Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыМетодический материал "Елі сүйген, елін сүйген Елбасы"

Методический материал "Елі сүйген, елін сүйген Елбасы"

Скачать материал

Мақсаты:  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әлемнің аса ірі мемлекеттері мойындаған Президент екенін таныту, саяси сауаттылығын  арттыру; Оқушылар білімін кеңейту, ой өрістерін дамыту, елбасымызға деген құрмет сезімдерін тереңдету; ҚР -ның өркендеуіне өз үлестерін қосатын оқушылар тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, фотосуреттер, кітаптар, Нұрсұлтан Назарбаев туралы бүктемелер,ҚР -ның рәміздері, картасы, Елбасының жолдауы және т.б.

Түрі: тәрбие сағаты

                                        Барысы

Мұғалім: Құрметті  ұстаздар, ата - аналар және оқушылар! Бүгін 1- желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні, бүкіл халықтық мереке. Өздеріңді осы айтулы күнмен құттықтаймын.

Президент күні –  әлемде бар мереке. Мәселен, АҚШ-та ақпан айының әрбір үшінші дүйсенбісі «Президенттер күні» ретінде тойланады. Бұл күн АҚШ-тың алғашқы президенті Джордж Вашингтонның туған күніне орайластырылған. Исландияда 14-мамыр Президент күні болып саналады. Бұл күні Исландияның Президенті Олавур Рагнар Гримссон туған. Сол күні Исландияда мемлекеттік ту көтеріледі.

2011жылы Қазақстан Республикасы заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, «1- желтоқсан – ҚР бірінші Президент күні» болып мемлекеттік мереке ретінде белгіленді.

              Қазақстан  егеменді ел, тәуелсіз ел,

              Болашаққа  нық басып буынған бел.

              Көкке өрлеген, байрақты желбіретіп

              Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел.

              Шартарапта  шаттығыңдай азат күн,

              Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн!

              Көк байрағы, Елтаңбасы, бірлігі,

              Шалқи берсін Әнұраны қазақтың

 (Оқушылар ҚР- ның Мемлекеттік Әнұранын орындайды). Қосымша клип жүріп тұрады.

Мұғалім: Тәуелсіздік ! Қандай киелі сөз! Ата бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт аңсап өткен киелі сөз! Осы тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтарымыз  ?! Олар елдің қамы, жердің қамы үшін қан төгіп, ақыр соңында солар төккен қызыл қанның арқасында «Тәуелсіздік» атты бақытты қолымызға қондыра білдік, осы киелі сөздің мағынасын ұғына білдік. Сондай оқиғаның соңғысы «Желтоқсан оқиғасы». «Елім, жерім» деп қыршынынан қиылып, құрбан болған боздақтарымыздың есімдері сан ғасырлық тарихы бар еліміздің тарихынан, санасынан ұмытылмақ емес. Міне осындай ұлтжанды, батыр азаматтарымыздың арқасында 21жылдан бері тәуелсіз, бейбіт елміз. Тәуелсіз ел болған соң сол елдің тізгінін ұстар, болашаққа бастар басшысы болуы керек. Біздің бүгінгі сабағымыз елдің елдігін, халқының қамын ойлаған еліміздің алғашқы президенті, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады.

Үлпілдек.

Н.Ә.Назарбаев 6 шілде 1940 жылы Алматы облысы, Қаскелең ауданындағы  Шамалған ауылында дүниеге келген. Балалық шағы кейде айта беретініміздей «таршылық жағдайда» өтті: үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару деген керемет мереке саналатын. Мектепте өте ыждағаттылықпен оқып, көп қиналмай жақсы білім алды.

 Ата - анасын қатты құрмет тұтты, олар да таусылмайтын ақыл-кеңестерімен өмір жолын дұрыс көрсете білді.

Нәргүл:

Біздің  тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихындағы барлық жетістіктері, қазақ халқының егеменді заманда жаңаша ерекше өрлеуі,өркендеуі, рухани экономикалық еркіндігіміз, әлемдік қоғамдастық пен дүние жүзінің дамыған озық мемлекеттерімен тереземіз тең, дәулетті елдермен бірдей қарым- қатынас жасау жетістіктеріміздің барлығының алтын бастауы біздің мемлекетттің Тәуелсіздігінде.

     Мерей:

Тәуелсіздік халқымыздың, талай ғасырлардан бері ата бабаларымыздың ежелден көксеген арманы болғаны тарихи шындық. Сондықтан бұл тарихи шындықты әрбір қазақ жүрегімен түсінетіні хақ. Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаевтың осы тәуелсіздікке қол жеткізуіміз үшін сарабдал басшылығымен жасап келе жатқан зор еңбегін қазақ халқы жақсы біледі. Тіпті өзімізді былай қойғанда әлемнің көптеген озық елдерінің басшылары тарихи шындықты мойындап, қазақ елін құрметтейтінін көріп отырмыз.

     Райгүл:                

Мемлекеттік тәуелсіздігімізді жария еткен алғашқы сәттен бастап бүгінгі күнге дейін көрген жақсылығымыз, дербес Қазақстан мемлекетінің қуаттануымен абаттануы ең алдымен Елбасының еңбегімен және көрегендігімен тікелей байланысты. Нұрсұлтан Назарбаев жаһанның жаңа кезеңінде қазақ елінің жаңа дәуірін, ұлт рухының шарықтап қайта өркендеп өркениетке ұмтылуын кемеңгерлікпен ұйымдастыра білді.

     Шұға:

Елбасы қазақ елінің әлемдік бәсеке дәрежесіндегі даму жарысына батыл араласып, қиын да күрделі, ауыр да абыройлы жолын ғасырлар тоғысында бастады және мың салалы мемлекеттік істі адастырмай дұрыс жолға қоя білді. Бұл қазақ халқының маңдайына біткен бақыты мен мақтанышы, елдің бүгінгі жарқын өмір сүруіне жасалып отырған нақты кепілі.

     Ақниет:

Ғасырлар тоғысында Елбасының арқасында мың құбылған, сан алуан толқындардың жетегіне ілеспей, ерекше дараланып алға оза шыққан бүгінгі қазақ елі өзіндік қалыптасқан сара жолы бар іргелі мемлекеттердің біріне айналып отыр. Тәуелсіздік алғанымызға жиырма екі жыл толғалы отыр. Осы кезеңде өмірге келген өскелең ұрпақ азамат болды. Олар есейіп, егемен еліміздегі әр түрлі мемлекеттік құрылымдарда өз орнын тауып, бірі білім бұлағынан сусындап оқу оқыса, енді бірі еңбекке араласа бастады.

«Үшқоңыр» әні. Мерей, Үлпілдек, Ақниеттің орындауында

    Көрініс: «Нұрсұлтан ағаның көрген ғажап түсі».

- Шұбараттың төрінен Алакелді деген тік жол арқылы Үшқоңырға жаяу шығып, Сол жолмен бала күнінде жаяу  қайтатын. 7 - сыныпта оқып жүргенде,  таңертеңгі шәйға отырған кезде Сұлтан: «Апа, мен бір керемет түс көрдім», - дегені. Әлжан  ана: «Қандай түс көрдіңіз?» - деді елең етіп:

 Нұрсұлтан:

- Мына Алакелдінің жотасына бір қап тұз арқалап шығыппын. Тұзды жотаға алып шыққан соң ауыл жаққа қарасам, менің класым да, мектебім де, мектептегі балалар да, осы Шамалған ауылының бәрі төме-е-ен жақтан көрінді. Соны өзім арқалап шығарған тұз толы қаптың үстінен қарап отырып көрдім, - деді. Сонда анасы:

- Балам, сен өте үлкен адам болады екенсің, дәрежең өте жоғары болады екен. Несібең елден көп болады екен. Тұз деген - өте жақсы нәрсе. Алла тілеуіңді берсін, балам, мансабың жоғары, өрең терең, несібең аса мол, еңсең биік болады екен! – деп жорып, ақ батасын беріпті.

Райгүл:

Әбіштің отбасында Нұрсұлтаннан кейін Айсұлтан атты бала дүниеге келеді. Ол бала кішкене кезінде шетінеп кетеді де, одан кейін Сатыбалды дүниеге келеді. Балалары тұрмағасын ырымдап кіндік шешесіне қырқынан шыққанша еміздіріп, сатып алған есеппен Әбіш пен Әлжан ақша төлеп өздері алады. Сол себепті есімін ырымдап «Сатыбалды» деп қояды. Одан кейінгі бауырлары – Болат пен Әнипа.

Үлпілдек:

Елбасының жары Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы. «Өзіңді өзің таны» атты балаларға рухани адамгершілік білім беру және тәрбие беру идеясының авторы. Бүгінгі таңда елбасы -3 қыз,7 немере, 2 шөбере сүйіп отырған қамқор әке, мейірімді ата.

Мерей:

Елбасы еңбек жолын 1960жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастайды. Әке шешесі мұндай ауыр жұмыс істеуіне қарсы болады. Әкесі барып балқыған темірдің маңындағы баласын көріп, еліне қайтармақ болады. Бірақ 20жастағы жас жігіт табандылығының, еңбекқорлығының арқасында жұмысын жалғастырып, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. Осылайша еліміздің басшысы металлург болып еңбек жолын бастаған еді.

Нәргүл:

1991 жылы желтоқсанның 1-інде Қазақстан Республикасы Президенті үшін жалпыхалықтық сайлау өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті. Бүгінде еліміздің тұңғыш президенті, халқының сайлап алған қалаулысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз елімізді басқарғанына 22 жыл толып отыр. Былтырғы  жылдан бастап «1желтоқсан – Елбасы күні» мерекесі болып бекітілді.

Елбасы туралы бейнебаян көрсетіледі. «жан аға»

Шұға:

Еліміз тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктеріміз бен көрген жақсылығымыз, еліміздің қуаттануы мен гүлденуі Елбасының еңбегі мен сарабдал саясатының арқасы деп білеміз. Елбасы еліміздің өркендеп, өзге елдермен тереземіздің тең болып, иық тіресе биікке қарай өрлеуімізді кемеңгерлікпен ұйымдастыра білді. Ол бүгінде 130-дан астам ұлт өкілдерін бір шаңырақ астына жиып, татулық пен бірліктің тізгінін ұстаған кемеңгер көшбасшы.

Ақниет:

Біздің Елбасы –

Экономика ғылымының докторы,

Халықаралық инженерлік академиясының академигі,

Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі,

Әбунасыр әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің Құрметті профессоры,

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы,

Қазақстан Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы,

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы,

«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының төрағасы.

Райгүл: 

Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайын халыққа жолдау арнайды. Жолдау дегеніміз- ҚР- ның әлеуметтік экономикалық даму деңгейін арттыруға, азаматтардың әл ауқатының өсуіне және ел қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған ұзақ және қысқа мерзімді бағдарламалар жобасы. 1997 жылдан 2012 жылға дейін Елбасымыз халыққа 16жолдау жолдапты. Біз, жас ұрпақ еліміздің  болашағы болғандықтан Елбасы жолдауын мұқият, жауапкершілікпен тыңдап, есімізде сақтауымыз керек. Сонда ғана бізден елін, Отанын қастерлейтін азаматтар шығады.

Нәргүл:

Нұрсұлтан Назарбаев – бірқатар ғылыми еңбектердің, ғылыми қоғамдық, саяси тақырыптағы кітаптардың авторы. Демек , Елбасы- жазушы. Сонымен қатар Әнұранның, «Үшқоңыр», «Сарыарқа», «Елім менің» әндері сөзінің авторы, яғни ақын.

Ән «Сарыарқа» орындайтын Үлпілдек

Нәргүл:

Сөйлесіп бір жүрген қай сөзіңде де халықты биік қоясың,

Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың.

Жастықтың жалын шақтармен  бірге айтып арман әндерін,

Қазақстанның бақтарыменен бірге  жапырақ жаясың.

Халықтың мұңы мұңдайтының да, халықтың жыры жырлар жыр,

Көкірегіңде көнермей әлі, өткен де кеткен жылдар жүр.

Соңына ердау, сол ғана бізді жеткізеді деп бақытқа,

Бақытқа баста байтақ еліңді, бақытсыздықтан құр қалдыр.

Нұрсұлтан бар деп, нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,

Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.

Сүйеміз сені, санамыз сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,

Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.

Жесірге пана, қашанда қашан қамқор боп жүрсің жетімге,

Ананың тілі, баланың тілі сөйлесе білесің не тілде.

Қалам тербесек қалам жүрек берді есеп басынан өткен жылдарға,

Саған сенбесек, кімге сенеміз осынау жердің бетінде...

Райгүл:

                         Елбасы – төбеңдегі бақ жұлдызың,

                         Қаратты өз аузына жердің жүзін.

                         Сұңғыла саясатпен сара тіліп,

                         Ерітті тарихтағы тоңның мұзын.

                         Көпұлтты Қазақстан ерді ұлыға,

                         Ұрпаққа ер еңбегі – мәңгі мұра.

                         Бір жерге барлық діңнің басын қосып,

                         Әлемнің ықпал етті тағдырына.

Ақниет:

Жолдарың даңғыл, жолдарда осы тұлпарың талай көсілер,

Бәйгеден келсең қашан да алдан алады сені тосып ел.

Қазақстанның көлдеріменен көлдері сені жұбатып,

Қазақстанның шөлдерін көрсең, шөлдейсің бірге есіл ер.

Қазақстанның өзендерімен жосылып бірге ағасың,

Кезеңдеріне шыққан кезіңде қанатты қайта қағасың.

Тарих туған таланттың бағын ашып жатқаның ақиқат,

Еліңе келген қонақтың бабын және де өзің табасың.

Шұға:

            Төбемнен төңкергендей қара түнді,

            Түлетті тәуелсіздік қанатымды.

            Елбасы арқасында ел жаңарып,

            Арқаға Астанадай қала тұрды.

            Ежелде елтұтқалар ел орнатқан,

            Ұласқан ұрпағына олар мақтан.

            Елбасы – қасиетті аталы сөз,

            Мазмұны, мағынасы терең жатқан.

            Ту тіккен, еңсе тіктеп елдігің ғой,

            Өзгемен терезесі теңдігің ғой.

            Тоқтамас ғасырлардан озған дәуір,

            Тынысын сезінесің жазғанда жыр.

            Кеңестік көсемдерді мансұқ етіп,

            Кетті ғой көсем деген сөзден қадір.

            Әр сөздің астарында осы арада,

            Ағайын, ой жіберіп жіті қара.

            Тәуелсіз Қазақстан тарихында,

            Тұлғасы Елбасының жеке дара.

 

Мерей:                      

Елмен бірге тілегі,

Соғар бірге жүрегі.

Халқын қолдап шын сүйген,

Елбасы – елдің жүрегі.

                    Елдің қамын ойлаған,

                    Көреген көсем Елбасы.

                    Өзіңді қолдап сенеді,

                    Еңкейген қарт пен өр жасы.

                    Жеткізсін дейміз аман-сау,

                    2020 шың басы.

Үлпілдек:

Адаспай  салтымыздан халық тұтқан,

Елдіктің қасиетін таныттық сан

Жеткізген осы күнге,  уа, қазағым,

Өз ұлың өзегіңді жарып шыққан!

Секілді заңғардағы тау барысы,

Нұрсұлтан – ел тірегі, ел намысы!

Адамның бұл өмірде арманы жоқ,

Халқының бола берсе қорғанышы.

Хормен «Елім менің» әні орындалады.

Мұғалім: Балалар, біз бүгін сабағымызда Елбасын көп қырынан тани білдік. Сонымен елбасы кім? ( Оқушылар жауабы тыңдалады.)

Бейнероликтер арқылы 5- сынып оқушылары сұрақтар қояды.

1.     Н. Наазарбаев қай жылы, қай жерде дүниеге келді?(1940 жылы 6- шілдеде Алматы облысының Қаскелең ауданына қарасты Шамалған ауылында дүниеге келді.)

2.     Елбасының қанша немересі мен шөбересі бар? (7 немересі, 2 шөбересі бар. )

3.     Студенттерге арналған оқу орны қалай аталады? (Назарбаев Университеті)

4.     Елбасымыздың құрметімен аталатын мектептер қалай аталады?

 ( Назарбаев Зияткерлік мектептері)

     5. Президентіміздің сөзіне жазылған әндерді ата? ( Еліміздің Мемлекеттік «Әнұраны», «Үшқоңыр», «Сарыарқа», «Елім менің»)

     6. Н. Назарбаев қанша жасында президент болды? (50 жасында)

     7. Ол мектептердің, ауруханалардың, әкімшіліктердің алдында ілулі тұрады. Оның түсі шексіз ашық аспан  түсін білдіреді. Еліміздің спортшылары жеңіске жетіп, оны биікке көтеріп жүр. (Оқушылар жауабы тыңдалып, Тудың суреті көрсетіледі.) 

     8. Оның тарихи бастауында мөр таңбасы тұр. Оның мөрге бедерлеп түсірілген бейнесі ресми құжаттарға басылады. Ол тәуелсіздігіміздің төл белгісі болып табылады. Онда шаңырақ, жұлдыз, уық, қанатты тұлпар бейнеленген. (Елтаңба суреті көрсетіледі.)

 

     9. Ол салтанатты жиындарда айтылады. Біз оны шат көңілмен, мақтанышпен айтамыз. Оны жатқа айта алу- әр қазақ баласының міндеті. Мен де оны жатқа білемін. (Әнұран сөзі көрсетіледі.)

    10. Ол Астана қаласында бар. Ол темірлі құрылымдардан тұрады. Оның биіктігі- 105метр. Оны тұрғызу елбасының ойынан туындаған. Панорамалық залдың ортасында ағаш глобус бар. Онда Нұрсұлтан атамыздың алақанының ізі бар. (Бәйтерек суреті көрсетіледі.)

    11. Ол еліміздің  тәуелсіздігінің 5 жылдығына орай  Алматы қаласында тұрғызылған ескерткіш. Оның үстіңгі жағындағы қоладан құйылған қанатты барыстың үстінде оң қолында қыран құсы, сол қолында  садағы, белінде қанжары бар дулығалы сарбаздың  тұлғасы кескінделген. Оның биіктігі 28 метрге дейін жетеді. («Тәуелсіздік монументі» ескерткіші көрсетіледі.)

    12. Нұрсұлтан Назарбаев қай жылы ел Президенті лаузымына кірісті?(1991жылы, 10- желтоқсан)

Мұғалім:

Тәуелсіздік, тәуелсіздік жыр әнім,

Көк байрағым, Елтаңба, Әнұраным.

Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік,

Қолда елімді қасиетті Құраным!

Ғасырлардан жаһұттай жиған қылық.

Жасасын тәуелсіздік, бейбітшілік!

Ел болып көтерілген шаңыраққа

Тілейміз бақыттылық, баяндылық!

Би:«Көк тудың желбірегені» қосымша клип жүріп тұрады.

Тәуелсіз еліміздің аспаны ашық, елі аман, жұрты тыныш болсын, ел басқарған Елбасымыз болашағы, жас ұрпақ, сендердің қолдарыңда. Сондықтан елдің, халықтың қамын ойлайтын азамат болыңдар дегім келеді. Бүгінгі шарамызды Елбасының мынадай сөзімен аяқтағым келіп отыр: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе шын жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың жалғыз ұлттық мемлекетінің көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет, елдің де, жердің де иесі екеніңді ұмытпа».

 

 

 

                                           

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Методический материал "Елі сүйген, елін сүйген Елбасы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по финансам

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 178 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.12.2015 540
    • DOCX 57.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мухамедалиева Шынаргул Мухамедалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16128
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 141 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 170 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 405 человек из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 536 человек

Мини-курс

История классической музыки от античности до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Подростковые проблемы: индивидуальный подход

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 377 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 267 человек

Мини-курс

Проведение и применение трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 108 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 50 человек