Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Методическое пособие: "Бастауыш сынып оқушыларының cабақ барысында ауызша және жазбаша тілдерін дамытуға арналған ойындар"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Методическое пособие: "Бастауыш сынып оқушыларының cабақ барысында ауызша және жазбаша тілдерін дамытуға арналған ойындар"

библиотека
материалов

«Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№2 орта мектебі»КММ












Бастауыш сынып оқушыларының cабақ барысында ауызша және жазбаша тілдерін дамытуға арналған ойындар.


(әдістемелік құрал)








hello_html_m1a13f42f.jpg





















2014ж



Алғы сөз.


Тіл қарым-қатынас құралы, адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастырады. Тілді үйреті әдісі үнемі заман талабына, уақыт ағымына қарай өзгеріп отырады. Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна.

Тілді дамыту – Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының өзекті бағыттарының бірі болып табылады. Себебі елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстанның болашығы қазақ тілінде» - деп тұжырымдайды.

Біздің мектебіміздің де басты проблемасы осы тіл. Бұның себебі, баланы қоршаған әлеуметтік орта. Бала туғаннан бастап өз ана тілінің орнына өзге тілді естіп, тілі өзге тілде жаттықты десек те қате емес. Сондықтан да бала мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап, ұстаз өз алдына негізгі мақсат етіп тіл дамытуды алады. Аталған мақсатқа жету міндеттерді шешу жолдарын іздестіреді. Міне осы басты проблеманы көздей отырып, баланың ауызша және жазбаша тілін дамыту әдіс-тәсілдерін ойласытру қажет. Оны практикада пайдалану арқылы жетістікке жетіп, сосын көпшілікке ұсыну шарт.

Жұмыс барысында дәстүрлі емес формалардың әсері күшті. Бұл тәсілдер мен формаларды қолдану барысында білім алушылар өз еркімен еңбек етеді, жеңіл, тиянақты және тұрақты материалды меңгереді, тәжірибеде қолдана біледі.

«Құнды ақыл-ой дамуы ойынсыз болмайды, және болуыда мүмкін емес. Ойын-бұл үлкен, жарық терезе. Осы терезе арқылы баланың рухани дүниесіне ағыммен көрініс пен түсінік келеді. Ойын-білімқұмарлығы мен талпыныстың отын жағатын ұшқын»-деп Сухомлинский жазғандай, ойын баланы оқыту мен тәрбиелеуде қажет.

Тіл дамытуда диалогтар, ребустар, сұрақ-жауаптар арқылы дамыту әдісі өте қолайлы. Мысалы, математика пәнінен өзімнің құрастырған сабағым: «Мақта қыз бен мысық», сабақ тақырыбы «Қайталау». Ертегіге саяхат барысында пән аралық байланыс кеңінен байқалды және әр оқушы кейпкерлердің дауысын салып, рөлге еніп, ертегіні жалғастыра отырып мысыққа әр ертегінің кейіпкерлерінің тапсырмасын шығара отырып құйрығын қайтарып алуға көмектесті. Бұндай сабақтың баланың тілінің дамуында ғана

емес, тәрбиелік маңызы да зор. Баланың тілін дамытуға арналған ойындар қазақ ауыз әдебиеті арқылы да жүзеге асырылады. Атап айтсам, ертегілер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар. Өз әдістемелік құралымда баланың ауызша және жазбаша тілдерін дамытуға арналған ойындар жинағын ұсынбақпын.

Бұл ойындарды сабақ барысында пайдалануға болады. Өз тәжірибемде көптеп қолданған ойын түрлерінің бала тәрбиесі мен тілінің дамуына әсері зор екенін сеніммен айта аламын. Ойындарды таңдаған кезде білім алушылардың ой-өрісін есепке алу қажет. Ойын балалардың құндылықты, жан-жақты психикасына әсер ететінін, олардың танымдылық қабілетін, тілін, үлкендер мен құрдастарымен қарым-қатынас дәрежесін, оқу қызметіне қызығушылығын ояту, балаға талдау, салыстыру, қорытындылау жасауды меңгеруге көмектесетін есте сақтау қажет.



Бастауыш сынып мұғалімі ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарды біліп, орындап отыруы тиіс:

  1. Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы тиіс.

  2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсіндірілген жөн.

  3. Ойынға сыныптағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз ету қажет.

  4. Ойынның жүру барысында мұғалім балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне жетелеуі керек.

Ойын элементтерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылықтарын арттырады.

«Құнды ақыл-ой дамуы ойынсыз болмайды, және болуыда мүмкін емес. Ойын-бұл үлкен, жарық терезе. Осы терезе арқылы баланың рухани дүниесіне ағыммен көрініс пен түсінік келеді. Ойын-білімқұмарлығы мен талпыныстың отын жағатын ұшқын»-деп Сухомлинский жазғандай, ойын баланы оқыту мен тәрбиелеуде қажет.

Ойындарды таңдаған кезде білім алушылардың ой-өрісін есепке алу қажет. Ойын балалардың құндылықты, жан-жақты психикасына әсер ететінін, олардың танымдылық қабілетін, тілін, үлкендер мен құрдастарымен қарым-қатынас дәрежесін, оқу қызметіне қызығушылығын ояту, балаға талдау, салыстыру, қорытындылау жасауды меңгеруге көмектесетін есте сақтау қажет.


Ойынның түрлері мен оларды өткізу ережелері.



«Дүкен»


Мақсаты: Баланың сөздік қорын молайту. Дыбыс туралы білімін тексеру, сөзде берілген дыбысты ажырата білу.

Дүкен сөресінде бір дыбысқа байланысты суреттер жатады. Сол белгіленген дыбысы бар суреттерді таңдап алу керек. Бұл ойынды кез келген дыбыс пен әріптерді өткенде қолдануға болады.

Және де тапсырманы ойын барысында қиындатуға болады. Атаған сөзін тақтаға жазғызып дыбыстық талдау жасау.




«Гүлдер алаңында»


Мақсаты: Сөздерге жұрнақтарды дұрыс қоса білу. Дыбыстарды дұрыс ажырата білу.

Ойынның ережелері: Тақтада жұрнақтар жазылған гүлдер ілініп тұрады. Жоғарыда, сандарымен, ұшып келе жатқан араларды гүлдерге дұрыс қондыру қажет. Мысалы араның үстінде «- інші» жұрнағы, қай санға бұл жұрнақ жалғанған кезде реттік сан есім шығады.

Ескерту: басқа да суреттерді қолдануға болады, мысалы, қоян мен сәбіз.


«Адасқан әріптер»


Мақсаты: әріптерден сөз құрастырып үйрену арқылы сөз қорын молайту.

Ойынның ережелері: Тақтада бірнеше әріптер ілініп тұрады, сол әріптерден оқушылар бірнеше сөз құрастырулары қажет. Құрастырған сөзден сөйлем құрастырып, оны тақтаға жазу арқылы баланың жазбаша тілін де дамытуға болады.





«Адасқан буындар»


Мақсаты: Буындар арқылы сөзді дұрыс құрастыра білу.

Ойынның ережелері: Тақтада бірнеше буындар ілініп тұрады , сол буындардан сөз құрастыру керек.


«Адасқан сөздер»

Мақсаты: Сөздерден сөйлем құрастыру арқылы ауызша және жазбаша тілдерін дамыту.

Ойынның ережелері: Тақтада бірнеше сөйлемдер ілініп тұрады. Сол сөздерді пайдалану арқылы сөйлем құрастыру қажет. Бұл ойында «Сөйлемдердің байланысы», «Сөз таптары», «Сөйлем» тақырыптарында кеңінен пайдалнуға болады. Және де жазбаша тілін дамытуда сөйлемді буындап қайталау арқылы өз сыныптастарына шағын диктант та ұйымдастыруға болады.

«Мәтін құрастыру»

Мақсаты: Мәтін құрастыруға жаттықтыру (сайыс сабақта қолданылады).

Ойынның ережелері: Тақтаға тақырыпқа байланысты суреттер ілінеді, мысалы, «Менің Отаным-Қазақстан», «Біздің еліміздің қалалары». Сол суреттерге қарап, топтың әр оқушысы 2 сөйлемнен құрастырады. Соңында осы тақырыпқа байланысты мәтін шығуы тиіс. Сөйлемдер өзара байланыста болуы қажет. Әр топ өз мәтіндерін оқып шығады, толықтырады.


«Жас ақын»


Мақсаты: Сөздерді ұйқасын тауып, мағынасына қарай өлең құрастырып үйрету. Тапсырма барлық балаға бірдей берілсе де, бұл тапсырманы 2-3 оқушы ғана нақты орындайды деп айтуға болады.




Сондықтанда баланың тапсырманы орындап шыққаны емес, талпынысы мен өлең шумақтарының құрастыру жолын білуде.

Ұйқас сөздер беріледі,

Мысалы: жасыратын, асыратын, ұстазым, ұқсағым. Қарады, барады, жарады, қалады.


Жақсылықты асырып,

Жамандықты жасырып,

Мейірімді менің ұстазым,

Келеді апайға ұқсағым.


Артқа Жангүл қарады,

Оқуға ол жарады.

Алысқа ол барады,

Есімде менің қалады.


«Хайуанаттар бағында»

hello_html_m2632d24a.jpg

Мақсаты: Жануарлардың атауын есте сақтау, аңдарды сипаттау арқылы тілдерін дамыту.

Ойын ережесі: Ойын әр түрлі әңгімеден басталады. Мысалы: хайуанаттар бағына барамыз. Онда көптеген қандай жануарлар болады? Жабайы.

Торда жатқан аңдардың біреуін таңдап, атын атамай, алдында тұрған қағазға жазады. Кейін соған сипаттама береді. Әңгімелейді. Қосымша сұрақтар қойылады. Баланың айтқан сипаты мен әңгімесі бойынша басқа балалар оның қайсы аңды таңдап тұрғанын тауып алулары қажет. Балалар өз нұсқаларын айтқан соң тақтадағы бала қағаздағы аңның атауын көрсетеді.

Ескерту: Бұл жерде баланың сипаттама бергеніне, әңгімелегеніне, балалардың сұрағына және аң атауының дұрыс жазылуына мән берілуі қажет.




«Сенің есіңде ме?»


Мақсаты: Өткен тақырыптарды қайталау арқылы оқушының тілін, есте сақтау қабілетін дамыту.

Ойын ережесі: Өткен тақырыптардағы оқыған әңгімелерден үзінді ұсынылады. Әңгіменің атын, авторын атау керек, ол әңгіме не туралы қысқаша мазмұнын айтып беру.

аталған ойынды әр түрде өткізуге болады, мысалы, конвертке салынған сұрақтарды, ал балалар емтихан тапсырып көрейікші. Мына билеттер ана тілі әлемінен келді. Осы билеттерде ана тілі бойынша өтілген тақырыптарға байланысты тапсырмаларды орындау керек. Бұл ойын баланың алған білімін жүйелеуде де әсері зор.




«Дорба ашу»

hello_html_798ad797.jpg

Мақсаты: бәскелестік қабілетін дамыту, ұлтымыздың дәстүрімен таныстыру.


Ойын ережесі. Балалардың қызығушылығын ояту үшін дорбаның ішіне сыйлықтар салу: кәмпит, қалам, қарындаштар, т.б. Дорбаның сыртында қағазға жазылған сұрақтар ілініп тұрады. Мысалы:

  1. Ала шапан киеді күннің көзін сүйеді (қарбыз).

  2. Еңбек туралы үш мақал айтып бер.

  3. Мына жаңылтпашпен өз құрбылырыңды таныстыр. (бала оқып, оны балалрмен бірге жылдам айтуға тырысуы қажет).

Ескерту: тапсырманы тақырыпқа байланысты етіп те алуға болады. Ең алдымен дорбаны қай кезде ашатынын әңгімелеу қажет.


«Сүйікті әрібім...»


Мақсаты: оқушылардың дыбыс пен әріп туралы түсінігін кеңейту, сөздік қорларын дамыту, сұрақты тыңдап, түсініп жауап беруге.

Ойын ережесі: бала қалаған дыбысын таңдап алады. Сол әріптен басталатын сөздерді сұрақ қою арқылы айтқызу. Бала дұрыс жауап берген жағдайда отырған балалар қол соғады. Қате жауап берсе ойыннан шығады.



Мысалы, «А» әрібінен басталатын сөздер арқылы мына сұрақтарға жауап беру қажет:

- Атың кім? - Алтын.

- Фамилияң кім? – Амангелдинов.

- Қайдан келдің? – Ақтаудан.

- Немен келдің? – Арбамен.

- Онда не бар? – Ат бар.

- Кіммен келдің? – Атаммен.

- Қандай аңдарды жақсы көресің? – аю, арыстан.

- Досың кім? – Айнұр мен Аякөз.

- Қазір не істейсің? – Ақылдасамын.

- Қай тілді жақсы көресің? – Ағылшын.

Осындай алдын ала дайындалған сұрақтар қойылады. Балалардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында кішкене сыйлық дайындауға болады.




«Көңілді тізбек»

Мақсаты: Емле ережелерін меңгерту.

Оhello_html_m12df3c2a.pngйын ережесі: оқушылар өзара бір әріпке уәделеседі. Немесе бір бала әріп атайды. Сол әріпке сөздер тауып жазу қажет (аталған әріп бас әріп болуы шарт емес). Белгіленген уақыт аяқталған соң тоқтатып. Бір бала тақта алдына шығып өзі жазған сөздерді оқиды. Отырған балалар кездескен сөздердің ішінде өздері жазған сөздерді сызып тастап оытарыд. Қай балада қайталанбаған сөздер саны көп, сол бала жеңімпаз атанады.





«Бұл не? Бұл кім?»

Мақсаты: сөздік қорларын молайту, әр нәрсеге дұрыс сипаттама беруге үйрету.

Ойын ержесі. Алдын ала әзірленген, баланың басына кигізетіндей етіп жасалған суреттер арқылы ойналады. Бір бала тақтаға шығады. Ол баланың басына сурет кигізіледі. Бала ненің суреті екенін көрмеуі керек. Мысалы, бақаның суреті. Отырған балалар мынадай сипаттама береді:

  • оның түсі жасыл.

  • Ол өлең айтады, бірақ дауысы жаман.

  • Суды жақсы көреді.

  • Жаңбыр жауғаннан кейін көп болады.


  • Ол туралы өлең де бар.

  • Оның аяғы қисық.

  • Секіргенді жақсы көреді.

Берілген сипаттар арқылы бала суреттің атауын табуы қажет. Таба алмаса жаңылтпаш, жұмбақ немесе мақал айтқызуға болады.



«Гүлдер»


Мақсаты: оқушылар тапсырманы тез, қызыға орындау, септік жалғауларын, сұрақтарын тез меңгеру.

Ойынның ережесі: оқушыларға септік сұрақтары таратылады. Мұғалім бір септікті атаған сәтте, оқушылар сол септіктің сұрағын айтып, оны ретімен тақтаға қыстырады. Ойын барысында осылайша барлық септік сұралып, жеті жапырақ гүл бейнеленеді. Енді тақырыпқа сәйкес жіктеу есімдігін де еске түсіруге болады. Жікте есімдіктері бар жапырақшаларды таратып беру қажет (мысалы, сіз, сіздің, сізге, сізді, сізде, сізден, сізбен). Мұғалім сұрақ қояды. Мысалы: кім? Оқушы жауап беріп, жауабын жапырққа апарып қыстырады. Септіктер гүл тәріздес орналасқан.





«н – ма, ң – ба?»


Мақсаты: сөздерді дұрыс жазуға дағдыландыру, н, ң әрібін ажырата білуге үйрету.

Ережесі. Оқушыларға карточкалар үлестіріледі. Әр карточкада сөйлемдер бар. Бұл сөйлемдегі сөздерде н мен ң әрібі аусытырлып қойылған. Сондықтан да дұрысын табу қажет. Әр бала жеке жұмыс жасайды.

Мысалы: Атам күрекпен тонды ойды. Айдар тоңды киімілгішке ілді. Бәтеңке оң сом тұрады. Оң қолымда бес саусақ.


Дара етістіктерді күрделі етістіктерге айналдырып жаз.

Мақсаты: етістіктер түрлерін ажырата білу және дұрыс қолдануға дағдыландыру.

Тhello_html_3bf30f50.jpgақтада дара етістіктен тұратын сөйлем жазылады. Екі топқа бөлініп берілген сөйлемдерге күрделі етістікке айналдыру арқылы сөйлем құрап жазу.

Мысалы:

Малдар жайылды. – Малдар жайылып жүр.

Сиыр су ішті. – сиырлар су ішіп тұр.

Лақ секірді – лақ секіріп жүр.

Бұл ойынды морфологияны өту барысында әр тақырыпта қолдануға болады.



«Аудармашы»


Мақсаты: сұрақ қоя білу өнерін жаттықтыру, аудару жұмысына үйрету.

Ойын ережесі: бұл ойын екі адамның аудармашыны пайдалану арқылы әңгімелесуі. Үстелге 4 оқушы отырғызылады. Біріншісі


орыс тілінде сұрақ қояды. Екінші бала үшінші балаға ол сұрақты қазақ тіліне аударып жеткізеді. Үшінші бала қазақша жауап береді де төртінші бала жауабын орыс тіліне аударады.


«Қара және тыңда»

Мақсаты: оқушылардың зейінін тұрақтандыру, тілін жаттықтыру.

Ойынның ережесі: мұғалім бір затты көрсетіп, оның атын атайды. Мұғалім заттың атауын дұрыс атаса, балалар сол сөзді хормен қайталайды. Ал егерде дұрыс атамаса, онда тыныш қана отырады. Қателескен бала, мұғалімнің тапсырмасын орындайды.

Мысалы: мұғалім кітапты көрсетіп, мынау «кітап» десе, барлығы хормен қайталайды, ал егерде қарындашты көрсетіп «қайшы» десе үндемей отыра береді.


«Бақытты сәт»

Мақсаты: ойға шабуыл жасау арқылы, өткенді қайталау, сұраққа толық жауап беруге үйрету.

Ойын ережесі: оқушылар екі топқа бөлінеді. Сандықша ішіндегі санадыр бар жетонды таңдап алады. Түскен санға байланысты бір тақырыпта сұрақтар қойылады.

Мысалы:

  1. А. Құнанбаев Қай жылы дүниеге келген?

  2. Бала кезінде Абай қандай болған?

  3. Абайдың әжесі туралы не білесің?

  4. Абайдың қандай өлеңдерін жатқа білесің бе?

  5. Абайдың шәкірті кім болған?

  6. Абайды неге ұлы ақын дейді?

  7. Абайдың табиғат мезгілдері туралы өлеңдерін ата?

Сұрақтар тақырыптарға сәйкес алынады.



«Орнына қойып жаз»

Мақсаты: оқушылардың сөздердің айтылуы мен жазылуы туралы білімдерін тереңдету.

Ойын ережесі: Тақтада сөздер жазылған қағаздар немесе плакаттар ілінеді.


Мысалы:


Құл ұ/ы н Сө з/с із Күнд ү/і з

Жұлд ұ/ы з Аман к/г елді Түлк ү/і

Ше к/г ара Сә н/ң қой А щ/ш ы





«Күзгі жапырақтар»

Мақсаты: оқушының ойлау қабілетін жетілдіру, сандарды танып, дұрыс атауға дағдыландыру.

Ойын ережесі. Тақтада үлкен ағаштар мен ілініп тұрған сары жапырақтар. Мұғалім: Күз ачқталды. Желмен барлық жапырақтар жерге түсіп жатыр. Ал біздің ағашымызда да жапырақтар түсуге жақын-ақ тұр. Бірақ бұл жапырақтар жай жапырақтар емес, сиқырлы жапырақтар. Сендер тапсырмасын орындамай түспейміз дейді. Бала орынан тұрып жапырқатың санын атайды. Жақныдап келіп, жапырақты суырып алып, артындағы тапсырмасын оқиды. Тапсырма тақырыпқа сай алынады. Мысалы: өсімдіктің мүшелері? (1), өсімдік қай мұшелерімен тыныс алады? (2), өсімдіктің пайдасы неде? (3) Бала толық жауап беруге дағдылануға тиіс. Бұл ойынды жиі дүниетану сабағында «Өсімдіктер әлемі» тарауында пайдалаунға тыйымды.


«Мамандықтар әлемі»

hello_html_m7902dfe9.gif

Мақсаты: балалар адамдардың мамандығына қарай қандайқимыл-әрекет жасайтыны туралы түсініктерін кеңейту, сөздік қорын байытуға тәрбиелеу.

Ойын ережесі. Мұғалім мамандық сөзінің мағынасын түсіндіреді. Кейіннен кез-келген мамандықты атайды. Мысалы, дәрігер. Балалар: емдейді, қарайды, дәрі береді, ақ киім киеді . Мұғалім: үйретеді, жазады, баға қояды, ойнатады, оқытады. Мысалда берілген сөздер арқылы сол мамандық туралы өз ойларын жеткізулері қажет.


«Ілеспек»

Мақсаты: Зат есімдерді тез ата айтуға жаттықтыру арқылы сөздік қорларын молайту.

Ойын ережесі: бірінші оқушы не? немсе кім? Сұрағына жауап беретін бір сөз атайды, келесі оқушы сол сөздің соңғы дыбысынан басталатын сөз атауы қажет. Осылайша бір-біріне ілесіп, тізбек құрады. Атай алмаған оқушы ойыннан шығады. Солайша ілсеплеп азайып соңында екі бала қалып, бір-бірімен жарысады. Соңында қалған бала жеңімпаз атанады.



«Жатқа жаз»


Мақсаты: оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту, қатесіз жазу дағдысын қалыптастыру.

Ойын ережесі: Алдын ала дайындалған сөздер арқылы жүргізіледі. Сол сөздер кезекпен тақтаға ілінеді. Балалар оны дұрыс оқып, қалай жазылатынына назар аударады. Мұғалім ілінген сөзді алып тастайды. Оқушылар есте сақтаған сөздерін дәптерлеріне жазады. Бала сөзді дұрыс оқып, дұрыс жазуы тиіс. Соңында қатемен жұмыс жүргізіледі. Кейіннен сөйлем арқылы күрделендіру қажет.

Бұл ойынды суреттер арқылы да жүргізуге болады.



«Оратор»


Мақсаты: оқушының көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Ойын ережесі: Мұғалім әр балаға мәтін, ертегі, диалог, өлең жазылған парақтар үлестіреді. Балаларға 2 минут дайындық уақытын береді. Балалар дайындалып болған соң қағаздағы ұсынылған тапсырманы балалардың назарын өзіне назар аудара отырып, жеткізуі тиіс. Диалог болған жағдайда екі адам болып, дауыс ырғағын өзгерте сөйлеуі керек. Ертегі болса, оны мәнерлеп немесе әжеге, атаға келтіріп айтып беру.




«Қайтала» ойыны

Ойынның мақсаты: есте сақтау қабілетін жоғарлату, сөздік қорын молайту.

Ойынның ережесі: Мұғалім немесе ойнаушылардың бірі «Сынып», «Оқу құралдары» тақырыбы бойынша қандай да бір сөзді атайды. Екінші ойнаушы сол сөзді немесе осы тақырыптағы бір сөзді айтады. Осылайша әрбір ойыншы өз сөзін қосып айту үшін, оған дейінгі айтылған сөздерді ретімен қайталау қажет. Сөзді ұмытып қалған немесе сөз тіркестерінің ретін сақтамаған оқушы ойыннан шығады. Есте сақтау қабілеті өте жоғары оқушы жеңімпаз атанады.

Мысалы: І – кітап, ІІ-кітап, дәптер, ІІІ-кітап, дәптер, өшіргіш, т.б.


«Алтыбақан» ойыны

hello_html_23a83b3.jpg

Алтыбақан – ұлттық ойын. Мерекелерде, әсіресе Наурыз мейрамында алтыбақан құрылады. Жігіт пен қыз бір-біріне қарап ән шырқайды.

Ойынның мақсаты: ойында оқушылардың тілі, есте сақтау қабілеті, сөздік қоры дамиды. Өткен тақырыпты қайталау барысында білімін тексеруге көмектеседі.

Ойынның шарты: топпен жұмыс жүргізу барысында «Капитандар сайысын» осы ойын арқылы жүргізуге болады.

1-топтан қыз бала, екніші топтан ұл бала, қыз бала шығады.

Мысалы: ана тілі пәнінен өткен өлеңдерін жатқа айту. Ұл бала бастап келе жатып, өзі қалаған жерде тоқтайды, қыз бала тоқтаған жерден бастап жалғастыруы қажет.

1-сынып, «Он саусақ».

Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті -

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым ......

Қыз бала жалғастыруы тиіс:

.... орамды жүгіртеді қаламды,

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ.




«Бұл қалай өзгерген?»

Ойынның мақсаты: дыбыстар мен әріптердің айтылуы мен жазылу ерекшеліктерін оқушыларға меңгерту үшін жүргізіледі. Ойын барысында сөз ішіндегі әріптердің дұрыс жазылуына, бір әріптің өзгеруінен сөздің басқа мағынаға ауысып кететіндігіне назар аударту.

Ойын шарты: Мұғалім сөзді айтып тұрады. Мысалы: ор-өр, тор-төр, сан-сән, терек-зерек-керек, көл-шөл-төл. Оқушылардың тілдері әбден жаттыққан соң өздері де жүргізуші ретінде рөл атқара алады.






«Кім көп біледі?»


Мақсаты: сөздердің мағынасын ажыратуға дағдыландыру. Омоним сөздермен таныстыру.

Ойынның шарты: Оқушылар «Мұғалімдер» және «Оқушылар» болып екіге бөлінеді. «Мұғалімдер»

әр түрлі мағыналы сөздерді айтады, ал «оқушылар» осы сөздердің мағынасын түсіндіреді. «Мұғалімдер» мен «Оқушылар» өз рөлдерін ауыстырып отыруға болады.

Мысалы:

«Мұғалімдер»: «оқушылар»

Ара жәндік, құрал

Алма жеміс, қимыл, есім.

Ою өрнек, зат, қимыл

Қара түс, қимыл.



«Әр әріптен бір сөз»


Ойынның мақсаты: оқушылардың сөздік қорын молайтады.

Ойынның тәртібі: сынып 3-топқа бөлінеді. Әр топтан бір оқушыдан шығып, әрбір әріптің астына сөз жазады. Сөйтіп соңғы әріпке дейін бір топтың сөзі екінші топқа қайталанбауы керек. Қай топ ойынды тез аяқтаса. Солар жеңіске жетеді.

Мысалы:

1-оқушы. 2-оқушы. 3-оқушы.

О Қ У Ш Ы О Қ У Ш Ы О Қ У Ш Ы

р а а ы д р у ы а л р ы д а р

а л қ н ы м ы л н д а з а р ы

қ а ы ы с а р д а й м й с

қ т н ш ы а т

а р л ы

қ ы


«Ребусты шеш»

Ойынның мақасты: оқушылардың өтіліп жатқан дыбыс пен әріптің жазылу емлесі туралы түсінігі кеңейіп, бекітіле түседі. Мысалы: «у» дыбысының айтылуы мен жазылуын салыстыру, олардың дауысты не дауыссыз екенін ажыратқызуға төмендегідей мазмұнда ребус беріп, шештіруге болады.

Түйе

күрек

күріш

, , , , у , , ,



Жауабы: түйреуіш


қаз

Қауын


, , , ,,



Жауабы: қауын



От

аққу

, ,,

шы.

Жауабы: оқушы.


Ребустардың шешуін тапқан соң, сол сөздерге дыбыстық талдау жасау тапсырмасын беру қажет. Оқушының дыбыстарды ажырату деңгейі байқалады.



«Қол шапалақтау» ойыны

Ойынның мақсаты: есту мүшелері арқылы ойлау қабілетін дамыту арттыру.

Ойынның ережесі: бірнеше сөздерді балаларға оқу қажет. Олар сол сөздерден «Ұ» дыбысы бар сөздерді табуға тиіс. «Ұ» дыбысы бар сөзді естіген кезде қол соғу қажет.

Мысалы: құм, оқушы, ұя, үлгі, мұнда, үй, уақыт, ұлы, үйірме, жұмыс, түлкі, мұрын, тұңғыш.


«Кім қай үйде тұрады?»

Ойынның мақсаты: кез келген дыбысты, сол дыбыстан басталатын сөздерді басқа сөз дыбыстарынан ажыратуды меңгерту.

Керекті құралдар: төрт терезелі үйдің макеті. Әрбір терезенің астында қалта болады. Оған әріп қойылады.

Ойын ережесі: тақтаға шықырылған оқушы үстел үстінде жатқан әр түрлі құстардың аңдардың, үй жануарларының суреттерін бас әріптері бойынша сол дыбыс жазылған қалтаға салады. Белгіленген мерзімде орындай алмаса немесе орындарын ауыстырып алса – жеңілге ні.

hello_html_1a9f453c.gifhello_html_1a9f453c.gifhello_html_1a9f453c.gif


К

Қ

Т




қасқыр үкі торғай

қоян кірпі түлкі

шошқа ешкі тоқылдақ


«Тізбек» ойыны

Ойынның мақсаты: зат есімдерді тез тауып айтуға жаттықтыру.

Ойынның ережелері: бірінші оқушының бастап айтқан зат есімнің соңғы дыбысынан басталатын жаңа зат есім тауып айту тапсырылады.

Мысалы: бірінші бала кітап десе, екінші бала парта, үшінші бала ат, теңіз, завод, домбыра, асхана, айыр, рельс, сағат т.б. жалғастыра береді.


«Ұшты-ұшты» ойыны

Ойынның мақсаты: зеректік көрсетіп, жылдамдық таныту арқылы шапшаң ойлауға бейімдеу.

Ойынның ережесі: бастаушы айнала отырған ойыншыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын және ұшпайтын заттарды араластыра айтып отырады. Шарт бойынша тек ұшатын зат алғанда ғана ойыншылар қолдарын көтеруі қажет. Ал егер кім де кім ұшпайтын зат аталғанда қолын көтеріп қойса. Айыбын тартады. Ән салып, тақпақ айтады.

Ойын барысы, мысалы:

Ұшты, ұшты, ұшты – тарғақ ұшты (ұшады).

Ұшты, ұшты, ұшты – жарғақ ұшты (ұшпайды)

Ұшты, ұшты, ұшты – үкі ұшты (ұшады)

Ұшты, ұшты, ұшты – түлкі ұшты (ұшпайды)

Ұшты, ұшты, ұшты – үйрек ұшты (ұшады)

Ұшты, ұшты, ұшты – бүйрек ұшты (ұшпайды)

Ұшты, ұшты, ұшты – қызғыш ұшты (ұшады)

Ұшты, ұшты, ұшты – сызғыш ұшты (ұшпайды).






«Не өзгерді?» ойыны


Ойынның мақсаты: балалардың байқағыштығын арттыруға, әр нәрсеге зер сала қарауға үйрету. Сын есім туралы түсініктерін бекітеді.

Ойынның ережесі: мұғалім тақтаға бірнеше жан-жануарлардың суретін іледі де, оқушыларға орналасу тәртібін мұқият көруін ескереді. Сосын ойынның шарты бойынша балалар көзін жұмады. Ал мұғалім тақтадағы суреттердің орнын ауыстырып қояды. Не өзгешелік барын сұрайды. Әр сурет туралы сипаттама беруді талап етеді.


«Ұйқасын тап» ойыны

Ойынның мақсаты: сөздердің ұйқасын табуға дағдыландыру.

Қара өрік пен сары өрік

Ақ өрікті көріп пе ең?

Білсең қане айта ғой

Не жасайды (өріктен) ?


Кіп-кішкентай болса да,

Ағаштың басын иеді.

Жемісінен айырып,

Танимысың (шиені)?


Бір бұтаққа байланған,

Бір емес, жүз-жүзімен.

Табады лезде ойланған,

Не жасайды (жүзімнен) ?


Таңдаймнан дәмі оның,

Жыл бойына қалмаған.

Білсең қане айта ғой,

Не жасайды (алмадан)?


Айтылған өлеңнің соңғы сөзін ұйқасын тауып қана қоймай сұрағына жауап беру қажет.



Грамматикалық ойындар



Тауықтардың біруі,

Бес балапан шығарды.

Көптен күтіп жүр еді,

Інім қатты қуанды.

Кhello_html_ma9b08ca.gifүте-күте шаршадым,

Тауығымның астында,

Жатыр әлі нешеуі?


Көлден ұштыжеті қаз,

Қайтып қонды екі қаз.

Қонбады оның нешеуі,

Қане, кім тез табады?


Мұз айдында жеті бала,

Жүр асыр сап сырғанап.

Сырғанамай екі бала,

Жағалауда тұр қарап.

Енді осы бар баланың,

Санын айтсаң жарадың.


Оң жағынан бес ат,

Сол жағынан төрт ат.

Сонда неше ат болды?


Тал басында тізіліп,

Он жапырақ тұр еді.

Жел соққанда үзіліп,

Ұшып кетті біреуі.

Ізінше оның жұлынып

Тhello_html_m10bcc2f8.gifүсті тағы бесеуі.

Тұр әлі де ілініп

Жапырақтың нешеуі?


Ағам бізді жинады,

Сегіз қолғап сыйлады.

Бірін кидік оң қолға,

Бірін кидік сол қолға.


Бақшаға жақсы аға,

Көп-көп ойыншық келді алып.

Бір балық, екі есек, үш үйрек, төрт түлкі,

Бес бүркіт, алты арғымақ, жеті жарқанат,

Сегіз саулық, тоғыз тауық, он торпақ.

Қамқор болған ағамыз Біздер қанша баламыз?


Су құйып ем астауға,

Үш қаз ұшты аспанға.

Үш қасқалдақ, бірқазан,

Екі үйрек, бір сазан.

Бір көк серке, бір қарға,

Қосылды кеп бұларға.

Айтшы, неше құс ұшып жүр?

Неге екенін түсіндір?


Жаңа ғана шалғында,

Алты бұзау жүр еді.

Әлде шаршап қалды ма?

Жатып қалды біреуі.

Нешеуі енді жайылып

Жүргенін айт айырып.


Сөмкемде әуелі

Он үш жаңғақ бар еді.

Науат пен Маратқа,

Санат пен Сағатқа,

Апасына Қанаттың,

Екуден тарттым.

Қанша жаңғақ қалғанын,

Айта қойсаң жарадың.


Бәрі нешеу?

Түйе, бота маң басқан,

Шұңақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі,

Төрт қозылы екі қой,

Бәрін бірге ойлап қой.

Болма есепке сен шорқақ.

Ауызша жазбаша қосып шық,

Бақшаға жақсы аға әкелді қаншама ойыншық?


Дүкеннен көк сабын алдым,

Оның және қабын алдым.

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы алдым.

Есптеші сонда бәрі,

Қанша болды қолда бәрі?


Ақ көбелек шарқ ұрып,

Ағараңдап барады.

Көк көбелек соң тұрып,

Ұзара кейін қалады.

Күлгін түсті көбелек,

Көк құраққа қонады.

Қызыл қанат көбелек,

Гүл шырынын сорады.

Санап берші оларды

Бәрі қанша болады?



«Дыбыстар әлеміне саяхат» ойыны.

Ойынның мақсаты:әріптер туралы білімдерін тексеру, ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: Әр балаға жеке-жеке әріптерді тарату. Сол әріп туралы айту. Сөз құрау.


Сөз ойла, тез ойла!

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.

Ойынның шарты: Шашылған әріптерден бірнеше сөз құрау.


«Достасқан буындар».

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: Қатар отырған оқушылар ауызша орындайды. Орындау тәртібі бойынша бірінші оқушы қа буынын айтса, екінші келесі буынын тауып сөз құрауы керек


Жоғалған сөз”

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін, ауызша тілдерін дамыту.

Ойынның шарты: берілген мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қою


... келді. ... еріді. Құстар жылы жақтан ... ... . Ағаштарда ... жарылды. Гүлдер ... . Адамдар ... киінді. Малдар ... ... .


«Кім көп біледі?» ойыны.

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты:
1.«Б»дыбыстан басталатын сөзге мысал ойла.
2. Білгіштің хаты.
Біз Білгішбектен хат алдық. Ол өзенге барып балық аулапты. Жинаған балықтарының атында «б» дыбысы бар екен. Ол сендерден көмек сұрайды. Қандай балықтар екенін айтып жіберейік. (бекіре, табан, алабұға, камбала) (Дыбыс таңдау» ойыны. Сөйлемдегі сөздер бірдей дыбыстан басталу керек.
Мысалы: Оспан орманнан оралып, орындыққа отырды.


«Жоғалған әріп» ойыны.

Ойынның мақсаты: ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: Берілген сөздерде көп нүктенің орнына жоғалған әріпті таңдап қою керек.

... ор, ... алық,...ота, та... а,... оран.

«Кім тапқыр?». Ойыны.

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: Антонимдері бар мақал-мәтелдер жазу. Мысалы:
Ашу-..., ақыл-...


«Жалғасын тап» ойыны.

Ойынның мақсаты: оқушылардың ауызша тілдерін дамыту.

Ойынның шарты: Оқушылар мақал-мәтелдің жалғасын тауып, түсінгендерін ауызша айтады.
1. Отанды сүю... ... ...

2. Досы көпті жау алмайды, ... ... ... ...
«Сөзден сөз тер» ойыны.

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның мақсаты: Кез келген сөздер беріледі. Оқушылар берілген сөздегі әріптерден бірнеше құрастыру керек. Мысалы: бБауырсақ сөзі - бауыр, бал, су, ара, ар, ауа, қас, бақ ас, қар, сақ, қуыр, рас, сау.

Сөйлем қуаласпақ”

Ойынның мақсаты: оқушылардың көру, есту, ойлау қабілеттерін, ауызша тілдерін дамыту.

Ойынның шарты: Сынып екі топқа бөлінеді. Әр топқа суреттер үлестіріледі. Әр топтың оқушылары бір-бір сөйлемнен айтып, сол сурет бойынша ауызша мәтін құрастырады.


«Синтаксистік касса» ойыны.

Ойынның мақсаты: ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: Карточкада бірнеше суреттер көрсетіледі (адам, құс, т.б.) беріледі және қойылатын сұрақтар карточкасы жасалады. Суреттің үстіне сұрақтары айтылып қойылады.


«Кедергіден өту» ойыны.

Ойынның мақсаты: ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: Интерактивті тақтадан «кедергілер» көрсетіледі. Әр кедергінің өз тапсырамасы тақтадан көрінеді. Тапсырмалар топқа беріледі. Осылайша ойын соңында кедергілерден өтіп мәреге жеткен топ жеңіске жетеді.


«Шашылған әріп» ойыны

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: оқушыларға бірнеше әріптер беріледі. Сол әріптерден оқушылар сөз құрастырып шығарады. Мысалы, заж (жаз); ақба(бақа); рақ (қар); ғаша(ағаш); лмаа (алма); Аталау (Алатау); іпл (піл).



«Вагон құрау» ойыны.

Ойынның мақсаты: Оқушыларды шапшаңдылыққа тәрбиелеу.

Ойынның шарты: Әр топқа бірнеше вагондар беріледі. Әр балаға 1 вагоннан. Вагонның артындағы тапсырманы орындаған оқушы вагонды ретімен тақтаға келіп іледі. Қай топтың вагондары алдымен құралса, сол топ жеңіске жетеді.


«Атын айт» ойыны.

Ойынның мақсаты. Оқушылардың сөздік қорларын молайту.

Ойынның шарты: Интерактивті тақтадан бір-бірімен араласқан бірнеше суреттер тұрады. Оқушылар кезекпен шығып суреттерді «белгісі» арқылы топтан себебін түсіндіреді.

«Тізбек» ойыны

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін арттырады.

Ойынның шарты: ойын жүргізуші кез-келген бір сөзді айтады., ал келесі оқушы сол келтірілген соңғы әрпінен басталатын сөзді тауып айтуы қажет. 
Мысалы: Бақша-ана- Асхат- тарақ- қалам 
Берілген уақытта ең көп сөз атаған оқушы жеңімпаз атанады. 


«Алтыбақан» ойыны

Ойынның мақсаты: ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: сөздердің басқы әріптері қағаздың екі жағына жазылады. Топ мүшелері әріп таңдап алады. Қай топ көп сөз айтса , сол топ жеңіске жетеді.


«Адасқан дыбыстар» ойыны

Ойынның мақсаты: есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: бастауыш сынып оқушысына оқи отырып сөз мағынасын түсінуге көмек береді. Ойын ережесі бойынша, оқушы адасқан әріпті тауып, керекті әріппен ауыстырады. Мысалы: Күл деген жазуы бар көл суреті. Осы ойынға арналған сөздік материал: қыс- қыз, жас-жаз, қас- қаз, төрт-торт,орман –арман, 


«Шекараны сыз» ойыны.

Ойынның мақсаты: ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: оқушыға әртүрлі сөз жазылған парақтарды таратып беру, бұл сөздер Кім? Не? елдеріне, үй жануарлары мен жабайы аңдарға, үй құстары мен дала құстарына, ... тиесілі. Оқушыға басқа елде бір сөз қалмайтындай екі ел арасында шекара жүргізу тапсырмасы беріледі. Оқушы тапсырманы орындау үшін, оқып қана қоймай «даулы» жағдайда сізден кеңес сұрауы мүмкін. Аю- кім? немесе не?


Заттың атын айт”

Ойынның мақсаты: көру қабілеттері, ауызша тілдері дамытылады.

Ойынның шарты: Бірнеше балаға суреттер үлестіріледі. Әр оқушы өзінің суретін қалған оқушыларға сипаттайды, бірақ атын айтпайды. Заттың атын оқушылар тауып, айту керек.




Сиқырлы сандықша”

Ойынның мақсаты: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ауызша тілдерін дамыту.

Ойынның шарты: Оқушылар шеңберге тұрады. Музыка ойнап тұрады. Шеңбер бойымен “сиқырлы сандықшаны” оқушылар бір-біріне жібереді. Музыка тоқтаған кезде, кімнің қолында сандықша қалады, сол бала сандықшаның ішіндегі берілген тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер, әндер, өлеңдер айтады.



«Орамал тастамақ»

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ауызша тілдерін дамыту.

Ойынның шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады.Бастаушы балаларды айнала жүріп бір баланың артына орамал тастап кетеді. Артына орамалды тастағанын сезген бала менің артмда деп жауап береді. Артына орамалдың тасталғанын сезбесе ол өлең,тақпақ айтуы керек.

Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек.Ойын осылай жалғаса береді.



«Жаңа ертегі»

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін, ауызша тілдерін дамыту.

Ойынның шарты: Жүргізуші отырған балаларға ертегі кейіпкерлерін атайды, суреттерін көрсетеді. Мысалы: кемпір, шал, түлкі, арыстан, тышқан т.б. Аталған кейіпкерлерді біріктіре отырып жаңа ертегі мазмұнын құрастырып айтуды ұсынады. Балалар ертегі құрастырады. Ең қызықты ертегі ойлап тапқан бала жүргізуші болып ойын жалғастырады.
























Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 03.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров533
Номер материала ДВ-412691
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх