Для всех учителей из 37 347 образовательных учреждений по всей стране

Скидка до 75% на все 778 курсов

Выбрать курс
Получите деньги за публикацию своих
разработок в библиотеке «Инфоурок»
Добавить авторскую разработку
и получить бесплатное свидетельство о размещении материала на сайте infourok.ru
Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыМетодический материал "Жана ертегитерапия адиси"

Методический материал "Жана ертегитерапия адиси"

библиотека
материалов



Жаңа ертегітерапия әдісі.

Адамның адамдық қасиеттері,ұстайтын жолы,дүниеге көзғарасы,мақсат-тілегі,мінез-құлқы,моральдік бейнесі туа біткен қасиет емес.Бұл қасиеттер қоғамда адамдардың өмір сүру барысында қалыптасатындықтан,бұлардың бәрі «дененің өз бойында туып»дамид.Адам бойындағы өзіндік қасиеттерді тәрбиелеп,дамыту үшін педагог ғылымдар,мұғалім,ата-ана,қоғамдық ұйымдар ат салысады.Тәрбие,мәдениет,білім ордасы кітапхананың да тұлға қалыптасуына атқаратын рөлі ерекше. Кітаптың адам баласынаберері өте көп.Кітаппен тәрбиелеудің манызы ата-бабамыздан ғасырдан ғасырға айтылып,жазылып келеді.

Адамның ақыл ойы,сезімі өте күрделі биологиялық-психологиялық және әлеуметтік құбылыс.Санадағы түйсік,елестету зер салу,ес сияқты психикалық құбылыстар,адамның сезім мүшелері арқылы қалыптасатын сыртқы дүниенің бейнелері болып табылады. Бұлар адамның жоғарғы жүйке қызметінен туындайды және соған тәуелді болады.

Еліміздің білім беруді дамытудың қазіргі замаңғы кезеңі -оқытудың дәстүрлі түрінен жаңа педагогикалық технологияларға ауысатын өтпелі кезең.Қазіргі инновациялық технологиялар саны жетерліктей.Жаңашыл педагогтердің негізгі мақсаты-оқушылардың алатын білімін сапалы ету,оның жеке тұлға болып қалыптасуына негіз қалау.

Білім саласындағы мектеп кітапхана жұмысында да елеулі өзгерістер көрінуде. Бұл кітапхана жұмысындағы жаңа ертегітерапия әдісі.Ертегілердің қайталап отырған тақырыптарының негізгі желістері лейтмотив ертегітерапия әдісін туғызады.

Бұл әдістің көп ғасырлық тарихы болғанымен,өзінің атауын он жыл аралығында алды. Психология,педагогика,психотерапия саласында ертегітерапия әдісін пайдалану кеңінен қолданылады. Тікелей ертегілермен байланысты болғаннан кейін,кітапхана жұмысында да пайдалану қолға алына бастады.Бұл әдіс психосақтандыру,түзету,дамыту және психотерапевтік курс болып табылады.

Ақпарат түріне қарай,адамның ішкі жан дүниесіне еніп,дүниетанымын,көзқарасын,ұстамдылығын,мінез-құлқын жақсы жағына өзгертіп,жан-жақты гармониялы жеке азамат дамыту.

Жалпы ертегітерапия қазіргі кезде бес тұрге бөлінеді.

1.Дидактикалық.

2.Медиативті.

3.Психологиялық.

4.Психотерапевтік.

5.Психотүзету.

Ергеітерапия жәй ғана бағыт емес,филосоия,педагогика, психология жетістіктерін біріктіреді.Сондықтан,зерттеушілер ертегітерапия дамуын төрт кезеңге бөледі.

1.Халық ауыз әдебиеті.

2.Аңыздар мен ертегілерді зерттеу (К.Г.Юнг,М.Л.фон Франц, Б.Беттельхейлев,Пропп және т.б)

3.Психотехникалық (тұлға дамуына ертегі арқылы психодиагностика, психотүзету)

4.Ертегі концепциясының қалыптасуы мен шешім табуы, ертегілерге рухани жақындау, ертегітерапияның тәрбиелік мәнін, маңызын көрсету.

Орындайтын тапсырмасы бар ертегі дидактикалық деп аталады. Дидактикалық ертегітерапия мақсаты: бір нәрсеге үйрету, жаңа білім беру. Сиқырлы ертегілердегі абстрактылық символдарды жандандыру тәсілі арқылы өмір сүру әлем бейнесін тудырады.

Мұндай ертегі нақты білімның мағынасын ашады, қамтиды.

Комплексті медиативті ертегітерапияның үш түрі бар. Медитация қандай болмасын процесте ойға шому, берілу. (Сурет салғанда, ойын кезінде, шығармашылықпен айналысу барысында әуестену, қызығу, берілу.)

Медативті ертегілер – психикалық процестердің тұрақты болуына, жайлануға, күш жинауға көмектеседі. Медиативті ертегілердің бірінші бағыты адам өзін қазіргі уақытпен өмір сүруін ұғынып, болашаққа сеніммен қарау болып табылады. Басты бағыт әр түрлі, есту, көру, иіс сезу,дәм сезу, тактильді(тері арқылы) және кинестикалы(қимыл арқылы сезіну)сезім түрлерін дамыту.

Екінші түрі – ата-анамен бала арасындағы «тамаша» қарым-қатынасты суреттейтін ертегі. Рухани бағыт алатын, еліктейтін бейнелері бар ертегілер. Ата-ана жылуы жетіспейтін қолайсыз жанұя балалары проблемалы болатыны белгілі. Позитивті бейнелер медиативті ертегілерден бала санасымен, бейсанасына еніп, тұлғаның «энергетикалық фундаментін» қалыптастырып альтернативті қарым-қатынас құру бейнесін тудырады. Шын мәнінде, ол бейне болмағанымен, болашақта ол болмайды деген сөз емес. Болашақта қарым-қатынасын құру мәнісін білген бала, өз-өзіне сеніммен қарайды. Позитивті жанұя бейнесін көрсететін медиативті ертегілердің маңызы өте зор. Медиативті ертегілердің үшінші түрі – жеке тұлға потенциалын ашу, өзіне баға беру және өмірдегі түрлі құбылыстарды зерттеуге бағытталған. Ертегілердің бұл түріне арнайы он екі сабақтан тұратын «Шоқ жұлдыздар әлемі ертегілері» атты жазылған бағдарлама жатады. Бағдарлама авторы Санкт-Петербург қаласындағы Ертегітерапия институт директоры Т.Д.Зинкевич-Евстигнеева.

Баланың арнаулы шоқжұлдызын ашу арқылы, жақсылыққа жетелейтін аспандағы күш бала қиялын шарықтатады,қызығушылығын арттырады. Бұл – бағдарламаның басты мақсаты болып табылады. Сонымен ата-анасына ең өамбат жан екендігін, қоғамға қажеттігін, болашаққа сеніммен қарау керектігін түсіндіреді. Бұл әдіспен жұмыс жасау барысында жазға қарсы «иммунитет қалыптасқан» тәрбие барысында проблема туғызатын балаларды өте қызықтырады. Тұлғаның интуитивті өсу процесі басталғаны көріне бастады.

Психологиялық (психоертегілер)-ерекше ертегілер түрі. Бұл ертегілер авторлық оқиға болып табылады.Бала психологиясының жайлы дамуына қолайлы жағдай туғызып,ауыспалы бейне түрінде адамның ішкі дүниесі туралы ақпарат береді.Психологиялық ертегілердің басты мақсаты өзіндік ерекшіліктерін ұғынуы арқылы жеке тұлғаның дамуына ықпал жасау,дамыту.

Психотерапевтік ертегілердің басты мақсаты-баланың теренде жатқан «меніне»,оның маңызды мән құрайтын мазмұнына қарау,саналы түрде өзіне көмектесуге талпыну,қажет еткен жағдайда қарым-қатынасты да өзгерту.Өмірдің проблемалық қиын жағдайларында,психоэмоционалдық зақымдалғанда,негативті уайымнан,қайғы-қасіреттен арылу үшін көрсетілетін психологиялық қолдау болып табылады.

Психотерапевтік ертегілер өсиет әңгіме немесе әсер аңыз формасында болады.Олардың маңызы және терең әсер ету қабілеті бар.

Ертегілерді осы айтылып келтірілген түрлеріне қарай жіктеп, ертегітерапия әдісін мектеп кітапханасында пайдалануға болады. Қазіргі оқу процесінде балаларды кітапханаға тарту,кітап оқуға қызықтыру мектеп кітапханашыларының алдында маңызды жұмыстардың бірі болып отыр.Осы әдісті пайдалану арқылы оқушылардың ертегі тындауға,оқуға,кітапханаға қызығушылығын белсенді түрде арттырады деген ойдамын.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1.Вочков И.Сочиняем сказки Школьный психолог-2003 №9-С.16.

2.Осипов Д.В. Восточные истории,притчи,метафоры и юмор как метод психологической и эмоциональной поддержки в практике психологического консультирования Журнал практического психолога-2006.№1-С.124-130.

3.Соколов Д.Ю. Сказки и сказкотерапия,а еще лунные дорожки, или приключения принца Эно.М..Институт психотерапия,2005,-244с.

4.Тренинг по сказкотерапии,-СП б.Речь,2004-254с.

































Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасы «Шымкент қосалқы мектеп-интернаты»Коммуналдық мемлекeттік мекемесі



Танымдық тәрбие сағаты

тақырыбы: Білім көзі-КІТАПТА.











Кітапханашы: Г.Мамбеталиева





Шымкент-2013 жыл.



Тақырыбы: Білім көзі-КІТАПТА.

Тәрбие сағатынын мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген ынтасын арттырып,білімділікке тәрбиелеу.Кітапты қадірлеуге баулу.

Кіріспе.Кітап адам баласының ақыл ойынан туған рухани байлықты сақтап,оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын,білім және тәрбие беретін құрал.Ол-адамзат жасаған ең үлкен ұлы кереметтердің бірі.Халқымыз кітапты аса құрметтейді. Соңдықтанда «кітапсыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ», «кітап-білім бұлағы,білім-өмір шырағы» дейді.

Армысыздар,оқушылар,ұстаздар!

Бүгінгі «Білім көзі-кітапта»танымдық тәрбие сағатын Ахмет Байтұрсынұлының өздеріне таныс өлеңмен бастайын.

Балалар,бұл жол басы даналыққа,

Келіңдер,түсіп байқап,қаралық та,

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп.

Соларды көре тұра,қалалық па?!

Даналық-өшпес жарық,кетпес байлық,

Жүріңдер,іздеп тауып алалық та.

(Осы кезде кітап бейнесін мойнына ілген оқушы кіреді)

Кітап:Бәрекелді! Мың рахмет Ахмет атамызға.Балалар ,мен сіздерге үлкен қуанышпен келдім және дос болып қайтатыныма сенімдімін!

Жүргізуші: Қош келдіңіз,қымбатты досымыз-кітап.Жоғары шығыңыз (кітапты төрге отырғызу).Балалар, мен бүгінгі танымдық сағатымызды жұмбақ айтудан бастаймын.

1.Үндемесе серік,ақылы берік (кітап)

2.Қабат-қабат қаптама,ақылың болса аттама (кітап)

3.Бір ғажап бар,тілі жоқ,сөйлесем десем міні жоқ(кітап)

(Оқушылар жұмбақты шешеді)

Жүргізуші:Балалар,мен сендерге «Кітап» қайдан шыққан?Қандай мағына береді? Деген сұрақтарына жауап беремін.

«Кітап»-арабтың «жазу» деген сөзі.Кітап рухани қазына,өмір айнасы,замана сыры,тарих шежіресі,оқу-тәрбие құралы.Алғашқы кітап жазу құпиясын тек діңбасылар мен монахтар ғана білген.Сондықтан дүние жүзінде тұнғыш кітаптар еврей тілінде «Таурат»,қытай тілінде «Конфуция»,парсы тілінде «Авеста», грек тілінде «Інжіл»,араб тілінде «Құран» шыққан.Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды.Ксилография қалыбы ХІ-ғасырда пайда болған.Европада тұнғыш рет ХV-ғасырда неміс өнер тапқышы Гутенберг баспа станогын жасап шығарды.Русте тұнғыш басылымды 1564 жылы Мәскеуде Иван Федоров пен Петр Метиславец басып шығарды.Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты.Бірақ араб тілінде ІХ-ғасырда жазылған «Оғызнама»,ХІ-ғасырда Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» кітаптары болды.1800 жылы қазақша кітаптар шығарыла бастады.

(Балалар кітап туралы тақпақ айтады)

1.Оқушы

Кітап-менің рухани астанам,

Қолыма алғаш «әліппе»алып бастағам

Кітап оқып,жан дүнием байыды

Шабытты жыр тудыратын,жас қалам!

Кітап-менің асыл,жақұт сырласым,

Бір өзіңе айтатұғын жыр басым

Жалықпаймын,жалықпаймын оқуға

Тұндер келіп,тәтті ұйқымды ұрласын.

2.Оқушы

Кітапты оқымайды сыйламаған

Білімге жанын жанып қинамаған

Өсірген кімнің болсын ой-өрісін

Сол кітап бек ақылшы күнге маған.

Жүргізуші:Рахмет,балалар! Дана халқымыздың,көнеде,көрген мәдени мұрасы мақал мен мәтел сөздер.

1.Оқушы

Еңбектің наны тәтт-Жалқаудың жаны тәтті

2.Оқушы

Оқу білім азығы-Білім ырыс қазығы

3.Оқушы

Бірлік болмай,тірлік болмас

Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар!

Ал енді балалар «Кітап» сіздерге сұрақтарын қойяды.

1.Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақтың батыр қыздарын атандар? (Әлия Молдагулова,Мәншүк Мәметова)

2.1-маусым қандай мереке? (Балаларды қорғау күні)

3.Қазақтың үш биін атандар. (Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би)

4.22-қыркүйек қандай мереке? (Тілдер мерекесі)

5.Қазақстан Мемлекетінің Рәміздері.(Ту,Елтаңба,Әнұран)





Кітап:Бәрекелді балалар!

Балалар,ақылына ақы сұрамайтын асыл қазына-«Кітап»

Әрқашан жүздеріңіз жарқын болсын,жолдарыңыз даңғыл болсын!

Ал, жақсы балалар.(Кітап қоштасып кетті)

Жүргізуші: Қымбатты оқушылар,кітап сендердің мәнгі сенімді достарын,серіктерін болсын!

Кітап қадірін білетін балалар көбейе берсін!

Жолдарын ашық болсын!

Қортынды: Балаларды марапаттау.





























Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасы «Шымкент қосалқы мектеп-интернаты»Коммуналдық мемлекeттік мекемесі



Танымдық тәрбие сағаты

тақырыбы: Кітаптың құрылысын білесің бе?











Кітапханашы: Г.Мамбеталиева





Шымкент-2014 жыл.

Тақырыбы: Кітаптың құрылысын білесің бе?

Сабақтың мақсаты:Оқушыларды кітапты құрметтей білуге,ұқыпты ұстауға баулу,білімге деген құштарлығын арттыру.Ақыл ой-өрісін дамыту. Білім ордасын ұстаздарды құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.

Кітап – рухани қазына, байлық, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу тәрбие құралы.

Алғашқы кітап жазу құпиясын тек дінбасылар мен монахтар ғана білген. Дүниежүзіндегі тұңғыш кітаптар еврей тілінде Таурат, қытай тілінде Конфуций ілімдері, парсы тілінде Авеста, араб тілінде Құран кітабы шыққан. Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шығарыла бастады.

Кітап – ғылым, ол бүкіл адам баласына ортақ. Кітап – бар білімнің, бар ғаламның бастауы. Кітап – барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы.

Кітапханашы: Енді, балалар кітап қалай шығатыны туралы және кітаптың жүйесі туралы айтып бергім келеді.

Суперқап, мұқаба – кітаптан басталатын элемент. Бұл элемент кітапты қорғау үшін жасалған. Мұқабасында бұл кітапты кім жасағанын, оның атын білесіңдер. Ал, мұқабасындағы суреттен қай кейіпкер екенін, не туралы айтылғанынан хабардар боласыңдар.

Енді алғашқы бетін ашамыз. Бұл жерде титулдық бет. Бұл бетте кітаптың мекен жайы жазылған. Авторын, атын, баспасын, қай жылы шыққанын, суретті салған суретшілердің аттарын білесіңдер. Кітаптағы суреттерді балалар иллюстрациясы деп атайды.

Титулдық бетке қарама-қарсы сол жағында аннотация болады. Бұл бетте қысқаша сол кітаптың автор туралы, оның жетістіктері туралы жазған.

Тағы да бір бетті ашсақ, бұл жерде алғы сөз. Бұл алғы сөзді басқа адам жазуы да мүмкін. Ол автор оқырмандармен ой бөліседі. Алғы сөзден қандай шығармалар, қай жақта, не туралы жазылғанын білуге болады. Алғы сөз негізі қысқаша жазылады, оны сөренің жанынан да оқып танысуға болады. Бұл алғы сөзден саған оқуға қажеті бар ма, жоқ па екенін білуге болады.

Кітаптың ең соңында немесе ең басында мазмұны болады. Ол параграфтардан турады, оларды римше, немесе үлкен, не кіші әріптермен бөлуге болады.

Бұл кітапта бірнеше авторлар болса оны мазмұнынан тауып алуға болады. («Тарихи тұлғалар» атты энциклопедиямен таныстыруға, онымен қалай жұмыс жасауын көрсету).

Тағы да балалар кітапты аннықтамалық аппараты болады. Оның ішінде әр түрлі көрсеткіштермен пайдалануға болады. Ол географиялық көрсеткіш, атты жөні-көрсеткіші, терминологиялық сөздігі бар.

  • Балалар, кітапханадан кітапты қалай таңдап жүрсіңдер?

Келесі бөлімде, кітапты қалай оқу керек екені жөнінде таныстырып өту.



Сұрақтар:

1.Кітап қай элементтен басталады?

2.Форцаз деп кітаптың қай жерін атаймыз?

3. Кітаптың келесі құрылысы қалай аталады?

4. Титул бет арқылы не білуге болады?

5.Суперқаптың атқаратын рөлі.

6. Кітаптың алғы сөзі арқылы не білуге болады?

7. Кітаптың мазмұны қандай бөлімдерге бөлінеді?

8. Кітап кім үшін жазылады?

9. Кітапханада оқырман туралы мәліметті, оның қандай кітап алғаны туралы қайдан білесің?

10. Кітапхананың қай бөлімінде кітап үйге беріледі?

11. Кітаптың суреттері қалай аталады?

12.Кітап оқығанда нені пайдаланамыз?

Қортыңды:

Оқушыларға кітаптің қалай шығуы және кітапты қалай қолдануды қалыптастыру, ақпараттық. Кітапты-библиографиялық білімдерін әрі қарай толықтыру, кітапты ұқыпты ұстау және кітап оқуға деген қызығушылықтарын ояту.



































Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасы «Шымкент қосалқы мектеп-интернаты»Коммуналдық мемлекeттік мекемесі





Танымдық тәрбие сағаты

тақырыбы: Кітапханаға саяхат.











Кітапханашы: Г.Мамбеталиева





Шымкент-2015 жыл.

Тақырыбы: Кітапханаға саяхат.

Сабақтың мақсаты:Кітапханашымен таныса отырып,оқушыларға білімнің кітап арқылым берілетінін ұғындыру. Кітапқа деген қызуғушылығын арттыра отырып, енбекқорлыққа баулу. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, кітапхананың білім мен өнер ордасы екендігі жайлы түсіндіру.

Сабақтың барысы. Кіріспе.

Кітапханашы: Кітап – адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Ол елді,жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке,төзімділікке баулиды. Біз кітаппен күнде кездесеміз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп өнеге мен тәрбие аламыз. Кітап арабтың «жазу» деген сөзінен шыққан. Кітап – рухани байлық, оқу-тәрбие құралы болып табылады.

«Түлекті тәрбиелер кітап-мектеп,

Өседі сол бұтақтан кітап көктеп.

Молайтар ақылыңды сан еселеп,

Береді білім нәрін кітап көптеп», – деп ақын жырлағандай, білім нәрімен сусынымызды қандыру үшін «Кітапханаға саяхатымызды» бастайық.

I. Саяхат барысында оқушылар кітапхана ережесімен, кітапты оқу ережесімен таныстырылды.

1.Кітапты күнделікті үзбей оқып, дағдыға айналдыр. Ол үшін күніне кітапты оқуға уақыт бөлуді жоспарла.

2.Кітапты төсекте жатып оқыма.

3.Кітаппен көздің арасы 35-40 см болуы тиіс және әрбір 45-50 минут сайын үзіліс жасау керек.

4.Кітапты оқығанда бөлменің ауасы таза, жарық жеткілікті болуы керек.

II.Кітап қайдан келеді?

Кітаптың шығу тарихы мыңдаған жылдар мен ғасырларды артқа тастаған. Кітап жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңірді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрикада ағашты өңдеп, қағаз жасап шағарады. Дайын қағаз кітап шығаратын баспаханаларға жеткізіледі. Ал, балалар кітап шығару ісіне мыңдаған адамдардың маңдай терінің бар екендігін білдіндер. Сондықтан кітапқа үнемі құрметпен қарап, жыртпай таза ұстауға дағдыланған жөн.

III. «Ертегілер әлемінен» үзінділер оқытып, түсініктерін сұрау.

(«Шалқан», «Қасқыр мен жеті лақ», «Бауырсақ», «Қызыл телпек»)

IV.Кітапханадағы «Тәуелсіз Қазахстан», «Абай – дана, Абай – дара», «Өз өлкеңді білесің бе?», «Тіл – тәуелсіздік тірегі» атты тақырыптық сөремен және балалар әдебиетімен таныстырылды.

V.Кітап туралы тақпақ, мақал-мәтелдер, жұмбақтар айтылды.

1-оқушы: Адамның досы кітап – өмір кілті,

Тең келмес,оған жиған мүлкі.

Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,

Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.

2-оқушы: Кітап – өмір айнасы,

Көпке тиер пайдасы,

Кітап – өмір шырағы,

Тәлім беріп тұрады.

3-оқушы: Кітап – білім бұлағы,

Білім – өнер шырағы.

4-оқушы: Кітап – алтын қазына.

5-оқушы: Қабат-қабат қатталған,

Асыл сөзьен апталған.

Парағы бар сөйлейтін,

Ол қазына өлмейтін (кітап)

6-оқушы: Бір нәрсе білмегенді білгізеді,

Өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді.

Жалғанда әңгімесі сондай қызық,

Жанынды тындай берсең кіргізеді (кітап)

Кітап туралы ұлы сөздер.

7-оқушы: Кітапсыз үй – жансыз дене

8-оқушы: Кітап – ғажайып дос

9-оқушы: Кітап – өмір ұстазы.

10-оқушы: Кітап – рухани құндылық

VI.Қорыту.

Кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей таза ұстап, оқыған кезде мәнерлеп,дұрыс оқу керек. Кітапты түсініп оқысаң көп білесің. Ол сенің сөздік қорынды байытып, ой-өрісінді кеңейтіп, сөйлеу мәдениетінді арттырады. Кітап өмірдің ащы-тұщысын үйретеді. Кітап – ұрпақтан-ұрпаққа қалатын рухани қазына.







Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасы «Шымкент қосалқы мектеп-интернаты»Коммуналдық мемлекeттік мекемесі



Баяндама

тақырыбы: Кітап – рухани байлық көзі.











Кітапханашы: Г.Мамбеталиева





Шымкент-2013 жыл.



Кітап – рухани байлық көзі.

Қазақ ұлтының алдына қойған басты мақсаттарының бірі – білімді, жан-жақсы, ақылды тұлға тәрбиелеу. Саналы ұрпақ тәрбиелеудің басты құралдырының біргейі – кітап деп санаймын.

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуын түрлі болады. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен.

Кітап – адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Кітап – ғылымның қайнар көзі, адамзаттың рухани байлығы, өмір айнасы, тарих шежіресі, оқу тәрбие құралы. Жазушы Ғабит Мүсірепов айтпақшы «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан тиылар едік». Кітап оқыған бала сауатты, зерек, сөз қорына бай, әдепті, биязды, парасатты, сөйлеу мәдениеті жоғары болып өсетіні айдан анық. Кітап оқу әр оқырманның мәдениеттануын жарқын көрсетеді деп ойлаймын.

Қазіргі күнде ізденуші керекті ақпаратты алу үшін кітапқа емес, интернет көзіне жүгінетіні жасырын емес. Интернет көзі дәл кітап сияқты білім нәрін бере алмайтыны сөзсіз. Интернет жүйесінен іздеген материалын тауып алғанмен, ол адамның есінде ұзақ сақталып қалмайтыны белгілі.

Кітап оқыған адам мен бірыңғай компьютермен жұмыс жасаған адамдардың айтарлықтай айырмашылығы бар. Осы орайда ойға «Өмірде ең жақсы кеңесші кітап» деген сөз еріксіз оралады.

Орыс халқының ұлы жазушысы

М.Горькийдің « Кітап адамзаттың бақыт пен болашақтың құдіретіне апарар жолдағы жасаған барлық кереметтерінің ішіндегі анағұрлым күрделі де ұлы кереметі болуы мүмкін» деген сөзі бар. Шынымен де, кітаптың адам өмірінен, оқырманның жан дүниесінен алатын орны үлкен.

Кітап – адамның ең сабырлы ұстазы, сенімді досы деген сөзге мына төмендегі өлең жолдары дәлел болмақ:

Адамның досы – кітап – өмір кілті,

Тең келмес оған жиған дүние-мүлікі.

Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,

Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.

Білімнің көзі саналатын кітаптың ордасы – кітапхана екені белгілі.

Кітапхана – қоғамдық мекеме, ал кітаптар кітапхана оқырмандарының игілігі.

Кез келген кітапханашының мақсаты – оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту, сапалы тәрбие алу үшін көп оқып, көп іздену керек екенін түсіндіре отырып, кітаптардың ерекше күтім керектігін айту деп санаймын.

Сөзімді қорыта келе, Ұлы Абай атамыздың «Тегінде адам баласы ақыл, ғылым, ар-намыс, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі ақымақшылық» – деген орынды сөзін мысал еткім келеді.



Пайдаланылған әдебиеттер

1.Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналы.Мектептегі кітапхана №6 2006 жыл,№3 2012 жыл.

2.М.Жумабаев «Жан сөзі»Өлендер мен дастандар.































Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасы «Шымкент қосалқы мектеп-интернаты»Коммуналдық мемлекeттік мекемесі



Баяндама

тақырыбы: Мектеп кітапханасының ережелерімен таныстыру.











Кітапханашы: Г.Мамбеталиева





Шымкент-2015 жыл.

Мектеп кітапханасының ережелерімен таныстыру.

Қазіргі кезде алдымызда тұрған өзекті мәселе «Қазахстан – 2030» бағдарламасын жүзеге асыру. Әрбір кітапханашы өзінің оқырмандарын,сяғни мектеп оқушыларын Отан сүюге баулу, туған жерін қастерлеуге үйрету, Қазахстанның ертені мен болашағы бүгінгі ұрпақтың өз қолында екеніне көздерін жеткізу, терең білімді, парасатты, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.

Мектеп кітапханасы сол мектептің құрамдас бір бөлігі.Мектеп кітапханаларына білім басқармалары шешім қабылдап, басшылық етеді. Мектеп кітапханаларының міндеттері:

  • оқырманның жан-жақты дамуына көңіл бөлу

  • оқу-тәрбие жұмысына байланысты қорды дамыту

  • әр түрлі ақпарат құралдары арқылы кітап насихаттау іс-шараларын жүргізу арқылы кітапхана қорын ашу

кітапхананы еркін пайдалану, оқуға тәрбиелеу

Мектеп кітапхана қоры оқулықтармен қатар, анықтамалар, көркем әдебиеттер, ғылыми-көпшілік әдебиеттер, методикалық әдебиеттер, мерзімдік басылымдармен толықтырылуы қажет.

Ал, кітапханашы осы қордың сақталуына толықтыру, есепке алу, есептен шығару жұмыстарына жауап береді. Мектеп кітапханасының оқырмандары негізінен оқушылар, мұғалімдер, мектеп жұмысшылары және ата-аналар. Кітапхана жеке, топпен және көпшілік оқырмандарға қызмет етеді.

Кітапхана библиографикалық ақпарат құралдары арқылы, ұсыныс тізімдер, библиографикалық шолу, тақырыптық картотекалар т.б қызмет көрсету түрлерімен жұмыс істейді. Кітапхананың материалдық жауапкершілігі директор мен кітапханашыға жүктеледі. Атқарылған жұмыстарға мектеп директоры басшылық етеді. Кітапхананың жылдық жоспарын директор бекітеді, бұл жоспар оқу-тәрбие ісі жоспары негізінде жасалады. Жұмыс уақыты мектеп ішіндегі тәртіп ережелеріне байланысты бекітіледі. Кітапханада айына бір рет тазалық күні белгіленген, бұл күні оқырмандарға қызмет көрсетпейді. Кітапхананың кітап сақтау бөлмесі, оқырман залы, оқулықтар тұратын бөлме болуы тиіс. Мектеп кітапханашылары әр 5 жылда бір рет білім деңгейін көтеру курстарында болуы тиіс. Сонымен қатар ай-сайын өтетін семинарға методикалық орталықтарға қатысып білімін көтеріп, озық әдістерді меңгеріп отыруы тиіс. Кітапхананың өз алдына штампы болуы керек.

  1. Кітапхананың кітап қорының сақталуына – кітапты дер кезінде өткізуді қадағалау, ескірген, жыртылған кітаптарды өңдеу, жоғалған кітаптарды сондай кітаптармен толықтыру, кітапхананың температурасын қадағалау.(бір қалыпты)

  2. Кітапхананы барлық оқырман пайдалана алады.

  3. Кітапты ұқыпты ұста, кітаптың ішіне сөздер жазба,сурет салма, кітап парағының шетін бүктеме.

  4. Кітаптың берілу мерзімі жеті күн.

  5. Егер кітап жыртылып немесе жоғалып қалса орнына сондай кітап беру керек.

  6. Кітапхананы пайдалану тегін.

  7. Үйге әдебиет абономентте беріледі. Кітапхананың оқу залында пайдалану арналған әдебиет үйге берілмейді. Кітапханада жоқ ғылыми әдебиетке кітапхана оқырмандары (мұғалімдер) талабы бойынша кітапхааралық абономент (КА) арқылы тапсырыс береді.

  8. Шежірелер (энциклопедия), анықтамалықтар, ағымдағы мерзімді баспасөз басылымдары КА арқылы алынған әдебиеттер және дәстүрден тыс электрондық ақпарат таратушы құжаттар тек оқу залында жұмыс істеу үшін беріледі.

  9. Әр оқырманға бес жыл бойы пайдалануға арналған оқырман формуляры, компьютер бар болған жағдайда – электрондық оқырман формуляры, кітапханада толтырылады.

10. Оқырмандар (бастауыш сыныптар оқушыларынан басқасы) абономентте алған басылымдардың әрбір данасы үшін кітап формулярына қол қояды.

11.Үйге берілген әдебиеттерді пайдалану мерзімі мен абономенттен берілген басылымдар саны шектеліп, сапалы түрде белгіленеді:

Мұғалімдер үшін: оқу әдебиеті – тиісті пәнді оқыту мерзіміне (оқу жылының басында міндетті түрде қайта тіркеле отырып) беріледі.

Әдістеме әдебиеті бір ай мерзімге – даналар саны жеткілікті жағдайда тиісті пәнді оқыту мерзіміне (міндетті түрде қайта тіркеле отырып) беріледі.

Оқушылар үшін: бағдарламалық әдебиет – оқушыларды оқытудың барлық кезеңіне беріледі.

Бағдарлама бойынша сабақтарда оқылатын шығармалар оқыту бағдарламасына сәйкес мерзімге беріледі, сыныптан тыс оқу үшін – 15 күнге беріледі.

Бір мезгілде берілген даналар саны (оқулықтарды санамағанда) 8 данадан аспауы тиіс.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналы.Мектептегі кітапхана №2 2004 жыл,№5 2011 жыл.























Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасы «Шымкент қосалқы мектеп-интернаты»Коммуналдық мемлекeттік мекемесі



Баяндама

тақырыбы: Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану – заман талабы.











Кітапханашы: Г.Мамбеталиева





Шымкент-2016 жыл.



Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану – заман талабы.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында «Техника мамандар иесі – бұл біздің болашағымыз, оларды заңгерлерге, экономистерге және дипломаттарға теңестіруге болмайды» деп атап көрсетті.

Еліміздегі дүбірлі өзгерістер қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде, білім беру саласында жүріп жатқан игі шаралар оқу орындарын көптеген дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.

70 жылдық тарихы бар Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі жайында айтар болсақ, атқарылып жатқан істер өте көп.

Болашақ мамандар даярлау ісінде оқу прцесінің сандық жүйеге көшірілуі зертхана мен кабинеттерді жаңа аспаптармен жабдықтауды талап етті.

Соның бірі – колледжіміздегі оқу-телестудиясы. Бұл телестудия РЭС және МТ бөлімдерінің оқытушылары мен студенттерінің күшімен құрылып, 2011 жылғы Алматы қалалық колледждер аралық кабинеттер және зертханалар байқауының 1-орыны атанды (Кабинет меңгерушісі және телестудия жетекшісі, жоғары категориялы арнайы пән оқытушысы Майлыбаев Нұржан Әмзебекұлы).

Оқу-телестудия Әуезов ауданы әкімшілігімен, Нұр Отан аудандық бөлімшесімен, қалалық білім басқарасымен және Республикалық ұстаздар білімін жетілдіру институтымен бірігіп жұмыс жүргізуде. Жыл сайынғы РЭС және МТ бөлімдері арасында оқу телестудия көмегімен өткізілетін «Мен және менің мамандығым» атты колледжіміздегі байқауымыз екінші,үшінші, төртінші курс студент жастардың болашақ мамандыққа деген ізгі мақсаттарының арқасында туған жақсы мен жамандықты салыстыра отырып, бүгінгі қоғамнан туындаған ойларын фильмдік жоба жасау арқылы бейне фильмге түсіріп, көрсете білді. Атап айтар болсақ:1. «Темекі жамандықтың бастауы» - АВТ – ЗА тобы 2010 жыл. 2. «Бақытты жандар» - АВТ – 4Б тобы 2009жыл. 3. «Әлі де кеш емес» - РЭС4Б тобы 2011жыл сияқты оқушылар түсірген шағын фильмдер ұжым және көрермендер тарапынан жоғары бағаға ие болды.

Оқу телестудия жанынан құылған «Болашақ» іскер жастар телеарнасы колледжіміздегі барлық мерекелік іс-шараларды (ашық сабақтарды, семинарларды, кездесулерді, т.б шараларды), бейне таспаға түсіру, монтажын жасау және мұрағатқа сақтау сияқты мақсатты алға қойған.

Олардың қатарына: Дыбыс жазу студиясы, сурет студиясы, монтаждау, жарық қою, кіретін оқу-телестудиясы колледжіміздегі барлық оқу, тәрбие процесінде тиімді пайдалану игілігіне айналды.

Телестудиясының болашағы зор. Келешек ұрпақ күнде жаңарып жатқан жаңа технологияларды меңгеріп, колледжіміздің, қаламыздың, еліміздің игілігіне жаратары сөзсіз.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналы.Мектептегі кітапхана №5 2011 жыл,№6 2015 жыл.



Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасы «Шымкент қосалқы мектеп-интернаты»Коммуналдық мемлекeттік мекемесі



Танымдық тәрбие сағаты

тақырыбы:Үш ғұмыр,бір тағдырға-120 жыл.











Кітапханашы: Г.Мамбеталиева





Шымкент-2016 жыл.









Үш ғұмыр,бір тағдырға-120 жыл.

Сабақтың мақсаты: қазақ совет әдебиетінің негізін қалаған үш көшбасшы, үш байтерек, үш діндек – Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің өмір баяны мен шығармашылығын насихаттау, өлеңдерін мәнерлеп оқуға үйрету.

Көрнекілігі: «Ұлылар үндестігі» кітап көрмесі, «Үш байтерек» презентация.

Сабақтың барысы.

Кітапханашы: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Қазақ совет әдебиетінің негізін қалаған үш бірдей көшбасшы. Жаңа әдебиеттің үш бәйтерегі, үш діңгегі С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлинның туылғанына 120 жыл толуына орай өткізілгелі отырған «Үш ғұмыр, бір тағдырда – 120 жыл» атты поэзия кешіне қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің негізін салушылар С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б. Майлин өздерініңң аз ғана ғұмырында өлмейтін мол мәдени мұра қалдырды. Ұлттық сөз өнерінің дінімен дәстүрін сол қалпында сақтаушылар. Сөз бен ой астарына қоғам құбылысын сыналушы жаңа типті суреткерлер. Қоғамға қызыл тілмен өызмет ету шыңдық үшін ажалға бас тігумен бірдей екенін тағдырларымен дәлелдеушілер.

2-жүргізуші: «Тіл өнері – дертпен тең» дегенді Абайдан танып, революция ғасырының рухын сол дертті өнерге дем етушілер. Қазақ совет поэзиясына үш түрлі дауыспен, үш түрлі ырғақпен, үш түрлі рухпен дем берушілер, тыныс таратушылар. Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ совет поэзиясының бүкіл болмыс-бітімі осы үшеуінен басталады. Ақындық тағдыр. Немесе, халық тағдырының перзент бойындағы көрінісі. Міне қараңызшы! Осы құбылыс үшеуінің де тағдыр-таланына бұйырған.

1-жүргізуші: Өткен ғасырларда жылдар. Жаңа ғасырдың тууына алты ақ жыл қалды. Қазақ даласы келешек ғасырдан керемет күтеді. Ұл күтеді. Ақын күте ме , батыр күте ме...әйтеуір күтеді! Тайқы тағдыр бұл жолы жомарттық жасапты. Қазақ даласындағы кемерінен асып кернеулеп жатқан үш өзеннің бойында аралары ит көйлек тоздырар-тоздырмас уақытқа жалғасып, үш бірдей ұл туыпты. Үш бірдей ақын туыпты. Үш бірдей қайраткер туыпты.

Сәкен Сейфуллин сылдырап сырбаз ағатын жызықтың жайсаң өзені – Нұра бойында туған.

Бейімбет Майлин толқып, бұйраланып бұйығы жылжитын Тобыл бойында туған.

Ілияс Жансүгіров ағындап, арындап таудан құлайтын Ақсу бойында туған.

Осы үш өзеннің де дәл осы қасиеттері үшеуінің де поэзиясының мінезінен алдымен ұшырасады. «Олар осы заманның шыбығы еді. Дауылмен жайқалып өсіп, шынарға айналды»

Көрініс: С.Сейфуллин «Анаға хат».

Байғұс ана хат жазыпты.

Депті «балам сағындым».

Ұмыттың ғой бізді тіпті,

Бір келмедің неғылдым?

Оқу іздеп кеткеніңнен,

Ауылға бір қайтпадың.

Біз не көрдік жеткеніңнен.

Елге кеп уәз айтпадың.

Анаға жауап: Амансың ба, байғұс апа?

Денің сау ма, әп-еке?

Қартайдың ба, болып қапа?

Әжемдей боп Тәп-екең?

Апау, бұл не қайғың тағы?

Неге соңша қапасың.

Балаң қайда жүрсе дағы,

Неге ұмытсын апасын!

2-жүргізуші: Сәкен жырлары қызыл жалау боп желбіреді қызыл сұңқар боп шарықтап, қызыл тұлпар боп жер тарпыды. Сері, Сәкеннің, сұлу Сәкеннің өлеңінде қызыл саусақ бикеш қызықпайтын, қыздырмашыл әуей қызықпайтын бірде-бір жол кездеспейді. С.Сейфуллин «Көкшетау» поэмасы, «Сағындым», «Тұлпарым», «Бабаларыма» өлеңдері оқылып, С.Сейфуллин «Тау ішінде» әні орындалады.

1-жүргізуші: Иә, өршіл де өжет, өлмес рух өрт ішінде сыналады. Тосын қызу мен қысымнан тас көмірдің өзі опырылса да омырылмас алмастың қасиеті иеленеді екен. Туған әдебиеттің тұл бабалары – жаңа ұрпақ жазар дастанның қуатты қайырмасындай жарқын болашыққа деген жарқыл қаққан сеніммен І.Жансүгіров өлеңдері бізге қол жетпес қиялдан қол бұлғайтындай көрінеді.

Ілияс Жансүгіров «Анам тілі»

Қадірлі, бағасы алтын анам тілі,

Сенімен бағаланған балан түрі.

Төрт бөліп түн ұйқысын жұбатам деп,

Сенімен әлдилеген анам мені.

Ілияс Жансүгіров «Жастар ұраны»

Біз жастар заманның

Иесі, қожасы.

Жаралған адамның

Жалынды, жаңасы.

Ұйымшыл, ұраншыл,

Мейірімшіл, қоғамшыл.

Кіршіксіз, ақ жүрек,

Біздер шын тазасы.

І.Жансүгіровтің «Тілек», «Аяныш», «Күйге», «Тұлпарға», «Арыным» өлеңдері оқылды.

2-жүргізуші: Бейімбет Майлиннің өнері өлімге мойын ұсына алмады. Өйткені ол езілгендердің еңсесін көтеруге, жасығандардың жанын ширатуға, алданғандардың көзін ашуға, әділдікпен шындыққа қызмет етеді.Шебер қолдан шыққан сыршыл, шыншыл оқушыны баурап әкететән әдемі, әсерлі хикаят ұтымды өрбіген. «Шұғаның белгісі» повесінен Әбдірахман мен Шұғаның хаты.

Абдрахманның хаты: «..Сіз бір айсыз нұрландырған аспанды,

Буландырған, уландырған жас жанды.

Біз бір ғаріп паналанған саяңда.

Жас жүректе мықты жара басталды»

Шұғаның жауабы: «...Әуре боп неге біткен ажар-көрік,

Ішіңе от түсірдің қалқам көріп.

Гүлдену жас өмірде мақсат боп ед,

Серттесіп, қол алысып, уәде беріп»

Бейімбет Майлиннің «Күлпаш», «Қырмызы», «Түйебай», « Қанды кек», «Көшпелі махаббат» әңгімелерінен үзінділер оқылды.

Қорытынды. Міне, осылай жырлаған халық табиғатының тынысындай үш бәйтерек дыбысы кенеттен сап тынды. Бұтақтарын кескені несіғ бұтарлағаны несі? Үш бәйтерек дыбысы жиырма жыл бойы құлаққа ұрған танадай тылсым күй кешті. Үшеуі де 1956 жылы ақтылды.

Талай үйлердегі шаң басқан сандықтардың түбінен, жабағы көрпелердің, сірне-сірне жастықтардың тігісінен сөгіліп олардың кітаптары жарық дүниеге шығып жатты. Халық өз тағдырын қойын-қонышына, сандық-қобдишасына, көрпе-жастығына тыға алмайды екен. Жүрегінде ғана сақтай алады екен. Тамыры тереңде, халық жүрегінде қалған үш бәйтерегіміз содан кейін саясына алды бізді...



























Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасы «Шымкент қосалқы мектеп-интернаты»Коммуналдық мемлекeттік мекемесі

Баяндама

тақырыбы: Мүмкіндігі шектеулі баланың сенсорлық даму ерекшеліктері.









Кітапханашы: Г.Мамбеталиева





Шымкент-2014 жыл.



Мүмкіндігі шектеулі баланың сенсорлық даму ерекшеліктері.

Баланың ерте жастан сенсорлық түсініктерді жинақтаудың мәні зор. Бұл жаста баланы түс, форма, көлем және заттардың сезгіштік қасиеттерімен таныстыруды қамтамасыз ету. Баланың бір-екі сенсорлық белгілермен таныстыру арқылы сенсорлық түсініктерінің жинақталуын қамтамасыз етпейді. Ол түс,форма, көлемге толық бағдарлануын талап етеді. Дегенімен, үш-төрт жастағы балаға қасиеттердің көптеген алуан түрлілігімен таныстыруды ұсыну қажет емес. Өйткені жалпы жүйе негізгі түстер спектрлері, бес форма (шеңбер, шаршы, тік төртбұрыш, үшбұрыш, сопақша), көлемнің екі түрі (үлкен және кіші) еңгізілген. Жалпы жүйеге сәйкес баланың дәл осы түс, форма, көлем туралы түсініктерді меңгеруге міндетті.

Баланың көлем, форма, кеңістікте бағдарлана алуы нәресте кезеңінен қалыптаса бастайды. Бала әр қадамында заттардың көлемі мен формасын, кеңістікте дұрыс бағдарлана алуын ескеру керек екенін мойындайды.

Заттардың көлемін дұрыс анықтау және сәйкестендіру, заттардың ұзындығын талдау – бұл баланың алғашқы математикалық түсініктерін қалыптастырудың қажетті шартты болып табылады. Бала өз тәжірибесінде заттардың көлемін салыстыра отырып, әрі қарай сандық қатынастарды аз-көп, тең-теңсіздікті тани бастайды. Баланың заттардың көлемі және ұзынырақ-қысқарырақ, жоғары-төмен, тар-кең, аз-көп түсініктерінің қатынасын түсінуі математикалық байланыстарын көрсетуге мүмкіндік береді.

Форма, көлем сияқты қоршаған заттардың негізгі қасиеттерінің бірі; ол геометриялық фигуралардың жалпылама көрінісі. Яғни , геометриялық фигура – бұл заттардың формасы мен бөліктерін анықтауға септігін тигізетін эталон. Баланың геометриялық фигуралармен танысуын екі бағыт бойынша қарастыруға болады: геометриялық фигуралардың формаларын сенсорлық қабылдау мен геометриялық ойлау арқылы қарапайым математикалық түсініктерін дамыту. Бұл бағыттардың айырмашылықтары бар. Сенсорлық тұрғыда геометриялық фигуралармен таныстыру алғашқы математикалық түсініктерді қалыптастыру кезеңінен ерекшеленеді. Дегенімен, форманы сезім түйсігінің көменсіз қабылдау саналы логикалық ойлауға көшу мүмкін емес. Заттардың формасын сенсорлық қабылдау баланың тек заттардың қасиеттерін анықтауға ғана емес, сонымен қатар басқа заттардан табуға, салыстыра білуге бағытталуы қажет.

Жоғарыда айтып кеткендей зиятында,сөйлеу тілінде, қимыл-қозғалысы мен сенсорлық ауытқушылғы бар 4-5-6 жастағы кейбір балалар түс, форманың атауларын меңгеруде, заттардың шынайы бейнесі мен сөйлеу барысындағы атауының арасындағы байланыстарын орнатуда қиындақтарды сезінуі мүмкін. Баладан заттарға сәйкес атауды арнайы сақтауды және қолдануды талап етпей, керісінше, әрдайым баланың жіберген қателіктерін түзету қажет. Бұл жастағы балаларға заттармен түрлі әрекет жасау тән. Бастапқы да баланың бір сенсорлық белгі бойынша біркелкі заттарды топтастыруға жаттықтыру: көлем, форма немесе түс. Бұл кезеңдегі оқытудың міндеті – заттардың сенсорлық қасиеттеріне баланың зеййінін тұрақтандыру, көлем, форма, түс бойынша біркелкі заттарды ажыратуға және ұқсастықты табудың қарапайым әдістерін қалыптастыру. Дегенімен, дидактикалық материал түрінде біркелкі заттар қолданылады. Заттармен әрекетті орындаудың реттілігі үшін сөйлеу арқылы хабарлап отыру керек: дәл осындай әртүрлі, үлкен, кішкентай, форма, түс. Оқытудың келесі кезеңінде баланы әртүрлі заттарды бір сенсорлық белгі бойынша сәйкестендіруге үйрету. Дидактикалық материал ретінде геометриялық фигураларды және оған сәйкес ұяшықтарды қолданады. Кейінен баланың заттардың сенсорлық қасиеттері мен сапасы туралы білімдерін қарапайым өз еркімен орындалатын әрекеттер жағдайында жүзеге асырған жөн. Бұл кезеңде оқытудың мақсаты заттардың белгілеріне тән форма, көлем, түске баланың қатынасын бекіту, баланың таныс обьектінің ерекшеліктерін жеткізу де қандай да бір белгілерін өз бетінше қолдана білуге ынталандыру. Материал мен құрал ретінде түрлі түстегі қарындаш пен бояуды, түрлі түстегі, формадағы, көлемдегі парақ беттерін қолдануға болады.

Көлем. Бұл жаста балалар бірдей және әртүрлі өлшемдегі заттарды салыстыруға, түрлі белгі бойынша салыстырудың нәтижесін белгілеуде нақты сөздерді қолдануға үйрету: ұзындырақ-қысқарырақ, бірдей (ұзындығы бойынша біркелкі), кең-тар (ені бойынша біркелкі), аласа-биік (биіктігі бойынша біркелкі), аз-көп (көлемі бойынша біркелкі). Бұл жастағы дамуында ауытқуы бар балаға заттардың әртүрлі параметрдегі сөйлеуінде қолдану қиынға түседі, яғни биіктігін ұзындығынан, енін қалындығынан және т.б Балалар заттардың көлемін белгілеуде жиі нақты емес сөздерді қолданады. Мысалы, биік үйді үлкен дейді, ұзын лентаны дәл осылай атауы мүмкін.

Геометриялық формалар. Балаларды ең бірінші геометриялық фигураларды ажыратуға, ал кейінен оларды атауға үйрену қажет. Геометриялық фигура туралы білімдерін нығайту үшін әртүрлі анализаторларды (сенсорлық эталон) қосу қажет. Мысалы, әрбір балаға дөңгелек және шаршы беріледі. Мұғалімнің өзінде де сол түстегі және көлемдегі фигура болады. Мұғалім балаға дөңгелек көрсетеді және дәл осындай фигураны көрсетуді сұрайды. Бала дөңгелекті таңдап көрсетуі тиіс. Бала екі фигураның ішінен дөңгелекті тапқаннан кейін пішінді сипап сезу арқылы зерттеу қажет: берілген фигураның сызбасын сызып шығу. Мұғалім балаларға дөңгелектін шетін қалай сызу керектігін және қолдың қимылына зейінін аудартады.тОсы әрекеттен кейін мұғалім атын атайды: «Бұл дөңгелек». Дәл осы жұмыс шаршымен жүргізіледі. Бала бастапқыда әр фигураның түсіне және формасын қарамай бәрдей қабылдайды. Сондықтан да келесі сабақта мұғалімнің қолындағы текше мен фигура көлемі, пішіні және түсі жағынан ерекше болуы қажет. Тапсырманы орындау ережесі дәл сондай: менің қолымдағыдай фигураны көрсет. Осыған орай, бала фигураны барлық заттардың белгілерінен фигураны ажыратуға біртіндеп үйрене бастайды. Жоғарыдағы әдісті бастапқыда дөңгелекпен салыстыру арқылы үшбұрышпен таныстырғанда қолдануға болады.

Түс. Балаларды түстермен таныстыруға мұғалім ерекше көңіл бөлуі қажет. Түстердің ерекшелігі оны сыртқы белгілері (қолмен, ыммен) бойынша зерттеуге болмайды. Бұл кезеңде екі негізгі міндет шешіледі: баланы түстерді ажыратуға және түстерді дұрыс атауға үйрету. Алғашқы кезеңде ең бірінші баланың зейінін заттың түс қасиеттеріне аудартып, түс бойынша бірдей заттардың айырмашылықтарын және ұқсастықтарын құрудың қарапайым амалдарын қолдану, «түс» деген сөздің мәнін түсіну. Әрі қарай түс бойынша әртүрлі заттарды сәйкестендіруге және түс бойынша обьектілерді топтастыруға үйрету.

Балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруда көрнекті құралдар маңызды орын алады. Ол баланың психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, ойлау қабілетін дамытуға негіз болатын нақты және жалпылама арасындағы байланысты қамтамасыз ету қажет. Дидактикалық материалды өтілетін сабақтың тақырыбына сай таңдалады. Сонымен қатар дидактикалық материал баланың жас ерекшелігіне сай, көрнекті құралдың көрнекті және шығармашылық деңгейде орындалуы тиіс. Белгілі бір әрекетті үйрету материалдармен жұмыс жасау амалдарының сөздік нұсқауымен ұштасуы қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналы.Мектептегі кітапхана №2 2013 жыл,№4 2014 жыл.

2.Дефектология журналы №3 2014 жыл.



Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Учитель начальных классов
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Методика преподавания информатики в начальных классах»
Курс повышения квалификации «Возрастные особенности детей младшего школьного возраста»
Курс повышения квалификации «Актуальные проблемы обучения детей с нарушением слуха в образовательных организациях общего и среднего профессионального образования»
Курс повышения квалификации «Сопровождение детского отдыха: от вожатого до руководителя детского лагеря»
Курс повышения квалификации «Средства педагогического оценивания и мониторинга в работе учителя в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы»
Курс повышения квалификации «Мотивация учебной деятельности в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Применение современных педагогических технологий в образовательном процессе в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика преподавания иностранных языков в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Репетиторы онлайн

✅ Подготовка к ЕГЭ/ГИА
✅ По школьным предметам

✅ На балансе занятий — 1

Подробнее