Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Методический материал на тему "Ер есімі –ел есінде". Ұлы жеңіске 70 жыл. (5 класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Методический материал на тему "Ер есімі –ел есінде". Ұлы жеңіске 70 жыл. (5 класс)

библиотека
материалов

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы

Ибрагим Ата атындағы жалпы орта мктептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Бегметова Хилола Улуғбековна




Тақырып: Ер есімі –ел есінде. Ұлы жеңіске 70 жыл.


Тәрбие сағатының мақсаты:

Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.


Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Ер есімі – ел есінде» аталатын ашық тәрбие сағатымыз Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады.


Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, және оқушылар! Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толып отыр бұл мерекені лайықты атап өту қазіргі ұрпақтың парызы деп білеміз. Жыл өткен сайын Отан ұшін болған Ұрыстың маңызы және онда қаза болған бабаларымыздың ерліктері мәңгі жадымызда. Ерлік ешқашан да ұмытылуға тиісті емес. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 миллион 700 мыңнан астам жауынгер қатысты. Олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тауып, хабар - ошарсыз кетті.

Қазақстаннан құрылған әскери дивизия ең қауіпті жерлерде соғысты. Генерал Панфилов бастаған 28 - ші дивизия жауынгерлерінің аттары Ұлы Отан соғысының тарихына алтын әріптермен жазылған.


Жүргізуші: Туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жанын қиған боздақтарымызды мәңгі есте сақтаймыз! Отан үшін отқа түсіп, қан майданнан аман оралған қандастарымыздың алдында бас иеміз! Құрметті Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлері! Ауыр күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін бас иіп алғыс білдіреміз! Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, ұзақ ғұмыр тілеміз! Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталғанына 70 жыл өтіпті. Зарықтырып жеткен Жеңіс күнінің қадірі бәріміз үшін тым қымбат. Сұрапыл соғыс адамзаттың жүрегіне өшпес жара салды. Ауылда қалған кемпір-шал, бала-шаға зуылдаған оқ пен лапылдаған от-жалынның арасында жүрген бауырына, әкесіне, ағасына сеп болсын деп, бар күш қайратын жұмсады. Тылдағы әрбір күн соғысқа тең еді. Ардагер көрген зұлматты сен көрген жоқсың замандас, сол үшін оны құрметте! Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келді. Әуеде ұшқыш, жерде танкист, теңізде – теңізші, окопта әскер, блиндажда байланысшы және тылда еңбеккер – бәрі де Ұлы Жеңіс үшін қараниет арам пиғылды фашист оғына өз кеудесін тосты. «Отан» атты ыстық ұғым, тәтті сөз қарсы келген дұшпанға қаймықпай қарауға жігер берді. Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында!

Өткендер рухына 1-сәт тыныштық сақтайық.


1-оқушы: Төрт жыл бойғы қанды қырғыннан кейін, қырық бестің көктемінде дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Ерлік пен еңбек жеңіп шықты. «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады. Осынау сөздер соғыстан қаза тапқандар ескерткішіне де қашалып жазылған.


2-оқушы:

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.


3-оқушы:

Қазақ арасында осы соғыста ерекше қаһармандық танытқан батырдың бірі әрі бірегейі – Бауыржан Момышұлы. Соғыс кезінде қолбасшы Рокоссовский лейтенант шеніндегі жап-жас қазақ жігітінің қабілетіне риза болып, полк командирлігіне тағайындаған. Б.Момышұлы соғыс кезінде 207 рет шайқасқа қатысып, 2 рет ауыр жараланды. Басшалық тарапынан бірнеше рет Кеңес Одағы батыры атағына ұсынылады. Бірақ, атақ кешіктіріле береді. Еңбекқор Б.Момышұлы мойыған жоқ. Ол 37 дәптер күнделік жазған батыр, бейбіт өмірдің қаруы қаламды алып қазақ және орыс тілдерінде көптеген кітаптар жазады. «Артымызда Москва» кітабы Кубаның бүкіл әлемге белгілі басшысы Фидель Кастроның сүйіп оқитын кітабына айналды. Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысында ұрыс жүргізу әдістері үлгі ретінде қабылданып, Кубаның әскери академиясында оқытылды.


Интерактивті тақтадан Б.Момышұлы туралы мына материал көрсетіледі:



4-оқушы: 9 мамыр – Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай ұшақты, 3700 танкті, 50 мыңдай қаруды шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы саны 5,5 миллион адамға жетті.

Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады, Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылдың 30 сәуірде тікті.


Рақымжан Қошқарбаев туралы бейнематериал көрсетіледі:


5-оқушы: Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атайды.

Ата-анасынан ерте айрылған Мәншүк жастық шағын да тәрк етті. Алматы медициналық институтында оқып жүрген шағында жау жақтан ескен соғыстың ызғарлы желі жас қайыңның жапырағындай жайқалған бойжеткенді жұлып түсіреді. Халқына төніп тұрған қауіпке жаны шыдамай, дамыл таппастан әскерге өзі сұранып, жоғарыға мынадай өтініш жазады: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз». Ел үшін қан төгіп, жан беріп жатқан отандастарына қалай да өз жәрдемін бергісі келген ниетпен, 1942 жылдың тамыз айында «Қызыл армия» қатарына алынды.

1943 жылдың 15 қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде қантөгіс соғыс болды. Сол күні Мәншүк жан серігі - пулеметімен дамылсыз оқ атып, ерен ерлік көрсетті. Жауыз жаудың Мәншүкке қарсы атқан оғы оның ажал оғы болып, өрімдей қызды қыршыннан қиып түсті.

6-оқушы: 1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Бірақ біраз уақытқа дейін оның алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім-білігін іс жүзінде көрсетуіне рұқсат етпеді. Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты. Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды қалайтынын жазады. Өзі оқыған қаласының құрсауда қалғаны оны қатты алаңдататын еді.


1943 жылы Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап, 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған. Жау әскерінің 30-дан аса сарбазы мен офицерінің көзін жойған. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.


Әлия туралы ән орындалады.

7-оқушы: Оны – «дала сермеңдесі», «көк тәңірісі», «аспан перісі», «қанаттылар ханы» деп құрмет тұтты. Дәл осындай текті құстың болмысы қазақтың арда ұлы, Кеңес одағының батыры атағын екі рет алған қыран текті Талғат Бигелдинов еді.

Дүниежүзілік екінші соғыстың ажал қорғасындары аспан көгін осқылап жатқан тұста, қазақтың сайын даласынан, Қараөткелден түлеп ұшқан сарша қыран көкке темір тегеурінді әскери ұшақты 305 рет көтерген екен.


«Әрқашан күн сөнбесін» әні үш тілде орындалады.


2-Жүргізуші:

Елге қауіп төнбесін,

Егестен адам өлмесін!

Есен – аман болайық,

Енді соғыс болмасын!

Өртенбесін туған ел!

Шайқалмасын асқар бел!

Шайқалмасын шалқар көл!




Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,

Оқ даусы мәңгілік жойылсын.

Бомбаның орнын тегістеген,

Күректер музейге қойылсын.


Кел, достарым, ән бастадым.

Көтеріп жаңғырық!

Данасын дала, баласын ана,

Жоқтамасын мәңгілік!


Көктесін жас ағаш одан әрі,

Өткен күн қайтадан жанбайды.

Сұлудың кестелі орамалы,

Сүртсін, тек тершіген маңдайды


Қайғыны білмесін ана жаны,

Қазіргі адамда арман сол.

Әлемнің бар сәби балалары,

Оянсын ұйқысы қанған соң.


Қыздар биі


1- Жүргізуші

Қырғын соғыс, қан жылатқан заман - ай

Халқым сиреп, талай қыршын қиылды - ай,

Жан түршігер ауыртпалық көрсек те

Бар тілегім, ұрпағым болсын аман - ай - демекші, қазіргі біздің амандығымыз үшін отқа кеуделерін тосқан ардагерлеріміз жайлы айта кетуді жөн көрдік.


Ардагерлер

Қан майданның жүректе жарасы бар,

Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.

Арамызда жүретін алшаң басып,

Ардагерлер азайып барасыңдар.

Қастерлейді халқымыз қаһарманын,

Жүр есінде сан жарық, сапарларың.

Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер,

Қалды-ау сиреп бұл күнде қатарларың.

Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар,

Жүздеріңде жанған от жарқылы бар.

«Соғыс» деген салмағын жалғыз сөздің,

Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар.

Жасқанбаған жауынан жарақты ер,

Ерлігіңді аңыз ғып таратты ел.

Қаһармандық дегенді кейінгі ұрпақ,

Жүздеріңе сендердің қарап білер.

Дарқан мінез, дария ой, дара шыңдар,

Жарқын жүзді, жүрегі ақ, жаны асылдар.

Арамызда жүретін алшаң басып,

Ардагерлер азайып барасыңдар.


Көрініс


«Майданнан хат» (үзінді):

Хат жазамын майданнан,

Мейірімшіл ғазиз-анама

«Жақыным-жарым» дегенмен,

Анаңдай жақын бола ма?

Көңілінде тілек, көзде жас,

Екі қолың жағаңда.

Қасірет шегіп, қан жұтып,

Сарғайдың ба санаға?

Сағынған соң мен ойлап,

жүрегің оттай жана ма?

Ет бауырың елжіреп,

Қайғыра берме балаңа.

Сабырдың суын бере көр,

Жаныңдаға жараңа.

Ажалсыз адам өлмейді.

Мезгілсіз шөлмек сына ма?

Ердің басы ел үшін,

Арыма жаным садаға.

Бұлт жамылып қар төсеп,

Мен жатырмын далада.


«Майданға хат» (үзінді):

Құлыншағым аман ба?

Қолыма тиді сенен хат.

Хабарыңды есітіп,

Қуанып қалды ғаламат.

Күніге тоқсан тілеймін,

Құлыным кел деп саламат.

Жүрегім – жалын, ішім у,

Жанымда ауыр жарақат.

Суретің келді хатыңда,

Шекпен киген жалаңқат.

Ерге лайық бес қару,

Асыныпсың автомат.

Суретіңе қарасам,

Көзімнің жасы төгіліп,

Ұйқыдан кетті рахат.

Отаның үшін қарағым,

Арың қымбат жаныңнан.

Бөбектерің аман-сау,

Ас жейді әзір қолымнан.

Ербеңдеген ермегім,

Тастамаймын қолымнан.

Лақ-қозы қайырсам,

Қалмайды сүйем соңымнан.

Жағдайсыз емес келінім,

Оны да көрем бағымнан.

Қайырмайды тілімді,

Жібектей майда жамылған.

Көңілімде алаң жоқ,

Жаны сүйген жарынан.

Уһілеп кейде демалып,

Шығады түтін жалыннан.

Хабарыңды жиі жаз.

Өтпесін көп күн арадан.

Талқандап жауды аман қайт,

Бұлт серпіліп көгімде.

Жазылсын жүрек жарадан!


1-Жүргізуші:

Жасасын Жеңіс!

Бақытты елім күле бер!

Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!

Болмасын соғыс!

Болмасын соғыс!

Болмасын!

Осы тілекпен барша халайық түрегел!


Би


Жапанда жүрген сандуғаш,

Бәйшешектей біздің жас.

Ата-ана еске түскенде,

Шарап ішпей болдым мас.


Ойланбай жүру жарамас,

Секілденіп ауыр тас.

Қандай күйде жүр екен,

Ата-ана мен қарындас.


Бетімен кеуіл жайылмас,

Ағайлармен хабарлас.

Байжұман, Есхан, Оспанға,

Хат салмай тұру жарамас.


Қысқа сөз болар татымды,

Білесің менің атымды

Көзімдей көріп оқыңдар,

Осынау жазған хатымды.


Сағындым сізді анасы,

Мен көзіңнің қарасы.

Ананы қалай ұмытар,

Саналы адам баласы.



Жазсам ойым таусылмас,

Әр нәрсеге болдым мас.

Күләмза еске түскенде,

Тыйылмай кетер көзден жас.


Сағындың ба бауырым,

Майдандағы ағаңды.

Келесі жылы барармын,

Келтірсе Алла шамамды.

Қазақша Бата - тілек:

Жүз жасаған жүректен

Уа, қарағым балалар!

Ер бол демей, не дейін

.Ереуілді майданда

Үстем болсын мерейің

.Жауды қырып, айдауға,

Талмай көмек берейін.

Дүбір қосып айғайға,

Қызыл тілді жебейін.

Сендерге өлең айтқанға,

Еш шаршадым демейін.

Қан майдан боп жатқанда,

Қарлығар ма көмейім!

Жүз жасаған жүректен

Жырларымды төгейін.

Көктеменің күніндей

Жауды жеңіп, күлімдеп

.Күлгеніңді көрейін.

«Қаһарманым! Күнім!» деп

Беттеріңнен өбейін. Аумин.

Сонымен бүгүнгі тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Еш уақытта соғыс болмасын деп тілей отырып сіздермен қоштасамыз. Сау сәлеметте болайық...










Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 08.12.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров170
Номер материала ДВ-241709
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх