мүмкін, сонымен бірге электрондық компьютерлік жүйеде жариялануы мүмкін. Электрондық ресурстарды төмендегідей жіктеуге болады:

hello_html_m6b63dfff.png


Электрондық ресурстардың жасалу мәселері

1) Электрондық ресурстарға қойылатын талаптарды орындау;

2) Электрондық ресурстарды жасау үшін көптеген мамандардың қатысуы;

3) Сапалы электрондық ресурстарды жасауға көп уақытты жұмсауы;

4) Электрондық ресурстарды жасауға қажетті бағдарламалық жабдықтарды жетік білмеуі.


Бақылау сұрақтары:


  1. Электронды ресурстарды қалай таңдау керек?

  2. Олардың қандай түрлері бар?

  3. Бір-бірінен айырмашылықтары бар ма?


Әдебиеттер:


  1. Педагогика: педагогические теории, системы, технологии: Учеб. для студ. высш. и сред. пед. учеб. заведений. Под ред. С.А.Смирнова. – 4-е изд., испр. – М.: Издат. Центр «Академия», 2000. – 512 стр.

  2. Машбиц В.В. Психолого-педагогические проблемы компьютеризации обучения. – М., 2005.


6-тақырып: Электронды порталдар және олардың түрлері. Білім порталы.

Сабақтың мақсаты: Портал ұғымына кеңірек тоқталу. Білім порталының құрастырушы бөліктеріне, одан қажетті мәліметті іздеу және жүктеу жолдарын үйрену.

Сабақтың қысқаша мазмұны: Веб-портал (ағылш. Web portal немесе ағылш. Portal, «басты кiру») – бұл тікелей өзара байланыстырылған және «Интернеттік» желі арқылы орындалатын аппараттық орта жиынтығы. Компьютермен орындалатын машинамен оқу және электронды жеткiзуштерді сақтаушылар алдын ала жазылған ақпараттарды оларға ақпараттандырады немесе жазып алу орындаушылық мүмкіндігін және компьютерлік программа, ақпараттар қоры және т.б түріндегі ақпараттарды оқу, анықталған ақпараттарды өңдеуді орындаушылық мүмкіндігі және қолданушыларды веб-порталды басқару және өңделген, басқарылған ақпарраттар болған жағдайда Интернет –сервистер оларға ақпарат береді.

Веб-портал – интернеттік желіде сайтты қолданушылар үшін, ол дегеніміз әр түрлі интерактивті сервистер қолданушыларға мүмкіндік беружәне де осы сайттың төңірегінде жұмыс жасау. Веб-портал бірнеше сайттардан құрала алады, егер олар бір домен атымен белгіленген болса. Сонымен қатар портал кез келген орындағы байланысы бар ақпаратпен жұмыс жасайды алады және ол қолданушыға көмектеседі іздеген материялын Интернет арқылы табуға. Мұндай порталдар ақпарат бере алады кез келген интернет көзінен немесе анықтаған тәсіл арқылы және де ондай сайттар навигациялық сайт деп аталады. Барлық порталдар іздеу функциясын атқарады, оларға Интернет мүмкіндік береді, мысалы: электрондық почта, жаңалықтар лентасы және т.б. Порталдардың идеялық жұмыстары – жасау, құру немесе мүкіндік беру үлкен критикалық интернет сервистеріне, яғни сондай үлкен мөлшердегі қолданушы клиенттерді өздеріне тартуға болады олар үнемі толытырылып үлкеюі үшін. Терминологиялық шебер емес қолданушылар және айқын тартымды сайттардың контентiнiң өндiрушiлерi үшiн өз интернет-жобаларын орнын анықтау порталдар ұғымының су бұзып кетулерiн келтіретіндей. Порталдар жиі «атайды өздерін» үлкен сайттар тармақтары iшкi құрылыммен және сiлтемелердiң үлкен санымен анықталатындығын. Кейде егер үлкен бөлшегі осы сілтеменің ішкілік(осы сайт ішіндегі басқа беттегі қолданушыны анықтайды), ол аталады сондай сайт анықтамаған Интернет-порталы. Порталдардың интенсивті дамуы программалық тауарлардың қатарын жандандырады (порталдық шешім), яғни анықтауға рұқсат етеді бірлік кеңестікте ақпараттардың әр түрлі көздерін. Мұндай шешімдер байланысты, көбінесе: Бiртұтас кiру технологиялары бар болу (Single Sign On ), қолданушы қашан порталдың бiр бөлiмiнен басқасына қайтадан авторизациясыз өтедi; Порталда жұмыс барысында қолданушы iске қосылған ұйымдар арасындағы қосымшалардың әр түрлi деректердi беруi;


Бақылау сұрақтары:


  1. Портал ұғымын жан-жақты ашып беріңіз.

  2. Білім порталының ерекшеліктері қандай?

  3. Білім порталынан қажетті мәліметті тиімді іздеу жолдары?


Әдебиеттер:


  1. Жүнісханов Қ. Бәсекелестікке қабілетті тұлға тәрбиелеу. – А., 2008.

  2. Leader’s hip for Learning: Making the Connections. [Оқытудағы көшбасшылық: Байланыс орнату]. Cambridge& University of Cambridge Faculty of Education.


7-тақырып: Электронды анықтағыштар мен іздестіру жүйесі.

Сабақтың мақсаты: Ғаламтор желісінде адасып қалмаудың және уақыт үнемдеудің тәсілдері мен электронды анықтағыштар, іздестіру жүйесіне жүгіне білуді үйрену.

Сабақтың қысқаша мазмұны: «Виртуалдық  анықтаманың»  пайдаланушыларына     кызмет  көрсету  «Сұрақ -жауап» тәртібінде электрондық пошта аркылы жүзеге асырылады.

«Виртуалдык анықтама» келесі анықтамаларды ұсынады:

тақырыптық  - кұрамында  белгілі  бір  тақырыпта  кұжаттар  тізімінің болуымен бірге анықтама;

анықтағыш-библиографиялық - тұрғыдан сипаттаудың бұрмаланған элементтерін  белгілейтін   және /  немесе  оның  жоқтығын анықтайтын анықтама;

мекенжайлық - СҚМУ кітапханасы мен баска кітапханалар және ақпараттық орталықтарда    сұраныс салынатын  құжаттың болуын және / немесе оның тұрған   жерін.   Интернет   аркылы   жүзеге   асырылатын электрондық тізімдеме мен деректер қорына    ашық түрде кіруге рұксаты туралы анықтама;

фактографиялық - кез келген оқиға, тұлға,   ұйым,   зат және т.б.,  соның ішінде кітапханалық-ақпараттық  қызмет көрсетудің тәртібі,    оның реті мен жағдайлары туралы, соның ішінде кітапханада өткізілетін  шаралар (конференциялар, семинарлар,  көрмелер, саяхаттар) туралы мәліметтерді енгізетін анықтама.

Пайдаланушының сұранысы бойынша ізденіс қорытындысы келесі түрде ұсынылуы мүмкін. Деректерге сілтемелері бар мәтіндік жауап түрінде; соның ішінде интернет-корлары; библиографиялық тізім (10 атауларга дейін);

■  Кері нәтижелер болған жағдайда  пайдаланушыға жазбаша түрде оның негізделуі беріледі.

■  Толық мәтінді электрондық кұжаттар берілмейді.

■  Келесі сауалдармен байланысты:

заңды және медициналык кеңес берумен;

дайын   рефераттардың, курстық   және дипломдық жұмыстардың  ұсынылуымен;

математикалык, физикалық, химиялық және баска да міндеттерді шешумен байланысты;

сызбалармен, жоспарлармен, сүлбалар мен макеттердің өңдеу мен дайындалуымен бірге;

көңіл    көтеретін    сипаттағы    (сөзжұмбақтарды    шешу,    викториналарға, зияткерлік   ойындарға   және   жарыстарға   және   т.б.)   қатысуға   тиісті ақпараттардың ұсынылуымен байланыстылар қарастырылмайды.

Әдепсіз және   этикаға жатпайтын сұраныстар қарастырылмайды.

Сұраныстар тәулік бойы қабылданады, кітапхана кешенінің жұмыс істеу уақытында келіп түсу тәртібінде орындалады.

Орындауға қабылданатын бір пайдаланушыдан  келіп түскен сұраныстардың саны күніне бір данамен шектеледі.

Сұраныстың орындалу мерзімі 3 жұмыс күніне дейін созылады.


Бақылау сұрақтары:


  1. Ғаламтор желісінде уақытты үнемдеудің жолдары бар ма?

  2. Электронды анықтағыштар дегеніміз не?

  3. Электронды іздестіру жүйелерінің қызметі қандай?


Әдебиеттер:


  1. Европейские компьютерные права: Программа сертификации пользователей компьютера // ECDL –Программа сертификации пользователей компьютера. URL: http://www.ecdl.su/

  2. ИКТ в образовании: педагогика, образовательные ресурсы и обеспечение качества // Сб. тез. Междунар. конфер. ИИТО-2012, Москва, 13-14 ноября 2012 г. М.: Институт ЮНЕСКО по информационным технологиям в образовании, 2012. URL: http://ru.iite.unesco.org/publications/3214718/


8-тақырып: Электронды оқулықтар. Олардың жасалуына қойылатын мазмұндық және теориялық талаптар.

Сабақтың мақсаты: Электронды оқулықтардың түрлерін ажырата білу.

Сабақтың қысқаша мазмұны: Білім беруді ақпараттандырудың президенттік бағдарламасы электронды оқулықтарды жасауға себепші болды. Бүгінгі күнде мектептегі білім берудің мазмұнының 60%-ы және кәсіби білім берудің 10%-ы түрлі сандық интерактивті мультимедиалық білім беру ресурстарын (СИМБР): электронды оқулықтарды (ЭУ); мультимедиалық оқыту бағдарламасын (МОБ); виртуалды саяхаттарды (ВС); электронды дидактикалық құралдарды (ЭДҚ) және т.б. жасау жолымен сандық форматқа көшірілгені бізді қуантады. Электронды оқулықтардың, дәстүрлі қағаз кітаптардан айырмашылығы «жанды» болып келеді және педагогика ғылымдарының негізін салушы Ян Амос Каменский тұжырымдаған: «Барлық мүмкін деген нәрселерді қабылдауды сезіммен жүзеге асыру керек, атап айтқанда: қабылдау үшін көруді, көзбен; естуді есту қабілетімен; иістерді иіс түйсігімен; дәмге тиістіні дәммен; түйсікке қатыстыны түйсіну жолымен. Егер қандайда болмасын затты бірнеше сезіммен қабылдау керек болса, бірнеше сезімді салу» дидактиканың алтын ережелеріне сәйкес келеді. Оқылатын пәннің әр тақырыбын авторлар көзбен көру арқылы ұсынған. Мектеп оқушылары оқу материалын көру арқылы қабылдауды қамтамасыз ететін түрлі суреттер, сызбалар, фотосуреттерді көре алады, тарихи және географиялық карталарды, көркем экспонаттарды және тағы басқа көптеген нәрселерді қарастыра алады. Электронды оқулықта, қарастырылып жатқан құбылыстардың өзара байланысын және олардың түпкі мағыналарын ашатын жан бітірімдер ерекше орын алады. Мысалы, оқушы физика, химия, биология пәнінен тәжірибелер жүргізіп және зертханалық жұмыстарын үйінде отырып компьютерде орындай алады. Оқу материалын бірнеше рет көре алу мүмкіндігі балалардың жеке басының ерекшелігіне сай: біреулеріне өмір бойы есте сақтап қалу үшін бірақ рет қарап шығу жеткілікті, екіншілеріне – материалды бірнеше рет қарап шығу қажет. Бұның барлығы мүмкін, өйткені оқушы электронды оқулықпен жеке жұмыс жасайды. Ал бұның мұғалімге қандай көмегі бар! Оқу материалы түгелдей көркемделген. Мұғалімге көрнекі дидактикалық құралдарды даярлау қажет емес. Көркемделуі кәсіби деңгейде орындалған. Слайдтар – бұл принтер арқылы қағазға басып шығаруға болатын қолайлы таратылым материалы. Барлық электронды оқулықтар қазақстандық білім беру стандартына сәйкес жасалған. Олар нақты бір сабаққа бағытталып қана қоймай, сондай-ақ жалпы оқытылу пәнінің мазмұнына бағытталған, бұл оқушыға оқу материалын біртұтас етіп және олардың өзара байланысын көрсете алады. Оқытудың педагогикалық маңыздылығы бар интерактивті орта пайда болады.

hello_html_m2ee1d2b1.jpg

Әрбір электронды оқулық үлкен авторлық ұжыммен даярланады, біріншіден ғылым докторлар мен кандидаттар, профессорлар мен доценттер, республикамыздағы қандай да болмасын пән саласындағы ең жақсы мамандар. Сонымен қатар, авторлық ұжымға педагог-технолог, әдіскер және міндетті түрде бағдарламалаушы, жан бітіруші, дизайнер, дыбыс операторлары және басқалар кіреді. Әр ата-ана өз баласына сапалы білім беруді қалайды. Сабақтан сабаққа, сыныптан сыныпқа бұған көмекке келетін мектеп. Ал біздің электронды оқулықтар, өзінше бір репетитор ретінде мұғалімге оның дербес өздік жұмысын сапалы ұйымдастыруға көмектеседі. Бірақ бір маңыздылығы, мұғалім бұл электронды оқулықпен өзі таныс болуы тиіс, ол бұл оқулық арқылы балалардың алға жылжуын көре отырып және қазір көптеген мектептерде интерактивті тақталар мен мультимедиалық кабинеттер бар болғандықтан, өз сабағының қойылымына электронды оқулықтың көріністерін қосуы керек. Электронды оқулық – бұл оқушыға ғана емес, сонымен қатар мұғалімге де көмек.


Бақылау сұрақтары:


  1. Электронды оқулық түрлерін атаңыз.

  2. Оның әлсіз немесе ұтымды тұстары бар ма?

  3. Әдебиеттердің электронды нұсқаларын жасаудың тиімділігі неде?





Әдебиеттер:


  1. Conole G. ICT and general administration in educational institutions: Policy Brief, May, 2012. Moscow: UNESCO Institute for Information Technologies in Education, 2012. URL: http://unesdoc.unesco.org/images/0022/002202/220241E.pdf

  2. Применение ИКТ в высшем образовании стран СНГ и Балтии: текущее состояние, проблемы и перспективы развития: Аналит. обзор. СПб.: ГУАП, 2009. URL: http://iite.unesco.org/pics/publications/ru/files/3214561.pdf


9-тақырып: Мультимедиялық презентациялар (Power Point, Prezi, Keynote, Book Creator).

Сабақтың мақсаты: Power Point, Prezi, Keynote, Book Creator секілді бағдарламалар арқылы жұмыс жасау жолдары, олардың бір-бірінен ерекшеліктері, зерттеу тақырыбына байланысты мультимедиялық презентация жасау кезінде ескеруі қажет тұстарына тоқталу.

Сабақтың қысқаша мазмұны: Слайд үлгілері аз уақыт ішінде әдемі көрсетілімдерді оңай жасау үшін жасалған. Барлық слайдтарда бірдей қаріп және кескіндер (мысалы, логотиптер) болуын қалаған кезде басты слайдқа өзгертулер енгізу керек.

hello_html_m4fc19471.png

Басты слайд деген не және слайд үлгілері, слайд орналасулары мен бірге жұмыс істейтін тақырыптар туралы түсіндірудің ең жақсы жолы. Алдымен, слайд үлгілерінен бастап, содан соң тақырыптар мен слайд орналасуларына өтейік.

Басты слайд көрінісіндегі басты слайд қаріпті өзгертуге, кескін қосуға және басқа өңдеулерді орындауға болады. Басты слайд көрінісіне өту үшін Көрініс қойындысындағы Басты слайд түймешігін басыңыз. Басты слайд — экранның (төменде көрсетілген) сол жақ бөлігіндегі нобай тақтасындағы негізгі слайд. Байланысты слайд орналасулары басты слайдтың астында көрсетіледі.

hello_html_2d9ec25c.png

Басты слайдты өңдеген кезде үлгі ретіндегі барлық слайдтарда осы өзгертулер орындалады. Дегенмен, орындайтын өзгертулердің көпшілігі үлгімен байланысты слайд орналасуларына орындалуы мүмкін. Слайд үлгілері мен байланысты слайд орналасуларын пайдаланудың бірнеше себептері мыналар:

  • Басты слайд көрінісінде орналасулары мен басты слайдты өзгерту арқылы көрсетілімдегі барлық слайдтарға кең ауқымды мәнер өзгертулерін жасауға болады. Содан соң, қалыпты көріністе көрсетілімді жасаған кезде осы орналасуларға негізделген жаңа мәнерлерді қосасыз. Өзгертулерді басты слайдқа немесе орналасуына бір рет қана жасайсыз және ол осы үлгідегі және байланысты орналасулардағы барлық слайдтарға қолданылады.

  • Орналасулар мен слайд үлгілеріне басты слайд көрінісінде мазмұнды (мәтін, бейнелер, диаграммалар, клипарт, фон, т.б.) өзгерту және пішімдеу сияқты өзгертулерді жасаған кезде көрсетілімде (қаліпті көріністе) жұмыс істейтін басқа пайдаланушылар сіздің жасаған әрекеттеріңізді жоя немесе өңдей алмайды. Жеке слайдтарды құрастыруға дейін басты слайдпен орналасуларын өңдеу жақсы идея. Осылайша көрсетілімге қосатын барлық слайдтар арнайы өңдеулерге негізделеді. Егер басты слайдты немесе орнасуларын жеке слайдтарды құрастырғаннан кейін өңдесеңіз, өзгертілген орналасуларды көріністегі бұрыннан бар слайдтарына қалыпты көрініске қайта өзгертуіңіз керек. Не болмаса, өзгертулерді слайдтарда көрмейсіз. Жаңарту үшін әрбір тақырыпта басты слайд бар. Әрбір басты слайдта тақырып түстерін, қаріптерін және әсерлерін көрсететін байланысты слайд орналасуларының жиынтығы бар. Слайд орналасуларын басты слайд көрінісінде өзгертуге және басқаруға болады. Басты слайд көрінісіне өту үшін Көрініс қойындысында Басты слайд түймешігін басыңыз. Орналасулар экранның сол жағындағы нобай тақтасындағы басты слайдтың (жоғарыда) астында орналасқан.

Төмендегі сурет Негізгі тақырып үшін басты слайд пен он орналасудың екеуін көрсетеді.

hello_html_m3c807996.png

Әрбір тақырыпта (және басты слайд) орналасулардың әр түрлі сандары бар. Егер негізгі тақырып арқылы көрсетілім жасап жатсаңыз, берілген барлық орналасуларды пайдаланбауыңыз ықтимал. Слайдтың мазмұнына сәйкес келетін орналасуларды таңдайсыз, ал басқаларын елемейсіз немесе жоясыз.

Қалыпты көріністе орналасуларды слайдтарға қолданасыз (төменде көрсетілген).

hello_html_m1e9d9faf.png

Бұл орналасулар, слайд үлгілері мен тақырыптар бірігіп жұмыс істейтін жер. Әрбір слайд орналасулары әр түрлі реттелген, мысалы, әрбір орналасудағы әр түрлі орындарда толтырғыштардың әр түрлі түрлерімен. Әрбір тақырыпты жасайтын дизайнер слайд орналасулары қалай орналасқанын, басты слайдта орналасулардың санын және бұл тақырыпты жасау үшін пайдаланылатын қаріпті, әсерлер мен түстерді анықтайды. Мысалы, әрбір басты слайдта Слайд орналасуының тақырыбы деп аталатын байланысты слайд орналасуы бар. Дегенмен, әрбір тақырып осы орналасу үшін мәтінді және басқа нысан толтырғыштарын, сондай-ақ әр түрлі түстермен, қаріптермен және әсерлермен өзгешелеу реттейді. Сурет төменде алдымен Тақырып слайдының орналасуы деп аталатын орналасудың Негізгі тақырыптың нұсқасын көрсетеді. Сондай-ақ, өзгешелік үшін төмендегі слайд орналасуы — Интеграл тақырыпқа арналған Тақырып слайдының орналасуы.


Бақылау сұрақтары:


  1. Мультимедиялық презентация жасаудың қандай жолдары бар?

  2. Қайсысы тиімді?

  3. Презентация жасау кезінде ескерілетін мәселелер қандай?


Әдебиеттер:


  1. Нургалиев Г.К., Тажигулова А.И. Педагогические технологии информатизации образования. – Алматы: РЦИО, 2002.

  2. Жатапова А.А., Рудик Г.А., Белошниченко Е.В., Сатывалдиева А.С. Педагогика ХХІ-го века на пороге школ. – А., 2009.


10-тақырып: Электронды ресурстардың бір түрі - аудио және бейнематериалдарды жасауда қолданылатын бағдарламалар (Aurasma, iMovie, т.б.).

Сабақтың мақсаты: Aurasma, iMovie бағдарламаларын компьютер, iPad, ұялы телефондарда қалай жасауға болатындығына тоқталу.

Сабақтың қысқаша мазмұны: Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда.

Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.

Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды. Мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Осыған орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады. Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі - «интерактивті оқыту әдісі». Негізгі қағидасы-педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. Интерактивті әдістерге мыналар жатады:

  • проблемалық шығарма әдістері;

  • презентациялар пікірталастар;

  • топпен жұмыс;

  • миға шабуыл әдісі;

  • сын тұрғысынан ойлау әдісі;

  • викториналар;

  • зерттеулер;

  • іскерлік ойындар;

  • рөлдік ойындар;

  • инсерт әдісі т.б

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында интерактивті технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім беру үрдісіне шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Сондай-ақ оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады. Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері қазақ тілі, әдебиет және математика сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асырудың негізгі құралы компьютер болып табылады. Енді, осы ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы жұмыс түрлеріне тоқталып өтуді жөн көрдім.


Бақылау сұрақтары:


  1. Аудио және бейнематериал жасауға қажет қандай бағдарламалар бар?

  2. Олардың бір-бірінен ерекшеліктері неде?


Әдебиеттер:


  1. Красильникова В.А. Информационные и коммуникационные технологии в образовании. – М.: Дом педагогики, 2006.

  2. Информационные и коммуникационные технологии в образовании :

монография / Под.редакцией: Бадарча Дендева – М. : ИИТО ЮНЕСКО, 2013. – 320 стр.


11-тақырып: Электронды оқу-әдістемелік құралдар. Нәтижені бағалау үшін қажетті бағдарламалар (Kahoot, Quizlet, Grade Cam).

Сабақтың мақсаты: Кез келген меңгерілген тақырыпты пысықтау үшін қызықты тапсырмалар мен жаттығуларды әзірлеуге қажетті бағдарламалар жеке-жеке түсіндіру, практикада жасау.

Сабақтың қысқаша мазмұны: «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында интерактивті технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім беру үрдісіне шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Сондай-ақ оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады.

Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері қазақ тілі, әдебиет және математика сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асырудың негізгі құралы компьютер болып табылады. Енді, осы ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы жұмыс түрлеріне тоқталып өтуді жөн көрдім.

Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Өзіміз қызмет жасайтын мектепте жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған. Мектеп кабинеттерінде интерактивті тақта орнатылған. Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймыз.

Білім берудегі интерактивті технология (интерактив сөзі-inter (бірлесу) act (әрекет)) сабақ барысында оқушылардың сабаққа қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. Интерактивті тақта мүмкіндігін пайдалана отырып, өткізген сабақтар мұғалімнің оқу процесінде уақытын үнемдей отырып, оқушыларға көптеген ақпараттарды беруге көмектеседі. Интерактивті тақтаның керемет мүмкіндіктері оқушыларды таңғалдырады, шабыттандырады, қызықтырады. Оқушылар ойнап отырмыз деп ойлайды, шындығында олар қызығып, таңғалып, шабыттанып отырып білім алады деп ойлаймыз.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі –  білім беру ұйымдарына электрондық оқыту (е-learning) енгізу.

Мемлекеттік бағдарламада: «Оқушы автоматтандырылған жүйеде жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар электрондық дәптерді, сынып журналын, хабарландыру қызметі (алда болатын жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар, есептілік және т.б. жіберу) толтыратын болады. Оқытушылық жүктемені, сабақ кестесін, үлгерім мониторингі мен оқушылардың сабаққа келуін, педагогтің қызметін, есептілікті директордың орынбасары жүзеге асырады. Жүйе әкімшісі оқшау және ғаламдық есептеу желісін, телефон жүйесін немесе дауыс поштасы жүйесін қоса алғанда, көп қолданыстағы компьютерлік жүйенің жұмыс істеп тұруына жауапты болады»  – деп көрсетілген.


Бақылау сұрақтары:


  1. Нәтижені бағалау үшін қажет қандай бағдарламалар бар?

  2. Оларды практикада қолдану жолдары?


Әдебиеттер:


  1. Коммерс П. Социальные медиа в обучении с применением ИКТ: Аналит. записка, март, 2011. М.: Институт ЮНЕСКО по информационным технологиям в образовании, 2011. URL: http://iite.unesco.org/files/policy_briefs/pdf/

  2. Conole G. ICT and general administration in educational institutions: Policy Brief, May, 2012. Moscow: UNESCO Institute for Information Technologies in Education, 2012. URL: http://unesdoc.unesco.org/images/0022/002202/220241E.pdf


12-тақырып: Тақырыптық және арнайы сайттар. Сайт картасы.

Сабақтың мақсаты: Практика жүзінде тегін сайт жасау мүмкіндіктерін игеру.

Сабақтың қысқаша мазмұны: Әлемдегі ең алғашқы сайт Info.cern.ch 1990 жылы пайда болды. Сайтты жасаған  Тим Бернерс-Ли.

Сайтың түрлері көп. Солардың интернетте ең көп таралған түрлерің ғана атап өтейін:

1 - Ақпараттық сайт. Яғни адамдарды ақпараттармен қамтамасыз етіп отыратың сайттар. Көбінесе осындай сайттар жаңалық сайттары болып табылады.

2 - Көңіл-көтеру сайты. Осы секілді сайттарда адамдар тіркеліп, бір-бірімен сөйлесе алады немесе қызықты оқиғаларды оқып біле алады. Бұл секілді сайттар - социалды желілер (Mail.Ru, Vk.Com, Skype.com, Nur.kz) және анекдоттар сайттары жатады.

3 - Визитка-сайт. Бұл белгілі бір адамның интернеттегі визитка сайты болып табылады. Олар көбінесе бір беттік болып келеді. Адамның аты-тегі, суреті болады.

4 -
Wap-сайт. Бұлар мобильді сайттар, яғни телефонға (сымтетікке) арналған сайттар. Мысалы: pux.su. Айтпақшы осындай wap-сайттар тағыда белгілі үлкен порталдарда да қолданылады. Мысалы: m.mail.ru немесе m.yandex.kz.

«Блог дегеніміз – он-лайн күнделік». туралы ғаламторда жазылғандарды жинақтасақ: блогтағы хабарлар хронологиялық тәртіпте орналасады; блогты негізінен бір адам, бірінші жақтан жазады; блогта автор басқа сайттарға сілтемелер жасайды; блог жиі жаңарып тұрады; блогтағы хабарларға пікір қалдыруға болады; блог арқылы оның авторы туралы көзқарас қалыптастыруға болады; блогты негізінен әуесқойлар (олардың арасында кәсіби журналистер немесе ақын-жазушылар да бар) жүргізеді; блогтарда түрлі мәтіндер, фотосуреттер, аудио, видео болуы мүмкін. Қазіргі таңда қазақша блог жасаушылар blogger.com және wordpress.com сайттарына тіркелу арқылы жеке блогтарын ашады.


Бақылау сұрақтары:


  1. Сайттың қандай түрлері бар?

  2. Сайт картасы неден тұрады?


Әдебиеттер:

  1. Применение ИКТ в высшем образовании стран СНГ и Балтии: текущее состояние, проблемы и перспективы развития: Аналит. обзор. СПб.: ГУАП, 2009. URL: http://iite.unesco.org/pics/publications/ru/files/3214561.pdf


13-тақырып: Ғылыми жұмысты тиімді жүргізуге қажет өзге де электронды ресурстар. Электронды кітапханалар.

Сабақтың мақсаты: Отандық және шетелдік электронды кітапханлар жүйесін салыстыру. Тиімді жақтарын айқындау.

Сабақтың қысқаша мазмұны: Қазіргі заманғы Қазақстан әдебиетінің электрондық кітапханасы он-лайн режимінде заманауи Қазақстан әдебиеті қорына қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Кітапхананың ең басты міндеттерінің бірі –  тұрғындардың оқуға құштарлығын арттыру арқылы мемлекетімізде кітап оқудың беделін көтеру, жас ұрпақты оқуға тарту және төлтума мәдениетімізді сақтап қалу. Осы міндетті жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы кітап пен оқуды кеңінен насихаттау үшін әртүрлі мәдени іс-шаралар өткізеді. Олардың қатарында жаңа кітаптардың тұсаукесер рәсімдері де бар. Осы тұсаукесер рәсімдерінде ҚР Ұлттық кітапханасы жаңа кітаптардың авторларымен Авторлық келісімшарт жасайды. Әдеби шығармалардың электрондық кітапханасын жасау жобасы 2007 жылдан бері іске асырылып келеді. Дүйсенбек Нақыпов, Эрнест Төреханов, Аслан Жақсылықовтар Ұлтық кітапханамен келісімшартқа қол қойған алғашқы авторлар болып табылады. Қазіргі заманғы Қазақстан әдебиетінің электрондық кітапханасы Авторлық келісімшарт негізінде авторларға Ғаламтор желісінде өздерінің әдеби шығармаларын еркін жариялауға мүмкіншілік туғызады. Барлық шығармалардың Авторлық құқығы авторларға тиесілі болып табылады және заң жүзінде қорғалады. Бүгінде бүкіл дүниежүзілік мұраны іс жүзінде арнайы орын не жай бөлмей-ақ,   үйге не кеңсеге сыйдыруға болады. Электронды кітапханаға Интернетке қосылған кез-келген компьютер не мобильді құрылғы арқылы қол жеткізе аласыз. Қажетті кітапты табу қиындық туғызбайды.    Электронды кітапхананың міндетті элементтерінің бірі болып баспалдақты құрылымды электронды каталог саналады, ол кітапты қосу не  жою шараларына байланысты автоматты түрде толықтырылады және жаңартылады. Сонымен қатар, электронды кітап қоймасында іздеу жүйесі қарастырылған,  мұнда кітапты атауымен, авторымен, шығу мерзімі және басқа деректерге байланысты тауып алуға болады.  

http://kazneb.kz  
- ҚР мәдениет және ақпарат Министрлігінің «Электронды мемлекеттік кітапхана қорын қалыптастыру» жобасы электронды кітап қоймасына электронды каталог арқылы, әртүрлі тәртіпте Интернет арналары арқылы электронды құжаттар көшірмесіне электронды таспырыс, әйтпесе толық мәтінді түрде қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Қазақстанның ұлттық электронды кітапханасын қалыптастыруға еліміздің барлық ірі кітапханалары, облыстық  және жоғаыр оқу орындарының кітапханалары, қоғамдық мекемелер және жеке тұлғалар: барлығы қазақстандық, таяу және алыс шетелдік 75 мекеме, 300 автор   қатысады.    Оның ішінде -2 Ұлттық ктіапхана, 18 – облыстық әмбебап ғылыми кітапхана, 10 – орталық қалалық кітапханалар жүйесі, 33 – жоғарғы оқу орны кітапханалары, 11 – қоғамдық орталықтар, институттар, музейлер және басқа мекемелер.
«Кітаптардың Е-көшірмесі» тарауы «Мәдени мұра», «Қазақстандық», «Қазақстан кітапханаларының сирек басылымдары» атты үш каталогтан тұрады.               «ҚР ҰКА каталогы» Қазақастан Республикасының Ұлттық кітапханасының академиялық кітапханасының басылымдық және электронды ресурстарын қамтиды. Каталог келесі тақырыптық катлогтардан құралған: «Кітаптар», «Медиатека»,  «Мұнай және газ», «Шет тілдердегі әдебиеттер», «Авторефераттар мен диссертациялар». 

http://kaztube.kz/ru/books 
- қазақастандық интернет ресурстардың ішінде бүгінде  ең көп қаралатын осы ресурс. Оның басты үстемдігі, портал өзін эксклюзивті  отандық контенті қолдайтын бағытта жұмыс істейтін ресурс ретінд көрсетті. Сонымен қатар Интернетте мемлекеттік тілдің дамуына болысады. Порталдың қызметінің негізгі бағыты болып Қазақстанның мультимедиялық контентін туындататады және жинайды. Қазақстандық Интернет-теледидарды, радионы қалыптастырады..

 http://www.bibliorossica.com 
- заманауи зерттеушілер, оқытушылар  мен  студенттерге арналған электронды-кітапханалық жүйе. Мұнда маңызды ғылымдар бойынша  және оқу әдебиеттер топтамалары жинақталған.


Бақылау сұрақтары:


  1. Электронды кітапхана құрылымы қандай?

  2. Ғылыми зерттеу жұмыстарын тиімді жүргізуге қажет бағдарламаларды атаңыз.


Әдебиеттер:


  1. Машбиц В.В. Психолого-педагогические проблемы компьютеризации обучения. – М., 2005.

  2. Бөлекбаева Қ. Ұстаздық ізденістер (озық іс-тәжірибелер жинағы). – Алматы, 2007.


14-тақырып: Ғаламтор жүйесі. Қарым-қатынасқа негізделген бағдарламаларды ғылыми мақсатта пайдалану жолдары.

Сабақтың мақсаты: Ғаламтор жүйесінің пайдалы және зиянды жақтарын айқындап, талдау жұмыстарын жүргізу.

Сабақтың қысқаша мазмұны: Біздің күнделікті өмірімізге байланысты ақпараттарды алудағы маңызды құрал ол - Ғаламтор. Адамзаттың интелектуальдық өмірі үшін ол аз мағына бермейді. Ғаламтордың ақпараттық қуатты  мүмкіншілігін  біз әлі  тереңірек ұғына қойған жоқпыз Ал  ғаламторды қолдану барысында  барлық адамдардың өмір сүру  аймағында  қазір күдік тудырмайды.  Өз мүмкіншілігінде  ғаламтор философиялық дисциплина және философияның ғылыми жұмыстарын зерттейді. Маған ұсынылған желілік ресурстардың анықталған формасының мүмкіндіктері бір бірімен байланысты. Олардың орталығы  ғылыми ресми немесе  бейресми сайттары  ғылыми және оқыту  ұйымдарды болып табылады. 1957 жылы Кеңес Одағы Жердің жасанды серігін ұшырып, космостық кеңістікте бірқатар алға шыққан болатын. Бұл өз кезегінде АҚШ-да біршама алаңдатушылық тудырып, АҚШ Қорғаныс Министрлігі ақпаратты тасымалдаудың сенімді жүйесін құру туралы шешім қабылдады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін АҚШ-тың алдыңғы қатарлы жобаларды зерттеу агенттігі (ARPA) компьютерлік желі құруды ұсынды. Бұл желіні құру ісі Лос-Анджелестегі Калифорния университеті, Стэнфорд зерттеу орталығы, Юта штатының университеті және Санта-Барбара қаласындағы Калифорния штатының университеттеріне тапсырылды. Компьютерлік желі ARPANET деп аталып, 1969 жылы аталған төрт ғылым орталықтарын біріктірді, барлық жұмыстарды АҚШ Қорғаныс министрлігі қаржыландырып отырды. ARPANET желісінің даму қарқыны өте жылдам болды, оны әр түрлі ғылым саласындағы зертеуші-ғалымдар да кеңінен қолдана бастады. ARPANET желісінің алғашқы сервері 1969 жылдың 1 қыркүйегінде Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде орнатылды. Сервер ретінде орнатылған «Honeywell 516» компьютерінің оперативті жад көлемі небәрі 12 КБ болатын. 1971 жылы желі арқылы электронды почта әртүрлі хабарламалар жіберуге мүмкіндік беретін алғашқы компьютерлік бағдарлама жасалып, кеңінен тарала бастады. 1973 жылы бұл желіге трансатлантикалық телефон сымы көмегімен Ұлыбритания және Норвегияның ұйымдары қосылып, желі халықаралық сипатқа ие болды. 1970 жылдары интернет желісі тек электронды почта арқылы ақпарат жіберу үшін ғана пайдаланылды. Бірақ, бір кемшілігі интернет желісінің басқа техникалық стандарттарға негізделген желілермен байланыс орнату мүмкіншілігі болмады. 1970-жылдардың соңында мәліметтерді тасымалдау стандарттары үлкен қарқынмен тарала бастады. 1982-83 жылдары бұлардың барлығы бір стандартқа келтірілді. 1983 жылдың 1 қыркүйегінде ARPANET желісі NCP протоколынан TCP/IP протоколына көшірілді. Бұл протокол қазіргі кезге дейін желілерді біріктіруде кеңінен қолданылады. 1983 жылы ARPANET желісіне қатысты айтылатын «Интернет» термині пайда болды. 1984 жылы домендік аттар жүйесі (DNS) жасап шығарылды.

1984 жылы ARPANET желісіннен бөлек жаңа желілер пайда бола бастады. Солардың бірі АҚШ Ұлттық ғылыми қоры (NSF) өз ішіне көптеген шағын желілерді (сол уақыттарда-ақ танымал болған Usenet және Bitnet желілерін қоса) біріктірген университетаралық ауқымды NSFNet (|National Science Foundation Network) желісін құрды. Бұл желінің ақпарат тасымалдау қабілеті ARPANET желісіне қарағанда, біршама артық еді. Бір жыл ішінде бұл желіге 10 мыңдай компьютер қосылды. Ғаламтор... Ескі мен жаңаның, өткен мен болашақтың, қатігездік пен мейірімнің, бар мен жоқтың мидай араласқан ортасы. Өз қасыңдағы оқиғаға, іске, түрлі тағдырға назар салмауыңыз мүмкін, бірақ өзге қиырдағы қилы тағдырға көз моншағыңызды үзесіз. Ең бастысы қандай ақпарат оқысаңыз да, соған сай жауап қалдыруыңызға, пікір білдіруге құқыңыз бар. Сіз саясаттанушы, мәдениеттанушы, болмаса философ яки әлдебір саланың ғалымы болуыңыз шарт емес, көзқарасыңыз өзіңізге, жазыңыз, қалдырыңыз, шамына тиіңіз, сынаңыз, мінеңіз, алғыс айтыңыз – ерік алдыңыздағы компьютердің перне тақтасына басылған саусақтарыңызда. Танысыңыздан ажырап, танымасыңызды жақын тұтатын мезгіл қазір. Иіріміне ессіз үңілген кейбір жандар оның тұтқынына да айналып үлгерген. Жалғыздық пен күйзелістің асау толқындарына жұтылғандар қаншама? Бұйығы, жадау-жүдеу... Бұл да бір өтпелі кезең шығар. Жамандығын айтып тауыса алмайсыз, ал жақсылығы да ұшан-теңіз. Тек соны орнымен пайдалана  білсек, мүмкіндігін барынша ықтиятпен жүзеге асырып, адами қалпымызды нықтап, білімімізді асыруға жұмсасақ. Академиялық кітапханалардың орнын Интернет баса алмайды. Бірақ оның да ғылыми тегеуріні шексіз. Тек аздаған мәдениет керек... Ғаламтор мәдениетін ерте игермеу өзімізге сын. Интернеттің иіртпегіне түсіп, былыққандар мен ылыққандардың қармағын қапқан ұрпақты сауықтыру үшін ұлттық иммунитеттің күші жеткілікті болуы ләзім. Ал оған шамамыз жетпесе мылқау ұрпақ пен соқыр жеткіншек, керең өспірім қаулайды. Қазір сол дәуірдің басы. Болу мен бордай тозудың арасы. Ғаламтор желісінің пайдасы өте көп. Себебі өмірдің кез-келген саласына қажетті ақпаратты жылдам алуға, басқа қолданушылармен ақпарат алмасу мүмкіндігіне ие боласың. Ақпаратты алу немесе беруде белгілі уақытқа тәуелді болмайсың, керек уақытыңда қарауға, жіберуге болады. Ғаламторда көп уақыт отыру т.б зияны туралы айтсақ ол адамның өзіне байланысты, ол өзіне-өзі кесте қою керек, белгілі бір уақыт мөлшерінде отыру, қажетсіз ақпараттарды қарамау сияқты өзіне шектеу қойған жағдайда адамға зияны аз болады. Әрине кез-келген дүниені шектеусіз пайдаланса оның зияны болады, мысалы тамақтың өзін қалыптан көп ішу, кітапты өте көп уақыт көз алмай оқу, көп ұйықтау т.сс. Сондықтан Ғаламтордың тек жақсы жақтарын пайдаланып керегімізге қолданған жөн!!! Таяқтың екі ұшы болатыны бәрімізге белгілі, дұрыс және бұрыс жақтары да болады. Ғаламтордың қол жетімділігі:

1.Алысты жақындату 

2.Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру. 

3.Сана-сезімді жоғарылату. 

4.Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру. 

5.Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру. 

6.Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу. 

7.Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу. 

8.Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету. (материалдарды және моральді жағынан болсын) Яғни мүгедек адамдарға немесе отбасы ахуалы нашар адамдарға, жетімдер үйіне, денсаулығы нашар науқастарға қаржылай қол ұшын беру.



Бақылау сұрақтары:


  1. Ғаламтор жүйесінің пайдалы және зиянды тұстарын айта аласыз ба?

  2. Заманауи қарым-қатынасқа негізделген бағдарламаларды ғылыми мақсатта қалай пайдалануға болады?


Әдебиеттер:


  1. Гершунский Б.С. Компьютеризация в сфере образования: проблемы и перспективы. – М., 2004.

  2. Манвелев С.Г. Конструирование современного урока. – М.: Просвещение, 2002.



ҚОСЫМША



hello_html_m1972d43d.png






hello_html_m7d14ca5e.jpg



«Білім берудегі инновациялар» пәні бойынша емтихан сұрақтары:


  1. Ғылымдағы және білім берудегі инновациялар мен жаңа технологиялар;

  2. «Text-to-speech» технологиясы;

  3. Электронды кітаптардың пайда болуы;

  4. Тіл үйренуші және жаңа технологиялар;

  5. «Converter» бағдарламасы

  6. Білім алушыға қажет ғаламтор-ресурстары;

  7. Конкордансер;

  8. Букридердің қызметі;

  9. cc және bcс мүмкіндіктері;

  10. Google doc мүмкіндіктері;

  11. Google-дің өзге де сервистері;

  12. Google Drive сервисінің мүмкіндіктері;

  13. Сабақ немесе материалды түсіндіруде, оны түрлендіруде және қайталап-сұрауда қолданылатын бағдарламалар;

  14. Танымал әлеуметтік желілер және олардың тигізер пайдасы;



Факультет Филология және педагогика ғылымдары

Кафедра Қазақ филологиясы

Пәннің аталуы Білім берудегі инновациялар

Студенттің аты-жөні _____________________________

hello_html_m3fac6ad0.jpgІске сәт!

1. hello_html_719cd704.jpgДұрыс жауапты көрсетіңіз.

1) Ғылым жетістіктері мен тиімді тәжірибелерді пайдалануға негізделген техника, технология, еңбекті ұйымдастыру және басқару саласындағы жаңалықтар енгізуді деп атаймыз?

А) жаңа технология Ә) инновация Б) жаңа әдістеме В) дұрыс нұсқасы жоқ.

2) Жаңадан енгізілген идеяларды жүзеге асыру кезеңдерін қолдайтын әдістер мен құралдарды не дейміз?

А) жаңа технология Ә) инновация Б) жаңа әдістеме В) дұрыс нұсқасы жоқ

3) «Text-to-speech» технологиясы дегеніміз не?

А) кітаптың электронды нұсқасы Ә) эллектронды нұсқасының дыбысты түрі

Б) электронды нұсқасының дыбыссыз түрі В) аудиокітаптың терминдік атауы

4) Электронды кітаптар ең алғаш қай жылы қолданысқа енгізілді?

А) ХХғ. 80 жж. Ә) ХІХ ғ. 90 жж. Б) ХХ ғ. басы В) ХІХ ғ. ссоңында

5) Электронды кітапты ойлап табушы кім?

А) Томас Фил Ә) Марк Стивен Б) Майкл Харт В) ойлап табушысы беймәлім

6) Тіл үйренуші сол тілдегі әндерді тыңдап, видеороликтерін көру арқылы ең бастысы неге қол жеткізе алады?

А) тіл мелодикасын сезінуге Ә) сөздік қорын байытуға Б) халық мәдениетін тануға В) еш нәтиже бермейді

7) «Converter» бағдарламасын бір сөзбен сипаттағанда беретін мағынасы:

А) хат тасушы Ә) форматтаушы Б) формат ауыстырушы В) сапасын арттырушы

8) Кез келген білім алушыға қажет ғаламтор-ресурстарының санатына кірмейтін қатарды көрсетіңіз.

А) салалық немесе тақырыптық сайттар Ә) онлайн-сабақтар мен конференциялар

Б) онлайн-сөздіктер мен аудармашылар В) визуалды сөздіктер мен электрондық кітаптар

9) Конкордансер дегеніміз не?

А) онлайн-кітапхана Ә) сөздік реестр Б) сайт атауы В) ғаламторға еш қатысы жоқ сөз

10) Букридердің басты қызметі:

А) электоронды кітаптарды оқу Ә) сөздерді онлайн аудару

Б) сөздердің айтылуын үйрету Б) электронды кітаптарды сақтау

11) cc және bcс мүмкіндіктері Google сервистерінің қай түрінде бар?

А) Google Drive Ә) Google Table Б) Google Sites В) Gmail

12) Google doc сервисіне ғана тән мүмкіндікті көрсетіңіз.

А) барлық нұсқаларының сақталуы Ә) басқа адаммен қатар отырып онлайн өзгерістер енгізе алу

Б) кез келген форматта жүктеп алу В) ондай мүмкіндігі жоқ

14) Қай сөз Google сервистерінің атауына жатпайды?

А) Google Группалар Ә) Google Classroom Б) Google Сейф В) барлығы Google сервисіне кіреді

15) Google Drive сервисінің сізге тегін беретін жады көлемі қанша?

А) 5 Гб Ә) 10 Гб Б) 15 Гб В) 20 Гб



2. hello_html_76a98000.jpgБерілген бағдарламаларды қажет топқа жатқызып, әрқайсысының тиісті ерекшеліктеріне тоқталыңыз.

Prezi -


Key Note –


Kahoot –


Grade.com –


Aurasma –


I-Movie –


«Объясняшка» -


Сабақ түсіндіруде

қолданылады


Сабақ түрлендіруде қолданылады


Сабақ сұрап, бағалауда қолданылады



3. hello_html_61525d7a.pngТіл меңгерушіге берілген ғаламтор-ресурстарының әр түрі қалай көмектесетінін жазыңыз.

  • Онлайн-сабақтар: ________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________

  • Онлайн-сөздіктер: ________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________

  • Ғаламтор желісіндегі дүкендер (интернет-магазин): ___________________________________

_________________________________________________________________________________________

  • Конкордансер мен сөздер корпусы: _________________________________________________

_________________________________________________________________________________________


4. hello_html_2e598eed.gifӘлеуметтік желілердің пайдалы тұстары бар ма? (Facebook, Skype, Vyber, тб.)

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

5. hello_html_3c0e9164.jpgТөменде берілген тақырыптардың біреуіне шағын ойтолғау (эссе) жазыңыз.

  • «Менің қиялымдағы жоба (бағдарлама)»

  • «Ең пайдалы сайт!»

  • «Білім мен көрнекілік – егіз ұғым»



Оқытушы: ассис.оқытушы Ж.М.Дүйсебекова

Кафедра меңгерушісі : ф.ғ.к., ассис.проф. А.Б.Нұржанова

Кафедра мәжілісінің хаттамасы № 4, 4 қараша 2015 ж.




Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 19.05.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров330
Номер материала ДБ-091190
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх