Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалыМетодический рекомендация "Жанұялық қатынас психологиясы"

Методический рекомендация "Жанұялық қатынас психологиясы"

Скачать материал

 

 

 

 

ЖАНҰЯЛЫҚ ҚАТЫНАС ПСИХОЛОГИЯСЫ

СОӨЖ – на және семинар сабақтарына арналған әдістемелік нұсқау 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Тақырып№1. Жанұялық қатынас психологиясы пәніне кіріспе

 

  І.   Қарастырылатын сұрақтар:

 1.  Жанұялық қатынас психологиясы пәнінің мақсаты? 

 2. Халыққа білім беру,денсаулық сақтау, мектепке  дейінгі тәрбие мен мәдени ағарту мәселелеріндегі негізгі  ықпал етуші күш – жанұя жайында. 

3. Жанұя өмірінің әдебі мен психологиясы жайында ғылыми негіздегі ой тұжырымдар.

4. Қоғамдағы неке – ер мен әйелдің ерікті де тең құқылы одағы.

5. Жанұяның негізі бақыт көзі неде?

 

   ІІ.   Ой – толғау тақырыптары:

1.      Қазіргі кездегі некелік – жанұялық қатынастардағы ерлі зайыптының  қандай деңгейдегі дайындығы маңызды екендігін дәлелдеу:

- адамгершілік дайындығы

          - этикалық дайындығы

- психологиялық дайындығы

- педагогикалық   дайындығы

 

     ІІІ. Ізденіс тапсырмалары:    

         Жастарды жанұялық өмірге психологиялық дайындаудың негізгі мәселелері төмендегідей ізденіс тапсырмалары негізінде  қарастырылады:

1.Жалпы әлеуметтік тұрғыда  

2.Әдеп  

3.Құқылық тұрғыда  

4. Психологиялық тұрғыда  

5. Физиологиялық – гигиеналық тұрғыда  

6.Педагогикалық тұрғыда  

8. Экономикалық – шаруашылық тұрғысынан  

     

  ІУ.  Жүйелі бағдарлама, сыныптар деңгейі негізінде -    болашақ жанұя  иелерін тәрбиелеу    негізгі фактор.

   І- ІҮ сынып оқушыларымен адам өміріндегі жанұяның маңызы,әке мен шешені,ата мен әжені, аға- іні,апа – қарындасты сыйлау жайында әңгіме жүргізген пайдалы.Балалар осы тақырыптарға арналған өлеңдерді жаттайды,ата аналарын ертеңгіліктер мен жиындарға шақырады., ата – аналарына өз қолдарымен сыйлықтар әзірлейді және т.б. Осындай жұмыстардың  мазмұны кеңейе, күрделене  түссе маңызы зор.

  ІҮ –Ү сынып  оқушыларымен мына тақырыптар төңірегінде әңгіме өткізуге болады: «Сенің жанұяң», «Ата – анаңның жастық шағы», «Сенің жанұядағы міндеттерің», «Әке – шешең жұмыстан оралды», «Нағыз жолдас деп кімді айтуға  болады», «Адамға дос қажет».

 ҮІ –ҮІІ сыныпта оқитын жасөспірімдермен мынандай тақырыптарға: «От басының жылуы», «Ананың алдындағы мәңгі қарыздарлық», «Әке алақанының жылуы», «Жанұядағы мінез – құлық мәдениеті», «жанұядағы мінез-құлық мәдениеті», « Қайратты да күшті бол, денің сау болсын!»,       « Жанұяда кім кімге жәрдемдеседі »,   « Ұл мен қыздың достығы »-әңгіме жүргізуге болады.

   Жастық шақта енді ғана аяқ басқан сегізінші сынып оқушыларына бағыштап       « толымдырақ» тақырыптағы әңгімелерді енгізу қажет: « Өзіңді-өзің тәрбиелеуің қажет », « Сенің жанұядығы еңбегің», « Дос тапқың келсе - өзіңде дос бола біл»,« Махабат туралы сөз».

  Осылардың бәрі мектеп тен тыс жұмыстармен, радио, телехабар және кітап-журналдардан алынған мәліметтермен толықтырылады.Сөйтіп ,жоғары сыныпқы барғанға дейін оқушыларда жынысы бөлек өкілдер арқасындағы өзара қарым-қатынас,тәрбие жөнінде,жанұя туралы мағлұматтар жинақталады. Дегенмен, бұндай білімнің мағынасына әлі де әлсіз, үзік-үзік, байланыссыз болып келеді.

    Сондықтан  ҮІІІ – Х сыныптарда жанұя өмірінің әдебі мен психологиясы,гигиеналық және жыныс тәрбиесіжайлы міндетті түрде өткізілетін сабақтар бұл түсініктерді бір жүйеге келтіріп, оларды терең түсінуге жәрдемдесуге хақ. Бұл сабақтар әке мен шешеге, жақын мен туысқа, жанұяға, оның рухани құндылықтарында ілтипаттылықпен қарауға тәрбиелеудегі ата-ана мен мектептің бірлесіп жүргізген сан алуан жұмыстарының қортындысы кезеңі болып табылады.

   Гигиеналық және жыныс тәрбиесінен түрлі жұмыстар өткізуге болады.Жастардың жыныс өзгешеліктеріне, олардың денсаулығын нығайтуға, ерлі зайыпты болуға, жанұя құруға, бала тәрбиелеуге байланысты мәселелерді тереңірек қарастырған дұрыс.Ұлдар мен қздардың жеке гигиенасының өзіндік ерекшеліктерін де білу қажет.

  Бұндағы мақсат – қыздар мен жігіттерді жанұя құруды қажетсінуге,некелесуге дайын болуға, жанұя ішіндегі қатынастарды дұрыс құрып, болашақ балаларын тәрбиелей білу дағдыларына  үйрету.

   ІХ – ХІ сынып оқушыларымен жұмыс жүргізу үшін: «Жеке бастың  бақыты жеке адамның ісі ме?» , «Қазіргі заман адамы болу дегеніміз не?» тақырыптарға пікірталас өткізу; «Адам абыройы: мен мұны қалай түсінемін?», «Шынайы махаббаттың мәнісі не?», «Ата – ана шаңырағы барлық істің бастаушысы», «Дүниедегі жақсылықтың бәрі махаббаттан басталады», «Жан дос дегеніміз кім?», «Адам абыройы:мен мұны қалай түсінемін?», «Бәрімізде балалық шақты басымыздан өткіздік», «Қазіргі бойжеткендер мен бозбалалар», «Сүйгеніңе жауапкершілікпен қарау дегенді қалай түсінуге болады?» тақырыптарына реферат жазу, « Аналарды қастерлей білейік» ( қазіргі және бұрынғы ақындар ана туралы),         «  Әке алақанымен Күн көтеріледі» ( көркем әдебиеттегі әкелер бейнесі), « Міне,махаббат та келді» ( Сүйіспеншілік сезімінің алғаш пайда болу әдебиетпен кино) тақырыптарына оқырмандар конференциясын өткізуді ұсынуға болады.

 

                      Тақырып №2. Жанұя туралы ұлы ғалымдардың ой-пікірлері.

 

   І.   Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Ағартушылардың жанұя тәрбиесі жөніндегі ой- пікірлеріне шолу.

  2. Халықтық педагогикадағы – жанұя тәрбиесінің маңыздылығы жайындағы тәлімдік ой – тұжырымдар. 

 3. Отбасы тәрбиесіне қатысты тәлім-тәрбиелік идеялар  жайында.   

 

          Тақырып №3. Жанұяның баланың жеке тұлға болып қалыптасуындағы рөлі.

   І.   Ізденіс тапсырмалары:    

1. Отбасы – бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да , еңбек ұжымы да, дос жарандары да, отбасы – бұл әдеп пен өнер кілті де. Осыдан педагогтер нақты да дәл тұжырымға келіп отыр:

1.Тұлғаның қалыптасу нәтижелігі отбасыға тәуелді.  

2.Отбасы қандай болса, онда өсіп, ер жеткен адам да сондай.  

   

ІІ. Қарастырылатын сұрақтар:  

        отбасы ықпалы басқа тәрбиелік әсерлердің бәрінен де күштірек. Жас ұлғаюмен ол әсер бәсеңдеуі мүмкін де, бірақ ешқашан да өз маңызын жоймайды;

        қандай да басқа жағдайларда қалыптасуы мүмкін болмаған сапа қасиеттер тек отбасында ғана өрісін алады;

        отбасы тұлғаның әлеуметтенуін қамтамассыз етеді, оның тәндік, моральдық және еңбектік тәрбиесіне болған мүмкіндіктерді мейлінші шоғырландырып іске қосады. Қоғамның азамат мүшесі отбасыдан бастау алады, қоғам келбеті отбасыдан көрінеді;

        салт-дәстүр жалғастығын қамтамассыз ететін отбасы;

        отабасының аса маңызды әлеуметтік қызметтері – азамат тәрбиелеу, патриот қалыптастыру, болашақ жанұя иегерін кемелдендіру және мемлекет заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшесін жетілдіру;

        отбасының кәсіп таңдауға да тигізер ықпалы орасан.

ІІІ. Пікір – сайыс

Нарықтық экономикалық жүйеге байланысты отбасының тәрбие жетімсіздігінің кейбір себептері ретінде келесі жағдайларды талқылау:   

1.      Көптеген еңбеккер отбасылардың экономикалық жағдайының әлсіздігі.

2.      Қоғамдық өмір мәдениетінің төмендігі.

3.      Отбасы анасы - әйел мойнына артылған екіталай – жұмыс орнында, жанұяда ауыртпашылық.

4.      Көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моралдық себептердің салдарынан болып жатқан ерлі-зайыптылардың ажырасуы.

5.      Бала тәрбиесінде ер адам әйел көмекшісі деген қоғамдық пікірдің белең алуы.

6.      Күннен күнге шиеленісіп бара жатқан әулеттер арасындағы бәсеке, дау-дамай.

7.      Отбасы мен мектеп арасындағы байланыстың күннен-күнге әлсіреуі.

 

ІУ. Ой – толғау тақырыптары:  

1.      Балаларына құрмет көрсете алатын отбасы.

2.      Қайырқом, мейірлі отбасы.

3.      Күнделікті дүниепараздыққа жүгінген отбасы.

4.      Алауыз, жауласқан отбасы.

5.      Теріс әлеуметтік бағыттағы отбасы.

6.      Ата мен анлардың педагогикалық үйлесімсіздігі жайлаған отбасы.

7.      Тұрпайы тәрбие әдістерімен қаруланған отбасы.

 

У. Бекіту сабағы:

Отбасының негізгі міндеттеріне төмендегідей мәселелерді жатқызуға болады:

Ø  Баланың өсіп жетілуіне қолайлы жағдай тудыру;

Ø  Балаға әлеуметтік-экономикалық, психологиялық қорғау жасау;

Ø  Отбасындағы тәрбиелік тәжірибені сақтау, болашақ отбасылық өмірге даярлау, үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу;

Ø  Өзіне, басқа туысқандарға көмек көрсетуге, қызмет жасауға, қолданбалы іскерлігімен дағдысының қалыптасуына үйрету;

Ø  Өзін-өзі бағалауға, өзіндік позициясының қалыптасуына тәрбиелеу.

            Ғалымдардың пікірі бойынша отбасы тәрбиесінің міндеттерін шешу үшін келесі келесі принциптерді қызмет барысында басшылыққа алу қажет:

Ø  өсіп келе жатқан адамға ізгілік, қайырымдылық қатынас жасау;

Ø  балаларды отбасының өміріне араласу, қарым-қатынасындағы ашықтылық, сенімділік;

Ø  отбасының қарым-қатынасындағы оптимизм;

Ø  талап қоюда бірізділік пен жүйелілікті сақтау, балаға шамаға лайықты көмек көрсету, сұрақтарды жауапсыз қалдырмау және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                          Тақырып  №4. Отбасы түрлеріне сипаттама, жіктелуі.

         Соловьев: «Қаншама қажеттілік болса сонша

 отбасының функциясы болады»

              І.   Қарастырылатын сұрақтар:

            1.Отбасының функциясы – барлық мүшелерінің қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты болатын отбасының өмірлік әрекетінің сферасы:

1.1.Отбасының тәрбиелік функциясы.

1.2.Шаруашылық-тұрмыстық функциясы. .

1.3.Отбасының эмоционалды функциясы. 

1.4.Қоғамдық рухани (мәдени) функциясы . 

1.5.Алғашқы әлеуметтік бақылау функциясы.  

1.6.Отбасының жыныстық функциясы.  

        

            ІІ.   Ізденіс тапсырмалары:    

Психологтардың мәліметтеріне қарағанда отбасының бақыты үшін көп нәрсе керек емес, соның негізгілеріне талдау жасаңдар:

Ø  басқаға бағытталу (оны түсіне білу, көңіл бөлу, оның қызығушылықтарын, тілегін, талғамын ескеру);

Ø  қалыпты, шиеленіссіз қарым-қатынас;

Ø  сенім және жағымды әсер ету;

Ø  бір-бірін түсіну;

Ø  қалыпты жыныстық өмір;

Ø  үйдің болуы (отбасындағы проблемелардан демала алатын жерлердің болуы».

 

ІІІ. Бағдарлы шолу:       

     Тақырып: Отбасының даму стадиялары:  

1. А-стадиясы. Ерлі зайыпты өзара қарым-қатынас құру кезіндегі баласыз жас отбасы. Ол некеге тұрған күннен басталады және әйелі күйеуіне ана болатынын айтқанда аяқталады. Отбасының негізгі міндеті «БІЗ» образын қалыптастыру, бір тұтас өмір сүруге үйрену шектеулі еркіндік шеңберіне бір-біріне бейімделу, өз сенімдерін отбасылық болмыстакөрсете білу.

Б – стадиясы. Тұңғышын тосу кезіндегі жас ерлі зайыптылар. Мұнда бастысы аяқ ауырлығымен байланысты жаңа міндеттер мен сезімдерге бейімделу.

2. Стадия. Отбасы қалыптасуы.

Негізгі міндет – ерлі зайыптылардың ата-ана рөліне бейімделуі, нәресте және мектепке дейінгі баланы қажеттіліктерін ескеріп отбасылық өзара қарым-қатынас қайта құру.

3.Стадия. Тұрақтану немесе балаларды тәрбиелеу.

Ерлі зайыптылардың міндеті-мектепке дейінгі және жеткіншек жас баланы тәрбиелеу, оларды өз бетінше өмір сүруге дайындау.

 

Тақырып  №5. Жанұяның  жіктелуі (формалары, отбасындағы қарым-қатынастың түрлері).

  І.   Пікір – сайыс:

 

1.      Дәстүрлі. Азаматтық немесе діни неке.

2.      Тіркелмеген неке.

3.      Мезгілмен шектелген отбасы.

4.      Тоқтатылатын отбасы.

5.      Кездесіп жүретін отбасы.

6. Мұсылман отбасы.

7.Швед отбасы.

8. Ашық отбасы.

 

 

 

ІІ. Бағдарлы шолу:

1. Беделді ата-аналар-талапты ашық, мейірімді бала тәрбиелейді.  

2.Авторитарлық ата-аналар-ашушаң балалармен ұрыс-керіске жақын тұрады.

3.Қатал емес, мейірбан ата-аналар - бұл адамдардың балалары албыртты, ашуланшақ болып келеді.

 Бағдарлы шолу жасау:

3.1.Гиперпротекция;

3.2.Гипопротекция;

3.3.Көңіл-күй;

3.4.Болжамға келмейтін көңіл-күй реакциясы;

3.5.Жоғары рухани жауапкершілік жағдайының көрінісі.

    4.Эмоционалдық шектен шыққан жағдай (эмоционалды суық отбасы).

    5. Болжауға келмейтін эмоционалды реакциялы отбасы – бұл отбасының адамдарының көңіл-күйі ойламаған жерден ауысып кетіп тұрады, бұл балаға қатысты.  

Бағдарлы шолу жасау:

5.1.Жоғары моральды (рухани) жауапкершілік жағдайы – бұл жағдай ата-ананың баладан көп үміт күтетінімен байланысты.  

 

Тақырып №6. Отбасы қарым-қатынасының психологиясы.

  І.   Қарастырылатын сұрақтар:

1. 1. Эмоционалды қарым-қатынаста қажеттілік пен тәрбие;

1.2.  Өмірдің мәнінің қажеттілігі мен тәрбиесі;

1.3.  Жетістікке жетудегі қажеттілік пен тәрбие;

1.4.  Нақты жүйенің іске асу ретіндегі тәрбие;

1.5. Тәрбие белгілі бір қасиеттерді қалыптастыру ретінде;

 

ІІ. Бағдарлы шолу:

Тәрбие стратегияларында туындайтын қиыншылықтар:

Негізгі қиыншылықтар ата-ананың баласының тәртібін, сабағын, дос таңдауын т.б.қадағалаудан туады.

Негізгі көп тараған отбасылық тәрбиенің ата-анамен баланың арасындағы қайшылықтарға тоқталамын.

Авторитарлы ата-аналардың ересек балаларынан міндетті түрде бағынуын талап етеді. Олар не себепте мұндай талаптар қойғанын түсіндіруге ойланбайды. Сондықтан бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас бұзылады.

Кейбір жағдайда ата-аналар ересек балаларын қараусыз, көңіл бөлмей қалдырады. Мұндай жағдайда бала үлкендерден көмек, олардан үлгі, ізгілік іздейді. Гиперопека – балаға көңіл бөлмеу, алда өмірлік бақылауда болуда балаға кері әсер етеді.

Гиперопека – балаға артық көңіл бөлу, шексіз баланың өміріне бақылау жасау, бей-жайлыққа құрдастарымен араласуға бөгет болады. ата-ана мен баланың арасындағы рухани байланыс үзіледі. Ересек бала өз ісін өзі шешкісі келеді, бірақ ата-ана мүмкіншілік бермейді. Ересек баламен ата-ананың арасында түсінбеушілік болады, егер оны кішкентай бала сияқты ұстаса. Баланы біресе кішкентай, біресе ересек құқында ұстаса осы кезде де түсінбеушілік туады. 

  ІІІ.   Пікір – сайыс:

Түсінбеушілікті ситуацияның 4 түрі бойынша талдау:

1.      Түйінді мәселеден кету (таза іскерлік байланыс).

2.      Дүние қандай бағада болса да (үлкенге баламен байланысы бәрінен қымбат). Ересек адам қандай да болмасын жағымсыз баланың қылығын көрмей оны мақтан етеді.

3.      Қалай болса да жеңіс (ересек адам қалай болса да жеңіп, керексіз түрдегі баланың тәртібін басқысы келеді. Егер ол жеңілсе, басқа бір жағдайда жеңуге тырысады. Бұл ситуация шексіз.).

4.      Келісім. Бұл вариант жекелеген жеңіс болуы мүмкін қай лагерде болсын. Бұған міндетті түрде бірге бару керек. Бұл деген бірігіп жасалған нәтиже.

 ІУ.   Ізденіс тапсырмалары:    

   Отбасы қарым-қатынасының дұрыс болмауынан келіп шығатын тәрбиедегі қателіктерді қарастыру:

 4.1.Баланың қуанышы, күйзелісі, қайғысы секілді ішкі жан дүниесіндегі толқыныстарды көре тұра мән бермеу, не оны байқамау, осындай балаға қамқорлық пен бақылаудың жетіспеушілігін-гиперпроекция деп атаған;

4.2.Қазымырлық пен көден бір елі таса қылмай, бақылаудың да жақсылық әкелмейтіндігін белгілеп, оны әсіреқамқорлық (гиперпроекцияның) күшті түрі деп белгілейді. Бұған душар болған балалар өсе келе еркіндікті қатты аңсайды да, оған қолы жеткен кезден бастап, жүгенсіз кеткен жылқы секілді алды-артына қарамай әр түрлі жағымсыз жағдайларға ұшырайды. Кейде мұны реттеп алу қиынға соғады да, баланың болашағы күмәнді істерге соқтырады;

4.3. Баланың жүріс тұрысын мүлде бақылаусыз қалдыру, кетірген қателіктеріне ескертулердің болмауы, тиымсыздық, тойымсыздық балаларды ызақорлық пен алаңғасарлық, қанағатсыздыққа тез сынып қалатын жігерсіздікке соқтырады;

4.4.Ауруын, әлсіздігін сылтаулатып, ата-анаға дегенін істетуөзімшілдік, тәкаппарлық, бағасын арттыру секілді қылықтардың қалыптасуына соқтырады. Сондықтан, ауру баланың жағдайы қаншалықты назар аудару талап ететінін нақты мөлшерлеу күрделі болса да,и аса маңызды мәселе екенін естен шығармау керек;

4.5.Баланың өзін қажетсіз сезінуі, ешкімге керек емес екенін түйсініп, сезінуі тұрлаусыз, секем алғыш секілді жүйке әлсіздігіне соқтырады және талма ауруына бейімділігін арттырады;

4.6.Отбасындағы қаталдық: ата-ананың өзара қарым-қатынасындағы қаталдық-рақымсыздық пен қатыгездіке жоқтан өзгені сылтауратып әлімжеттілік істейтін бейбастық, содырлыққа соқтырады «тазы ашуын тырнадан алады» дейді қазақ, мұндай мінезді;

4.7.Балаға әлі жетпейтін міндеттер жүктеп, одан ерекше міндет күту сағын сындырып, кінәмшілдік, өзіне сенімсіздік тудырады. Себебі, ол әке-шешесі күткен үмітті ақтай алмаймын-ау деген қорқынышта болып, шамасы келмейтініне көзі жеткендіктен, өзін нашар, әлсіз сезінеді;

4.8.Тәбиедегі қарама-қайшылық: әкесі бір сөз айтса, бала кімнің тілін аларын білмей, кімдікі дұрыс, кімнің айтқаны қате екенін ажырата алмай дал болады да, ақыры өз білгенін істеп кетеді. Сөйтіп, ол ешкімнің ақылын тыңдамайтын, ересектердің ой-пікірімен санаспайтын тоңмайын, тілазар болып өседі.

 

У. Бекіту сабағы:

 Ата-ананың балаға ықпал ету әдістері бойынша  талдау жасау:

5.1.Ықпал ету арқылы баланың өзіне сенім нығайту;

5.2.Ықпал ету арқылы баланың психикасын тежеу;

5.3.Ықпал ету арқылы қуаныш сезімін ояту;

5.4.Ықпал ету арқылы теріс әрекеттерге итермелеу деп топтастыруға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-кесте. Ата-ананың балаға ықпал ету әдістері  бойынша нәтижелерін кесте негізінде  аяқтау:

Әдістер

Мазмұндық көрсеткіштер

Нәтижелері

1.      Ықпал ету арқылы баланың өзіне сенімін нығайту.

Нандыру,сендіру, иландыру, ақыл-кеңес, іс-әрекетін, қуаттау, нұсқау, қолдау, орынды көтермелеу, дәлелдеу, дұрыс бағалау, әділ ескерту, баламен санасу, пікірлес болу т.б.

?

 

 

 

 

2.      Ықпал ету арқыл етежеу.

 

 

Ата-ананың балаға өз дегенін күштеп істетуі, қақпайлау, пиғылын көрсету, санаспау т.б.

 

?

 

3.      Ықпал ету арқылы қуаныш сезімін ояту.

Орынды мақтау, мадақтау, көңілін көтеру, демалысын ұйымдастыру, керекті деңгейде қажетін өтеу т.б.

 

?

4.      Теріс әрекетке түрткі болатын әдістер.

Баланың ырқына көну, артықша еркелету, балаға мән бермеу, бақылаусыз қалдыру, жәбірлеу, ұрысу, орынсыз кінәләу, алдау, мазақ ету, нашар үлгі көрсету т.б.

 

?

 

 

2-ші кесете.Төмендегі отбасы тәрбиесінің мазмұндылығы бойынша шарттарын  толықтыр?

 

 

    Шарттары

Мазмұны

1

Отбасы тәрбиесінің ??

1.      Бала болашағын болжауы

2.      баланы дұрыс тәрбиелеуге ынтасы

3.      Адамгершілік бағытты ұстануы

2

Жақсы үлгі-өнеге көрсету ??

4.      Ата-ананың шынайы беделінің болуы

5.      Әке мен шешенің өзара сыйластық қарым-қатынасы

6.      Балаларының арасында сыйластық, достық қарым-қатынас орната білуі

7.      Басқалармен сыйластық қарым-қатынаста болу

3

Ата-ананың

??

8.      Балалардың жас ерекшелігі педагогикасы мен психологиясынан мәліметтенуі

9.      Тәрбиелеу ұстанымдарын (принциптерін) меңгеруі

10.  Болажампаздығы пед. жағдайларды шеше білуі

4

Ата-ана ??

11.  Балаға сөзін тыңдата білуі

12.  Баланы соңынан ерте білуі

13.  Баланы жақсыға еліктете алуы

14.  Балаға жақыны, сырласы, ақылшысы бола білу

5

Отбасы тәртібі туралы ??

15.  Отбасындда тәртіп орнатуы

16.  Отбасы тәртібін балаға мойындатуы

17.  Тәртіп туралы білімі

18.  Өзі тәртіп үлгісі болуы

6

Отбасында ??

19.  Баланың өзіне сенімін арттыра білуі

20.  Күнделікті өмірден қуанышты  сәттер таба білуі

21.  Баланың жақсылығын арттырып, жаманын жасыра білуі

22.  Баламен бірлескен іс-әрекетте қуаныш сезімін туғыза білуі.

 

 

    Тақырып №7 Отбасылық жанжал, оның мәні және құрлысы мен пайда болу себептері.

 

  І.   Қарастырылатын сұрақтар:

1.Отбасылық өмірге деген әр түрлі көзқарастар;

2.Күтпеген жағдайлар мен отбасылық өмірмен байланысты тілек-талаптарға қанағаттанбау;

3.Ерлі-зайыптылардың біреуінің ішімділікке салынуы;

4.Ерлі-зайыптылардың опасыздығы;

5.Дөрекілік, бір-біріне деген түсінбеушілік;

6.Күйеуінің үй шаруасының жұмыстарына кіріспеуі;

7.Тұрмыстың дұрыс қалыптаспауы;

8.Күйеудің әйел жағының туыстарын сыйламауы, не болмаса керісінше;

9.Әр түрлі рухани қызығушылықтың және тілектің бірдей болмауы, және т.с.с.

 

ІІ.   Ізденіс тапсырмалары:   Оқымыстылардың отбасылық дау-жанжалдың  негізгі себептеріне шолу жасау:

 

2.1. А.И.Кочетов:   

·         Ерлі-зайыптылар этикасының бүлінуі (қызғану, көзге шөп салу);

·         Табиғи үйлесімділік;

·         Ерлі-зайыптылардың бірінің туыстары мен араласатын адамдарына қарым-қатынастың дұрыс болмауы;

·         Талап-тілектер мен қызығушылықтың үлесімсіздігі;

·         Балаға деген әр түрлі педагогикалық ұстанымдардың болмауы;

·         Ерлі-зайыптылардың біреуіне не екуінің де жақсы мінездердің жетіспеушілігі;

·         Ата-аналар мен балалардың арасындағы түсініспеушіліктің болмауы.

 

2.2. В.А.Сысенка:   

·         Жыныстық қарым-қатынаста ерлі-зайыптылардың біреуі                                                      қанағаттанбауы;

·         Өздік "Мендіктің" дұрыс бағаланбауы қажеттілігіне қанағаттанбаушылық (екінші жақтан өзіндік сезімнің бүлінуі, қарым-қатынаста сыйламаушылық, реніш, балағаттау, күнделікті сын);

·         Біреуінің не екеуінің де жағымды эмоцияларға қанағаттанбаушылығы (мейірімділіктің болмауы, нәзіктік, қамқорлық көңіл бөлу мен түсіністік, ерлі-зайыптылардың  бір-біріне психологиялық жатырқау, эмоционалды салқындылық);

·         Ерлі-зайыптылардың біреуінің ішімдікке құмарлық, азартты ойындарға және басқа да жағымсыз нәрселерге әуес болып, үлкен ақшалай шығындарды жұмсауы;

·         Ерлі-зайыптылардың қаржылық айтыс-тартыстары (өзара бюджеттік сұрақтарға байланысты, ерлі-зайыптылардың әрқайсысының отбасын асырап, соны материалды салыммен қамтамасыз ету);

·         Өзара көмек пен талап-тілектерге, өзара қолдауға, бірлесіп жұмыс істеуге және үй шаруашылығында қанағаттанбау;

 

 ІІІ. Ой толғау:    Жас отбасыларыда некеге жеңіл-желпі қарау  4 фактордан көрініс табатыны жайында :

1.      Жастардың өмір сипатын ауыстыруына дайын еместігі;

2.      Тұқым арасындағы қарым-қатынастың қиындығы;

3.      Некеге гедоностикалық түрде қарау (одан тек қана біріңғай жағымды нәрселерді күту);

4.      Отбасына керекті дайндықты орындау функциясы жиынтығының жоқтығы.

Тақырып №8 Халықтық психология мен педагогикадағы жанұя тәрбиесі

      

        І.   Қарастырылатын сұрақтар: 

           

1. Жанұя тәрбиесiнiң салалары:

1.1. Бесік тәрбиесі

1.2. Ұл бала тәрбиесі

1.3. Қыз бала тәрбиесі

1.4. Келін тәрбиесі

   ІІ.   Ізденіс тапсырмалары:     Ата-ананың қандай  жағдайларды естен шығармауы жайлы сұрақтарды қарастыру:

1. Ата-ана өз мiндеттерiн, жауапкершiлiгiн шын мәнiнде сезiнсе.

2. Ата-ананың бiрiн-бiрi сыйлауы, бiрiне-бiрi құрмет көрсетуi отбасы өмiрiнiң бiрлiгiн ұйымдастырады. Шаңырақтағы береке бiрлiк жөнiнде халық «Алтау ала болса ауыздағы кетедi, төртеу түгел болса – төбедегi келедi» деген.

3. Отбасының ересек мүшенлерiнiң жағымды үлгi- -өнеге сарқылмауы  қажет.

4.  Отбасы   өмiрiнiң  тәртiптiлiгi,   жинақылығы  сақталғаны   жөн.  

 1.Тұрмыстық гигиеналық.

5. Отбасы мүшелерiнiң бiр – бiрiне қамқорлығы мен  еңбекшiлдiгi.

6. Балаға деген сүйiспеншiлiк пен оған қоятын талаптардың  ақылға сыйымдылығы.

        1.  Баланы тым жақсы көру.

7. Баланың мiнез-құлық ерекшелiгiмен ата-ананың санаса бiлуi.

 8. Отбасындағы бала тәрбиесiне әр түрлi әдiстердi қолдану.

9. Баланың ойынына, еңбегiне көңiл көтеруiне ата-аналардың үнемi араласып отыруы керек.

10. Ата - аналардың  мәдени ой- өрiсiн кеңейтiп отыруы қажеттiлiк.

11. Отбасының мектепке дейiнгi мекемелермен, мектеппен және басқадай тәрбие орындарымен байланыстылығы өте  маңызды.

ІІІ. Ой толғау:      Жанұя тәрбиесi жөнiнен мол    тәжiрибесi  бар халқымыздың педагогикалық мұрасы негізгі фактор.   

 

Тақырып  №9.  Ата – ананың тәрбие жұмыстарын орындау деңгейі және жыныстық тәрбие ерекшелігі.

            І.   Қарастырылатын сұрақтар: 

 1. мектеп әкімшілігі тарапынан педагогикалық жетекшілік ету мәселелеріне жеткілікті түрде көңіл бөлмеу; 

2. оқытушылардың мектеп оқушысын отбасында тәрбиелеудегі педагогикалық жетекшілік бөлімі бойынша теориялық және практикалық білімінің жетіспеушілігі;

3. баланы отбасында тәрбиелеуде ата-аналардың педагогикалық дайындығы тиімділігінің жетіспеушілігі;

4.  ата-аналармен жұмыс түрлерін келісудің нашарлығы (жеке, топтама, топтама түрде жүргізілген жұмыстардың өзара байланысты болмауы, бір-бірін толықтырмайды, бөлектелген);

5.   баланың жас ерекшелігін және жеке ерекшеліктерін есепке алудағы кемшіліктер.  

               ІІ.   Ізденіс тапсырмалары:     

Отбасын толығымен, оның әлеуметтік-педагогикалық құндылығын  зерттеп-біліп, мектеп оқушысының отбасындағы тәрбиесі тиімді болуы үшін оның  қағидаларын талдау:

            2.1 . Отбасы тәрбиесіндегі ата-аналардың мақсат пен тапсырмаларды түсінуі.

            2.2. Ата-аналардың әлеуметтік жауапкершілікті түсіне білуі. 

2.3.Мектеп тарапынан педагогикалық жетекшілікке ата-аналардың

түсіністікпен қарауы.

2.4.Ата-аналардың педагогикалық білім деңгейін үнемі жоғарылатып

отыруы және оларды отбасы тәрбиесінде пайдалана білуі.

2.5.Мектеп пен отбасының оқушы тәрбиесіндегі бірауыздылығы және келісімі.

ІІІ. Ой толғау  Ата-аналардың отбасындағы тәрбие жұмыстарының деңгейін айқындау: .  

            БІРІНШІ ДЕҢГЕЙ. Балаларды тәрбиелеуге байланысты талаптарды ата-аналар түсінеді, отбасында тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттерін дұрыс түсініп, мектептің педагогикалық көмегін қабылдайды, педагогикалық білімдерін жоғарылатуға байланысты жұмыстар атқарады, балаға деген өздерінің қоятын талаптарын мектептің қоятын талабымен келіседі (

ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙ: Балаларды тәрбиелеуге байланысты талаптарды ата-аналар түсінеді, отбасында тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттерін дұрыс түсініп, мектептің педагогикалық көмегін қабылдайды, педагогикалық білімдерін жоғарылатуға ұмтылады, бірақ, өздерінің педагогикалық білімдерін отбасы тәрбиесінде ылғи да дұрыс пайдалана білмейді, өз іс-әрекеттерін үнемі мектеппен келісіп отырмайды, үнемі сабағын бақылап отырмайды  

ҮШІНШІ ДЕҢГЕЙ: Ата-аналары мектеппен тиісті байланысты үнемі ұстанбайды, тәрбиеге жиі жауапсыз қарайды, педагогикалық білім деңгейлері төмен, кейбір кездері ата-аналар баланың қалыптасуына әсерін тигізе із қалдыратындай, өздерін моральдық тұрғыда дұрыс ұстамайды. Мұндай даңгейдегі ата-аналар жағдайы қолайсыз отбасыларда кездеседі  

Осыдан барып ата-аналардың үш түрлі тобы пайда болады:

            Бірінші топтағы ата-аналар балаларының тәрбиесіне жауапты қарайтын ата-аналар, олардың  психологиялық-педагогикалық дайындығы жақсы.

            Екінші топтағы ата-аналар  балаларының тәрбиесіне жауапты қарайтын ата-аналар, бірақ, педагогикалық білімдері жетіспегендіктен, балаға әрдайым дұрыс ықпал ете алмайтындар. Мұндай ата-аналар тәрбие жұмыстарына байланысты лекциялар, әңгімелесулер, жеке ақыл-кеңес түріндегі көмектерді қажет етеді. 

Үшінші топтағы ата-аналар өздеріне жүктелген тәрбие жұмыстарын меңгере алмайды. Мұндай ата-аналар үнемі өздеріне назар аударуды қажет етеді. Бұл жағдайда психологпен, әлеуметтік педагогпен, жайсыз отбасының  пайда болуына себеп болған нақты дәлелді анықтаған ұстаздармен келісілген жүйелі түрде жұмыс жүргізілуі қажет.

           

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Әдебиеттер:

1.         Семейная психология  Л Б Шнейдер. Екатеринбург 2006г.

2.         Семейная педагогика Ю П Азаров, М, 0985г.

3.         Практическая психология Г С Абрамова. Екатеринбург, 1998г.

4.         Социология семьи. А Н Авдеенко. М, 1998г.

5.         Роль семьи в появлении расстройств у детей. Семейная психотерапия. Н Аккерман Питер, 2000г.

6.         Индивидуальное и семейное психологическое консультирование Ю Е Алешина. М, 1994г.

7.         Цикл развития семьи: исследование проблемы  Ю Е Алешина.

8.         Полоролевая дифференциация как комплексный показатель отношений супругов. Ю Е Алешина, И Ю Борисов.

9.         Социально –психологические методы исследования супружеских отношений Ю Е Алешина, Л Я Гозман, Е М Дубровская. М,1987г.

10.     Семейная психология. Т В Андреева. СПб: Речь 2004г.

11.     Представления супругов о распределении ролей и становление ролевой структуры молодой семьи. Е В Антонюк. М, 1992г.

12.     Становление ролевой структуры молодой семьи и ее восприятие супругами. Е В Антонюк.

13.     Психологические и социальные функции полоролевых стереотипов. В С Агеев 1987г.

14.     Воспитание детей. Взаимодействие полов. А Адлер Ростов-Н/Д, 1998г.

15.      Понять природу человека . А Адлер СПб,1997г.

16.      Психология и психотерапия семьи Э Г Эйдемиллер В Юстицкис. Питер 2000 г.

17.       Развод: крах или новая жизнь? К Аронс М, 1995г.

18.      Педагогический потенциал семьи и проблема социального инфантилизма молодежи. Отец в современной семье. Э. Арутюнянц Вильнюс, 1988г.

19.       Половые роли в детстве: структура и развитие. Детство идеальное и настоящее. Э Арчер. Новосибирск, 1994г.

20.      Синтаксис любви (типология личности: прогноз парных отношений).А. Афанасьев. М, 1997г.

21.      Семья: книга для учащихся старших классов. Т М Афанасьева. М, 1985г.

22.        Ваш беспокойный подросток. Р Т Байярд, Д Байярд. М, 1991г.

23.      Понятие адаптации и его значение для психологии личности. Вопросы психологии. Г А Балл. 1989г.

24.      Воспитание детей в семье. А М Бардиан. М, 1972г.

25.      Стратегия выбора партнера. Д Басс. Хрестоматия «Сексология». СПб, 2000г.

26.      Теория семейных систем М Боуена. К Байкер. Вопросыихологии. 1991г.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша әдебиеттер:

  1. Стратегия выбора партнера. Д Басс. Хрестоматия «Сексология». СПб, 2000г.
  2.  Теория семейных систем М Боуена. К Байкер. Вопросы психологии. 1991г.
  3.  Кинетический рисунок семьи: введение в понимание детей через кинетические рисунки. Р. С Бернс, С Х Кауфман. Пер. с англ. М, 2000г.
  4.  Бесплодный брак. Под ред. Р Дж. Пепперела, Б Хадсона, К Вуда. М, 1979г.
  5.  Семья, вчера, сегодня, завтра. И В Бестужев-Лада. М, 1979г.
  6.  Ступени к семейному счастью. И В Бестужев-Лада. М, 1988г.
  7.  Влияние дифференцированной социализации на развитие личности мужчин и женщин. Дж. Х. Блок. Практикум по социальной психологии. СПб, 2000г.
  8.   Восприятие и понимание человека человеком. А А Бодалев. М, 1982г.
  9.  Личность и общение. А А Бодалев. Избранные психологические труды. М, 1995г.
  10.  О взаимосвязи общения и отношения. А А Бодалев. Вопросы психологии.1994г.
  11.  Психология межличностных отношений. А А Бодалев. Вопросы психологии. 1993г.
  12.  Малодетная семья: Социально-психологическое исследование. В В Бойко. М, 1980г.
  13.  Семейные факторы девиантного материнства. Семейная психология и семейная терапия.  ВИ Брутман, А Я Варга, В Ю Сидорова, И Ю Хамитова. 1999г.
  14.  Формирование привязанности матери к ребенку в период беременности. В И Брутман, М С Родионова. Вопросы психологии. 1997г.
  15.  Психология жизненных ситуаций. Л Ф. Бурлачук, Л Ю Каржова. М, 1998г.
  16.  Ребенок из неблагополучной семьи. М И Буянов. М, 1988г.
  17.  Семейная терапия. Р. Бэндлер, Д Грендер, В Сатир. Воронеж 1993г.
  18.  Системная семейная психотерапия. А Я Варга. Краткий лекционный курс. СПб, 2001г.
  19.  Психология переживания Ф. Е Василюк. М, 1984г.
  20.  Любовь, брак, сексуальное партнерство. Г С Васильченко. М, 1990г.
  21.  Кризисы любви: системная психотерапия Берта Хеллинга. М, 2001г.
  22.  Проблемы супружеского благополучия. К Витек. М, 1988г.
  23.  Гармония семейных отношений. В Владин, Д Капустин. Минск, 1988г.
  24.  Танцы с семьей: Семейная терапия: символический подход, основанный на личностном опыте. К Витакер, В Барберри. М, 1997г.
  25.  Правда, о женщинах. Дж. Виткин. 14 мифов, сочиненных мужчинами. СПб, 1996г.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Методический рекомендация "Жанұялық қатынас психологиясы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий хозяйством

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 391 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.11.2015 2038
    • DOCX 153.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Болатбекова Назгуль Жоламановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 29870
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Детская психология: диагностика особенностей развития, психологическая помощь и психокоррекция

Психолог

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 767 человек из 79 регионов

Курс повышения квалификации

Творческие ментальные состояния

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 23 регионов

Курс повышения квалификации

Обучение без стресса. Психосоматика

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 25 регионов

Мини-курс

Медиа и коммуникации в современном обществе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 27 регионов

Мини-курс

Анализ эффективности проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Самосовершенствование: шаги к личному росту и эмоциональному благополучию

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 179 человек из 53 регионов