Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Другие методич. материалы / Методическое пособие "Домбыра үйрену әдістемесі"

Методическое пособие "Домбыра үйрену әдістемесі"

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy


СВИДЕТЕЛЬСТВО СРАЗУ ПОСЛЕ ПРОСМОТРА ВЕБИНАРА

Вебинар «Подростковая лень: причины, способы борьбы»

Просмотр и заказ свидетельств доступен только до 22 января! На свидетельстве будет указано 2 академических часа и данные о наличии образовательной лицензии у организатора, что поможет Вам качественно пополнить собственное портфолио для аттестации.

Получить свидетельство за вебинар - https://infourok.ru/webinar/65.html

  • Музыка

Поделитесь материалом с коллегами:





















«Домбыра үйрену әдістемесі»

(әдістемелік нұсқаулық)

























Орал, 2014ж





Мазмұны


  1. Кіріспе................................................................................................................3-4

  2. Домбыраның шығу тарихына қысқаша шолу................................................4-6

  3. Домбыра үйрену тарихы..................................................................................7-8

  4. Күй үйрену тәсілінің дәстүрлік сипаттары.......................................................8

  5. Музыкалық білім жүйесімен күй үйрену.......................................................8-9

  6. Күй тарту шеберлігінің сипаттары..............................................................10-11

  7. Күйлердің рухани тәрбие болатын сипаттары...........................................12-14

  8. Домбыра аспабында фортепиано сүйемелдеуімен шығарма ойнау........15-20

  9. Домбырада ойнауды үйрету әдісі пәні.......................................................20-36

  10. Музыкалық қабілеттер.................................................................................36-49

  11. Қорытынды.........................................................................................................50

  12. Қолданылған әдебиеттер...................................................................................51
































Кіріспе

Кәсіби оқу жүйесінің пәрменді түрдегі даму сатысы бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Домбыра аспабын терең меңгеруде, халықтық музыкалық терминалогияны сабақтастырып, сабақ беруде көмекші әдістемелік нұсқаулық ретінде пайдалану жөніндегі кейбір ой-пікірімді ортаға салып отырмын.
Қазақ халқының аспаптық музыкасы, соның ішінде домбыраға арналған күйлер ең жоғары кәсіби өнеріміздің бірі. Бізге жеткен күйлердің әуен ырғағы, тақырыбы мен мазмұны, халықтың көкейкесті ой-арманынан туған.

Ал, халық күйшілері сол күйлерді сақтап, келесі ұрпаққа жалғастырды. Қазіргі күйлер өмірдің тар жол бұралаңдарынан өтіп, біздің заманның айғағы болып отыр. Өткен ғасырдың соңында еліміз егемендік алып, тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, тарихымыз түгенделуде. Ендеше қазақтың күй өнері, күй жанры да өзінің тарихи түр-сипатын анықтап, дәстүрлік ерекшеліктерін белгілеп алуға тиіс. Мұның өзі, күй жанрының даму сапасының келешекте жоғары сатыға көтерілуіне жол ашып береді. Дәл осы кезеңде біз табиғи қалпы сақталған, әуен ырғағы бұзылмаған, бұрынғы нұсқасы өзгермеген күйлерді студенттерге үйретуге міндеттіміз, әрі мұны болашақта жас күйшіні тәрбиелейтін музыкалық білім көзінің қайнар бұлағына айналдыруға тиіспіз. Өйткені күй – қазақ халқының рухани асыл қазынасы.

Қазақта күйшілік өнердің сан ғасырлық даму тарихы бар. Ендеше, Ұлы Қорқыттан бастап ұлы халық күйшілері өзінен-өзі пайда болмағаны белгілі жай. Олардың тәлім-тәрбие алған ұстаздары болғаны, сол ұстаздардың арасында қазақтың әншілік, жыршылық, күйшілік, шешендік, ақындық сияқты өнер түрлері қалыптасқаны мәлім. Өнерді көріп, әдісін тауып баптайтын шынайы бапкер болғанда ғана шеберліктің шыңына көтерілуге болады.

Қазақта күй өнері тәжірибесі өте жоғары дәрежеде болғанын дәлелдейтін жүздеген көне күйлер, күй жанрының дәстүрлік сипаты, күй жанрының мектептері т.б. сапалық дамуы тарихи шындық. Халық өнерпаздарының өздері жасаған әдістемелік жүйесі бар екенін осыдан-ақ білеміз. Қазіргі домбыра үйрену әдістемесі ғасырлар бойы қалыптасқан күй үйрену тәжірибесінің қағидаларымен тығыз байланыста болуы керек.

Халық күйшілері қалдырған күй үйрену тәжірибесінің негіздерін жинақтап, қазіргі домбыра үйренудің жүйелі әдіс-тәсілдерін жасап, домбыра үйренудің болашақтағы бағыт-бағдарын анықтап алуды өмірдің өзі талап етіп отыр. Ең бастысы бұрынғы халық күйшілерінің күй үйрену тәжірибесінен адасып қалмау. Қүйдің мазмұнын түсініп, мәнерлеп жақсы тарту үшін шеберлік қажет. Күй тартудың барлық сырларын, оның тұнып тұрған әдістерін жүйелі түрде үйрену үшін ұстаздық үлкен тәжірибе керек, ғасырлар бойы қалыптасқан күй тарту өнерін жан-жақты меңгеру үшін әдістемелік жүйе керек.

Қазақтың домбыра өнері бүгінгі таңда екі бағытта дамып келеді. Біріншісі, ғасырлар бойы келе жатқан күйшілік өнер жолы. Екіншісі, қазіргі кәсіпқой домбырашылар дайындайтын музыкалық оқу орындары. Ендігі жерде, халқымыздың рухани талап-тілегін қанағаттандыра алатындай дәрежеде домбыра өнерін дамыту үшін, домбыра тарту шеберлігін жан-жақты зерттеген еңбек қажет. Көнеден келе жатқан күй өнерінің тарихы жайлы, дәстүрлік түр-сипаты және мектептері туралы жүйеленген бағыттары айқындалуға тиіс.


3


Батыс Қазақстан мектебінің орындаушылық дәстүрінде домбыраның барлық техникалық дыбыс мүмкіншілігін пайдалану салалары көп. Соның бірі оң қол мәселесі. Домбыра өнерінде Батыс Қазақстандық төкпе, Шығыс Қазақстандық шертпе тәрізді дәстүр қалыптасса, сол екі мектептің айырмашылығы қағыс түрлерінде. Батысқа тән күйлер оң қолдың сермей соғуымен орындалып, «қара қағыс», «ілме қағыс», «бөгеме қағыс» т.б. болып сан түрге бөлінсе, ал Шығыс Қазақстандық шертпе дәстүрінің ерекшеліктерінде күйлердің ән тектес әуенді, сазы мен жұмсақ нәзік үнді болып келуін саусақ басымен шертіп тарту әдістерін жатқызуға болады. Қазақ халқының дәстүрлі домбыра үйрену мектебінде аспапты меңгеруде түрлі әдіс-қағыстарды суреттейтін көптеген түсініктер бар. Осы сөздердің көбі дәстүрді сақтау және алға алып барудың керектігінен туған және күні бүгінге дейін ауызша үйрету жүйесінде белсенді түрде қолданылып келеді.


Домбыраның шығу тарихына қысқаша шолу

Қазақтың түбі терең тылсым тарихы, тұрмыс тіршілігі, ақжарқын көңілі, зіл басқан мұны, буырқанған ашу-ызасы, күйініші мен сүйініші, қуанышы мен сүйініші, сілемді сырлары, шалқар шабыты бәрі-бәрі домбыра пернесінде.
Домбыра – қазақ халқының жан сезімі, жан серігі. Домбыра – көшпелі елдің көне көз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі. Ол халықтың тарихи тағдырымен тамырлас. Тарихтың хатқа түспеген талай беттерін паш етіп, халқымыздың тарихнамасына айналды. Қазіргі кездері археологиялық олжалар домбырашылық дәстүрдің тамыры тым әріде жатқанын пайымдайды. Бұған Хорезмде жүргізілгген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған қос ішекті аспапта ойнап тұрған музыканттардың күйдірілген саздан жасалған бейнелер куә. Ғалымдар осыдан кемінде II мың жыл бұрынғы бұл бейнелердегі қос ішекті аспаптың қазақ домбырасымен ұқсастығын айта келіп, оның Қазақстан жеріндегі байырғы көшпелілер арасында ең кең тараған аспаптың бірі болғандығын дәлелдейді. Домбыра дәстүрінің көнелілігіне күні бүгінге дейін сақталып келген аңыз-күйлер айғақ бола алады. Түп тамыры терең архаикалық салт-санамен ұштасқан бұл күйлерде бағзы замандағы мифологиялық наным-сенімдердің сілемдері сақталған [1;56]. Халқымыздың көшпелі тұрмыс-тіршілігінің ерекшелігіне байланысты өнеріміз ғасырлар бойы тек қана жеке орындаушылық формада дамыды. Ол әр дәуірде, мәдениетімізде дарынды тұлғалардың дүниеге келуіне мүмкіндік туғызды. Аты аңызға айналған Кетбұғы, Асан Қайғы, Қарт Ноғай сияқты оның ең таңдаулы өкілдерінің есімдері біздің заманымызға да жетті. Олардың күйлері халқымыздың басынан өткерген қиын өткел, қилы кезеңдерін бейнелеп, халық тарихы туралы сыр шертеді.

Домбыра дәстүрінің дамуы XIX ғасырда өзінің шарықтау шыңына жетті. Мәдениетіміздің дәстүрінде көптеген профессионал күйші-композиторлар қалыптасып, күйшілік дәстүр көптеген мектептерге бөлінді. Бұл күйші-композиторлар өзіндік стильдік ерекшелігімен, қағыс техникасымен, музыкалық тілімен, орындау шеберлігімен оқшауланып, өнерімізде жарқын із қалдырды. 

Домбыра өнерінде Батыс Қазақстандық төкпе және Шығыс Қазақстандық шертпе тәрізді екі аспаптық дәстүр қалыптасты. Бұл екі дәстүр бір-бірінен композициялық құрылысы, ойнау техникасы, музыкалық тілі жағынан айрықшаланып дараланады.

4



Батыс Қазақстан күйлері негізінен шиеленіскен тартысты оқиғаларға құрылады. Терең философиялық толғанысқа толы бұл күйлерде куатты әрі толық қанды образдар жасалады. Төкпе күйлердің шертпе күйлерден айырмашылығы – оның бас буын, орта буын, кіші саға, үлкен саға болып келетін нақтыланған формасы бар. Бұл дәстүрдегі тағы бір ерекшелік – оң қол қағысында. Қағыстар оң колдың сермей соғуымен орындалып, қара қағыс, ілме қағыс, бөгеме қағыс сияқты сан түрге бөлінеді. Шығыс Қазақстандық шертпе дәстүрінің ерекшеліктеріне күйлердің ән тектес әуенді, сазды және жұмсақ нәзік үнді болып келуін, саусақ басымен шертіп тарту әдістерін жатқызуға болады. Олардың мазмұнына психологиялық суреттемелер, терең толғаныстар, әйелдердің нәзік бейнелері тән. Домбыра өнері бұл күнде де өз жалғасын тауып, дамып, өркендеп отыр. Өмірдің, тұрмыс-тіршіліктің жаңғыруына байланысты орындаушылық, дәстүр мен оның функциялары да қазіргі уақытта өзгеріске ұшырады. Алайда, домбыра күйлері бұдан жүздеген жыл бұрынғыдай халықтың рухани серігі болып, оның көңіл күйін, жас ұрпақтың болашағына деген толғанысын, арманы мен бақытына деген сенімін сақтап келеді.

Өнер - адамзат баласының бүгіні мен болашағы, сонау есте жоқ ескі күндерінің арасын үзіліссіз байланыстыратын күн мен түннің арақатынасы сияқты мәңгі ажырамас егізі. Кемеңгер Абайдың сөзін сабақтасақ, «туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең...» деген. Өткен күндерден жеткен інжу-маржандар көне тарихтан осылайша тағылым береді. Сырдың күрең топырағындағы өміршең өнердің бірі – күй. Күй шежіресі қадым замандардың қойнауынан бастау алады. Ғасырлардан дәстүрлі сабақтастығын тапқан күйшілік өнер Сыр бойында тамырын тереңге тартты. Әсіресе XIX ғасыр мен XX ғасырдың орта тұсында айрықша дами түсті. Дәстүр барынша кемелденіп, өмірге көптеген күйші-сазгерлер легі келді. Өнерлі өлкеде ғұмыр кешкен Сырдың дуалы ауыз азулы ақын-жыраулары рухани мұралардың кемел түрлерін сомдады. Айтқаны өмірдің оғындай мүлт кетпейтін жезтаңдай шешендер өтті бұл өңірден. Әншілер мен сал-серілер сайын дала төсін думанға бөледі. Қарт қобыз бен қарағай домбыраның бауырынан күй сауған балды бармақтар өтті. Сыр өнері сан рет түледі. Тек аттарын атай бастағанның өзінде Сыр күйшілері есімінен көз сүрінер еді. Қорқыт баба, Сасықбай бақсы, Дайрабай қобызшы, Жақайым Жарықбас бақсы, Әлім Әйтім күйші, Құрманай Төремұрат, Домақ Тәппет, Қоңырат Әлшекей, Жақайым Аймағамбет, Кенжегұл, Теңізбай, Айсүгір, Төренияз, Нышан Әз, Шал Мырза, Қазанғап. Алпысыншы жылдарға дейін өмір сүрген Жалғасбай Аралбаев, Байтақтың Төлебі, Керейұлы Ақжол, Әлібек Бәйкенов, Дәулетбай Елтаев, Шөмекей Көшкінбайдың Әбілдасы, Сәйке Өтемістің Бисенәлісі, Жанғылыш Әбдіғали, әкелі-балалы Науан мен Мергенбай, Төртқара Жұмалы, Нұрпейісов Қали, Мусинов Жексенбай, Мәлік Жаппасбаев, Әбдіқалық Дүйсебаев, Қазалылық күйші Мінсізбай, Қарашалаңдық Меңдібаев Ерекен, Ақбастылық Мырзажан Сахиұлы. Бұлардың соңы Қаппар Жармағамбетов, Ізбасар Ілиясов, Бақыт Басығараев, Жұмабай Жақыпов, Нұрмағамбет Әлиев, Шәкі Оспанов, Тілеуберген Төребеков, Қараман Ізмаханов сынды күй өкілдеріне ұласты [2;71].
Сыр күйі – өзінен бұрынғы кемел дәстүрлердің ең озық үлгілерін бойына сіңіріп барып дүниеге келген бұла өнер. Әйткенмен, өлкенің күйшілері есімдерінің туған топырағындағы елеусіз, ескерусіз жайы қынжылтады.

5



Төңірегінде теңдесі жоқ бұл күй-қазына тарихы әлі күнге жабулы қазан қалпында. Сондықтан, әңгіме желісі Сыр топырағындағы дәстүрлі күй өнері және күйшілер жөнінде өрбімек. Сыр бойының әндері мен күйлеріне лайықты бағасын беру мерзімі әлдеқашан жетті. Біліп-тану, әлде де жинастыра түсу, насихаттау жұмысы ол өз алдына. Бұл тарапта әдебиет пен музыкатанушы сунғыла мамандарымыздьң алдында тұрған міндеттердің жүгі ауыр. Архивтік күйлердің дені «Жалдыбайдың күйі» деген бүркеншік атпен жатыр. Сынай қараған адамға Сырдың бойында Жалдыбайдан басқа адамда күй, одан басқа күйші болмағандай әсер қалдырады. Рас, күйшінің «Ескі балбырауын», «Жеңіс», «Камаринская», «Қара жорға» атты белгілі шығармаларына ешкімнің де таласы жок. Бірақ «Асанқайғы», «Мамық Ақжелең», «Бұғының күйі», «Баулы ешкі», «Қос қыз», «Тәнтән қыз», «Сыр жаңылтпаш», т.б. сияқты күйлердің Жалдыбайға еріксіз телінуі бізді қайран қалдырғанын жасыра алмаймыз. Тіптен архив атаулының астан-кестені шыққанын мына жайыттан да анық аңғаруға болады. Ілкі заманнан бері халық күйі болып келе жатқан өте ескі күйлердің бірі «Нар идірген» Нәби Жәлімбетовтың жеткізуінде «Жалдыбайдың күйі» болып шыға келуін ешқандай да заңдылыққа сыйғыза алмадық. Осы жерден сәл шегініс жасалық. Шындық атаулыға қылбұрау салып шыңғыртқан, жариялылықтың көмейіне қорғасын құйылған алмағайып, өліара кезеңді бір сәтке көктей шолып көріңіз. Өкіметтің сызып берген шеңбері бар: «ескі әнді айтпа, көне күйді тартпа». Шеңбер аттасаң, жазаң белгілі. Осындай кезде аталмыш орындаушылар үшін алыстан күй іздеп барған фольклор жинаушыларына не айтпақ керек? Еш нәрсе айтпауға фольклор жинаушы да өкіметтің тапсырмасымен келіп тұрған адам. «Былай тартсаң өгіз өледі, былай тартсаң, арба сынадының» кері. Өкіметтің қырағы назарына ілініп, репрессияға ұшырау каупі төнген, сол себепті елден еріксіз ірге көтеруге мәжбүр болған Мырза сияқты тұлғалар хақында бірдеңе деу – қатерлі қадам.
Бұл жерде бір нәрсенің басы ашық. Мәселе біреудің күйін екінші бір адамның басына үйіп-төгіп бере салу немесе қиянат жасау емес.
Мақсатбүкіл бір әулеттің, ұлт мәдениетінің басына үйірілген қатерлі мұнардан құтылу. Қулықтың қандай бір жолы болмасын көндігу. Тек «Күй» деп аталатын киелі құбылысты өлі ара кезеңнен аман алып шығу жолын қарастыру. Біз қазақ өнерпаздарының ғасырдың басындағы бар мақсат - мүддесі тек осындай мәселелерге жұмылдырылған деп түсінуіміз шарт. Аласапыран уақыттарда ән-күй сияқты биік рухани күштердің сырт көзден аман сақталуы ниетінде ортақ қазанда қайнауы заңды. Саралау, талдау, иесін анықтау - бейбіт күндердің үлесінде, яғни, бүгін, ертең, болашақта. Аталмыш күйлер жоғарыда аты аталған күйшілердің орындауында Мырзаның күйі деп жазылған үнтаспалар да жеткілікті. Мұндай таспалар көбіне-көп орындаушылардың өмірлерінің соңында, ағайын-туыстарына ескерткішке жаздырған жәдігерлер. Ал өкімет тарапынан экспедиция жасап фольклор жинаушы келе қалса, жазып берері – дәл сол күй. Бірақ авторы басқа, яғни, «Жалдыбайдың күйі». Сол себепті ел арасынан жиналған материалдар архивтік материалдармен сәйкес келе бермейді. Біз еңбекті жазу барысында көбіне - көп елдегі көзі тірі білетіндердің сөзінің куәлігіне иек арттық. Ал, архивтік материалдардың құны кеңес өкіметі тұсында қатталғаны себепті салмақсыз көрінді. Өйткені жүйенің аты – жүйе.


6



Домбыра үйрену тарихы

Домбыраның қағыстары күйдің мазмұнын түсіндіруде ең басты құрал, қысқаша айтқанда домбыраның қағысы – күйдің тілі. Сондықтан да, оң қолдың қағысының неше бір түрлерін көрсететін, белгілі бір өзіне тән аты бар, көптеген әртүрлі терминдер мен атаулар бар. Біз бүгін домбыра аспабында сирек кездесетін әдіс-амалдарды үйрету тәсілімен танысқалы отырмыз. Ұлы күйшілердің күй үйрену тәжірибесін сақтай отырып қолдан келгенінше кейінгі ұрпаққа күйді бұзбай жеткізу – қасиетті борыш.

Домбыраның негізгі репертуары күй болғандықтан, сол күйлердің тарихы біздің көзімізді біршама нәрсеге жеткізді. Ұлы түріктер заманында «Тәңірінің 366 күйін» қандай аспаппен тартқаны біздің ғылымда әлі белгісіз. Дегенмен ғылыми болжам жасап көрсек, күйлер негізінен қобыз аспабымен тартылған деп түсінуге болады. Басқа да музыка аспаптарымен тартылуы әбден мүмкін. Енді көне тарихи деректердің кейбіреуін атап өтейік. Академик В.В.Виноградов бұдан екі мың жыл бұрынғы қос шекті аспаптың бейнесін тапқан. Академик Әлкей Марғұлан қобызбен қоңыраудың суреті бар бақсының тас мүсінін тапты. «Ақсақ киік» күйінің аңызы домбыра бетіндегі үндік ойықтың пайда болуы жайлы болжам жасауға мүмкіндік береді. «Шайтан тиек» туралы аңызда домбыра құлағының түбіндегі ішекті көтеріп тұратын кішкене тиектің пайда болуынан хабар береді. «Тау құдырет» туралы күй аңызында екінші ішектің пайда болуы жайлы хабар берсе, ал Ш.Уалихановтың бақсылардың бірінші ұстазы Қорқыт екенін айтқан дерегі өте маңызды. Мұндай деректерді жинап-теріп отыру домбыра үйрену тарихын байыта түседі. Домбыра үйрену әдістемесіне керекті негізгі деректердің түрлерін тізіп көрелік. Құрманғазының шәкірті атақты Ерғали Есжанов 300-ге тарта күй білген деген сөз бар. Құрманғазының күйшілік мектебін толықтай білді деген сөз. Ал, маңғыстаулық әйгілі күйші Өскенбай 1000-ге тарта күй білсе, оның баласы Мұрат 300-ге тарта күй білген дейді. Мұның өзі бүкіл Маңғыстау күйшілік мектебін шыңына жете меңгергенін көрсетеді. Дәулеткерей күйшілік мектебін жалғастырушы Н.Бөкейханов 90-ға тарта күй білген екен. Осының өзі-ақ Наушаның Дәулеткерей күйлерін өте терең білгенін, оның дәстүрін жалғастырушы екенін көрсетеді. Атақты Біржан салдың өлеңінде кездесетін, ұлы күйші Тәттімбеттің бір отырыста 40 күйді санап тартуы, ауызға айтуға оңай. Тәттімбет бабамыздың қазақтың күй жанрының дәәстүрлік сипатын жан-жақты терең білгенін ол кісінің өзі шығарған күйлері де дәлелдейді.

Қобызда және қазақтың басқа да музыкалық аспаптарында орындалатын күйлерді былай қойғанның өзінде де, домбырада тартылатын күйлердің екі үлкен дәстүрлік сипаты бар. Яғни, ғасырлар бойы, екі үлкен тәсілдің күй үйрену тәжірибесінде қалыптасқанын көреміз. Мұндай әдістемелік тәсіл келе-келе бірнеше күйшілік мектептердің тармақтарын туғызды.

Ал, күйшілік мектептердің өзіне тән методологиялық жүйесінің бар екеніне ешкімде дауласа алмайды, оған біздің күйлеріміз куә. Күй үйрену тәсілдерінің өте ерте заманда-ақ қалыптасқанын көрсететін айғақтардың бірі, домбыра тарту шеберлігіне тән атаулардың лексикалық мағынасының болуы. Қағыстардың сан түрлі атаулары, саусақ басу тәртібі, пернелердің атаулары, күй тарту шеберлігіне қатысты атаулардың түр-түрі жиі кездеседі.


7


Домбыра үйренудің кейбір бағыт бағдарына тоқтала отырып, қазіргі таңда, күй үйренудің екі үлкен дәстүрлік сипатына аса мән беріп қастерлеп үйренуіміз керек. Мұның өзі ғасырлардан бері келе жатқан бай тәжірибеге сүйене отырып, халықтық педагогиканың бір саласы күй үйренумен ұштастыра білуіміз керек. Домбыра тартуды үйрену оңай шаруа емес екенін онымен көп жылдар бойы шұғылданып келе жатқан ұстаз жақсы біледі. Бұрынғы кездегі дәстүрлі күй үйретумен қазіргі күй үйретудің арасында көптеген айырмашылық бар. Әрине, бұрынғы аталарымыздың күй үйрену тәжірибесін одан әрі жалғастыру басты міндетіміз. Мысалы, XVIII-XX ғасырдағы ән-күй үйрену тәжірибесімен салыстырғанда XX ғасырдың соңында домбыра тартып үйренудің арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Құрманғазы мен Тәттімбет заманындағы шәкіртпен, қазіргі шәкірттердің дүние танымы, өмірге көзқарасы арасында мүлдем өзгешелік бар.

Қазіргі таңда ең күрделі нәрсе ұстаз бен шәкірт арасындағы дәстүр сабақтастығын үзіп алмау. Мұндай айырмашылықтың негізгі себептерінің бірі: басқа халықтардың музыка мәдениетімен және рухани дүниесімен етене араласуымыздан болып отыр. Қазіргі өміріміздің осындай шындығымен есептеспеуге болмайды. Күй үйренудегі мұндай айырмашылықтар, күйдің мазмұнын түсінуге, мәнерлеп тартуға, дәстүрлі шеберлікке жетуге т.б. тікелей ықпал жасауда. Әсіресе, күйдің табиғи нұсқасына келеңсіз жағынан әсер етіп, күйді бұзып тартуға дейін апаруда. Келешекте күй үйренудің дәстүрлі жағынан айырылып қалу қаупін тудыратын мұндай жағдайды болдырмас үшін, оның алдын алатын шаралар қолдану керек. Ұлы халық күйшілерінің тәжірибесіне сүйенсек, бұрынғы кезде өнерге табыс табудың көзі деп қарамаған, рухани мұра деп қараған. Егерде, бала бойынан өнерге деген қабілеті ерте оянса, онда оны әрі қарай тәрбиелейтін ұстаз іздеген. Сал-серілер, әнші-күйшілер, ақын-жыраулар т.б. халық өнерпаздарының өмірі бұған дәлел бола алады. Өнерді табыс табудың көзі деп бағалау – домбырашының психологиясына үлкен әсер етуде. Мұның өзі қазіргі күй үйрену әдістемесіне ерекше көзқараспен қарауды міндеттейді.


Күй үйрену тәсілінің дәстүрлік сипаттары

Халық күйшілерінің тәжірибесінде күй тартудың дәстүрлі әдістерін күйшілік мектептердің өзіне тән тәсілдерін ұстазынан шәкірт үйреніп алады. Оның қыры мен сырын толық меңгереді. Қазіргі кезде шәкіртті күй тартып үйренуге кішкене күнінен тәрбиелеуге мүмкіндік туып отыр. Мұндай әдістеме бірте-бірте қиындай береді де, өзінің ең негізгі шыңы күйшілік өнерді толық меңгере алатын дәрежеге жетеді. Музыкалық қабілеті аса күшті шәкірттерді ел ішінде «құйма құлақ» деп атайтын болған.


Күй үйрену тәсілдері

- күй туралы және күйдің аңыз әңгімесін тыңдаушыға әрі түсінікті әрі қызықты етіп айту. Бұл тәсіл ежелден келе жатқан әдістемелік құрал, күйді үйреткенде бірге айтылады;

- күйді есту арқылы үйрету. Бұл тәсілдің әдістемелік түрлері өте көп. Солардың бірі: өзі естіп, өзі үйрену, өз қатесін өзі түзеп алу. Мұндай тәсіл үлкен нәтиже береді;


8


- күй үйрету тәсілінде ертеден келе жатқан әдістемелік құралдың бірі күй сазын әуен арқылы айтып беру. Бұл шәкірттің күй сазын көкірегінде сақтауға көмектеседі. Әсіресе күйдің дыбыстық сапасының бояуы қанық болады. Халық күйлерін үйреткенде оның сазын әндете отырып түсіндіру, халық педагогикасының ең негізгі әдістемелік құралы. Домбырада күйді тартып көрсету – ең негізгі көне тәсілдердің бірі. Мұның әдістемелік жүйесі сан ғасырлық тәжірибенің негізінде қалыптасқан. Күй жанрының дәстүрлік сипатын үйретудің тәсілдері. Мұның әдістемелік жүйесі күй үйренуде ерекше құбылыс. Оның тармақтары көп. Күйшілік мектептердің қалыптасуына қарай, сол мектепке тән ерекше тәсілдерін сақтау. Күйді үйренудің белгілі бір қағидаларын сақтайтын әдістемелік жүйе. Бұл да халық педагогикасында ерекше құбылыстардың бірі. Күйді үйрену үшін оны ана тіліміздің қасиеттерімен байланыстыру тәсілі. Күй жанрының даму жолы халық ауыз әдебиетімен бірдей болғандықтан, сөз сөйлеу, сөйлем құрау, поэзия тілі күйге тікелей әсер етеді. Күйдің әуен саз ырғағына сәйкес келетін өлең сөздерді жүйелі түрде күймен бірге қоса үйретсе күй тарту шеберлігі арта түседі.

Ана тіліміздің қасиеттерін толық білмейінше күйді дұрыс үйрету мүмкін емес. Әдістемелік құрал өте бай болу үшін фольклорлық ауыз әдебиет үлгілерін жинап отыру керек. Күйге байланысты көнеден келе жатқан атауларды қолдану тәсілдері. Оны орнын тауып қолдана білу керек. Ең негізгі әдістемелік тәсілдердің бірі – күйді халқымыздың тарихымен байланыстыра үйрету. Бұл айтылғандардың басқа сан алуан тәсілдердің әдістемелік жүйесін жасау - өмір талабы. Егерде, біз күй жанры бұзылмай, кейінгі ұрпаққа дұрыс жетсін десек, мұны өзіміздің күнделікті домбыра үйрену тәжірибемізде бұлжымайтын қағидаға айналдыруымыз керек болады.

Күйлерді кезеңдерге бөліп үйрену жүйесі домбыра тарту шеберлігін арттыру – ұстаздың міндеті, ал шәкірт домбыра тартатын өнерді меңгереді. Халықтық педагогика дәстүрінде күйді немесе әнді бойында қабілеті бар шәкірттер үйренеді. Ал, ондай шәкірттер жасанды жолмен емес, табиғи жолмен іріктеледі. Бұрыннан қалыптасқан күй үйренудің бай тәжірибесіне сүйене отырып, төмендегі төрт кезеңді белгілеп көрейік.

Бірінші кезең: күй жанрының негіздерін үйрену.

Екінші кезең: күй жанрының дәстүрлік сипаттарын үйрену.

Үшінші кезең: күй жанрының мектептерін үйрену.

Төртінші кезең: күй жанрын ұлттық өнер ретінде меңгеру.


Музыкалық білім жүйесімен күй үйрену

Қазіргі кезде музыкалық білім жүйесімен күй үйренудің біршама тәжірибесі жинақталды. Ендігі жерде осы елу жылғы ұстаздық қызметті ғылыми тұрғыдан талдап, бір қорытындыға келіп, алдағы бағыт бағдарымызды анықтап алу керек. Бұл - өмірдің талабы. Халық педагогикасына қазір көп көңіл бөліп жатқан кезде күй үйренудің дәстүрлі әдістерін жан-жақты қолданудың жүйесін жасау керек. Музыкалық білім сауатты арқылы домбыра тартуды үйрену тәсілі – ең күрделі де, қиындығы мол жұмыс. Бұл салада, көп жылғы тәжірибе қалыптасты, біршама табыстарға қол жетті.



9


Болашақ өнер иелерінің рухани тәрбиесі – кәсіби өнер мен халықтық мектептің тығыз байланысы, дәстүрлі өнерді көздің қарашығындай сақтап, аспаптық өнерді жан-жақты дамыту, орындаушылық және ұстаздық шеберліктерінің қарқынды дамуымен, музыка мамандары қызметінің ұлағаттылығы мен жіті бағыты арқылы атқарылатын абыройлы іс. Бұл пәннің негізгі мазмұнына студенттердің оқушыға аспапты үйрету уақыттарындағы әдіс-амалдарының іске асыруына қажет білімнің қыр-сырлары енген. Мамандық пәні студенттердің өз бетімен ойлау қабілетінің, домбыра, қобыз аспабында ойнап үйретудің үлгілерін, әдістерін жете білуге үйретеді. Қазақта аспаптық өнердің сан ғасырлық даму тарихы бар. Ұлы Қорқыттан бастап халық орындаушылары өзінен - өзі пайда болмағаны белгілі жай. Өнерді көріп, әдісін тауып баптайтын шынайы бапкер болғанда ғана шеберліктің шыңына көтерілуге болады. Музыкалық көркем шығармалардың мәнін терең түсінбей музыкант тәрбиелеу мүмкін емес. Мұндай қабілет студенттің көптеген шығармаларды жан-жақты талдау нәтижесінде шығарманың тәрбиелік мәнін ашуы үшін қолданған әдістерге байланысты. Аспаптың техникалық көркемдік мүмкіншілігін білу, оны шығарма мазмұнын ашу үшін пайдалану болашақ кәсіпқой музыканттың шығармашылық жұмысының нәтижелі болуын қамтамасыз етеді.

Әр мектептің аспап тарту шеберлігі сол мектепке тән көркемдік және суреткерлік шеберлікпен тығыз байланысты. Сондай-ақ әр мектепке тән тақырып мазмұнын ашу үшін қолданатын шеберлік тәсілдері болады. Бастапқы оқытудың ең қиын күрделі жағы – орындаушылық дағдыларын меңгеру. Орындаушылық қимыл-әрекеттер тәсілдерінің негіздерін игеру. Оқу бағдарламаларын құру. Орындау әдістері мен шығарманың мазмұндық мағынасын аша отырып, музыканы мәнерлеп орындаудың әр түрлі тәсілдерін үйрету. Аспапта орындаудың әдіс амалдары арқылы көркем образдың сырын ашу. Оқулықтар, оқу әдістемелік құралдарды пайдалана отырып белгілі бір мақсатқа жету. Өз бетінше жұмыс жасай біліп, кез-келген қиыншылықты жеңуге ұмтылу. Оқытушылардың маңызды мiндеттерiнiң бiрi ол студенттерге аталмыш пәннен жоғарғы дәрежедегi бiлiм берiп, эстетикалық тәрбиенi айтарлықтай жақсарту. Жас орындаушыларға әсемдiк сезiмiн дамытып, өнер шығармаларын, тарих пен архитектура ескеркiштерiн, табиғаттың сұлулығы мен байлығын түсiнiп, бағалай бiлу қасиетiн қалыптастыру. Дарын және қабілет түсініктері жөніндегі кәзіргі замандағы психологиялық тұжырымдар. Табиғи дарындылық негізінде қабілеттердің қалыптасуы. Орындаушылық өнердегі көркемдік ой қызметінің өзгешелігі. Музыкалық ырғақ. Музыкалық ырғақтың адам өмірі қызметімен тығыз байланысы. Музыкалық ырғақты сезіну негіздері. Орындаушылыққа ықылас, назар салу және қызығушылық. Ерік мақсатқа жету бағытындағы саналы әрекеттің пайда болуы. Студенттің өз бетінше құлшынысын қолдау. Шәкірттің музыкалық көркемдік техникалық жетілуінің біртұтастылығы музыка педагогикасының негізі. Оның кластағы сабақта шешімін табуы. Ұстаз бен шәкірттің бірлескен шығармашылық жұмыстарының желісі, шығармашылық жеке тұлғаның қалыптасуы. Жалпыға бірдей аспап қойылымы. Аспап қойылымының түпкілікті үйлесімді, әсем тұстарын барынша пайдалану. Отырыс, қойылым әрдайым жіті байқауда болуы шарт.


10


Аппликатура негіздері. Аппликатураның музыкалық мәнерлеушілікпен және техникалық шеберлікке апарар жолы, оңтайлы тәсілі. Орындаушылық стиль мен аппликатура принциптерінің өзара байланысы. Ыңғайлы аппликатура түсінігі, оны тұрақтандыру. Музыкалық шығарманың әуендік, техникалық бөлімдері үшін, аппликатура таңдау принципі. Позиция және оны алмастыру. Позиция үйрету реті. Позиция ауыстыру амалдары. Кеңейтілген болмаса қысыңқы позицияны қолдану мүмкіндіктері.Ұлы халық орындаушылары өз халқының тарихын, тұрмыс-тіршілігін, ауыз әдебиетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, ән-күй өнерін жақсы білді. Ал, дарынды композитор - орындаушы өзі шығарған ән-күйлерін өзі елге тарататын дәстүр болды. Кезінде халқымыздың тума талант ұл-қыздары артына ән-күй өнерінің қайталанбас тамаша үлгілерін қалдырды.


Күй тарту шеберлігінің сипаттары

Көп ғасырлық күй тарту шеберлігінің арқасында небір жақсы әдіс-тәсілдер қалыптасты. Күй тарту шеберлігінің дәстүрі деп жылдар бойы қалыптасқан, кейінгі ұрпаққа мұра болып қалған тұрақты әдіс-тәсілдерді айтамыз:
- біріншіден, күй жанрының негіздерін көрсете алатын шеберлік;

- екіншіден, күй жанрының дәстүрлік сипатын көрсете алатын шеберлік;

- үшіншіден, күй жанрының мектептерін көрсете алатын шеберлік;

- төртіншіден, күй жанрын ұлттық өнер ретінде көрсете алатын шеберлік.

Жоғарыда аталған күй тарту шеберлігінің негіздері күй тақырыбының мазмұнын мүмкіндігінше толық аша алатындай болуы керек. Домбыра тарту шеберлігінің дәстүрлі әдістерін қолдан келгенше сақтап ойнауға күш салу үшін оның негізгі қағидаларын жақсы білу керек. Домбыра тарту шеберлігі – дамып жетіле беретін өнер. Әр мектептің күй тарту шеберлігі сол мектепке тән көркемдік және суреткерлік шеберлікпен тікелей байланысты. Сондай-ақ әр мектепке тән тақырып мазмұнын ашу үшін қолданылатын шеберлік тәсілі болады. Қағыс атаулары және оған берілетін түсініктемелер. Алғашқы қағысты меңгеру барысында студент екі қағыс түріне де (төкпе және шертпе қағыстарына) бірдей жаттығу керек. Төкпе қағысты сұқ саусақ пен басбармақ, ал шертпе қағысты тек сұқ саусақпен орындаудан бастаған жөн. Ең негізгі бізге белгілі қағыс түрлері:
- «Тентек қағыс» – Құрманғазы дәстүріндегі кейін Дина дамытқан кең шеңберлі қағыс;
- «Төре қағыс» – Төре күйлеріндегі ішектің екі жағынан аса алыс кетпейтін қағыс;
- «Сүйретпе қағыс» – Абылдан келе жатқан бұл қағыс күйлердің динамикалық жақтарын аса жандандырады. Әсіресе ол шартты бөлуден жұпты бөлінген дыбыстарға ауысқанда, соңғылардың үлкен айырмасын көрсетеді; 

- «Шұбыртпа қағыс» – бес саусақты кезегімен жоғарылы-төмен сілтеген қағыс;

- «Сипай қағыс» – саусақтың ұшымен сипай өтетін қағыс.

Енді дәстүрлі күй қағыстары түрлерімен және оларға берілген түсініктермен таныса өтейік: ілме қағыс, саулама қағыс, шалу қағыс, орама қағыс, тырнама қағыс, толқындама қағыс, иілме қағыс, шашқын қағыс. Бұл қағыс түрлері М.Өскенбаев пен С.Балмағанбетовтерден жазып алынған. Орындаушылық дәстүрлерде ең көп кездесетін қағыстардың бірі “теріс қағыс”. Мұнда қағыстың әлді кезеңі қаққан қолдың жоғары қарай шыққанда келеді.


11


Сондықтан бұл күйдің ырғағында акцент табиғи түрінде болмай ауысып келеді. Сирек кездесетін күрделі қағыстар. Қара қағыстан кейінгі қағыстар біртіндеп күрделене түседі. “Орама қағыстың” бір түрін домбырада тез үйреніп кетудің өзі біраз қиындықтар туғызады. “Ілме қағыс” – білек буыны арқылы бір төмен, бір жоғары қозғалыспен алынады, тек айырмашылығы соңғы жоғары алынатын екі қағыс бармақпен және сұқ саусақпен алынады.

Күрделі қағыстың бірі Маңғыстау түбегінің әйгілі қағысы “Адай қағыс” – ол оң қолдыңбілек буынын үш рет қозғалып жұмсартып алған төрт қағысын айтамыз. Бұл қағыс көбінесе Атыраудың «Ақжелең» аттас күйлерінде және Маңғыстау өңірінің күйлерінің көбінде әсерлі қолданылады.


Күйлердің рухани тәрбие болатын сипаттары

Музыка – адам сезiмiнiң нәзiк тiлi, яғни адамдардың бiр-бiрiмен эстетикалық тәрбие беруде адам өмiрiнде музыканың атқаратын рөлi аса зор. Сондықтан жаcтарымызды музыка мәдениетiне тәрбиелеу iсiн жан-жақты ойластырып, олардың музыкалық талғамын әрдайым дамытып отыруға мейлiнше көнiл бөлуiмiз керек. Осы ретте жастардың музыкалық шығармалар жөнiндегi өскелең талап-тiлегiн барынша қанағаттандыру, олардың өнер сұлулығын терең сезiнген биiк талғамын тәрбиелеп отыру мәселелерi арнайлы сөз етудi қажет етедi. Олай дейтiнiмiз, жаңа заманның жасампаз адамдарының iзгiлiкке толы жан дүниесi, биiк парасаты, жан-жақты жоғары мәдениеттiлiгi, музыкалық мәдениетiмiздiң өнерпаздық қуатымен тәрбиелiк ықпалына да тығыз байланысты. Халқымыздың музыкалық қоры өте бай, игерiлiп бiтпеген мол қазына. Атадан балаға мұра болған «Ќыз Жiбек», «Ер Тарғын» секiлдi әдеби мұраларға жаңаша бiр өң бiтiп, олар музыкалық шығармаға айналды. Ал бүгiнгi заман тудырған мұралар тiптi көп. Солардың қай-қайсысы да өмiрдегi оқиға, құбылыстардың, ренiш-қуаныш секiлдi адам бойындағы сезiмдердiң сырын ашады. Музыка үнiн естiгенде ерекше әсерленетiмiз де содан. Ат шабысты көзге елестететiн «Сарыарқа», «Адай» сияқты күйлердi естiгенде өзiң де бiр тұлпарға мiнiп ап жүйткiлiп бара жатқандай сезiнесiң. Қазақ ұлтының өнер саласындағы қасиеттеп маңдайға басар мақтанышы – домбыра. Оның қос iшегiнен күмбiрлей төгiлген құдiреттi күй талайды тамсандырып, таңдай қақтырары шүбәсiз. Сондықтан бiз домбыра сыныбында оқитын студенттерге Құрманғазы мен Динаның қуатты күйлерiн үйретiп қана қоймай, оның мазмұнына, шығу тарихына, айтайын деген ойына терең бойлап, түсiнiп ойнауға баулуға тиiспiз. Ең бастысы, «Әнге әуес, күйге құмар бала – жаны сұлу, өмiрге ғашық болып өседi» деген М. Әуезовтiң даналық сөздiн әсте естен шығармасақ, бүгiнгi студент ертең маман болған кезенде эстетикалық тәрбие берудегi музыканың рөлiне айрықша назар аударатыны сөзсiз. Жас ұрпақтың бойына туған өлкесi мен халқына деген сүйiспеншiлiк қасиеттердi дарытуда музыка мен әдебиеттiң байланыстылығы ерекше ықпал жасайтыны белгiлi. Өйткенi, ол жас өспiрiмнiң рухани эстетикалық, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырып, көркемдiк сезiмталдығын арттырады, талғам өрiсiнiң дамуын зор үлес қосады. Әр халықтың эстетикалық дүниетанымын, көркемдiк және материалдық мәдениеттiң құрайтын, өзiне тән өнер түрлерiне ерекшелiнетiн, музыкалық және ақындық қасиеттерiн, қабiлеттерiн, икемдерiн тәрбиелейтiн құрал – ұлттық аспаптар.


12

Соның бiрi әрi бiрегейi – домбыра. Мысалы, бесiк жыры, тұсаукесер, шiлдехана, сүндет той, тiлашар, тойбастар, бет ашар, жар-жар, сыңсу, жұбату, жоқтау, жарапазан, батырлар мен махаббат жыры, қисса-дастан, толғау, айтыс, терме, ән, күй т.б. толып жатқан әдебиет пен өнер туындылары домбыра үнiмен ұрпаққа жетiп, жалғасын тауып отырады. Ата-баба ұстаған бұл киелi домбыраны меңгеру арқылы өз даналықтарын өлместей мұра қылып, дамытпаған қазақ баласы кемде-кем десе болады. Өйткенi, осы домбыра аспабы негiзiнде талантты адамдар ауыз әдебиетiнiң негiзiн қалап, дамыта отырып бiзге жеткiздi. Ән, өлен, терме, өсиет, жыр, толғау, айтыс, т.б. түрлерi ой елегiн шымырлатып, адамгершiлiкке баулыды. Мақал-мәтел, жұмбақ, қисса-дастан, ертегiлер жақсы мен жаманды ажыратуға үйреттi, ерлiк пен махаббатты жырлады, туған жерi мен елiн қорғауға үндедi. Күй үнi адамның тiлi жетпейтiн iшкi жан дүниесiндегi ойын жеткiзiп, айнала әсемдiк әлемiн аялап қорғауға нәзiк сезiмен, көңiл-күйiн түсiнуге тәрбиеледi. Ұлы ұстаз халықтың өзi болды, шығармашылықпен айналысқан орындаушыларды өздерi сынап, бағалап отырды. Сал, серi деп ат қойып айдар тақты. Тойлар мен жиындарға қос ат жiберiп алдырып, әншi, күйшi жырауларды топ алдына шығарды. Әр ұлттық өзiндiк жерi мен суы, тiлi мен мәдени ошағы, музыкасы мен поэзиясы, қолөнерi мен тарихына сай мiнез-құлқы да болады. Сондай мұраларға бай ел - қазақ халқы. Сақ, ғұн, үйсiн, қанлы, түрiк, дештi қыпшақ – бәрi-бәрi осы ұлан-байтақ, сахара даласында өмiр сүрiп, барлық мұрасы мен өнерiн дамытып отырады. Бұған Орхон-Енисей бойындағы рунылық сына жазудағы көптеген мақал-мәтелдiң төркiнi өз күшiн жоймай, бүгiнгi күнмен жалғасын табуы дәлел бола алады. Он екі пернелi, екi шектi домбыраны IV ғасырда Арал теңiзiнiң оңтүстiгiн ала орналасқан Хорезм маңындағы «Қой қырылған» деген жерде тасқа қашап салып кетуi – бiз үшiн өлместей мұра қылып қалдырған ата-бабаның ақылдылығы. Сондықтан тарих пен ауыз әдебиетiн домбыра аспабының негiзiнен iздеу және оны оқу құралы ретiнде пайдалану бүгiнгi жас ұрпаққа ана тiлiнiң маңызын жеткiзудiң ең тиiмдi жолы болар едi. Ал оны мақтап етiп зерделей түйiп оқыту, ұлттық сезiмiн ояту – бiздiң мiндетiмiз. Өйткенi, ата - бабалардың нақыл сөздердi, күйлерi мен әнi, жыр мен толғау өсиеттерi, айтыс, дастан сияқты толып жатқан өнер түрлерi бiзге домбыра аспабы арқылы жеткенi мәлiм. Қазақтың байырғы даласында ән ырғағының күрделi күйлерiнiң төкпе, шертпе болып бөлiнуi де бiлiктiлiктiң белгiсi. Ана құрсағындағы сәбиге дейiн музыка үнi және сөз өнерiнен ерекше әсер алып, оны тындаған ананың тебiренуiне байланысты iштегi бала тәрбиеленген. Домбырада неше түрлi әуеннiң әсерiмен берiлген сөз маржаны адамды балқыта, елжiрете өзiне тартады. 

Домбыра – адам тәрiздес басы, екi құлағы, екi көзi, мойыны, екi iшектi сөйлейтiн тiлi бар ауыз әдебиетiнiң түрлi салаларын жеткiзушi аспап. Домбыраның көмейiнен күңiрене құйылған күй, шыққан үн, пернеден қосылған дыбыс асыл сөздердiң маржанын жинаған және оны кеудесiне сыйғыза бiлген көненiң көзi. Киелi домбыра аспабының үнi бар жерде жамандық иесi болмайды. Ол адамның рухани жан дүниесiн музыка арқылы емдеп, мiнез-құлқын жөндеуге, шығармашылықпен iзденуге, байсалды, сабырлы болып еңбек етуге үйретедi. Ата-бабаның сан-салалы жанрлардың үлгiсiн салуы, тақырыбы мен мазмұнының әсерлi болуы қазақтың ежелден жан-жақты жетiлгенiн байқалады.


13



Ауыздан-ауызға сөз маржанын домбыра арқылы жеткiзiп, осы жанрлы орындай келе оны күрделiлендiре түсуi талант иелерiнiң iсi. Ал оларды шығарушы мен орындаушыларды дала философтары деуге әбден болады. Домбыра үнi арқылы сөз ұйқастары құралып сан түрлi өлең жолдары ауыз әдебиетiне үлесiн қосты.

Ұйқасы шұбартпалы, төкпе түрлерiне сай өлең жолдары неше түрлi сарындардың пайда болуына ықпалын тигiзедi. Екi арна тоғысып, көптеген жанрларды дүниеге әкелдi. Ауыз әдебиетi мен музыка үлгiлерi ертеде жас ұрпақты тәрбиелеуде өзiндiк орын алған. Ата-ана баланы он үш жасқа дейiн домбыра үнiмен тәрбиелеп, өз ана тiлiнiң қадыр-қасиетiн, мақал-мәтел, өсиет, нақыл, сөздерiн сол арқылы оның бойына сiңiре бiлген. Бүгiнде осы ата-бабаның ұсталған ұлы жолынан адасқан сыңайымыз бар сияқты. Сондықтан мектептерде бiлiм деңгейi сапасының төмендеуiне жол берiлдi. Ұлттық сана-сезiмнен жұрдай болып, салт-дәстүр негiзiнде сабақ беру тәсiлiнен мүлдем айырылдық. Ұлы Абайдың тәрбиелiк мәнi бар қара сөз деңгейi түгiлi, оның өмiр сүрген кезiндегi көзқарасына жете алмаған қазақ баласы үшiн қазiргi атом, техника дамыған заманда өкiнiштi-ақ. Мұның бәрi ұлттық өнерiнiздi жоғалтып отырғынымыздан емес пе екен? Ендеше бұдан былай домбыра аспабы арқылы ауыз әдебиетi сабақтарын тиiмдi түрде студенттеге үйрете отырып, негiзiн қалау керек. Ал музыкамен айналысқан балада жамандық қасиет болмайды, сондықтан «Бұл ғылым өзiнiң байсалдылығынан айырылған адамдарды түзеуге, қызба адамды қалпына түсiруге, байсалды адамды ылғи да бiр қалыпта ұстауға құдiретi әбден жетедi» деп, Әл Фараби айтқандай, музыка арқылы ауыз әдебиетiн қосарландыра сабақ берсек, көп жетiстiкке жеткен болар едiк. Сондай-ақ, ауыз әдебиетiндегi өлең сөздерiнiң әр буындарында музыкалық дыбыстар жатыр. Сол себептi ауыз әдебиет түрлерiнен сабақ бергенде, музыка арқылы тәрбиелеуге ерекше назар аударған жөн. Домбыра тартуды үйрету ауыз әдебиетiн дамыта оқыту болып табылады. Жастарды еңбекке үйрету жолы қазiргi таңда өте нашар үлгiде болып отыр. Домбырада ойнау еңбектiң үлкен түрi деуге болады.

Аспаптың басты мақсаты: бiрiншiден ойнауға үйретсе, екiншiден, домбыраны қағу мен пернесi басуға үйретедi, үшiншiден, дыбысы мен сөз саптауларына мән берiп ойлау жүйесiн дамытады. Ал, өлең сөздерi мен музыка үнi есте ұстау қабiлетiн жетiлдiрiп, санасын оятады. Демек, домбыра тарту еңбек пен ой жүйесiн дұрыстауға, үнiн естiп сөз құрауға, жаттаған өлеңдерiн мәңгi жадына ұстауға жетелейдi. Сонымен қатар оқушыларға сабақ берген кезде-ақ қағазға белгiлi бiр тақырыпта сурет бейнесiн салып, оны музыка тiлiмен байланыстыра айтса, тiл байлығын дамытуға көмегi тиедi. Ерте заманда неге бiр адам бойында бiрнеше қасиет болған, себебi олар музыканы түсiнiп, орындай әрi оны тыңдай бiлген. Қорқыт, Әл Фараби, Абай, Махамбет, Бiржан, Мұхит, Құрманғазы, Тәттiмбет, Сәкен, Ахмет, т.б. Олар елi мен жерi, тiлiн мен дiнi, рухани мәдениетi үшiн барлық ой-қиялын жұмсады. Сол бабалар салған жолмен домбыраны тартып, оны үйде ұстау керек. Көзi ашық, көкiрегi ояу, сезiмi мен талғамы, психологиясы мен жан-дүниесi таза сезiмтал жан музыка арқылы өзiн де, өзгенi де тәрбиелей алады. Өлең сөзiн ақын, әнiн сазгер жазады, орындаушы сол туындыны жеткiзушi, көркемдеп үйлестiрушiсi бар, бiр әннiң сонында төрт адам жүрiп орындайды. Ал ерте заманда бәрi бiр адамнын бойында ғана болған.


14


Махамбет-батыр, ақын, сазгер, орындаушы, Абай – ағартушы, сазгер, ақын, сыншы, философ, психолог болды. Солар сияқты азамат туу үшiн домбыра аспабының рөлi орасан зор.


Домбыра аспабында фортепиано сүйемелдеуімен шығарма ойнау әдістемесі

Қазақ елі, жері, өнері десек, алдымен ауызға алып, ойға келетіні шегі жоқ сары дала, көшкен ел, аттың жалында, түйенің қомында туып, дүниеге келген ән мен күй. Сан ғасыр бойы заманның талай зобалаңын бастан кешірсе де, қазақ, халқының еңсесін елден ерекше самғап, биікте ұстап тұрған кұдірет – оның өнері. Музыка өнері, саз өнері, қол өнері. Жеке алып қарайтын болсақ, домбыра, оның күй өнері - тамыры терендегі тұңғиық ғылым. Осы салада талай ғалымдарымыз, зерттеушілеріміз, композиторларымыз аянбай еңбек етіп келеді. Жалпы халық музыкасы, домбыра, күй және оның қалыптасуы, бізге жетуі, дәстүрлі халық өнері ретінде жер жүзіне танымал болуы жөнінде әңгіме қозғағанда А.Қ.Жұбановты еске алмау мүмкін емес. Арнайы музыка оқу орындарын ашты. Домбырашылар ансамблінен басталған ұжым, дүние жүзіне аты әйгілі Халықтар достығы орденді, академиялық Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрі, бір кездегі алты студенттен басталған халық аспаптар бөлімі, қазір бірнеше кафедрасы бар, үлкен факультет. Халық арасындағы көне көз, шежіре орындаушыларды бір орталыққа ұйымдастырып, күй өнерінің дәстүрлі орындаушылығы мен дамуының ғылыми жүйесін жасап, болашақ, ұрпаққа мол мұра қалдырды.Жоғарыда айтылған бұрынғы мен қазіргінің арасындағы жанды көпір деп А.Жұбановты айта аламыз. Жарты ғасырдан астам өмірі бар халық, аспаптар факультетінен білім алған түлектер, қазіргі уақытта алды кемеліне толған өнер ардагерлері, зиялы өнер қауымы. Әрине, заман өзгерістерімен бірге халықтың әлеуметтік тарихи жағдайының өзгеріп отыруы табиғи құбылыс. Күй өнеріне бұрынғы құйма құлақтық дәстүрлі әдісімізбен бірге нота сауаты, арнайы музыкалық жан-жақты білім ағымы қосылды. Бірақ халықтық, дәстүрлі нұсқадан ауытқыдық деп айта алмаймыз. Олар еуропалық мәдениетті толық таныған, арнайы музыкалық жоғары білім алған мамандар. Бәрі домбырашы - күйшілер.
Бүгінгі таңда — домбырада тек қана күй емес, фортепианомен косыла «Фантазия», «Увертюра», «Поэма», «Концерт» сияқты күрделі шығармалар үйлесімді үндестікпен орындалып жүр. Авторлар күй жанрын әр қырынан қарай отырып, мазмұнын, бітім-болмысын айқара ашып жаңа белеске көтерді. Домбыра өнерінде жаңа жанр, жаңа ағым дүниеге келді. Бұл үлкен дәстурлі мектеп. Міне, ең алғаш осы тыңды игерген, профессор Х.Тастанов. Мысалы, оның «Фантазия» шығармасың талдап қарасақ, композитор еуропалық циклдарды ала отырып, әр бөлімді жеке күй есебінде қарайды. «Аllеgrrо», «Аndаntuno», «Вальс», «Аllеgrrо». Автор «Фантазия» жазуда — еуропалық әдісті, нұсқаны, дәстүрлі күй шығармашылығына жақындатып, орындаушының да, тыңдаушының да ой тұжырымының бір келісімге келуін мақсат етіп қойған. Орындаушылық өнерге соны жаңалықтар әкелсе — ол қонымды да ұтымды шыққан. Х.Тастанов домбыраның бұл үрдісіндегі алғашқы қарлығаштардың бірі. Ол бастаған жаңа жанр өз жалғасын табуда. Фантазия айдарымен жазылған шығармаларды, кейінгі буын композиторлары М.Әубәкіровтің, Е.Үсеновтің, т.б. туындыларынан көруге болады.


15


Келесі фантазия - М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсының тақырыбына жазылған М.Әубәкіровтің шығармасы. Шығарманың басында операдағы хор тақырыбынан кіріспе алынған «Adagio». Бір және екі дауыста үлкен толғаныспен орындалып, «Моderato» екпінінде негізгі бөлімге дайындық жүреді. Негізгі бөлім от жалындай жылдамдықпен өтетін күй дәстүрінде жазылған. Орта бөлім хор тақырыбын дамыта отырып, бастапқы күй әуеніне ұласады. Шығарма жігерлі, қысқаша кодамен бітеді. Ал, Е.Үсеновтың «Майра» фантазиясына келетін болсақ, біздің баршамызға белгілі жағдай – ән мен күй құлақтан құлаққа өтуі арқылы біздің заманымызға жетті. Мол мәдени мұрамызды қағаз бетіне түсіруді алғаш А.Жұбанов, Б.Н.Ерзакович, В.А.Затаевичтар бастады. Бұл шығармаға сол заманнан жеткен "Майра" әнінің екі нұсқасы алынып отыр. Ән тақырыбы дами отырып, құбыла түсіп (вариация) негізгі тақырыпқа оралады. Кейінгі буын Е.Үсеновтың осы шығармасынан бірнеше дәстүрлік қағиданың, дәстүрлік мектебіміздің жалғасуын көреміз:

1) бұрауы — теріс бұрау (квинта);

2) орындаушылық, дәстүрі – төкпе, шертпе мектептерінің ойнау әдістерінен туындайды.

Бұл әдісті бірінші болып композитор А.Жайымов қолданған болатын. «Майра» фантазиясы – шертпе дәстүріндегі кіріспемен басталады. Ал, негізгі бөлімінде аса бір екпінмен төгіп ала жөнеледі. Домбырашының орындаушылық қырын ашу мақсатында тақырып түрлене отырып, кең құлашты әнге ауысады. Одан әрі қарай негізгі буынға өтіп, бастапқы тональді бояуда бітеді. Кейінгі кезде домбыраға арнап жазылған поэмалар қатары да толысып, көбейе түсуде. Н.Тілендиев «Алтын дән», А.Жайымов «Поэма», Е.Үсенов «Поэма», т.б. болып жалғаса береді. Н.Тілендиевтің оркестрге арналып жазған "Алтын дән" атты поэмасы – өнер сүйер қауымға өте жақсы таныс. Домбыра кафедрасының түлегі «Жігер» фестивалінің жүлдегері А.Тұрсынбеков профессор М.Әубәкіровтің жетекшілігімен осы шығарманы домбыра мен фортепианоға лайықтап түсірген болатын. Сонымен қатар қазақ халқының бірегей, тума - талант композиторы Н.Тілендиевтің шығармашылығы жөнінде дипломдық жұмыс жазды. «Алтын дән» поэмасы Н.Тілендиевтің аспаптық музыка жанрындағы тамаша туындыларының бірі. Шығармада қазақ халық аспаптарының барлық орындаушылық мүмкіншіліктерін пайдаланып, қазақ халқының күй жанрын асқан шеберлікпен дамыта білген.

Поэма – еркіндік құрылымымен ерекшеленетін аспаптық шығарма. Оның мақсаты, жоспары, анық болжамы болады. «Алтын дән» поэмасында қарама-қарсы екі бейне бірін-бірі толықтыра отырып, жаңа кұрылымдық, көркемдік жетістікке жеткен. Бірақ сол дәстүрлі нұсқадан аспай, шеберліктің әдіс, амалдарын іздей отырып, негізгі бөлімді «Аllеgrrо» кең дамыған классикалық күй формасында батыс өнірінің тегеурінді төкпе әдісінде алған. Бұл шығармаға алыптық, батырлық сипат береді. Әрине шығарманың сан қырлы, ойлы болуы – «Алтын дән» атынан-ақ көрініп тұрғанындай: «Тың жер», «Сары далада жайқалып өскен бидай», халықтың қажымас күш жігері, терең бейнеленген. «Алтын дәнді» тыңдаған түркі баласының тұла бойы шымырлап, ұлттық сезімінің тереңінен тебіреніп, жігердің жебесіндей серпіліп күш қайратты батыр сезінбегендері жоқ шығар. Оркестрге арналып жазылған «Алтын дән» поэмасы іспеттес көптеген туындылар бар.


16


К.Күмісбеков «Дала», М.Қойшыбаев «Советтік Қазақстан», С.Мұхамеджанов «Шаттық Отаны», т.б. Домбыра өнеріндегі жаңа үрдістің келесі бір белесі увертюралар. Д.Ботбаевтың «Бәйге» увертюрасы дамып жетілуі, тақырыптық түрленуі жағынан алып қарағанда фантазия жанрына жақындайды. Увертюра жанр таңдаудың бір қыры. Увертюра – шығармаға бастама, кіріспе деген ұғымды береді. Шығармада тональді, үндестік өзгерістер көп-ақ. Бұл арқылы автор қазақ, халқы өнерінің ең өрелі түрі – бәйгенің болмысын, мазмұнын жеткізген. Бәйгеге жүйрік-шабан, жарыс-тартыс деген сияқты ұғымдарды тональді қарама-қарсылықтар арқылы берген. Ат шабысының қозғалысын ырғақтық өзгертулер көрсетсе, өзгеріп отыратын шымыр қағыстар шығармадағы біртұтастықты көрсетеді. Бәйге өнерінің бітім-болмысын толық көз алдымызға әкеледі. Фантазия, увертюра, поэма бұл жанрдағы шығармалардың бәрі де дәстүрлі күй шығармашылығына – күйге еуропалық, жанрларды жақындату болып табылады. Бірақ оның мазмұны дәстүрлі күй болса, екінші бір авторларымыздың ізденісінде күйдің өзінен, дәстүрлі музыкадан осы бағыттағы үлгіні дамыту, жаңа жанрды күй аясында биікке көтеру құбылысы байқалады. М.Қойшыбаевтың «Қызылқұм» атты концерттік күйінде композитор тақырыпты түрлендіре отырып, жаңаша кескін іздеген. Бұл шығарма үлгі (формасы) жағынан үш бөлімнен тұрады. «Қызылқұм» деген атына сай, дегенмен негізгі күй тақырыбы абыр-сабыр, өте тез екпінде басталып, көз алдымызға құм көшкінін әкеледі. Табиғат құдіретінің тұрақсыз өзгерісін өте тез екпін, өзгермелі ырғақ, өлшемдер арқылы берген. Жел басылып, саябыр тапқан ашық аспан, бей-жай қалыпқа түскен жан-жануар ортаңғы бөлімде тыныштықпен әдемі үндеседі. Осылайша біртіндеп дамыта отырып бастапқы тегеурінде күй тақырыбы, құм көшкіні қайта басталады. Соңғы жылдары «Қызыл құм» іспеттес концерттік күй, концерттік пьеса ілегі жалғасып келе жатқанын байқаймыз. Мысалы, М.Әубәкіровтің «Жас екпінін» алайық. Бұл шығарма ұстазы Х.Тастановқа арналған. М.Әубәкіров ұстаз ұлағатын бұрмай, жалғастырған маман. «Жас екпін» - жеке жоспарлы арнайы концерттік шығарма. Автор шығармада - жастық шақты, құбылмалы да жігерлі, еш нәрседен қаймықпайтын қайсарлықты көрсете білген. Шығарманың бірден жоғары нүктеден басталуы да біріншіден, мазмұнына байланысты, екіншіден, бұл күй дәстүріміздің сиректеу кездесетін нұсқасы. Өте тез екпін, триольді кағыстар құбылмалы динамикалық бояулар күрделі үш бөлімді шығарманың мазмұнын аша түседі. Екінші бөлім нәзіктік, сыршылдық әуенімен түрленеді. Автордың бұл жерде алға қойған мақсаты алынған тақырыпты дамыта отырып, орындаушының орындаушылық шеберлігін, техникасын кең түрде қолданады. 2-бөлімнен кейін каденция, жаңғырықты дыбыс (флажолет) әдісін қолданады. Бұл да домбырадағы ізденісі, жаңалығы. Коденция негізгі бөлімге қайта оралып, үшінші бөлімге жалғасады. Бастапқы екпінде бір тыныста шығарма бітеді. Жас шамасы жағынан соңғы буын өкілі деп қарасақ та, шығармаларының мазмұн тереңдігі мен сан қилы орындаушылық ерекшеліктерімен композитор – А.Жайымов дараланып тұрады. Оның «Шалқыма» атты концерттік күйі қазіргі таңдағы домбырашылардың орындаушылық негізін көрсететін, асқан шеберлікті талап ететін, атымен де, мазмұнымен де күй дәстүрі аясында құрылған туынды. Республикалық сайыстарда ұдайы орындалатын шығармалардың бірі.


17


Ал «Дамылсыз қозғалыс» және «Концерттік пьеса» тырнақ алды туындылары. Бұл шығармаларды автор фортепианомен қосылып орындағанда домбыра техникасын жан-жақты дамыту жағын алға мақсат етіп қойған. «Дамылсыз қозғалыста» еқі шекті кезектестіре қолданып, сол қол саусақтарын пернеге жеке-жеке басу тәсілдерімен домбыра мойнындағы бүкіл кеңістікті толығымен пайдаланады. Шығарма рондо үлгісінде жазылған. «Концерттік пьеса» күрделі үш бөлімнен тұрады. Құрманғазының «Сарыарқа» күйінің тақырыбына жазылған. Күй тақырыбын жаңаша тілмен өрбітіп, оны фортепианомен шебер жарыстыра білген. Мұнда домбырада кездесетін әдіс-амалдар, орындау тәсілдері одан әрі дами түскен. Жалпы домбырашыдан жоғары ептілікті, орындаушылықты талап ететін шығарма. «Концерттік пьесалар» тізбегін Е.Үсеновтың «Жігер», «Түркі әлемі», «Шәмші дастаны», С.Балмағамбетовтың «Күй дастаны» жалғастырады. «Жігер» күй дәстүрін қолдана отырып жазылған шығарма. Үш бөлімнен тұрады. Орта бөлімінде әдеттегідей жай, әндете, негізгі тақырыбын құбылтып, 1-бөлімді қайталайды. Ал С.Балмағамбетовтың «Күй дастаны» - дастан деген, атына лайық, толғау күй. Әуен жоғарылаған сайын, тақырып ырғақ, қағыс түрлене дамиды. Шығарманың үлкен бір бөлімді болуының өзі күй негізін дәлелдейді. Еліміз егемендік алып, жалпы халық, қоғам өмірінде түбегейлі өзгерістер болып жатқанда – елім, жерім, халқым деген әрбір азаматтың жүрек тебіренісі, құлшынысы табиғи және түсінікті жағдай болып табылады. Е.Үсеновтың «Түркі әлемі» шығармасы осы бір тебіреністің перзенті. Барлық түркі халықтарының басының бірігуіне арналған. Шығарманың бірінші бөлімі түркі халықтарының әуендеріне құрылған тез екпінді, екінші бөлімінде қазақ халқының әндерінің элементтері бар жай екпінде түрлене отырып, каденция арқылы 3-бөлімге өтеді. Шағын кодамен аяқталады. «Шәмші дастан» болса «Қазақ вальсінің королі» еліміздің бір туар таланты Ш.Қалдаяқовтың өмір суреттерінің галлереясы. Жоспарлы поэма, фантазия деп қарасақ та болады. Қысқаша кіріспеден басталып, көңілді жігерлі 1-бөлімге ойысады. Бірінші бөлімнің өзі үш бөлімдік үлгіде жазылған. 2-бөлім Шәмшінің "Цыган серенадасы" әнінің негізінде құрылған. 3-бөлімде «Вальс» - ырғақпен өзгерістерге түсіп, әрі қарай марш тектес әуенге ойысады. Шығарма Шәмшінің «Менің Қазақстаным» әнінің негізін ала отырып аяқталады. Шәмші «Қандары қызған, нағыз жастық шақтарында менің әндерімді аспандатып шырқаған, сол әнмен бірге есейген қыздар мен жігіттер бұл күндері егде тартып, беттеріне әжім, шаштарына ақ түскен жасамыс болыпты. Менің әндерімді солар шырқайды. Мені «Шәмші» деп бастарына көтерген сол асылдарым дүниеден өткен соң менің әнімді кім салады? Кім мені есіне алады? Менің сонда оқты айдалаға атқаным ба, өмірімді босқа өткізгенім бе? - деп тұңғиыққа тіреліп сұрақ қойғанда, - Оны болашақ айтады» - деп О.Бодықов жауап берген екен. Әуенінде Шәмші әндерінің бірнешеуінің әуені бар "Шәмші дастан" орындаушы мен тыңдаушының сүйіктісіне айналып та үлгерді. Композитор Е.Брусиловскийдің «Румын әндері» — домбырашы-орындаушы қауымның репертуарынан кең орын алған шығарманың бірі. "Румын әуендері" 1953 жылы Бухарест қаласында өткен жастар мен студенттердің дүниежүзілік фестиваліне байланысты Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестріне арнап жазылған.


18

Оны М.Әубәкіров 1954 жылы фортепианоның сүйемелдеуімен орындау үшін домбыраға лайықтап түсірген. Дәстүр жалғастығы емес, бірақ, домбыра өнеріндегі жаңа ағым, сонымен қатар емтихандарда, конкурстарда домбырашылар репертуарында өзіндік орны бар шығарма. Сондай-ақ консерватория түлегі, домбыра өнерінің дамуына үлес қосып жүрген маман М.Тіналиннің "Жайлау биі" шығармасы – бүгінде домбырашылар репертуарынан өз орнын тапты. Шығарма фортепианоның жай, қысқа кіріспесімен басталып, орта екпіндегі негізгі бөлімге ауысып, ортаңғы бөлімде бірнеше түрленіп 1-бөлімді қайталайды. Аспаптык, музыканың күрделі жанр биігі - концерт дейтін болсақ, домбыра мен фортепиано, оркестрге арналған концерттер де жазылды. Жоғарыда атап өткеніміздей бұл жанрда алғаш қалам тартқан композиторлар С.Мұхамеджанов пен А.Жайымов.

Бұл жинаққа кірген А.Жайымовтың «Балдәурен» атты шағын концерті (концертино) үш бөлімді жоспарлы шығарма. Мазмұны бақытты балалық шақ көріністерін бейнелейді. Домбырашылық орындаушылық шеберлігін жан-жақты жетілдіре отырып, дәстүрлі күйшілік өнердің қыр-сырларын шебер қолдана білген. Әдеттегідей жай бөлімде қолданылатын тремоло қағысының орнына шертпе дәстүріндегі күй алынған.

Үш бөлімнің домбырадағы үлкен сағадан басталуы да көптеген күйлерде кездесетін дәстүр нышаны. "Шын өнерді еш уақытта тот баспайды" – дейді халық даналығы. Бастауын әріден алған сан салалы күй өнеріміз өзінің дер биігінде, келісті кейпінде. Ал бұрынғы күй дәстүрі аясында дамып, жаңа белес, жаңа үрдіс күй құдіретінің өміршеңдігін дәлелдейді. Домбыра үйрету әдісі пәні болашақ ұстаздарды домбыра аспабында ойнауды үйретудің үлгілерін, әдістерін жете білуге жұмылдырады. Ұстаздардың озық тәжірибесін көріп, сезіне жүріп, орындаушылықты, теориялық бағытта алған білімін өз бетінше тұжырым жасауға үйретеді. Пән түйінді, дәстүрлі күйшілік мектептердің бапты бағамдарынан, алдыңғы қатарлы орындаушылар мен ұстаздардың тәжірибелерінен, ғылыми зерттеушілік нұсқаларынан, жалпы педагогика, музыкалық педагогика, психология ғылымдарының негізінен алады. Домбыра үйрету әдісі – сындарлы үрдіс. Заңдылықтардың, үлгілердің, әдістердің, түбегейлі зерттеулерлің, бір арнаға құяр саласы, жиынтығы. Теориялық түйін және болжамдардың іске асар тұсы.

Домбыра үйрету әдістері дәрістерінен үйренген бар білімін болашақ ұстаздар ұстаздық машықтану сабақтарын өткізу барысында шәкіртпен етене тікелей жүздесу кезінде іс жүзінде қанығып домбырашы ұстаз, домбыра маманының бейнесін қалыптастырады. Репертуар орындаушылық қырынан тексеріліп, құжаттармен жұмыс жасалынып, оқу әдістемелік бағытқа сын көзқарасы, ұстаздық абайы қалыптасады, пікір алысып, өз бетімен жұмыс ұйымдастырылады. Педагогика ғылымдарының ойшылдары М.Жұмабаев «Ұстаздықтың тұңғиығы Абайдан басталады», – десе, Н. Крупская: «Өз бетімен жұмыс қай салада да биікке апарар жол», – деген екен. Домбыраға үйрету әдісі – кәсіби өнер саласында ұдайы дамып, ізденісте, дамуда келе жатқан үрдіс. Домбыра үйрету мектебін Л. Хамиди, Х. Тастанов, Б. Ғизатов, М. Әубәкіров, А.Жайымов, Б. Ысқақов, С. Бүркітовтер жазған оқулықтары қолданылып келеді.


19


Біздің де ұстанған бағытымыз: Есте сақтау, есту, ырғақ, музыкалық қабілеттер қалыптастыру, зейін, абай, творчестволық ойлау дағдысын жетілдіру, дамылсыз үйретудің прогрестік жолдары жиынтығындағы мектепті қалыптастыру өз бетімен жұмыс, шығармашылық құлшыныс, орындалған шығармаға сын көзқарас, жалпы өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Басты мақсат: мінез– құлықты, домбыра өнерін жіті білетін, ұлттық рухтағы тәрбиелі орындаушы, ұйымдастырушы, ыждағатты, қағілез, инабатты ұстаз.


Домбырада ойнауды үйрету әдісі

Домбыра үйрету әдісі пәні – басты сабақтарын тұжырымды саралар болсақ: 

I. Алғашқы кездесу жоспары:
1) танысу;
2) аты–жөнін құжатқа жазу;

3) бағыты;

4) бұрын домбырамен таныс па соны білу;

5) музыкалық қабілеттерін тексеру;

6) отбасында домбыра таныстығы;

7) өз еркі, ата–анасының көзқарасы;

8) жалпы білім беретін мектептегі үлгерімі, уақыты т.т;

9) керекті оқу құралдары.

II. Алғашқы сабақ негіздері:
1) оңтайлы аспап;
2) дұрыс отырыс;

3)домбыраны дұрыс ұстау.


Домбыра шәкірттің жас шамасына, дене құрылымына сай болу керек. Кейбір домбырашылардың саусағы қысқа болса да, өте салалы келеді. Кейде салалы саусақтардың созылу қасиеті жоқ, дене бітімі қатаңдары да кездеседі. Аспаптың қолайсыздығынан отырыста көптеген қате кетеді, дыбыс сапасы да бұзылады. Бұған орындықтан келер залал да көп. Аяғы еденге орнықты қойылмаса, сол аяғының өкшесін көтереді де, еңкейіп отырады. Көпшілік жағдайда аяқ астына көтергіш қояды, әрине орындық аяғын кесіп тастап жатпайды. Егер көтергіш кішілеу болған жағдайда да орындықсыз пайда болады. Сондықтан ең тиімдісі шақ орындық, сиымды шанақ, лайық –сапты домбыр. Осы орайда маңызы зор бес қағиданы үйретуші ұстаз білгені жөн:

1.анатомиялық;

2.физиологиялық;

3.жан танымдық;

4.механикалық;

5.акустикалық.

Анатомия – шәкірттің, ұстаздың дене мүшелері аттарын толық білу. Иық, қол, шынтақ, білек, білезік, алақан, саусақ, кеуде, мойын, бас, тізе, тобық, табан т.т. Тәжірибеде қол, саусақ, бастан басқаны білмейтін шәкірттер жиі кездеседі. Физиология – организмнің, өсімдіктердің тіршілік барысын, дамуын және зат алмасуы заңдылығын зерттейтін ғылым. Олай болса алдыңдағы шәкірт организмнің (ой жүйесі, дене бітімі қатаң ба, боспа аңғару) домбыраға бейімділігінің дамуын байқау.


20

Жан таны - ұстазды адам жанының инженері деп қате айтпаған. Тәжірибелі ұстаздар шәкірт мінезін бірден таниды. Кейбір шәкірттер бірден ашыла қоймайды. Селқос тыңдаған тәрізді болғанмен, өз бетімен тындырымды келеді. Қайсы бірі сондай ыждағаттылық танытқанмен, алары аз болады. Қанша шәкірт сонша жан таным бар, әрқайсысына жеке дара келуге тура келеді. Механикалық. Механика – (механизм) ішкі құрылысты жүргізу, қозғалту – қозғалыс және күш заңдылықтары туралы ілім болса, екі орайда да толық білім болуы қажеттілік. Қолдары, қозғалысқа қалай келеді, дыбыс шығару үшін қандай күшті қалай жұмсау керек. Аккустика – артикуляция, агогика, әшекей, өрнек, қағыс табиғаты т/б тақырыптар. Бұл тақырыптардың қысқаша мазмұны – бәрін бір жинаққа сыйғызу мүмкіндігі жоқ екені түсінікті болса керек.

Бірақ:

- дене мүше атаулары;

- құжаттар үлгісі;

- орындыққа отырыс;

- домбыра ұстау қалпы.

Кейбір кемшіліктер көрнекі түрде берілген. Қай мәселені алсаңыз да, 1-ші кезекте тұру керек сыңайлы, сондықтан жалпы заңдылықпен реттеуге тырыстық. Атап айтсақ:

1.домбыраны үйрету сабағын жоспарлау, алғашқы сабақ өткізу әдістері, алғашқы домбыра үйрету кезіне тән қателер, оны болдырмау жолдары, оқу орнына, бағдарына байланысты ерекшеліктері, керекті құжаттар, оның жүргізілу мазмұны, сатылап орындалуы, шәкіртпен творчестволық қатынас, кемшіліктерді талдау, талпынысын қолдау, орындалу сапасын дұрыс бағалай білу.

Домбыра үйрету әдістерінің жалпыға бірдей негіздері. Аспап күтімі, отырыс, екі қол қойылымы, оны қозғалысқа келтіру. Екі қол қозғалыс жүйесі, домбырашының орындаушылық дағдысының қалыптасу негізі, екі қол үндестігі, техникалық шеберлік. Маңызды – анатомиялық, механикалық, физиологиялық, жан танымдық, акустикалық бес факторды білу;

2. музыкалық және орындаушылық қабілеттер, есту, есте сақтау, ырғақ оларды анықтау, дамыту;

3. қабілет және дарындылық. Талант және еңбек. Елес-қиял. Сезім және ерік;

4. ырғақтық, дыбыс бояулық, буындық, екпіндік, есту қасиеттері, домбыра дыбыс әуезінің қалыптасу;

5. табиғаты. Есту және байқау. Ерік және мақсат;

6. саусақ кестесі (аппликатура), орналасу реті, қалпы (позиция). Саусақтардың халықтық атаулары;

7. белгіленуі, орналасуы. Позиция ауыстыру, дәстүрлі қалыптасқан перне басу реті;

8. графикалық белгіленуі. Қағыстық, дайындық жаттығулары. Оң қол шеберлігі, техникалық жетілдіру жолдары;

9. орындаушылық шеберліктің негіздері. Домбыра орындаушылық өнерінде түрлену (вариант), көбеюі;

10. дыбыс бояуы жолдары, әшекей өрнектің дыбысқа әсері, орынды қолданылуы;


21



11. шығарманың екпініне байланысты ізденістер. Артикуляция, агогика ұғымдары, шығармамен жұмыс. Шебер (виртуоз), орындаушы, жеке орындаушы, сахна мәдениеті, оған дайындық;

12. репертуар таңдау, көмекші оқу құралдары. Әдістемелік талдау. Бұл қысқаша ғана тақырыптар. Шәкірттің жеке басының мүмкіндігіне, жаратылысына байланысты туындайтын жайттар жиі кездеседі. Қанша домбырашы, сонша жеке тұлға бар.

Музыка маманын дайындау қызықты да өте күрделі еңбек. Мұнда бір-бірімен жалғасып жатқан екі мәселені қараған жөн. Ұстаз өз шәкіртіне өнерге деген көз-қарасын, сүйіспеншілігін, өз білімін, іскерлігін, орындаушылық шеберлігін бере білуі. Оқушы бойындағы талантты ашу, жақсы жақтарын көрсету, кемшіліктерін ұдайы түзете дамыту. Ұстаздық шеберлік тәрбиенің осы екі қырын қатарластыра

жүргізгенде ғана нәтижеге жетеді. Бірақ ұстаздық ұлағаттылықтың мәні, оның ішінде, музыкант ұстаздың шеберлігінің кейбір қалтарыстары әлде де зерттеліп болған жоқ. Орындаушылық шеберлік, көркемөнер, музыкант ұстаз, халық мектебі, әр түрлі аспаптарда ойнауды үйрету, халық таланттары, музыкалық сан-салалы шығармалар, олардың орындау жолы, шығармашылық қақында көптеген тұжырымдар, ғылыми зерттеушілік жұмыстар, түбірлі түйіндер, очерктер, повестер, монографиялар бар. Музыкалық педагогиканың сүйенері де осы еңбектер. Қазіргі кезде домбыра ойнауды үйрету бағытында бірнеше бағыттар, ойлар туындап жүр. Бірақ бәріне ортақ бір қағида – негіз, ол дұрыс отырғызу, қолдарын дұрыс қою, оңтайлы аспап, әп дегеннен ойлы, ізденісті домбырашы қалыптастыру, әр оқушының жеке қабілетіне байланысты сабақ ұйымдастыру. Алғашқы сабаққа ұстаз өте тыңғылықты дайындалуы керек. Оқушымен бірінші кездесудің кейінгі еңбек жемісі үшін маңызы өте зор екендігін әсте естен шығармаған дұрыс. Оқушы психологиясына әсері мол боларлықтай жағдай жасау, оқушыны өнерге ынтықтыра, қызықтыра білу. Бір сөзбен оқушыны жалықтырмай, тиянақты сабақ ұйымдастыру. Жоғарыда айтып өткеніміздей, оқушы қай бағытта музыканы үйренсе де, болашақ түпкілікті осы жолда қаласа да, қаламаса да, барлық домбырашы үшін ортақ мүлде дұрыс отырыс, дұрыс қол қойылымы, әр шәкірттің табиғи жаратылысына байланысты жеке бағдарлама құру, дұрыс ойлау жүйесін қалыптастыру.

Оқу-әдістемелік құрал «Домбыра үйрету әдістеріне» арналғандықтан – басты мақсат жалпы үйрету үрдісіне бөлініп отыр. Үйретуші – ол тәрбиеші, ол ұстаз. Домбырашыларымыз оқу орнының қай деңгейінде де орындаушылық бағытта дайындалады. Әдістемелік оқу құралдарының саусақпен санағандай екенін шамамызша жоғарыда айтып өттік. Қысқаша болса да домбыра үйретуге септігін

тигізетін пәндер, әдіс-амалдарды қамтуға тырыстық.

Музыкалық жоғарғы оқу орны домбырашы студенттерінің ұстаздық тәжірибесі ой жүйесінің дамуы мәселелері. Қазіргі таңда бұрыннан да бар музыкант – ұстаздар дайындау проблемасына өте жіті көңіл бөлінуде. Оның ішінде «Аспапта орындаушы» мамандығы ұстаздықтың, музыканы үйретуде неше қырлы, жалпы әдістері, мақсат мүдделері қарастырылуда. Мұнан орындаушылықты екінші қатарға ысырды деген мағына тумауы керек. Ол өзінен өзі күнделікті мамандық сабағымен, сынақтардағы орындалған түрлі күйлермен,

шығармалармен, басқа орындаушыларды тыңдаумен келіп жатқаны айдан анық, бірақ бұл да үйретумен келетін, өркендейтін қиын да қасиетті іс.


22


Біздің көңіл бөліп қарастыратынымыз – осы үйренген, үйрететін өнердің сындарлы саласы музыканы орындай жүріп, оны оқушыға (мектепте, колледжде, кім болса да – үйренуші) жете үйретудің әдістерімен қаруландыру үшін қандай білім жүйесі, қандай ой жүйесі керек. Сол бағытта іздену, баршаға көмек беру. Болашақ ұстаздардың ой жүйесі, қай бағытта жетілуі керек. Осы орайда олардың студенттік кезеңдерінде өтетін кейбір курстары, пәндері мәселені шешіп бере ала ма? Әрине жоқ. Сондықтан студенттердің ұстаздық дағдыларының айқын бағыттағы қалыптасуының маңызы зор. 1-ші мамандық сабақтарында (мамандық, ұстаздық машықтану, методика) жетіледі. Бұл пәндер кәсіби орындаушы тәрбиеленудің тірегі десе де болады. Алайда, ұстаздың ой-жүйесі ұғымының тікелей алынған анықтамасы жоқ. Көбіне көп әңгіме – қызметінің түгелдей дерлік талдау, құрамалау, даму жүйесінің көріністері туралы. Музыкант – орындаушы тәрбиесінің ұстаздардан ойшылдық, ақылдылық, әр уақыт талдау, құрамдау, қорытындылау, ойлаушылық икемділік, бейімділік талап ететініне және оның бірінші мақсат екеніне еш шүбә келтіруге болмайды. Қайталап айтсақ, осы қасиеттерді ұстаз өз оқушысында дамытуы керек. Мұнымен бірге аталған ізденістер музыкант ұстаз дайындау кезінде өзіндік

мағынаға, түрге ие болады. Бұл өнер сахналарында жүрген көркем шығарма орындаушыларының айрықша жан танымдық мақсаттарынан бөлек. Ұстаз өз оқушысының берілген шығарманы орындауын тыңдай отырып, оны оймен ішкі жан дүниесінің тынысымен салыстырады (бұл әр уақытта естен шықпауы керек). Ол өз оқушысының сезімі, ойы арқылы сол музыканы бірге іштей орындайды. Осылайша ұстаздың ой, жүйе, жан танымдық құбылыстардың аса кеңірек аймағына (орындаушылықпен салыстырғанда) бағытталады, бұл ұстаздың көз алдында тек қана оқушысының бұрыннан қалған орындаушылықтың үлгісін қалай жеткізетіндігі ғана жалаң тұрса, істің жан-жақты мәмілеге келмегені. Сонымен ұстаздық ойдың басты негізі дегеніміз – басқа ой жүйелерінен ерекшеленетін ұстаздың оқушы түсінігі мен болжамына кіре, жақындай білуі, оның орындау ішкі жан дүниесін түйсінуі, сезуі және ұстаздық әсердің, көмектің мазмұнын, болмысын анықтауы. Бұл қасиетсіз музыкант ұстазды тәрбиелеу, творчестволыққа үйрету және кәсіптік ұстаздыққа қызығушылығын арттыру мүмкін емес. Мұнымен бірге музыканы оқушы құлағымен естуі, кездескен техникалық қиындықтарды оның қолымен сезінуі, іштей түсінуі, үйретуі оқу процесі үшін ғана қолайлы жағдай жасайды. Дей тұрғанмен, бұл жас орындаушыға белгілі бір білім жиынтығын, шығарманың орындаушылық қиындықтарын, әдістерін үйретудегі басты қасиетті ауыстыра алмайды. Біздің кейбір жас ұстаздардың және студенттердің ұстаздық машық сабағын байқап қарағанымызда – оқушылар шектен тыс тапсырма, сұраныс алады. Мұндай кідіріссіз шектен тыс берілген тапсырма қиындық келтіреді (бағдарлама берген де шектен тыс қиын тапсырмалар береді). Әрине молынан қамтыған дұрыс болғанмен оның ішіндегі ең бастысын айқындау керек. Сабақтың қай қайсысында да алға айқын мақсат, міндет, түп-тамырлы талдау, қоя білуге үйрету, қисынды, жүйелі ойлау қасиетін сіңіру ләзім (Сабаққа дайындықты қараңыз). Сонымен қисынды, жүйелі ой қасиетін анықтаймыз. Ол кезек күттірмей қолға алған мақсат пен осы құбылыс аясында іске асатын шара.


23


Осы мақсаттардың реті, біріншіден ұстаздың ұлағаты терең, жан-жақты болған сайын оның оқушымен жұмысы асқан бай, мазмұнды келеді. Әрине бұл қасиеттер студенттерде бірден қалыптаспайды, ұстаздық машықтану, тәжірибелі маман, жетекші дәріскердің арқасында біртіндеп қалыптасады, екіншіден – «Домбыра үйрету әдісі» пәні көмекке келеді. Мұнда теориялық бастамалар қолға алынады. Ұстаздық ой жүйесінің жаңаша бір қыры: ол алған дағды білімнің практика жүзінде, тәжірибеде сапалы іске асуы.

Бұл:

- ұстаздық машықтану;

- бітіргеннен кейінгі өндіріс орны.

Домбырашылардың өмірінде бұл алғаш бастаманы, екінші қырыннан қолдану, іске асырудың үлкен мәні бар, тіпті болмаса дамудың негізгі шарты десе де болады. Мұны қалай түсінуге болады. Бір әдісті жаңадан алып қалайда дамыту керек (оң қолдың қағысы) сағаттың тілімен салыстырып болса да үйрету керек – қол қозғалысын таптық дейік – ал бізге тек қана қозғалыс дағдысы емес, зерде және ой керек. Оқушымен өткен әр шығармада осы уақытқа дейін оқып үйренген, оның орындаушылық пен жинақталып біліммен іске асатын тұстары баршылық. Бірақ мұндай шешім – егер практикант студент ойынын талдай байқай отырып аспап пен музыкалық отырысты, тұлғаны бір тұтас нәрсе ретінде зеоттеп, үйреніп, онан ұқсастық пен тепе-теңдікті іздегенде тапқанда ғана мүмкін болады. Әрине ол-тек қана техникалық жетістіктерге ғана байланысты емес. Бұл орындаушылық дамудың барлық деңгейінде, әдістер оларды жетілдіру (оң қолда қағыс, сол қолда қозғалыс) тек қана қозғалыс емес, жұмыс шарттарын да тағы басқа жағдайларында көрініс болады. әдіс оймен, жүйемен іске асқанда, неғұрлым бұрынғы тәжірибемен кіріккенде, бұл байланыстарды пысықтар және тәптіштегенде ғана соғұрлым қорытындылауға, тасымалдауға көнеді. Дәлелдей айтқанда: жеке басына алған әсері, жинаған тәжірибесі танып білгелі отырған жаңа көрініске қазір алдында сабақ болмаса (баяндама) теңгеріліп, іске қосылуы керек.

Осы айтылғандардан орындаушы студенттердің ұстаздық ой жүйесінің қалыптасуы турасында негізгі мынадай бағыттарды белгілеуге мүмкіндік береді:

- оқушыға шығарма үйретуде сол оқушыға байланысты мақсат-мүдделерді бір арнаға біріктіру;

- зерделі орындаушылық, ұстаздық талдау. Оның ретімен іске асуы, өткен тәжірибеге сүйену, кейбір жұмыс әдістерімен ұқсастықтарын табу. Ұстаздардың жинақы құрамдастырылған, байланыстырылған қимыл, іс-әрекеті мұнда ең маңызды шарт, негізгі жұмыс мамндық ұстаздарына түседі;

- «домбыра үйрету әдісі» пәнінен ұстаздық машықтанудан, тәжірибелі сабақтар, тағы басқалар.

Мысал келтірсек:

- жалпыға бірдей мақсат, шығармамен, мазмұнымен композитор заманымен, тілімен, стилімен, бағытымен т.с. жұмыстар;

- динамикалық белгілер, қиындықты жерлері жалпы мазмұнға жақындату – осы жерде оқушының қабылдауы (екі қолдағы ептілікті ой жүйесімен қосу байланысып жеткізу). Әуеннің бір тұтастығы 1,2 – жағынан оның шығарма мазмұнына сай келуі, оң қол қағыстың, сол қол басуына (керісінше) күйде ал шығармада сүйемелмен жымдасуы.


24

Бұрынғы жинақталған дағдылардың салыстырмалы ой елегінен өткізген тасымалданып қолдану, жұмыстың маңызды кезеңі болып есептеледі. Әрбір студенттің зерделі ой жүйесінің қалыптасуын, дамуын ұстаз қадағалауының ролі зор. Жұмыс жоспарлы түрде ұйымдастырылып күнделікті дағдыға айналдыруына тек қана осы жағдайда ғана ұстаздық ойлау қалыптасады. Домбыра үйрету әдістері - сабағында студенттермен күйлер – шығармалардың әр түрлі қиындықтарын, оның шешім нүктесін табу сияқты жарыстар өткізсе – сапасы жоғары болады. Мұндай жарыстар қызу пікір алысуға жағдайжасайды – осы орайда өз көзқарастарын қорғап үйренеді. Әрине, бұл ізденушіліктен туған мінез-құлық. Қорытындылай келіп айтарымыз – ұстаздың ойлау дамуы проблемасын шешуде ең басты міндет – шығарманы музыкалық орындаушылық зердемен қорытындылауға үйрету – жалпы және жеке қажеттілікке айналуы керек. Музыкалық орындаушылықтың кезектей келген тізбегінен олардың іштей біріктіретін заңдылықтарды көрудің маңызы зор. Әрине бұл қасиеттерді оқушы алдына қою үшін ең алдымен ұстаз өзі ие болуы керек. Сонда ғана студент бір жақты орындаушылық емес – жүйелі, нәтижелі ой жұмысына дағдыланады. Ұстаздың жүйелі ой қасиеті үшін студенттердің орындаушылық пен ғылыми жұмыстарының маңызы зор. Әрине бұл жұмысқа тек қана аздаған бөлігі тартылады, болмаса консерватория бітірерде ғана бір дипломдық жұмыс жазып жүреді. Қазіргі уақытта ол да кейінге ысырылды.

Домбыра үйрету әдістемесі сабағында біз беріп жүрген баяндамалар, рефераттар осының бір ұшқыны, бастамасы. Мақсатымыз еңбек майданында студенттердің ғылыми зерттеушілік және тәжірибелік жұмысын – олардың өз бетімен кәсіби бағытының қалыптасуына, машықтық міндет, мақсаттарын творчестволықпен шешуге бейім болуы үшін ой жүйесін қолайластыру.

Негізгі ерекшелігі:

- біріншіден, оқу мақсаты мен міндетінің бағынуы керектігі;

- екіншіден, бұл жұмыстың танымдық бағыттармен шартты түрде сәйкес келуі;

- үшіншіден, жиі кездесетін кәсіби, ұйымдастырушылық мүмкіншіліктерінің жаңа мәліметтерімен толықтырылып отыруы;

- төртіншіден, сөз саптауға, ұстаздың сөз шеберлігіне, ізденіске үйрену.

Жалпы мұндай дағдылар ерте қалыптасуы керек. Ғылыми ұстаздық ой жүйесіне керекті қасиет ойлағыштық, үздіктігі, сөз саптау шеберлігі, нотамен, үн, бейне таспамен, кітаппен мәністі жұмыс, сындарлы сын, танымдық қызығушылық және өсуге қажеттілік, құмарлық, ізденгіштік. Міне, мұның бәрі мектепте тіпті бала жастан қалыптасып, орта буында жетіледі, ал жоғары оқу орнында зор мәнге, түйінге ие болады.

Алғашқы домбыра үйрету кезіндегі басты назарға ұстайтын қағидалар:

1) ер және қыз балалардың отырысындағы айырмашылықтар;

2) оқушымен танысу, ол туралы бар деректі жазба түрде алу;

3) аты, жөні, ата-анасы, мекен-жайы;

4) музыкалық танымы, бұрын аспаппен таныстығы, әлде басқаша талпынысы бар, керекті оқу құралдары: оңтайлы аспап, орындық, оқу құжаттары – болашақ жұмыс үшін мәні зор;

5) оқушының денесін отырған кезде тіке, табиғи қалыпта ұстауы, қол саусақтарының шығармауы;


25


6) адам дене буындарының атаулары;

7) аспап құралымен, күтімімен таныстыру;

8) оқушыны үйрету бағытын анықтау – нота сауаты, қолдан алу. Себебі есте сақтау, есту, таза дыбыс мәдениетін қалыптастыру, байқағыштығы жақсы балаларға қолдан үйренген тиімді, өзіне, аспапқа, нотаға қарап назары басқаға бөлінбейді, әрі байқағыштығы, ой жүйесі өседі, мұны көпжылдық тәжірибе көрсетіп келе жатыр. Ал бүгін үйренгенін келесіде ұмытып отырған шәкіртке сан жүйесінен, нота сауатынан қолайлысы жоқ. Бірақ қысқа, қысқа әуендерді, қарапайым қимыл, қағыстардан бұлармен де жеміске жетуге болады. Бастапқы сабақтарда үйге көп тапсырма берілмейді, сыныптағы сабақты да бірнеше бөліммен өткізген дұрыс. Бұрын дағдысы жоқ бала шаршайды, қолдары талады, сонан соң қатая бастайды, ұстаған кезде қысқаңдық сезіміне жол беріледі кейін мұндай кемшілікті жөндеу қиынға соғады. Сондықтан арасында ән айтқызып, тақпақ жаттатқызып, аспап құралымен сұрап, нота жазғызып, әр алуан бағытта, шәкіртті демалтып өзі күй орындап ойластырған ұстазға шексіз амалдар баршылық. Бір сабақты бірнеше бөлікке бөлген дұрыс. Сабақ аптасына 3-4 рет болса, тіпті жақсы. Осындай шараларды іске асырғаннан кейін, отырып, аспапты ұстап үйренгеннен кейін, оң қолға төмен қағыс үйретуден басталады. Ілкі әзірде тиекті алып тастаған дұрыс, себебі қағыстың бағытын, қолының салмағын сезінуі үшін бала қолына кедергі болмағаны жөн. Бұл тұста еске сала кететн жай, жоғары қағысқа қарағанда төмен бағытқа қол өз салмағымен оңай түседі. Жоғары қағысқа кейде жұлқи күш салады, болмаса қолды түскен бағытынан бұра тартады.Қолдың ішекке жанасуы, сонан кейін қай буын арқылы бағыт берген дұрыс, міне бұл әр домбырашының күнделікті жадында сақтар қағидасы.

Жоғары қағыстың дыбыс бояуы, әлді, әлсіз үлес, өлшем түрлері оқушы үлгеріміне қарай өзгертіліп отырады. Оң қол қойылымы керекті дағдыға жақындағаннан соң, қатар басталған соң қол қойылымын біріктіру қарастырылады (әрбір әдіс үйренуші қабілетіне, ұғуына қарай уақыт алады). Үйретушінің сол қол саусақтарының пернеге орналасу қалпы бірден домбыраға емес, жай кеңістікке және қолының табиғатына байланысты сол қол, орта буыннан болмаса онан да жоғары пернелерден қойылады. Қай саусақтан, қай тұстан бастау – ол үйренуші дене құрылымына байланысты жеке бағдарлама негізінде үйлестіріледі. Ля-пернесінен бастап қоған кезде, көпшілігі қолдары жетпеуіне қарай, домбыраны кейін тартып, иықтарын көтереді, алақандары жазыңқы тұрады, мұнан саусақ алыс кетеді, басын төмен салып пернені алдынан қарайды, онан соң оң иық төмен түседі, шынтақ домбыраның бетін жабады, оң қолдың басы жоғары көтеріліп, сапасыз орындаушы, сәнсіз отырысқа жол беріледі (суреттерде көрсетілген). Жалпы тек қана осы келеңсіздіктен әзірге 45 жайт, оның ішінде, дене құрылысының бұзылуына, омыртқа желісінің қисаюына себеп болады. Сондықтан орта пернелердің біріне 4 саусақтан бастап қойылса, алақан жинақы, сынықты болады, білек буын, шынтақ көтерілмейді. Бармақ, 3-ші саусақ соңын ала қойылады. Бұл жағдайлардың бәрі ұстаз шеберлігіне байланысты өзгертіліп отырады. Жаттығу мезгілі ұзақ болмағаны абзал. Арасында теориялық материалдар тапсырмасы беріледі. Алғашқы кезден-ақ қара қағыстармен үйрете тұрсақ та оқушыны дыбыс сапасына құнықты қылып тәрбиелеген дұрыс.


26

Көп жылғы тәжірибеден байқағанымыздай сол қол 1 саусақтан басталып қойылады. Себебі ең салмағы бар, ыңғайлы, қозғалысқа оңай, жалпы табиғи үйлесімі мол, тірек нүктесі мықты саусақ. Алдымен әуелі оқушының саусақтарын оң қолды қоспай, бірнеше рет пернеге қойып, дыбыссыз тек бір перне және ашып қозғалысқа келтіреді. Пернеден пернеге жылжыту кейін қолға алынатын басты шара. Саусақтар үлгідегі көрсетілген нұсқадан ауытқымауы керек, 1-саусақты қалыпқа келтіргеннен кейін оң қолды төмен қағыспен қосып, жай екпінде жаттығулар беріледі. Сол қол 1-саусағының төмен қағыспен қойылымы кезінде, музыкалық дыбыстың ұзақ болуы, болмаса паузамен келуі, оқушының келесі ұяға көшкенше саусақтарын бағдарлап үлгеруіне көмектеседі. Бұл жерде «1-саусақ неге тек қана ля пернесіне қойылуы керек» - деген сұрақ қойылмауы тиіс. Оқушы дене құрылымына байланысты тіпті басқаша да болуы мүмкін. Кейде сол қол 4-ші саусақтан да бастап қойылады. Сол қол иық, шынтақ буындарының табиғи қалыпта тұруының, кеудемен арадағы бұрыш қатысының үлкен маңызы бар. Алғашқы сабақтарда бас бармақты қозғамаған абзал. Бас бармақпен 1-ші саусақты қатар пернеге қойған кезде, табиғи қозғалыс дағдысын білмегендіктен оқушыда домбыра мойынын қатты ұстау дағдысы пайда болады. Бұл жөндеуге өте қиын әдет. Сондықтан да жан-жақты талмай ізденіс, жіті бағам, терең тұжырымды тәрбиемен, тәжірибе ғана өз жемісін бермек. Ішектерге саусақ жанасу шеберлігін жіті қадалған абзал. Отырыс, қол қойылып болғаннан соң оқушылардың басым көпшілігін сан жүйесімен үйрету жақсы жеміс беріп келеді. Келетін оқушының бәрі санай біледі, оны білмейтіні өте сирек. Мұның тиімділігі нотаға және басқа жағдайаттарға алаңдамайды, көңіл бөлінбейді. Бұл көптен қолданылып келе жатқан әдіс, бірақ қол қойылымына біраз көңіл бөлуге тура келеді. Алғыр бала 3 күнде домбыраны ұстап,12 жолдық күйді үйреніп болады (бірақ отырыс, қол қойылымында кемшілік болады). Кейін нота жаттауға да үлкен септігін тигізеді. Домбыра мойнын белгілеу былай жүзеге асады. Қазақтың ән-күйлерінің ішінде (аты жоқ, ре# - соль#) пернесіне баратындары сирек. Халық арасында аты жоқ немесе Түрікпен перне деп те атайды. Сол себептен оны есепке алмаймыз. Екі ашық ішек 0/0-ден басталып белгіленгеннен (ми-ля) 2-пернені 1-1 белгілеп; Әрі қарай жалғаса бероеді. Бастапқы әзірде сол қолда жиі қолданатын саусақ кестесі б/1; б/2;/б/4 және үсті ашық. Әбден дағдыланған соң ¾; 2/4; 4/1, ¼ саусақтары арнайы жаттығулармен қойылады. Тұспалдау баспалдақ үстіңгі ішегі төменге, астыңғы ішегі – белгісі үстіне жазылады. Екі бөлек жаттатқызып, ішегін жаттатқызып, кейін екеуі біріктіріледі. Үй тапсырмасы қиындық түсіретін шәкірттер үшін өте тиімді. Бұл әдісті А.Жайымов, Б.Ысқақов, Ш.Асқаров, А.Райымбергенов, Ж.Нәжімеденов, Б.Қабыланов т.б. көптеген ұстаздар қолданып жүр. С. Андарбаев, Х. Тастанов, М. Әубәкіров, Б. Рзаханов, Т. Бәділов, Ғ. Әдепқалиевтар кезінде көркем-өнерпаздар үйірмесінде қолданған. Әрине, мұны оқу жүйесіне қолдану, нота сауатына жеңіл ойысатынын тәжірибеде көз жеткіздік.Бір сөзбен айтқанда ұстаздықтың шежіресін жан-жақты, жіт көзбен бағдарлаған үйренушіден ғана, асқар білімді, терең танымды өнер мектебінің мағым маманы шығады. Педагогика деген грек сөзінің түсінігіндегі «пайдос-бүлдіршін», «агос-алып бару» немесе жеткізу деген іліммен сабақтасады.


27


Біз таныған адам тәрбиелеу ғылымынан хабардар ете отырып, тәжірибе тұғырына саятын іздену, тәрбиелеу, үйрену, білім алу, дамыту, сіңіру ұғымдарының аясында сұхбаттасу. Педагогика – қоғамдағы адам тәрбиесі, білімі турасында ғасырлар бойы қалыптасқан тәжірибеге, өмір ағымымен бекітілген, халықтың тұрмыс-салтымен кірген әдет-ғұрыптар, философия, психология, халықтық педагогика, қоғамдық көзқарастағы ғылым.

Ал, музыка педагогикасы негізін осы үрдістен алып, астарлар бағытта өрбиді. Бірақ консерватория студенттері үшін оқу орны қабырғасынан алған теориялық, болмаса мамандықтан үйренген орындаушылық шеберліктері – жалаң түрде ұстаздық тәлімінің тереңіне бойлауы, шәкіртке ой салуы үшін көмекші бола алмайды. Ол тек қана өз бетімен мектепте, колледждерде, өнер ұжымдарында еңбек еткен, барлық ойына түйген іс-тәжірибесін жіті бағдармен күнделікті қолданғанда ғана жемісін береді. Себебі, қайталана тұрсақ та, олар бірнеше оқушыға сабақ береді, әр түрлі жан-дүние, әр түрлі қабілет, әр жастағы оқушымен жұмыс жасайды. Жеке жұмысы, класы болып, іс-тәжірибеден өткен студенттердің оқушыларының деңгейі жан-жақты, ой өрісі мығым келеді. Ал тек қана «Ұстаздық машықтану» пәнінен сабақ алған студенттің оқушысында жетіспестіктер кездесіңкіреп қалады. Мұнан ұстазы үйрете алмады деген ой тумайды. Оның себебі ол оқушының мектепте өз мұғалімі, әрі тәрбиешісі бар, студенттің жетекшісі, нұсқаушысы бар, сонда студентке өте аз ауқымдағы жұмыс қалады. Ол оқуын бітіріп еңбек жолын бастаған кезде қиыншылықтарға кездеспесі үшін, «Ұстаздық машықтану» пәнін өту кезеңдерінде алғашқы сабақтардан бастап, ең соңғы баспалдақтарына дейінгі көлемнен, кезеңдерден өтсе, сәнсіз отырыс, сапасыз орындаушыға кездеспеген болар едік.

Тәжірибе бастауы – «Ұстаздық машықтану» пәнінің мақсаты мен міндет. Ұстаздық машықтану – болашақ музыка маманының (домбырашының) ұстаздық өз бетімен жүргізетін ұстаздық қызметінде маңызды орын алатын пән. «Ұстаздық машықтану» пәнінің басты мақсаты – болашақ музыка мамандарын арнаулы оқу орындарындағы ұстаздық қызметтеріне машықтандыру, жол ашу, барлық бағытты қамту. Оқу орны қабырғасында алған білімдерін тереңдету және бекіту, тәжірибелік жұмыста пайдалана білуге үйрету. Әрбір болашақ ұстаздың қызметке қызығушылығын арттыру, педагогика, психология пәндерн тереңдетіп үйренуіне ықпал ету. «Домбыра үйрену» әдісі пәнінен дестесіне түйген, алған тәлімін осы пәндермен ұштастыра жүргізу, творчестволық бастау алу. Студенттің ұстаздық қабілеттерін дамыту, оған қажетті жеке бастың қадір-қасиетін, бойына сіңіру, өзін-өзі тәрбиелеуге үйрету. «Ұстаздық машықтану» курсы музыкалық педагогика саласындағы қызметте ғылыми-әдістемелік және ұстаздық қызметке құштарлықты дамытуға міндетті. Ұстаздық машықтану өту уақытында бар саланың толық репертуарымен таныс болуы, білуі міндет. Әр аймақтың күйлерін ерекшеліктерімен, талдауларымен, орындаушылық қыр-сырларымен жақсы меңгеруі, оқушыға көрсете білуі тиіс.

Күйдің, шығарманың орындалуында кездесетін көркемдік мәнерліктерін, қиындықтарын дұрыс әдіспен талқылауға үйренуі керек. Әр оқушының табиғи музыкалық қабілетіне, талантына, мінез-құлқына т.б. деректеріне қарап жеке бағдарлама құра білу. Оқушыда кездесетін орындаушылыққа жат әдеттері, кедергілерді іздеп жолын таба білу.


28


Аспапты әр оқушының дене құрылымдық ерекшелігіне қарай таңдай білу. Орындаушыны жан-жақты тәрбиелеу мақсатында жүйелі жоспар құра білу. Оқу, тәрбие және жұмыс құжаттарын дұрыс жүргізе білу. Сынақ, емтихан, ашық сабақ, академиялық концерттерді кәсіби талқылай білу, бағалау. Осы орайда Ұстаздық машықтану пәнін ұйымдастыру мен жетекшілік ету бағытының маңызы өте зор.Болашақ маманның жұмыс атқаратын өндірісіне жақындату, оған керекті шарттардың орындалуына жағдай туғызу. Консерватория студенттері үшін мұндай өндіріс орны – негізінен колледж, арнаулы музыка мектептері, жеті жылдық музыка мектептері, студиялар, өз бетімен талаптанушылар. Болашақ музыка мамандары өздеріне керекті ұстаздық әдет, дағды, тәжірибені осы оқу орындарынан ғана үйрене алады. Бірақ тәжірибе өту кезеңдеріне қандай оқу орны болса да, бір-біріне кесел келтірмейтіндей бағытта ұйымдастыру керек. Болашақ домбырашы ұстаздың тыңғылықты тәжірибе жинақтауы үшін – оқушыны алғашқы сабақтардан бастап соңғы мемлекеттік емтихандарға жеткізгені дұрыс. Бұрын оқыған оқушы алғаннан гөрі өзі бастағаны дұрыс. Дайын оқушымен көп жайлардан хабарсыз болады да, жеке жұмыста қателер жіберіп дағдарысқа ұшырайды. Ашық сабақ кезінде оқушы алмастырып, бағдарламаны өзгертіп отырудың да маңызы зор. Сонымен қатар домбыра үйрететін барлық баспалдақтан өткені өте жөн. Бұл орайда ұстаздық машықтанудан тәлім беруші ұстаздардың міндеттерін анықтап алған жөн. Бұл орайда ұстаздық машықтанудан тәлім беруші ұстаздардың міндеттерін анықтап алған дұрыс.

«Ұстаздық машықтану» пәнінің негізгі бағдарламалық жұмысын домбыра кафедрасы атқарады. Жетекші ұстаз тағайындалып, кафедрада емтихан, бақылау уақыттары белгіленіп, бағдарлама бекітіледі. Әр домбырашы мамандықтан беретін ұстазының жетекшілігімен өтеді. Ұстаздар шәкірттерін жұмыс жоспарымен таныстырулары керек. Болашақ ұстаздар алдында ашық сабақ өткізіп, алғашқы қадамдарына бағыт-бағдар берген абзал. Студенттердің жұмыс жоспарын, оқушының күнделік жүргізуін, тапсырма толтырудағы оқушыға түсініктілігін, мамандықтан білімінің жан-жақтылығын тексеруі керек, оқушыны бағалауын бақылау, олардың оқушыны аспапқа қызықтырарлықтай әдістемелік, көрнекті құралдар жасауына көмектесу, аспапта орындап көрсету шеберлігін, өзін-өзі ұстау, сөйлеу мәнерін, ұстаздық ұлағаттылыққа бейімделу, әр оқушының жекелеген ерекшеліктеріне байланысты бағдарлама жасап, оқу мерзімі кезінде жұмысынан мінездеме беруге, тыңғылықты пайымдай білуге міндетті.Дәріс беруші ұстаз – шәкіртті жай теориялық білімінің аясында емес, шешуші бағытпен қарай алатын жолға қою керек, оқушыны музыка әлеміне бағыттауда, музыка өнерінің көркемдік жақтарын, мектебін, жанрын, композитордың стильдік ерекшелігін, оны жеткізудегі орталық өрнегін ұқыптылықпен, тапқырлықпен түсіндіре білуге көмектесуі керек. Шығарманың көркемдік мазмұнын ашуын, орындаушылық машыққа кіру әдіс-амалдарын үйретеді. Оқушының ішкі жан-дүниесін тануға, талмай ізденуге, музыкалық пәндер өз алдына, педагогика, жантану сияқты пәндерден мағлұмат беріп отыруы керек. Домбырада орындауды үйрету, оқушының отырысы, қол қойылымы, шығарманы талдай, таңдай білу, саусақ кестесі, позиция, т.б. Тақырыптарда жеке жұмыстар жазғызып, осы шараларды іске асыруға көмектесуі керек. Академиялық концерт, емтихан, ашық сабақ өткізуіне көмектесуі керек.


29

Ұстаздың шәкіртке берер дәрісінің үлгілері мына ауқымда болса деген ұсыныс бар. Әрине бұл да жобамен алынған тақырыптар.

Ұстаз әр талаптанушының жеке басының білім дәрежесіне байланысты жетекшілік жасайды:

- класта арнаулы аспаптағы әдістемелік орындау жұмысын ұйымдастыру;

- оқушының дене тәрбиесінің жағдайларын, оның орындаушылыққа бейімділігін анықтау;

- шығармамен жұмыс істеудегі әр түрлі деңгейдегі принциптерді ажырата білу;

- көркемдік, әшекей, әуездерін үйрету;

- музыкалық мәнерліліктің тәсілдері;

- музыкалық шығарманы үйрену кезіндегі техникалық қиындықтармен жұмыс;

- аспапты игерудегі техникалық жұмыс ұстаздық шеберліктің ерекше бөлігі;

- оқушының есту қабілетін дамыту, музыкалық есте сақтау дестесін жетістіру;

- оқу репертуарын таңдау;

- сабақ өткізудің үлгілері, әдіс-амалдары, оның құрылымы;

-оқушыға білімді жеткізудің тиімді жақтары, сабаққа күнделікті мұқият дайындық.

- оқу материалдарының талдануы, дыбыстың бояуы, қағыстары, саусақ кестесі, қысқаша айтқанда

«Домбыра ойнауды үйрету» пәнінен алған білімдерін тәжірибе кезінде толықтай, дұрыс қолдана

білуіне жол ашу;

- күй және күйші өнерінің ерекшеліктерін, ол туралы еңбектерді: болашақ ұстаздық бағытпен сараптауға міндетті. Ұстазының ұлағатты тәжірибесін ұға жүріп, бұл пәнді өту кезінде ұстаздыққа машықтанушылардың да өзіндік міндеттері бар. Пәндер арасындағы байланыс (домбырада ойнауды үйрету әдісі және ұстаздық машықтану). Домбырада ойнауды үйрету әдісінің және Ұстаздық машықтану пәні арасындағы тығыз байланыс, айтпай-ақ та түсінікті. Ұстаздық машықтануды өтпес бұрын болашақ домбырашы ұстаздар педагогика, психология, орындаушылық тарих, домбырада ойнауды үйрету әдісі, музыка теориясы пәндерінен толықтай дәріс алады. Ұстаздық машықтану өту барысында болашақ домбырашы ұстаздар осы алған білімдерін қолдана отырып тәжірибе жинақтайды. Ұстаздық шеберлікке, ептілікке, көргендіілкке дағдыланады. Осылайша негізгі мамндықтарына етене жақындап болашақ домбырашы ұстаздардың ұғымдылығы, өз бетімен алға құлшынысы артады. Музыкант-ұстаздыққа берік бағыт алады.

Ұстаздық машықтану-теориялық, болжамдық білімді бекіту үшін емес, болжамды өмірлік нышанмен қозғалысқа келтіріп, музыка маманының кәсіби деңгейімен ең биік көрсеткішке жету үшін алғышарт. Ұстаздың алғашқы жұмысының жемісі осы екі пәннің тығыз байланысында екені сөзсіз. Біз енді сөз болған байланыстың негіздері, үлгілері, түрлері қандай болуы керек, екі пән ұстаздарының қандай үйлесімділіктері болуы шарт – осы қағида төңірегінде ой қозғап көрейік. Домбырада ойнауды үйрету әдісі болжамдық және тәжірибелік елеулі мәселелерді шоғырландырады. Мысалы: домбырашы дайындау, аспапқа үйрету, оның заңдылықтары, өсу жолы, құжаттарымен жұмыс, музыкалық қабілеттер оларды дамыту т.б.


30


Мұның барлығы дәріс беруші ұстаздың басшылығымен іске асады. Әдіспен тәжірибенің іске асуында қайшылықтар болмайды емес. Бір жағынан – теориялық дұрыс деп шешілген үлгілер шын мәнінде істің болмысымен ұшырасқанда әлсіздік көрсетіп, мойып қалмайтындай етіп түсіндіру, ұғындыру дәріс беруші ұстазға оңай жұмыс емес, орындаушылар айтылатын ойын сөзбен қалай болса, аспаппен солай жеткізуі керек.

Ал, екінші жағынан, тәжірибелік жолмен қиындықтарды шеше тұрып, теориядан алшақ кетсе, ең керемет деген ұстаздың өзі де тұйыққа тірілері сөзсіз. Бұл арақатынастың ең шешімді жолы мамандықпен машықтанудан бір ұстаз сабақ беруі керек. Оған мүмкіншілік болмаған жағдайда, бар материалды бір арнаға тоғыстыру ләзім. Осындай келісімде ғана музыкант ұстаздардың болашағын електен өткізіп, қалыптасуындағы кемшіліктерді жоюға болады. Жас мұғалімдердің алдынан жиі кездесетін кейбір қиындықтарына тоқталып өтейік. Болашақ мұғалімдердің басым көпшілігі музыкалық педагогика негіздерінің заңдылықтарынан, теориялық білім алса да, оны тәжірибеде жүзеге асыруы қиын. Жалпыға бірдей білім беру жүйесінен біздің өзгешелігіміз де сол, оқыған теориялық білімді тәжірибеде шығарманың орындалуынан, орындаушының шығарма мазмұнын өз жүрек сезімі арқылы жеткізуінен көрініп тұрады. Орындаушы өнері, тыңдаушы көңілінен шығып жатса, ұстаз- оқушы еңбектерінің өз түйінін тапқаны. Екінші қиындық – ол аспап мәселесі. Оңтайлы аспап табу – дыбыс сапасы жағынан да, материалдық шешімімен кедергісіз болып көрген емес. Бала бойына, жас шамасына, дене құрылымына лайықты аспап табуда, физиология, акустика т.б. бірнеше ғылымнанхабардар болған жөн. Сондықтан да домбыра үйрету әдістемесі пәнінен дәріс беретін ұстаздың жұмысы, терең танымды біліммен ұштасса, сонда ғана БДҰ-дың ойы, қабілеті, ептілігі шебер ұстаздың да жұмысының тоғысу түйінінде ой жүйесі тұрады. Ұстаз белгілі тапсырма, кеңес беріп қана қоймайды, машықтанушының берік бағыт ұстануын, шәкіртіне дұрыс тәрбие беруін, оқу жүйесінің мазмұнды мақсаттарын анықтап, іске асыруына көмектеседі. Домбырашы мұғалім әдістемесі бойынша өткізілетін дәрістер осы пәнге тиесілі тақырыптар аясында өтеді. Мысалы: алғашқы сабақ негіздері, дұрыс қол қойылымдары, оқушының музыка әлеміндегі болашағы, есту, есте сақтау, ырғақ, дыбыс, тербеліс, шығармамен жұмыс, домбыра ойнау өнеріндегі жаңа бағыттар т.б.

Жалпы курс мазмұны тәжірибелік ашық сабақтар, көрнекі құралдар арқылы өтетін болса, машықтану кезінде бірден-бір көмекші құрал болады. Әрине бұл қатып қалған жүйе емес, бірақ ең тиімді бағыт осы екеніне көпжылдық тәжірибеде көз жеткізіп отырмыз. Екі пән байланысын машықтанушының шәкіртіне жазған мінездемесінен де көруге болады.

Ең бір көрнекті тұсы оқушының бақылау, емтихан кезінде орындаған шығармалары:

1) репертуар таңдауы;

2) оқушы қабілетіне сәйкестігі;

3) дыбыс бояуы;

4) саусақ кестесі;

5) позициялық бөлінуі.

Машықтанушының сабақ өткізудегі ойы, уәж айтуы, бағалауы т.б. қағидаларынан машықтанушы жұмысының нәтижесі көрінеді.


31

Екі пән байланысының қаншалықты тыңғылықтылығын байқаудың тағы бір әдісі машықтанушыға мынадай үш көрсеткіш бойынша тексеріс жүргізудің мәні зор. Оқушының техникалық өсуі. Мұнда сол қолдың дыбыс шығарудағы күрделі жетістіктері, оң қол қағысының сан қилы түрлері, нотаны бірден оқуы т.б. Бақылау сабағы, мұнда оқушының алған әдісінің үлгісі, ойын өрістету бағыты. Ол машықтанушының оқушыға шығарманың мазмұнын, жанрын, стилін, орындалу шеберлігін түсіндіруі болмаса орындап көрсетуі және оқушының емтиханда орындайтын шығармаларына бір жаңа тапсырма енгізу. Мұндай тексеріс машықтанушы өз жұмысын толығымен қайта қарауға жұмылдырады. Бұл қайта қарау кезінде көмекке, теорияға сүйенеді де, тәжірибе алға шығады. Осылайша әдіспен тәжірибенің тығыз байланысының арқасында екі пән біртұтастығының мүмкіндігі туындайды. Бұдан шығатын қорытынды екі пән қатарлас, қаптарлас, құрмалас өткенде ғана сан сұрақтың шешімі табылмақ.Домбыра үйрету әдістемесі және ұстаздық машықтану пәндері арақатынасының музыкалық жоғарғы оқу орындарында заман талабына сай болуы, олардың маңыздылығы – музыкалық педагогика ғылымының тұжырымдары мәдениет пен аралық ғылыми салалармен пайымдалып, сонымен бірге дәстүрлі халықтық және бүкіл дүниежүзілік музыкалық педагогиканың жетістіктерімен жасақталғанда ғана өміршең болмақ.

Орындаушы, болашақ домбырашы ұстаздарды тәлімгерлікке дайындаудағы музыка тарихы және музыка теориясы пәндерінің алатын орны. Музыкалық жоғарғы оқу орындарындағы болашақ домбырашы ұстаздардың оқу тәрбие жұмысы ерекше үлгімен, заман талабына сай мақсат, мүдделерді есептей қандай уақытта да өз дәрежесінде негіздей алатын бағытта құрылуы керек. Музыка жоғарғы оқу орындары музыка тілін кәсіби түрде жіті меңгерген, музыкалық шығарманы әсем сазымен орындап, тыңдаушы жүрегінде ұялата алатын орындаушы маман дайындағанда ғана нәтижелі болмақ. Халықтың қадір, қасиеті, болмысы оның өнерімен көрінер болса, осы абыройлы да, ауыр жүкті көтерушілер кешегі өнерлі жас, бүгінгі өнер тарландары, ұлағатты ұстаз, сахна шебері, өнер ғасырын жалғастырушылар. Орындаушылық пен ұстаздықты қатар жүргізу үшін, барлық пән жүйесі бір арнаға құйылуы керек. Орындаушылар дайындайтын – оның ішінде, халық аспаптар факультетінің музыка тарихы, музыка теориясы пәндері ерекше бағытта өткізілуі дұрыс деп ойлаймыз. Мамандық пен теориялық пәндер арасындағы байланыс бір бағытта болуымен қатар, теориялық пәндер теория мамандарына ғана керекті емес, мамандық пәндерге керек деректермен толықтырылып, домбыра аспабының өзіндік ерекшелігімен қабыса қорытылуы жөн. Мысалы: сольфеджио пәні есту қабілетін тәрбиелейтін болса, ол жалпыға бірдей емес, домбыраның дыбыс әуезіне, бояуына, табиғатына кіре дамытылуы қажет. Бұл бағытта консерваторияда біраз шаралар қолға алынды. Еуропалық сольфеджиомен қатар этно сольфеджиосы сынды пәндер өтіледі. Бұл пәннің мақсаты дұрыс – ойы мамандыққа көмектесу. Дей тұрғанымен әлі де әр түрлі жолдары іздестірілуде. Болашақ ұстаздың есту қабілеті мығым, бірнеше дыбыс тізбектерін естіп сезетін, шығарманы терең талғаммен талқылай алатын білім алғаны дұрыс. Сондықтан есту қабілеті үшін еуропалық сольфеджио пәні керек екен, ал суырып салма, күй хаттау, күй шеберлігі арнайы мамандарға тапсырылды. «Күй хаттау», Күйші шеберлігі,


32


Суырып салмалық т.б. пәндер домбырашы мамандығын әуелетері сөзсіз. Ал, суырып салмақ бұл әркімге беріле бермейтін қасиет. Бірақ тәрбиелеуге келетін оқушылар жиі кездеседі, дәстүрді жалғастыру керектігі шығады. Ұстаздық машықтану бөлімінің концерті ұйымдастырылып, тұжырымдамасы жасалынады. Міне, осыдан болашақ орындаушы ұстаздың жан-жақты, жоғарғы дәрежеде дамуының шараларын қысқаша болса да айқын көреміз. Ол: «Мамандық», «Ұстаздық машықтану», «Орындаушылық тарих», «Домбыра ойнауды үйрету әдісі», «Жантану», «Педагогика», «Сольфеджио», «Гармония» т.б. пәндердің мамандықпен бір арналы түйіні болмақ. Болашақ ұстаздардың жан танымдық дайындығы. Музыкалық жоғарғы оқу орындарындағы «Жантану» пәнінің маңызы өте зор. «Жантану» пәнін терең білу, оған қажеттілікті арттыру мақсатында консерваторияда педагогика және психология кафедрасы ашылып, жұмыс атқаруда. Алғашқы қадам, бастама, мұның ғұмырын, болашақ көрсетеді. Барлық мамандықты бір топқа біріктірмей, әр топты өз ерекшелігімен бағыттап, тек қана жаттанды ережелермен емес, өмірде, студенттердің тәжірибе кезінде туындаған сұрақтарына, уақиғаларына шешуші жол көрсетіп, жаңа леппен өткізу шаралары іздестірілуде. Пәнаралық байланыстарды, оның ішінде, жұмыстың жемісті, сабақтың барысты болу үшін ең керекті нысан, тұлға – алдымызға келген шәкірт жанын ұғуын, көргенді тәрбиелей білуін айтып өттік. Абай, Шәкәрім, Мағжан, Мыржақып, Ахмет сынды ұлылардан қалған еңбектер т.б. зерттеулер сүйеніш. Жалпы қай ғылымда жанды зерттеп болған жоқ - әлі жұмбақ нәрсе. Бірақ музыка мамандығында, музыкалық қабілеті жоғары адамдарды ішкі жан тебіренісі өте жоғары сезімтал деп айтамыз. Жоғарыда тоқталғанымыздай жан туралы жан танитын ғылым – ол психология. Музыка, тіпті басқа мамандық үшін де жан мен бірге дене қозғалысының берік бірлігі керек. Біздің талпынысымыз бойынша домбыраны үйрету және оған керек жан сезімдері. Есту, тағы дене қозғалысы қақында болмақ. Екеуі бір-бірімен берік байланыста. Жанды бақылау, тексеру арқылы білеміз. Жан мен дене арасындағы байланыс құралы нерв жүйесі (ми мен жұлын) онан таралатын нейрондар. М. Жұмабаев: «Нерв жүйесінің ағасы, биі ми, жан ми арқылы сыртта не болып жатқанын сезеді», - дейді. Ұстаз бен шәкірт 1-ші кездесуінде өтетін жан танымдық мезетінен алға қарайғы дұрыс жұмыс барысы жолға қойылады.Болашақ ұстаз әр түрлі жан дүние табиғатына байланысты пікір алыстыру ұйымдастырса болады. Мысалы: оқушының жеке қасиеттері, оқушы назары, ұстаздықтың түрлері сияқты тақырыптар. Осындай ізденісті тәжірибелік сабақтардан соң машықтану бағытында ізденістер, түбегейлі бетбұрыстар болуы әбден орынды. Кейбір БДҰ-дар ұстаздық жұмыстарындағы келеңсіз қорытулары тәжірибесінің аздығына, оқушының музыкалық қабілетінің нашарлығына саяды. Адам жан дүниесін, оның жай-жапсарын ұғып, ұстаздық машықтанудан дұрыс бағыт алған БДҰ-дың жұмысында құлшыныс болады. Музыкант ұстазға ең керекті қасиет тіл тапқыштық, кейде болашақ мұғалімнің оқушымен сабақты неден бастарын білмейді, танысу қандай тұрғыда болуы керек, оның жөнін таппай жатады. «Ішкі бауырыңа кіріп тұрады» деген халық мәтелінің мәні осында болса керек. Тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына кіріп, шәкіртпен жұмыс жасау әдістерімен танысудың үлкен септігі тиеді. Сабақ өткізудің вербальдық және вербальдық емес түрлерін білу, оны көрнекті әсермен қолдану өте маңызды іс.


33

Болашақ музыка маманына жан дүниелік дайындықтың шешімді жолы ойындар ұйымдастырылып, оны кезеңдерге бөлу:

- бірінші кезең сабақ өткізудің мақсатының ойлар тізбегі. Бұл кезеңнің міндеті – болашақ домбырашы ұстаздың ой бағдарын жүйеге келтіру, жолдастарының ұстаздық қызметіне шолу жасай білуді, өз ойын кедергісіз айта білуге үйрету;

- екінші кезең болашақ домбырашы ұстаздың өз оқушыларына мінездеме беруге, үйрету барысындағы мақсаттарын жүйелі шешуге, оның жолдары мен әдістерін талқылауға, қорытындылауға бағыттап, бағалау;

- үшінші кезең болашақ домбырашы ұстаздың есебі.

Бұған болашақ домбырашы ұстаздың жеке өз бетімен жұмысының нәтижесі, оқушыға бағдарлама жасауы және оны көп алдында өнер көрсетуге дайындауы, сынақ, емтихан шаралары кіреді. Ойынның басты мақсаты: пікір алысу, сенім арту, барлық ұстазға алалықсыз бірдей болады. Жіті ұйымдастырылған сабақтар әдістері – болашақ домбырашы ұстазды шешімді ұстаздық көзқарасқа, өз бағытын анықтауға түйінді шешім қабылдауға жеткізеді. Келісіп пішкен тон келте болмайды дейді халық. Осындай маңызды жұмыстарды

орындаушылармен «Педагогика және психология» кафедрасымен ақылдаса атқару жұмысы нәтижелі болады деп қорытындылаймыз.Оқушының өз бетімен үй жұмысын ұйымдастыру. Өз бетімен үй жұмысын атқаруы алғашқы күні-ақ дұрыс жолға қойылғаны дұрыс. Қандай бағытты ұстанса да, үй тапсырмасын ұтымды ұйымдастырудың арқасында болашақ домбыра үйренудегі маңыздылығына сөз жоқ. Сабақ қаншалықты дұрыс өтсе де, ұстаз өте тәжірибелі болса да – нәтижелі үй тапсырмасынсыз музыка үйрету аздық етеді. Сондықтан жүйелі түрде жоспарланған үй жұмысы кестесі болғаны жөн. Музыка мектебінде оқитын шәкірт болса, жалпы мектеп сабағы, студент болса оқу орнының істейтін

жұмысы бар. Колледж, арнайы мектеп оқушыларының өзге пәндері және бар. Біздің тәжірибеден түйіндегеніміз домбыра үйретудің алғашқы кезеңінде отырыс қол қойылымға үйге тапсырма берілмеуі тиіс. Жаңа үйрене бастаған шәкірт дұрыстығына көз жеткізген жөн. Жас, мектеп балаларына бұл кезеңде сабаққа ата-аналары қатысып екі жақты көмекке келген ұтымды. Теориялық бағыттағыжұмыстарды іске асырып, тәжірибе, машықты ұстазбен жүзеге асырған өте нәтижелі болмақ. Үйде аспаппен, қате өткізген уақыт босқа кетеді. Әлбетте, дұрыс атқарып қолдары қойылғаннан үйге шамасына қарай жеңіл тапсырмалар беріліп, шәкірттің құлшынысын арттырғаны абзал. Жиі кездесетін кемшілік өзіне оңай жерін тез ойнап, қиындықты тұсында жайлау. Техникалық қиындық ұстазбен ескеріліп, көрсетілген екпінде бәрін бірдей орындауға ден қойғанда нәтиже болмақ. Жалпы шәкіртті берілген тапсырманы алдын ала шолуға үйреткен ләзім. Алғашқы кезеңде үй тапсырмасында домбырашылар үшін қиындық туғызатын мәселе – бұрау. Домбыра бұрауына да оқушылар әр қалай үйренеді. Ата-анасы түсіріп беретін жағдай өте сирек кездеседі. Тіпті құлақ күйін келтіре алмайтындарға класта домбыраны келтіріп, шайтан тиектің үстінен қызыл бояумен ішекке белгі сап беріп те жүрміз. Құлақ босап кетсе, сол белгіге дейін бұрайды. Әрине бұл онша тиімді болмаса да, тығырықтан шығу жолы. Домбыра фортепиано, баян емес бұралып тұрған, төл аспабымыздың табиғилығы да осында жатыр. Әр күйдің өз бұрауы бар. Мұндай жағдай шетел үйренушілерінде, орысша тәрбиеленген балаларда болды.


34


Ал негізінен баршасы тез төселіп кетеді. Музыка маманы еместеріне ыңғайлысы үстіңгі 4-ші (түрікпен пернеден 5-ші) төменгі ашық ішек үндестігі арқылы үйрету. Басты назарда дайындалатын орны тыныш, әр уақыт дұрыс отырыс, домбыраны қалыпты ұстау, немқұрайлы орындамау, қалай болса, солай салғырттыққа бірден жол бермеген жөн. Қандай да болмасын дайындықты, оның ішінде, музыканы ертеңгілік іске асыру өте қолайлы. Бірінші сөз ұстазда, оның кеңестерін, шарттарын (шығармаға, дайындыққа, саусақ кестесіне т.б.) бұлжытпай орындағанда ғана жалғастықты, болашақты, нәтижелі домбырашы шықпақ. Айтып өткенімізде әсіресе кішкене балалар да, кәсіби жүйедегі ре-соль (d-g) бұрауына көтерсек, қатты бұрауды жеңем деп екі қолда да қатаю болады. Сонан соң аласа тиектен бос бұрауда дыбыстандыруды бастайды. Тиек биік, бұрау қатты болса, оны күшпен жеңем деп қолын қатайтып алады. Бірақ есту бағытында до, соль деп перненің кәсіби жүйедегі атын айтқызбай, домбыраның тұрған бұрауында дауыстап үйретіледі. Себебі ол басқа (нота) дыбыс. Төменгі ішек (f) нотасында тұр дейік. Кейін кәсіби өнерге бет бұрса, (гамма) қатарлы дыбыста жүйесі қате үйретілген боп шығады. Бұрауы түспей тұрған домбыраны қағып тыңдатқызып, оң бұрауды тыңдатқызып, үстіңгі ішекті әуелі түсіріп жіберіп (бірнеше рет), дыбысын көтеріп үйрету. Бұл – жалпыға бірдей заңдылық.

Мұнан домбыра дыбысына құлақ құнықты болары қақ.Сондықтан домбыра төмен түсіріледі. Алайда төмен дыбысты құлақ бұрауын көбі ести бермейді, есте сақталмайды. Сабақ кезеңінде бұрауды бұзып, 4-ші перне арқылы тексертіп, төменгі ішектегі 6-пернені тыңдатып, кварта интервалды әннің басталымы т.б. үйрету жолдарымен үйреткен жөн. Үйінде бұрау түсіріп білетін адам жоқ болса, үйренгенше сабақта ғана қолға алған дұрыс. Ашық ішек әуезін құлағына сіңіріп, домбыра бұрауын үйретсек, оқушы үйде өзі де түсіріп ала береді. Бұл әрине оң бұрау, басқа теріс, қалыс, шалыс түрлерін үйрету – болашақтың ісі. Жиірек кездесетіні – теріс бұрау. Бұл бұрауда алғашқы кезеңде тапсырма берілгені жөн. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында бұл бұраудағы бірнеше күйлер табылды. Ұстаз өзі орындап таныстырғаны ләзім.Ұстаздық машықтану барысында ата-аналармен байланыс жасай білудің басты маңызы бар. Тек қана класта өтетін сабақтың барысы, оқушының жан-жақты өсуі, болашақ домбырашы ұстазды – оқушы, мұғалім – ата-ананың бірлесе орындайтын тәрбиеге байланысты. Жоғарыда келтіргеніміздей музыка мектебіне, жалпы музыка әлеміне ата-ана әр түрлі мақсатпен әкеледі. Жалпылама мектеп бәріне бірдей болса, ал музыкадан білім алу неше түрлі себептермен астасып жатады. Қандай тұрғыда болғанда да домбыра болмаса басқа аспапта машықтанудың өзіндік ерекшелігі бар.

Олар:

- ұстаздық машықтанудан алғашқы сабақтан бастап ата-анамен бірге отырып сабақ кестесін жасау керек;

- музыкаға дайындалатын уақытты белгілеген абзал;

-музыка өнерінің қиындығы, тұрақтылықты, шыдамдылықты керек ететіндігінен хабардар ету;

- жас балалар алғашқыда көп нәрсені ұға бермейді. Сондықтан аспапты толық ұстап, қолдарын қойып үйренгенше ата-ана сабаққа қатысып отырғаны жөн;

- ата-ана сабақтың талабымен, сұранысымен таныс болуы керек және өздерінің де аздаған болса әр уақытта көмекке келеді;


35

- оқушыны ата-анасымен концерттерге шақырып көзтаныс, құлақ құнықты қылып тәрбиелеген дұрыс. Бұл оқушының да, ата-анасының да қызығушылығын арттырады. Көпшілік жағдайда өнер жолына түсудің алғышарты осыдан басталады. Оқушының еліктеу, есте сақтау, есту қабілеттері тәрбиеленіп, ол дарындылыққа ұласады.

 

Музыкалық қабілеттер

Қабілет – іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай орындауда көрінетін қасиеті. Бір сөзбен айтқанда, қабілет дегеніміз – ұғымталдық, зеректік, алғырлық, қағілездік, сезімталдық, байыптылық, табандылық, адалдық, еңбекқорлық және т.б. қасиеттердің белгілі деңгейде жетілген жиынтығы. Қабілеттің дамуының табиғи негізін құрайтын бар қабілет жиынтығы дарыған оқушыны – дарынды, талант дейміз. Нышандардың жинағын дарындылық деп атайды. Бұл туа бітетін қасиет. Кейбір балалар оқуға түспей тұрып та қабілеттіліктерін танытады. Тек қана дарындылық жалғыз өзі уақытта дами алады. Қабілеттілік – шеберлікті тез игеруге алғышарт болса, шеберлік жолындағы еңбек талантының ұшталуына, жетілуіне, іске асуына көмектеседі. «Еңбек бәріне жеңбек» деген халық мәтелі әр уақыт асқан талантты деген домбырашының жадында болғаны дұрыс. П.И. Чайковский айтқан екен «Адам неғұрлым талантты болса, соғұрлым еңбекқор болуы керек», - деп.

Шеберлік дегеніміз білімнің еңбек арқылы іске асуы, өнердің қорытындысы. Болмаса естуі өткір адам музыкант болады деу өте қате пікір. Адамға белгілі бір қызметті көңілдегідей атқару мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысуын талант деп атаймыз. Музыка маманына керекті есту, есте сақтау, ырғақ қабілеттері бәріне жеткілікті дәрежеде болмайды. Осы үш қабілеттің ішінде ішкі сезімталдық естуі басым болса құба-құп. Барлық қасиетті де дамытуға болады, өте жақсы деген деңгейге де жетеді. Бірақ табиғаттан қанға беріліп, ана сүтімен дарығанға не жетсін. Музыкалық талант – музыкалық қабілеттердің ең биік шыңы. Ол - әсер, ес, ақыл, сезім, есту, ырғақ, есте сақтау. Жан танымдық зерттеулерге көңіл бөлсек, қабілеттер дегеннің өзі сыртқы әсерді қабылдап, оның жанда көрініс табуы. Бұл ми мен (нейрондар) жүйке тамырлары, талшықтары арқылы іске асады екен. Осы қабілеттердің жұмысын данышпан Абай үш топқа бөледі. Ақыл, сезім және қайрат. Осы үш топ арқылы сыртқы ортадан болған құбылысты әсер деп атайды. Бар адам баласы әсерлене алады, әсіресе құлақ нейрондары арқылы болатын, оның ішінде, дауыс, дыбыс әсері ең керекті құбылыс.

Әсерленудің жұғымды, жұғымсыз болуы әсерленудің қажыбы (тоны) деп аталады. Естуге байланысты жағымды дыбысты (консенанс), жағымсыз дыбысты (диссонанс) білеміз. М.Жұмабаев «Педагогогика еңбегінде» нейрондардың әсерді миға апарып жеткізуін, орналастыруын локолизация деп атайды. Әсерленуді туғызған себепті перцепция деп атаған. Яғни, музыкалық қабілеті жоғары адамдардың құлақ нейрондары музыкаға дыбыс арқылы локолизацияланады. Бұл әсердің музыкалық дыбыстан болғандығын анықтаймыз. Мұны перцепция деп атаған. Ал мұны бұрынғы болған тәжірибелермен толықтыру апперцепция болып табылады екен. Сыртқы сезім әсерленулерінің алты түрі бар: Көру, есту, сипау, тату, иіскеу, ет сезімі.


36


Осының бәрі түгел болғанда адам есі түгел болады: 1) есту, 2) көру сезімдері ең керекті сезімдер. Әрине мұнан басқасы керегі жоқ деген ұғым тумайды. Сипау, ет сезімдері музыка мамандары үшін қалыс қалмайтын сезімдердің бірі. Адам ән салса тамағымен (тіл), аспапта орындаушылардың барлығы үрмелі аспаптарда қол, ерін, көкірек демі, ал домбырашылар екі қол дейміз, алайда барлық дене мүшелерінің бірлікті қозғалысы арқылы жеткізетініміз кім-кімге болса да белгілі. Бірақ музыка маманы үшін есту мен көрудің өте жоғары болғаны дұрыс. Музыкалық оқу орындарына қабылдау емтихандарында жалпы музыкаға бет бұрған адамзат баласы бойынан негізгі үш қасиет іздейміз. Жоғарыда айтып өткеніміздей, ол есту, есте сақтау және ырғақ. Бірақ бұл үшін қасиеттің бір баста түгел кездеспейтіндігі өте жиі кездеседі.

Ең бірінші кезекте – есту қасиеті. Есту қасиеті де негізінен табиғатынан берілген құба-құп. Бала жасынан есту қабілетін жолға қойса, нені көріп, нені есітіп өседі осы тұрғыда сезінуде дайындалады. Қазіргі заманда барша жұртшылық баласын домбыраға үйір ғып өсірмейтіні қақ. Есту арқылы жан сезіміне нерв талшықтары арқылы мида (перцепция) толқу болып, ес, ақыл арқылы шығарма мазмұнына керекті дыбыс бояуын беру үшін қимыл жасаймыз. Апперцепция құбылысы осы жерде туындайды. Бір мысал – біздің күйлерімізде табиғат, адам өмірі, жан-жануарлар бар тіршілік суреттелген дейік. Ауыл өмірінен бейхабар қала баласы сабақта отыр. «Бозшолақ», «Көкшолақ», «Нар идірген» тәрізді күйлерді білмегені былай тұрсын, елестете алмайды. Үстінде үйдің тұр еді мысық, қасына келді бір торғай ұшып, - әнін үйретіп бастайық. Күнделікті бәрімізде мысық та бар екенін ойласақ, бұл тұста да апперцепция қасиеті болмай қалады. Себебі бес онан да көп қабатты үйлерде тұратын бала бұл жағдаймен таныс емес. Әннің сөзін жаттатқызып, әуенін үйреткенмен әсерленуі, туғызған перцепция толқуы жалған, табиғи жолмен іске аспайды, қиындықпен алады. Қошақан, лақ, бота, құлын туралы әндер, күйлердің үзінділері түсініксіз. Баяғы ботаның көзіне ғашық боп, лақпен бірге құдықтың дересін тапаған, қозымен бірге ойнаған, құлынмен бірге жарысқан баланы таппақ түгілі, колледжге түсуге келгендердің өзіне ұлт өмірінің осындай ғажайып тұстары тарих болып тұр. Тіпті кейбір ұстаздарының өзіне де бұл кино арқылы таныс болуы мүмкін. Оқу құралдарынан басқа, көгілдір экран, радио, ақпарат құралдарының дұрыс жолға қойылуы да басты мәселе екені туындайды. Сонда да суретін көрсетіп, салғызып айтып беріп, орындап, тыңдатқызып апперцепция жоқ болса да, қиялымен елестете, ести алмаса да, перцепцияны қолдан жасағанның өзінде домбырашылар қауымын дайындауда көп болғанмен нағыз ауылдың иісі аңқыған қазақи, табиғи күйшілер бар. Ауылдан, қаланың және керісінше кіндігі ажырамауы күйші үшін маңызды оқиға. Өркениетті мәдениетті білу, жан-жақты білім алу басты шарт, бірақ жапырақ жайған еменнің тамыры әрі тереңдей беруі ұлт өнері үшін өте керек. Бастапқы баспалдақта балалар әсерінің перцепция, аперцепция құбылыстары әлсіз боп келеді. Өсе келе жаттығады. Сондықтан есту, көру сезімдері жақсы жолға қойылғаны абзал. Күйші алдында жағын таянып жатып күй тыңдаған баланың, кейін домбырашы болғанда табиғи күйші атына ие болып, құйма-құйма әдісіне жақын тұратыны да осыдан болса керек.


37




Мылқаудан соқыр болса да құлағы еститін адамның сезімдері, әсерленуі өте жоғары, сондықтан да ең бірінші кезекте есту қабілеті тұрады. Әр түрлі дыбыстарды адам, жан-жануар т.б. бәрі естиді. Есту қабілетін тәрбиелеуге болады, дей тұрғанмен кейде музыкалық дыбысты естіп айтқанмен, табиғатындағы бояуын, негізін, қасиетін ажырата алмайды. «Баланың есту сезімін ілгерілету үшін бесік жастан балаға музыка құралдарының үнін естірте беру керек.

Домбыраға түрлі күй тартып отырсаң, алдында отырған бала тырп етпей, шын ынтасымен тыңдап отырмай ма? Баланың есту сезіміне аса көп әсер беретін – бесік жыры. «Баланы қолына алған, баланың бесігі жанына келген ана үндемей отырмасын жырлай берсін. Бала сөзін ұқпаса да, күйінен әсерленеді. Жас балаға қазақтың «Әлди-әлди ақ бөпем» деп басталатын бесік жырын жырлау керек. Бұл жырдың күйі де, әні де тәтті», - дейді М.Жұмабаев «Педагогика» деген еңбегінде. Үйде қоңыр домбыраның орнына, телевизор, магнитофон, т.б. техникалық музыка аспаптары сайрап тұрған, әлди-әлдидің орнына «баю-баюшкиге» құлағы үйренген балаларды да күйге үйретіп келеміз. Кейде бұларды асфальттың балалары деп те ұстаздардың атауына қарағанда қаланың қасаң тәртібіне түскен болашақ домбырашылар екенін білеміз. Өмір ағысымен, тынысымен тіршілік қылып домбыра өнерін оған қай бағытта, қандай деңгейде болса да, үйренуді ниет қылған шәкірттің бәріне оның бастауын ашуға тиіспіз. Жол ашар қабілеттің бірі есту арнайы жолға қойылады. Домбыраға тікелей бет бұруы мамандықтан басталады. 


Музыкалық есту қабілеті

Есту қабілеті дыбыс объектісін толық білмейінше, көзіне елестетпейінше беріле бермейтін қасиет. Дала баласының көргені, сезгені мен қала баласының таным-түйсігінде айырмашылық бар. Адам даусын, домбыраны естігенмен фортепиано дыбысын ажырата алмайтындар, болмаса керісінше жағдайлар көп. Есту қабілетінің түрлері көп. Ал, музыкалық есту дегеніміз құрамдас бөлімі өте күрделі ұғым. Мысалы, ең маңыздысы дыбыс биіктігін, мөлшерлік, есту (жоғары, төмен) ладтық, әуездік (жарқын, мұңды), оның ішінде, мақамды әуендік, көп дыбыстық, тембрлік және динамикалық есту (көптеген қалыптасқан сөздерді аудармауға тырыстық). Мұның қай-қайсы да музыка маманына өте қажетті маңызы бар. Кейде абсолюттік есту қабілеті бола ырғағы, есте сақтауы сәйкеспейтін кездер де жиі кездеседі. Сонда да мұны музыкалық дарындылығын көрсетеді деп есептейміз – ол сирек болса да бар.

Бірақ музыка мамандары арасында қалыптасқан ұғым бойынша бұл жай ғана мәдениет. Олар кейде жақсы естуі арқылы шығарманың дыбыстық қана құрамасын береді. Нағыз дыбыстық құбылыс олардан алыс нүкте-нүктемен жатады. Себебі дыбыс құдіреті жай ғана бір-бірінен кейін келетін дыбыс қатарлары емес, ол алыс аралықтарындағы тартылу заңдылықтары, олардың бір-біріне жымдасуы ең басты тіршілік осында. Сонда ғана ол ноталар тіріледі. Осылайша оқушыда абсолюттік есте болуы міндетті емес деп тұжырымдаймыз. Есту қабілетінің біз үшін тиімдісі – салыстырмалы есту. Салыстырмалы есту қабілеті бар адам – жоғарыда айтқан дыбыстың түрлерін, заңдылықтарын ажыратудың ең бір тиімді жолы.


38

Салыстырмалы естумен теңдес, бірінші, екінші деп бөлуге болмайтын қабілет іштей есту. Бұл өте-мөте музыка маманына қажетті қасиет. Іштей естудіңмаңызды екі жағы:

- есте музыкалық елестердің, бейнелердің сақталуы үшін музыканы дәл қабылдаудың мәні зор (ол жеке орындаушы ма, ансамбль ме бәрі бір). Ішкі есту қаншалықты болса, соншалықты музыкалық дыбыстың биіктік, бояулық, әуездік барлық бүге-шүгесі анық қабылданады,

- орындаушының өз орындауын анық сезінуі. Бұл – нағыз дамылсыз, ыждағаттылық, тұрақтылықпен тәрбиелеуді керек ететін қасиет. Әр уақыт шәкірттерімізге өзіңді тыңдамайсың деп реніш білдіріп жатамыз – мұның себебі – 1-ші іштей сезінбеуден, екінші естімеуден, беталды ойсыз орындаудан;

- үйретуші әр уақытта мына жерін былай орында, ал мына қағысты, дыбысты алу жолы осылай деп көрсетулерін, сөйлемді анық ойна, мына тұстан аяқта т.с.с. сияқты деген бұйрық райларды көбейткенше бірден өзін естуге, дыбыс тазалығын, мазмұнды бояуын, қағыстың ерекшеліктерін естуге баулыған дұрыс.

Дәл анық қабылдау, елестетудің санадан тыс, еріксіз жұмысын үдетеді. Сондықтан әрбір музыкамен айналысқан адамға іштей сезіну, есту, құйма-құлақтық керек.

Бұл қабілеттің де бес негізі бар:

- бір кезде естіген, бір орындаушының орындауындағы музыканы дәл еске түсіру, немесе есінде қалған бейнеден елес алу,

- өзінің соңғы ойнаған шығармаларын есіне түсіру. Бұл алға қарай жетілуге өзіндік сын, талдау болып есептелінеді;

- бұрын таныс емес шығарманың нота текстісін ойша оқудың негізінде дыбыстың болжамының қалыптасуы. Бұл өте күрдел, оңайлықпен келмейтін қабілет;

- дәл орындаушылық жүйенің қалыптасуы, шығарманың бір бөлігіне, буынына, композитор ойына шәкіртпен ұстаздың ойы қосылуы;

- орындау кезінде музыканың жандануы кейіптік нанымдылық, таңқалдыру. Бірақ та, берілген шығарманы орындап жеткізу үшін тек қана есту, мінез қазбалығы аздық етеді. Өте жақсы естуді қамтамасыз ететін шеберлік жетістігі болу керек. Сонымен қатар есту елесі өз қатарына шеберлік қажеттіліктерді шоғырландыруы керек. Ол пернелерді саусақпен басу реті, қимылдар, қағыстар, оң қолда қай саусақпен қағу, қозғалыста қолдың қай буыны басты маңызда болады, перне аралық қашықтықты мөлшерлеу, оған тірек нүктелері тағы сол сияқтылар. Есту елесінің мұндай таңқалдыратын құрамды жұмысын музыка мамандары ойлы, сезімтал, тапқыр, қағілез, ақылды тағы басқа да қасиеттермен мөлшерлейді. Егер саусақтары есепсіз жүрсе, ол орындаушыда есту қабілеті, оған керекті құрамды бөліктер қалыптаспаған деген сөз. «Әнді айта алмаған абалаған, домбыраны тарта алмаған сабалаған» деген халық сөзі осыдан қалған. Күй құдіреті Құрманғазының өзі де: «Динаның сол қолын, менің оң қолымды бір адамға берсе» деген түйінінде терең ғылым жатыр емес пе?

Бүкіл әлемдік өнер тұлғалары Бетховенді тыңдасақ: Ақылда естуден сес болмаса, саусақ дәрменсіз, ал Гофман: «Орындаушының саусақтары жайылып жүрсе, жетелеуге болмаса, еруге көнбесе ойдың піспегендігі, есту елесінен аулақ екендігін байқау қиын емес» - деген екен.


39

Орындау кезінде таңқалдыратын елес, қимылдар дыбыстармен шынында кіріге, тығыз бірлікте жүрсе – онда есту арқылы музыкалық орындаушылық мәселесінің шешілгендігі. Әрине, біздің бұл жинағанымызда айтпағымыз алғашқы кезеңдегі есту қабілетін тексеру, байқау, оны жетілдіру, жалпы жұмыс реті қақында болғандықтан тереңдеп бармай қысқаша жоғарыдағы есту қабілеттері жөнінде мәліметтермен тоқтауға тура келеді.

Есту қабілеті шамамен мына түрде тексеріледі:

- білетін әндерін айтқызу;

- қолда бар аспаппен әр түрлі деңгейдегі дыбыстарды анықтау;

- кейбіреулері аспап дауысын бірінші естігендіктен, ажырата алмай қалады. Үйреншікті дыбыс бояуымен байқау (адам дауысы, аспап);

- көп дыбыстың санын анықтау естісе бәрін, естіп алмаса, мүмкіндігінше біреуін анықтау;

- дыбыстың жоғары-төмен қозғалысын анықтату;

- мақамдық бояуды анықтау (көңілді, көңілсіз);

- белгілі бір үзіндігінің, шығарманың орындалуын естуі тағы с.с;

- дыбыс күшілік бояуды естіп мөлшерлеуі.

Алғашқы кезеңдегі есту қабілетіне берілетін бағыт бұрау тазалығына құлақ үйрету және перне басылу тазалығын үйрету. Саусақтарды пернеге қай тұстан, қалай қойғанда таза дыбыс алынады. Бұл мерзімде орындаушылық кезіндегі дыбысты есту табиғаты қақында айтуға ерте, ұстаз орындап бергеннің өзінде түсіне қоюы қиын, бейнелеп елестете алмайды, бірақ та дыбыстың бояуын, әуездік әрін есітуге үйрету басты шарт. Техникалық орындау кезінде де дыбыс бояуын есту әрқашан ұстаз назарынан тыс қалмағаны дұрыс. Әр уақыт қандай шығарма, қандай тапсырманы орындағанда да есту табиғаты осы баспалдақтан қалыптасады. Домбыра үйретуде есту қабілетін мынандай жағдайлар өсіретініне өмірде көз жеткізіп келеміз.


Құйма-құлақ

  Дәстүрлі орындаушылардың оң жақ ми жартысы жақсы дамыған деп мамандар дәлелдеді. Олар тіпті көзбен көрген, көрмейақ естіген әуендерін, күйлерін домбыраға еркін сала береді. Себебі анасының құрсағынан жерге түскеннен сол ортада өсті, құндағынан сол әуезді құлағына сіңіріп өмір жылнамасын бар болмысымен сезді.

Біздің жағдайымызда есту қабілеті әр түрлі әдістермен дамытылады:

- домбыраның әр буынында әндетіп айтқызу;

- домбыра үйренгеннен соң – дауысты үйренген әуенін пернеден іздеп тауып үйрену – есту қабілетін өсірудің бірден бір жолы;

- оқушы ойнай алмайтын кезде ұстаз өзі орындайды; 

- бастапқыда бір дыбыстан, біртіндеп көбейтіле береді;

- бұл кезде оқушылардың басым көпшілігі орта буын, үлкен кіші саға (1 октава до нотасынан 2 до, ми) жақсы естиді де, төменгі регистрді қабылдай бермейді. Осы бағытта жұмысты жандандыру керек болады. Себебі домбыраның негізгі репертуары – күй. Оның көпшілігі бас буыннан басталады.

Домбырашының құлақ құндылықтылығы осылай қалыптасады;

- төменгі және жоғарғы ішектегі әуендерді жекешелеп, бұл пернеаралық дыбыс даму байланысы жүйесіне үйрету;


40

- жай екпінде нотаны бірден оқытқызу. Перненің көтерілу, төмендеу қозғалысымен өрбиді; 

- дәлме-дәл дыбыс бояулық әрекетті іске асыру;

- буынаралық, пернеаралық байланысты сезіну. Осы арқылы пернеден дыбысты, нақышты таба біледі, сонымен қатар тез жаттайды, батылдық та осыдан пайда болады;

- әрине буынды, аудармалы есту бойынша табу – мамандық оқушыларының есту қабілетен өсірудің бірден бір жолы;

Жоғарыда аталып өткен психология ғылымы әр салаға бөлінеді. Бізге керектісі жалпыға бірдей психологияны жете меңгерумен қатар, көркем өнер психологиясы. Қазіргі заман жағдайында дәстүрлі халық педагогикасын, психологиясын сақтай отырып, дамыған орта, қоғам қағидасымен оқып, тәлім берген дұрысырақ болады деп ойлаймыз. Солай болып та келе жатыр. Нота сауаты, тағы көптеген пәндерді оқып білім алсақ – ол заман ағымы, жан-жақты білім алу қажеттілігі, терең танымды ұлағатты ұстаз дайындау қарекеті екені анық. Сонымен музыкалық орындаушылық шеберліктің ең бір керекті қабілеті – музыкалық есту мен қозғалыс бөлек-бөлек дамытылмай, бірлікте болуы шарт. Есту әр уақыт алғы шепте болғаны дұрыс. Осыған мінез қызбалығын, шынайы табиғи өмірдегі тектілікпен қосқанда ғана шығармада керекті мақсатқа жетеміз.

Ырғақтық сезімді айтпас бұрын, алдымен ырғақ жайлы толық түсініктеме жасаған жөн. Ырғақ термині өте жиі, әр салалы қолданылады. Мысалы: өлең жолының ырғағы, проза, қойылым, дем алу, адам организмінің ауысу, алмасу, ауытқу, жүрек соғуы, тіпті жыл мезгілдерінің ауысу ырғағы. Ырғақ деген түсінік көбінесе мерзім, уақыт ара қашықтығын көрсетеді, бірақ нақты жүйеленген түрде емес, астыртын, құбылмалы түсінік ретінде жиі қолданылады.
«Ырғақ – деп заңды түрде уақытқа бөлінген тітіркену процесінің тіркесуінен және олардың бір-бірімен алмасып келуінің, яғни акцентпен белгілі бір уақытта болуын атайды», - деп Б.М.Теплов тұжырымдаған. Бұл құбылысты күнделікті байқап жүрміз. Алдыңызға келген оқушының ырғағын тексеруге берілген ырғақты алақанымен немесе қарындашпен столға соғып қайталап береді.

Ырғақ табиғаты өте күрделі. Т.Л.Болтон – метроном арқылы оқушының 2/4 тактілі ырғақты естіп, табиғи түрде акцент қойып ырғақ жасағанын байқау арқылы: «Әр адам акцентті өзінше қойып, көңіл күйіне байланысты ырғақ жасайды» деп пайымдаған. Біздің даналарымыз кітапқа жазбаса да, ауызба-ауыз жеткен Дина шешейдің бір тұжырымын келтіре кетсек: «Күй – көкірек танысы, адам көңілінің айнасы» 2001 жылы Орал облысында фольклорлық іздестіру тобымен барғанымызда өз құлағымен естіген – Аманғали Оразқұлов ақсақал айтып берген еді. Ырғақтың көңіл күйге байланыстылығы шығады. Көңілсіз, қайғылы күйші қанша шалтты күйді орындағанмен жүрегі ырғағымен үндеспегендіктен сол керекті, тыңдаушыға жетер әуез болмайды. Әр орындаған сайын күйдің өзгешеліктері құлаққа келетіні сондықтан болса керек. Күйшілер кейде ұнаған тұстарын бірнеше қайталап, естігендері екпінін де қуыңқырап жіберетін тұстарын естіп жүрміз. Өте тез орындағанда ырғақ біркелкілікке ұрынады. Күйдің тынысы бұзылады. 1998 жылы мұрағаттардағы қордан компакт – диск құрастырылып, міндет маған жүктелген болатын. Халық күйі «Ақсақ құланды» тез орындалатын вариантын Қ.Медетов жеткізгенін барша қазақ біледі (аңызымен өзгеше түрін М.Өскенбаев әкелген).


41


Қ.Медетов нәубет жылдарында ерте кетіп, бізге Р.Омаров пен Н.Тілендиев орындауларымен жетті және студенттерге осы нұсқасын алға тартамыз. Арамыздағы Қ.Ахмедияровтың орындауындағы нұсқа бір төбе - өз орындаушылық қырларымен ерекшеленеді. Абай атындағы опера және балет театрында кезекті концертте 80-жылдары Қ.Тасбергеновтың керемет бір орындағаны есімде қалды. Тапсырма бойынша Р.Омаровтың орындауында алуым керек еді. 37-әр түрлі жылдарда орындалған әр түрлі нұсқаларынан мамандар Н.Тілендиевтің 1978 жылғы үнтаспасын бірнеше маман өте жақсы бағалады. Күйдің ырғағы көз алдыңызға бүкіл тарихын қойып береді. Күй концерттен жазылған. Тыңдарманның қабылдауының әсері зор. Орындаушыны көңілін көтеріп тастаса керек, екпін тез болса да ырғақ өте дәл шыққан. Күй көңілдің тынысы деген осы болса керек. Ырғақты сезіну жас шамасына, шығарма екпініне де байланысты болатынын тәжірибеден көріп жүрміз. Емтиханда міндетті түрде техникалық, жай және шертпе күйлер берілгенмен қай сахнада болса да, тез екпінді күйлер орындауға асық тұрады. Осы орайда Стенсон жай екпіндегі шығарманы орындау қиындығын, тез екпіндісін орындау оңай екенін алға тартқан. Себебі жай шығармада минутына 100-ге жетпейтін тықыл (акцент), тез шығармада 200-ге тарта тақыл болатындығында дейді. Алғашқы әзірде алып-ұшып тұратындығы да осыдан болса керек, ырғақ қалыптасу үшін санамалы жүйе тиімдірек екенін тәжірибеден көріп келеміз. Жалпы ырғақ түрлерін салыстырғанда – негізі бір қалыпсыз ырғақ – күйлерде жиі кезеседі. Бұл күй өлшем бірлігінің өн бойына өзгермелі болуынан туындайды. Өзгермелі өлшем ауытқу түгел дерлік күйлерде бар десек қателеспейміз. Бұл – күйдің табиғи құрылымдық қасиеті. Сондықтан да, күйлеріміздің тақырыбында теңдік өлшем өзгермеген жағдайда да сөйлемдер тең еместігін көру қиын емес.

Теңсіздік күйлер ырғағының негізі және табиғаты болып табылады. Осыдан бір қалыпсыз акценттік шығады. Бір қалыпсыздықта болады – суырып салмалықтан туындайды. Мұнан әр орындаушы күйде өзгерте береді, ырғақ өзгереді деген ұғым туындамайды. Орындаушының шеберлігіне байланысты техникалық әшекей өрнектік, т.б. бір қалыпсыздықта. Бұл ырғақтың бір қалыпсыздығы қазақ күйі стилінің ең негізгі ерекшелігі болып табылады. 
Ырғақ – есту қабілетімен қатар қойылатын музыкалық қасиеттердің бірі. Ырғақ өлшеммен тығыз бірлікте. Күй өлшемдері ырғағы өзіндік ерекшеліктерімен әлі зерттеліп келе жатқан құбылыс. Күй ырғағы табиғаты күрделі, оны түсіну, түйсікте, бесіктен даритын, берілетін қасиет. Күйші атағын алатындар да осы күй тынысын ұққандар.

Батыс классикасы, кәсіби білім алғандар ырғағы өте дәл болады, ал нота сауаты жоқ халық орындаушылары еркін ырғақпен ойнайды деген пікірлер жиі айтылады. Еркіндік батыс, шетел музыкасында да бар. Мысалы: а) романтизм ағымына тән десек, біздің күйлеріміз романтикалық нағыз дәлелі. Шығарма мазмұнына байланысты ырғақтың ауытқушылық бір буын, сөйлем емес, бір ұяның ішінде де келеді. Музыка әлемінен енді-енді бастау алғалы тұрған балдырған ырғақ ұғымының мән-мәнісін түсіне бермейді. Қарандашпен белгілі бір ырғақтың бөлікті беру арқылы оқушы қабілеті ашылмай қалып жатады.


42


Ырғақты тәрбиелеу өте қиынға соғады деген пікірді ұстаздардың басым бөлігі алдыға қояды. Тәрбиелеуге көнбейтін қасиет жоқ. Ырғақ дүниесі шәкіртке қарапайым жүйемен басталып берілетін қасиет. Алғашқы сабақтарда жай екпінде, қарапайым өлшемдерді санатқызып үйрету арқылы қалыптасады. Осы алғашқы кезеңде дәл ырғаққа үйрету басты қажеттілік. Жекелеген әуендерді орындап, оның ырғағын қайталатқызып, дауысын келтіру, қол қимылымен, болмаса әуенге билеткізіп көрсету жолдары, жылдам, орта, жай екпінді күйлер, әуендерді орындап, қандай ырғақтық әсер алғанын байқауда ырғақ қалыптасуына жол ашады.

Алғашқы сабақ, бастапқы домбыраға үйрету мерзімінде ырғақты дәл ұстауға үйреткен жөн. Шығарма мазмұнына байланысты іске асатан ырғақтық өзгерулерге шәкірт бірте-бірте жетеді. Ырғақ қақында жазылған көп еңбектерге шолу жасасақ: Танымал музыка мамандарының ұзақ та ізденісті тәжірибелерінен, зерттеулерінен тұжырымдалған түйіндері бізге үлкен көмекші құрал. Мысалы: Н.К.Тифтикиди «Қазақ халқының домбыра музыкасы ырғағының заңдылықтары», Б.М.Теплов «Музыкалық қабілеттер психологиясы», С.Өтеғалиева «Особенности слуха исполнителей устной традиции» т.б. С.Өтеғалиева – бұл мақаласында кәсіби домбыра өнері және дәстүрлік сақталуы, күйлердің хатталуы, проблемаларын мұнан бірнеше жыл бұрын дұрыс көтерген. Қазір ол бағыттан толық дәстүрге қайта бет бұрдық деуге болады. Оған куә қазір енгізілген «Жеке күйші», «Суырып салма», Күй хаттау мамандықтары. Бұрын жылына 10-12 күй ойнаса, қазір жылына 40-тарта күй үйренеді. Дәстүр арқылы кеңістікке бет алу басым. 

Музыкалық қабілеттер жалпыға бірдей қасиет, оның әр халықта әр қалай болуы тұрмыс-салтына, жас күнінен естіген музыкасына, оның ырғағына байланысты. Сыған мен қазақты, болмаса грузин мен полякты тіпті де салыстыруға болмайды. Тікелей ырғақ қасиетіне, табиғаты жөнінде А.Жұбанов, Х.Тастанов, Қ.Мұхитов, М.Әубәкіров, Қ.Ахмедиаров, А.Жайымов еңбектеріне көз жүгіртсек: А.Жұбанов: «Әр орындаушы өз мінезін орындайды» дейді, яғни шығарма мазмұнына жақындата тұрса да, ырғаққа т.б. қасиетке орындаушы жаратылысының қатты әсері бар. Бұл домбырашылар түгел дерлік дирижерлар болғандықтан болар, орнықты, шегедей ырғақтың тәрбиеленуін алға тартады. Бірақ ырғақтың мазмұнға байланысты құбылуын жоққа шығармайды. Х.Тастанов 1-дәл, ауытқымайтын ырғақ қалыптастыруды қолдайды. Шығарма мазмұнына байланысты ырғақ табиғатына жіті тәрбиелеген шәкіртті өз-өзінен қиындықсыз келетінін түсіндіреді.

Ырғақ қақында Алексеев, Нейгауз, Цыпин т.б. атақты шетел ұстаз орындаушыларына сөз берсек:

  1. А.Д.Алексеев – бастауыш кластарда берілетін шығармалардың өзін дәл метрономдық ырғақпен орындауға болмайды, ол шығарманың өміршеңдігінен айырады десе;

  2. И.Левин – ырғақ музыканың жаны – ондағы бар тіршілік. Ырғақ бәзі біреулер ойлағандай түкке тұрмайтын нәрсе емес, кеменің қозғалтқышы сынды дүние;

  3. Цыпинның дыбыстарды уақыт бойынша ұйымдастыру бөлуді қандайда болмасын заңдылықтарымен келістіре музыка элементтерімен негіздеп, орталықтандырады.


43

  1. Ырғақ қалыптастыруы қиын қасиет болғанмен, өмірде тәрбиеге көнбейтін қасиеттер жоқ, ырғақ музыкалық сезім қабілеті, ырғақ сезімін қалыптастыратын үш құрамды бөлік бар.

Акцент, екпін, ұзақтықтардың уақыттық арақатынасы, сонымен қатар екпінді ырғақ. Екпінді ырғақ орындаушының алдына көркемдік маңыздылық және әр түрлі күрделі мақсаттарды қояды – екпінді ырғақ музыка танысы, тіршілігі – деген тұжырымын Г.Г.Нейгауз: «Музыканың танысын аңдағанда бәріне жан бітеді», - деп тереңдете түседі. Неміс психологы, теория зерттеушісі Штерн: «Ырғақтық сезім әр адамның, өзінің білетініне байланысты. Тіпті жүрек қағысының соғуы арқылы ырғақты байқауға болады», - десе, белгілі зерттеуші Т.Л.Болтон: «Әр адам акцентті өзінше қойып, өзінше ырғақ жасайды», - дейді.
Жалпы ырғақ, оны дамыту, табиғаты т.б. жай-жағдаяттарынан фортепьяно, скрипка, үрмелі аспаптар, дирижерлық мамандықтарынан өте көп жазылған. Өкінішке орай кәсіби өнерге жалпы танымдық, анықтамалық негізді осы тұжырымдардан алып, халықтық мектеп, ұлт өмір танысымен байланыстыра, біздің қанымызға біткен ырғаққа, тіршілік танысына қалам тартамыз. Сонда ұққанымыз біздің ән-күйіміздегі тіршілік тынысы ырғақтың өзіндік қасиеттері барлығы. Заманмен, өмір сүрген ортаға тығыз байланыстылығы. Өткен уақыт тілін ұқтыру, бүгінмен біріктіру, болашаққа жолдау ұстазға үлкен міндеттер, ізденістер жүктейді.


Музыкалық ырғақтың көркемдік мәні

Қазақ сайын даласында өткен заманда мәңгілік мәнді музыкалық мұра қалдырған қаншама ұлыларымыз болды. Асыл мұраның жетпегені бар екені ақиқат, бізге жетіп бүгінгі күні құндылығы былай тұрсын, ұлттық рухани биіктігімізді дәлелдеп әлемде дарынды адамзат баласы атанғанымыз да осы дараларымыздың арқасында. Рухани мұраны киіз кіпапқа жазбаса да, көкірек сарайында сақтап домбыра, қобыз, ән арқылы ұрпақтан ұрпаққа сыйлады. Дала консерваториясының әуенге хатталған саф алтындай мұрасын қалдырды. Өмірге қазақ деген ұлт пайда болғаннан бері ой-сана, салт-дәстүр, парасат пайымы, әлеуметтік өмір тынысы, наным-сенімі, діні, қайғысы, қуанышы, арқылы, фәлсафасы – мәдени мұрада табиғи ырғағымен жазылды. Ең ілгері дамыған аспаптық музыкамызды (домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер, жетіген, сырнай, ысқырық) күй деп атап, бабалар тынысын естіп, сақтауға тырысып келеді. Күй қақында алғашқы ғылыми түсінікті Қ.Жұбанов түйіндесе, қазақ кәсіби өнерінің асуы да, белесі-беделі де Ақаң есімімен байланысты. А.Жұбанов – заманды жалғастырған Алтын көпір. Ол өзінің зерттеу еңбектерінде он маман емес, бір уақытқа келмейтін қауымның игілікті ісін атқарды. Бәріміз бас қойып, бітіре алмай жүргенімізде де жасырмаған жөн. Домбыра үйрету әдісі пәнінің қай қырынан келсеңіз де, А.Жұбанов еңбектеріне үңілмей өте алмайсыз. Ырғақтың көркемдік мәніне келгенде де мына бір ойын жеткізбекшіміз: «Ақсақ киік» күйінің ырғағында үш аяқтап келе жатқан киіктің жүрісінің суреті бар. Бірақ күй тек ақсаған киіктің сырт суреті емес, жаралы жанның бәріне тән қиындық жағдайды, одан алатын ерлік, төзімділік, күрес қажеттігін суреттейтін күй, - десе, «Ақсақ құлан» күйінің бас буынында ырғағындағы баяу, бірақ нық қағыстарындағы ат тұяғының дүрсілі барын сезіндіреді.



44


Алғашқыдағы бөкен желістің ырғағында екінші дауыста өтетін тақырыптық әуен, сай-сүйегіңді сырқыратады, қандай музыка түсінбейтін керең құлақ болса да, бір трагедиалық оқиғаның барынан хабар береді. Орта буында басындағы лейтмотив құбыла, өршелендіре, жігерлендіре тартылады. Бірінші дауыста бөкен-желіс ырғағы емес, сатырлап шапқан құлан тұяғының сарыны келеді. Ал, екінші дауыстың ырғағында құланның үйірін көріп, «олжалы боламын» деген баланың ойына қарсы, «жоқ, ол ойың орындалмайды» дегендей, тағдыр тақырыбы бұрынғыдан да күшейіп, ажалдай аузын ашып, көлденең тартыла береді. Енді ең жоғары сағасында музыканың ырғағы өзгеріп, баяндау кезеңінен енді үлкен қақтығыс суреті келеді. Оның барлығы ладтық өзгеріс арқылы тыңдаушыға дәлелденеді. Қағыс та қаттыланып тасыр-тұсыр құланның сарыны бірінші дауыстың ырғағында тайға таңба басқандай анықталып естілсе, екінші дауыстың ырғағында алғашқы тақырып әуен тональдық кейпін өзгертіп, ол енді ажал аузындағы адамның жан шығар алдындағы ышқынған үнін береді, өмір мен өлімнің екі арасындағы арпалыстың суреті көз алдыңа келгендей болды. Ұйқы-тұйқы, талас-тартыстан кейін күйдің желісі сырғып, бас буынға бір-ақ шыққанда оқиғаның тоқ етері анықтала түседі. Бұрынғысындай емес, күйдің орта буынындағы қағыстар өзгеріп, біркелкі ырғақтан пунктирлі ырғаққа көшіп, лейтмотивті 2 рет қайталап барып, ең бірінші бөкен желісті ырғаққа келіп, баяулата келіп, аяңға түсіп, бірінші дауыста жүрістің бәрі тынып, тек үстіңгі ішекті түйе – талдылай қаққан дыбыс арқылы қаралы үн естілер – естілмес болып, хан баласын «о дүниеге» аттандырады» - дейді. 
Қазақ музыкасын зеттеуге біраз үлес қосқан П.Аравин «Дәулеткерей жйне XIX ғасырдағы қазақ музыкасы» деген кітабында Дәулеткерейдің «Ақжелеңінде» кездесетін кейбір «алғашқы ұялардың» Құрманғазының «Серпер», «Саранжап», Ұзақтың «Ақжелең», Түркештің «Көңіл ашар» күйлерінен кездесетін дыбыс ырғақтарын айта отырып, бірақ ондай ұқсастықтарынан шығарманы бір авторға таңдауға болмайтындығын дәлелдейді және де «Қыз Ақжелеңде» анық та айқын көңілді ырғақтың үлгілерімен келетін би сипаты белгілі орын алған. Дәулеткерейдің «Қос ішек» және «Қоңыр» күйлерінде триольді ырғақпен келетін марш екпінді кездеседі» , - деп жазды. Бағдарламалығы суырып салмалық туралы сипаттама бере келіп, ырғақтың құрылымын егжей-тегжейлі талдайды. Ол екі үлесті және төрт үлесті өлшемдердің, сол сияқты ¾ және 8/6, кей жағдайда алмасып отыратын өлшемдер жиі кездесетінін, ырғақтық формулаларды мысалға алады, дыбыстың тақ сандарға бөлінбейтіндігін (триольдан басқа) және көп ырғақтық құрылымдардың жоқтығын атап көрсетеді. 

Домбыра музыкасына теориялық талдау жасау жөнінде Н.Ф.Тифтикиди мазмұнды еңбектер жазды. Ол онда қазақ күйлерінің ырғақтық, өлшемдік және әуендік жақтарын зеттеді. Мысалы: «Қазақ халқының домбыра музыкасы ырғағының заңдылықтары» деген мақаласында домбырадағы музыкаға арналған шығармадағы ырғақ пен әуеннің байланысын ашуға тырысты. Музыка тілімен айтқанда домбырада ұзақтығы төрттен бірден артық дыбыстар ырғақ жағынан бөлшектеуді талап етеді. Күй музыкасы көптеген ырғақтық байланыстарды талдау жасау арқылы Н.Ф.Тифтикиди мынадай орынды қорытындыға келеді.



45

«Қазақ домбыра музыкасының негізгі ырғағы біркелкілік (равномерность) бұл ұзақтық қайшылығы жоқ, ең қарапайым ырғақтық сурет», - дейді және «күйдің атауына кіретін сөздер ырғағы көп жағдайда шығарманың өзіндегі бастапқы ырғақтық қозғалысқа қызмет етеді, бұл оның бағдарламасын анықтайды»,- деп жазды. Қорыта келе, жоғарыдағы келтірілген мысалдардан ырғақтың музыкадағы ең көрнекті роль атқаратынына көзіміз жетті. Кейбір күйлердің басталысындағы әуендегі кескіннің қайталанып орындалуының өзі кіріспе ролін атқарып, бара-бара шығарманың бүкіл ырғақтық негізінен құрайтын негізгі желіге айналады. Белгілі орыс ғылыми зерттеушісі Б.М. Тепловтың пікірі бойынша ырғақ музыкалық шығармадағы дыбыстардың белгілі бір уақыт аралығында алма-кезек ауысуы, музыкалық көркемдік тездету көп байқалады. Бұл әрине ырғақ желісін түсінбегендік. Ырғақсыз музыка болмайды. Ырғақ арқылы музыканың айтайын деген ойын, шығарманың негізін, тынысын бейнелейтіндігін естуге болады. Адам жүрегі бір қалыпты соғысынан қорыққанда дүрсілдейді, қуанғанда лүпілдейді, болмаса машина моторы бірқалыпты айналысынан жылдамдықты үдетсең тездейді және керісінше жарамсыз болғанда істен шығады. Шығарманың жүрегі, моторы ырғақ. Біз ғалымдардың домбыра күйлерінің ырғақ мәселесіне байланысты тұжырымдарын бекерге келтіріп отырғанымыз жоқ. 

Ырғақтың шығармадағы көркемдік мәніне қатысы бар қағидаларды айтып өтсек, күй атауының ырғақтық көрінісі: 

1. күй жанрына байланысты да ырғақтық желіс. Ақжелең, Желдірме, Қосбасар, Қоштасу, Шалқыма т.б;

2. күйге қойылған екпіндік көрсеткіш: байсалды, асықпай, жай, өте жай, орташа, тез, өте тез т.б.

Мұнда негізгі екпінді сөзге сол күй мазмұнына байланысты жақындата түсетін сын есім сөздер қолданылады. Мысалы: асықпай – мұңды, жай – ойлану; байсалды – тебіреніспен т.с.с;

3. күй бастан аяққа бір екпінде орындалмайды, әңгімені, ойды дұрыс жеткізудегі тыныс белгілері қандай роль атқарса, сол күйдің өн бойында осы құбылыс сақталуы керек. Тыныс белгілерінің орамды қолданылуы – күйдің ырғақ тұтастығымен, мазмұн тұтастығын беріп, тыңдаушыға жетеді;

4. ырғақтың көркемдік мәніне оң қол қағысының әсері жоқ емес. Күйде жалғыз немесе барлық саусақ іші-сыртымен келетін тұтпа қағыстар болады. Осы қағыстарды күй мазмұнына сәйкес ептілікпен, қимылмен алмаса, ырғақ бұзылады. Дәулеткерей «Құдаша». Кейбір домбырашылар тіпті тұтпайды, біреулері түгел жұдырық қояды. Екі жағдайда бірінші де құдаша мінезіне сәйкес емес, жалаң ырғақ, екіншісінде ауырлық, болмаса ерсілеу мінез береді. Қағысқа байланысты ырғақ шықпады, күй мазмұны орындалмады. Оң қолды жеңіл, сұқ саусақ тұсынан тұтқанда ғана межеден көрінеміз; 

5. оң қол қағысы келгенмен сол қол жауап бермесе, ешқандай ырғақ табиғатына ене алмаймыз;

6. ырғақ өлшемге байланысты да дұрыс жолға қойылмаса, күй хаттауда оның мазмұнын ашпайтын өлшемнің керегі жоқ;


46



7. ырғақтың дыбыс бояуы – динамикалық белгілерге байланыстылығы орындаушылар арасында p.mp.- белгілері келсе, ырғақты жайлату, қатайтқанда тездету көп байқалады. Бұл әрине ырғақ желісін түсінбегендік;

8. ырғақ көркемдік мәніне терең бойлау үшін сол заманның күйін, оның алған тақырыбын түсіну қажет. Осы орайда қала мен ауыл тұрмысының айырмашылығы шығады. Біздің күйіміздің басым бөлігінде дала тынысы, бұрынғы тұрмыс-тіршілігі бейнеленген. Алған біліміне, нота сауатына байланысты бәрі де орындайды. Тереңірек бойлап, сол уақытпен сырласу үшін өз жан-жақты ізденуінен басқа – басты міндет ұстазда қалады. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – қай мәселеде бірінші, екінші деп қойылмаса да, ырғақ-күйдің шешуші кілті. Музыка маманының күйшіге керек – маңызды қасиеті. Күй ырғағының күрделілігі соншалық – бір жинақпен қамтылмайды. Мамандардың әрдайым назарында болып, зерттеуді қажет етеді.


Ес – есте сақтау

Тіршілікте бар көрген, естіген білгенді жанның жоғалтпауы ес ес деп аталады. Осы сақталған нәрселерді бұрынғы түрімен жанның тірілтуі еске түсіру деп аталады. Ес болмаса адам өмірі мағынасыз, өмір, тіршілік алға жылжымас еді. Ес деңгейі әр адамда әр түрлі. Табиғаттан берілгенін былай қойғанда өскен ортасына, көрген тәрбиесіне тығыз байланысты. Кейбіреулер тез алып, тез ұмытады, жай алып, тез ұмытпайды, тез алады, бірақ ұмытпайды, шабан алып, тез ұмытады. Естің 2 және 3 түрінің адам үшін пайдалы айта келе ұлы М.Жұмабаев есті мынандай түрлерге бөледі. «Көру есі» және «Есту есі». Музыка мамандары үшін естің екі түрдің де маңызы зор. Кейде домбырашының қағыс, қимылы көз лдыңа елестетіп (әрине көргеніңнің) шығарманың көркемдік жағын келтіресің. Тіпті кейде көз бейнесінде қалған нотамен, 1 бет, 2 бет мына буын, кейбір дыбыс бояулық, әшекей өрнектер көз алдыңа келеді. Автобуста, дәлізде, көшеде демалып отырып, кітаптың сыртына, кез келген нәрсеге саусағымен шығарманы ойнап отырғандарды көз есіне сақтау ұмтылысы екеніне күмән жоқ. 
Есту есіне келсек – барлық музыка мамандары, музыкалық қабілеті жоғары маман емес адамдар, қарапайым адамдар ұнаған музыкасын есіне сақтайды. Ұмытылып қалғанның өзінде бірде қайтып оралады. Ішкі тыңшың қалғанның өзінде бірде қайтып оралады. Ішкі тыңшың күшті болса бір үздігі болса да қалай қайталап айтқаныңды өзің де білмей қаласың.

Күйшілік халықтық мектепте бұл екі түрдің мықты дамығандығын атап өттік. Әншінің дауысы, айту мәнерінен, күйшінің қағысы, сол қол қимылынан аты-жөнін естімей-ақ танып жататынымыз да осы есте жатталғандықтан. Есту есі – тұқым қуалайды деген пікірмен толық келісе алмаймыз. Біреуі күшті болуы мүмкін. Балалардың есі әлсіз, нәзік, әр нәрсеге қызыққыш, бірақ тез ұмытады. Сондықтан жастайынан екі қабілетті де бірдей дамытқан дұрыс. Әр үйреткен нәрсенің бала сезімін қозғайтын тұстары көп болуы керек. Домбырашы бабалар өткен мектепке көз жүгіртсек, бір-біріне домбыраны былай ұста деп үйретпеген, тіпті қарсы алдына отырғызып күй де бермеген.

Алайда таңды таңға жалғаған жыршылар, күйшілер, әншілеріміздің репертуарының молдығын еске түсірсек – мұндай ес қоры қазіргі алапат компьютерде де жоқ шығар. Жағдайы алғандары еріп жүріп ел аралаған, халықпен бірге тыңдаған, кейбір ұлыларымыз тек өзімен өзі болған.


47

Сонда да қолдары домбыраға тұра қалады және қандай әдемі. Қазір аптасына екі, одан да көп сабақпен үйретеміз, әйтсе де ортан қол домбырашы көп, көбінің қол қойылымы да дұрыс емес. Басты себеп бір жақты кеткен сыңайлымыз ба? Біздің ойлауымызша домбыра мамандығын жеткіліксіз оқытатын кейбір оқу орындарының олқылығынан. Негізгі нысана музыка факультеттері сынды жалпылама оқу орындарына түседі. Қайткен күнде де домбыраны үйрету, онда орындату мақсат болған секілді. Домбырашының бар қабілетін ашуға тырыссақ, соның бірі осы тақырыпта айтылып отырған есте сақтау қабілеті, көру есі, есту есі. Есте сақтау екі жағында бірге дамытып, көргенін орындағанда жеткізе алса, естігенін елестетіп көре алса, домбыраға сала алса, класта қойылған қалпын уйде айнаға қарап дәлдесе, бұл іспеттердің бәрі «Құйма-құлақ» әдісіне айтылды.

Есте сақтау қабілетіне мына құрамды бөліктер алға қойылса:

1) зейін;

2) байқау;

3) ойлау;

4)қимылдық;

5) орындағанын көру;

6) көргенін орындау т.б.

Музыка маманы, жалпы музыкамен айналысқан әрбір адамға есте сақтау қабілетінің, оның барлық түрлерінің маңызы зор. Есте сақтау қабілеті жақсы оқушының өнерде жолы болғандығы. Берілген шығарманы тез жаттап, өз репертуарын кеңейте түсіп, шығарма мазмұны үшін керекті басқа қажеттіліктер басқа көңіл аударады. Есте сақтаудың бар түрлері жақсы дамыған, өзара тығыз байланысты болса, қуанарлық жағдай, ал біреуі қалыс қалған кезде, екіншісі көмекке келеді. Музыкант үшін маңызды қасиеттің бірі – көз қапері. Сабақ кезінде есте сақтау қабілетін әдемі жоспармен өсіріп отырған дұрыс. Тек қана шығара жаттау үшін ғана емес, жүйелі түрде есте сақтағанды ести отыра, көкірек көзінен орын беріп жүрегінен шығарғанда ғана тыңдарманға жетеді. Сондықтан шығарманың бүге-шігесіне оқушы дендегенше құр жатқа сұрау, ұстаз тарапынан үлкен қателік болып саналады. Кейде талантты оқушылардың шығарманы тез жаттап келгені ұстазға үлкен қуаныш әкелері сөзсіз. Әрбір оқушының болашақ шығармашылық талабының, келешегінің шыңдалуы бір межеге жетуі үшін оның шарттарын белгілеп алған дұрыс. Ең маңызды факторлардың бірі - оқушыны музыкамен қызықтыра білу – ол оқушының елестерін музыка арқылы бере білуі, шығарма мазмұнын естіп, бар тебіренісімен жеткзуі. Уақыт өткен сайын, әр оқушы жұмыстың мән-мәнісін тани, оған терең үңіле өзінің кемшін тұстарын байқап, бақылауды сынауды үйренеді. Ұстаздың басты мақсаты – оқушыны өнерді түсінуге, оны игере білуге үйрету. Басқаша айтсақ оқушыға өнер әлеміне жол ашу, шығармашылыққа керекті қабілеттерін оята отырып, шеберлік шыңын ұштау, жабдықтау. Егер ұстаз шығарманы қалай орындау керек екенін көрсетумен шектелсе, оқушыны өнер әлеміне шығару қиынға түседі. Бұл жағдайда шығармамен жұмыс мақсат, мүддеден аулақтайды. Әрбір орында қойылатын талар, ойлы берілген тапсырма оқушыға қандай да болмасын бір сапалы, шешімге жетуіне жол ашқаны дұрыс. Шығармашылыққа үйретуге болмас, бірақ белгілі бір мақсатты шығармашылықты жұмыс істеуге үйретуге әбден болады.


48

Орындаушы жұмысының бұл күрделі қызметіне ұстаз жетекшілік етуге мүмкіндігі де бар және тиісті.

Ұстаздың орындап көрсетуі әр уақыт жетістіктер әкеле бермейді. Дәл көшіріп ала қою қарапайым құбылыс емес, жіті тыңдауды керек қылады. Халықтық мектеп құйма-құлақ әдісі қазіргі шәкірттер үшін қонымсыздау, себебі ауыл және қала баласы да дайын нәрсені қабылдап үйренгендер. Радио, көгілдір экран, бейне үн таспалардан тыңдай сала, көре жүре дағдыланғандықтан ешкім де жоққа шығара қоймас. Тек сырт көрініс қимыл, қағыстарын ала қалған күннің өзінде де оның түпкі мәнісіне түсіне қоймайды. Өз алдына қойған мақсатына, аспабына, үйренгелі отырған үлкен өнерінің негізіне, оқушының қиял-елесін шығарма мазмұнына сілтей алған ұстаз көрсетуі пайдалы болмақ өз күшімен, өз ізденісімен, пәрменді қызметімен жете алады. Ұстаздың бәрін дайын жеткізген сабағы оқушыны ізденіске түсірмейді. Ұстаз өнер негіздеріне үйретіп қана қоймайды, көкірек көзін ашады. Оқушының мінез-құлқы, ішкі жан дүниесі көркемдігінің жетекшісі. 

































49



Қорытынды

Өнер-адамзат баласының бүгіні мен болашағы, сонау есте жоқ ескі күндерінің арасын үзіліссіз байланыстыратын күн мен түннің арақатынасы сияқты мәңгі ажырамас егізі. Кемеңгер Абайдың сөзін сабақтасақ, «туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең» деген өмірлік қағиданың тіні тарқамақ. Өткен күндерден жеткен інжу-маржандар көне тарихтан осылайша тағлым береді.

Қазақтың сайын даласы қай кезде де өнерге кенде болмаған. Ұлан ғайыр аймақтың, әр өңірдің өзіндік ерекшелігі, белес-бедері, үні,әуезі, бояуы, екпіні бар. Әрине, өнер ауқымы кең, әрі сан-саласы екендігі де белгілі.Қазақ даласының өміршең өнерінің бірі – күй. Қатты мұңы – көктен түскен жасындай, сырлы мұңы – таудың тілсіз тасындай, ащы мұңы көздің кермек жасындай.

Қазағымның ғұмырына нәр берген де, азаптан арашалаған да, алдынан жарқыраған ай боп туып, алысқа шақырған да, асудан асырған да, жауға шапса семсеріне күш берген де арғы – бергідей бар болмысының күре тамыры – құдіретті күй. Күйде ұлттық рух бар.

Күй қазақтың өмір қазығы – ұлықты ұраны. Дарабоз дархан күйді де, күйшіні де өмірге келтірген, оған ұзақ өмір, мәңгілік мәнсап, биік тұғыр берген де халық.Сондықтан күй халқымен бірге жасап, ғасырды ғасырға жалғап, өрелі өрімдерінен болашаққа бойтұмар тағып, өзі де өзіне табынғандармен бақилық ғұмыр кешуде. Сонымен бірге, қазақ халқының күйшілік дәстүрінде, күй өнерінде тармақты күйлер айрықша орын алады.

Сондықтан бұл жұмыста күйлер туралы, домбыра үйрету әдісі, болашақ домбырашы ұстаздарды даярлау турасында арнайы сөз қозғап, ой өрбіткен жөн деп санадық. 

Қорыта келе осы құдіретті күйдің пайда болуы, дамуы мағынасы жөнінде керемет ой түйген белгілі ғалым Қ.Жұбановқа жүгіне кеткен жөн. Ол өзінің «қазақ музыкасындағы күй жанрының пайда болуы нәсілі» атты еңбегінде мынадай пікірін алға тартады «Қазақ музыкасы шығармаларының ішіндегі ең ірі жанрдың бірі-күйлер.

Композиция жағынан, музыка мәдениетінің басқа өлшеулері жағынан қарағанда да, күйлер халық музыкасының жетіскен ірі тарауы екендігінде дау болмауы керек. Қазақтың өзі де күйді ерекше бағалайды:онда айтып тұрған әңгіме,сөйлеп тұрған сөз болмаса да, күйлердің өзінің музыка тілі халыққа сондай жақын, сондай түсінікті, оны сол тілсіз түрінің өзінде жақсы таниды. Басқа халықта да күй атаулы шығармалар бар, бірақ оларда әнмен бимен араласып жүреді. Жан-жақты жетілген, дамыған күй тек қана біздің қазақ ұлтына тән өнер.

Әр аймақтың өзіне тән күй ойнау, күй шығару, таралу тәсілі бар. Сонымен де, сапасымен де көзге ұратын домбыра күйлері өзінің тақырыптық ауқымымен, сазымен, әуезімен, мазмұнымен, жетілген белгілі нысанымен ерекшеленеді. Адамзат және коғаммен күй дамуы қапталдас өрбіп отырған». Сөйтіп, тұжырымдай келе, күй – халықтың қадір-қасиетті, ділі, тілі парқымның дегендей, заманымыздың өміршең өнері бүгінгі күнге дейін сақталып, өміріміздің қазығы, ұлықты ұраны болып қала бермек. 


50



Қолданылған әдебиеттер


1.Қ.Ахмедиаров «Күй – ұран» – Алматы, 2001. – Б.336
2.С.Балмағанбетов «Қазанғап» – Ақтөбе: ЖШС «Ақжар - АБК», 2005. – Б.120
3.Б.Жүсіпов «Ж.Байсын күйлері» оқу құралы. – Алматы: «Ғылым», 2000.
4.А.Тоқтаған «Құрманғазы» – Алматы: Білім, 2005. – Б. 216

5.А.Райымбергенов, С.Аманова «Күй қайнары» – Алматы: - Өнер, 1990. – Б. 288

6.М.Ермекбайұлы «Күй маржаны» – Павлодар. – 1999. – Б.288

7. К.Сахарбаева «Атырау ән-күй мұхиты» – Алматы: «Дайк Пресс», 2001. – Б. 21

8.К.Сахарбаева «Домбыра дастан» – Алматы: - Мектеп, 2002. Б.43

9.А.Сейдімбек «Қазақтың күй өнері» – Астана, 2002. – Б.832

10. А.Тоқтаған «Тәттімбет және Арқа күйлері» – Алматы: Білім, 2005. – Б.184

11.К.Сахарбаева «Дәстүр ізімен» – А., 1997.

12.А.Райымбергенов «Қазанғап Ақжелең», Алма – Аты, «Өнер» 1984ж.

13.С.Балмағамбетов «Саз зергері Қазанғап» «Өлке» 2001ж.

14.А.Райымбергенов, С.Райымбергенова «Күй қайнары», «Өнер» 1997ж. 

15.А.Есенұлы, Г.Елеусізқызы «Күй керуені»., «Өлке», 1997.

16.Ө.Спанов. «Домбыра үйренейік»., «Әуен», 1992.

17.А.Жайымов, С.Бүркітов «Домбыра үйрену мектебі»., «Өнер», 1992.

18.Л.Хамиди, Б.Ғизатов «Домбыра үйрену мектебі»., «Өнер», 1983

19.Қ.Дүйсембінова «Музыкалық білім беру педагогикасы» – Талдықорған,

2006.Б.86-164.

20.И.Аравин., Б.Ерзакович «Қазақстанның музыка мәдениеті» – Алматы, 1957. – Б.4 – 68 

21.Қ.Мерембаев «Домбыраға арналған хрестоматия» Қарағанды, 2003
22.У.Бекенов «Күй табиғаты»., «Өнер», 1981

23.Х.Тастанов «Домбырадан сабақ беру әдісі»., «Жазушы», 1970

24.Т.Мерғалиев «Домбыра сазы»., «Жазушы», 1972


















51



Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Краткое описание документа:

Данная работа направлена на развитие исполнительских навыков игры на инструменте в начальном этапе обучения, актуальна в деле профессионального самоопределения учащихся, целесообразна и педагогически обоснована глубоким раскрытием и обозначением целей и задач обучения. Осуществление этих задач даст возможность совершенствовать и развивать музыкальную культуру Республики Казахстан. Применение методов работы на уроках по классу домбра.

Автор
Дата добавления 22.04.2015
Раздел Музыка
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2407
Номер материала 248420
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх