Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Методический материал "Стилистика және тіл мәдениеті"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Методический материал "Стилистика және тіл мәдениеті"

библиотека
материалов



«СУЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛЬ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ» МЕКЕМЕСІ


ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ





«БЕКІТЕМІН»

СДУ Бірінші проректоры, оқу істері жөніндегі проректоры

ф-м.ғ.д., профессор

Әмірғалиева С.Н.

_______________________


«_____» тамыз, 2015 ж.







«СТИЛИСТИКА ЖӘНЕ ТІЛ МӘДЕНИЕТІ»


(5В011700 – ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ мамандығы үшін)


ПӘНІНІҢ


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
























ҚАСКЕЛЕҢ, 2015


«Стилистика және тіл мәдениеті» пәні бойынша оқу-жұмыс бағдарламасы «5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алушының біліктілік сипаттамасы негізінде құрастырылды.



Құрастырғандар: ф.ғ.д., ассоц.проф. Қ.Б.Күдеринова

МА, ассис.оқытушы Ж.М.Дүйсебекова



Қазақ филологиясы кафедрасы мәжілісінде қарастырылды.



« » 2015 ж., № ... хаттама


Кафедра меңгерушісі _________________ ф.ғ.к., ассис.проф. Ұ.О.Еркінбаев






Филология және педагогика ғылымдары факультетінің Оқу-әдістемелік бюросы мақұлдады.


« » 2015 ж., № ... хаттама




Факультет Оқу-әдістемелік бюросының төрағасы__________п.ғ.к., ассис.проф. Д.Гаипов






























«Стилистика және тіл мәдениеті»

пәні оқу-әдістемелік кешенінің

мазмұны


1.

Пәннің типтік оқу бағдарламасы (егер пән міндетті компонентке кірсе)

2.

Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы

3.

Студентке арналған пәнді оқу бағдарламасы (Syllabus)

4.

Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі

5.

Пәнді оқу-әдістемелік қамтамасыздандыру картасы

6.

Дәрістік кешен

7.

Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары

8.

Пәнді оқып білу жөнінде әдістемелік нұсқаулар

9.

Білім алушының өзіндік жұмысына арналған материалдар

10.

Білім алушының оқу жетістіктерін бақылау және бағалау бойынша материалдар

11.

Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелдеу (пән мазмұнына байланысты)

12.

Мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер және зертханалар тізімі








































«СУЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛЬ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ» МЕКЕМЕСІ


ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ





«БЕКІТЕМІН»


Факультет деканы, п.ғ.к.,ассис.проф.


_______________ Д.Э.Гаипов


«_____» 2015 ж.






«СТИЛИСТИКА ЖӘНЕ ТІЛ МӘДЕНИЕТІ»


(5В011700 – ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ мамандығы үшін)


пәні бойынша


ОҚУ-ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ




























Қаскелең, 2015


«Стилистика және тіл мәдениеті» пәні бойынша оқу-жұмыс бағдарламасы «5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алушының біліктілік сипаттамасы негізінде құрастырылды.



Құрастырғандар: ф.ғ.д., ассоц.проф. Қ.Б.Күдеринова

МА, ассис.оқытушы Ж.М.Дүйсебекова




Қазақ филологиясы кафедрасы мәжілісінде қарастырылды.



«.....» 2015 ж., № ... хаттама




Кафедра меңгерушісі _________________ ф.ғ.к., ассис.проф. Ұ.О.Еркінбаев








Филология және педагогика ғылымдары факультетінің Оқу-әдістемелік Бюросы мақұлдады




«.....» 2015 ж., № ... хаттама




Факультет Оқу-әдістемелік бюросының төрағасы__________п.ғ.к., ассис.проф. Д.Гаипов























Модульдің атауы және шифры

«Тіл тарихы модулі» ТК/КВ

Модульдің пәндері және коды

Қазақ әдеби тілінің тарихы KZL 312

Түркітанымға кіріспе KZL 319

Стилистика және тіл мәдениеті KZL 403

Семестр

7

Кредит саны (ҚР, ECTS кредиті)

2 (90 сағат)

Модульге жауапты және пән оқытушылары

ф.ғ.д., ассоц.проф. Қ.Б.Күдеринова

МА, ассис.оқытушы Ж.М.Дүйсебекова

Оқыту тілі

Қазақ

Оқытуды ұйымдастыру үшін қажет сағат саны

Дәріс – 15 сағат, семинар/практикалық – 15 сағат, СОӨЖ – 30 сағат, СӨЖ – 30 сағат

Модульдің пререквизиттері

Қазақ әдеби тілінің тарихы, Қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологиясы

Модульдің постреквизиттері

Жалпы тіл білімі

Модульдің сипаттамасы:

Стилистика бойынша теориялық біліммен қаруланып, дәрісханада және одан тыс жүргізілген тәжірибелік жұмыстардың нәтижесінде студенттер өздерінде стилистикалық дағды мен стилистикалық түйсікті қалыптастыра алады. Алдына қойған мақсаттарына сәйкес, тілді дұрыс, тиімді, әсерлі, шешен қолданудың әдіс-тәсілдерін меңгереді; Студенттерге қазақ тілінің қолданылу аясы, сөйлеу стилі мен кітаби стиль ерекшеліктері туралы мағлұмат ебрі арқылы студенттің жазба және ауызша айтылған мәтіндерге сыни көзқараспен қарай алу мүмкіндігін ашады; Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалды стильдер жүйесі. Стиль, подстиль, жанр ұғымдарының арақатысы. Ресми-іскери стиль, стильдік белгілері. Жанрлық-ситуациялық стильдер. Олардың бірқалыпқа түсу дәрежелері. Іскери мәтіннің формалды-коммуникативтік ерекшеліктерін қарастырады.

Модуль құзыреттілігі:

  • стилистика пәнінің мақсаты, оның Тіл мәдениеті пәнімен байланысы, қарастыратын нысандары, стилист болып маманданудың пайдасы туралы пайымдайды;

  • қазақ тіліндегі сөйлеу және кітаби стиль түрлері, синонимдерді орынды қолдану, қате ассоциация кесірінен стильден ауытқу, эвфемистік қолданыстар, анахронизм, алогизм, ұғымдарды ажырата алмаушылықтан туатын қате түрлер, сөз мағынасының тар және кең түрлерін ажырата және қолдана білу, сөздердің тек түр атауларын айыра білуді үйреніп шығады;

  • стилистикалық мағына түрлері: бейтарап мағына, кітаби мағына және эмоционалды экспрессивті мағына түрлерін ажыратуды мәтіндер арқылы жаттығып, түсінігін кеңейтеді;

  • сөздің стильдік бояуы. Лексиканың функционалды-стильдік түрлері. Сөздің эмоционалды-экспрессивті бояуы туралы түсінік алады.





















АЛҒЫСӨЗ


Пәннің жалпы сипаттамасы: «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша маман дайындауда «Стилистика және тіл мәдениеті» пәнінің алатын орны мен маңызы ерекше зор.

Студенттер бұл пәнді оқып үйрену барысында стилистиканың негізгі ұғымдары мен категорияларын, қазақ тілінің бай стилистикалық құралдарын және әдеби тілдің функциональды стильдік тармақтарын жан-жақты, терең игеруі қажет. Тілдің стилистикалық байлығы, стилистикалық нормалары, олардың тарихи өзгермелілігі және тілді қолдану жағдайына байланысты түрліше нұсқаларға ие болатындығы, тілдік құралдарды қолдану контекстің стильдік тұрпатына байланысты болатыны туралы қажетті мағлұматтар алуы тиіс. Сол арқылы олар мәтіндегі, сөйлеген сөздеріндегі стилистикалық қателерді тауып, олармен жұмыс жасау жолдарын меңгереді.

Стилистика бойынша теориялық біліммен қаруланып, дәрісханада және одан тыс жүргізілген тәжірибелік жұмыстардың нәтижесінде студенттер өздерінде стилистикалық дағды мен стилистикалық түйсікті қалыптастыра алады. Алдына қойған мақсаттарына сәйкес, тілді дұрыс, тиімді, әсерлі, шешен қолданудың әдіс-тәсілдерін меңгереді.

Пәннің мақсаты мен міндеттері: Болашақ жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдерін даярлауда «Стилистика және тіл мәдениеті» пәнін оқытудың мақсаты - тілдік сезімі және шешен сөйлеу мәдениеті қалыптасқан, сөз сапалары мен шешендік стильдің тілдік белгілерін меңгерген, өзіндік көзқарасы мен ой тұжырымдарын қатысымдық нормаларға сай жеткізе алатын, өзгермелі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті дара тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік жасау. Жоғарыда айтылғанды назарда ұстай отырып, пән мынадай міндеттерді көздейді:

  • тілдің жалпы адамзаттық құндылық ретіндегі рөлін түсіндіру;

  • сөз мәдениетінің сатыларын таныту;

  • тілдің эстетикалық табиғатын таныту;

  • жаңа тілдік жағдаяттарда қарым-қатынас жасауға дағдыландыру;

  • стиль түрлеріне сай тілдік талғамдарын жетілдіру;

  • жұрт алдында сөйлеуге төселдіру, көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымын меңгерту;

  • шешендік өнердің мәні мен тарихы туралы мағлұмат беру;

  • шешендік сөздің тектері мен түрлері, олардың өзіндік ерекшеліктері жөнінде ұғым қалыптастыру;

  • шешен сөйлеуге төсемді әлеуметтік-тілдік дағдыларын қалыптастыру, көркем сөз нормаларын меңгерту.

Күтілетін нәтижелер:

  • сөз мәдениетінің сатыларын меңгереді;

  • сөйлеу тілінің ерекшелігі мен стильдік бедерін ажыратады;

  • сөйлесім әрекеті түрлеріне қатысты сөз мәдениеті дағдыларын біледі;

  • сөйлеу тіліндегі ықшамдылық, үнемділік қағидаларын біледі;

  • жұрт алдында сөйлеуге дайындық сатыларын меңгереді;

  • көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымын біледі;

  • пікірталас түрлерін меңгереді;

  • ғылыми көпшілік алдында сөйлеудің шарттары мен міндеттерін меңгереді;

  • әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-саяси, ғылым-білім мазмұнды мәтіндерді құрайды.

  • тілдің эстетикалық табиғатын танытатын мәтіндер құрайды;

  • жаңа тілдік жағдаяттарда таңдаған кәсібіне байланысты тілдік құралдарды орынды пайдаланады;

  • сөйлеуде көріктеу құралдары мен айшықтау тәсілдерін қолданады;

  • пікіралмасуда этикеттік орамдарды пайдаланып, сөйлесушілердің әлеуметтік белгілеріне қарай қарым-қатынас жасайды;

  • ғылыми, ресми стиль түрлерінде тілдік талғамға сай ауызша және жазбаша ойын жеткізеді;

  • мамандыққа қатысты басылымдарда жарияланған мәтіндерге тілдік, стильдік тұрғыда түзетулер жасайды;

  • таңдаған кәсібіне байланысты тақырыптарда пікірталасқа түседі;

  • пікірталас мәдениеті талаптарына сай пікірталас түрлерін ұйымдастырады.

Пәннің пререквизиттері: Қазақ әдеби тілінің тарихы, Қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологиясы

Пәннің постреквизиттері: Жалпы тіл тарихы


КІРІСПЕ


Тіл – адам қатынасының, ойлаудың, мәдениеттің аса маңызды құралы, өмірдін ұлы қаруы. Қарым-қатынас майданына түскен сайын бұл құралдың икемділігі артып, шындала береді. Бірақ тілдің мұндай қасиеті оның қызмет етуіне, жетілуі мен дамуына айырықша көңіл бөліп, шынайы қамқорлыққа алып отырудың барысында ерекше жандана түседі.

Әдеби тілдің ауызша және жазбаша түрін қатар дамытып, оның қоғам өміріндегі қызметінің өрістей түсуіне мүмкіндік жасау, түрлі ауытқулардан арылтып отыру, небір күрделі ойдың әрқилы нәзік айырымдарын тіл арқылы дәл, анық жеткізе білуге көпшілікті тәрбиелей түсу т. б. тіл мәдениетін көтеру деген ұғымды білдіреді. Тіл мәдениеті мен сөз мәдениеті деген терминдер кейде тайталас ұғымда жұмсалады. Өзара мағыналас болғанмен, бұлардың бір-бірінен айырмасы да жоқ емес. Тіл мәдениеті дегеннің ұғымы кең. Ол көбінесе қарым-қатынас құралы болып табылатын, тілді жетілдіре беру, ұштай түсумен қатар сөз шеберлігі, сөйлеудегі әдептілік тәрізділерді де қамтиды. Әсіресе, соңғы ұғымдарға қатысты қарасақ, сөз мәдениетідегеніміз қарым-қатынас құралын қалай игеріп, өмірде қалай пайдаланып жүрміз, оныңәр килы амал-тәсілдерін дұрыс, дәл, тиімді қолданып, мазмұнды, әсерлі етіп жұмсай алдық па дегенге саяды. Сонымен, сөз мәдениеті алдымен әдеби тілдің грамматикалық, лексикалық, стилистикалық, орфоэпиялық, орфографиялық нормаларын меңгеру, сонымен бірге бейнелеуіш, көріктеуіш амал-тәсілдерді қарым-қатынас жасаудың мақсаты мен мазмұнына сай етіп қолдана білу дегенді білдіреді.

Дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білуге дағдыланған, әдеби тіл нормасына төселген адамның сөйлеген сөзі де, жазғаны да кедір-бұдырсыз болып, жатық шығып жатады. Тіл амалдарын дұрыс қолданып, әдеби тіл нормасын сақтап, одан жөнсіз ауытқымауды сөз жатықтығы деп түсінуге болады. Тіл амал-тәсілдерін дұрыс жұмсауға, сөз жатықтығына ғана қанағат етіп қою жеткіліксіз. Сөйлеушінің сөзі әдеби тілдің нормасына сай, дұрыс жұмсалуы және «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетіндей», ой мен сөзімді дәл жеткізе алатындай әсерлі болуы да қажет.

Тілде толып жатқан амал-тәсілдер бар. Солардың ішінен қарым-катынас жасаудың мақсатына сай келетін аса қажеттісін талғай білу арқылы ой мен сөзімді дәлме-дәл жеткізе білу шеберлігі – сөз мәдениетінің биік шыңы. Мұндай шеберлік ең алдымен тіл амалдарын әдеби тіл нормасына сай, дұрыс қолданудан, сөз жатықтығынан басталады. Ондай қасиетке ие болғанда ғана барып сөйлеуші, жазушы сөз байлығы, сөз тазалығы, сөз дәлдігі, сөз әсерлілігі тәрізді т. б. сапалармен тыңдаушысын я оқушысын баурап алып отырады.

Тіл мәдениетін оқытудың тірек тұжырымдарын анықтауда соңғы жылдары дамып, қалыптаса бастаған мәдениеттану саласындағы ғылыми пайымдамалар басшылыққа алынды. Мәселен, қазіргі мәдениеттану ғылымында қоғамдағы мәдениеттің мынадай қызметтері нақтыланған:

1. Адамды қалыптастыру қызметі. Адам мәдениетті, ал мәдениет адамды қалыптастырады. Ол адамның өзіндік санасының қалыптасуына алғышарт жасайды. Бұл мәдениетке баулу үздіксіз дамып, жетіліп отыратын үдеріс екенін танытады. Ендеше, мәдениетте ең соңғы нүкте, тоқырау деңгейі болмайды. Ол адамзатпен бірге үнемі өзгеріп, дами береді. Себебі мәдени деңгейі өскен адам үшін оның ашылмаған қырлары болатынын танылып, мәдениетті жаңа сапаға көтеруге мүдделілік туғызбай қоймайды.

2. Жалғастық, мәдени мұрагерлік қызметі. Қоғамдағы ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру, қабылдау және шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады. Ол руханилықтың белгілі бір деңгейін меңгерудің нәтижесінде мәдениет субъектісінің өзіндік санасын жетілдіреді. Бұл бағытта тіл мәдениетіне қатысты білімдер өз ұлттық ділімізге сай, халықтық-танымдық іргетасы берік ұғымдарды орталық негіз етіп ұстану қажеттігін бекітеді.

3. Танымдық қызметі. Мұнда мәдениет пен білімнің арақатынасы маңызды. Білім – мәдениеттің құрамдас бөлшегі. Интеллигенттік – мәдениет пен білімнің ішкі бірлігі мен үндестігінің деңгейі. Сондықтан пән мазмұны грамматикалық не тіл мәдениеті аясындағы тақырыптарға құрылғанмен, оның практикалық жүйесі білім алушының ақыл-ой қабілеті мен адами қасиеттерін, ойлау мәдениетін жетілдіруге бағытталуы керек. Тіл мәдениетіне баулудың түпкі мақсатының өзі де ұят, намыс, ождан, ғашықтық, достық, кісілік, жомарттық, ізгілік, парасаттылық, даналық, талаптылық сияқты қасиеттердің студент бойында қалыптастыру болып табылады.

4. Реттеу қызметі. Мәдениетте күнделіктіден гөрі жоғарыға, идеалға, үлгіге көбірек көңіл бөледі. Мәдени ұғымдарда нормативтік, ережелік талаптар басымырақ. Бұл жалпы білім беретін орта мектептің әрбір сатысында тіл мәдениетінің арнайы тақырыптары қамтылып, сөздің сапалық қырлары оқушының жас және психологиялық ерекшеліктеріне сай жүйемен берілуі қажеттігін көрсетеді.

5. Коммуникативтік, қарым-қатынастық қызмет. Адамдардың қарым-қатынасы, мәдениеттер сұхбаттастығы әлеуметтік шындықтың көрінісі. Әлеуметтену үдерісі де мәдени қарым-қатынасқа негізделеді. Қарым-қатынассыз мәдениет көрінбейді, сондықтан оны тек идея түрінде емес, нақты әрекетке негіз етіп алу керек.

Тіл мәдениеті қазіргі заман талабына сай гуманитарлық ғылымдардың дамуында баста тетік болып отырған жаңа парадигмалардың өзара үндесімінен туындаған білім мен тәрбиенің нәтижесі болып саналады.

Тіл мәдениетін оқыту – білім берудің басты бағыты болып отыр. Өйткені жалпы оқу орындары бағдарлы оқытуға бет алды. Ал оның әлеуметтік тиімділігі неде болуы тиіс деген сұрақтың жауабын табу әрбір пән әдістемесінің негізгі мәселесіне айналды. Отандық және шетелдік білім жүйесіндегі басым бағыттар мен тәжірибелерді қорыта келе, оқу орындарының қазақ тілі пәнінің білім мазмұны тілдік қатынастың жеке тұлға мәдениетімен бірлігіне негізделіп, жүйеленді. Қазақ тілі пәнін оқыту үрдісінде оқушының тілдік білімі базасы аясында олардың қатысымдық іскерліктерін келешектегі өмірлік дағдыларына негіз болатындай бағытта жаңаша құру міндеті қойылды. Ана тілінің сабақтарында әдеби тіл нормаларын меңгерту, дұрыс сөйлеу дағдыларын жетілдіру, өзара пікірлесу, ой алмасу дағдыларына төселдіруге басымдылық берілді. Сондықтан болашақ ұстаздардың лингвистикалық дүниетанымын кеңейтуге бағытталған тіл білімі негіздері бойынша берілетін білімді студенттің шебер сөйлеу мәдениетімен сабақтастықта игерту көзделіп отыр. Яғни, тіл мәдениетін дәл осы кезеңдегі білім аясында таңдап алынуының басты себептері мынадай:

Біріншіден, бүгінгі заман талабы іскер, белсенді, қандай жағдайда да өздігінен шешім жасап, жол таба білуге бейім адам тәрбиелеуді қажет етіп отыр. Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасында әр оқушыны дара тұлға деп танып, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға алғышарт жасауға мән берілуі тиіс. Олай болса, білімнің мәні - өткеннің тәжірибесін танытып, пәндік іскерліктерді қалыптастыруында ғана емес, ең бастысы, оқушының өздік әрекетіне бағыт беруде, оны түрлі өмір жағдаяттарында дұрыс шешім қабылдай білуге үйретуінде.

Жоғары оқу орнын бітіруші жас ұрпақ болашақтағы өз бағытын дұрыс белгілей алу үшін оларға берілетін білім өзегінде студенттің қабілеттілігін, іскерлік қасиетін дамытатын компоненттер қатар қамтылуы тиіс. Сонда ғана білім әлеуеттік күштен студент әрекетін дамытудың тетігіне, практикалық қажеттілікті ақтайтын тегеурінді күшке айналады. Сондықтан жоғары деңгейдегі жас маман иесіне тілдің танымдық сипаты мен қатысымдық қызметін өмір-тіршілік жағдайларына сай етіп меңгертудің тиімді жолдарын айқындау көзделіп отыр. Бұл тіл мәдениетіне қарым-қатынастың нақты түрлері арқылы жүйелі баулу арқылы шешіледі. Тілдік мәдениеті, қарым-қатынас білігі қалыптасқан адам қай ортада да өзіне сенімді әрекет етеді, айналасындағылармен тіл табысуға қабілетті келеді. Ал тіл табыса алау еңбек нәтижелілігінің ең қажетті шарты.

Екіншіден, тіл адам санасында шындықты бейнелеу мен жинақтау құралы болғандықтан, ол адамдардың интеллектуалдық әрекетінің де ерекше түрі болып саналады. Тіл мен сөйлеу – адам болмысының, оның жалпы табиғатының көрсеткіші. Бұл тұжырым студенттің қатысымдық дағдыларын дара тұлға мәдениеті тұрғысынан қарастырудың артықшылығын көрсетеді. Олай болса, бүгінгі білім жүйесінде кең өріс ала бастаған мәдениеттану бағытының білім мазмұнымен анық та айқын кіріктірілуі қазақ тілі пәнінде болашақ мұғалімге шебер сөйлеу мәдениетін үйретудің қаншалықты деңгейде шешілуімен қамтамасыз етіледі. Сондықтан аталмыш пәннің білім мазмұнында сөз мәдениеті, пікірталас мәдениетіне қатысты білімдер де қамтылады.

Үшіншіден, сөздің мазмұнын түсіну студенттің логикасын дамытумен қатар оған қалай сөйлеудің нақты жолын түсінуге де жол ашатын болса, бірде таныс, бірде бейтаныс жағдаяттарда өздігінен шешім қабылдауына мүмкіндік беру оның өмірлік дағдыларының тұрақты қалыптасуына жол ашады. Әсіресе, жоғары курс студенттері үшін темірдей теорияларды қайталаудан өздігінен ой түйіндерін жасау, жеке ойларын жеткізе білу қызықтырақ. Оның үстіне ХХІ ғасырдың адамы үшін білімнің сипаты мен тиістілігі емес, өзінің оқу еңбегінің қандай нәтиже беретіні маңыздырақ. Білім алушы нені білетіндігіне емес, не істей алатындығына мән береді. Бұл қазіргі таңдағы құзіреттілікті оқу нәтижесі ретінде белгілеп отырған кезеңдегі ең тұғырлы мәселе болып саналады. Егер тұрлаусыз уақыттың сынынан сүрінбей өтудің бір шарты, өзгермелі дүние жағдайына қажетті бейімділіктің тетігі тіл табысу, өз көзқарасын айқын дәлелдей алу болса, онда соған қажетті тілдік талғамды, сөйлеу қабілетін тек тәжірибелік сын арқылы дамытуға болатыны да шындық. Сондықтан да тіл мәдениетіне баулу, ана тілін сүюге, құрметтеуге үйрету теория түрінде емес, жүйелі түрде ұйымдастырылатын дара тұлғаға бағдарланған оқыту үдерісінде білім мен біліктің бірлігінен туындайды. Теория қанша тегеурінді болғанмен, оның мәні адамның өмір қажетіне айналуында.

Төртіншіден, пәнді оқытуды студенттің қарым-қатынас жүйесіндегі сөз әдебімен, жазба тіл мәдениетімен орайластырудың негізінде жас ұрпақтың бойына халықтық салт-сана мен жаңа деңгейдегі мәдени талаптарды қатар сіңіру; оларды тілдік талғампаздыққа үйретудің бүгінгі уақыттың жаңа талаптарымен, білімді ізгілендіру, қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік маңызына көз жеткізіледі. Болашақ педагогтің өз тіліне деген құрмет сезімдерін ояту мақсат етіледі.

Бесіншіден, «Стилистика және тіл мәдениеті» пәнін оқытудың мәні мен әлеуметтік қызметі – тілдің табиғи әрі ең басты қызметі – қарым-қатынас құралы екендігіне көз жеткізу. Бұл студенттің сөйлеу әрекетін дамыту арқылы жүзеге асады. Сөйлеу практикалық әрекет ретінде тілдік білімнің түпкі нәтижесі, адам қажетін өтеудің басты тетігі деп белгіленді. Сондықтан әрбір жас маман иесі өз ойын өз тілінің стилистикалық талаптарына сай айта алуға үйретуге басымдылық беріледі. Сөйлеуге үйрену – тілдік білімнің білім алушының қажеттігімен үйлесуі. Сол себепті оқу бағдарламасындағы материалдар логикалық-семантикалық ұстанымына негізделген тіл мәдениеті мен шешендік өнердің сабақтастығының жемісі ретінде ұсынылады.

Мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ тілінің беделін көтеру сол тілдің даму жүйесін, қоғамдық-әлеуметтік рөлі мен қызметін, тілдің діл қалыптастырушылық маңызын, оның ұлттық құндылық ретіндегі мәнін жас ұрпақтың саналы түсінуіне байланысты. Тілдің қатысымдық және прагматикалық қызметі оның қоғамдық-әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі және шешендік үрдістегі рөлін танытуға бағытталған материалдар негізінде меңгертіледі.

Жоғарыда айтылған мәселелерді ескере отырып, «Стилистика және тіл мәдениеті» пәнінің мазмұны мынадай ұстанымдардың негізінде құрастырылған:

  1. Студенттің тіл сезімін дамыту ұстанымы. Бұл студенттің осыған дейінгі игерген сөздік қорын тірек ете отырып оның тілін байыту арқылы шешіледі. Яғни, тіл оның ішкі қажеттіліктерімен үндесуі, ойластырылуы қажет.

  2. Сабақ барысында студент білімді тәжірибе арқылы өзі алуы керек. Мұғалімнің міндеті – балаға жұмысты шағындап беру мен бетін белгіленген мақсатқа қарай түзеп отыру.

3. Пәннен өтілетін әр тақырыптың беретін пайдасына студенттің көзін жеткізе оқыту. Бұл қазіргі әлемдік білім жүйесінде басшылыққа алып отырған оқытудың мотивациялық сипатын күшейту бағытымен өзектесіп жатыр. Әсерлі, көркем сөйлеуге талпыныс туғанда ғана білім алушы өзінің сөз мәдениетін жетілдіру қажеттігін шын сезінеді.

  1. Сабақ барысында тілдің ғылыми негіздерін сапалы меңгерту үшін тектік, түрлік ұғымдарды бір-бірінен жігін ажырата оқыту. Бұл теориялық білімді студенттің коммуникативтік біліктілігінің базасы әрі оның ойлауын дамытудың көзі ретінде саналы түсінуінде маңызды рөл атқарады. Атап өтетін мәселе, біздің қазіргі білім жүйесі пәндік білімді негіз етіп ұстанып отырған кезеңде бұл қағида тілімізді жалаң ережелерден арылтып, жас ұрпақтың тіл туралы дүниетанымын кеңейтудің, тіл арқылы ойлауын, сөйлеу мәдениетін дамытудың кілті болып табылады.

  2. Қазақ тілін өз табиғатына сай оқыту. Бұл – қазіргі қазақ тілін ана тілі ретінде оқытуды түбегейлі өзгертудің тетігі болатын ұстаным. Кеңестік кезеңде өзге тілдің қалыбына зорлықпен таңылған қазақ тілінің бүкіл тілдердің әлемдік кеңістігінде қайталамасы жоқ ерекшелігін, даралығын, қасиетін барынша зиялылықпен, тереңдікпен танытуға мүмкіндік беріліп отырған тұста сапалы тілдік білім мен тілді сүюге тәрбиелеудің тізгінін ұстанатын осы қағида қатаң сақталуы тиіс. Өйткені «жас ұрпақтың ұғымы ақпараттарды талдау, топтау, салыстыру, жалпылау, жинақтау секілді логикалық әдістердің көмегімен оның ойлау әрекеті негізінде қалыптасады». Бұл әдістер тек сол тілді өз ерекшелігіне сай меңгеру нәтижесінде таным құралына айналады.

  3. «Стилистика және тіл мәдениеті» пәнін оқыту арқылы ұлттық сананы қалыптастыру. Бұл білім сапасының жетілдірілуінің ең басты факторы – студенттің қызығушылығын, ішкі қажеттілігін, мүдделілігін оятуды, яғни оқыту процесінің олардың психологиясымен толық үндестіруді негіздейтін ерекше ұстаным. Тіл – ұлттық сананың шынайы көрінісі, ұлттық сана – тіл мәдениетін меңгертудің басты кепілі.





ОҚУ ЖОСПАРЫ БОЙЫНША САҒАТ САНЫ


Курс

Семестр

Кредит саны

Жалпы сағат көлемі

Академиялық сағаттың сабақ түрі мен семестр бойынша жіктемесі


Қорытынды бақылау

Лекция

Семинар сабақтар

Лабораториялық сабақтар

БЖ

СОӨЖ

СӨЖ


3

5

KZ


2

ECTS


2



90



15



15



-



-



30



30



Емтихан










































Негізгі бөлім

1 ПӘН МАЗМҰНЫ


Тақырыптар

Қысқаша мазмұны

Апта

Дәріс

Семинар

1

Пәннің мақсаты. Нәтижеге жетуге қойылатын талаптар. Тіл мәдениеті. Қазіргі теориялық концепциясы.

Мақсат пен міндет түсіндіріледі. Глоссарий беріледі. Негізгі әдебиеттер тізімі көрсетіледі. Теориялық концепция баяндалады.



1-апта


1




1

2

Сөйлеу тілінің мәдениеті

Сөйлеу тілі және оның өзіндік ерекшеліктері. Сөйлеу тілі прагматикасы. Дұрыс тіл табыса білудің шарттары. Тіл табысудағы сәтсіздіктердің себептері




2-апта

1




1

3

Тіл мәдениетіндегі комммуникативтік мақсат, сөз стратегиясы, тактикасы, амалдары

Этикет формулалары, тілдесу этикасы, тілдесу жанрлары, сөзбен әсер ету тәсілдері



3-апта

1



1

4



Шаршытоп алдындағы сөз мәдениеті

Шаршытоп алдындағы сөз типтері мен түрлері. Шаршысөз құрылымы. Сөз сөйлеуге дайындық және сөз алу. «Жақсы сөз» сөйлеудің алғышарттары. Сөзді диалогтендіру.




4-апта

1




1

5


Тіл мәдениетіндегі орфоэпиялық норма

Қазақ орфоэпиясындағы үндесім және үйлесім. Екпін. Дикция. Қазақ сөзінің естілімі.


5-апта

1



1

6


Жазу мәдениетіндегі орфографиялық норма

Сөздердің бірге/бөлек жазу нормасы. Бас әріп. Жазба мәтіндегі пунктуациялық ережелер.


6-апта

1



1

7


Іскери сөз бен іскери мәтіндердің жалпы сипаттамасы. Құжат мәтіні.

Қазіргі іскери сөз бен мәтіндерге қойылатын талаптар. Құжат мәтіндерімен жұмыс. Құжат мәтінін құрастыру



7-апта




1




1

8

Функционалды стильдер. Көркемсөз стилінің ерекшеліктері. Шаршытоп алдында көркемсөз стилінде сөйлеу

Көркемсөз стилінде ойды жарыққа шығару тәсілдері. Қанатты сөздер, плеоназм, тавтология, лаконизм, лексикалық жетімсіздік, стилистикалық қателік, экспрессивті лексика ұғымдарымен жұмыс


8-апта

1


1

9


Ғылыми стильге қойылатын талаптар. Шаршытоп алдындағы ғылыми-көпшілік сөз.

Арнаулы тіл ұғымы. Ғылыми сөздің жанрлық, стильдік ерекшеліктері. Ғылыми іскери сөз сөйлеудің алғышарттары мен талаптары.




9-апта


1




1

10

БАҚ және тіл мәдениеті, оның стилистикасы

Үздік мақала жазудың талаптары. БАҚ терминологиясы. Мақала мәтінінің стилі



10-апта


1



1

11


Қазіргі қазақ тілдік тұлғаларының сөз саптау мәдениеті.

Бүгінгі қоғам, қайраткерлері мен тілдік тұлғалардың үздік мақалалары мен үздік сөздерін талдау



11-апта


1




1

12


БАҚ-тағы тілдік сәтсіздіктер себептері

Радио, теледидарда сөз алған тұлғалардың тіліндегі сәтсіздіктерге тілдік, стильдік талдау жасау



12-апта


1



1

13




Қазіргі үлгі сөз

Сөйлейтін сөздің мазмұнын құру, сөз тақырыбы мен мақсаты, сөз композициясының тәсілдері. Классикалық сөз үлгісі, сөзді аяқтау



13-апта

1




1

14


Мұғалімнің жаңа сабақ түсіндіруі – монологтің бір түрі ретінде.


«Педагогикалық тілдік қарым-қатынас немесе педагогтің тіл мәдениеті дегеніміз не?» тақырыбында пікірталас өткізу



14-15

апта

2



2

15

Аралық 1, 2






Емтихан



15

15


Барлығы




30





































1.1 Семинар сабақтардың тақырыптары


Тақырыптар

Апта

Сағат саны

Ұсынылатын әдебиеттер

1

Қазақ тіл мәдениетінің теориялық негіздері. Стилистика, тіл мәдениеті, сөз мәдениеті, әдеби тіл теориясы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Тіл мәдениеті және стилистиканың ара қатынасы.



1-апта


1


[4]-4-12;

[6]-30-34;

[7]-3-8;

2

Тіл мәдениетінің негізгі сапалары.

Тілдік құралдарды пайдалана білу ережесі. Тіл мәдениеті және оның функциялары: ақпараттық-коммуникативтік функциясы, тәрбиелік-коммуникативтік функциясы және реттеуіштік функциясы




2-апта

1



[4]-14-22;

[6]-30-34;

[2]-180-186;



3

Сөз мәдениетінің коммуникативтік, когнитивтік аспектілері. Ауызекі сөйлеу стилінің шағын түрлері (подстиль): бейресми ауызекі сөйлеу шағын стилі; ресми ауызекі сөйлеу шағын стилі; әдеби ауызекі сөйлеу шағын стилі; тұрмыстық-ауызекі сөйлеу шағын стилі.

Қазақтың ұлттық сөз саптау дәстүріндегі этикалық ұғымдар




3-апта

1



[6]-34-39;

[4]-32-46;

[7]-20-23;

[3]-7-18;


4


Сөз мәдениеті және шешендік.

Сөздерді дұрыс айту және дұрыс жазу нормалары. Сөз әдебі. Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті





4-апта

1



[6]-39-43;

[4]-53-61;

[3]-19-24;

5



Сөйлеу мәдениеті және фонетикалық норма. Қазақ сөз мәдениеті туралы түсінік





5-апта

1


[6]-43-46;

[8]- 19-30;

[2]-176-179;

[4]-204-229;

[7]-64-68;


6

Сөз қолдану мәдениеті.

Жазу-сызуды демократияландыру. Халықтық тіл нормасы. Жазба тіл нормасы


6-апта

1

[14]; [3]-174-198;

[4]-132-142;

7

Ресми-іскерлік қатынас тілі. Ресми стильдегі стильдік норма. Ресми және іс қағаздар стилінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері. Ресми және іс қағаздар стилінің морфологиялық ерекшеліктері. Ресми және іс қағаздар стилінің синтаксистік белгілері.



7-апта



1


[4]-74-91; 107-132;

[2]-206-207;

[6]-58-60;

8

Функционалды стильдердің тілдік сипаттамасы. Сөздің функционалдық типтері. Функционалды стилистиканың өз ішіндегі стильдер бойынша жіктелуі (подстиль)


8-апта

1


[3]-132-141; 141-174;

[4]-70-73;


9

Шаршысөз мәдениеті. Іскери дискурс және тіл мәдениеті. Тілдік норма және жаңа қолданыстар. Пікірталас мәдениеті


9-апта


1

[8]-152-177;

[7]-79-125;


10

Мәтін стилистикасы. Функцианалды стильдердегі стилистикалық қатенің түрлері және олардың себептері. Мәтінге қолданылатын орны, мақсаты, тілдік тәсілдері, стильдік сипатына қарай мәтіннің стильдік ерекшеліктері


10-апта

1

[6]-76-77;

[7]-133-158;

11

Стиль - өнер ерекшелігі. Тіл мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, баспасөз тілінің мәдениеті, көркем әдебиеттің тілі қазақ тіл мәдениетін дамытудағы рөлі.


11-апта


1

[2]-216-224; 225-230; [6]-79-80;

[16];

12

Тілдің стилистикалық ресурстары. Тіл мәдениетінің лингвоэкологиялық аспектілері. Лингвоэкология ұғымы.


12-апта


1

[4]-142-151; [2]- 230-238; [6]-81-85;

13

Ауызекі сөйлеу тілі стилінің тілдік сипаты. Сөйлеу техникасы. Ойды мәнерлі жеткізудің тілден тыс көмекші құралдары: ым-ишара, қимыл-қозғалыс, дауыс күші, қарқыны, кідіріс, интонация



13-апта

1


[2]-239-245;

[4]-183-185; [6]-85-88;


14

Педагогикалық тілдік қарым-қатынас немесе педагогтің тіл мәдениеті. Диалог және монолог. Монолог өзінің мән-мазмұны жағынан сипаттау, баяндау, пайымдау деген мағыналық түрлерге бөлінуі.



14-15

апта

2


[2]-245-252; 252-258;[4]-192-199

[6]-89-91;

15

Аралық 1, 2





Емтихан





Барлығы


15








































    1. Студенттің оқытушы жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмысы (СОӨЖ)


СОӨЖ тақырыбы мен мазмұны


Бақылау түрі

Ұсынылатын әдебиеттер

Апта

Сағат саны

1

А.Байтұрсынұлы, Р.Сыздық және орыс ғалымы В.В.Виноградовтың стилистикаға және жалпы тілдің қызметіне қатысты айтқан ой-пікірлерін конспектілеңіз.

Жазбаша: конспект

[4]-14-22;

[6]-30-34;

[2]-180-186;


1

2

2

Орфоэпиялық сөздікті пайдаланып, сөздің айтылуы мен жазылуына байланысты тест сұрақтарын құрастырыңыз

Жазбаша:

тест сұрақтарын жасау, өзара алмасу

[6]-34-39;

[4]-32-46;

[7]-20-23;

[3]-7-18;

2

2

3

1913 ж. «Қазақ» газетінде жарияланған «Қазақтың бас ақыны» мақаласын оқи отырып, А.Байтұрсынұлының ұлы Абайдың сөз қолданысына тән қандай ерекшеліктерді атап айтқанын көрсету

Жазбаша:

талдау жұмыстарын жүргізу

[6]-39-43;

[4]-53-61;

[3]-19-24;

3

2

4

«Түркістан уәлаяты газетінің» 1875 жылғы 8-санында басылған мақаланы оқып шығып, қазіргі әдеби тілдің нормасына лайықтап жазып шығу. ХІХ ғ. ескі қазақ жазба тілінің қазіргі жазу ережесінен өзгешелігіне назар аудару. Дыбыстық, морфологиялық, синтаксистік айырмашылықтарын көрсетіп, талдау жасау

Жазбаша:

конспект


талдау жұмыстарын жүргізу

[6]-43-46;

[8]- 19-30;

[2]-176-179;

[4]-204-229;

[7]-64-68;


4

2

5

Әр түрлі автордың бір тақырыпта, бірақ әр түрлі стильде жазыл ған мәтін түрлеріне мысал келтіріңіз


Картотека

[4]-74-91; 107-132;

[2]-206-207;

[6]-58-60;

5

2

6

Қазіргі қазақ газеттерінің лексикалық ерекшелігін танытатын мысалдар жинап, оларға талдау жасаңыз


Картотека

[3]-132-141; 141-174;

[4]-70-73;

[8]-152-177;

[7]-79-125;

6

2

7

Фразеологиялық тіркестерге мағыналық түсінік беру. Тұрақты сөз тіркестерінің тіліміздің көркемдік құрал ретіндегі қызметіне талдау жасау

Презентация:

талдау жұмыстарын жүргізу

[14]; [3]-174-198;

[4]-132-142;

[6]-76-77;

[7]-133-158;

7

2

8

Сөзжарыс. Тіл, сөз туралы кім көп мақал-мәтел біледі? Оның бірнешеуінің мағынасын түсіндіріңіз

Ойталқы, пікірталас

[2]-216-224; 225-230; [6]-79-80;

[16];

8

2

9

Тіл туралы Заңның бір бабын алып, оның өмірде іске асырылуы туралы ауызша пікіріңізді білдіріңіз


Ауызша:

баяндама

[4]-142-151; [2]- 230-238; [6]-81-85;

[5]-3-79; [7]-200-204;

9

2

10

Бір тақырып таңдап алып, оны әр түрлі стильде жеткізіңіз. Өзара талқылаңыз

Практикалық:

топпен пікірталас ұйымдастыру


[2]-239-245;

[4]-183-185; [6]-85-88; [3]-293-301;

[7]-204-214;

10

2

11

Еркін тақырыпта қалаған жанрда шығарма жазыңыз

Жазбаша:

шығарма

[2]-245-252; 252-258;[4]-192-199

[6]-89-91; [3]-310-321;

11

2

12

Ресми стильге тән бір мәтін ойлап жазып және көркем әдебиеттен сөйлеу тілінің стиліне тән бір үзінді алып, олардың ерекшелігіне салыстырмалы талдау жасаңыз

Жазбаша:

талдау жұмыстарын жүргізу

[7]-322-376;

[2]-258-280;

[6]-97-104

12

2

13

«Жаңа қазақ деген кім?» ,

«Мектеп киімі қандай болуы керек?»,

«Демография деген не?»,

«Мұғалім қандай болуы тиіс?»,

«Егер сабаққа ерікті қатыссам...»,

«Адалдық деген не?»,

«Достық пен махаббат»

тақырыптары бойынша

пікірталас түрлерін ұйымдастыру

Практикалық:

топпен пікірталас ұйымдастыру


[4]-4-12;

[6]-30-34;

[7]-3-8;

13

2

14

«Сөз әдебі» тақырыбы аясында оқушыларға алдын-ала мынадай тақырыптардың ішінен өздері қалаған біреуіне танымдық материал дайындау:

1. Этикет – мәдениеттіліктің негізі.

2. Этикеттің тарихы.

3. Әр елдің салты басқа... (өзі қалаған ұлттың этикет нормалары туралы тұсаукесер).

4. Әлемде талай қызық бар...

5. Ым-ишараларды қолданудағы әдептілік нормалары.

6. Ұлттық салт-дәстүрлердегі әдептілік көріністері.

7. Әлем халықтарының амандасу әдептері, т.б.

Презентация:

топтық жұмыс

[6]-34-39;

[4]-32-46;

[7]-20-23;

[3]-7-18;


14-15

4

15

Аралық 1, 2






Емтихан






Барлығы




30





























1.3 Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ)


СӨЖ тақырыптары


Бақылау түрі

Апта

Сағат саны

1

Стилистиканың қазіргі таңдағы даму бағыт-бағдары мен зерттелуі

Презентациялық жоба

1

2

2

Сөз мәдениеті және тілдік қарым-қатынас

Презентациялық жоба

2

2

3

Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастағы сөз әдебі

Презентациялық жоба

3

2

4

Функционалдық стильдер тілінің сөз бедері

Презентациялық жоба

4

2

5

Стилистикалық фигуралар және олардың стилистикалық қызметі

Презентациялық жоба

5

2

6

Көркем проза тілінің жанрлық, тілдік-стильдік ерекшелігі

Презентациялық жоба

6

2

7

Поэзия тілінің жанрлық, тілдік-стильдік ерекшелігі

Презентациялық жоба

7

2

8

Драма мәтіндерінің жанрлық, тілдік-стильдік ерекшелігі

Презентациялық жоба

8

2

9

Стилизация құбылысы

Презентациялық жоба

9

2

10

Сұхбаттық тілдесім мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері


Презентациялық жоба


10


2

11

Айтыс – пікірталастың бір түрі

Презентациялық жоба

11

2

12

Қазақ ұлттық шешендік өнерінің ерекшеліктері

Презентациялық жоба

12

2

13

Кәсіби сөз саптау шеберлігі (педагогикалық қарым-қатынас үлгісі негізінде)


Презентациялық жоба


13


2

14

Сөйлеудегі қосымша құралдар

Презентациялық жоба

14-15

4

15

Аралық 1, 2





Емтихан





Барлығы



30

























  1. ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


2.1 Негізгі әдебиеттер:


  1. Уәли Н., Қыдырбаев Ө. Қазақ тілі: Сөз мәдениеті: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманит. бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. – Өңд., толықт. 2-бас. – Алматы: Мектеп, 2010. – 256 б.

  2. Қапасова Б.Қ., Әбдіжүсіпова Б.Х., Жұмаділова Ш.Т. Қазақ тілі: Жоғары сынып оқушыларына арналған қазақ тілін жедел оқыту құралы. – Астана: «Арман – ПВ» баспасы, 2007. – 288 б.

  3. Шалабай Б. Қазақ тілінің стилистикасы. Оқу құралы. – Алматы: Республикалық оқулық баспа орталығы, 2006. – 304 б.

  4. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. Оқулық. – Алматы: «Зият Пресс», 2006 ж. – 140 б.

  5. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов Е., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. - Алматы, 2005.

  6. Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. - Алматы, 2000.

  7. Сыздықова Р. Сөз құдіреті. – Алматы, 1997.

  8. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. А., Мектеп. – 1984.

  9. Болғанбаев Ә. Тіл және шеберлік. Жинақ: Өнер алды – қызыл тіл. А., 1986.

  10. Уәли Н. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері. Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясы. – Алматы, 2007 ж. – 326 б.


    1. Қосымша әдебиеттер:


  1. Балақаев М.Б. Қазақ әдеби тілі. Алматы: Ғылым, 1987, – 272 б.

  2. Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптануы. Астана: Елорда, 2001. –230 б.

  3. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі // (авт. бірл.: Қ.Күдеринова, А.Фазылжанова т.б.). Алматы: Арыс, 2005.

  4. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі // (авт. бірл.: Қ.Күдеринова, А.Фазылжанова т.б.). Алматы: Арыс, 2006.

  5. Қарағұлов Ө. Шығарма көркі – шұрайлы тіл. жинақ: Жазушы және сөз мәдениеті. А., 1988.

  6. Қайдаров Ә. Шығарма тілі – көркем әдебиет өзегі. Жинақ: Өнер алды – қызыл тіл. А., 1986.

  7. Болғанбаев Ә. Тіл және шеберлік. Жинақ: Өнер алды – қызыл тіл. А.,1986.

  8. Нұрханов С. Тіркес және оның түрлері. «Қазақстан мектебі» № 12, 1965 ж.

  9. Нұрханов С. Тіл арқылы қатынас және тың тіркестер. Жинақ: Сөз өнері. А., 1978.

  10. Әшіров р. Газет тілінде ұшырасатын кейбір сөз тіркестері жөнінде. Жинақ: Тіл мәдениеті және баспасөз. А., 1972.

  11. Исаев С.М. Қазақтың баспасөз тілінің дамуы. А., 1983.

  12. Жапбаров А.Тіл дамыту. А,1959.

  13. Жапбаров А., Мусина М. Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту. А, 1989.

  14. Жарықбаев Қ. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту жайында. «Қазақстан мектебі», 1967, № 1

  15. Ысқақ Б. Тіл дамытудың психолингвистикалық негіздері. А., 1996 ж.









«Сулейман Демирель атындағы университет» мекемесі


Филология және педагогика ғылымдары факультеті


Қазақ филологиясы кафедрасы


«БЕКІТЕМІН»

Филология және педагогика ғылымдары факультетінің деканы,п.ғ.к., ассис.проф. ____________ Д. Гаипов

«_____» _________ 2015 ж.




СИЛЛАБУС


Пән: – «Стилистика және тіл мәдениеті»

Кредит: 2

Семестр: 7


Оқытушы туралы мәлімет

Аудиториялық сағат саны мен өтетін орны, уақыты

Офис сағаттары өтетін орын мен уақыты

Байланыс ақпараты

ф.ғ.д., ассоц.проф. Қ.Б.Күдеринова

МА, ассис.оқытушы Ж.М.Дүйсебекова


Барлығы – 90 сағ.

Сейсенбі:

сағ. 13.00-15.00

7 блок

2, 1 қабат


7 блок

3 қабат

Е 312

Сәрсенбі: сағ: 09.00-10.00

жұмыс тел.


3079565 (360)

3079565 (366)


8 707 561 44 35

8 707 971 13 77

e-mail


kuralai.kuderinova @sdu.edu.kz



zhainagul.duisebekova@sdu.edu.kz



















Каскелең, 2015



1 ПӘННІҢ НЕГІЗДЕМЕСІ


Пәннің атауы: «Стилистика және тіл мәдениеті»

Кредит саны: 2 (90 сағат)

Пән оқытушысы: ф.ғ.д., ассоц.проф. Қ.Б.Күдеринова

МА, ассис.оқытушы Ж.М.Дүйсебекова

Пәннің жалпы сипаттамасы: «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша маман дайындауда «Стилистика және тіл мәдениеті» пәнінің алатын орны мен маңызы ерекше зор.

Студенттер бұл пәнді оқып үйрену барысында стилистиканың негізгі ұғымдары мен категорияларын, қазақ тілінің бай стилистикалық құралдарын және әдеби тілдің функциональды стильдік тармақтарын жан-жақты, терең игеруі қажет. Тілдің стилистикалық байлығы, стилистикалық нормалары, олардың тарихи өзгермелілігі және тілді қолдану жағдайына байланысты түрліше нұсқаларға ие болатындығы, тілдік құралдарды қолдану контекстің стильдік тұрпатына байланысты болатыны туралы қажетті мағлұматтар алуы тиіс. Сол арқылы олар мәтіндегі, сөйлеген сөздеріндегі стилистикалық қателерді тауып, олармен жұмыс жасау жолдарын меңгереді.

Стилистика бойынша теориялық біліммен қаруланып, дәрісханада және одан тыс жүргізілген тәжірибелік жұмыстардың нәтижесінде студенттер өздерінде стилистикалық дағды мен стилистикалық түйсікті қалыптастыра алады. Алдына қойған мақсаттарына сәйкес, тілді дұрыс, тиімді, әсерлі, шешен қолданудың әдіс-тәсілдерін меңгереді.

Пәннің мақсаты мен міндеттері: Болашақ жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдерін даярлауда «Стилистика және тіл мәдениеті» пәнін оқытудың мақсаты - тілдік сезімі және шешен сөйлеу мәдениеті қалыптасқан, сөз сапалары мен шешендік стильдің тілдік белгілерін меңгерген, өзіндік көзқарасы мен ой тұжырымдарын қатысымдық нормаларға сай жеткізе алатын, өзгермелі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті дара тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік жасау. Жоғарыда айтылғанды назарда ұстай отырып, пән мынадай міндеттерді көздейді:

  • тілдің жалпы адамзаттық құндылық ретіндегі рөлін түсіндіру;

  • сөз мәдениетінің сатыларын таныту;

  • тілдің эстетикалық табиғатын таныту;

  • жаңа тілдік жағдаяттарда қарым-қатынас жасауға дағдыландыру;

  • стиль түрлеріне сай тілдік талғамдарын жетілдіру;

  • жұрт алдында сөйлеуге төселдіру, көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымын меңгерту;

  • шешендік өнердің мәні мен тарихы туралы мағлұмат беру;

  • шешендік сөздің тектері мен түрлері, олардың өзіндік ерекшеліктері жөнінде ұғым қалыптастыру;

  • шешен сөйлеуге төсемді әлеуметтік-тілдік дағдыларын қалыптастыру, көркем сөз нормаларын меңгерту.

Күтілетін нәтижелер:

  • сөз мәдениетінің сатыларын меңгереді;

  • сөйлеу тілінің ерекшелігі мен стильдік бедерін ажыратады;

  • сөйлесім әрекеті түрлеріне қатысты сөз мәдениеті дағдыларын біледі;

  • сөйлеу тіліндегі ықшамдылық, үнемділік қағидаларын біледі;

  • жұрт алдында сөйлеуге дайындық сатыларын меңгереді;

  • көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымын біледі;

  • пікірталас түрлерін меңгереді;

  • ғылыми көпшілік алдында сөйлеудің шарттары мен міндеттерін меңгереді;

  • әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-саяси, ғылым-білім мазмұнды мәтіндерді құрайды.

  • тілдің эстетикалық табиғатын танытатын мәтіндер құрайды;

  • жаңа тілдік жағдаяттарда таңдаған кәсібіне байланысты тілдік құралдарды орынды пайдаланады;

  • сөйлеуде көріктеу құралдары мен айшықтау тәсілдерін қолданады;

  • пікіралмасуда этикеттік орамдарды пайдаланып, сөйлесушілердің әлеуметтік белгілеріне қарай қарым-қатынас жасайды;

  • ғылыми, ресми стиль түрлерінде тілдік талғамға сай ауызша және жазбаша ойын жеткізеді;

  • мамандыққа қатысты басылымдарда жарияланған мәтіндерге тілдік, стильдік тұрғыда түзетулер жасайды;

  • таңдаған кәсібіне байланысты тақырыптарда пікірталасқа түседі;

  • пікірталас мәдениеті талаптарына сай пікірталас түрлерін ұйымдастырады.

Пәннің пререквизиттері: Қазақ әдеби тілінің тарихы; Қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологиясы

Пәннің постреквизиттері: Жалпы тіл тарихы


2 КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

Курс дәрістерінің тақырыптары мен дәріс мазмұнына сипаттама


р/с

Дәріс тақырыбы (лекция)


Дәрістің қысқаша мазмұны

Сағат

саны

1

Пәннің мақсаты. Нәтижеге жетуге қойылатын талаптар. Тіл мәдениеті. Қазіргі теориялық концепциясы.

Мақсат пен міндет түсіндіріледі. Глоссарий беріледі. Негізгі әдебиеттер тізімі көрсетіледі. Теориялық концепция баяндалады.

1


2

Сөйлеу тілінің мәдениеті

Сөйлеу тілі және оның өзіндік ерекшеліктері. Сөйлеу тілі прагматикасы. Дұрыс тіл табыса білудің шарттары. Тіл табысудағы сәтсіздіктердің себептері

1

3

Тіл мәдениетіндегі комммуникативтік мақсат, сөз стратегиясы, тактикасы, амалдары

Этикет формулалары, тілдесу этикасы, тілдесу жанрлары, сөзбен әсер ету тәсілдері

1


4


Шаршытоп алдындағы сөз мәдениеті

Шаршытоп алдындағы сөз типтері мен түрлері. Шаршысөз құрылымы. Сөз сөйлеуге дайындық және сөз алу. «Жақсы сөз» сөйлеудің алғышарттары. Сөзді диалогтендіру.

1

5

Тіл мәдениетіндегі орфоэпиялық норма

Қазақ орфоэпиясындағы үндесім және үйлесім. Екпін. Дикция. Қазақ сөзінің естілімі.

1

6

Жазу мәдениетіндегі орфографиялық норма

Сөздердің бірге/бөлек жазу нормасы. Бас әріп. Жазба мәтіндегі пунктуациялық ережелер.

1

7

Іскери сөз бен іскери мәтіндердің жалпы сипаттамасы. Құжат мәтіні.

Қазіргі іскери сөз бен мәтіндерге қойылатын талаптар. Құжат мәтіндерімен жұмыс. Құжат мәтінін құрастыру

1

8

Функционалды стильдер. Көркемсөз стилінің ерекшеліктері. Шаршытоп алдында көркемсөз стилінде сөйлеу

Көркемсөз стилінде ойды жарыққа шығару тәсілдері. Қанатты сөздер, плеоназм, тавтология, лаконизм, лексикалық жетімсіздік, стилистикалық қателік, экспрессивті лексика ұғымдарымен жұмыс

1

9

Ғылыми стильге қойылатын талаптар. Шаршытоп алдындағы ғылыми-көпшілік сөз.

Арнаулы тіл ұғымы. Ғылыми сөздің жанрлық, стильдік ерекшеліктері. Ғылыми іскери сөз сөйлеудің алғышарттары мен талаптары.

1

10

БАҚ және тіл мәдениеті, оның стилистикасы

Үздік мақала жазудың талаптары. БАҚ терминологиясы. Мақала мәтінінің стилі

1

11

Қазіргі қазақ тілдік тұлғаларының сөз саптау мәдениеті.

Бүгінгі қоғам, қайраткерлері мен тілдік тұлғалардың үздік мақалалары мен үздік сөздерін талдау

1

12

БАҚ-тағы тілдік сәтсіздіктер себептері

Радио, теледидарда сөз алған тұлғалардың тіліндегі сәтсіздіктерге тілдік, стильдік талдау жасау

1

13

Қазіргі үлгі сөз



Сөйлейтін сөздің мазмұнын құру, сөз тақырыбы мен мақсаты, сөз композициясының тәсілдері. Классикалық сөз үлгісі, сөзді аяқтау

1





14


Мұғалімнің жаңа сабақ түсіндіруі – монологтің бір түрі ретінде.



«Педагогикалық тілдік қарым-қатынас немесе педагогтің тіл мәдениеті дегеніміз не?» тақырыбында пікірталас өткізу


2

15

Аралық 1, 2




Барлығы


15


Емтихан




3 СЕМИНАР САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ


Тақырыптар

Апта

Сағат саны

Ұсынылатын әдебиеттер

1

Қазақ тіл мәдениетінің теориялық негіздері. Стилистика, тіл мәдениеті, сөз мәдениеті, әдеби тіл теориясы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Тіл мәдениеті және стилистиканың ара қатынасы.



1-апта


1


[4]-4-12;

[6]-30-34;

[7]-3-8;

2

Тіл мәдениетінің негізгі сапалары.

Тілдік құралдарды пайдалана білу ережесі. Тіл мәдениеті және оның функциялары: ақпараттық-коммуникативтік функциясы, тәрбиелік-коммуникативтік функциясы және реттеуіштік функциясы




2-апта

1



[4]-14-22;

[6]-30-34;

[2]-180-186;



3

Сөз мәдениетінің коммуникативтік, когнитивтік аспектілері. Ауызекі сөйлеу стилінің шағын түрлері (подстиль): бейресми ауызекі сөйлеу шағын стилі; ресми ауызекі сөйлеу шағын стилі; әдеби ауызекі сөйлеу шағын стилі; тұрмыстық-ауызекі сөйлеу шағын стилі.

Қазақтың ұлттық сөз саптау дәстүріндегі этикалық ұғымдар




3-апта

1



[6]-34-39;

[4]-32-46;

[7]-20-23;

[3]-7-18;


4


Сөз мәдениеті және шешендік.

Сөздерді дұрыс айту және дұрыс жазу нормалары. Сөз әдебі. Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті





4-апта

1



[6]-39-43;

[4]-53-61;

[3]-19-24;

5



Сөйлеу мәдениеті және фонетикалық норма. Қазақ сөз мәдениеті туралы түсінік





5-апта

1


[6]-43-46;

[8]- 19-30;

[2]-176-179;

[4]-204-229;

[7]-64-68;


6

Сөз қолдану мәдениеті.

Жазу-сызуды демократияландыру. Халықтық тіл нормасы. Жазба тіл нормасы


6-апта

1

[14]; [3]-174-198;

[4]-132-142;

7

Ресми-іскерлік қатынас тілі. Ресми стильдегі стильдік норма. Ресми және іс қағаздар стилінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері. Ресми және іс қағаздар стилінің морфологиялық ерекшеліктері. Ресми және іс қағаздар стилінің синтаксистік белгілері.



7-апта



1


[4]-74-91; 107-132;

[2]-206-207;

[6]-58-60;

8

Функционалды стильдердің тілдік сипаттамасы. Сөздің функционалдық типтері. Функционалды стилистиканың өз ішіндегі стильдер бойынша жіктелуі (подстиль)


8-апта

1


[3]-132-141; 141-174;

[4]-70-73;


9

Шаршысөз мәдениеті. Іскери дискурс және тіл мәдениеті. Тілдік норма және жаңа қолданыстар. Пікірталас мәдениеті


9-апта


1

[8]-152-177;

[7]-79-125;


10

Мәтін стилистикасы. Функцианалды стильдердегі стилистикалық қатенің түрлері және олардың себептері. Мәтінге қолданылатын орны, мақсаты, тілдік тәсілдері, стильдік сипатына қарай мәтіннің стильдік ерекшеліктері


10-апта

1

[6]-76-77;

[7]-133-158;

11

Стиль - өнер ерекшелігі. Тіл мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, баспасөз тілінің мәдениеті, көркем әдебиеттің тілі қазақ тіл мәдениетін дамытудағы рөлі.


11-апта


1

[2]-216-224; 225-230; [6]-79-80;

[16];

12

Тілдің стилистикалық ресурстары. Тіл мәдениетінің лингвоэкологиялық аспектілері. Лингвоэкология ұғымы.


12-апта


1

[4]-142-151; [2]- 230-238; [6]-81-85;

13

Ауызекі сөйлеу тілі стилінің тілдік сипаты. Сөйлеу техникасы. Ойды мәнерлі жеткізудің тілден тыс көмекші құралдары: ым-ишара, қимыл-қозғалыс, дауыс күші, қарқыны, кідіріс, интонация



13-апта

1


[2]-239-245;

[4]-183-185; [6]-85-88;


14

Педагогикалық тілдік қарым-қатынас немесе педагогтің тіл мәдениеті. Диалог және монолог. Монолог өзінің мән-мазмұны жағынан сипаттау, баяндау, пайымдау деген мағыналық түрлерге бөлінуі.


14-15

апта

2


[2]-245-252; 252-258;[4]-192-199

[6]-89-91;

15

Аралық 1, 2





Емтихан





Барлығы



15


  1. СТУДЕНТТІҢ ОҚЫТУШЫ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ЖАСАЙТЫН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ (СОӨЖ)


СОӨЖ тақырыбы мен мазмұны


Бақылау түрі

Ұсынылатын әдебиеттер

Апта

Сағат саны

1

А.Байтұрсынұлы, Р.Сыздық және орыс ғалымы В.В.Виноград овтың стилистикаға және жалпы тілдің қызметіне қатысты айтқан ой-пікірлерін конспектілеңіз.

Жазбаша: конспект

[4]-14-22;

[6]-30-34;

[2]-180-186;


1

2

2

Орфоэпиялық сөздікті пайдаланып, сөздің айтылуы мен жазылуына байланысты тест сұрақтарын құрастырыңыз

Жазбаша:

тест сұрақтарын жасау, өзара алмасу

[6]-34-39;

[4]-32-46;

[7]-20-23;

[3]-7-18;

2

2

3

1913 ж. «Қазақ» газетінде жарияланған «Қазақтың бас ақыны» мақаласын оқи отырып, А.Байтұрсынұлының ұлы Абайдың сөз қолданысына тән қандай ерекшеліктерді атап айтқанын көрсету

Жазбаша:

талдау жұмыстарын жүргізу

[6]-39-43;

[4]-53-61;

[3]-19-24;

3

2

4

«Түркістан уәлаяты газетінің» 1875 жылғы 8-санында басылған мақаланы оқып шығып, қазіргі әдеби тілдің нормасына лайықтап жазып шығу. ХІХ ғ. ескі қазақ жазба тілінің қазіргі жазу ережесінен өзгешелігіне назар аудару. Дыбыстық, морфологиялық, синтаксистік айырмашылықтарын көрсетіп, талдау жасау

Жазбаша:

конспект


талдау жұмыстарын жүргізу

[6]-43-46;

[8]- 19-30;

[2]-176-179;

[4]-204-229;

[7]-64-68;


4

2

5

Әр түрлі автордың бір тақырыпта, бірақ әр түрлі стильде жазыл ған мәтін түрлеріне мысал келтіріңіз


Картотека

[4]-74-91; 107-132;

[2]-206-207;

[6]-58-60;

5

2

6

Қазіргі қазақ газеттер інің лексикалық ерекшелігін танытатын мысалдар жинап, оларға талдау жасаңыз


Картотека

[3]-132-141; 141-174;

[4]-70-73;

[8]-152-177;

[7]-79-125;

6

2

7

Фразеологиялық тіркестерге мағыналық түсінік беру. Тұрақты сөз тіркестерінің тіліміздің көркемдік құрал ретіндегі қызметіне талдау жасау

Презентация:

талдау жұмыстарын жүргізу

[14]; [3]-174-198;

[4]-132-142;

[6]-76-77;

[7]-133-158;

7

2

8

Сөзжарыс. Тіл, сөз туралы кім көп мақал-мәтел біледі? Оның бірнешеуінің мағынасын түсіндіріңіз

Ойталқы, пікірталас

[2]-216-224; 225-230; [6]-79-80;

[16];

8

2

9

Тіл туралы Заңның бір бабын алып, оның өмірде іске асырылуы туралы ауызша пікіріңізді білдіріңіз


Ауызша:

баяндама

[4]-142-151; [2]- 230-238; [6]-81-85;

[5]-3-79; [7]-200-204;

9

2

10

Бір тақырып таңдап алып, оны әр түрлі стильде жеткізіңіз. Өзара талқылаңыз

Практикалық:

топпен пікірталас ұйымдастыру


[2]-239-245;

[4]-183-185; [6]-85-88; [3]-293-301;

[7]-204-214;

10

2

11

Еркін тақырыпта қалаған жанрда шығарма жазыңыз

Жазбаша:

шығарма

[2]-245-252; 252-258;[4]-192-199

[6]-89-91; [3]-310-321;

11

2

12

Ресми стильге тән бір мәтін ойлап жазып және көркем әдебиеттен сөйлеу тілінің стиліне тән бір үзінді алып, олардың ерекшелігіне салыстырмалы талдау жасаңыз

Жазбаша:

талдау жұмыстарын жүргізу

[7]-322-376;

[2]-258-280;

[6]-97-104

12

2

13

«Жаңа қазақ деген кім?» ,

«Мектеп киімі қандай болуы керек?»,

«Демография деген не?»,

«Мұғалім қандай болуы тиіс?»,

«Егер сабаққа ерікті қатыссам...»,

«Адалдық деген не?»,

«Достық пен махаббат»

тақырыптары бойынша

пікірталас түрлерін ұйымдастыру

Практикалық:

топпен пікірталас ұйымдастыру


[4]-4-12;

[6]-30-34;

[7]-3-8;

13

2

14

«Сөз әдебі» тақырыбы аясында оқушыларға алдын-ала мынадай тақырыптардың ішінен өздері қалаған біреуіне танымдық материал дайындау:

1. Этикет – мәдениеттіліктің негізі.

2. Этикеттің тарихы.

3. Әр елдің салты басқа... (өзі қалаған ұлттың этикет нормалары туралы тұсаукесер).

4. Әлемде талай қызық бар...

5. Ым-ишараларды қолданудағы әдептілік нормалары.

6. Ұлттық салт-дәстүрлердегі әдептілік көріністері.

7. Әлем халықтарының амандасу әдептері, т.б.

Презентация:

топтық жұмыс

[6]-34-39;

[4]-32-46;

[7]-20-23;

[3]-7-18;


14-15

4

15

Аралық 1, 2






Барлығы




30



  1. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ (СӨЖ)


СӨЖ тақырыптары


Бақылау түрі

Апта

Сағат саны

1

Стилистиканың қазіргі таңдағы даму бағыт-бағдары мен зерттелуі

Презентациялық жоба

1

2

2

Сөз мәдениеті және тілдік қарым-қатынас

Презентациялық жоба

2

2

3

Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастағы сөз әдебі

Презентациялық жоба

3

2

4

Функционалдық стильдер тілінің сөз бедері

Презентациялық жоба

4

2

5

Стилистикалық фигуралар және олардың стилистикалық қызметі

Презентациялық жоба

5

2

6

Көркем проза тілінің жанрлық, тілдік-стильдік ерекшелігі

Презентациялық жоба

6

2

7

Поэзия тілінің жанрлық, тілдік-стильдік ерекшелігі

Презентациялық жоба

7

2

8

Драма мәтіндерінің жанрлық, тілдік-стильдік ерекшелігі

Презентациялық жоба

8

2

9

Стилизация құбылысы

Презентациялық жоба

9

2

10

Сұхбаттық тілдесім мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері


Презентациялық жоба


10


2

11

Айтыс – пікірталастың бір түрі

Презентациялық жоба

11

2

12

Қазақ ұлттық шешендік өнерінің ерекшеліктері

Презентациялық жоба

12

2

13

Кәсіби сөз саптау шеберлігі (педагогикалық қарым-қатынас үлгісі негізінде)


Презентациялық жоба


13


2

14

Сөйлеудегі қосымша құралдар

Презентациялық жоба

14-15

4

15

Аралық 1, 2





Емтихан





Барлығы



30



6 ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


    1. Негізгі әдебиеттер:


  1. Уәли Н., Қыдырбаев Ө. Қазақ тілі: Сөз мәдениеті: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманит. бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. – Өңд., толықт. 2-бас. – Алматы: Мектеп, 2010. – 256 б.

  2. Қапасова Б.Қ., Әбдіжүсіпова Б.Х., Жұмаділова Ш.Т. Қазақ тілі: Жоғары сынып оқушыларына арналған қазақ тілін жедел оқыту құралы. – Астана: «Арман – ПВ» баспасы, 2007. – 288 б.

  3. Шалабай Б. Қазақ тілінің стилистикасы. Оқу құралы. – Алматы: Республикалық оқулық баспа орталығы, 2006. – 304 б.

  4. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. Оқулық. – Алматы: «Зият Пресс», 2006 ж. – 140 б.

  5. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов Е., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. - Алматы, 2005.

  6. Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. - Алматы, 2000.

  7. Сыздықова Р. Сөз құдіреті. – Алматы, 1997.

  8. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. А., Мектеп. – 1984.

  9. Болғанбаев Ә. Тіл және шеберлік. Жинақ: Өнер алды – қызыл тіл. А., 1986.

  10. Уәли Н. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері. Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясы. – Алматы, 2007 ж. – 326 б.


    1. Қосымша әдебиеттер:


  1. Балақаев М.Б. Қазақ әдеби тілі. Алматы: Ғылым, 1987, – 272 б.

  2. Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптануы. Астана: Елорда, 2001. –230 б.

  3. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі // (авт. бірл.: Қ.Күдеринова, А.Фазылжанова т.б.). Алматы: Арыс, 2005.

  4. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі // (авт. бірл.: Қ.Күдеринова, А.Фазылжанова т.б.). Алматы: Арыс, 2006.

  5. Қарағұлов Ө. Шығарма көркі – шұрайлы тіл. жинақ: Жазушы және сөз мәдениеті. А., 1988.

  6. Қайдаров Ә. Шығарма тілі – көркем әдебиет өзегі. Жинақ: Өнер алды – қызыл тіл. А., 1986.

  7. Болғанбаев Ә. Тіл және шеберлік. Жинақ: Өнер алды – қызыл тіл. А.,1986.

  8. Нұрханов С. Тіркес және оның түрлері. «Қазақстан мектебі» № 12, 1965 ж.

  9. Нұрханов С. Тіл арқылы қатынас және тың тіркестер. Жинақ: Сөз өнері. А., 1978.

  10. Әшіров р. Газет тілінде ұшырасатын кейбір сөз тіркестері жөнінде. Жинақ: Тіл мәдениеті және баспасөз. А., 1972.

  11. Исаев С.М. Қазақтың баспасөз тілінің дамуы. А., 1983.

  12. Жапбаров А.Тіл дамыту. А,1959.

  13. Жапбаров А., Мусина М. Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту. А, 1989.

  14. Жарықбаев Қ. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту жайында. «Қазақстан мектебі», 1967, № 1

  15. Ысқақ Б. Тіл дамытудың психолингвистикалық негіздері. А., 1996 ж.


7 БІЛІМ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ


Жұмыс түрлері

Бағалау (балл)

1

Сабаққа қатысу және белсенділік

3

2

Қысқа тестілер мен бақылау жұмыстары (аудиторияда)

10

3

Үйге берілетін практикалық тапсырмалар

17

4

СОӨЖ: топтық жоба, аудиторияда орындалатын практикалық тапсырмалар

10

5

Аралық бақылау

15

6

Қорытынды емтихан

40


Барлығы

100


8 БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ


Әріптік жүйемен

Балдың сандық

баламасы

Балы

Кредиттік жүйе бойынша бағалау

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

A

4,0

95-100

4

өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

3

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

2



қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

1

D

1,0

50-54

F

0

0-49


қанағаттанарлықсыз


Баға қою саясаты: Семестр соңында бүкіл семестрдегі жұмыстың кумулятивті көрсеткіші болатын ортақ жалпы баға қойылады. Қорытынды баға СДУ-да қабылданған бағалар шкаласына сәйкес қойылады.

Практикалық үй жұмыстарын бағалаудың шарттары: орындалған тапсырма мазмұнының дұрыстығы мен толықтығы, орындау техникасы, баяндау логикасы, уақытында тапсыру.

Емтихандық бағаны қоюдың шарттары: жауаптардың дұрыстығы мен толықтығы, баяндаудың стилі мен логикасы.

Курс саясаты:

  • кешікпеу және сабақтардан қалмау;

  • сабақ кезінде ұялы телефондарды сөндіру;

  • барлық тапсырмаларды уақытында орындау.

Академиялық тәртіп пен этикалық саясат:

- толерантты болу, басқа адамның пікірін сыйлау;

- қарсылықты дұрыс формада жеткізу;

- адал әрі әділ болу;

- жауапкершілікті сезіну.

Көмек: Өзіндік жұмыстарды орындау бойынша консультация туралы, оларды тапсыру және қорғау, сонымен қатар өтілген материал бойынша қосымша мәліметтер алу үшін және оқытылатын курс бойынша пайда болған барлық сұрақтармен оқытушыға офис-сағаттары кезінде келу.


9 ПӘНДІ ОҚЫП БІЛУ ЖӨНІНДЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР


СЕМИНАР САБАҚТАРЫН ӨТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ


Семинар тақырыптары, онда қарастырылатын сұрақтар қазақ тілінің стилистикасы ғылымының өзекті теориялық және методологиялық мәселелерін кеңінен қамтиды. Студенттің білімді өз бетімен алуға ұмтылушылығын, ізденімпаздық қабілетін арттыру мақсат етіледі. Студенттен әр семинардың берілген сұрақтарына тыңғылықты әзірленуі талап етіледі. Ол үшін студент көрсетілген әдебиеттер бойынша әрбір сұрақтың мәнін ашатындай конспект әзірлеуі қажет. Бұл біріншіден, білімнің жүйелілігін, үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, өздік жұмысты орындау, коллоквиум, кезендік және қорытынды бақылауға дайындалу барысында пайдасы зор. Семинардың тақырыбымен танысып алған соң, қажетті әдебиеттерді іріктеп алу қажет. Бір сұрақтың айналасында айтылған түрлі авторлардың пікірлеріне іштей салыстырулар жасап, түйінді жерлерін қағаз бетіне түсіру керек. Осы мәселе төңірегінде өз ойыңыз қандай, соны дәйектеңіз. Бұдан соң белгілі бір тұжырымды дәлелдеу үшін өзіңіз оқыған көркем туындылардан, сын мақалалардан мысалдар келтіріңіз. Келесі семинарларда алдыңғы өткен сабақтарда дайындаған материалдарыңызды, алған біліміңізді дұрыс пайдалана біліп, жаңа тақырыппен байланыстырып отырыңыз.

Семинар сабақтарына дайындықты мынадай тәртіппен жүргізген жөн:

  1. Берілген тақырып бойынша семинар жоспарымен мұқият түрде танысып алу, алдымен негізгі сұрақтармен, ал соңынан талқылауға ұсынылған сұрақтармен;

  2. Семинар тақырыбы бойынша лекцияның конспектісін толық оқып шығу және қойылған сұрақтарды оқу үшін қажетті материалдарды белгілеп алу;

  3. Берілген тақырып бойынша ұсынылған негізгі және қосымша қайнар көздерге жүгіну;

  4. Берілген тақырып бойынша курсты тиімді меңгеруге көмектесетін негізгі терминдер мен түсініктерге ерекше мән беру;

  5. Тақырыпта кездесетін терминдер мен мағынасы күрделі сөздерді ұғыну;

  6. Тақырыпты оқу барысында семинар сабағына арналған дәптерге қысқаша мәнжазбаларды жазып алу қажет, бұл әсіресе дербес оқуға арналған сұрақтарға қатысты. Бұл мәнжазбаларды семинар сабағында жауап беру барысында, сондай ақ межелік бақылау мен емтиханға дайындық барысында қолдануға болады.

Практикалық сабаққа дайындық студенттің дербес жұмысының міндетті бөлігі болып табылады және сабақ жоспарында көрсетілген барлық сұрақтарды қамтуы тиіс. Сабаққа толықтай дайындалу тақырыпты толығымен меңгеруге және семинардың тиімді жұмыс істеуіне ықпал етеді.

Студенттің практикалық сабақтағы жұмысы оның жоғары белсенділігі деңгейін және жария қорғау барысында төмендегі талаптарға сай болуын болжайды:

  • Көмекші құрал ретінде мини конспектілерді пайдалана отырып, сұрақтарға ауызша еркін түрде жауап беруі;

  • Сұрақтарға жауап беруге дайын болуы және жауап бере алуы, сондай ақ айтылғандарға талдай жасай білуі;

  • Өз мамандықтары бойынша терминологияны меңгеруі;

  • Баяндама жасау үшін регламент 7÷10 минут.

Курсты оқу аяқталған соң студент курстың негізгі тұжырымдарын меңгеруі тиіс және қазақ тілінде еркін және шешен сөйлей білуі, қазақтың салт-дәстүрін жетік меңгеруі, өз мамандығы бойынша терминдерді еркін қолдана алуы, қазақ тілінде іс-қағаздарын жүргізе алуы, барлық жағдайда да оларды қолдана білуі тиіс.

Оқу бағдарламасына сәйкес аудиториялық сабақтардың жалпы санынан 90сағат бөлінген. Студент әрбір семинар сабағында ең көбі І баллға дейін жинай алады.

Семинар сабағында студенттің білімі мынадай критерийлер бойынша бағаланады:

  • Теориялық білімдерін пайдалану;

  • Жауаптарының негізділігі;

  • Қойылған сұрақтарды талқылауға қатысу;

  • Тапсырмаларды шешу, мән жайларды қарастыру;

  • Тезистер мен жауаптардың негізділігі;

  • Дәлелдерді қолдану;

  • Фактілік және тарихи материалдарды қолдану;

  • Зерттеудің негізгі түсініктерін меңгеру;

  • Жарыссөздерге қатысу;

  • Қойылған сұрақтарға жауап беру және тапсырмаларды шешу барысында дербестік таныту;

  • Қарастырылып отырған сұрақтарды талқылау барысында терең теориялық білімдерін көрсету;

  • Жауаптарының теориялық негізділігі мен құқықтық реттеу тәжірибесінен мысалдар келтіруі;

  • Барлық қойылған сұрақтар бойынша талқылауға белсенді әрі тұрақты түрде атсалысу;

  • Қарастырылып отырған мән жайлар бойынша дұрыс, негізді әрі толық түсінік беру;

  • Қарастырылып отырған мән жай бойынша өзінің көзқарасын дәлелдей білуі;

  • Қарастырылған мәселе бойынша негізгі ұғымдарды меңгеруі;

  • Басқа студенттердің жауаптарын талқылауға белсенді түрде атсалысу;

  • Практикалық сабақта толықтай белсенділік таныту.




ПРАКТИКА САБАҚТАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ


«Стилистика және тіл мәдениеті» пәнінен тәжірибелік сабақтардың мақсаты – сабақтарда алынған білімді бекіту, қазақ тілінің түйінді мәселелері мен тарихи дамуының негізгі кезендерінің ерекшеліктерін творчестволық игеру, студенттердін ойлау және өз ойын ауызша жеткізе білу қабілетін дамыту.

«Стилистика және тіл мәдениеті» пәнінен тәжірибелік-семинар сабақтары студент жұмысының ең басты көрсеткіштерінің бірі болып саналады, сондықтан студенттен мұқият дайындық және үлкен жауапкершілік талап етіледі. Практикалық сабақтардың тақырыптары мен сұрақтары дайындықка қажетті оқулықтар мен түпнұсқалар тізімін ОӘК-ге кіретін силлабустан табуға болады.

Студент әрбір сұрақ мазмұның толық жан-жақты ашуға, терең ұғынуға ұмтылуы тиіс. Бұл мақсатқа жету үшін оқулықтар мен интернет материалдарын қолданумен шектелмей, ғылыми жұмыстармен де танысу қажет.

Тәжірибелік сабақтардың барлығына ортақ форма студенттердің практикалық сабақ тақырыбының сұрақтарын талқылау процесіне түгел қатысуы, сабақтың еркін пікір алысу түрінде өтуі.

Практикалық сабақтарға дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар


«Стилистика және тіл мәдениеті» пәні бойынша семинар және тәжірибелік сабақтары әр-түрлі нысандарда өткізіледі (жалпы сұрау, мамандықты меңгеру ойындары, ауызша баяндамалар, үй тапсырмасын талдау). Семинарды немесе тәжірибелік сабақты өткізу нысанын оқытушы әр сабақта анықтайды және алдын ала хабарлайды.

Практикалық сабақтарға курстың неғұрлым маңызды әрі күрделі сұрақтары шығарылады. Студенттерден берілген сұрақтарды талқылауы үшін сабақ уақытында өткізілген тақырыптар мен ұсынылған қайнар көздерді пайдалана отырып, арнаулы дайындалуы талап етіледі.

Практикалық сабақтардың мақсаты: студенттерде қарастырылып отырған мәселе бойынша оқу әдебиеттерімен, қосымша берілген әдебиеттермен және өзге де қайнар көздермен дербес жұмыс істеу дағдыларын; оқып қарастырылған материалдарды ұғыну және талдау дағдыларын; тәжірибелік мәселелерді шешу жолымен нақты жағдайға қатысты сөйлеу нормаларын қолдана білу дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар, практикалық сабақтың мақсаты - әдебиет бойынша дербес жұмыстың нәтижелерін тексеру, түсініксіз мәселелерді талқылау, аудитория алдында баяндау дағдыларын беру.

Практикалық сабақ – ұсынылған қайнар көздер мен әдебиетті оқу бойынша студенттің дербес жұмысының нәтижесі. Студенттің дербес жұмысы дегеніміз не? Дербес жұмысты атқару дегеніміз – ұсынылған әдебиетті, қайнар көздерді оқу, семинар сұрақтарына жауаптарға дайындалу мақсатында, пән бойынша білімдерді тереңдету мақсатында, курстың тақырыптары бойынша реферат немесе баяндама жасау мақсатында оқылғанға қысқаша мәнжазбаларды жасау.


Әдебиетті оқудың жалпы ережелері:


  1. Оқу кезеңдері: кітаппен алдын ала танысу;алғы сөзді немесе кіріспені оқу; мәтінді оқу.

  2. Мәтінді ұқыпты оқыңыз – түсініксіз жерлерге қайта оралып.

  3. Мәтінді мұқият оқыңыз – маңызды жерлерін жібермей.

  4. Мәтінді зейінділікпен оқыңыз – оқып жатқаныңызды ойдан тастамай.

  5. Мәтінді логикалық соңына дейін оқыңыз – абзац, параграф, тарау, бөлімінің және т.б. соңына дейін.

Бұл курс бойынша семинар сабақтарының ерекшелігі, студенттер қойылған сұрақтар бойынша теориялық білімдерін ауызша немесе жазбаша нысанда көрсетуі тиіс.


СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ


Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысының (СОӨЖ)

мақсаты мен міндеттері


Оқытушымен бірге студенттің өзіндік жұмысы кредиттік жүйедегі аудиторлық сабақ түрінде жүргізілетін білім берудің бір түрі. СОӨЖ кеңес беру және бақылаушылық қызметтерін атқарады. СОӨЖ бұл оқытушымен студенттер бірігіп диалог режимінде жүргізілетін оқу сабағы, мысалы тренинг, пікірсайыс, іскерлік және дидактикалық ойындар, тұсаукесер, кейс құрастыру, жеке, топтық жобаларды өңдеу және т.б.

Әрбір СОӨЖ-ге әр түрлі материалдар дайындалуы қажет (кейстер, ойындар, тестер, сөзжұмбақтар, т.б.). Олар қандай да бір сұрақтарды шешуге, оларды кеңейтуге, әр түрлі жағдайларды, тапсырмаларды және тағы басқаларды шешуге, талдауға негізделеді.

СОӨЖ келесі қызметтерді атқарады: кеңес беру және бақылаушылық.

Кеңес беру қызметтері:

  • әрбір пән бойынша студенттердің өзіндік жұмысына көмек беру;

  • материалдарды меңгеруге қандай әдісті қолдану керектігін таңдауға студентке көмек беру;

  • студенттерге қиындық тудыратын тақырыптарға қосымша түсінік беру;

  • оқу материалдарын тереңдетіп оқытуға меңгерту;

  • ғылымилықпен айналысудағы студенттердің өзіндік жұмысына көмек беру.

СОӨЖ бақылаушылық қызметі білім алуда студенттің ынтасын жоғарылату үшін ағымдағы межелік және қорытындылау мен студенттердің білімін бағалау барысында жүзеге асырылады. СОӨЖ барысында студент тютерден кеңес алып, бақылау, семестрлік және курстық жұмыстарды орындауға тапсырма алады (ағымдағы және рейтингтік бақылау).

Стилистика және тіл мәдениеті пәні бойынша СОӨЖ түріне реферат, баяндамалар, конспект, сондай-ақ мысалдар теріп карточка жасап өткізуді жатқызуға болады.

Оларға дайындалу негізінде студенттің ізденуі, алдын-ала қажетті әдебиеттерді іздестіруі, керекті материалдар жинауы, өзіндік көзқарасын білдіре білуі, оларды орындаудағы жоспар жасауы студенттің өз бетімен жұмыс жасай білуіне көмегі зор.

Жұмыс түрлері студенттердің ойлау қабілетін дамытады және оқыған материалдарына талдау жасай білуіне көмектеседі.


Студенттердің Оқытушымен Өзіндік Жұмыстары (СОӨЖ) тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

СОӨЖ тапсырмаларының түрлері:


Презентация, эссе, баяндама, кесте, ауызша жауап және т.б. болуы мүмкін.

Презентация 15-20 слайд аралығында болуы қажет. Материалды алдын-ала жүйелеп, құрылымын анықтап, аудитроияға жақсы көрінетіндей етіп слайдқа орналастыру қажет. Презентацияны қорғаушы қолындағы материалдың толық нұсқа негізінде, әр мәселеге байланысты слайдқа сілтеме жасап отырады. Қорғау уақыты 10 минут.

Реферат 10-12 беттен кем болмауы тиіс. Реферат жазбастан алдын қажетті әдебиеттерді таңдап алып, материалдарды оқып шығу және негізгі мәліметтерді талдап, статистикалық мәліметтерді құрастыру қажет.

Эссе 5 бетке дейінгі көлемде А4 форматында баспа мәтінмен жазылады. Мұнда ғылыми еңбектерді терең зерттеу, ғылыми тұжырымдар мен көзқарастарды салыстыру, ғылыми әдістерді қолдану талап етілмейді (егер тақырып бойынша қарастырылмаса). Эсседе жоспар құру талап етілмейді, мәтіннің басында қарастырылатын мәселе бойынша қысқаша түсінік беріліп кетуі тиіс. Эсседе қолданылған қайнар көздер міндетті түрде жазылады.

Кесте компьютерде жасалады, мұнда тақырып бойынша материалды неғұрлым жақсы игеру үшін кесте түрінде бейнелеу қажет. Кесте А4 форматында 1,2 бетке сызылуы мүмкін.

Ауызша жауап материалды конспект, әдебиеттер, сондай ақ сөздіктер арқылы игеру. Мұнда анықтамаларды жаттау және негізгі ұғымдарды талдау талап етіледі.

СОӨЖ сабақтарына қойылатын талаптар:

СОӨЖ тапсырмалары силлабуста белгіленген тәртіпте және уақытта қабылданады. Себепсіз өз аптасында тапсырмаған студенттерден өз аптасында тапсырмаған СОӨЖ қабылданбайды. Егер СОӨЖ сабағы жоспарланған күні объективті себептерге байланысты (демалыс, мейрам күндеріне келуі т.б.) өткізілмесе келесі аптадағы СОӨЖ сабағында кезектегі тақырыппен бірге тапсырылады.


Тақырыптар бойынша конспект жасау


Конспект материалды толық оқып шығуынан кейін жасалатын жазба жұмыс. Ол мәтіннен қысқаша түсінік алып, керекті жерлерін алу. Автордың негізгі ойлары конспект жасауда сөзбе-сөз көшіріліп алынбайды, өзіндік оймен қорытынды жасалып жазылады. Бұл мәтіннің мазмұнын тиімді қамти алуын көздейді. Конспект жасағанда мәтіннің беттері көрсетілуі тиіс.

Конспектте жұмыстың авторының аты-жөні толық жазылады, жұмыс атауы, шыққан баспасы, жылы көрсетілуі қажет, конспект жасалған беттерін көрсетуі, нақты, таза жазылуы тиіс.


Тақырып бойынша әдебиеттерді пайдалану


Тақырып бойынша әдебиеттермен жұмыс жүргізуде, олардың тізімін беруде автордың аты-жөнін немесе оқулық атын алфавиттік тәртіпте қадағалау қажет.

Әрбір әдебиет жазылғаннан кейін автордың аты-жөні, оқулықтың шыққан жері, баспасы, жылы мен беттері көрсетіледі. Ал журналдағы мақаланың авторы, мақала тақырыбы, журналдың атауы, нөмірі мен жылдары, баспасы жазылады.


Реферат дайындау


Реферат – баяндаманың басылған немесе жазылған түріндегі қысқаша түрі.

Рефераттың көлемі 10-12 беттен кем болмауы керек.

Рефератқа дайындалуда студент тақырып бойынша әдебиеттерді таңдауы, жоспар құруы қажет.

Жоспар кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.

Рефератты орындауда баяндама 10-15 минутты қамтиды. Оны орындауда тақырып мәні ашылуы, айтылатын негізгі ой танылу қажет. Орындауда өзіндік пікір қоса танылып отырылады. Соңында міндетті түрде қорытынды жасалады. Аудитория қосымша сұрақтар қоюы мүмкін. Берілген сұрақ бойынша өзіндік пікірлерін басқа да топ студенттері білдіруі мүмкін.

Баяндаушыны бағалауда орындаудағы сенімділік, дәлелді нақты таныта білуі, қойылған сұрақтарға нақты жауап бере білуі, өзінің көзқарасын білдіруі қадағаланады.

Рефератты тексеру барысында материалдың мазмұны, стильдік сауаттылығы ескеріледі.


ҚОСЫМША АҚПАРАТТАРМЕН ЖҰМЫС


1. Студенттер сабақ бағдарламасында қарастырған тақырыптар бойынша күнделікті өз білім-біліктерін дамытып отыруы тиіс. Сондықтан газет, журнал, түрлі әдебиеттерден, ғаламтор материалдары бойынша қосымша ақпараттар жинап, аудиторияда қысқаша баяндап беруге дағдылануы тиіс;

2. Жинақталған қосымша ақпараттар өзіндік жұмыс папкасында жинақталуы тиіс.


ЭССЕ ЖАЗУ КЕЗІНДЕ ЕСКЕРІЛЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР


Эссе – студенттің сабақта қарастырылған тақырып жөнінде өз ойлары мен түсініктерін, идеялары мен пайымдауларын келтіретін бағалау тәсілі. Эсседе бірінші мезетте студенттің өзіндік «Мені» көрініп тұруы керек. Эссе арқылы оқытушы студенттің ойлау деңгейі мен сабақта қалай жұмыс жасағандығын бағалайды. Эссе – ағымдағы бақылаудың тиімді тәсілі. Ол студенттердің әр сабақта болған-болмағандығын тексерусіз айқындайтын құрал (сабақтың аяғында студент эссені жазып, оқытушыға тапсырса ғана сабақта болды деп есептелінеді), студенттердің сабаққа белсенді түрде қатыстырудың тиімді құралы (басқа жағдайда студенттің сабақта талқыланған тақырып пен проблема бойынша өз ойларын эсседе келтіруі екіталай).


Эссенің кейбір модификациялары


1) Көршінің сұрағына жауап

Сабақ аяғында студенттер параққа бір сұрақ жазып, парақты оң жағында отырған серігіне береді, бұл сұраққа жазбаша жауапты серігі береді. Жазып болған соң, студенттердің өз сұрақтары мен жауаптарын жұптасып талқылағаны тиімді.

2) Сұрақтан басталып, сұрақпен аяқталатын эссе

Эссе студенттің тақырып бойынша бір сұрағымен басталып, басқа сұрағымен аяқталуы мүмкін. Бұл жерде сұрақтардың адресаттары сан-алуан болу мүмкіндігін ескертіп кеткен жөн: сұрақтарды өзіңе, көршіңе, бүкіл аудиторияға, жеке адамға, оқытушыға, авторға, т.б. қоюға болады. Сұрақтар тіпті ешкімге де бағышталмауы мүмкін (риторикалық сұрақтар).

3) «Үшбу хат»

Эссенің сабақта қарастырған шығарма (идея, кітап, т.б.) авторына хат формасында жазылуы да орынды. Хатты бүгінгі сабақ тақырыбы төңірегінде оқытушыға немесе аудиториядағы басқа бір студентке де жазуға болады.


ЖОБАЛЫҚ /ПРЕЗЕНТАЦИЯ/ЖҰМЫСТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР


Презентация өткізу жоспары:

/Презентациялар силлабус тақырыптары негізінде болуы қажет/

Кіріспе/өзін таныстыру, тақырыбын атау, бұл тақырыпты алу себебі/.

Негізгі бөлім

Қорытынды бөлім

Талаптар:

-қызықты өткізуге аса мән беру;

-презентация барысында бейвербалды амалдарды шамадан тыс қолданбау \қолды шамадан тыс көп сермемеу/;

-аудиторияның назарын өзіне қарата алу, аудиториямен байланыс орната алу;

- киім киісіне назар аудару;

-өзін салмақты ұстау;

-сұрақтарды қашан қою керектігін ескертіп кету;

-үлестірме материалдардың болуы/қажет болса/;

- орыс тілін араластырмау;

-презентацияға қойылатын ерекше талаптың бірі - сандық мәліметтерден басқа материалдарды баяндау барысында қағазға көп қарауға болмайды.

Презентацияға берілетін уақыт: бір студентке 5-7 минут.


СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ (СӨЖ) ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР


СӨЖ тапсырмаларына қойылатын талаптар:

СӨЖ тапсырмалары силлабуста белгіленген тақырыптар бойынша жазбаша нысанда дайындалады. Студент тарапынан дайындалған СӨЖ оқытушының офис сағаттарында қорғалады. Қорғау кезінде тақырыпты қысқаша түсіндіреді және сол тақырыпқа байланысты оқытушы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруі талап етіледі.

Студенттер СӨЖ жазу барысында жұмыс бағдарламасында сонымен қатар силлабустарда көрсетілген әдебиеттерді пайдалана алады. Жұмыстың көлеміне байланысты шектеулер жоқ, бірақ тақырыпты жеткілікті дәрежеде ашуы тиіс. СӨЖ орындауда жоспары, мазмұны және қолданылған әдебиет тізімі көрсетіледі. Қолданылған әдебиеттер тізімінде, ғылыми еңбектің аталуы, авторы, баспа атауы, шыққан жері мен жылы көрсетіледі. Оқу-жұмыс бағдарламасында көрсетілген мерзімнен кейін даярланған СӨЖ қабылданбайды.

СӨЖ туралы талаптар:

Тақырыптың негізіне кірмес бұрын студент СӨЖ тақырыбына кіріспе жасайды. Кіріспеде тақырыптың қысқаша тарихына тоқталады, құқықтағы орны мен маңызы қарастырылады. Осыдан кейін негізіне тоқталады. Осы бөлімде тақырыпты жан жақты ашуға тырысады. Осы тақырыпқа байланысты ғылыми пікірлер, тәжірибеге тоқталады. Жұмыста студент тақырып шеңберінде еңбекте қаралған сұрақтарды көрсетіп автордың субъективті позициясын ашуға тиісті. Осыдан кейін барып өзіндік қорытынды жасалады. Қорытынды да тақырыпқа байланысты өзіндік тұжырым, түйіндемелер жасалады. Кешіктірілген жұмыстар қабылданбайды.

СӨЖ мақсаты: тақырып шеңберінде жоспарда көрсетілген сұрақтар бойынша негізделген ғылыми және тәжірибелік қорытындыларды шығару.
























ПӘН БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ


Құрылымдық стилистика - контекстен тыс түрде тілдің стилистикалық қорын зерттейтін сала.

Фунуционалды немесе қолданымдық стилистика – тілдің әртүрлі қарым-қатынас саласында қолдану заңдылықтары туралы ілім.

Практикалық стилистика – стилистикалық тілдік мәдениетті қалыптастырады.

Көркем әдебиет стилистикасы – көркем шығармада өнер тудырушы, өнер құбылысы ретіндегі қолданысын, яғни көркем шығармадағы өмірін зерттейді.

Стиль - стилистика ғылымының ең басты категориясы. Сөйлеудің сапалылығы, экспрессивтілігі, белгілі бір сөйлеу жағдайы мен түріне, қатынас жасау мақсатына сай келетін бейнелеу құралдарын пайдалануы дегенді білдіреді.

Стилистикалық мағына – тілдік тұлға-бірліктің мағыналық құрылымындағы лексикалық, заттық, грамматикалық мағыналарынан тысқары қосымша белгісі.

Стиль тезі – көркем шығарманың тілдік материалдарын белгілі бір ортаға немесе тарихи кезеңге, әдебиеттің белгілі бір бағытына, жанрына т.б. қарай үйлестіріп, таңдап қолдану.

Ғылыми стиль – стилистикалық бояуы бірыңғай сиатқа ие. Олар негізінен жазба тілге тән сөздер, морфологиялық тұлғалар, синтаксистік құрылымдар болып келеді.

Ресми іс қағаздар стилі – стильдік бояуы жағынан ғылыми стильге жақын, алаййда оған қарағанда біртектес және синтаксисі бірқалыпты болып келеді.

Ауызекі-тұрмыстық сөйлеу стилі – қарапайым сөздер, эмоциялық бояуға ие сөздер. Толымсыз сөйлемдер, аяқталмаған сөйлемдер көп қолданылады.

Көркем сөз стилі – функционалды стильдердің ішінде ерекше орын алады. Тілдік құралдардың стилистикалық бояуы өте кең, бай және әр түрлі болып келеді.

Публицистикалық стиль - әртүрлі стильдік бояуға ие. Олардың ара қатынасы шығарманың жанры мен стиліне байланысты.

Әдеби тіл нормасы – белгілі кезеңде тілдік құралдарды қоғамдағы барлық адамдарға ортақ, орнықты түрде қолдану үлгісі.

Стилистикалық қате – белгілі бір сөйлеу жағдайына сай келмейтін, стилистикалық нормадан ауытқудың салдарынан болатын қатенің түрі.

Лингвистикалық стилистика - қоғамдық-әлеуметтік, өндірістік, идеологиялық, моральдық-психологиялық т.б. салаларға байланысты қағаз бетіне түскен немесе ауызша айтылған мәтіндердегі жеке сөздердің, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің немесе олардан да көлемді құрылымдағы конструкциялардың тілін қарастырады.

Стильдік белгі - белгілі бір функционалдық стильдің даралығын, басқа стильдерден өзгешелігін танытатын қасиеті.

Стильаралық диффузия - бір стильге тән тілдік ерекшеліктердің екіншісіне ауысып, өнімді қолданылуы.

Каламбур – сөз бен сөз тіркестерін ұқсас дыбыстаудан пайда болатын стилистикалық оралым. Көбінесе поэзияда қолданылып, эмоциялық әсерді, ұйқасымдылықты күшейту қызметін атқарады, кейде омографтардың, омофондардың көмегімен құрылады.

Эмоционалды-экспрессивті сөздер - тіліміздегі сан алуан стильдік мәні бар, сезімге түрлі әсері бар сөздер. Эмоционалды-экспрессивті сөздер адам сезімін білдіруге, мәнерлілік пен суреттілікті күшейтуге қызмет етеді.

Көркемдік әдіс (грек тілінде methodos – зерттеу жолы) – суреткердің өзі танып-білген ақиқат дүниеге шығармашылық қарым-қатынасының жалпы ұстанымы, яғни ақиқат дүниені қайта жасауы.

Күрделi синтаксистiк тұтастық - «күрделi фразалық тұтасым» деп аталады, ол мәтiннiң мүшеленуiнiң ең кiшi бiрлiгi деп қаралады.

Мәтін стилистикасы - мәтін түзуші тілдік құрылымдардың стильдік қызметін қарастырады.

Әдеби тіл – орныққан, тұрақты нормалары бар, жалпыға бірдей түсінікті, ортақ, қоғамдық қызметі әр алуан, жалпы халықтық тілдің екшеленген, сұрыпталған жүйелі түрі.

Тілдік норма – қоғамда байланыс жасау барысында іріктеліп тұрақталған тілдік жүйе.

Тіл саясаты – қоғамда, мемлекетте тіл мәселелерін шешуде қолданылатын идеологиялық принциптер мен шаралардың жиынтығы.

Тіл және қоғам – қазіргі тіл білімінің өзекті мәселесі. Тілдің пайда болуы, дамуы мен қызметі, әлеуметтік топтарға қатысы, тілдің қолданылуы мен басқа тілдермен арақатынасы, қоғамның тілге деген саналы көзқарасы – бәрі де тілдің қоғамдық табиғатынан туындайды.

Тілдің қызметі – 1. қоғамдағы тілдің ролі(қолданылуы); 2. бірліктердің бір біріне тәуелді болуы (мыс. түбір мен аффикс). Т.Қ. тілдің табиғатынан, оның қажеттілігі мен қоғамдағы орнынан туындады. Ең негізгілері: байланыс жасау (комуникация) және танымдық (когнитивті, гносеологиялық), экспрессивті қызмет.

Сөйлеу – бір мезгілде болатын нақтылы сөйлеу. Сөйлеуге сөйлеу қызметі және сөйлеу нәтижесі (жадта сақталған және жазылған шығармалар) жатады.

Сөйлеу актісі – қоғамда қалыптасқан сөйлеу принциптері мен ережелеріне сай, белгілі бір мақсатта жүзеге асырылатын сөйлеу әрекеті.

Сөйлеудің түрлері - дыбыстық және жазба түрлері бар

Сөздің мазмұндылығы дегеніміз – сөз болып отырған айналадағы зат не құбылыстың немесе іс-әрекеттің мәнді белгілерін сөз етуді айтамыз.

Сөздің мәнерлілігі дегеніміз – адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы.

Диалог деп - екі немесе одан да көп адамдардың кезектесіп пікір алысуын айтсақ, монолог деп - бір адамның өз ойын, пікірін ұзақ уақыт жүйелей, сабақтап баяндауы.

Сөйлеу этикеті – қоғамда қабылданған ресми не бейресми жағдайда әңгіме құраушылардың әлеуметтік роліне сай болатын сұхбаттасу ережелерінің тұрақты жүйесі.

Орфоэпия – сөздердің жалпыға бірдей қалыпты айтылу нормасы.

Ілгерінді ықпал – түбір мен қосымшаның немесе сөз аралығындағы көршілес дыбыстардың алдыңғысы соңғысына әсер етіп өзгеруі.

Кейінді ықпал – түбір мен қосымшаның немесе сөз аралығындағы іргелес дыбыстардың соңғысы алдыңғысына әсер етіп өзгеруі.

Эмоционалды сөздер – бояуы қаныққан сөзқдер.

Интонация – ( лат. Intonation –қатты айтылатын) мелодия, интенсивтілік, ұзақтық, сөз темпі, айту тембрі сияқты бір-бірімен байланысты сыңарлардың бірлігі.

Пиктографиялық жазу - жазудың ең алғашқы түрі. Пиктография латынның «сөзі суретті жазамын» деген сөзінен алынған.

Логографиялық жазу – пиктографиялық жазудың біртіндеп даму барысында идеографиялық жазу пайда болады. Логографиялық таңба не жеке сөзді немесе атаушы бөлігін белгілейді.

Морфемографиялық жазу - морфемалармен жазу, жазу белгісі морфемаграмма.

Силлабография – «буынды жазу», жазу бірлігі силлабограммалар.

Фонелография – «фонемалармен жазу» яғни тіл дыбыстарын белгілі таңбалармен белгілеу. Тіл дыбыстары жазуда графикалық таңба - әріптермен таңбаланады.

Әліпби - бірінен кейін бірі рет ретімен орналасқан әріптердің жиынтығын.

Орфография - белгілі бір тілдегі сөздердің дұрыс жазылуы туралы ережелердің жиынтығын айтамыз.

Транскрипция - латынның «қайта жазу» деген сөзінен алынған.

Транслитерация - латын тілінде «бір жазудағы әріптерді екінші бір жазудағы әріптермен беру» дегенді білдіреді.

Фонема - гректің «phone (дыбыс)» деген сөзінен алынған термин.

Анлаут - неміс сөзі, сөз басындағы дыбыстық өзгерістер.

Инлаут – неміс сөзі, сөз ортасында болатын дыбыстық өзгерістер.

Ауслаут - сөз соңындағы дыбыстық элементтердің өзгеріске түсуі.

Ассимиляция - латын тілінен алынған термин қазақша мағынасы «үйлесу, үндесу».

Сингармонизм - гректің «sun-harmonia» сөздерінен алынған термин қазақша мағынасы «бірге үндесу, үйлесу».

Диссимиляция - біркелкі дыбыстардың немесе өзара ұқсас дыбыстардың әр басқа немесе сәл ғана ұқсас дыбыстар болып өзгеру құбылысы.

Протеза - сөз ішіндегі дыбыстар құрамына жаңадан бір дыбыстың сөз басына белгілі бір дауысты дыбыстың қосылып айтылуы.

Эпентеза - грек сөзі «қосу, кіріктіру» деген сөз.

Аферезис - өзінен кейінгі белгілі бір дыбыс әсерімен сөздің алғашқы бір дыбысының түсіп қалуы.

Гоплология - гректің «гаплос (жай)» және «логос (ілім)» сөздерінен шыққан термин.

Термин дегеніміз - өндірістің, ғылымның, техниканың, өнердің, мәдениеттің даму нәтижесінде пайда болған ұғымдарды білдіретін арнаулы сөздер.

Метафора – грек тілінде metaphora «ауысу» деген мағынаны білдіреді. Белгілерінің ұқсастығына қарай бір заттың не құбылыстың басқа бір заттың не құбылыстың атауымен атауының негізінде сөз мағынасының ауысуы метафора деп аталады

Метонимия – грек тілінде metanymia «атын өзгерту, қайта ат қою» деген мағынаны білдіреді. Бір заттың немесе құбылыстың атауының екінші затқа не құбылысқа олардың өзара іргелестігі, шектестігі негізінде атау болып ауысуы, осыған орай, сөздің ауыспалы мағынада жұмсалуы метонимия деп аталады.

Синекдоха - грек тілінің synecdoche «бірге жобалап түсіну» деген сөзден жасалған термин. Бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны, үлкеннің орнына кішіні қолданудың негізінде сөз мағынасының ауысуы синекдоха деп аталады.

Теңеу - зат пен құбылыстың біріне бірінің ұқсастығына қарай сөздер алмасады.

Эпитет - бір заттың, не бір құбылыстың айырықша сипатын, сапасын анықтау үшін қолданылатын бейнелі сөзді эпитет деп атайды.

Табу – индонезия тілінен алынған термин, «тыйым салу» деген сөз.

Эвфемизм - гректің euphemismos – «жақсылап,сыпайылап айтамын» деген сөзінен алынған термин.

Каламбур – француздың «calembour (сөз әзілі)» деген сөзінен алынған термин.

Морфема - тілдің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық бөлшегі.

Сөздің дәлдігі немесе айқындығы дегеніміз – сөздің реальды шындықтағы заттар мен құбылыстардың атауларына барынша дәлме-дәл келуі.

Грамматикалық норма – қазақ тілінің грамматикалық амал-тәсілдері, тұлғалары, құралу тәртібі белгілі қалыпқа түсіп, жұртқа әбден дағдылы болған: сөз таптарының, сөз түлғаларының, сөйлем құрылысының алуан түрлі бөлшектері қиюын тауып қалыптасып кетті. Грамматикалық сол қалпын атаймыз.

Сөздің тазалығы дегеніміз – сөйлеушінің немесе жазушының әдеби тіл нормасын сақтаумен бірге, ана тілінің мүмкіндігін пайдалана білу.

Сөздің мәнерлілігі дегеніміз – сөйлеушінің немесе жазушының тыңдарманын немесе оқырманын қызықтыра білуі, сөзін ұғындыра алу қабілеті.

Жөнімен ауытқу – мағыналық, стильдік қызметі бар ерекшеліктерді дұрыс пайдалануды айтамыз.

Сөздің байлығы дегеніміз - әркімнің өз ана тілінің бар мүмкіндіктерін еркін пайдалана білуі.

Сөздің қисындылығы деп жеке сөздің, сөз тіркесінің грамматикалық тұлғалардың өз орнында қолданылуын айтады.

Хабарлау мәтіні - белгілі бір уақыт пен кеңістікте болған, себеп-салдарлық байланысқа түскен оқиғалар жөнінде баяндалады

Сипаттау мәтіні - кейіпкерлер болмайды. Табиғат көріністері, қоршаған ортаға заттар мен құбылыстар суреттеледі, сондықтан бұл мәтінде сын есімдер молынан пайдаланылады.

Пікірлеу мәтін деп - бір нәрсені дәлелдеу, бекіту мақсатында дәлелдер, мысалдар, салыстырулар арқылы жаңа ой қорытындыларын жасайтын мәтіннің түрі.

Пуризм - (лат. purus таза) ана тілін әр түрлі келеңсіз жағдайлардан тазалау және жол бермеу.


















10 ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ГРАФИГІ


Бақылау түрі

Апталар

Қорыт.

балл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16-17

1

Сабаққа қатысу және белсенділік


2

Тест тапсырмалары











3

СӨЖ: Үй тапсырмалары













4

Топтық жоба және презентация












5

Аралық емтихан

















6

Қорытынды емтихан



















Барлығы
















*

100











































11 Пәнді оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету картасы

«Стилистика және тіл мәдениеті»


р/с

Пән атауы

Студент саны

Әдебиеттер (аты, авторы, жылы)

Оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеттер (аты, авторы, жылы)

Дана

1

СТИЛИСТИКА ЖӘНЕ ТІЛ МӘДЕНИЕТІ

16

Серғалиев М. Тілім менің тінім менің. Алматы: - Сарадар, 2013. – 392 б.

Байтұрсынұлы А. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы, 2013.

15/16




Нұрмұқанов Қ. Шығармалар. Үшінші том. Қарағанды, 2010.

Балақаев М., Қордабаев Т. Және т.б. Қазақ тілінің грамматикасы. Том 2. Синтаксис. Алматы: Жазушы, 1967. – 234 б. 

15/16




Тіл мәдениеті. Шешендік өнер. Оқулық. Алматы, 2014. - 247 б.

Салқынбай А., абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. – Алматы, 2000.


15/16




Ордабекова Х. Лексикалық дублеттер және тілдік норма. Алматы, 2009. 

Жолшаева М. Қазақ тіліндегі сын есімдердің валенттілігі. Алматы, 2007. 

15/16




Сыздық Р. Ауызша дамыған әдеби тіл. Алматы: Дайк пресс, 2014. – 242 б.

Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. – Алматы: Санат, 1994.

15/16









































ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

1-дәріс.

Тақырыбы: Пәннің мақсаты. Нәтижеге жетуге қойылатын талаптар. Тіл мәдениеті. Қазіргі теориялық концепциясы.

Жоспары:

  1. Тіл жалпы адамзаттық құндылық.

  2. Стилистиканың тіл туралы ғылым ретіндегі өзіндік ерекшеліктері.

  3. Мәдениет ұғымы және оның тілге қатысы.

  4. Стилистиканың негізгі ұғым категориялары.

Дәрістің мақсаты: Стилистика мен тіл мәдениетінің аражігін ажырату. Пәнге қатысты қазіргі теориялық концепциялардың мазмұнын ашу. Тілдің де жалпы мәдениет ұғымымен біте қайнасып жатқанын ұғындыру.

Дәріс мәтіні: Кім тапқыр?

Жасырынған тірек сөздерді тауып, сабағымыздың тірек сөздерін табыңыздар.


ө

с

Ө

з

і

л

б

і

л

і

м

г

е

н

о

р

А

т

і

л

д

к

а

қ

ы

л

о

й

ш

г

А

к

л

у

т

с

ө

й

л

е

у

е

ә

д

І

з

г

і

л

і

к

ш

а

д

а

м

р

е

М

ә

д

е

н

и

е

т

и

е

ш

з

а

с

Қ

у

қ

а

б

і

л

е

т

н

т

у

ф

ы

Қ

ұ

р

м

е

т

т

е

у

л

е

г

р

ә

Д

е

п

т

і

л

і

к

ш

і

ң

ө

и

р

Н

о

р

м

а

л

ы

қ

о

ғ

а

м

ұ

қ

Ш

а

р

ш

е

б

е

р

л

і

к

ү

ц

э

Т

и

к

а

ч

х

й

б

ш

е

м

ғ

і

ң

Ғ

ө

с

т

и

л

ь

д

е

к

м

е


Мәдениет. Қазақ тіліне бұл термин арабтың «маданият» –«қала, қалалық» деген сөзінен енген. Көне сөздіктерде «мәдениет» ұғымы: өсіру, өңдеу, күту, білім, ақыл-ой, ізгілік деген мағынада берілген. Көне заманда «мәдениет» деген ұғым «жерді өңдеу» деген мағына білдірген. Кейінірек бұл сөздің мағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру»деген ұғымда жұмсалған. Уақыт өте келе еуропалық тілдерде «мәдениет» сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие болады. Рухани мәдениет. Рухани мәдениет адамның өзіне және басқа адамдарға, дүниеге қатысын реттейтін дәстүрлер мен құндылықтардың жиынтығы.

Тіл мәдениеті – әдеби тілдің ауызша түрлеріне тән нормаларын игеру, тілдік амал-тәсілдерді айтылатын ойдың мақсатына сай орнымен қолдана білу, сөйлеуде мәдениеттілік, әдептілік таныту.

Төменде берілген шағын ақпаратты оқып, оларға тақырып қойыңыз.


1. Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралдарының ішіндегі өмірде кең қолданылатыны және аса маңыздысы – тіл. Сондықтан адамдар арасындағы қатынас мәдениеті туралы айта отырып, сөз мәдениетіне соқпай кету мүмкін емес.

Сөз мәдениеті, біріншіден, ауызекі тіл мәдениеті және жазба тіл мәдениеті болып екіге бөлінеді. Ауызекі сөйлеу тілінің де жазба тілінің де бастау негізі – белгілі бір ұлттың дәстүрімен сабақтасқан жалпы халықтың тілі.

Екіншіден, сөз мәдениеті сөзді дұрыс қолдану (сөз дұрыстығы) және сөзді бедерлі жұмсау (сөз шеберлігі) деген екі сатыдан тұрады.

Тақырыбы: _______________________________________


2. Кейбір адамдардың: басқаның сөзіне құлақ қоймайтын, өзіне айтылған сөзді аяғына дейін тыңдай білмейтін, өзгелердің сөзіне ретсіз араласып, әңгіменің шырқын бұзатын ерсі мінездері бар. Содан сөйлеп отырған адам кейде қақалып шашалып, тұтығып та қалады. Әрбір адам өз басындағы осы кемшіліктермен күресе білсе, біздің сөйлеу мәдениетіміз де одан әрі дами түсер еді.

Тақырыбы: _____________________________________

Идеясы: _______________________________________


3. Кісімен сөйлескенде оның жүзіне сыпайылықпен назар сап, айтайын деген ойын сабырмен тыңдап, асықпай, сөзінің аяғын күткен дұрыс. Сөйлесіп тұрғанда мән бермеу, теріс айналу, сағатқа қарау, шыдамсыздану әдепсіздікке жатады. Өзгелердің сөзіне рұқсатсыз араласпау керек. Қажет болғанда, “ғафу етіңіз, сөзіңізді бөлемін” деп барып, айту керек. Келіспейтін жағдайда шыдамдылықпен тыңдап, пікіріңді орнықты, дәлелмен сабырлы жеткізе білу керек.

Тақырыбы: _____________________________________

Идеясы: _______________________________________


4. Әркім өзінің басындағы ойларын басқаға айтып, түсіндіру үшін оған лайықты сөз таба білуге тиісті. Егер де ондай сөз таба алмаса, ол ой иесіне де шала, түсініксіз болып қалады. Яғни, ойдың дамуы сөйлеудің дамуымен өте тығыз байланысты. Адам мәдениетті болуы үшін үнемі сөйлеу мәдениетін жетілдіріп отырауы керек.

Тақырыбы: ____________________________________

Идеясы: _________________________________


Мәтінді мұқият оқыңыз.

ТІЛ МӘДЕНИЕТІ


Тіл – адамдардың түсінісу, сөйлесудегі басты құралы. Адамдар тіл арқылы бір бірімен пікір алысып, өзара ұғынысып қана қоймай, бірігіп еңбек етуге, сыйластықпен өмір сүруге ұмтылады.

Адамның өз көзқарасын, пікірін жеткізуі және жазбаша сауатты жаза білуді игеруі сөз мәдениеті деп аталады. Сөз мәдениеті сөйлеу әдебі деген сөзбен тығыз байланысты.

Тіл мәдениеті – адам мен қоғамның рухани мәдениетінің негізгі құрамдас бөлігінің бірі. Себебі әрбір адам (әсіресе білімді) дұрыс және әдемі сөйлей білуі қажет. Атақты сөз зергері Ғабит Мүсірепов: «Адам мәдениетінің алғышарты – дұрыс сөйлей білу. Түсіне білгенге сөйлей білу де өнер. Тілін білмеген – түбін білмейді», – деп бекер айтпаған.

«Тіл мәдениеті» тіркесі қазіргі лингвистикада екі мағынада қолданылады:

1) Тіл мәдениеті – тілдік нормаларды, оның ішінде әдеби тіл нормаларын дұрыс сақтау әрекеті болып табылады. Кейбір зерттеушілер тілдің көріктеу құралдарын, яғни стилистикалық заңдылықтарды дұрыс пайдалануды сөз мәдениетінің объектісі деп таниды.

2) Тіл мәдениеті – тілді нормалау мәселелерін жетілдіру мақсатында зерттейтін тіл білімінің саласы.

Тіл мәдениеті дегеніміз – сөздерді дұрыс, орнымен қолдану (лексикалық), дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрыс қиюластыру (морфологиялық), дұрыс дыбыстау (орфоэпиялық), сауатты жазу (орфографиялық), тілді әсерлі етіп жұмсау (лингвостилистикалық) нормаларын ұстану, орнықтыру, жетілдіру. Осылардың бәрін қосып, сөз мәдениеті деген ғылым-таным саласын «ортология» деп атаушылық бар, яғни ортология – сөздің дұрыстығы туралы ілім» (Р.Сыздық). Сөз мәдениеті дегеніміз, қарапайым тілмен айтқанда, ең алдымен ана тіліміздің иелігіндегі барша дүниеліктерді – тілдің дыбыс жүйесін, оның ырғақ, әуездерін; сөзді оның мағыналық қырларын; сөздің тұлғалық құрылымдарын, оның жұрнақ, жалғауларын; сөз тіркесі мен сөйлем жүйелерін; тілдің стильдік құралдарын т.б. әдеби тілдің нормасына сай қолдана білу, дұрыс әрі бедерлі жұмсай білу деген ұғымды білдіреді (Қазақ тілінің орфоэпиялық анықтағышы. Алматы, 2004, 7-бет).

Тіл мәдениеті – ұлттық сананы дамытуға қызмет ететін пән. Ұлттық сана – рухани мәдениет ғылым мен білім, материалдық мәдениет және дене тәрбиесі мәдениетімен байланысты аса күрделі құрылым. Ұлтты, отанды, тілді мақтаныш тұтатын сезім де ұлттық сананың құрылымына кіреді.

Есте сақтаңыз!


Тіл мәдениеті дегеніміз – сөздерді дұрыс, орнымен қолдану (лексикалық), дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрыс қиюластыру (морфологиялық), дұрыс дыбыстау (орфоэпиялық), сауатты жазу (орфографиялық), тілді әсерлі етіп жұмсау (лингвостилистикалық) нормаларын ұстану, орнықтыру, жетілдіру.

Стилистиканың зерттеу нысандары - тілдің барлық (фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік) деңгейлеріндегі құралдар. Стилистика өз ішінде мынадай салаларға жіктеледі:

1. Құрылымдық стилистика немесе тіл стилистикасы.

2. Қолданымдық стилистика немесе сөз стилистикасы.

3. Көркем әдебиет стилистикасы

4. Нормативтік немесе практикалық стилистика.

Құрылымдық стилистика тілдік құралдардың стилистикалық қасиеттерін нақты қолданыс жағдайына қатыссыз тұрғыда қарастырады. Қолданымдық стилистика тілдік құралдардың белгілі бір қолданыс саласында қызмет ету ерекшеліктерін зерттейді.

Лингвистикалық стилистика, яғни тіл стилистикасы - тіл ғылымының елеулі бір саласы. Лингвистикалық стилистика қоғамдық-әлеуметтік, өндірістік, идеологиялық, моральдық-психологиялық т.б. салаларға байланысты қағаз бетіне түскен немесе ауызша айтылған мәтіндердегі жеке сөздердің, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің немесе олардан да көлемді құрылымдағы конструкциялардың тілін қарастырады. Екінші сөзбен айтқанда, дыбыстардан бастап күрделі синтаксистік тұтастық пен толық мәтінге дейінгі бірліктердің (единицалардың) қай-қайсысы да стилистиканың зерттеу нысаны болып табылады.



Бақылау сұрақтары:


1. Тіл мәдениеті қандай тіркеспен тығыз байланысты?

2. Неге тіл мәдениеті адам мен қоғамның рухани мәдениетінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады?

3. Сіз «Тілін білмеген – түбін білмейді» деген аталы сөзді қалай түсінесіз?

4. Тіл мәдениеті қандай мағынада қолданылады?

5. Тіл мәдениеті дегеніміз не?

6. Тіл мәдениетін зерттейтін ғылым қалай аталады?

7. Оны айтқан ғалым кім?

8. Ұлттық сана дегенді қалай түсінесің?

Әдебиеттер:


1. Балақаев М., Томанов М., Жанпейісов Е., Манасбаев Т. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974, 264 б.

2. С.Хасанова, Ғ.Жексембаева Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1999

3. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Алматы, 1982

4. Е.Жұбанов Қазақтың ауызекі көркем тілі, Алматы, 1996

5. Сергалиев М.С., Нургожина Ш.И. Эмоциональная-экспрессивная лексика казахского разговорного языка. Алматы, 1995

6. М.Балақаев, М.Серғалиев Қазақ тілінің мәдениеті. Алматы, 2004.


2-дәріс.

Тақырыбы: Сөйлеу тілінің мәдениеті

Жоспары:

  1. Сөйлеу тілі және оның өзіндік ерекшеліктері.

  2. Сөйлеу тілі прагматикасы.

  3. Дұрыс тіл табыса білудің шарттары.

  4. Тіл табысудағы сәтсіздіктердің себептері.

Дәрістің мақсаты: Сөйлеу тілінің қолданыс аймағы мен стильдік белгілерін ажырату.

Дәріс мәтіні: Ауызша сөйлеу мәдениеті сөйлеген кезде орфоэпиялық қағидаларын сақтап, мәнерлеп сөйлеумен байланысты. Ауызша сөйлеу тілі: 1. Әдеби тілде сөйлеу. 2. Ауыз-екі сөйлеу тілі болып бөлінеді. Әдеби сөйлеу тілінің де сан алуан түрлері бар. Олар: лекторлардың, үгітшілер мен баяндамашылардың, актерлардың т.б. тілі болып бөлінеді. Әрқайсысының сөз қолдану ерекшелігі, айтайын деген ой-пікірін тыңдаушыларына жеткізу әдіс-тәсілдері әр түрлі болғанымен, бәріне ортақ заңдылық –орфоэпия нормаларын сақтау. Орфоэпия дегеніміз – сөздердің жалпыға бірдей қалыпты айтылу нормасын айтамыз. Сөздердің әдеби тілдегі жалпыға ортақ қағидада сөйлеу-кісінің тіл мәдениетінің жоғары екендігінің белгісі. Сөздердің айтылу нормасы былай болу керек дейді М.Балақаев: «Құлаққа жағымды, көңілге қонымды атылғанның бәрі –норма, бәрі-дұрыс. Құлаққа жат не тосаң естілетін, көңілге қонбайтын, дөрекі айтылғанның бәрі-нормаға жатпайды» /М.Балақаев Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері. А, 1965, 37-38-беттер/

Сөз қалай жазылса, солай оқуды тіліміз көтере бермейді. Олай дейтініміз қазақ тілі – болмысында, табиғатында үнді, әуезді тіл. Оның айтылуында өзіндік әсем үн бар, қалыптасқан жатық әуен бар. Оның негізі мынада: сөздердің құрамындағы дыбыстар өзара үндесіп, біріне- бірі ықпалын тигізе айтылады. Мысалы, қазақ тіліндегі жуан, жіңішке,еріндік, езулік дауыстылардың сөз ішінде өзара үндесіп айтылуы сөз сазына келтіріп сөйлеуге жатады. Сөз сазы дегеніміз сөйлеу процесінде сөз ішіндегі немесе сөз аралығындағы дыбыстардың бір-біріне әсер етіп, бірін-бірі өз ыңғайына иіп алады. Мұның өзі бір жағынан сөйлеу мүшелерінің жұмысын жеңілдету көзделсе, екіншіден тыңдаушы адамның құлағына жұмсақ тиіп, сөзге әуенді үн береді. Мысалы, «төрде төртеу отыр төремін деп» дегеннің айтылуы: төрдө төртөу отұр төрөмін деп.Бұл сөздердіңқұрамындағы дауыстылар былайша үндескен: төр, төртеу, төре сөздерінің басқа буындарында жіңішке еріндік болғандықтан, олардан кейінгі буындарда да жіңішке еріндік болып айтылады: төрдө, төртөу, төрө; ал отыр сөзінің бірінші буыны жуан еріндік о болғандықтан, одан кейінгі буындағы ы дыбысы жуан ұ болып айтылады, алайда жазуда бұлардың бәрі «Төрде төртеу отыр төремін деп» деген қалпында жазылады.

Мәнерлеп сөйлеу, дыбыстардың қырын сындырып айту ежелгі ауыз әдебиеті үлгілерінен, шешендік сөздерден келе жатқан заңдылық. Сөзді қандай қатесіз жазу қажет болса, оны құлаққа жағымды, әуезді, мәнерлі етіп айту да сондай қажет. Дыбыстардың «қырын сындырып» айту (құрғол – құр қол ем ес, енгерек – не керек емес), қатар тұрған дауысты дыбыстың бірін түсіріп қолдану (дәметкен – дәме еткен емес, Сарағаш – Сарыағаш емес), ерін үндестігін сақтау (күрөк – күрек емес, жұлдұз – жұлдыз емес) сияқты орфоэпия заңдылықтарына көңіл бөлу міндетті. Сөйлеген кезде сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен қиюласып ритмикалық бір топ құрып, бір ырғақпен (торалат – торы ала ат емес) айтылуын да қадағалап отыру қажет.

Сөйлеу процесінде сөздер екі-үштен топтасып бір ырғақпен айтылуын ритмикалық топ деп атаймыз. Мысалы, айтылуда: келалмады – келе алмады емес, баралмады – бара алмады емес.

Қазіргі қазақ тілінде ерін дауыстылардың үндесуі – орфоэпия заңдылығының бірі. Бұл заңдылық бойынша еріндік дауысты бірінші буында ғана қолданылады. Бірақ сөздің бірінші буынындағы еріндік дауысты дыбыс келесі буындардағы езулік дауыстыға әсер етіп, оны айтылуда еріндік дауыстыға айналдырады.

Мәлелен еріндік үндесу төмендегі жағдайларда кездеседі.Алғашқы буында «о» дыбысы болса, келесі буындағы қысаң «ы» дыбысы «ұ» болыпе айтылады да, жазылуда «ы» әрпі сақталады.

Сөйлеу стиліне тән ерекшеліктер:

1. Сөйлеу стилінде эмоцианалды сөздер жиі қолданылады. Мысалы, тәлпіш, зымия, ақымақ, мес қарын, таз.

2. Сөйлеу стилінде кейбір сөздер айтылуы бойынша жазылмайды. Мысалы, құлын, жұлдыз, жүрек т.б.

3. Сөйлеу стилінде диалектизм сөздер де айтыла береді. Мысалы, падашы-бақташы, келімдәрі-бұрыш т.б.

4. Сөйлеу тілінде кісі аттары қысқартылып айтылуы жиі кездеседі. Мысалы, Гүлмира-Гуля, Ақтолқын-Толқын, Мағауия-Мағаш т.б.

5. Сөйлеу тілінде сөздердің орын тәртібі еркін түрде болады. Мысалы, Дәл осылай айтса, сал Біржан сенің сыңарың дағы! - деді де тұрып кетті орнынан ол.

6. Сөйлеу тілінде одағай сөздер жиі айтылады. Мысалы, Әй, байғұсым-ай, балаң келіп көзайым болдың ба?

7. Сөйлеу тілінде көп мағыналы сөздер пайдаланылады. Мысалы, өмірдің гүлі.

8. Сөйлеу тілінде синоним сөздер жиі қолданылады. Мысалы, Біздің ауылдың қыздары әрі көрікті, әрі сұлу, әрі әсем.

9. Сөйлеу тілінде сөздер қайталанып айтыла береді. Мысалы, Көке, көкежан, көке-ай, аға, ағажан, аға-ай.

10. Сөйлеу процесіне қосымша құралдар: мимика, понтомимика, мәнерлі қимыл- қозғалыстар қатысады.

11. Сөйлеу тілінде ой автоматты түрде дайындықсыз айтылады. Мысалы, қымыз ішесіз бе, көже ішесіз бе?

12. Сөйлеу тілінде қазақша сөзге орысша қосымша қосып айту кездеседі. Мысалы, Айнура, балашка.

13. Сөйлеу тілінде кейбір жағымды мағыналы сөздер жағымсыз мағына береді. Мысалы, батыр, данышпан т.б.

Баяу дауыспен жайбарақат сөйлеп отырған кісінің әрбір сөзі үйреншікті дәстүр бойынша айтылуға тиіс. Сөздердің сондай жалпыға бірдей, қалыпты айтылу нормасын –

о р ф о э п и я дейміз. Мұндай норма әдеби тілде сөйлейтін кісілердің сөзінде болады. Әдеби тілде сөйлемейтін қарапайым кісілердің сөздерді айтуда өзіндік ерекшеліктері бола береді. Қазақ сөздерінің айтылуы мен жазылуы арасында үлкен айырмашылық жоқ. Тілдік нормалар қоғам мүддесіне негізделетіндіктен олар жалпы халыққа бірдей түсінікті, тілге жатық, айтуға ыңғайлы болуға тиіс.

Бақылау сұрақтары:


  1. Ауызекі сөйлеу стилінің өзіне тән ерекшелігі неде?

  2. Ауызекі сөйлеу стилі мен кітаби стильдің өзіндік ерешелігі неде, мысал келтір.

  3. Ауызекі сөйлеу тілі және жазба тіл дегенді қалай түсінесің?

  4. Ауызекі сөйлеудің өзіндік стильдік ерекшеліктерін айтыңыз.

  5. Тыңдай білу әдебіне не жатады?

  6. Үндемей, сөйлеушінің сөзін бөлмей тыңдаудың ерекшелігі неде?

  7. Сөйлеушінің сөзіне араласып, өзара ой алмаса тыңдау, оның өзіндік мәні туралы айтыңыз?

  8. Тыңдаудың түрлеріне ой жібере отырып, «тыңдау» деген ұғымға қандай түйіндеу жасайсыз. (Тыңдау деген не?)

  9. Сөйлеу әдебіне не жатады?

  10. Жүйелі, мәнді сөйлеудің негізгі сапалары қандай?

  11. Сөйлеу сапасына қандай нәрселер кері әсерін тигізеді?


Әдебиеттер:


1. Балақаев М., Томанов М., Жанпейісов Е., Манасбаев Т. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974, 264 б.

2. С.Хасанова, Ғ.Жексембаева Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1999.

3. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Алматы, 1982.

4. Е.Жұбанов Қазақтың ауызекі көркем тілі, Алматы, 1996.

5. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. А, 1984.


3-дәріс.

Тақырыбы: Тіл мәдениетіндегі комммуникативтік мақсат, сөз стратегиясы, тактикасы, амалдары.

Жоспары:

  1. Этикет формулалары.

  2. Тілдесу этикасы, тілдесу жанрлары.

  3. Сөзбен әсер ету тәсілдері.

Дәрістің мақсаты: Тіл мәдениетіндегі коммуникативтік мақсатқа жету үшін қолданылатын сөз стратегиясы, тактикасы мен амалдарын топтастыру, оларды қолдана алу біліктілігін иелену.

Дәрістің мәтіні: Тілдік қарым-қатынас туралы түсінік. Қоғамдағы әдет-ғұрып,қарым-қатынас дәстүрі. Тіл-сезім білдірудің құралы. Сөйлеу этикеті ұғымы. Сөз мағыналарының құбылуы. Сыпайылықты білдіретін сөз орамдары, қаратпа сөздер. Сөйлесушілердің әлеуметтік белгілері. Сөздің ортаға байланысты қолданылу жағдаяты мен мәні.

Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастағы сөз әдебі. Әлеуметтік-тұрмыстық қатынаста қолданылатын сөз түрлері. Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастың тілдік сипаты, тілдік құралдары. Әлеуметтік-тұрмыстық қатынаста тән сөз әдебі.

Амандасу. Сәлемдесудің мақсаты. Сәлемдесу сөздерін талғап жұмсаудың талаптары. Амандасуға жататын сөздердегі мағыналық, стильдік ерекшеліктер мен әлеуметтік сипат. Амандасу этикеті: ұлттық дәстүр, жалпы адамзаттық нормалар. Синонимдерді талғап қолданудың сөз мәдениетіне қатысы.

Қоштасу. Қоштасудың мақсаты. Қоштасу сөздерін талғап жұмсаудың талаптары. Қоштасуға жататын сөздердегі мағыналық, стильдік ерекшеліктері мен әлеуметтік сипат. Қоштасу этикеті: ұлттық дәстүр, жалпы адамзаттық нормалар. Синонимдерді талғап қолданудың сөз мәдениетіне қатысы.

Құттықтау. Құттықтаудың мақсаты. Құттықтау жағдаятына қатысты сөздерді талғап жұмсаудың талаптары. Құттықтау сипатындағы сөздердегі мағыналық,стильдік ерекшеліктер мен әлеуметтік сипат. Құттықтау этикеті: ұлттық дәстүр, жалпы адамзаттық нормалар. Синонимдерді талғап қолданудың сөз мәдениетіне қатысты.

Көңіл айту. Көңіл айтудың мақсаты Экспрессивті сөздерді талғап жұмсаудың талаптары. Көңіл айту ерекшелігіне сай таңдалған сөздердегі мағыналық,стильдік ерекшеліктер мен әлеуметтік сипат. Көңіл айту этикеті: ұлттық дәстүр, жалпы адамзаттық нормалар. Синонимдерді талғап қолданудың сөз мәдениетіне қатысы.

Тілек айту. Тілек айтудың мақсаты. Экспрессивті сөздерді талғап жұмсаудың талаптары.Тілек айтуға қатысты сөздегі мағыналық, стильдік ерекшеліктер мен әлеуметтік сипат. Тілек айту этикеті:ұлттық дәстүр, жалпы адамзаттық нормалар. Синонидерді талғап қолданудың сөз мәдениетіне қатысы.

Бата беру. Бата сөздің мақсаты. Батаға лайық сөздерді талғап жұмсаудың талаптары. Бата беруге қажетті сөздердегі мағыналық стильдік ерекшеліктер мен әлеуметтік сипат. Бата беру этикеті: Ұлттық дәстүр, жаңашылдық синонимдерді талғап қолданудың сөз мәдениетіне қатысы.

Қаратпа сөз әдебі. Қаратпа сөздерді қолданудың мақсаты. Қаратпа сөздерді талғап жұмсаудың талаптары. Қаратпа сөздердегі мағыналық, стильдік ерекшеліктер мен әлеуметтік сипат. Қаратпа сөзді жұмсау этикеті: Ұлттық дәстүр, жалпы адамзаттық нормалар. Синонимдерді талғап қолданудың сөз мәдениетіне қатысы.


Бақылау сұрақтары:


  1. Қазақ сөз мәдениеті дегенді қалай түсінесіз?

  2. Тілдің болмысын білу үшін тілдің заңдылығын білу жеткілікті ме?

  3. Этнолингвистика ғылымы деген не? Оның сөз мәдениетімен байланысы қандай?

  4. Тіл мәдениеті әр елдің мәдениетімен тығыз байланысты деген ұғымды қалай түсінесіз?

  5. Қазақ сөз мәдениеті қашан, кімнің басшылығымен зерттеле бастады?

  6. Қазақ сөз мәдениетін жеке пән ретінде қалыптастыруды ұйымдастырудың бастамасы қай кезеңнен басталды?

  7. Проф. Р.Сыздықова нені зерттеді?


Әдебиеттер:


1. Уәли Н. М. Қазақ сөз мәдениетінің теориялықнегіздері. Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясы.– Алматы, 2007 ж. – 326 бет.

2. Д. Әлкебаева. Сөз мәдениеті. – Алматы «Қазақ университеті», 2014 ж. – 212 бет.


4-дәріс.

Тақырыбы: Шаршытоп алдындағы сөз мәдениеті

Жоспары:

  1. Шаршытоп алдындағы сөз типтері мен түрлері.

  2. Шаршысөз құрылымы.

  3. Сөз сөйлеуге дайындық және сөз алу.

  4. «Жақсы сөз» сөйлеудің алғышарттары.

  5. Сөзді диалогтендіру.

Дәрістің мақсаты: Шаршытоп алдында сауатты сөз сөйлеуге баулу және дұрыс сұхбат мәдениетін қалыптастыру.

Дәрістің мәтіні: Ауызша сөйлеу мәдениеті сөйлеген кезде орфоэпиялық қағидаларын сақтап, мәнерлеп сөйлеумен байланысты. Ауызша сөйлеу тілі: 1. Әдеби тілде сөйлеу. 2. Ауыз-екі сөйлеу тілі болып бөлінеді. Әдеби сөйлеу тілінің де сан алуан түрлері бар. Олар: лекторлардың, үгітшілер мен баяндамашылардың, актерлардың т.б. тілі болып бөлінеді. Әрқайсысының сөз қолдану ерекшелігі, айтайын деген ой-пікірін тыңдаушыларына жеткізу әдіс-тәсілдері әр түрлі болғанымен, бәріне ортақ заңдылық –орфоэпия нормаларын сақтау. Орфоэпия дегеніміз – сөздердің жалпыға бірдей қалыпты айтылу нормасын айтамыз. Сөздердің әдеби тілдегі жалпыға ортақ қағидада сөйлеу-кісінің тіл мәдениетінің жоғары екендігінің белгісі. Сөздердің айтылу нормасы былай болу керек дейді М.Балақаев: «Құлаққа жағымды, көңілге қонымды атылғанның бәрі –норма, бәрі-дұрыс. Құлаққа жат не тосаң естілетін, көңілге қонбайтын, дөрекі айтылғанның бәрі-нормаға жатпайды» /М.Балақаев Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері. А, 1965, 37-38-беттер/

Сөз қалай жазылса, солай оқуды тіліміз көтере бермейді. Олай дейтініміз қазақ тілі – болмысында, табиғатында үнді, әуезді тіл. Оның айтылуында өзіндік әсем үн бар, қалыптасқан жатық әуен бар. Оның негізі мынада: сөздердің құрамындағы дыбыстар өзара үндесіп, біріне- бірі ықпалын тигізе айтылады. Мысалы, қазақ тіліндегі жуан, жіңішке,еріндік, езулік дауыстылардың сөз ішінде өзара үндесіп айтылуы сөз сазына келтіріп сөйлеуге жатады. Сөз сазы дегеніміз сөйлеу процесінде сөз ішіндегі немесе сөз аралығындағы дыбыстардың бір-біріне әсер етіп, бірін-бірі өз ыңғайына иіп алады. Мұның өзі бір жағынан сөйлеу мүшелерінің жұмысын жеңілдету көзделсе, екіншіден тыңдаушы адамның құлағына жұмсақ тиіп, сөзге әуенді үн береді. Мысалы, «төрде төртеу отыр төремін деп» дегеннің айтылуы: төрдө төртөу отұр төрөмін деп. Бұл сөздердің құрамындағы дауыстылар былайша үндескен: төр, төртеу, төре сөздерінің басқа буындарында жіңішке еріндік болғандықтан, олардан кейінгі буындарда да жіңішке еріндік болып айтылады: төрдө, төртөу, төрө; ал отыр сөзінің бірінші буыны жуан еріндік о болғандықтан, одан кейінгі буындағы ы дыбысы жуан ұ болып айтылады, алайда жазуда бұлардың бәрі «Төрде төртеу отыр төремін деп» деген қалпында жазылады.

Мәнерлеп сөйлеу, дыбыстардың қырын сындырып айту ежелгі ауыз әдебиеті үлгілерінен, шешендік сөздерден келе жатқан заңдылық. Сөзді қандай қатесіз жазу қажет болса, оны құлаққа жағымды, әуезді, мәнерлі етіп айту да сондай қажет. Дыбыстардың «қырын сындырып» айту (құрғол – құр қол ем ес, енгерек – не керек емес), қатар тұрған дауысты дыбыстың бірін түсіріп қолдану (дәметкен – дәме еткен емес, Сарағаш – Сарыағаш емес), ерін үндестігін сақтау (күрөк – күрек емес, жұлдұз – жұлдыз емес) сияқты орфоэпия заңдылықтарына көңіл бөлу міндетті. Сөйлеген кезде сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен қиюласып ритмикалық бір топ құрып, бір ырғақпен (торалат – торы ала ат емес) айтылуын да қадағалап отыру қажет.

Сөйлеу процесінде сөздер екі-үштен топтасып бір ырғақпен айтылуын ритмикалық топ деп атаймыз. Мысалы, айтылуда: келалмады – келе алмады емес, баралмады – бара алмады емес.

Қазіргі қазақ тілінде ерін дауыстылардың үндесуі – орфоэпия заңдылығының бірі. Бұл заңдылық бойынша еріндік дауысты бірінші буында ғана қолданылады. Бірақ сөздің бірінші буынындағы еріндік дауысты дыбыс келесі буындардағы езулік дауыстыға әсер етіп, оны айтылуда еріндік дауыстыға айналдырады.

Мәлелен еріндік үндесу төмендегі жағдайларда кездеседі.Алғашқы буында «о» дыбысы болса, келесі буындағы қысаң «ы» дыбысы «ұ» болыпе айтылады да, жазылуда «ы» әрпі сақталады.

Жазылуы Айтылуы

орын орұн

қорық қорұқ

отыз отұз

болды болдұ

Бірінші буында «ө» дыбысы болса, келесі буындағы «і» дыбысы болып айтылады да, жазуда «і» әрпі жазылады.

Жазылуы Айтылуы

көмір көмүр

өмір өмүр

өрім өрүм

бөлім бөлүм

Алдыңғы буында «ұ» дыбысы болса, келесі буындағы «ұ» дыбысы айтылып, жазуда «ы» әрпімен белгіленеді.

Жазылуы Айтылуы

ұзын ұзұн

құзғын құзғұн

ұшқын ұшқұн

мұрын мұрұн

Алдыңғы буында «ү» дыбысы болғанда, келесі буындағы «і» дыбысы айтылуда «ү» болып, жазуда «і» әрпі сақталады.

Жазылуы Айтылуы

үзік үзүк

үзіліс үзүлүс

бүлік бүлүк

бүтін бүтүн

Қазақ тіліндегі іргелес дыбыстардың бір-біріне әсері өте күшті. Алайда қазақ орфографиясының негізгі морфологиялық принцип болғандықтан, жазуда ол ескерілмей, сөздің орфоэпиясында ғана сақталады. Іргелес дыбыстардың бір-біріне әсер етуіне байланысты ілгерінді, кейінді ықпал заңдылықтары бар.

Ілгерінді ықпал деп түбір мен қосымшаның немесе сөз аралығындағы көршілес дыбыстардың алдыңғысы соңғысына әсер етіп өзгеруін айтамыз. Қазақ тілінде қолданылатын ілгерінді ықпал бойынша, бірсыпыра дыбыстар сөзде басқа дыбыстармен алмасып айтылады, бірақ түбірі сақталып жазылады.

1. Қатаң дыбыстардың әсерімен өзінен кейінгі ұяң «б, г, ғ, ж» дыбыстар қатаң «к, қ,ш» дыбыстармен алмасып айтылады, алайда түбірі сақталып жазылады. Мысалы,

Айтылуы Жазылуы

Жақыппек Жақыпбек

Көрікпай Көрікбай

көк пауыр көк бауыр

көк күл көк гүл

қаш жау қас жау

2. Түбір «ш» дыбысына аяқталып, қосымша «с» дыбысынан басталса, ол «ш» болып айтылады, «с» - мен жазылады. Мысалы,

Айтылуы Жазылуы

ашша ашса

ішше ішсе

шашша шашса

өшшің өшсің

3. Сөз дауыстыға, ұяңға, үндіге аяқталып, оған жалғанатын қосымша қатаң «қ,к» дыбыстарынан басталса, ол ұяң «ғ, г» дыбыстарына айналып естіледі, жазуда сөздің түбірі сақталады. Мысалы,

Айтылуы Жазылуы

малғора мал қора

алағол ала қол

қара гөк қара көк

ала гөз ала көз

Кейінді ықпал деп түбір мен қосымшаның немесе сөз аралығындағы іргелес дыбыстардың соңғысы алдыңғысына әсер етіп өзгертуін айтамыз. Қазақ тілінде қолданылатын кейінді ықпал бойынша да бірсыпыра дыбыстар өзгеріп естіледі.

1. Түбір «н» дыбысына аяқталып, қосымша «б, п» дыбыстарынан басталса, онда «н» дыбысы «м» дыбысымен алмасып айтылады да, «н» әріпімен жазылады. Мысалы,

Айтылуы Жазылуы

Жамбай Жанбай

Жампейіс Жанпейіс

Егімбай Егінбай

Тоғамбек Тоғанбек

2. Алғашқы морфема «з» дыбысына аяқталып, екінші морфема «с»дыбысынан басталса, «з» дыбысы «с» -мен алмасады. Мысалы,

Айтылуы Жазылуы

көссіз көзсіз

қасса қазса

бессе безсе

жассын жазсын

3 . Алғашқы морфема «з» дыбысына аяқталып, соңғы морфема «ж» дыбысымен алмасып айтылады да, «з» -мен жазылады. Мысалы,

Айтылуы Жазылуы

Божжан Бозжан

бож жирен боз жирен

көж жақсы көз жақсы

саж жол саз жол

Сөйлеген кезде қазақ тілінің мынадай ерекшеліктерін де естен шығармау қажет.

1. Сөздің алдына дауысты «ы, і» дыбыстарын қосып айту жазуда ескерілмейді. Мысалы,

Айтылуы Жазылуы

ырас рас

ылай лай

ырақмет рақмет

ылақ лақ

2. Қазақтың байырғы сөздерінде қатар айтылған екі сөздің алғашқысы дауысты дыбысқа аяқталып, соңғысы дауыстыдан басталғанда, екі дауыстының бірі түсіп қалып айтылады, жазғанда сөздердің түбірі сақталып жазылады. Мысалы,

Айтылуы Жазылуы

қарала қара ала

қарағаш қара ағаш

келе мекен келе ме екен

қаралтын қара ағаш

Түбір мен қосымшаның, екі сөз аралығында дыбыстардың бір-біріне тигізетін әсерінен пайда болған өзгерістерді жазуды ескермей, тілдің морфемалардың барлық жерде бір қалыпта олардың графикалық бейнесін қалыптастырады.

Сөз әсерлілігі тыңдаушыны ұйытып өзіне тартуы екі нәрсеге қатысты болып келеді: біріншісі, сөзді сөйлеген кезде құлаққа жағымды, лебізді, үнді етіп, дауыс кідірісі мен дауыс күшін дұрыс қойып айтуға байланысты болса, екіншісі, сөзді өз мағынасынан сәл өзгертіп, келтірінді мағынада жұмсаумен ұштасады.

Мәдениетті адам сөйлеу мәнері құлаққа жағымды әрбір ойын лайықты әуенмен, әрбір сөйлемді өзінің сазымен сөйлейді. Ән сияқты дұрыс айтылған сөз де құлақтан кіріп бойды алады. Міне, сондықтан сөзді қалай болса солай айта салмай, сөйлеу мазмұнына үйлесімді ырғақ, екпін, әуен тауып, дауысты түрлендіріп сөйлеудің үлкен мәні бар. Сөйлеуде дауыс ырғағының құбылмалы қасиеті, логикалық екпінді, интонациялық ерекшелігі бар құбылыстарды ескеріп отырғанда ғана тыңдаушыға әсер етпек. Қазақ халқы келістіріп сөйлей алатын кісіні «сөзі мірдің оғындай екен», «сөздің майын тамызып, кісінің айызын қандырып сөйлейді екен» деп дәріптейді. Ондай қабілеті жоқ адамды «ынжық, аузынан сөзі қойнынан бөзі түсіп тұр» деп сынайды. Кейбіреулер маңғазданып, қатымырланып сөйлеуді сән көреді, оны артықшылық, мәдениеттілік деп біледі. Ал шын мәдениеттілік- шынайылықта, айтатын ойына сай келетін үн, әуен, ырғақ, екпін тауып сөйлей білуде. Сөйлеушінің сөйлеу дағдысы, дауысы тыңдаушыға жағымды болса, онда зер сала тыңдайды. Ал оның үстіне айтайын деген ойын мазмұнды болса, тыңдаушының көкейіне қонып, жүрегіне ұялайды.

Тыңдаушыларды еліктіре білу, олардың назарын сөйлеп тұрған ой-пікіріне аудара алу – сөйлеушіге (мұғалімге, баяндамашыға, үгіттеушіге) жүктелген міндеттің нәтижелі болуының басты шарты.

Сонымен бірге жұрт алдында сөйлеуші мына қағидаларды ескеруі тиіс.

1.Жұрттың бәріне белгілі жайларды тәптіштеп айтып беру жөнсіз. Нәрсіз, дәмсіз сөзді сөйлемеген жақсы. Нәрсіз сөз көбінесе өзі жақсы білмеген жайды баяндаудан анық байқалады. Міне, сондықтан көп қателеседі.

2. Өзін өзгеден артық санап, дауласып, мақтана сөйлеген адамның айтқаны далаға кетеді. Тыңдаушылар ондайды қабылдамайды, сөзіне күле қарайды. Мен білгенді тыңдаушыларым білмейді, олар білімсіз дегендей пиғыл білдіріп, білгішсініп, мақтана сөйлеу жұртты теріс қаратады.

3. Сөйлегенде, әрбір сөз анық, дәл, айқын естілетін болсын. Сөйлеушінің даусы құбылмалы әрі жайлы болуы тиіс. Сөз әуенінен байсалдылық, сенім, табандылық, қайрат сезілетін болсын.

4. Ойды жеткізудің тілден тыс элементтерін, атап айтқанда, ым, ишара, мимика, понтомимика, дауыс күші, дауыс темпі т.б. жақсы меңгеруі қажет.

5. Жұрт алдында сөйлеуші қағаздан көзін алмай қатып қалма, тыңдаушылардың жеке тобына, жеке кісілерге көз жіберіп отырғаны мақұл. Сонда тыңдаушы да соған қарайды, сөзіне назар аударады.

6. Сөзді әбден жауыр болған сөздерден бастаған болмайды. Ой-пікірді әдеби тілге тән сөздермен, әсерлі де қызықты етіп жеткізуге тырысу қажет. Сөз арасында мақал-мәтелді, нақыл сөздер мен қанатты сөздерді келтіре отырып сөйлеу нәтижелі болмақ.

7. Айтылатын ой қысқа да нұсқа, тұжырымды болсын. «Аз сөз алтын, көп сөз көмір» деген мақалды басшылыққа алған мақұл.

8. Сөйлеу жүйелі болуы тиіс. Жүйелі сөздің арқауы, өзара тығыз байланысты желісі болады. Сөйлем мен сөйлем арасында, ой мен оййдың арасында табиғи байланыс болмаса, тыңдаушы ондай сөзден қанағат ала алмайды.

Жұрт алдында жақсы сөйлеудің ең негізгі шарты – дайындық. Алдымен жоспар түзіледі. Жоспарда қамтылуға тиісті мәселелер реттелген тақырып күйінде жазылады. Одан кейін сол жоспар бойынша баяндаманың тезисі жасалады. Онда айтылуға тиісті жайлардың негізгі қағидалары, мазмұны тұжырымдалады.

Жоспар бойынша баяндауға керекті материалдарды толықтыру, ретке келтіріп қағазға түсіру үшін конспект жасалуы қажет. Конспект – болашақ баяндаманың ықшам түрі.

Сөз қолдану мәдениеті сөздің мағынасына орай дұрыс қолдану мен қатар оны әсем де, әсерлі, көркем образды етіп айту (жазу) мен бейнелеу тәсілдеріне тікелей байланысты екені белгілі. Ал бейнелеу тәсілдері тілімізде сан алуан. Тіліміздің көркемдегіш тәсілдері негізінен көркем әдебиет тіліне тән. Көркем шығарма тілінде сөз өзінің барлық баяу – нышанымен, сыр-сипатымен, құпия астарымен, құдірет-қасиетімен көрінеді. Метафора, метонимия, синекдоха, теңеу, эпитет, поэтикалық тіркестер, мақал-мәтелдер және тұрақты тіркестер айтылайын деген ойды анық беру, баяндап отырған әлеуметтік шындықтың шынайы көрінісін ашық көрсету сөйлеушінің негізгі қаруы.

Мәселен, «Жел соқты, қар жауып, боран болды» деп айтуда ешбір әсер жоқ. Ал сөз зергерлерінің қолдануында сөз әдеттегі қызметінен басқа күйге көшіп, тосын құбылысқа тап болады. Мұндай қолданыстың әсері айрықша болып, шығарма тіліне шырай беріп отырады. «Боран үскіріп соғып тұр. Асау жел ащы күйінен жаңылған жоқ, ойнақ салып ысқырып тұр. Аң, дала меңіреу болып түкіруде. Қайғысы сары бел борап әкеліп тұрған ақ киімін қымтай түсіп, жата берді». (М.Әуезов)

Мұнда асау сөзінің ерекше сипат алғандығын бірден аңғаруға болады. Сондай-ақ сөз арасында бір бірімізге сары бел киімін қымтады десек, жансызға жан бітіріп болмысы нақты, дәл бейнелеудің айрықша тәсілі.

Сөз мағыналарының ауысуы, келтірінді мағынада жұмсалуы әр түрлі тәсілдер арқылы жүзеге асады. Сөздің ауыспалы мағынада қолдануы метафора, метонимия және сенекдоха тәсілдері арқылы жасалады. Енді осы тәсілдерге қысқаша тоқталайық.

  1. Метафора тәсілі арқылы атаудың ауысу белгіленген заттардың тұлға, түс, қимыл ерекшелігінің ұқсастығына негізделеді. Метафора – грек тілінде metaphora «ауысу» деген мағынаны білдіреді. Белгілерінің ұқсастығына қарай бір заттың не құбылыстың басқа бір заттың не құбылыстың атауымен атауының негізінде сөз мағынасының ауысуы метафора деп аталады. Метафора құбылысының сөздің мағынасынан орын тепкені және әбден үйреншікті болып кеткені соншалық, метафораның негізінде туған қосымша мағынасының көп жағдайында туынды, келтірінді мағына екені бірден аңғарыла бермейді. Мысалы, істің төркіні, мәселенің төркіні, сөздің төркіні дегендердің төркін мен қыздың төркіні дегендегі төркін сөзін салыстырсақ, соңғы мысалда бұл сөз «қыздың ата-анасы, туған-туыстары» дегенді білдіреді де, алдыңғы мысалда «түп негізгі, тегі, мәнісі, сыры» дегенді білдіреді.

  2. Метонимия. Бір заттың немесе құбылыстың атауының екінші затқа не құбылысқа олардың өзара іргелестігі, шектестігі негізінде атау болып ауысуы, осыған орай, сөздің ауыспалы мағынада жұмсалуы метонимия деп аталады. Метонимия – грек тілінде metanymia «атын өзгерту, қайта ат қою» деген мағынаны білдіреді. Мысалы, үйі мәз боп, қой сойды, шүйіншіге шапқанға (Абай) деген сөйлемдегі үй деген сөз өзінің негізгі мағынасы «баспана» дегенді емес, бір үйдің адамдары, үй іші, отбасы дегенді білдіреді. Дәрі қосқан аяқты ішкеннен соң, Әзім барып жығылды шалқасынан... (Абай) Бұл сөйлемде аяқ сөзі «ыдыс» дегенді емес, «сусын» деген мағынаны білдіреді.

  3. Синекдоха. Бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны, үлкеннің орнына кішіні қолданудың негізінде сөз мағынасының ауысуы синекдоха деп аталады. Мысалы, кейде, отбасыңда неше жан бар? – деудің орнына басың нешеу? дейміз. Бұл арада бас сөзі бөлшек ретінде (адамның дене мүшесі) бүтіннің орнына қолданып тұр. Синекдоха грек тілінің synecdoche «бірге жобалап түсіну» деген сөзден жасалған термин. Кейде мал дегеннің орнына тұяқ «бөлшек ретінде» сөзі қолданылады. Мысалы, төрт-бес тұяғымыз бар дегендегі тұяқ сөзі малдың тұяғы деген тіркестегі өзінің негізгі мағынасынан алшақтап, басқа бір мағынаны – «мал» дегенді білдіреді.

  4. Теңеуде зат пен құбылыстың біріне бірінің ұқсастығына қарай сөздер алмасады. Мысалы,

Ажарың ашық екен атқан таңдай,

Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай,

Апаңнан сені туған айналайын,

Күлімкөз, оймақ ауыз, жазық маңдай. (Сегізсері)

5. Эпитет. Бір заттың, не бір құбылыстың айырықша сипатын, сапасын анықтау үшін қолданылатын бейнелі сөзді эпитет деп атайды. Мысалы,

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. (Абай)

Күздің күні көк әлемін торлаған бұлт жазғы бұлттан өзгеше сұр бұлт жай сұр бұлт емес, түсі суық сұр бұлт. Күздің айнымас тағы бір серігі – тұман, бұл жай тұман емес, дымқыл тұман. Ұлы ақын күздің басқа жыл мезгілінен айырмашылығын ашық, айқын таныту үшін осындай анықтауыш сөздерді әдейі қолданып отыр.

Қорыта айтқанда, сөз ауыспалы, келтірінді мағынады қолданылуы арқылы мағыналық жақтан түрленіп, өзгеріп отырады. Айтайын деген ойды образды да әсерлі беруге икемді болады. Міне, сондықтан сөйлеуші (жазушы) өз сөзінде тілдің лексикасындағы көптеген сөздердің келтірінді, образды мағыналарды суреттеудің ең ұтымды құралы ретінде пайдаланады.


Бақылау сұрақтары:


  1. Ауызша сөйлеу және оның ерекшеліктер неде екен?

  2. Сөздің жазылуы мен айтылуы, ритмикалық топтар.

  3. Сөйлеудің көмекші құралдары қандай?

  4. Дыбыстарды болатын сапалық өзгерістер, еріндік, ілгерінді, кейінді ықпал заңдылықтарын атаңыз.

  5. Сөйлеу стиліне тән ерекшеліктерді айтыңыз.


Әдебиеттер:

1. Айтбаев Ө. Мақал-мәтелдердің жазуымыз бен сөйлеуіміздегі қызметі.Жинақ. Сөз өнері. А., 1978, 90-98-беттер.

2. Айтбаев Ө., Есенқұлов А. Көркем әдебиетке – көркем тіл. Жинақ: Жазушы және сөз мәдениеті. А., 1989, 43-56-беттер.

3. Қарағұлов Ө. Шығарма көркі – шұрайлы тіл. жинақ: Жазушы және сөз мәдениеті. А., 1988, 115-135- беттер.

4. Қайдаров Ә. Шығарма тілі – көркем әдебиет өзегі. Жинақ: Өнер алды – қызыл тіл. А., 1986, 42-65- беттер.

5. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті А, 2004.

6. Серғалиев М. Келісті сөз – көркемдік кепілі. «Жұлдыз», 1975, № 11, 195-200 беттер.

7. Төреқұлов Н. Нақыл сөз – тілдің нәрі. Жинақ: Өрелі өнер, А., 1976, 126-128 беттер.

5-дәріс.

Тақырыбы: Тіл мәдениетіндегі орфоэпиялық норма

Жоспары:

  1. Сөзді мәнерлеп айтудың элементтері: екпін, интонация, дауыс күші т.б.

  2. Тілдің бейнелеу тәсілдері.

  3. Сөйлеуде көркемдегіш құралдарды пайдалану.

  4. Суреткер тіліндегі образдылық.

Дәрістің мақсаты: Сөйлеуде сөз элементтерін, оның көркемдегіш құралдарын орынды пайдалануға баулу.

Дәріс мәтіні: Лексикалық норма. Халық тілінде бар сөздердің көпшілігі көркем әдебиетте жиі қолданылып жалпы халықтық нормаға айналады да, бір қатары қолданудан қалып қояды немесе өте сирек пайдаланылады. Ауызекі тілде бар біраз сөздер әдебиетте кездескенімен, әдеби нормаға жатпайды. Мысалы: шаһар, кент, әм, әтеш, бойлай, жүде сөздері кейбір сөз зергерлерінің туындыларында кездескенімен, бірақ олар әдеби тіл нормасына жатпайды. Олардың орнына қала, және, қораз, өте сөздері әдеби болып табылады.

Қазақ әдеби тілінің сөз байлығы жалпы халықтың қасиеті бар байырғы және өзге тілдерден енген сөздерден, ғылымның, өнер-білімнің, техниканың, саясаттың, мәдениеттің т.б. әр алуан терминдерінен құралады.

Қазақ тіліндегі сөздік қордағы сан алуан сөздердің әдеби тілге жататындары бар, әдеби тілге тән емес, одан тыс, сөйлеу тіліне ғана жататындары бар.

Әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайтын сөздер мыналар:

1.Диалектизмдер. Диалект деген термин тілде жалпы халықтық сиапт алмаған белгілі бір жерде ғана қолданылатын өзіне ғана тән тілдік ерекшеліктері бар жекелеген аймақ, территорияны білдіреді.Мысалы:


Әдеби Диалектизм

салдары зарпы

беймаза бейана

кебек буызді

үкімі бойлай

әрең шаққа


2. Профессионализм. Бұған белгілі бір кәсіппен айналысатын адамдардың пайдаланатын сөздері жатады. Мәселен бау-бақша, мақта, күріш шаруашылықтарымен кәсіп ететін оңтүстік аймақтарда сүдігер, көшет, әңгелек, масақ, құлақ, қауашақ, собық, қарық, атыз сияқты сөздер бар.

Кейбір кәсіби сөздердің әдеби тілде баламасы болмаса, оларды әдеби нормаға айналдырып тілдің лексикалық байлығын арттыруға болады.

  1. Дөрекі, былапыт және жаргон сөздер.

Кейбір кісілердің тілінде өздері әбден қалыптасып кеткен «бұралқы» сөздер кездеседі. Мысалы « Ол кеше нені нетіп келді», «Олар, жаңағы, енді, тап тартысы, жаңағы, күшейтті». Міне осындай «нені», «жаңағы», «сосын», «сонан соң», «иә», «яки», «тағы» т.б. сөздерді жиі қолданады. Әрбір адам мұндай қоңырсық, былапыт сөздерден аулақ болуы тиіс.

2 Лексикада бірізділікті көбірек тілейтіндер – терминдер. Термин дегеніміз - өндірістің, ғылымның, техниканың, өнердің, мәдениеттің даму нәтижесінде пайда болған ұғымдарды білдіретін арнаулы сөздер. Қазақ тіліне термин сөздер орыс тілінен немесе орыс тілі арқылы басқа тілден енеді. Терминология қай салада болса да, тек жаңа ұғымның пайда болуымен бай- ланысты дамып отырады. Терминдер тілде бар байырғы сөздерге қазақ тілінің қосымшаларын жалғап, жаңа мағынаға ие етіп те пайда болады. Мұндай жаңа атаулар баспасөз бетінде сыналып, мемлекеттік терминология комиссиясының ұйғаруымен әдеби тілдің нормасына айналып отырады.

  1. Тіліміздегі фразеологиялық тіркестер – лексиканың ең бір айшықты бай саласы. Бұлар өзінің экспрессивтік-эмоциялық әсерлілігімен көзге түседі. Фразеологиялық тіркестер көркемдік қасиетіне орай көркем шығармада молынан қолданылады. Фразеологиялық тіркестерді қолдана білу – тіл білудің үлкен белгісі. Халық қазынасы болып табылатын фразеологизмдерді жақсы білетін кісі ой өрнегін түрлендіріп, ұтымды, түсінікті, ықшамды етіп береді. Сондықтан әрбір мәдениетті, сауатты кісі, тілге шешен болғысы келетін студент халық тіліндегі тұрақты тіркестерді көңілге тоқи жүріп пайдалануы тиіс. Сонда фразеологиздер дегеніміз не? Кемінде екі сөздің тіркесуінен жасалған, мағынасы бір тұтас, құрамы мен құрлымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік бірлік, әдетте, фразеологиялық тіркес деп аталады. Мысалы, қас қаққанша, көзді ашып жұмғанша, қас пен көздің арасында, ит арқасы қияда, тайға таңба басқандай, үріп ауызға салғандай, ат үсті қарау, ата мекен, ата жау, су ми, су жүрек т.б. сияқты сөз тіркестері фразеологизмге енеді. Мысалы, Басқарма маған мына бір сөзді мірдің оғындай қадап айтып еді. Салым суға кеткендей жабырқау тартып үйге келсем, жастығымның үстінде Шегеннен келген хат жатыр екен (Ғ.Мұст.).


Бақылау сұрақтары:


  1. Қазақ сөздерінің естілімі туралы не айтасыз?

  2. Екпін дегеніміз не?

  3. Дикцияның мән беру керек тұстары.


Әдебиеттер:


1. Б.Шалабай Көркем әдебиет стилистикасы. - Алматы, 2000.

2. Р.Әміров Ауызекі сөйлеу стилінің синтаксистік ерекшеліктері. – А., 1977.

3. Р.Сыздықова Сөз құдіреті. – Алматы, 1997.

4. М.Балақаев Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. – Алматы, 1984.


6-дәріс.

Тақырыбы: Жазу мәдениетіндегі орфографиялық норма.

Жоспары:

  1. Сөздердің бірге/бөлек жазу нормасы.

  2. Бас әріп. Жазба мәтіндегі пунктуациялық ережелер.

Дәрістің мақсаты: Емле ережелерін меңгерту арқылы студенттің бойында сауатты жазу мәдениетін қалыптастыру.

Дәріс мәтіні: Тіл коммуникативтік қызметін ауызша да, жазбаша да атқара алады. Тіл дыбыстары әріп арқылы таңбаланады. Нәтижеде оның қатынас құралы ретінде пайдалану өрісі кеңейеді. Жазу- адамзаттың, материяның өмір сүру формасы болып табылатын кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай қарым- қатынас жасауына мүмкіндік туғызатын аса бағалы құрал. Олай дейтініміз, ауызекі қарым- қатынас жасаудың мүмкіндігі сөйлеуші мен тыңдаушының арасындағы кеңістігіне байланысты болады да, оның шеңберінен ұзап кете алмайтыны белгілі. Ал кеңістіктің шеңбері құлаққа естілудің мүмкіндігімен ғана өлшенеді де, адамдар ауызша тілдескенде, көзбе- көз жүздескенде ғана бір- бірімен санасып пікір алыса алады. Алайда мұндай салыстыру ауызекі тілдің қызметіне нұқсан келтірмесе керек. Ауызекі пікір алысу күнделікті өмірде аса құнды қызмет атқаратынын ешкім жоққа шығара алмайды.

Жазбаша тілдің ауызекі тілден кейін пайда болған, оның таңбалайтын белгілердің жасауымен байланысты екендігі белгілі. Жазудың пайда болып, соған сай жазбаша тілдің дүниеге келуінің адамзат мәдениетінің тарихында орасан зор маңызы болды. Жазу- сызусыз мәдениет атаулыны, техника прогресін, цивилизация дамуын көзге елестетудің өзі мүмкін емес. Орыстың көрнекті жазушысы Леонид Леонов жазудың адамзат өміріндегі маңызы жайында былай дейді: «Адамдардың тегін қорлық жағдайдан бөліп алып шыққан, өткен замандарда ашылған ұлы жаңалықтардың ішінде жазу өте- мөте үлкен қызмет атқарады. Әліпбидің пайда болған күнін адамның өзін- өзі біліп ұғынудың дәуірі деп есептеуге болады. Осыдан кітап басу станогының пайда болуына тура жол ашылды. Адам өзінің қазіргі биігіне нақ кітап арқылы баспалдақпен көтерілгендей көтерілді» /Л. Леонов. Литература и время. М., 1964, стр.252/.

Адам, қоршаған орта, табиғат, қоғам жайындағы білімді негізінен жазба тіл арқылы хатқа түсірілген, «балталасаң кетпейтіндерді» оқу арқылы меңгереді.Адамзаттың сонау көне дәуірінен бастап, біздің күні бүгінімізге дейінгі сан ғасырлар бойына ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласында жасаған күллі мәдени байлығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген де – жазба тіл.Алдыңғы ұрпақ жасаған және бүгінгі таңда жасалынып жатқан мол рухани дүниені бізден кейінгі ұрпақтарға, дәуірден- дәуірге жеткізетін де – жазба тіл.

Жазудың тарихы өте ерте дәуірден басталады. Көне жазуды да, қазіргі жазуды да зерттеп білудің әрі теориялық, әрі практикалық үлкен мәні бар.

Көне жазу нұсқаларын талдап зерттеудің орасан зор мағынасы бар. Жазудың тарихын зерттеп білу тіл білімі үшін ғана емес, сонымен бірге тарих ғылымы үшін де, археология мен этнография үшін де маңызы айрықша.

Қазіргі біз пайдаланып жүрген жазу көп кейін туған. Оны тапқан ежелгі финикийліктер деседі. Ол алфабетикалық жазу деп аталады және ауыз екі сөйлеумен тығыз байланысты: графемамен (әріппен) фонема (сөйлеген сөздің дыбысы) белгіленеді. Әр тілде фонеманың саны шектеулі болады, сондықтан да шағын мөлшердегі графамен кез келген ойды білдіруге болады.

Жазудың тарихына көз жіберсек, әріптен таңбалаудың кейінірек болғанын білеміз. Жазу өте ерте заманда жасалып, мыңдаған жылдар бойы өзгеріп, дамып келді. Жазу жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралады. Ол таңбалар бүтіндей сөзді, не буынды, не дыбысты білдіреді. Жазу жүйесіндегі таңбаларды не бүтіндей хабарды, не жеке сөзді, не буынды, не дыбысты белгілеуіне қарай, жазу мынадай түрлерге бөлініп қарастырылады:

  1. пиктографиялық жазу

  2. идеографиялық немесе логографиялық

  3. морфемографиялық

  4. силлабографиялық. 5.фонелографиялық

Пиктографиялық жазу – жазудың ең алғашқы түрі. Бұл – суретке негізделген жазу. Сондықтан оны кейде сурет жазуы деп атайды. Пиктографиялық жазудың таңбалары пиктограммалар деп аталады. Бұл жазу әр түрлі суреттердің жиынтығынан құралған. Әрбір сурет (пиктограмма) өздігінен бүтіндей хабарды білдіре алады. Хабар графикалық жағынан жеке сөздерге бөлшектенбейді. Осыған орай пиктограмма тілдік формаларды емес, оның мазмұнын бейнелейді.

Логографиялық жазу. Пиктографиялық жазудың біртіндеп даму барысында идеографиялық жазу пайда болады. Логографиялық таңба не жеке сөзді немесе атаушы бөлігін белгілейді.

Морфемографиялық жазу. Морфемалармен жазу, жазу белгісі морфемаграмма.

Силлабография – «буынды жазу», жазу бірлігі силлабограммалар.

Фонелография – «фонемалармен жазу» яғни тіл дыбыстарын белгілі таңбалармен белгілеу. Тіл дыбыстары жазуда графикалық таңба - әріптермен таңбаланады. Бірінен кейін бірі рет ретімен орналасқан әріптердің жиынтығын әліпби деп аталады. Міне, осылайша адамзат бүгінгі жазу үлгісіне жетті.

Орфографиялық норма

Орфография гректің orfos – түзу, дұрыс, grapho – жазамын деген сөзінен алынған. Орфография деп белгілі бір тілдегі сөздердің дұрыс жазылуы туралы ережелердің жиынтығын айтамыз.

Орфография тілдегі сөздердің, олардың грамматикалық формаларынан бір келкі жазылу нормасын белгілейді. Әдеби тілдің лексикалық, орфоэпиялық грамматикалық нормасы әрбір сауатты адамға қандай міндетті болса, сөздердің жазылу нормасы да сондай міндетті. Тілдің орфографиялық үкіметтің бекітуі де оның жалпы халыққа ортақ, міндетті екенін аңғартады. Бұл - сөздердің біркелкі жазылуын қалыптастыруға көмектеседі. Біркелкі жазу қалыптасқан тілде сөздің жазылу бейнесі сауатты адамға белгілі сөзді білдіретін біртұтас жазу таңбасына айналады. Сөздің графикалық бейнесінің адам санасында әбден бекуі сөздерді дағды бойынша дұрыс жазып, тез оқуға көмектеседі.

Қазақ жазуының ең бірінші орфографиялық ережелер жинағы 1914 жылы ғана жарық көрген. Бұған дейін қазақ халқы араб әліпбиін пайдаланып жүргенімен, қазақ тіліндегі сөздің қалай білдіретін сөздер жиынтығы болмаған. 1911 жылдан бастап, баспа бетінде қазақ жазуын жүйеге келтіру, сөздердің дұрыс жазылуын айқындау жайында пікір-талас болып, ол қазақ тілі орфографиясын жасауға әкелді. Сөйтіп, 1914 жылғы қазақ тілі орфографиясы пайда болды. Бұл орфография ережелері 1924 жылы толықтырылды, кейбір ережелер өзгеріссіз қалды. Бұл ережелер 1926 жылға дейін қолданылды, 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын әліпбиіне көшумен байланысты қабылданған қазақ тілі орфографиясы қолданылды.

Қазақ тілінің қазіргі орфографиясының алғашқы нұсқасы 1940 жылы орыс графикасына көшумен байланысты: дәлірек айтсақ 1940 жылы 10 қазанда ҚазССР жоғарғы советінің Ү сессиясы қазіргі қазақ орфографиясын бекітті.

Қазіргі қазақ орфографиясы қабылданғаннан бері екі рет 1957, 1983 жылы ресми өзгерністер енгізілді. Атап айтқанда:

1. «ый» дыбыстарының тіркестері сөз ішінде кездескенде, олар «и» әрпімен ғана белгіленеді. Мысалы, қыйын – қиын, жыйын – жиын, тоқыйды – тоқиды.

Бұл ережелерге бағынбайтын тый, сый деген екі сөз және бұл екі түбірден тараған басқа түбірлес басқа сөздер. Мысалы, тый, сый, тыйылу, сыймау т.б.

2. Сөздердің соңында я, ю әріптерінің алдынан и әрпі жазылатын болды. Мысалы, тақия, дария, жария, Рахия, Ғалия т.б.

3. И дыбысына бітетін етістіктерге жалғанатын, тұйық райдың у жұрнағы я, ю түрінде жазылады. Мысалы , қи-у – қию, и-у – ию, жи-у – жию, қи-а – қия, жи-а – жия, ақси-у – ақсию,жыми-а – жымия т.б.

4. «ый», «ій» дыбыстарының тізбегіне сөз аяқталғанда, оған көсемшенің «и» жұрнағы жалғанғанда, «ый», «ій» әріптерінің тіркесі «и» әріпімен алмастырылады, ондай сөздер былайша жазылады. Мысалы, байы-и-ды – байиды (байды емес), кейі-и-ді –кейиді (кейді емес).

5. Орыс тілінен енген қосарлы дауыссыз дыбысқа аяқталған термин сөздерге қосымша жалғанғанда, бір дауыссыз түсіп қалады. Мысалы, металл – металды, бір грамм – бір грамдай т.б.

6. Орыс тілінен енген термин сөздер рк, нк, ск, кс,кт, фт,нг дауыссыз әріптерінің тізбектеріне аяқталғанда, соңғы буыны жуан-жіңішкелігіне қарамай, қосымшаүнеме жіңішке болып жалғанатын болды. Мысалы, Омск – Омскіде, банк – банкіге, дифтонг – дифтонгісі т.б. Жоғарыдағы қазақ тілі ережелеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың орфографиялық норманың бір жүйеге түсуінің маңызы зор болды. Әсіресе терминдік мәні бар сөздердің жазылуы басқа тілден енген сөздерге қосымшаның жалғану заңдылықтары тәртіпке келтірілді. Алайда қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне келгеннен соң орфографиялық заңдылықтарды қайта қарап, тұжырымдау – уақыт талабы.

Жазбаша сөйлеудің ерекшеліктері

1. Жазбаша сөзде сөйлемге байланысты қойылатын тыныс белгілерден басқа оны қабылдауға әсер етудің қосымша құралдары болмайды.

2. Жазбаша сөйлеудің логикалық жағына аса қатаң талап қойылады. Алайда қойылатын басты шарт: жазбаша сөз бастан аяқ түсінікті болуы тиіс.

3. Жазуда орфографиялық норма қатаң ескеріледі.

4. Автордың көңіл-күйі (сүйсінуі, күйінуі т.б.) орын тауып қойылған сөздер мен сөз тіркестері арқылы берілді. Сондықтан әр сөздің ой елегінен өткізіп айтайын деген пікірге дәл беретін сөздерді таңдап, талғап құрастыру тиіс.

Жазудың өмiрде атқаратын рөлi зор. Оның да шығy, даму тарихы бар. Жазу адамдардың кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкiндiк бередi. Ал ауызекi сөйлеу тiлi туралы мұны айта алмайсың. Өйткенi сөйлесу жүзбе- жүз кездескенде ғaнa болатын нәрсе. Жазу арқылы алыста жатып та, жақын тұрып та «сөйлесе» беруге болады. Жазусыз мәдениет атаулыны, өркениет атаулынф көзге елестету қиын. Олай болса, жазудың шығyын көне замандарда ашылған ұлы жаңалықтардың бiрi деп есептеу керек.


Бақылау сұрақтары:


  1. Сөзді дұрыс жазу мәдениеті дегеніміз не?

  2. Жазбаша сөйлеудің адамзат дамуындағы рөлі қандай?

  3. Жазудың тарихи дамуы.

  4. Жазудың қандай түрлерін білесіз?

  5. Жазбаша сөйлеудің ерекшеліктері бар ма?

  6. Орфографиялық норманың жалпыға ортақтығы дегенімізді қалай түсінесіз?


Әдебиеттер:


1. Уәлиев Н. Қазақ графикасы мен орфографиясының фонологиялық негiздерi: фил. ғыл. канд. ... дисс. Алматы, 1993.–162 б.

2. Уәлиев Н., Алдашева А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. Алматы: Ғылым, 1988. – 113 б.

3. Қ.Күдеринова. Қазақ жазуының теориялық негіздері. Алматы, 2010.

4. Күдеринова Қ. Бiрге және бөлек жазылатын сөздердiң орфографиясы: Алматы, 2005.–146 б.;

5. Истрин В.А. Развитие письма. М.: АН СССР, 1961. -394 с.

6. Щерба Л.В. Избранные работы по русскому языку. М., 1957.- 189 с.

7. Мамырбекова Г. XVIII-XIX ғғ. араб жазулы қазақ жазбаларының графикалық-орфографиялық ерекшеліктері: фил. ғыл. канд. ... автореф. Алматы, 2006.–130 б.


7-дәріс.

Тақырыбы: Іскери сөз бен іскери мәтіндердің жалпы сипаттамасы. Құжат мәтіні.

Жоспары:

  1. Қазіргі іскери сөз бен мәтіндерге қойылатын талаптар.

  2. Құжат мәтіндерімен жұмыс.

  3. Құжат мәтінін құрастыру үлгісі.

Дәрістің мақсаты: Іскери сөз үлгілерімен танысу, олардың жазбаша және ауызша формаларын жүзеге асыруды меңгеру.

Дәріс мәтіні: Іскери сөз стилі стильдік бояуы жағынан ғылыми стильге жақын, алайда оған қарағанда біртектес және синтаксисі бірқалыпты болып келеді. Оған қарапайым сөздер, ауыспалы мағыналы, бейнелі сөздер, теңеу т.б. тән емес. Функционалды-тілдік құралдардан ресми тональділікке ие сөздер, мысалы, кеңсе ісіне тән сөздер, етістіктің тұйық, бұйрық рай тұлғалары т.б. тән. Тіл ғылымында негізігі зерттеу объектісі болған сөз, сөз тіркесі, сөйлем, морфологиялық, лексикалық және фонетикалық нысандар тұтас мәтін синтаксисінің құрамына енеді. Яғни, мәтін - бөгде біреудің ойын танудың негізі.

Әрбір адам қарым-қатынас үрдісінде ой-пікір бөгде біреуге жүйелі жеткізуде және сөздерден сөз тіркестерін, сөз тіркестерінен сөйлем, ал сөйлемдерден мәтін түзейді.

Тіл мәдениеті мәтінді дұрыс құраумен тікелей байланысты. Айтылатын пікір жеке сөздермен, сөйлемдермен берілмейді, тұтас мәтін арқылы жеткізіледі. Міне, сондықтан әрбір мәдениетті адам оның түрлері мен құрылысын, ерекшеліктері мен белгілерін т.б. білуі тиіс.

Мәтіннің өзіндік белгілері, жүйесі, сипаты, формасы, мазмұны, өлшемдері мен құрылысы бар өте күрделі тілдік категория. Оны басқа категориялардан ажыратып тұратын мынадай белгілері бар: тақырыбының болуы, белгілі бір оқиғаны жүйелі баяндауы, нақтылы ой қортындының жасалуы, оның құрамына енетін барлық компоненттердің жалпы бір ортақ идеяға бағынуы, логикалық жүйеде құрылуы және стильдік бірлікте болуы.

Мәтіннің негізгі категорияларына И.Р.Тальперин хабар (информативность), тұтастық (интеграция), уақыт бірлігі (ретроспекция), модальдың, подтекст категорияларын жатқызады. Ал бұл категориялардың мазмұны, түрлері, берілу жолдары мен формалары түрлі мәтінде әркелкі келеді. Мысалы, хабар көркем мәтінде бір түрлі берілсе, ғылыми мәтінде екінші түрде, ал көркем әдебиетте стиль мәтінінде басқаша түрде беріледі. Мысалы,

Ғылыми стиль

Жауындату – ауыл шаруашылық дақылдарды суарудың бір әдісі. Су арнайы жауындатқан машина арқылы өсімдікке, топырақ бетіне жауындатып бүркеледі. Жердің кәдімгі арық ойыс арқылы суарумен салыстырғанда жауындату топырақпен қатар жер бетіндегі ауа қабатын ылғалдандырып, температураны төмендетеді, өсімдік топырақтарының шаңын жуып, тыныс алуын жақсартады. Жауындатуда ылғал топыраққа біркелкі жайылады.

Көркем әдебиет стилі

Бұлт көлеңкесімен түтеген дала үнсіз бағынып, жаңбыр күтуде еді. Жел ұйытқып, қара жолдың күлгін шаңын көкке көтерді. Желден ылғалдың исі аңқиды. Біс сәт өткен кезде тамызықтап, сіркіреп жаңбыр жауа бастады. Жауынның бытырадай салқын тамшылары жолда түйір-түйір тамшыға айналды. Сарышұнақтар үрейлене шиқылдайды. (М. Шолохов)

Мәтіннің үш түрі бар: хабарлау, сипаттау және пікірлеу.

Мәтіннің хабарлау түрі белгілі бір уақыт пен кеңістікте болған, себеп-салдарлық байланысқа түскен оқиғалар жөнінде баяндалады. Бұл көркем - әдеби жанырына жататын әңгіме сияқты сюжеттер жиынынан тұрады. Хабарлау мәтінінде персонаждардың (кейіпкер) іс-әрекеттері, тұрмыс-тіршілігі т.б. келтіріледі. Тағы бір ерекшелігі: онда ең басты оқиғалар мен фактілерге айырықша көңіл бөлінеді. Сондықтан бұл мәтін түрінде зат есімдер мен етістіктер молынан кездеседі. Хабарлау мәтінінде сипаттау мен пікір айту элементтері кездеседі. Мәселен кейіпкердің кейпі, түр-тұлғасы, табиғат суреттері сипаттауға жатса, септік негіздері, ой қорытындылары пікірлеуге жатады.

Сипаттау мәтінінде кейіпкерлер болмайды. Табиғат көріністері, қоршаған ортаға заттар мен құбылыстар суреттеледі, сондықтан бұл мәтінде сын есімдер молынан пайдаланылады. Мысалы: Күн батарда

Сәулесі шашыраған қызыл күн қып-қызыл алтын табиғат болып аспан мен жердің арасына қыстырылды. Ол жер дүниеге шашылған алтын нұрын асығып жинай бастады. Қызыл күннің алтын нұрымен айырылыса бастаған жасыл жердің сұлу жүзі құбылып, демде мың түрге түсті. Ойды, қырды, даланы теп-тегіс қаптаған қою жасыл қалың шөп дүниені қаптаған жасыл теңіз тәрізді. Алтын нұрының ақырғы ұшықтарын аспанға шашыратып, тартылған қызыл табақ қыстырылған екі араға ақырын ғана жылжып жоқ болды.

Ойы, қыры, даласы жап-жасыл болып тұтасқан жердің жүзі енді жасыл емес, қара көк тәрізденді. Қара көк теңіз құбылып, бірте-бірте қошқыл тарта бастады. (С.Сейфуллин)

Пікірлеу мәтін деп - бір нәрсені дәлелдеу, бекіту мақсатында дәлелдер, мысалдар, салыстырулар арқылы жаңа ой қорытындыларын жасайтын мәтіннің түрі. Пікір айту – мәтіннің қиын формасы. Өйткені ең алғаш болжам айтылады. Алынған көзқарастың зерттеулер, дәлелдену барысы баяндалады. Соңында ұсынылған болжам тәжірибеде дәлелденеді ме, жоқ па сол туралы о қорытындысын жасайды. Мысалы,

Бақша ағаштары.

Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштар мен гүлдерді көріп жүреді.

  • Мынау ағаш неге тіп-тік, ал ана біреуі неге қисық біткен? – деп сұрады баласы.

  • Оның себебі, балам, анау ағашта қисық бұтақтар болса, кесіп, бағу қағидасымен өсірген. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалпымен өскен, - деді атасы.

  • Олай болса, бағу-қағуда көп мән бар екен ғой, - деді баласы.

  • Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым, мұнан сен де әбірет алсаң іштеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсең, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзу кісі болып өсерсің. Бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің, - дейді.(Ы.Алтынсарин)

Ы.Алтынсариннің бұл әңгімесінде пікірлеу элементтері бар. (Сен жас ағашсың, саған да күтім керек. Мен сенің кате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем,.. жақсы кісі болып өсерсің.) Ой қорытындысы жасалынған (бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің.)

Мәтінді қай жататынын білу үшін сөйлем мүшелері сияқты оған да сұрақ қоя білу керек. Егер мәтінге қанша? қайда? кім? не істеді? не болды? деген сұрақтарға жауап берсе, онда мәтін хабарлауға жатады. Ал қандай? қалай? қайтіп? сұрақтарына жауап берсе, мәтін сипаттауға жатады, ал кім үшін? не үшін? неліктен? деген сұрақтарға жауап берсе, пікір айту мәтіні болады.

Мәтін көлбеулік (линейный) және көлемдік (объемный) өлшемдер тұрғысынан құралады. Мәтіннің көлбеулік құрылымы – оның логикалық, грамматикалық заңдылықтар тұрғысынан, әңгімелесу немесе хабарлау формасы тұрғысынан құрылды. Мұнда мәтінде баяндалатын сюжеттер мен эпизодтардың белгісі орналасу реті де ескеріледі. Басқаша айтқанда көлбеулік құрылым мәтіннің лексикалық, грамматикалық және композициялық, синтаксистік деңгейлерінде қалыптасуы, ол деңгейлерге өзара байланыстылығы, бір-біріне кірігуі.

Ал мәтіннің көркемдік құрылымы – тіл құралдарын пайдалана отырып оның дара және универсал мағыналарының бейнеленуі, сол мағыналарының қайталанбас өзіндік көрінісі. Мәтіннің универсал мағыналарына кеңістік пен уақыт жатады. Кеңістікті бейнелеу үшін мәтінде белгілі бір мекенді білдіретін не нұсқайтын атауыш сөздер тобы қолданылады. Олар: топонимдер, географиялық терминдер, этнонимдер (тайпа, ру аттары), табиғаттың не үй-жайдың белгілерін бейнелейтін сөздер және кісі есімдері. Сөздікте бұлардың кейбіреулері мекендік мағынаны білдірсе, мәтінде олардың мекендік көрсеткіштерінің аясы кеңейді. Уақыт та материяның өмір сүру формасы болғандықтан, ол мәтіннің негізгі мағынасының бірі болып табылады. Мәтін мазмұнының белгілі бір шынайы уақытқа қатынасы ерекше тілдік құралдар көрініс табады. Ең алдымен оларға уақытты білдіретін сөздер тобы жатады. (жыл, ай, апта, күн т.б. аттарын білдіретін сөздер) Олар уақыттың тура көрсеткіші болса, уақытты жанама түрде мегзейтін көрсеткіштер де болады. Оларға жататындар: тарихи тұлғалардың есімдері, тарихи болмыс, қызмет (хан, сұлтан, болыс, әкім т.б.) адамдардың әлеуметтік жағдайларының атаулары, мекеме- ұйым, саяси партиялардың т.б. аттары. Мәтінде суреттелетін немесе аталып қана өтетін тарихи оқиғалар да уақыт көрсеткіштері болып табылады.

Енді мәтіннің құрылымына келсек, ол үш бөліктен тұрады: кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдері. Мәтіннің кіріспесінде зат не құбылыс атауы, не оқиға болатын кеңістік пен уақыт сөз болады. Өйткені уақыт пен кеңістік үнемі қозғалыста болып отынатын материяның өмір сүруінің объективтік формасы.

Мәтіннің негізгі бөлшегінде баяндаушы не жазушы, болымды не болымсыз сөйлемдерді пайдалана отырып субъект пен предикаттың қатынасын баяндайды, хабарлайды, суреттейді. Бұл әрекеттің нәтижесінде адам әр түрлі пікірлерді салыстыра, талдай отырып жеке не жалпы ой қорытындысын жасайды.

Мәтіннің соңғы бөлімінде үш түрлі ой қорытындысының бірін тұжырымдай келтіреді. Олар индуктивті, дедуктивті және аналогиялық.

Индуктивті ой қорытындысы деп жеке фактілер мен құбылыстарды зерттеп оның нәтижесіне сүйене отырып жалпы заңдылықтар, ережелер жасау жолын айтады.

Дедукция дегеніміз – жалпы заңдылықтары мен қағидалардан жекеге қарай жасалынатын ой қорытындысы.

Ал аналогия дегеніміз- ұқсастық бойынша ой қорытындысын жасауды айтамыз.

Кісі тіл мәдениетін көтергісі келсе, мәтін жайында, атап айтқанда,оның негізгі белгілері, құрылысы, жасалу түрлері, құрамындағы сөйлемдер мен қайырымдардың өзара байланысы т.б. жайында мағлұмат болуы тиіс.


Бақылау сұрақтары:


  1. Іскери сөз стиліне тән тілдік, стильдік ерекшеліктер қандай?

  2. Іскери сөз стилінің шағын стиль (подстиль) түрлері мен жанрлары.

  3. Ресми іскерлік қатынас тілі және оның түрлері.


Әдебиеттер:


1. Е.Жұбанов Қазақтың ауызекі көркем тілі, Алматы, 1996.

2. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. А, 1984.

3. Әбікенова Г.Т. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Семей, 2006.

4. Л.Дүйсенбекова Қазақ ресми іс қағаздары. А., Ана тілі, 2005.


8-дәріс.

Тақырыбы: Функционалды стильдер. Көркемсөз стилінің ерекшеліктері. Шаршытоп алдында көркемсөз стилінде сөйлеу.

Жоспары:

  1. Көркемсөз стилінде ойды жарыққа шығару тәсілдері.

  2. Қанатты сөздер, плеоназм, тавтология, лаконизм, лексикалық жетімсіздік, стилистикалық қателік, экспрессивті лексика ұғымдарымен жұмыс.

  3. Көркемсөз стилінің өзіне тән белгілері.

  4. Көркемсөз стилінің функционалдық стильдер жүйесіндегі алатын орны.

Дәрістің мақсаты: Студенттерді экспрессивті стилистика негіздерімен таныстыру.

Дәріс мәтіні: Көркем әдебиет тілінің сөз бедері. Көркем әдебиеттегі сөз қолданысының ерекшелігі. Суреткердің сөз жұмсау шеберлігі. Өмір шындығы мен көркем қиял. Сөзбен «көркем сурет» салу өнері. Денотат және образ. Көркем әдебиет тілінің сөз бедері.

Көркем сөз бедері. Болмысты нақты, өз бедерімен бейнелеудің айрықша тәсілдері. Шығарманың эстетикалық қуаты. Бейнелеуіш құралдардың сөз бедерін түзудегі мәні. Стильдік контраст. Бөгде стильдік элементтер. Сөз әсерлілігінің сөзге, мәтінге,тарауға,бөлімге тұтас шығармаған қатысы. Фразеологизм мен күрделі сөздерді салыстыру. Мысалы, бас тарту. 1. Байсал ақсақалға қой сойып , бас тартты. 2. Бауыржан оларды қоштаудан бас тартты. Жағасын ұстау. 1. Марат келіп Мұқанның жағасынан ұстай алды. 2. Шұбар соны естіп жағасын ұстап келді (М.Әуезов).

Қазақ тілінде фразеологиялық тіркестер үшке бөлінеді: идиома, фраза және мақал-мәтелдер. Идиомалардың білдіретін мағыналарына олардың құрамындағы сөздердің мағыналары қатыспайды, мүлде басқа мағынада, сол тұрақты қалпында оды әсерлі, образды етіп айту үшін жұмсалады. Мысалы, қара қылды қақ жару, қой үстінде боз торғай жұмыртқалау, қас пен көздің арасында, қой аузынан шөп алмау, аузымен орақ ору т.б. бұл идиомалардың білдіретін мағыналары осы тіркестерді құрастырушы сөздердің мағыналарынан келіп шықпады. Мысалы, аузы-мұрны қисаймастан деген идиоманың білдіретін бір бүтін мағынасы (ұялмастан, шімірікпестен) осы тіркестің құрамындағы аузы-мұрны қисаймастан деген сөздердің білдіретін мағыналарына мүлдем сәйкеспейді.

Фраза ерікті мағынасындағы сөз бен фразеологиялық байлаулы мағынасындағы сөздің тіркесінен жасалып, өзінің даяр қалпында жұмсалады. Мысалы, мидай дала, асқар тау, шалқар көл, ата мекен, ата жау, аталы сөз, су жаңа қыпша бел т.б. осы сияқты тұрақты сөз тіркестер енеді. Идиоманың құрамындағы ерікті мағынасындағы сөз алуан түрлі сөздермен тіркесіп жұмсалуға икемді болса, фразелогиялық байлаулы мағынасындағы сөз бір не бірен-саран сөзбен ғана тіркеседі. Мысалы, мидай дала, шалқар көл деген сөздер әр түрлі сөздермен тіркесіп жұмсала берсе (жазық дала, кең дала, ұлан-ғайыр дала, терең көл, үлкен көл, кішкене көл т.б.) фразелогиялық байлаулы мағынасында мидай сөзі дала сөзімен, шалқар сөзі көл сөзімен ғана тіркеседі.

Тіліміздегі тұрақты тіркестердің бір түрі – мақал-мәтелдер. Олар халық данышпандығының айнасы. Сонау ата заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, екшеліп, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі мақал-мәтелдердің ерекше қасиеті көлемінің шағындығы, мазмұнының кеңдігі, тілдің өткірлігі, мағынасының тереңдігі. Әрі ол барлық халыққа бірдей әсерлі, жалпы адамзатқа ортақ, көңілге қонымды, ұтымды келеді.

Мақал-мәтелдердің көбі өмір шындығының қорытындысы, іс-әрекеттің ережесі болып келеді. Мысалы, «Бөтен елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!», «Елінен безген ер оңбас, көлінен безген қаз оңбас!»- десе ата-бабамыз, қазіргі солардың ұрпағы біз оны қалай мансұқ етіп, бекер деміз?! МСақал-мәтел аз сөзді, терең мағыналы, әрі ұтымды болғандықтан, сөйлеген сөзде пайдалана білу жоғары мәдениеттілікті, ойлылықты байқатады. Өйткені «Сөздің көркі –мақал, жүздің көркі – сақал» дегендей мақал-мәтел айтылайын деген ойға мазмұндылық дарытады. Мысалы, «Шегірткеден қорыққан егін екпес», «Еңбек түбі – береке», «Еңбексіз егін бітпес, оқусыз білім бітпес» сияқты мақалдар еңбекті ұйымдастыру барысында әңгімеде пайдалану сөз мазмұнын жандандыра түседі. Осындай орынды қолданған мақал-мәтелдер ауызекі сөзді де, жазбаша сөйлеуде де шешендік, көркемдік элементтерінің бірі болғандықтан халықтың тіл байлығын қадір тұтып, тіл өнерін үйренемін деушілер оларды көп біліп, дұрыс пайдалануы қажет. Мақал-мәтел адамды образды ойлатуға үйретеді.

Қанатты сөздер. Қанатты сөздерді айтылатын оймен орайластырып дұрыс қолдана білген адамның сөзі мірдің оғындай өткір, көңілге бірден ұлай қалатын, дәл, әрі көркем болады. Бұлар бұрын-соңды шешендер мен көркем ақын-жазушылардың аузынан, қаламынан шығып жұртшылыққа тарайды да, олар бүкіл халықтың қасиетіне ие болып жалпылық сипат алады. Мысалы,, «Кімнің тарысы піссе, соның тауығы», «Соқыр тауыққа бәрі бида», «Сиыр су ішсе, бұзау мұз жалайды», «ит үреді, керуен көшеді», «Сырдың суы сирағынан келмейді» сияқты қанатты сөздерді о баста қашан? кім? айтқаны белгісіз, сондықтан олар халықтың нақыл сөздері деп айтылады. Бірқатар қанатты-нақыл сөздердің авторы белгілі. Мысалы, «Баяғы жартас бір жартас», «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ» (Абай), «Достың сыры досына паш» (С.Торайғыров), «Жаңылмайтын – жан, сүрінбейтін тұяқ жоқ» (Ғ.Мүсірепов).

Қанатты сөздер – ұшқыр ойдың қанаты. Айтылатын ой-пікірдің көркем бейнелеудің құралы. Оны көп біліп, сөйлеуде, жазуда сөйле алу – үлкен өнер. Қазақ халқының айқын ойлы данышпан ұлдары мен классиктері сөз шығармаларында қанатты-нақыл сөздерді мол пайдаланған. Мысалы,

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан. (Абай)

Дүниенің қазіргі кетігі көп, кез келген жерде барып қалана беруге болмайды, бірақ ұлы ақынның қалауы ол емес, халқыңа керекті кетікті толтыр дегенді білдіреді.

М.Әуезов «Абай жолы» романында Абайдың болашақтан үлкен үміт күтетін жаңашыл адам екенін көрсету үшін оған мына сөздерді айттырады:

- Арыстан айға шауып мерт болғанмен, артында жортқан баласы арыстандық етпей ме? Ақ сұңқар ауға шырмалғанмен, ұясынан ұшқан балапаны сұңқарлық етпей қоймас! – деген қазақ неткен дана! Ғ.Мұстафин «Миллионерде» Игіліктің ерте-кеші жоқ, жоспарыңызды қалдырып кетіңіз,-дейді. І.Есенберлиннің «Алтын ордасында». «Бүгінгі шаруаны ертеңге қалдырма», Сұлу әйел - өмірдің көркі, ақылды әйел – үйдің көркі, опалы әйел – төсектің көркі», «Адамның катесін, білместігін кешуге болады, ал опасыздығын кешуге болмайды», «Жылан шаққан адам ала жіпті аттауға қорқады», «Антын бұзған оңбайды», «Көкті сүюге жаратылған қыран жерде жатып өлгісі келмейді», «Тарихты халық жасайды, бірақ сол тарихтың барысын жылдамдататын, не кібіртіктететін де жеке ұлы адамдар», «Жалғанда құлап қалған дәреженің биігі жаман, жаныңдай жақсы көрген әйелдің күйігі жаман» т.б.

Қорыта айтқанда, көркем тілмен бейнелеген кестелі сөздерді жазған (сөйлеген) кезде өз сөзінде пайдалану- тыңдаушының құлақ құрышын қандырып, ойына о қосып, қиялына қанат бітіреді. Сөйлеуші тіліндегі қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, ұшқыр да ұтымды афоризмдер айтылатын ойдың ажарын ашып, көркемдігін арттырады. Тыңдаушының (оқушының) зейінін өзіне еріксіз аударады.


Бақылау сұрақтары:


  1. Көркемсөз стилінің тілдік, стильдік ерекшелігі неде?

  2. Көркемсөз стилінің жанрларына не жатады?

  3. Көркемсөздегі дара стиль дегеніміз не?

Әдебиеттер:


  1. Б.Шалабай Көркем әдебиет стилистикасы. - Алматы, 2000.

  2. Ф.Мұсабаева Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. - А, 1976.

  3. Әбікенова Г.Т. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Семей, 2006.

  4. Р.Сыздықова Сөз құдіреті. – Алматы, 1997.


9-дәріс.

Тақырыбы: Ғылыми стильге қойылатын талаптар. Шаршытоп алдындағы ғылыми-көпшілік сөз.

Жоспары:

  1. Арнаулы тіл ұғымы.

  2. Ғылыми сөздің жанрлық, стильдік ерекшеліктері.

  3. Ғылыми іскери сөз сөйлеудің алғышарттары мен талаптары.

Дәрістің мақсаты: Ғылыми стильдің сөз бедері ерекшеліктерін ескеріп, шаршытоп алдында ғылыми сөз сөйлеп үйрену.

Дәріс мәтіні: Ғылыми стиль. Ғылыми стильдің негіздік белгілері: қолданылатын орны, қарым- қатынас мақсаты, стильдік сипаты, тілдік амал- тәсілдері. Ғылыми еңбектердің тілдік ерекшеліктері.

Жұрт алдында сөйлеуге дайындық жолдары. Жұрт алдында сөйлеуге машықтанудың сатылары. Шешендерден үйренудің, топ алдында сөйлеп жаттығудың, есте сақтау қабілетін шындаудың қажеттілігі.

Психологиялық дайындық. Психологиялық дайындықтың рөлі, қажеттілігі. Психологиялық дайындықтың шарттары. Шешеннің өзіне сенімділігін қалыптастырудың жолдары.

Нақты сөзге дайындық. Нақты сөзге дайындықтың кезеңдері. Тақырыпты анықтаудың шарттары. Сөз мақсатын тұжырымдау. Сөдің жоба-жоспарлары. Әдебиеттермен жұмыстың жолдары. Көпшілік алдында сөйлеудің тәсілдері.

Күнделікті дайындық. Күнделікті дайындықта қажетті дағдылар. Арнайы папкілердің, күнделіктің, пікірдің, хаттың дайындықтағы рөлі, қажеттілігі. Өз сөзіне талдау жасау мен басқа шешендердің сөзіне талдау жасаудың шешендік қабілетті шыңдаудағы мәні.

Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы. Көпшілік алдындағы сөздің бөліктері, олардың орны мен өзара сабақтастығы. Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымының бөліктерін жоспарлау.

Кіріспе бөлім, оның міндеті мен тілдік ерекшеліктері. Кіріспе сөз, оның ерекшелігі,жеке міндеттері. Кіріспе сөзде қолданылатын тілдік құралдар. Сөзді бастаудың түрлі тәсілдері.

Негізгі бөлім, оның міндеті мен тілдік ерекшеліктері. Негізгі бөлім, оның ерекшелігі, жеке міндеттері, ұстанымдары. Тақырыпқа қатысты ой -тұжырымдардың логикалық байланысы. Талдаудың логикалық тәсілдері мен материялды түсіндірудің негізгі әдістері. Сөздің логикалық, психологиялық сипаттары. Тыңдаушылардың назарын аударудын тәсілдері. Сөздің жүйелігіне кері әсерін тигізетін факторлар, оларды болдырмаудың жолдары.

Қорытынды бөлім, оның міндеті мен тілдік ерекшеліктері. Қорытынды сөздің ерекшелігі, жеке міндеттері. Ойды қорытындылау тәсілдері. Қорытынды сөздің тыңдаушыға әсері. Қорытынды сөздегі тілдік құралдар.

Сөз бөліктерін байланыстыру әдістері. Сөз мазмұнын біріктіруші тілдік құралдар. Шешеннің субъективтік көзқарасын, реттік қатынастарды білдіретін сөз орамдары. Сөздегі ойларды сабақтастырудың құралдары, ой желісін күшейтетін тәсілдер. Шешендік сөздің композициясының элементтері.

Баяндама немесе есеп беру - бұл ашық түрдегі, ресми хабарлама немесе мазмұны белгілі бір мәселені зерттеп, мәнін ашуға бағытталған құжат. Баяндама әрдайым құжаттық мәлiметтердiң негізінде дайындалады. Бұл іс қағазы басқармаға немесе лауазымы жоғары тұлғаға қандай да бір қызметтік ақпаратты жеткізу үшін қолданылады.

Баяндама – белгілі бір тақырып төңірегіндегі барынша кең ашылған, көпшілік алдында, көп жағдайда ауызша баяндалатын хабарлама.

Баяндаманың түпкi мақсаты – ақпарат және дерек беру, сонымен қатар мәтiнде ұсыныстар да болады.

Құжаттың құрылымы: кiрiспе, зерттеу әдiстерi, нәтижелер және талқылау.


Баяндамалардың (есеп берудің) төмендегідей түрлері бар:

  • ғылыми есептер-баяндамалар;

  • әскери есептер;

  • тексеріс бойынша есептер;

  • бағалау бойынша есептер;

  • несие бойынша есептер;

  • демографиялық есептер;

  • полицей есептері;

  • іс сапарлар есебі;

  • тергеу жұмысына қатысты есептер;

  • бюджеттiк есептер;

  • аудиторлық есептер;

  • жылдық есеп, т.б..

Ғылыми баяндамалар мазмұнының берілу әдісіне қарай ауызша, қысқаша жазбаша және толық түрдегі жазбаша болып үш түрге жіктеледі.

Ауызша баяндама. Баяндаманың бұл түрі әдеттегiдей, жазбаша баяндаманың негiзiн салушы болып табылады және оны өңдеуге көмектеседi немесе керiсiнше, iстелген жұмыстың қорытындысы ретінде есептеліп, нәтижелердi түсіндірудің тиiмдi құралы болып табылады. Ауызша баяндаманы талдап талқылауға берілген уақыттың үштен бір бөлігі ғана осы ауызша баяндаманы хабарлауға кетеді. Ал қалған уақыт баяндаманы талқылауға беріледі.

Баяндаманың мұндай түрі барынша ақпаратты, түсінуге жеңіл әрі тыңдаушының есінде тез сақталатындай болуы керек.

Жазбаша (қысқа) баяндама. Көлемі бойынша бұл баяндаманың түрi 20 беттен аспайды. Әдеттегiдей, қысқаша жазбаша баяндама зерттеу барысында өте маңызды мәлiметтi қорытып жеткізетін құжат болып табылады. Баяндаманың бұл түрінің құрылымы әдетте мынадай: кiрiспесі, мақсаты, әдiстемесі, нәтижелері, ұсыныстар.

Жазбаша (толық) баяндама. Баяндаманың бұл түрі қысқа баяндамадан баяндама мазмұнындағы зерттеу қорытындыларына негізделген мәліметтің көптігімен ерекшеленеді. Мұндай толық баяндаманың жалпы көлемі 60 бетке дейін жетуі мүмкін. Баяндаманың бұл түрін әдістемелік жағынан барынша дұрыс құрылған және оқуға жеңіл етіп жазуға тырысу керек.

Баяндаманың о р т а қ б е л г і л е р і

Баяндаманың үш түрі де белгілі бір мәліметті жетізуге байланысты дайындалады.

- баяндаманың үш түрінің де құрылымы бірдей болады.

- келтірілген фактілер нақты, дәлелді болу керек. т.б.

Студенттер тарапынан дайындалатын баяндамалар

Баяндама тақырыбы ретінде сол оқу курсының дәрiстерінде айтылмаған, талданбаған материалдар, мәселелер жеке студентке семинар сабақтарында қорғайтын өздік жұмыс ретінде беріледі. Мұндай семинар сабақтарында даярланған баяндамалар дәріс материалдарын толықтыруға және оқытушының студенттің өздік жұмысты, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Студенттен өзіндік интеллектуалдық еңбекті талап ететін баяндамаларды әзірлеу төмендегідей қадамдардан (этап) тұрады:

  • таңдалған тақырып бойынша оқытушы тарапынан берілген әдебиеттермен танысып, оқып шығу;

  • сол тақырып төңірегінде айтылған әр түрлі ғылыми пікірлерді жинап, салыстыру, зерттеу;

  • тақырып төңірегіндегі ойын жинақтап, толық жоспар формасында логикалық құрылымын құрастыру;

  • баяндама мәтінін жазуда ғылыми стиль талаптарын ескеру.

Кез келген ғылыми жұмыстардың құрылымы сияқты баяндама құрылымы да дәстүрлі үш бөлікиен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлім.

Кіріспе бөлімде баяндама тақырыбы, басқа мәселелермен байланысы, бұл тақырыптың қарастырылуы, негізгі дереккөздер беріледі.

Негізгі бөлімі логикалық жағынан нақты құрылуы керек. Мәліметтер өзара байланысты, дәлелді әрі нақты болу керек. Негізгі мәтінде айтылған ой қайталана бермеуі тиіс.

Қорытынды бөлімде тақырып төңірегінде тұжырымдар жасалып, негізгі мәселелер нақтыланады.


1-тапсырма. Жоғарыдағы мәтінді пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Сұрақтар:

  1. Баяндама дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?

  2. Баяндаманың құрылымдық жүйесі қандай?

  3. Баяндама қандай мақсатта дайындалады?

  4. Баяндама жазуда қандай стиль қолданылады, ол стильдің ерекшелігі не?

  5. Баяндаманың басқа да ғылыми-зерттеу жұмыстарынан өзіндік ерекшелігі неде?


  1. тапсырма. Кестені толтырыңыз.

  1. 1–кестедегі мәліметтерді оқып шығып, баяндаманың түрлерін, өзіндік ерекшелігін есте сақтаңыз.

  2. Ғылыми баяндама түрлеріне қатысты мәліметтерді еске түсіре отырып, 2-кестені толтырыңыз.


1-кесте

Баяндама түрлері

Ауызша баяндама

Жазбаша (қысқа)

баяндама

Жазбаша (толық)

баяндама

Ө з і н д і к е р е к ш е л і к т е р і




О р т а қ б е л г і л е р і



Бақылау сұрақтары:


1. Ғылыми стильдің қолданыс аймағы, түрлері.

2. Ғылыми стильдің фонетикалық ерекшеліктері.

3. Ғылыми стильдің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері.

4. Ғылыми стильдің морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктері.


Әдебиеттер:


  1. Б.Шалабай Қазақ тілінің стилистикасы. - Алматы, 2006.

  2. Ф.Мұсабаева Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. - А,1976.

  3. Әбікенова Г.Т. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Семей, 2006.


10-дәріс.

Тақырыбы: БАҚ және тіл мәдениеті мен стилистикасы

Жоспары:

  1. Үздік мақала жазудың талаптары.

  2. БАҚ терминологиясы.

  3. Мақала мәтінінің стилі.

Дәрістің мақсаты: Стилистикалық принциптері мен жазу мәдениетінің талаптарын ұстана отырып, сауатты мақала жазып үйрену. Мақала мәтінін талдап машықтану.

Дәріс мәтіні: Көркем әдебиетте бір затқа тән қасиетті басқа затқа телу арқылы сөз кестелерін көркемдеуге болады. Ондайда әдеттегіден өзгеше ойнақы тіркестер жасалады. Мысалы, Асау Терек долданып, буырқанып... дегенде ұлы Абай асау өзен Терек (өзеннің аты) сөзімен тіркестерін айту ол өзеннің көркем бейнесін көз алдына елестете қояды. Сондай-ақ асау әдетте, асау ат, асау тай, асау бел сияқты сөз тіркестерінде кездесетін болса, көркем әдебиетте асау жел (Иса), асау қиял ( Жамбыл), асау жүрек ( Абай), тәтті қылықтарын, есалаң тілек (М.Жұмабаев) тәрізді тіркестерде де кездеседі. Мұндайды метафоралық тіркес дейміз. Метафоралық тіркесті де таңдап талғап пайдаланбаса айтылатын ой бейнелі шықпай керісінше құлаққа түрпідей тиуі мүмкін. Мысалы, буаз ешкі деуге болса, буаз бұлт деу қисынға келмейді.

Әңгіме барысында сөйлеушінің, тіпті жазушы-журналистердің сөйлем құрауында әттеген-айлар кездесіп қалады. «Оңтүстік Қазақстан» (1.04.1981) газетінен байқалған тілдегі түйткілдерден мысалдар келтірейік:

1. Сүтті ұлғайтудың үш жолы бар. 2. Малшылардың үстерінде стандартты үй, алдарында жиюлы шөп. 3. Жыл бойына ешқандай шара өткізілмепті. 4. Осы өңірдегі астықшылардың алды.

Осы сөйлемдердегі әдеби тілдің нормасына мүлдем сай келмейтін сөздер бар. Мәселен, сұйық зат ұлғаймайды, көбейеді, молаяды. Олай болса, «сүтті ұлғайту» деп қолдану жауапсыздықтан туған деп білу керек.

Әдетте, қазақ алдындағы малы, басындағы үйі, деп қолданады, «үстінде стандартты үй» деп қолдану олқылық, үстінде үй емес, киім болуы тиіс. «Жиюлы шөп» емес, тіл білетін қазақ үюлі шөп деп атса керек, «шара өткізу» деп әдеби тілде айтылмады, тек «шара қолдану» деп жұмсалады. Қазақ тілінде күні бүгінге дейін «астықшы» деген сөз барын жұрт біле бермейді. Оның «диқан» деген дап-дайын баламасы бар екенін автор білсе керек.

Кейбір газеттерде (Оңтүстік Қазақстан) көптік жалғауын жөн-жосықсыз қолданушылық бар. Мысалы, өзендер суы молая түсті, көздерімізбен жер сүзіп отырмыз, ол кірпіктерін айқастырды, осау қиял алыстарға самғады, мазасыз маусымдар басталды, бетіндегі әжімдерге қарады, жыртықтарын жамай алмай жүр т.б. Міне осылардың барлығы да ана тілінің қалыптасқан құрылымына нұқсан келтіріп, тіл бұзарлыққа жол беру болып табылады. Сөйлеуші немесе жазушы сөздері бір-бірімен тіркестіргенде олардың арасындағы мағыналық жақындықтарына, қолдану ерекшеліктеріне, граматикалық сипатының сәйкестігіне сүйенеміз. Қазіргі тіл тәжірибесінде солғын тіркестер өте көп. Олардың дені орыс тіліндегі сөздерге балама жасаудан, тікелей аударудан пайда болғандар. Мысалы: алтын кітап, дөңгелек стол, ауалық клуб т.б. Ал көргенді шығарма, тиянақты табыс, үрдіс келбат, толғай табыстар сияқты тіркестер тіліміздің көркін келтіріп тұрмағаны белгілі. Бұл сөздерді еріксіз тіркестіргенмен, олардың арасында жатықтық, мағыналық үйлесімдігі жоқ. Мұндай қолданыс синтаксистік нормадан ауытқу болып табылады.

Сөздің де, сөз тіркестің де басын біріктіріп, ойды тиянақты етіп тұратын тұлға – сөйлем. Сөздерді өзара тіркестіріп мүшелік қатынастаайту арқылы сөйлем құралады. Әр сөйлемнің айтылу интонациясы болады, әр сөйлемнің кісінің тиянақты ойын хабарлайды. Сондықтан сөйлемді – адамның ойын білдірудің басты амалы деп танылады.

Қазақ тілінің синтаксистік мүмкіншіліктерін дұрыс пайдаланып, әр түрлі ойға сәйкес етіп алуан түрлі сөйлемдер құрай білу тіл шеберлігін қажет етеді. Адамның басқаға хабарлайтын пікіріміз жеке сөздермен шектелмей, ұласа айтылған көптеген сөйлемдер қатарымен тиянақталып тұрады. Сондықтан мінсіз түзілген сөйлемдер арасы өзара дұрыс болуы тиіс. Мысалы: басқаларынан оқшау қала бастаған жаралы киік оқ тигеніне қарамастан, шоқақтап келеді. Құс сияқты қанаты болмаса да, жас киік әлі ширақ көрінеді. Бірақ киік пен шапқан аттар арасында қашықтық бірте-бірте қысқара түсті (С.Бақбергенов).

Міне, осындай өзара ішкі логикалық, әрі синтаксистік байланыстағы сөйлемдерден кісі ой дәлдігін, сөз арқылы салынған сурет болса, оның эстетикалық әсерін бірден түсініп, тез сезеді. Ал өзара байланыстары айқын емес сөйлемдер білдірейін деген ой-пікірдің түсінігін ауырлатады, не мүлде түсініксіз етеді. Сөйлемдер әрі мағыналық, әрі синтаксистік байланысқа түспесе, ол ой жұтаңдығын да аңғартады. Мысалы, «Құтты қадам» әңгімеден үзінді. «Шұбатыла шөккен Қаратаудың керуен жолдарын да буылдыр белестің боз мұнар пердесі шымқап, қалың көрпесін қымтана түскен төрткүл төңіректің ұлан ұшынан сұлбалана сағым сызғандай. Қара жонданған күре жол үрдінге жасырынып, күртік қара қос жолаң қалдырған соны сүрлеу бізді де жаяу борасып жүгірген айқара атыраптың тура төріне бастап бара жатты». Ешнәрсе түсінуге болмайды.

Түсініксіз бұлдыр ойлар, бейтаныс жергілікті сөздермен қазақтың қара шаңырағы болған есіл Қаратауды қор қылған. Әрі қарай оқиық: «Еңсесін етектеген ен жайлау төрінде жамырасқан ұсақ шоқылар үстінен төнген бұл заңғар төбе кәдімгі көп таулардан болекше». Ен жайлаудың есігі мен төрі болушы ма еді? «Жамырасқан ұсақ шоқылардың үстінен төнген», «заңғар төбе» болушы ма еді? Әдетте төбе болған соң, ол заңғар болмаса керек еді, сонымен бірге, төбе шоқыдан аласа болатын еді, бұл қалай? – деген ойға түстік.

«Жазба сөз бір өңкей әскер легі де емес, қой-сиыр аралас шұбалған көш те емес, жайнап тұрған бақша да емес, өмірге түгел ортақ ой-сезімді дәлірек те толығырақ бере алатын тіл байлығы. Бұл байлықты қалай болса солай пайдалану болашақ үшін қиянат» - дейді Ғ.Мүсірепов. Бұл өте орынды пікір. Сондықтан тілді әдеби тіл нормасын сактап пайдалану қоғамның әр азаматынан талап етіледі.


Бақылау сұрақтары:


  1. БАҚ терминологиясы дегеніміз не?

  2. Қазіргі таңда жазу мәдениетінің қандай талаптары дұрыс орындалмай жүр деп ойлайсыз? Мысалмен дәйектеңіз.


Әдебиеттер:


  1. Болғанбаев Ә. Тіл және шеберлік. Жинақ: Өнер алды – қызыл тіл. А.,1986, 153-170.

  2. Нұрханов С. Тіркес және оның түрлері. «Қазақстан мектебі» № 12, 1965ж.

  3. Нұрханов С. Тіл арқылы қатынас және тың тіркестер. Жинақ: Сөз өнері. А., 1978, 104-116-беттер.

  4. Әшіров р. Газет тілінде ұшырасатын кейбір сөз тіркестері жөнінде. Жинақ: Тіл мәдениеті және баспасөз. А., 1972, 114-124-беттер.

  5. Исаев С.М. Қазақтың баспасөз тілінің дамуы. А., 1983, 160-164-беттер.

  6. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті А, 2004.



11-дәріс.

Тақырыбы: Қазіргі қазақ тілдік тұлғаларының сөз саптау мәдениеті.

Жоспары:

  1. Тіл мәдениетінің негізгі сапалары.

  2. Сөздің дәлдігі.

  3. Сөздің логикалығы.

  4. Сөздің тазалығы.

  5. Сөздің мәнерлілігі.

  6. Сөздің байлығы.

  7. Сөздің қисындылығы.

Дәрістің мақсаты: Тіл мәдениетінің негізгі сапаларының қолданылуын меңгеріп, оларды практика жүзінде іске асыру дағдысын игеру.

Дәріс мәтіні: Тіл мәдениетінің басты мәселесі – тілдік құралдардың көмегімен қарым-қатынас жасау барысында адамға ықпал ету. Әрине, мұндайда тілдің эстетикалық, әдемілік жағынан әсер етуі басты назарға алынады. Тіл мәдениетінің ерекшелігін айқындайтын негізгі белгілер мен сапалар болады. Олардың бастылары мыналар: дұрыстық, дәлдік, логикалық, тазалық, мәнерлілік, сөздің байлығы және қисындылық. Орыс тіліндегі материал бойынша болсын, қазақ тілінің материалында болсын, тіл мәдениетінің сапалары туралы сөз болып та жүр.

Сөздің дәлдігі. Сөздің дәлдігі немесе айқындығы дегеніміз – сөздің реальды шындықтағы заттар мен құбылыстардың атауларына барынша дәлме-дәл келуі. Сөздің дәлдігі, бір қарағанда, сөздің дұрыстығына ұқсас көрінеді. Дегенмен, олардың арасындағы айырмашылықты білудің елеулі мәні бар. Айталық, бір адам екіншісінің қал-жағдайын сұрағанда, «жаман емес» деген жауап алуы әбден мүмкін. Бұл жауап – сөз дұрыстығы тұрғысынан талапқа сай келеді, өйткені олар - әдеби тіл нормасына сәйкес айтылып тұр және дағдыда оны айтуға үйреніп қалғанбыз. Демек, жауап берушінің халінің жағымды екеніне көзіміз жетеді. Ал, сөздің нақтылығы талабынан келетін болсақ, бұл жауап қанағаттанджырмайды, өйткені сол «жаман емес»-тің мағынасы көп: оған «орташа», «жақсы», тіпті «өте жақсы» деген ұғымдар да сияды. Объективті баға беру ыңғайында әлгі «жаман емес»-тің не орташа, не жақсы, не өте жақсы екендіктерінің біреуін дәлелдесек, сөйлеу мәдениетіндегі дәлдікті, айқындықты падаланғанымыз болып шығады.

Сол сияқты, терезе алдында ағаш өсіп тұр дегенде де, сөйлеудегі дұрыстыққа нұқсан келтіріп отырғанымыз жоқ, ал дәлдік жағынан келген де (терек пе, қайың ба, емен бе) жетімсіз жағдай байқалады.

Әлбетте, тұрмыста, көпшілік алдында сөйлеуде, ресми құжатта орын алатын сөз қолданудағы дәлдік пен көркем әдебиеттегі дәлдікті қатар қоюға бола бермейді. Әрине, бұл ретте де сөз шеберлері жалпы халық тілінде бар сөздерді орнымен жұмсайды. Дегенмен, көркем шығарманың эстетикалық қуатын, бейнеліліктің дағдылы дәлдіктен біршама өзгешелігі барын ескермеске болмайды. Мәселен, Абайдың «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат. Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат» деген өлең жолдарын сауатты қазақтардың бәрі біледі деуге болар. Осындағы сыр мен сымбат сөздерінің дәл орнында пайдаланылып тұрғанына ешкім күмәнданбайды. Демек, сөзді нақтылы қолдану дегеніміз, сайып келгенде, синонимдік қатардың ішіндегі автор ойын дәл бере алатын сөзді таңдау болып табылады. Сонда ұлы ақынның айтқалы отырғаны адамның ішкі дүниесі мен сыртқы бітімі жайында екенін ескерсек, сырға да, сымбатқа да синоним болатын сөздер жеткілікті. Ал, ол сөздерді данышпан ойшыл білмеді деуге ешкімнің аузы бармайды.

Сөздің айқындығы көп реттерде жаңа сөз жасау айналасында байқалып отырады. Әрине, жаңалықтың қай-қайсысы сияқты сөздердің жаңа түрлері де бірден көпшіліктің бірауызды қолдауын туғыза қоймауы әбден мүмкін. Қазіргі тілімізге сіңісті болып кеткен аялдама, көрермен, балмұздақ сөздерін де кезінде күмәндана, тосырқай қабылдағандар болған.

Сөздің дәлдігі кей реттерде халықтың, ұлттың қалыптасқан дағдысынан да шығып жатады. Тек атаулар мен қимыл-әрекетке байланысты ғана емес, сын, белгіні білдіруде де нақтылықтың мысалдарын қазақ сөздерінен табуға болады. Мәселен, қызыл сиыр деген ұғым бар, бірақ осы түстес биені жирен бие дейді; сол сияқты, қоңыр сиыр дегенге ешкім таңданбас еді, ал осы жылқыға қатысты болғанда торы сөзі айтылады, екеуі де ақ түстес болса, сиырға (қойға, түйеге т.б.) қатысты сол сын есім сақталады да, жылқыға келгенде, мәселен, көк бие дейді. Сөз мағынасындағы осындай айқындықты, нақтылықты сақтаудың маңызы, әсіресе, ғылыми-зерттеу жұмыстарында, көпшілік алдында сөйлегенде зор маңызға ие болады, тыңдармандардың назарын аударуда барынша арта түседі.

Сөздің логикалығы. Логикалылық деп ойдың қайшылыққа ұрынбауын айтамыз. Бұл сапа ойлауға қатысты бола отырып, тілдік категориялармен тығыз байланысты болып келеді. Сөз арқылы қарым-қатынас жасағанда, фармальдық логика заңдарының сақталуы талап етіледі. Ал, мұндай қателер көп реттерде ауызекі сөйлеу тілінде кездеседі. Жазба тілде де логикалық қателердің ұшырасып отыратыны бар. Ол қателіктердің орын алуының бір себебі логикалық екпінді қай сөзге немесе қай сөз тіркесіне түсіп тұрғанына тиісінше мән бермееушіліктен болып жатады. Айталық, бір таныс екінші біреуден Қаладан келдіңіз бе? Деп сұрағанда, келдім деген жауап алса, ол жауапқа қанағаттанбауы мүмкін, өйткені сұраушы адам жауап берушінің келгенін біліп, көріп сұрап тұр; оған керегі - алдындағы адамның келгені, демек, қимыл-әрекеті емес, қайдан келгенін жауап берушінің түсінуі қажет еді . Сол тәрізді Сен менің кітабымды алдың ба? дегенде де, ой екпінінің қай сөзге түскенін білген жөн. Айталық, бір жағдайда әңгімеге орай басқа нәрсені емес, кітапты алған не алмағанын білу керек болар, екінші жағдайда орнында жоқ кітапты әңгімелесушінің не басқа біреудің алғанына не алмағанына екпін түсері рас.

Сөздің логикалылығының сақталмауына көптеген себептер болады. Былайша айтқанда, жекелеген сөзге немесе сөз тіркесіне логикалық екпінің түсіре айтылуы - сол себептердің бірі ғана. Логикалылықтың сақталмауы көп жағдайда синтаксистік құрылымға да баланысты болып келеді. Сөйлем ішінде есімдіктердің орнымен қолданылмауы ойдың түсініксіздігін туғызады: Көп адам соңғы жылдары кітап дүкендерінен қажетті кітаптарын таба алмай жүреді. Олардың қажеттігін сауда орындары тиісті есепке ала бермейтін сияқты (газеттен). Бір қарағанда, түсінуге қиындық келтірері рас: кітап дүкендерінің қажеттігін бе, әлде кітаптардың қажеттігін бе – қасысын есепке алу керектігін күңгірттеу сезіледі.

Сөздің тазалығы. Сөздің тазалығы дегеніміз – сөйлеушінің немесе жазушының әдеби тіл нормасын сақтаумен бірге, ана тілінің мүмкіндігін пайдалана білу.

Тіл тазалығының да тілдің дұрыстығына ұқсас жерлері кездеседі. Тіл мәдениетінің ең басты коммуникативтік сапаларының бірі болғандықтан, сөздің тазалығына ерекше мән беріледі. Дәлірек айтқанда, сөзді қолданғанда, баламасы бар сөздердің әдеби тілге қатысты бірден-бір ұғынықты ана тілінің тазалығын танытатын сөзді таңдай білу керек. Былайша айтқанда, тілді шұбарлауға бармаған жөн. Ал, тілдің тазалығын бұзатын, оған нұқсан келтіретін факторлар аз емес. Оларға, мәселен, ана тіліндегі баламасы бола тұра, басқа тілдерден енген сөздерді қалай болса солай жұмсау (варваризмдер), жергілікті мәні бар сөздерді (диалектизмдер) талғамсыз қолдану, мамандыққа байланысты шағын ортада кездесетін сөздер (профессионализмдер), сондай-ақ құрбы-құрдастардың, әзіл-қалжыңы аралас адамдардың арасында сөзге кірістірілетін тілдік құралдар (жаргонизмдер) сияқты жайлар жатады. Тіл тазалығына кедергі келтіретін ілгеріде айтылған жайлардың бірі – варваризмдер. Қазақ тілінің қазіргі қолданылуы жағдайында басқа шет ел тілдерінен тілімізді шұбарлап жатқан құбылысты байқау қиын. Айталық, өткен ғасырларда орыс тілін француз тілі шұбарлағаны белгілі. Біздегі кемшіліктердің біріне кейбір қазақ қыздары мен жігіттерінің орыс сөздерін оңды-солды жұмсай беретіндігін жатқызуға болар еді. Бұдан, қазіргі, әсіресе, соңғы жылдары мерзімді немесе кәсіби баспасөздерде жиі атылып жүргеніндей, орыс тілін жат тіл немесе зиянды тіл деп атауға негіз жоқ.

Тіліміздің байлығының көрінісі бола тұра, диалектизмдердің қолданылуында белгілі заңдылықтың сақталғаны дұрыс. Атап айтқанда, жергілікті ерекшелігі бар сөздерді бірден әдеби тіл ретінде қолданудың біршама қиындығы бар, себебі тыңдарманға немесе оқырманға бірден түсінікті бола бермейді. Тіпті әңгіме диалектизмнің түсінікті немесе түсініксіздігінде ғана емес, дағдыдағы қолданыста болмаған соң, тіл шұбарлаушылық көзге ұрып тұрады. Кейбір жағдайда күлкі туғызуы әбден мүмкін.

Тіл мәдениетіне біршама нұқсан келтіретін тағы бір жай ілгеріде айтылғандай, жаргонизмдер. Бұлар жолдас-жораның, қатар-құрбының арасында немесе үлкен-кіші болса да, әзілдері жарасқан адамдардың бір-бірімен тіл қатысқанда айтатын қалжың-оспақ сөздері болып табылады. Бір-бірін түсінетін мұндай адамдар ондай сырт көзге байқалатын оспадар, дөрекі сөздерге мән бере қоймауы мүмкін, бірақ ондай сөздерді қалың қауымға, көпшілік ортасына арнап айтудың қисыны жоқ. Демек, жаргонизмдер шағын ортада пайдаланылады, сондықтан да оларды көпшілік орындарда қолданудың әдепсіздігі өзінен-өзі белгілі болып отырады.

Сөздің мәнерлілігі. Мәнерлілік сөздің эмоциональдық және экспрессивтік қасиеттеріне, екінші сөзбен айтқанда, сөздің стилистикалық бояуына тікелей байланысты. Сөздің мәнерлілігі дегеніміз – сөйлеушінің немесе жазушының тыңдарманын немесе оқырманын қызықтыра білуі, сөзін ұғындыра алу қабілеті. Мұндай жағымды қасиет көпшілік алдында лекция оқитын оқытушылардың, баяндамашылардың, жазушының, қоғам қайраткерлерінің сөздерінде, баспасөз беттеріндегі материалдарда міндетті түрде болуы керек. Сөздің мәнерлілік қасиетін бойына сіңіре білген адам шешендік өнердің өкілі деп саналуға лайық. Таптаурын болған, баршаға талайдан таныс сөз оралымдарын орынсыз қайталап, мезі етпей, сөйлеуші немесе жазушы әр сөздің жаңа қырын, соны тіркесті таба білсе, мақсатына жетері анық. Классиктер мен көрнекті жазушылардың шығармаларын оқығанда эстетикалық ләззат алуымыздың бір себебі сөз мәнерлілігін авторлардың қисынды пайдалануында жатыр.

Сөздің байлығы. Сөздің байлығы дегеніміз - әркімнің өз ана тілінің бар мүмкіндіктерін еркін пайдалана білуі. Сөздің байлығы туралы сөз болғанда екі жайды ескеру қажет болады: біріншіден, қай-қайсысымыздың да ана тіліміздің байлығын игеріп, пайдалана білуіміздің маңыздылығы; екіншіден, сол байлықты игере отырып, өз тарапыңнан ана тілінің баюына үлес қосудың қажеттігі туралы мәселе. Біріншісі – қиын да болса, сол тілді білетін, ана тілім деп есептейтін барша азаматтың борышы мен парызы. Ал, екіншісін екінің бірінен талап ету мүмкін емес, өйткені ол – дарындар мен таланттардың ғана қолынан келетін іс.

Сөздің қисындылығы. Сөздің қисындылығы деп жеке сөздің, сөз тіркесінің грамматикалық тұлғалардың өз орнында қолданылуын айтады. Сөздің қисындылығын функциональдық стильдерден бөлек қарауға болмайды. Әсіресе, функциональдық стильдерде сөздердің қалай жұмсалу керектігі білініп тұрады. Мәселен, ауызекі сөйлеуде ресми стильдегі сияқты стандарт тілімен қарым-қатынас жасау күлкі туғызар еді. Сатиралық немесе юморлық мақсатта олай етудің де керектігі болар, бірақ тура мағынасындағы сөздің пайдалану табиғатына қарағанда, әр стильдің өзіне лайық синтаксистік құрылымның болғаны жөн. Сондай-ақ, іс қағаздарын толтыру кезінде көркем әдебиет тіліндегіде сөздің стилистикалық бояу қолданудың еш қисыны болмайды. Сөздің қисындылығы көп жағдайда әңгіме мазмұнының кімге, қандай аудиторияға арналғанына да тікелей байланысты болып келеді. Айталық, бір лекцияның студенттерге арналған ғылыми пән бойынша оқылуы мүмкін. Мұндағы қолданатын сөздерді, әлбетте, балабақша тәрбиеленушілерге лайықсыз екені өзінен-өзі түсінікті. Енді бір баяндама ғылыми жұмыстың жылдық есебі туралы болса, оны жұмысшылар арасында жасау да ақылға қонымсыз болар еді.


Бақылау сұрақтары:


  1. «Жақсы сөз - жарым ырыс» тақырыбына шағын шығарма.

  2. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, саясаткерлердің, тілші ғалымдардың сөйлеу мәдениетінің өзіндік ерекшеліктері бар ма?

  3. Қазақ қоғамында сөз сапаларын сақтап сөйлейтін қандай тілдік тұлғаларды білесіз?


Әдебиеттер:


1. Балақаев М. Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. А., 2004. 114-137-беттер.

2. Головин Б.Н. Основы культуры речи. М., Высшая школа. 1980. – С.40-254.

3. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. А., Мектеп. – 1984. 10-102-беттер.


12-дәріс.

Тақырыбы: БАҚ-тағы тілдік сәтсіздіктер себептері.

Жоспары:

  1. Стилистикалық қате, оның түрлері.

  2. Радио, теледидарда сөз алған тұлғалардың тіліндегі сәтсіздіктерге тілдік, стильдік талдау жасау.

Дәрістің мақсаты: Стильдік қателіктерді ажырату, оларды топтастыру. Қателіктерді болдырмаудың жолдарын қарастыру.

Дәріс мәтіні: Бір-бірімен қарым-қатынас барысында адамдардың тілінде көптеген қателерді кездестіруге болады. Тілдерінде икемсіз, орашолақ құрылған сөйлемдер, бір –бірімен байланыспайтын ұғымдар кездеседі.Белгілі бір ұғымды аша алмайтын сөздер пайдаланады. Сондықтан айтылмақшы пікір түсініксіз шығады.Бұл олардың орфоэпиялық, орфографиялық, граматикалық нормаларыды білу қатар стилистикалық талаптарды сақтамайтындығын аңғартады.

Адамдардың ауызша және жазбаша тілдеріндегі стильдік қателерді анықтауда, топтастыру мен жіктеуде қазақ тілінің маман ғылымдары мен әдіскерлері әр түрлі пікірлер айтқан.

Балақаев М. жазбаша және ауызекі сөйлеу мәдениеті жайында күрделі проблемаға байланысты стильдік қателіктерді, атап атқанда, тіл мәдениетіне нұқсан келтіретін орфографияға, орфоэпияға байланысты стильдік қателердің «сөздерді орынсыз қолдану, дұрыс тіркестермеу, сөйлемдерді мінсіз құрастыра алмау сяқты және сөздегі ала- құлалық, жергілікті жерлер де ғана қолданылатын (диалект, говор) сөздерді жиі қолданудан болады»,- деген сияқты түрлерін атап өтеді. / Балақаев М. Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері. А., 1965,96-108-беттер/

Көптеген тіл мамандары мен ғалымдардың ой –пікірлерін қорытындылай келіп стильдік қателердің мына сияқты түрлері кездесетіндігі байқалады.

1. Фонетикалық қате. Мұндай қателер адамдардың ауызекі сөйлеу барысында көптеп ұшырасады.

а) Сөздегі кейбір дыбысты алмастырып қолдану. Мысалы, бітірді-пітірді, жүз- дүз, ұқсап-құсап т.б.

ә) Сөздегі кейбір дыбыстарды түсіріп қолдану. Мысалы, алыпты- апты, қалыпты-қапты, атағанбыз-атағамыз, көргенбіз- көргеміз т.б.

б) Кейбір екі сөзден тұратын тіркестердегі бірінші сөздің соңындағы дыбыстарды түсіріп, қысқартып, екі сөзді біріктіріп қолдану. Мысалы, барған соң - барғасын, келген соң – келгесін, алып барды - апарды, алып келді - әкелді т.б.

в)Кейбір сөздерге артық дыбыстар қосып қолдану. Мысалы, тағы - тағын, барасыз - барасыңыз т.б.

2. Лексикалық қате. Адамдардың тілінде ең көп кездесетін қателердің бірі-лексикалық қате. Оның мына сияқты түрлері кездеседі.

а) Бір сөзді қайталап қолдана беру. Мысалы, Динара ерте тұрды. Динара дене қимылдарын жасап, беті- қолын жуды. Динара тамақтанып, мектепке кетті.

Мұндай қателерді адам мына себептерден жіберетіндігі байқалады.біріншіден, оның ой-өрісі тар, екіншіден, сөздік қоры тапшы, сол қолданылатын сөздердің синонимімен немесе басқа сөздермен ауыстырып қолдануға дағдыланбаған.

ә) Сөздің беретін мағынасын түсінбегендіктен орынды қолданбайды.Мысалы,МахамбеттіңИсатай мақты жолдасы болды. Бұл сөйлемдегі «мықты» деген сөзді ауыс мағынада қолданғысы келгенмен, бұл сөйлемде ойды тиімді де көркем беруді септігін тигізіп тұрған жоқ..

б) Фразалық тіркестердің мәнін білмей қолдану. Мысалы, Аблайхан жас кезінде Төле бидің қол баласы болды.

Бұл сөйлемде жазушы «қол бала» деген фразалық тіркестің «жәрдемші» мағынасын ескермей, оны «жалшы» деген мағынада қолданған.

в) Кейбір сөздерді қолдануда кісілер сол сөздің экспрессивті-эмоционалды мәні мен стильдік реңін білмейтіндігі байқалды. Мысалы, Біржан Сараны күшті ақын екендігінен жеңген жоқ.

Мұндай қателерді сөздердің ауыспалы мағынасы мен стильдік реңін жете түсінбегендіктен жібереді.

г) Кейде адамдар тілінде жергілікті диалект сөздер қолданады. Мысалы, Ер Төстік сосын жер астына түсіп кетті. Азанда ауқатын ішіп, мектепке кетті.

ғ) Ойға қатыссыз артық немесе даяр «штамп» сөздерді пайдалану. Мысалы: 1. Бала атасымен жолға шықты. 2. Содан соң бала сынған тағаны көрді. 3. Сөйтіп оны алмады.

Кейбір адамдар ауызекі сөздерін де ғана емес, жазба жұмыстарында да басқа тілден енген сөздерді қалай болса солай қолданатындығы байқалады. Әсіресе, орыс тілінен енген сөздердің аудармасы бола тұра, орынсыз, бей-берекет қолдана береді. Мысалы, дежурный болдым, остановкада тұр, светті жақ т.б.

3. Морфологиялық қате. Сөздерге қосымшаларды дұрыс жалғай білмеуден, олардың стильдік реңін дұрыс түсінбеуден жіберіледі.Адамдардың ауызекі сөздері мен жазба жұмыстарында оның мынадай түрлері кездеседі:

а) Адамдардың тілінде кейде өзінше «сөз жасау» практикасы кездесіп қалады. Мысалы, Мектеп құрылысына балташылар мен сылаушылар, ағаш ұсталары мен ісшілер келді. Бұл сияқты қателер адамның қосымшалардың сөз тудыру, жалғану аясын білмегендігінен болады.

ә) Кейбір септік жалғауларынан мағыналық реңдерін түсінбей ауыстырып қолдана береді. Мысалы: Абай жас кезінде молдаға оқыды.

б) Көптік жалғауларды кейбір көптік мәні бар сөздерге жалғау немесе көптік жалғаудың көптік мәнінен басқа рең беру ерекшеліктерін білмей қолданады. Мысалы: Егістіктерде малдар жайылып жүр. Биылғы көктемде жауындар көп болды.

в) Бір түрлі жалғауларды сөйлемде қат-қабат қолдану арқылы сөйлемнің көркемдігіне нұсқан келтіреді. Мысалы, Көктемде, күзде орманның ағаштарының түсі сарғаяды.

г) Сөз таптарының жұрнақтарын сөйлем мен сөйлемді байланыстыру мақсатында немесе негізгі сөздер мен көмекші сөздерді пайдалануда қатар қолданып, ойды түсінуді қиындатады. Мысалы, Төстік жоғалып кеткен ағаларын іздеп шығып, ағаларын тауып алып, еліне қайтпақшы болып, ертіп шықты. Мұнда етістіктің қосымша түрінің жұрнағын қайталау үсті-үстіне қолдану жай сөйлемдерді тиянақсыз айтайын деген ойын түсінуді қиындатады.

4. Синтаксистік қателер. Бұндай қателерге сөз бен сөздің баланысу тәсілдерінен, сөз тіркестерінен, сөйлем түзуінен жіберілген кемшіліктер жатады. Бұл қателердің мына түрлері кездеседі.

а) Сөйлемдегі сөздердің байланысу тәсілдерінен қате жібереді.Мысал:Алыстан ағаш басы қарауытып көрінеді.

ә) Сөйлемдені сөздердің орын тәртібінен қате жібереді, сөздердің әдеттегі орнын ауыстырып қолданудағы стильдік мәні ескермейді. Содан адамдар инверциядан қате жібереді. Мысалы: Ұзақ сапардан арып-ашып келді Ер Төстік.Бұл сөлемде бастауыш (Ер Төстік) өз орнында тұрған жоқ.

б) Құрмалас сөйлемдегі жай сөйлемдердің ара жігі ажыратылмай араластырып, бір-бірімен байланыстырмай, айтайын деген ойы шашыраңқы берулі кездеседі.Мысалы: Интернатқа Борштың апасы келіп, анасы оны көріп, сүйтіп, айқайлап жылап, құшақтады.

в) Сөйлемде екі бастауыш қатар қолдану кездеседі. Мысалы: Ғабит Мүсірепов ол «Қос шалқар» әңгімесін жазды.

5. Логикалық қате. Ойды көркемдеп әдеби тілдің нормасында жеткізуде әр сөз, сөз тіркесін және сөйлемді сұрыптап, оның құрылысына, сөйлем мүшелерінің орын тәртібіне, сөздің лексикалық мағынасына қарап әсерлі де нақты пайдалану тілімізде жеткіліксіз.

Кей адамдардың ауызекі сөздері мен жазбаша жұмыстарында атайын деген ойын шашыратып, сөйлемдеріндегі ой бір-бірімен байланыспай, тұжырымды пікір айту мен қорытынды жасауда кемшіліктерге жол береді. Бір ой аяқталмай-ақ екінші ойдыбастайды немесе араластырып қолдана бареді. . Логикалық қателерге негізінде мынадай қателер жатады.

а) Сөйлемдегі айтылатын ойдың иесі белгісіз болып қалады.Мысалы: Амангелді сарбаздарына мылтық пен қылыш таратып берді.

Бұл сөйлемдегі Амангелдінің сарбаздарына мылтық пен қылыш таратып берген өзі ме, әлде басқа ме екендігі белгісіз.

ә) Сөйлемдегі ой бір-бірімен байланысқа түспей түсініксіз берілуі. Мысалы: 1. Әкесі мен баласының қоштасар сәті келді. 2. Екеуі құшақтасып ұзақ уақыт тұрды. 3.Оның көзінен жас шықпады. Бұл сөйлемде кімнің шықпағаны белгісіз күйде қалған.

Қорыта айтқанда, адамдардың сөйлеуінде осындай қателер кездеседі. Әрбір мәдениетті адам қарым-қатынас үрдісінде осынау қателерге жол бермеуі тиіс.


Бақылау сұрақтары:


  1. Стилистикалық норма дегеніміз не?

  2. Стилистикалық және стилистикалық емес қателердің ауызша, жазба тілге әсері мен салдары.

  3. Стилистикалық қатемен жұмысты қалай жүргізген дұрыс?


Әдебиеттер:


1. Болғанбаев Ә. Тіл және шеберлік. Жинақ: Өнер алды – қызыл тіл. А.,1986, 153-170.

2. Нұрханов С. Тіркес және оның түрлері. «Қазақстан мектебі» № 12, 1965ж.

3. Нұрханов С. Тіл арқылы қатынас және тың тіркестер. Жинақ: Сөз өнері. А., 1978, 104-116-беттер.

4. Әшіров р. Газет тілінде ұшырасатын кейбір сөз тіркестері жөнінде. Жинақ: Тіл мәдениеті және баспасөз. А., 1972, 114-124-беттер.

5. Исаев С.М. Қазақтың баспасөз тілінің дамуы. А., 1983, 160-164-беттер.

6. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. А, 2004.


13-дәріс.

Тақырыбы: Қазіргі үлгі сөз

Жоспары:

  1. Сөйлейтін сөздің мазмұнын құру.

  2. Cөз тақырыбы мен мақсаты, сөз композициясының тәсілдері.

  3. Классикалық сөз үлгісі, сөзді аяқтау.

Дәрістің мақсаты: Кез келген жағдаятта топ алдында сөйленетін сөздің сапалық критерилерін анықтап, жүйелі мазмұнын құруды үйрету. Сөз композициясы тәсілдерімен таныстыру.

Дәріс мәтіні: Сөз мәдениеті тілдік нормаға негізделеді. Тілдік норма өз ішінде грамматикалық және лексикалық нормаға негізделеді. Лексикалық норма – сөздерді іріктеп, сұрыптап, талғаммен қолдану болса, грамматикалық норма сөз мәдениетінде біршама тұрақталып, қалыптасқан жүйеге қатысты. Сөйлеу мәдениетінде ойдың нақтылығы, сөздің анықтығы, тазалығы, көңіл-күйге әсер ететін шынайылығы (ол қарапайым сөзден немесе бейнелі образды сөздерден құралуына қарамастан), көркемдігі маңызды рөл атқарады. Жүйелеп келгенде, мұның барлығы экспрессивтілік табиғатындағы міндеттер мен талаптарды тоғыстырады. Сөз мәдениеті функционалды стиль түрлерін қамтиды.

Сөз мәдениеті топ алдында мәдениетті сөйлеудің негізгі мақсат-міндеттерін меңгерудің жолдарын, нақты талаптарын қарастырады. Қазіргі таңда қазақ тіл мәдениетінің үлкен бір саласы – сөз мәдениетін жоғары деңгейге көтерудің басты шарты тікелей қатысты зерттеліп келеді. Сөз мәдениетін ұлттық тұрғыдан зерделеу мәселелері мәдени ұлттық аспектінің негізгі бағыттарын басшылыққа алу мәдениетін ұлт мәдениетімен ұштастыра қарастыруда. Яғни, осы үрдіске орай, бізде өз зерттеу жұмыстарымызда сөз мәдениетін «әсерлі жеткізу» ұстанымдары негізінде яғни тілдегі экспрессивтілік мәселелерімен сабақтастырылып, экспрессиялық стилистика мәселелерімен тікелей ұштастырылады. Тіл мәдениетінің басты қатысымдық сапаларына сөздің «дұрыстығынан» өзге сөз дәлдігі, сөз байлығы, сөз тазалығы, сөз орындылығы, сөз әсерлілігі, сөз әдебі сияқты сапалар жатады.

 

Бақылау сұрақтары:


  1. Сөйленетін сөздің мазмұнын құруда қандай ережелерді ұстанған жөн?

  2. Классикалық сөз үлгісіне мысал келтіре аласыз ба?


Әдебиеттер:


1. Жапбаров А.Тіл дамыту. А,1959.

2. Жапбаров А., Мусина М. Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту. А, 1989.

3. Жарықбаев Қ. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту жайында. «Қазақстан мектебі», 1967, № 1

4. Ысқақ Б. Тіл дамытудың психолингвистикалық негіздері. А.,1996ж.

5. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті А, 2004.


14-дәріс.

Тақырыбы: Мұғалімнің жаңа сабақ түсіндіруі – монологтің бір түрі ретінде.

Жоспары: «Педагогикалық тілдік қарым-қатынас немесе педагогтің тіл мәдениеті дегеніміз не?» тақырыбында пікірталас өткізу.

Дәрістің мақсаты: Болашақ педагогтің тілдік тұлғасын қалыптастыру.

Дәріс мәтіні: Адам өзін қоршаған тылсым дүниені қаншалықты деңгей мен дәрежеге дейін тани алса, сол деңгей мен дәреже – адам танымының жемісі. Адам сонда, біріншіден, практикалық қызмет пен әрекеттің субъектісі болып табылады, екіншіден, адам – таным субъектісі де болып саналады. Танылған сыртқы дүние – соны тани алатын қызмет пен әдістерді адам бойынан тауып беретіндіктен, адам неғұрлым дүниені терең таныса, соғұрлым өзін-өзі танып жатқаны болып табылады. Бұл қағидалар сөз мәдениеті мен шешендік өнерді оқыту үдерісінде оқушыны оқу әрекетінің субъектісі деп тануды негіздейтін жаңа педагогикалық парадигмамен де тығыз сабақтасып жатқанына дәлел болады. Бұл бағытта біз «Оқушы-Оқушы» және «Оқушы – Мұғалім» арасындағы субъективтік қатынастар жүйесінде сөйлеу әдебінің, өзара сыйласымдылықтың мәні мен рөліне ерекше назар аударуға тиіспіз. Бұл білімді ізгілендіру, демократияландыру тенденцияларынан туындап, адам қалыптастырушылық мақсатты көздейтін жаңа білім жүйесімен өзара бірлікке құрылған оқытудың ерекшелігін танытады.

Білім – ұлттың ақыл-ойы мен ерік-жігерін қалыптастырушы тірек. Ендеше ол мемлекеттік саясаттың әр адамның сол мемлекет мүддесін дұрыс түсінуінің, оны сақтауға, орындауға деген шын сенімінің де негізі болуы тиіс. Білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыру – ұлттық дәстүрлерді сыртқы кері күштерден қорғаныс ретінде біліммен сабақтастыра пайдалану деген сөз. Сананың өзін-өзі қорғауы, ең алдымен, бүкіл халықтық, мемлекеттік, ұлттық мақсаттың тұтастығын түсіну арқылы мүмкін болады. Сонда ғана оның жас ұрпақ бойында қалыптасуы тиіс ақпараттық-психологиялық иммунитеттің де негізі болатыны сөзсіз.

Білім беру жүйесіндегі оқыту мәселелері мен ұлттық мүдденің жақындасуы ғана білімнің мемлекет дамуындағы стратегиялық рөлін күшейте түспек. Тәрбиелік қуаты берік білім халықтың болашақ даму бағытын өзі айқындауына жол ашады. Ал бұл ана тілінің оқытылу сапасы мен оның ұйымдастырылуының түпкі нәтижеге сәйкестік деңгейіне тікелей қатысты. Бұл тілге ұлттық ділдің бірден-бір тетігі, тірегі, тіні деп қарауды қажет етеді. Оның үстіне тіл – таным құралы, тіл арқылы адам дүниені танып біледі, барлық білімді сол арқылы игереді. Бұл орайда білім саласы әлемдік тенденцияларға сәйкес өз бағыттарын белгілеуі тиіс, бірақ олардың барлығы да ұлттың тарихи-мәдени топырағында дамуы керек. Сол себепті тілді оқыту әдістемесінде педагогикалық тұрғыда мынадай арнайы міндеттерді шешу қажеттігі анықталады:

  • Мәдени иммунитетті дамыту үшін тілді адам табиғатының бөлінбес саласы ретінде ұғындыру.

  • Толық мәніндегі тілдік білімнің мақсаты жалаң ережелерді, жекелеген тілдік дағдыларды меңгерту емес, тілдің өмірлік процесінің интенсивтілігін ұйымдастыру арқылы баланың ана тілінде сөйлеуге деген мүдделілігін ояту, баланың ішкі сөйлеу тілінің пайда болуына алғышарт жасау. Өйткені, «жас ұрпақ бойындағы рухтың өшуі – грамматикалық ережелер мен әдебиеттану анатомиясын» құрғақ оқытудың зардабы.

  • Тілдік білім жүйесін ана тілінің әр адам өмірінің табиғи нормасы екеніне негіздеу.

Осыған байланысты шұғыл түрде жүзеге асырылуы тиіс аса маңызды мәселе – оқу жүйесінде баланың өмірлік мүддесіне сай, соны қанағаттандыратындай мотивациялық технологияларды қалыптастырудың жаңа жүйесін анықтау жайы. Бұл әлемдік озық тәжірибеде дәлелденгендей, «пәндік-білімдік парадигманы тілге деген сүйіспеншілік парадигмасымен алмастыру арқылы шешіледі». Олай болса, «тілдің ұлттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде оқу-тәрбие процесінің түп қазығы болатындығына», «оқушының дара тұлға ретінде дамытылуының, яғни білім жүйесіндегі демократиялықтың, ізгілендірудің, гуманитарландырудың жүзеге асуының бірден-бір тетігі ретінде ана тілінің меңгерілуіне» ерекше мән беру қажеттігі күннен күнге дәлелденіп келеді. Өйткені жалпы білім беретін мектептің басты мақсаты – дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау болса, сол тұлғаның басты көрсеткіші – сөйлеу әрекетін еркін меңгеруі, өз ойын ашық айта алуы ғана емес, сонымен қатар, оның өзіндік сөйлеу стилінің қалыптасуы. Қазіргі ана тілі сабақтарында тілдік қатынас жасау мәселесіне басымдылық берілуі – тілдің адам болмысы мен бірлігіне сүйеніп жасалған жаңа қадам.

Ең басты парадигманың бірі – тіл білімі саласында сөз мәдениетінің түп қазығы тілдік тұлға болуға тиіс деген антропоцентристік жаңа парадигма да оқушыны дамыту оның сөйлеу мәдениетін дамыту деген ұғыммен барабарлығын танытады. Себебі сөз арқылы баланың ойлау қабілеті, тыңдау қабілеті, қатысымдық қабілеті жітілдіріле отырып, түпкі нәтижесінде оның дара тұлға ретінде қалыптасуына жол ашады. Біз жалпы орта білім жүйесінің негізгі орта деңгейінде ұсынып отырған әдеби тіл нормалары мен бағдарлы мектептерде ұсынатын сөз мәдениеті негіздері тұтастай сол оқушының танымдық қабілеттерін шыңдауға, қатысымдық қабілетін қалыптастыруға бағытталады.


Бақылау сұрақтары:


  1. Педагогикалық қарым-қатынас компонентеріне нелер жатады?

  2. Педагогтің коммуникативтік құзыреттілігі дегеніміз не? Оған қалай қол жеткізуге болады?

Әдебиеттер:


  1. Балақаев М. Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. А., 2004. 114-137-беттер.

  2. Головин Б.Н. Основы культуры речи. М., Высшая школа. 1980. – С.40-254.

  3. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. А., Мектеп. – 1984. 10-102-беттер.

  4. Манвелев С.Г. Конструирование современного урока. – М.: Просвещение, 2002.










































Семинар сабақтардың тақырыптары


Тақырыптар

Апта

Сағат саны

Ұсынылатын әдебиеттер

1

Қазақ тіл мәдениетінің теориялық негіздері. Стилистика, тіл мәдениеті, сөз мәдениеті, әдеби тіл теориясы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Тіл мәдениеті және стилистиканың ара қатынасы.



1-апта


1


[4]-4-12;

[6]-30-34;

[7]-3-8;

2

Тіл мәдениетінің негізгі сапалары.

Тілдік құралдарды пайдалана білу ережесі. Тіл мәдениеті және оның функциялары: ақпараттық-коммуникативтік функциясы, тәрбиелік-коммуникативтік функциясы және реттеуіштік функциясы




2-апта

1



[4]-14-22;

[6]-30-34;

[2]-180-186;



3

Сөз мәдениетінің коммуникативтік, когнитивтік аспектілері. Ауызекі сөйлеу стилінің шағын түрлері (подстиль): бейресми ауызекі сөйлеу шағын стилі; ресми ауызекі сөйлеу шағын стилі; әдеби ауызекі сөйлеу шағын стилі; тұрмыстық-ауызекі сөйлеу шағын стилі.

Қазақтың ұлттық сөз саптау дәстүріндегі этикалық ұғымдар




3-апта

1



[6]-34-39;

[4]-32-46;

[7]-20-23;

[3]-7-18;


4


Сөз мәдениеті және шешендік.

Сөздерді дұрыс айту және дұрыс жазу нормалары. Сөз әдебі. Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті





4-апта

1



[6]-39-43;

[4]-53-61;

[3]-19-24;

5



Сөйлеу мәдениеті және фонетикалық норма. Қазақ сөз мәдениеті туралы түсінік





5-апта

1


[6]-43-46;

[8]- 19-30;

[2]-176-179;

[4]-204-229;

[7]-64-68;


6

Сөз қолдану мәдениеті.

Жазу-сызуды демократияландыру. Халықтық тіл нормасы. Жазба тіл нормасы


6-апта

1

[14]; [3]-174-198;

[4]-132-142;

7

Ресми-іскерлік қатынас тілі. Ресми стильдегі стильдік норма. Ресми және іс қағаздар стилінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері. Ресми және іс қағаздар стилінің морфологиялық ерекшеліктері. Ресми және іс қағаздар стилінің синтаксистік белгілері.



7-апта



1


[4]-74-91; 107-132;

[2]-206-207;

[6]-58-60;

8

Функционалды стильдердің тілдік сипаттамасы. Сөздің функционалдық типтері. Функционалды стилистиканың өз ішіндегі стильдер бойынша жіктелуі (подстиль)


8-апта

1


[3]-132-141; 141-174;

[4]-70-73;


9

Шаршысөз мәдениеті. Іскери дискурс және тіл мәдениеті. Тілдік норма және жаңа қолданыстар. Пікірталас мәдениеті


9-апта


1

[8]-152-177;

[7]-79-125;


10

Мәтін стилистикасы. Функцианалды стильдердегі стилистикалық қатенің түрлері және олардың себептері. Мәтінге қолданылатын орны, мақсаты, тілдік тәсілдері, стильдік сипатына қарай мәтіннің стильдік ерекшеліктері


10-апта

1

[6]-76-77;

[7]-133-158;

11

Стиль - өнер ерекшелігі. Тіл мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, баспасөз тілінің мәдениеті, көркем әдебиеттің тілі қазақ тіл мәдениетін дамытудағы рөлі.


11-апта


1

[2]-216-224; 225-230; [6]-79-80;

[16];

12

Тілдің стилистикалық ресурстары. Тіл мәдениетінің лингвоэкологиялық аспектілері. Лингвоэкология ұғымы.


12-апта


1

[4]-142-151; [2]- 230-238;