Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Методический материал Терминологический словарь (4 класс)

Методический материал Терминологический словарь (4 класс)


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Терминологиялық сөздік

Табиғат

Карта –жер бетінің кішірейтіліп, жинақы түрде жазықтықта шартты белгілермен бейнеленуі.

Масштаб – жер көлемінің бірнеше есе кішірейтіліп берілуі.

Глобус – жер шарының кішірейтілген моделі.

Құрлықжер қабығының дүниежүзүзілік мұхит деңгейінен көтеріңкі ірі бөлігі.

Мұхит (Әлемдік мұхит) - гидросфераның негізгі бөлігі.

Бастапқы меридиан – (лат. меридиан – түскілік) – Жер шарындағы бойлық есебі басталатын меридиан.

Жердің білігі – Жер шарының кіндігі арқылы солтүстік және оңтүстік полюстерді қосып жататын жорамал түзу сызық.

Тау – жер беті жазықтықтарының ерекше биік, қатпарлы тұстары.

Таудың шыңы – таудың ең биік жері.

Тау жотасы – ұзыннан созылып жатқан, бір-біріне қарама-қарсы беткейлермен шектелген қырлы жер бедері.

Өзен – құрлық бетіндегі табиғи арнамен тұрақты немесе жыл маусымдарының көпшілік уақыттарында ағатын су ағыны.

Негізгі өзен – тікелей мұхиттарға,теңіздерге, көлдерге құятын немесе құмға, батпаққа сіңетін өзендер.

Өзен саласы – өзенге құйылатын кішігірім, ұсақ өзендер, яғни, өзеннің суын толықтыратын сулар.

Көл – көлемі жағынан ауқымды, жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстар.

Су қоймасысуды тоқтатуға, жинақтауға және сақтауға арналған, өзендер алаптарында түзілген, су тірегіш ғимараттармен бекемделген, едәуір сыйымдылықтағы жасанды судың қоймалары.

Ауа –жер атмосферасын құрайтын табиғи газдардың қоспасы.

Жер атмосферасы (грекше: atmos — бу және sphaira шар) – Жерді қоршап тұрған газды қабықша.

Ауаның ластануы (грек. атмос-ауа) – әр түрлі газдардың, қатты және сұйық заттардың немесе табиғи булар мен қалдықтардың ұсақ түйіршіктердің ауаға қосылуы.



Өсімдіктер мен жануарлар

Көгалдандыру– қала, ауыл, тағы басқа елді мекендерде ауаны тазарту, көлеңкелеу үшін ағаш, бұта, гүл, көгал өсіру.

Дала – Жер бетіндегі шөптесін өсетін ормансыз жазық алқап.

Табиғи бірлестік – қай жерде, қандай үлескіде таралса да тірі ағзалардың өзара және өлі табиғатпен бірлесіп тіршілік етуі.

Көгал – шөптекті өсімдіктер жаз бойы жайқалып өсетін ылғалы жеткілікті шағын үлескі.

Шөл – жер бетінің суға тапшы аймақтары.

Орманжер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі.

Тоғай – шөл және шөлейт аймақтардың жайылма сулы өзен алаптарында өсетін орман.



Жер – ғарыш денесі

Ғарыш немесе Әлем – Жерді қоршаған бүкіл дүние.

Галактика – ғаламды құрайтын, өлшемдері өте үлкен жұлдыздар жүйесі.

Ғаламшарлар– өзінен жарық шығармайтын, жұлдызды айнала қозғалатын аспан салқын денелері.

Метеорит – (грекше метеор – аспан құбылысы) планетааралық кеңістіктен Жерге келіп түсетін темір және тас дене.

Күнжүйесі - Күн және оны айналып жүретін ғаламшарлар мен олардың серкітері.

Тәулік – Жердің өз білігінен айналып шығуына кететін уақыт.

Жыл – Жердің Күнді 1 рет айналып шығуына кеткен уақыт.

Жер орбитасы – Жердің Күн төңірегіндегі басып өтетін жолы.





Қоғам

Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы.

Неке – отбасын құрудың негізі.

Денсаулық – адам организмінің қалыпты жағдайы.

Дене шынықтыру тәрбиесі – адам денсаулығын сақтау мен нығайту және денені дұрыс дамып қалыптасуына жеткізу.

Дене шынықтыру тәрбиесінің максаты – салауатты өмір сүру негіздерін білу және ұстану, өз еркімен дене шынықтыру және спорт пен шұғылдану дағдыларын қалыптастыру. 
Егіншілік ауыл шаруашылық дақылдарынан тұрақты, сапалы, мол өнім алу үшін жерді өңдеп баптау тәсілдерінің жүйесі.

Ауыл шаруашылығы — ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысатын материалдық өндірістің маңызды түрі.

Мал шаруашылығы — ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы.

Отан – адамның туып өскен, кіндік қаны тамған жері.

Ұлтжандылық – өз ұлтын сүю және өз халқы үшін аянбай еңбек ету, ұлттық мүддені қорғау, қайда жүрсе де өз ұлтының баласы екендігін ұмытпау, сонымен қатар басқа ұлттың өкілдеріне құрметпен қарап, өз халқының мүддесіне сай саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени мәселелерді шешуге атсалысу.

Отансүйгіштік – өз жеріне, өз халқына деген сүйіспеншілік қана емес, сонымен қатар өз Отанына анам, жаным, жүрегім, өмірім, қаным деп қарап, өмірін қиюға даяр бола алу.

Батыр - әскериөнерді жақсы меңгерген, жау түсірер ерлігімен аты шыққан, қаһарман адамға берілетін құрметті атақ. 

Кен орындары – пайдалы қазбалардың жер қойнауының белгілі бір аумақтарындағы шоғырлары.

Қорық – табиғи жағдайын өзгеріссіз сақтау үшін ұйымдастырылған, ерекше қорғауға алынған аумақ.

Бейбітшілікадамдар мен мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынас, соғысушы мемлекеттер арасындағы Қарулы қақтығыстың тоқтатылуы.










57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 17.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров95
Номер материала ДВ-347759
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх