Инфоурок Технология Другие методич. материалыМетодический материал по вариативному курсу "«ГРАФИКА ЖӘНЕ МОДЕЛЬДЕУ»" (7 класс)

Методический материал по вариативному курсу "«ГРАФИКА ЖӘНЕ МОДЕЛЬДЕУ»" (7 класс)

Скачать материал

 

 

ГРАФИКА   ЖӘНЕ  МОДЕЛЬДЕУ

 

 

 

 

Құрастырған: Ташимова А. А.

№8 гимназия

Бейнелеу өнері, сызу және

технология пән мұғалімі 

 

 

 

«ГРАФИКА ЖӘНЕ МОДЕЛЬДЕУ»

 

Қазіргі заманауи ғылыммен, техника мен өнердің орны бөлек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық технологияның және компьютерлік графиканың құралдарының дамуы, пішін жасаумен нысандарды үлгілеудің жаңа әдістерін меңгеру және ақпараттарды беру әдістерімен байланысты болғандықтан ғылым да, техника да және өндірістің әртүрлі саласында кеңінен қолданылып жатыр. Қоғамның технологиядан жаңа акпараттық жүйеге ауысуы мектептегі «Сызу» окулығын дайындау мен оқушының жалпы графикалык білімінің мазмұнын іріктеу мен анықтауда жана көзқарасты талап етуде. Графика сөзінің мағынасы ауқымды, сөздік бойынша «графика» визуальдық ақпараттарды тіркеу қүрамы мағынасында колданса, графика үғымының нағыз терең мағынасын түсінуге болады, яғни заманауи ақпарат құралдарының дамуына байланысты.

Графикалық улгілеу кұралдарымен ақпаратты тасымалдау әдістерінің даму тенденцияларына сүйене отырып, графикалық дайындауда, шығармашылық кабілетті дамытуда, үлгілеудің жаңа әдістерін меңгерумен, ойша тәжірибе жасауда, нысандардың геометриялық көрнекі кескіндерін елестете алуында, бейне белгілік үлгілеуге сүйене отырьш, олардың түрін өзгерту, зерттелетін нысанның бейнелік-үлгілік динамикасының өзгерістерін көруге болады. Бүгінгі графикалық дайындықтың деңгейіне койылатын талаптар, бейнелі-белгілік үлгілерді ойша жаңартуының және кеңістікте козғалысты елестетудін дайындығымен анықталады.

«Графика және модельдеу» курсы - кеңістіктік, қисындық, абстракциялық ойлауды, тұлғаның шығармашылық қабілеттерін, кеңістіктік қиялын политехникалық және графикалық сауаттылығын дамытатын, жобалау мен конструкциялау әрекеттерімен таныстыратын жалпы білім беретін пән ретінде емес, жалпы білім беретін мектептерде келешекте қолданысқа ие болатын, сапалы білімнің саңлақтарын тәрбиелеуге бағытталған үлкен жоба.

«Графика және модельдеу» курсының мақсаты оқушыларды кескіндер теориясының негіздермен таныстыру және меңгерту, проекциялау және графикалык үлгілеу әдістерінің заңдылықтарын үйрету, жобалау, шығармашылық іс-әрекеттерін дамытуға ықпал ету және графикалык мәдениеттерін қалыптастыру.

Оқу пәнінін міндеттері:

-    оқушылардың графикалық кескіндердің жетекші қызметін   оның таным құралы, визуальдық  (графикалық)  ақпараттарды  тасымалдау құралы  ретінде түсінулеріне, проекциялау әдісітерінің заңдылықтарын білуге, ақпараттарды жасау, сақтау, тасымалдау және өңдеу (қолдың, компьютерлік) құралдары туралы түсінігінің болуына ықпал ету;

-    таңбалық-символдық  қызметтердің   әр  түрлерінің  қалыптасуымен  байланысты, оқушылардың  зияткерлік  іс-әрекеттерін  кеңейту  мен  дамытуға;

оқушылардың графикалық үлгілеу әдістерін меңгеруіне; әрқилы түрлерінде қолданылатын графикалық үлгілеу әдістерін, акпараттарды кескіндеу меноқуды меңгеруге; олардың эстетикалык талғамын дамытуға жағдай жасау;

-    оқушылардын бейнелік (кеңістіктік), қисындық, абстракциялық және шығармашылық ойлауларының дамуына; техникалық және көркем жобалау (дизайн)әрекеттеріп    орындау    іскерліктерінің    дамуына;  қолданбалы    сипаттағы тапсырмаларды орындауға ықпал ету.

Оқу пәнінің мазмұндық құрамы келесідей бес білім беру жолы бойынша анықталады:

Ақпараттарды визуализациялаудың графикалык жүйелері, әдістері, тәсілдері мен құралдары;

2)Кескіндер. Графикалық кескіндердің типтерімен түрлері. Кескіндерді түрлендіру;

3)Графикалық үлгілеу. Пішінжәне пішім жасау. Конструкциялау;

4)Жобалау. Жобалау әдістері. Жобалау графикасы;

5)Компьютерлік    (машиналык)     графика.    Автоматтандырылған    жобалау жүйелері (АЖОЖ).

 Қазіргі компьютерлік графиканың қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:

Ғылыми графика. Алғашқы компьютерлер тек ғылыми және өндірістік есептерді шығару үшін қолданылды. Есептерден шыққан нәтижелерді дұрыс түсіну үшін оларды графикалық тұрғыда өңдеп, графиктер, мен диаграммалар, сызбалар тұрғызған. Машинадағы алғашқы графиктерді символдық режимде басып шығаратын. Кейін сызбалар мен графиктерді қағазға қаламұштың көмегімен сызатын арнайы құрылғылар – графиксалғыштар (плоттерлер) пайда болды. Қазіргі заманғы ғылыми компьютерлік графика әр түрлі есептеу тәжірибелерін жүргізіп, олардың нәтижесін көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді.

Іскерлік графика – қандай да бір мекеме жұмысының көрсеткіштерін көрнекі түрде ұсыну үшін қолданылатын компьютерлік графиканың маңызды саласы. Іскерлік графиканың көмегімен жоспар көрсеткіштерін, есеп құжаттарын, статистикалық есептерді және т.б. объектілерді көрнекі түрде ұсынуға болады. Іскерлік графиканың программалық жабдықтары электронды кестелердің құрамында болады.

Конструкторлық графика - инженер-конструкторлардың, архитекторлардың, жаңа техниканы ойлап шығарушы өнертапқыштардың жұмысында қолданылады. Компьютерлік графиканың бұл түрі САПР-дың (систем автоматизации проектирования - жобалауды автоматтандыру жүйесі) міндетті элементі болып табылады. Конструкторлық графика құралдарын пайдалана отырып жазықтықтағы кескіндерді (проекциялар, сызбалар) ғана емес, кеңістіктегі үшөлшемді кескіндерді де жасауға болады.

Суреттеу графикасы (көркем графика) деп компьютер экранында ерікті түрде сурет салу мен сызуды айтады. Суреттеу графикасының пакеттері жалпы мақсатта пайдаланылатын қолданбалы программалық жасақтамалардың қатарына енеді. Суреттеу графикасында қолданылатын  қарапайым программалық жабдықтарды  графикалық редакторлар деп атайды.

Жарнамалық графика – теледидар пайда болғаннан кейін танымал бола бастады. Қазір компьютердің көмегімен жарнамалық роликтер, мультфильмдер, компьютерлік ойындар, видеодәрістер мен видеопрезентациялар жасалады. Оларды жасау үшін қолданылатын графикалық пакеттер осы мақсатта қолданылатын компьютерлердің жады мен жұмыс істеу жылдамдығына үлкен талап қояды. Осы графикалық пакеттердің басты ерекшелігі ретінде олардың шыншыл кескіндер мен «қозғалатын суреттерді» жасау мүмкіндігін айтуға болады. Үшөлшемді объектілерден тұратын суреттерді салу, оларды бұру, жақындату, алыстату, деформациялау үлкен көлемде математикалық есептеулерді қажет етеді. Мысалға, объектінің жарықтылық деңгейін сол объектіге түсіп тұрған жарық көзін, оны қоршаған заттардың, олардың көлеңкелерін есепке ала отырып бейнелеу  үшін оптиканың заңдарын есепке алатын күрделі есептеулерді жүргізу қажет.

Компьютерлік анимация деп дисплей экранында қозғалатын кескіндерді жасау өнерін айтады. Суретші қозғалатын объектінің бастапқы және соңғы қалпын бейнелейтін суреттерді ғана салады, ал осы екі суреттің арасындағы барлық қозғалысты компьютер осы объектіні қозғалтуға қажетті алдын-ала белгіленген математикалық есептеулерді орындай отырып өзі суреттеп шығады. Белгілі бір жиілікпен бірінен кейін бірі пайда болатын осындай суреттердің жиынтығы экранда қозғалатын суреттерді бейнелеуге мүмкіндік береді.

Мультимедиа деп - компьютер экранындағы  жоғары сапалы кескінді дыбыстық сүйемелдеумен біріктіруді айтады.  Мультимедиа құралдары оқу-ағарту саласында, электронды ақпарат құралдарында және т.б. мақсатта қолданылады. Мультимедиа мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін компьютерге арнайы программаларды орнатып қана қоймай, арнайы құрылғыларды қосу қажет.

Компьютерлік графика үш түрге: растрлық, векторлық және фракталдық болып бөлінеді. Олар бір-бірінен монитор экранында бейнелену және қағаз бетіне басып шығарылған кезде кескіндердің қалыптасу принциптері бойынша ажыратылады.

Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет. Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады. Мұндай типті кескіндер Adobe Photoshop, Corel Photo, Photofinish секілді қуатты графикалық редакторларда өңделеді. Растрлық кескіндер векторлық кескіндерге қарағанда сапасы жоғары, әсерлі болады. Қарапайым фотосуреттердің өзі компьютерде растрлық кескін түрінде сақталады. Растрлық кескіндерді Paint, Adobe Image Ready секілді программаларды қолданып қолдан жасауға да болады. Растрлық кескіндердің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар. Артықшылығы: растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез-келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға, сондай-ақ кескіннің әр нүктесін ақ-қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады. Кемшілігі: растрлық кескін өлшемінің масштабын өзгерткенде (бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, кішірейткенде – кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерін жоғалтқандықтан). Растрлық кескіндердің тағы бір кемшілігі – файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын, олар соғұрлым үлкен болады). Бірақ бұл кемшіліктеріне қарамастан, қазіргі техникада растр өте жоғары сапалы кескін алуға мүмкіндік береді. Сондықтан растрлық кескіндер көркем графикада кеңінен қолданылады. Растрлық графика электронды (мультимедиалық) және полиграфиялық басылымдарды жасап шығару үшін де жиі қолдылады. Растрлық графикалық редакторлар көбінесе жаңа суреттерді салу үшін емес, дайын суреттерді өңдеу үшін қолданылады. Осы мақсатта көбінесе суретшілердің қолымен салынған дайын суреттер сканерленіп алады немесе фотосуреттер алынады. Соңғы кездері растрлық кескіндерді компьютерге енгізу үшін сандық фотокамералар мен видеокамералар кеңінен қолданылуда. Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы. Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы - векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator, Micrografx Draw секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.

 Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады. Бұндай құралдар жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады. Қарапайым геометриялық объектілер мен қаріптерді пайдалануға негізделген безендіру жұмыстары векторлық графика құралдарының көмегімен әлдеқайда оңай іске асады.

Макет (полиграфияда) — газет-журналда немесе кітапта берілетін материалдардың, мәтіннің немесе суреттердің орналасуын алдын ала көрсететін үлгі-жоба. Макет материалдарды бетте дұрыс және дәл орналастыру әрі газеттің немесе журналдың сыртқы көрінісін тартымды ету үшін қажет. Баспа мекемелерінде кітаптың жалпы таралымын шығармас бұрын байқау нұсқасын да макет деп атайды. Макеттеу — басылымды көркем безендіру, сапасының жоғары болуын алдын ала айқындайтын көрсеткіш. Кітаптар мен журналдарда, негізінен, жапсырма макет — терім, клише көшірмелерін үлгі қағазға жапсыру арқылы жасалған макет; газеттерде график. Макет — газет беттерінің графикалық шартты сызық белгілері арқылы үлгі қағазға түсірілген нақты жобасы қолданылады. Қазіргі уақытта баспа мекемелерінде компьютерлік техниканың кеңінен қолданылуына орай макет жасау едәуір жеңілдеді.

Сәулеттiк макет - ғимараттардың көлемдi суретi.

Түпнұсқа-макет - келешек баспа шығарылымымен толық дәл келетiн түпнұсқа.

Электрондық макет - бұйым және электрондық түрдегi оның компоненттерi туралы қорытылған мәлiмет.

Қала құрылыс макет - табандатқан шағынаудан немесе қаланың макетi. Масштабта жиi 1:1000-1:5000Көрiнiс макетi - жердiң макетi. Тау, Көл, бедер, қандыағаштар және тағы басқаларды бейнелейдi.

Интерьер макеттерi - пәтер немесе коттедждiң iшкi жайғасуларының көрсетедi.

 

Жобалау  жобаның кешенді техникалық құжаттамасын дайындау процесі. Елді мекендерді, кәсіпорындарды, құрылыстарды, өндіріс орындарын, т.б. тұрғызу, салу (қайта құру) не жасау үшін пайдаланатын техникалық-экономикалық негіздеуді, есептеуді, сызбалар, модельдер, түсініктеме жазбалар, т.б. дайындауды қамтиды. Ж. нысандарды бейнелеу түріне байланысты сызбалық жобалау және көлемдік жобалау болып ажыратылады. Жобалау процесін жылдамдату үшін автоматтандырылған сызғыш құрылғылармен жабдықталған ЭЕМ-і бар автоматтандырылған жобалау жүйелері қолданылады. Бөлшектер өлшемдерін құралымдық унификациялау (біркелкілендіру) және модульдік координаттау жүйесі өндіріске енгізілгеннен кейін, базалық құралым негізінде бұйымдардың бірқатар өзге түрлерін алуға мүмкіндік беретін жобалаудың сериялық тәсілі жолға қойылды. Әр түрлі өндіріс салалары бойынша жобалау арнайы жобалау мекемелерінде (институттарында) орындалады.


Жоба — жасалуға, қайта құрылуға, қалпына келтірілуге, салынуға тиісті кәсіпорындар мен ғимараттардың, қондырғылар мен жабдықтардың, аппараттардың, т.б. макеттері, есептеулері және принципті дәлелдері көрсетілген техникалық құжаттар жиынтығы. Жобаны ғылыми тұрғыда дайындау үшін жобалық тапсырма беріледі де, сол бойынша есептеу жүргізіліп, Жоба қамтитын мәселелер тұтас шешім табады. Кәсіпорындарды жобалауға тапсырма берілгенде нарықтық экономика жағдайына сәйкес жаңа құрылыстың немесе қайта құрудың тиімділігі ескеріле отырып, техникалық-экономикалық дәлелдерге сүйенеді. Жобалық тапсырмада мынадай негізгі сипаттамалар: үкіметтің тиісті қаулысы, құрылыс салынатын аудан, шығарылатын өнім мен кәсіпорынның өндірістік қуаты, шикізатпен, отынмен, газбен, электр энергиясымен, сумен, т.б. қамтамасыз ететін көздер мен әдістер, өндірісті белгілі бір өнім түрлерін шығаруға ыңғайлау, құрылыстың аяқталу мезгілі және оның кейбір жеке бөліктерінің іске қосылуы, жұмсалатын қаражат мөлшері, өзіндік құн көрсеткіштері, болашақта ұлғайту мүмкіндіктері, т.б. мәліметтер түгел көрсетілуге тиіс.

 

Жұмыстық жоба - бұйым жасау кезіндегі конструкциялық құжаттаманың (техникалық жобадан кейін) жасаудың 4-ші сатысы; оған мына этаптар жатады:

жұмыстық сызбаларды және техникалық жағдайларды жасау, транспорттық құралдардың тәжірибеден еткен агрегаттарының ұлгілірін дайындау және сынактан еткізу конструкциялық құжаттаманы жөнге келтіріп отыру;

сонымен қатар бұган мыналар жатады: бос серияны және орнату сериясын сынау; конструкциялық құжаттаманы женге келтіру;

құжаттарға - тәжірибелік ұлгілер үшін «о» литерін, орнату сериясы үшін «а», басты серия үшін «б» беру.

Техникалық жоба - конструкциялық құжаттаманың бұйымды жасау кезіндегі 3-ші стадиясы (эсқаиздік жобадан кейін) оған мына этаптар жатады:

жалпы құрастыру сызбасын аяқтау, шасси пакетін жасап шыгару, агрегаттар конструкциясын жасап шығару;

құжаттарға «т» литерін тағайындайды.

Нобай жоба - бұйымды жасау кезіндегі конструкциялық құжаттаманы жасаудың 2-ші сатысы (техникалық ұсыныстан кейін)- мынадай кезендер жатады:

эскиздік құрастыру сызбасы, ізденіс макеттерін құру, ішкі және сыртқы пішімдеу;

бұл конструкциялық құжаттар мен пішіндердіқ жиынтығында, ол жолаушылар мен жүргізушінің орналасуы, бұйымның сыртқы және ішкі пішіндері туралы толық көрініс беретін қорытынды техникалық шешімдер болуы керек.

Компьютерлік графика туралы жалпы мағлұмат

 

Екі  өлшемді  графикадан  үш  өлшемді  графикаға  өту.  Үш  өлшемді графикамен  жұмыс  істемес  бұрын  алдымен  екі  өлшемді  және  үш  өлшемді графиканың  жалпы  концепциясымен   танысу  қажет.  Егер  қолданушы  Adobe Illustrator, Adobe  Photoshop немесе басқа да графикамен жұмыс жасайтын басқа да  программалар мен жұмыс  программалармен жұмыс  тәжірибесіне  ие  болса, онда осы алынған модельдеу туралы білімдерді екі өлшемді формаларға тиімді қолдануына  болады.  Алғашқыда  айтқандай,  Екі  өлшемді  және  үшөлшемді обьектілер  арасындағы  негізгі  айырмашылықтыр-  бұл  тереңдік.  Екі  өлшемді бейнелер  тек  биіктігі  мен  ені  ғана  сипатталып,  оларда  тереңдік  болмайды. Дегенмен,  екі  өлшемді  обьектілерді  үш  өлшемді  болып  көрінетіндей  етіп жасауға  да  болады.  Бұл  жағдайда,  егер  жұмыстың  мақсаты  өзгерсе  немесе обьектіні  көру  бұрышын  өзгерту  қажет  болса,  обьектіні  қайта  салуға (сызуға) тура келеді.    

Үш  өлшемді  обьектілер  тереңдікке  ие  болғандықтан (ең  болмағанда

компьютер  экранында)  оларды  бір  рет  қана   “салу”  жеткілікті,  осыдан  кейін обьектінің  суретін  қайта  салмай,  оны  кез-келген  бұрыштан  және  кез-келген жақтарын  қарастыруға  болады.  Үш  өлшемді  модельдеу  программаларында сахнаға  түсетін  сәйкес  түс  және  көлеңке  туралы  мәлімет  автоматты  түрде анықталады. Бұл мәліметтер обьектіні орнату тәсілімен жарық (жарықтандыру) көздеріне тікелей байланысты.

Үш  өлшемді  модельдеу  программаларында  жасалынған  обьект  кез-келген

бұрыштан  қайта  салынып  қана  қоймай,  оның  бейнесін  қолданушы  модельді жасау кезінде  таңдап  алынған  текстура және жарық беруді  есепке  ала отырып жасайды.  Осы  мүмкіндіктер  мен  және  үш  өлшемді  кеңістікпен  танысқан суретшілердің дәстүрлі өнер түріне оралуы таң қаларлық (жағдай) емес.

Floor Plan 3d-ның қызметі және мүмкіндіктері

Floor Plan 3d бағдарламасы  IMSI компаниясының   жеке  меншігі  болып табылады  және  сол  компанияның  компьютерлік  графика  және  анимацияға арналған  программаларды  құруға мамандандырылған  бөлімінде,  яғни Discreet фирмасында жасалған. Floor Plan 3d бағдарламасы  үш  өлшемді  компьтерлік  графика  немесе  3d графикаға  (  3  Dimensional-3  өлшемді  )  арналған  программалардың  тобына жатады  және  шын  мәнді  өмірдегі  немесе  ойдан  құрастырылған  әлемдегі фотографикалық  сипат  және  сапамен  көрінетін,  сондай-ақ  анимация  деп аталатын  обьектілердің   қимыл  әрекетін  көрсететін  көріністерді имитациялайтын бөлек-бөлек кескіндерді синтездеуге арналған. Тез дамуының нәтижесінде Floor Plan 3d  салалық стандартқа айналды, оның қолдану аясы үлкен және көп қырлы. Негізінде, бұл үш өлшемді модельдеу және анимация бағдарламасы дүние  жүзіндегі  үйдегі  қолданушылар  мен  кәсіпқой  мамандардың  арасында  үлкен  сұранысқа  ие  болды.  Floor Plan 3d авторларының идеялары, практикада керемет  іске асырылады, қазіргі кезде бұл ең күшті ғана емес, сонымен қатар үш өлшемді әлемдегі ең сатылымды пакеті. Сәулетшілдік

ішкі көріністерді және фасадтарды модельдеуге  арналған  шындыққа  негізделген  фотолық  3D  сахналар, процесстерді  визуализациялау-бұлар  бағдарлама  мүмкіндіктерінің  бірі  ғана. Сонымен қатар, сіздің пәтеріңізде жиһазды қалай үйлесімді етіп орналастырып қоюды  көрсетуге,  курстық  проекттер  жасауға болады. Масштабталуы және пакеттің модульдік құрылымына байланысты, 3D-ді  өздігінен  үйренуші  бірнеше  сағаттық  жұмыстан  кейін  жақсы  нәтижеге жетуіне  болады.  Кәсіпқой  қолданушыға  творчестволық  ізденуге  арналған шексіз құралдар және толық жетілдірулер пайдалануға берілген.

Үш  өлшемді  сахналарды  Моделдеу және Визуалдау.  Бағдарламаның жұмыс  істеуі  нәтижесінде  статикалық  сахналар құрылады,  олар  үшөлшемді  құрылыс  объектілердің  жиынтығынан құралған (жалпақ  және  көлемді),   яғни  үш  кординаталармен  сипатталады.Статикалық  үш  өлшемді  сахнаның  жұмысын  аяқтайтын  ақырғы  нәтиже  «сурет»-  бейнелеу  графикалық  файлы  болып  табылады.  Сахна  обьектілерінің әрбір  кадрының  өзгерістерін  көрсететін   динамикалық  сахна   «  суреттердің  »

жиынтығын  немесе  анимациялық  жүйелілікті  береді[3].  Визуализация

нәтижелері  қағазға,  пленкаға,  матаға  аударылуы  немесе  бейнелентаға  CD-дискке  және  т.б.  жазылуы  мүмкін. Сахнаны  модельдеу  жұмыстарын  меңгере  келе алғашқы  сабақтарды  кез-келген  үйренуші  тез  қабылдайды,  және  ақырғы нәтижеге оңай қол жеткізуге болады.

 

D форматында Коттедж салу.

         Үйдің қабырғаларын сызу

         Есік пен терезелерді орнату

         Бөлмелердің орналасуын анықтау

         Үй жиһаздарын орналастыру

         Бөлме өлшемдерін анықтау

         Бөлмелерді безендіру

         3D форматында көрсету

   

 

 

 

Floor Plan 3d–ны қолданатын негізігі салалар:

1.     Архитекторлық жобалау және интерьерлерді конструкциялау;

2.     Көркем компьтерлік графика;

3.     Кеңістіктік көзқарасты дамыту;

Қабырғаларды орналастыру кезінде, FloorPlan 3D автоматты түрде төбе мен еден жазықтықтарын құрастырады.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Методический материал по вариативному курсу "«ГРАФИКА ЖӘНЕ МОДЕЛЬДЕУ»" (7 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Микробиолог

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 522 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.10.2015 2579
    • DOCX 2.1 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ташимова Алтынай Алиакбаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ташимова Алтынай Алиакбаровна
    Ташимова Алтынай Алиакбаровна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 10
    • Всего просмотров: 88073
    • Всего материалов: 35

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 304 человека из 68 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 989 человек из 78 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 234 человека из 60 регионов

Мини-курс

Социальная и поведенческая психология

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 13 регионов

Мини-курс

Фитнес: теория и практика

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Коррекция нарушений у детей: сна, питания и приучения к туалету

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе