Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыМетодическое пособие на тему "Дидактикалық ойындар"

Методическое пособие на тему "Дидактикалық ойындар"

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

                                  

                                                                                                                                                     

 

 

 

 

 

 

                    

 

 

 

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ

БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ «Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ

РУДНЫЙ ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» ҚМҚК

 

 

 

 

http://webcollege.kz/assets/logo.png

 

 

 

 

              ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР ЖИНАҒЫ

                                     Әдістемелік құрал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                      Орындаған: Сакенова А.С.

 

 

 

 

                                                        2015ж.

Жинақта мектепке дейінгі ұйымдардың  педагогтары мен

тәрбиешілерінің жұмыстарына қажетті,мектепке дейінгі

тәрбиелеу мен оқыту жүйесін қамтамасыз ететін

дидактикалық ойындар ұсынылған. Бұл жинақтың  мақсаты

түрлі ұйымдастырылған оқу әрекеттерін дайындау және

өткізу үшін «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығындағы

студенттерге практикалық көмек көрсету болып табылады.

Әдістемелік құрал «мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту»

мамандығының студенттеріне және ұстаздарға арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Педагогика, психология және жеке пәндер әдістемесі циклдік комиссия отырысында қаралды.

 

Хаттама №__ «___»_______________________2015жыл

 

Қолданысқа енгізуге рұқсат етілді.

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                          Мазмұны

 

Бөлімдер:

 

Алғы сөз

1.1

Заттық дидактикалық ойындар.

Ойындар тізімі және ойындардың үлгілері.

1.2

Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар.

Ойындар тізімі және ойындардың үлгілері.

1.3

Сөздік ойындар.

Ойындар тізімі және ойындардың үлгілері.

 

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                        Алғы сөз

    Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Ойын – жалпы адамзат мәде-

ниетінің бірегей феномені,оның қайнар көзі мен шыңы.         Мәдениет феномені ретінде ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіл көтертеді, дем алдырады, сонымен қатар, ол сықақтап, күлдіріп, кез-келген әлеуметтік мәртебенің шартты екендігін көрсетеді. Ұлы педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек балалармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында жанды-жансыз табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады.Ойын бала үшін — нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. Дидактикалық ойын – баланың қызығушылығына негізделген оқыту тәсілдерінің бірі. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын баласы екенін ескере келе, дидактикалық ойындардың жүйелі қолданылуы жақсы нәтиже береді. Дидактикалық ойындарды пайдалану мәселесі педагогикалық теорияда кеңінен қарастырылған.

 

                      1.1   Заттық дидактикалық ойындар

Заттық дидактикалық ойындарда ойыншықтар мен нақты заттар қолданылады. Олармен ойнап, балалар салыстыруды үйренеді, заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын белгілейді. Бұл ойындардың құндылығы сонда, балалар олардың көмегімен заттардың қасиеттерімен, олардың белгілерімен: түсі, көлемі, пішіні, сапасымен танысады. Ойындарда салыстыруға, классификациялауға тапсырмаларды шешеді, тапсырмаларды шешуде реттілікті белгілейді.  Балалармен заттық орта туралы жаңа білімді меңгеру шамасы бойынша ойындарда тапсырмалар күрделенеді: балалар қандай да бір қасиетімен затты анықтауға жаттығады, дерексіз, логикалық ойлауды дамыту үшін маңызды, заттарды осы қасиеті бойынша (түсі, пішіні, сапасы, міндеті және т. б.) біріктіреді.   Дидактикалық ойындарда әртүрлі ойыншықтар кеңінен қолданылады. Олардың түсі, пішіні, міндеті, көлемі, жасалған материалы ашық көрсетіледі. Бұл балаларға белгілі дидактикалық тапсырмаларды шешуге, мысалы ағаштан жасалған заттарды (темір, пластмасса, қыш) немесе әртүрлі шығармашылық ойындарына қажетті ойыншықтар: отбасы, құрылыс, дүкен және т. б. жинақтауды жаттықтыруға ерік береді. Осы сияқты мазмұндағы ойындарды қолдану, тәрбиешінің таңдалғанойыншықтардың көмегімен ойынның мәнін айтып беруге, өзбетінше ойынға қызығушылық танытуға мүмкіндік береді.Тәрбиеші табиғи материалдарды (өсімдіктердің тұқымдары, жапырақтары, гүлдері, тастар, бақалшықтар және т.б.) мынадай ойындар: «Бұл ненің тұқымы?», «Бұл қандай ағаштың жапырағы?», «Күзгі жапырақтардан гүл шоғын жина» және т.б. өткізуде қолданады. Тәрбиеші бұл ойындарды табиғатпен жанасып серуен мезгілінде ұйымдастырады.

                            «Саққұлақ»

Мақсаты: Есту қабілетін дамыту, белсенді сөздікті толықтыру, фразалық сөйлеуін дамыту

Қажетті құралдар: қалқа (тасалап тұратын нәрсе), қоңырау, сылдырмақ, дабыл және т. б.

Ойын барысы:Тәрбиеші қалқаның артында тұрып, кезек бойынша жоғарыда аталған заттармен дыбыс шығарып және балалардан дыбыстың қандай заттан шыққанын табуын ұсынады. Дыбыстар бала оларды табу үшін, анық және кезектесіп шығуы керек.

                                      «Ақшақар»

Мақсаты: Сөйлеу тынысын дамыту, бірқалыпты және ұзақ дем шығара білуді (ауаны ауызға толтырмай) қалыптастыру.

Қажетті құралдар: Мақтаның бірнеше бос түйіршіктері.

Ойын барысы: Тәрбиеші мақтаның бөлігін көрсетіп, айтады «Далада қар жауып тұр. Келіңдер, топта қар жаудырамыз» Содан соң баланың алақанына «ақшақарды» салады және қалай үрлеу керек екенін көрсетеді. Сосын бала үрлейді. Жаттығу 2-3 рет орындалады.

Ақша қар, Ақша қар

Аппақ болып қонасың.

Тоса қалсам қолымды,

Алақаныма қонасың.

                                    «Жапырақтар»

Мақсаты: Бірқалыпты, ерікті дем шығаруға үйрету.

Қажетті құралдар: Жұқа қағаздан ойып жасалған сары және қызыл жапырақтар.

Ойын барысы: Тәрбиеші балаға күзде ағаштардың жапырақтары түсетінін түсіндіреді. Бұл құбылыс жапырақтардың түсуі деп аталады. Жапырақтардың түсуін үйде ұйымдастыруды түсіндіреді. Бала жапырақтар ұшатындай, оларға үрлейді. Жаттығу 2-3 рет орындалады.

 

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан – алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

                                   «Ұш, көбелек!»

Мақсаты: Ұзақ, үздіксіз дем шығара білуді қалыптастыру.

Қажетті құралдар: 2-3 қағаздан жасалған, айқын боялған көбелектер ( әрбір көбелекке ұзындығы 50 см жіпті байлайды және оларды бір-бірінен 30 см қашықтықта бауға байлайды. Бауды көбелектер баланың бетінің деңгейінде салбырап тұратындай екі тіреудің ортасына кереді).

Ойын барысы: Тәрбиеші балаға көбелектерге ұшатындай етіп, оларды үрлеуді ұсынады. Баланың тік тұруын, ауаны ішке жұтқанда иықтарын көтермеуін, бір рет дем шығарып үрлеуін, ауаны жұтпауын, ұрттарын толтырмауын, ал еріндерін алға шығаруын қадағалау қажет.Бала басы айналмас үшін, 10 секундтан артық емес үзілістермен үрлеуі қажет.

Қанаттары әдемі,

Қызыл – жасыл көбелек.

Гүлге қонып қалыпты

Бір ғажайып керемет.

Бар даланы жайнатып,

Гүлден – гүлге қонады.

Көбелектің қанаты

Гүлдей әсем болады.

                   «Не істеу керек, табамыз»

Мақсаты: Есту зейінін жұмылдыра білуін дамыту. Сылдырмақтың дыбысымен өзінің қозғалысының арақатынасын белгілеу, қозғалыс сәйкестігін дамыту.

 

Қажетті құралдар: Сылдырмақ, екі жалауша.

Ойын барысы: Баланың қолында екі жалауша бар, егер тәрбиеші сылдырмақты қатты сылдырлатса,онда бала жалаушаларды жоғары көтереді және бұлғайды. Егер сылдырмақ ақырын сылдырласа, онда жалаушаларды төмен түсіреді.

Мұнда балалардың дұрыс тұруын және қозғалыстарының дәл орындалуын қадағалау маңызды.Бала жаттығуды жеңіл орындау үшін, сылдырмақтың қатты және ақырын дыбысталуын кемінде 4 рет алмастыру қажет.

           «Немен ойнап отырмын, тапшы?»

Мақсаты: Тұрақты есту қабілетін дамыту, дыбысталуы бойынша аспаптарды айыра білу.

Қажетті құралдар: Дабыл, сылдырмақ, сырнай және т. б.

Ойын барысы: Тәрбиеші балаға кезекпен музыкалық аспаптарды көрсетіп, олардың атауларын нақтылайды және олардың дыбысталуымен таныстырады. Тәрбиеші балалардың аспаптар атауларын ұғып және дыбысталуын есте сақтағанына көз жеткізгеннен кейін, аспаптарды қалқаның артына жинайды. Онда тәрбиеші әртүрлі аспаптарда ойнауды жалғастырады, ал бала дыбысы бойынша анықтайды.

                      «Қатты – ақырын»

Мақсаты: Дауыс күшін алмастыра білуге үйрету: біресе қатты, біресе жай.

Қажетті құралдар: Үлкен және кіші иттер немесе басқа ойыншықтар.

Ойын барысы: Тәрбиеші екі итті көрсетіп айтады: «Үлкен ит қатты үреді «Аб-аб».Үлкен ит қалай үреді? (бала дауысын қатты шығарып қайталайды). «Ал кішкентай күшік ақырын үреді: «Аб-аб». Кішкентай күшік қалай үреді? (бала ақырын қайталайды)»

                                 «Кел, ойнайық!»

Мақсаты: Қатты дауысты пайдалана білуді шынықтыру.

Қажетті құралдар: Ойыншықтар: аю, қоян, түлкі жене басқа аңдар.Ойын барысы: Тәрбиеші баладан 2 – 3 метр қашықтықта ойыншықтарды орналастырып, айтады: «Аю, қоян, түлкі жалғыз отырып зерікті.Оларды бізбен ойнауға шақырайық.Олар бізді есту үшін қатты: «Аю, кел» осылай шақыру керек. Балалар тәрбиешімен бірге аюды, қоянды, түлкіні шақырып, бірге ойнайды. Мұнда ең маңыздысы балалардың ойыншықтарды айқайламай, қатты шақырғанын қадағалау болып табылады.

                    «Сағат тықылдайды»

Мақсаты: Дыбыстарды айтуды, дыбыстау аппаратын дамыту. «К», «т» дыбыстарының айтылуын бекіту. Біркелкі сөз қарқынын, сөздерді жылдам және баяу, қатты және жай айтуды шынықтыру.

Қажетті құралдар: Үлкен және кіші сағаттар.

Ойын барысы: Тәрбиеші балаға сағаттарды көрсетіп, айтады: «Бұл – сағаттар. Олар жүрген кезде «тк-тк, тк-тк» деп тықылдайды. Сағаттар қалай тықылдайды? (балалар жауап береді).Үлкен сағаттар жүрген кезде «тк-тк» деп қатты және баяу, ал кіші сағаттар «тк-тк» деп жай және жылдам тықылдайды (балалар әрқайсысына айырмашылығын ажыратып жауап береді). «Т» және «к» дыбыстарының дұрыс және анық айтылуын қадағалау керек.

                                                        

                                                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар

Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар – балаларға арналған қызық сабақ. Түрлері бойынша олар әртүрлі: сыңар суреттер, лото, домино. Ойындарды ойнаған кезде шешілетін тапсырмалар да әртүрлі. Суреттер сыңарын табу ойындары. Мұндай ойындағы ең қарапайым тапсырма – алуан түрлі суреттерден бірдей сыңарларын: түстері, үлгілері және т. б.  бірдейлерін табу. Содан соң тапсырма күрделенеді: бала суреттерді тек қана сыртқы белгілерімен ғана емес, сонымен бірге мағынасы бойынша да біріктіреді, мысалы: барлық суреттердің ішінен екі ұшақты табу. Суретте бейнеленген ұшақтар, түсі, пішіні бойынша әртүрлі болуы мүмкін, бірақ оларды ұқсатып заттардың бір түріне жатқызып, біріктіреді. Ересектер топтарында тапсырмалардың шешілуі күрделірек: кейбір балалар суреттегі салынған қимылдарды бейнелейді, басқалары суретте кім салынғанын, онда адамдардың не істейтінін, мысалы өрт сөндірушілер отты сөндіреді, теңізшілер теңізде жүзеді, құрылысшылар үй салады және т.б. табады.Мұндай ойындарда  жеке тұлғаның осындай құнды қасиеттері: қайта түрленуге қабілеттілігі, қажетті бейнені жасаудағы шығармашылық ізденушілігі қалыптасады.

                           «Кім алғыр?»

Мақсаты: Құлақтың естігіштігін, сөздік нұсқаулықты оны айтатын дауыс күшіне қарамастан дұрыс қабылдай білуді дамыту.

Қажетті құралдар: Ойыншықтар: қуыршақ, аю, мәшине.Ойын барысы: Тәрбиеші үстінде ойыншықтары бар үстелдің жанында отырады. Бала одан 2 – 3 метр қашықтықта болады. «Мен сыбырмен сөйлейтін боламын, сондықтан бәрі естілу үшін тыныш отырып, зейінмен тыңда» :

-  Аюды ал және мәшинеге отырғыз.

-  Аюды мәшиненің ішінен ал.

-  Мәшинеге қуыршақты отырғыз.

-  Қуыршақты мәшинемен қыдырт.

 

                                                  

Бала бұл тапсырмаларды естуі, тусінуі және орындауы қажет. тапсырмалар қысқа және жеңіл,ал айтылуы ақырын,бірақ айқын болу керек.

                «Кімнің құсы алысқа ұшады?»

Мақсаты: Ұзақ, бағытталған, бірқалыпты ауызбен дем шығаруды қалыптастыру.

Қажетті құралдар: Жұқа қағаздан ойып жасалған және айқын боялған құстың пішіндері.

Ойын барысы: Бір-біріне 30см қашықтықта екі құсты үстелдің шетіне орналастырады. Екі бала құстарға қарама-қарсы отырады. «Құстар ұшты!» дабылы бойынша, балалар құстардың пішіндеріне үрлейді. Балалар құстарға үрлегенде ұрттарын толтырмауын, қатты күш салмауын қадағалау керек.

                    «Үйдің есігін жабайық»

Мақсаты: заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту.

Қажетті құралдар: үйдің, есіктің суреттері.

Ойын барысы: қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну.

                         «Вагондарға дөңгелек таңдау»

Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, қасиеттерін білуге жаттықтыру, ойлау қабілетін дамыту.

Қажетті құралдар: қағазға салынған вагондар, әртүрлі геометриялық пішіндер.

Ойынның мазмұны: Балалар вагондарға лайық дөңгелектерді әртүрлі пішіндердің ішінен табады.

                     «Үй құрлысының ретін көрсет»

Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту.

Қажетті құралдар: баланың саны бойынша әртүрлі түсті жолақтар, пішіндер, үй суретінің үлгісі.

Ойын барысы: Балаларға үйдің суретінің үлгісін көрсету. Балаларға әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну.

                                       

                                             «Жұбын тап»

Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту.

Қажетті құралдар: әртүрлі ретте орналасқан геометриялық пішіндердің суреттері.

Ойын барысы: Балаларға геометриялық пішіндер орналасқан суреттерді тарату. Үлгі ретінде бір суретті көрсетіп, дәл осындай суреттің жұбын табуды ұсыну. Суреттердің дұрыстығын тексеру үшін оларды салыстыру.

                                         «Әдемі кілемшелер»

Мақсаты: бөліктерден кілемше жасауға үйрету; қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: қағаздан жасалған кілемшелер, геометриялық пішіндер.

Ойын барысы: Балалар геометриялық пішіндерді берілген кілемшелердің үстіне қойып, құрақ құрайды.

                                     «Таныс пішіндер доминосы»

Мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; көп заттың ішінен біреуін таңдауға жаттықтыру.

Қажетті құралдар: пішіндер бейнеленген суреттер.

Ойын барысы: Балаларға суреттерді таратып беру.

Жүргізуші бірінші суретті үстелдің ортасына қояды, қалған балалар суретке сәйкес өзінің суретін қояды, суретте бейнеленген пішінді атайды. Ойын осылай жалғаса береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                    

                                    1.3 Сөздік ойындар

Сөздік ойындар ойнаушылардың сөздері мен әрекетінен тұрады. Мұндай ойындарда балалар заттар туралы түсініктеріне сүйеніп, олар туралы білімдерін тереңдетіп үйренеді. Балалар өздігінен түрлі ойлау тапсырмаларын шешеді: олардың сипаттамалық қасиеттерін бөліп, заттарды суреттейді; суреттеу бойынша табады; ұқсастық және айырмашылық белгілерін табады; әртүрлі қасиеттері, белгілері бойынша заттарды топтайды. Бұл дидактикалық ойындар барлық жастағы топтарда өткізіледі, әсіресе балаларды мектепке дайындауға мүмкіндік беретін, мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуда ерекше маңызды: педагогты мұқият тыңдай білуді дамытады, қойылған сұраққа жылдам жауап табады, өз ойын дәл және анық тұжырымдайды, қойылған тапсырмаға сәйкес білімді қолданады. 

Сөздік ойындарды педагогикалық үдерісте қолдануға қолайлы болу үшін төрт топқа біріктіруге болады.Олардың біріншісіне  заттар мен құбылыстардың маңызды белгілерін бөліп қалыптастыра білуде көмектесетін ойындар : «Тапшы?», «Дүкен», «Иә – жоқ» және басқалар кіреді. Екінші топты балалардың салыстыру, беттестіру, дұрыс ақыл қорытындысын жасауын дамытуда қолданылатын: «Ұқсайды – ұқсамайды», «Кім өтірікті көбірек аңғарады?» және т. б. ойындар құрайды. Үшінші топқа әртүрлі белгілері бойынша заттарды жалпылау және топтастыра білуді дамытатын « Кімге не керек?», «Үш затты ата», «Бір сөзбен ата» және басқа ойындар біріктірілген.Ерекше төртінші топқа зейінді, аңғарымпаздықты, ой ұшқырлығын, байсалдылықты, әзіл оспақты түсіне білуін дамытатын: «Бұзылған телефон», «Түстер», «Ұшады – ұшпайды» және басқа ойындар жатады.

 

                    

 

 

 

 

 

                                     

                       «Сыңғыр – сыңғыр»

Мақсаты: Кеңістікте бағдарлану, дыбыс бағытын анықтай білу, есту қабілетін бағыттауды дамыту.

Қажетті құралдар: Қоңырау.

Ойын барысы: Бала көзін жұмады, ал тәрбиеші тым-тырыс оның жанына (сол, оң, артынан) келіп қоңырауды сылдырлатады.Бала көзін ашпай дыбыстың, қайдан шыққан бағытын анықтауы қажет.Егер бала қателессе, онда тағы шешеді. Ойынды 4 – 5рет қайталайды. Баланың көзін ашпауын қадағалау керек. Бала дыбыс қайдан шықты, сол жерге бетімен бұрылып, дыбыстың бағытын көрсете білуі керек.Қоңырауды баяу сылдырлату керек.

               «Немен ойнап отырмын, тапшы?»

Мақсаты: Тұрақты есту қабілетін дамыту, дыбысталуы бойынша аспаптарды айыра білу.

Қажетті құралдар: Дабыл, сылдырмақ, сырнай және т. б.

Ойын барысы: Тәрбиеші балаға кезекпен музыкалық аспаптарды көрсетіп, олардың атауларын нақтылайды және олардың дыбысталуымен таныстырады. Тәрбиеші балалардың аспаптар атауларын ұғып және дыбысталуын есте сақтағанына көз жеткізгеннен кейін, аспаптарды қалқаның артына жинайды. Онда тәрбиеші әртүрлі аспаптарда ойнауды жалғастырады, ал бала дыбысы бойынша анықтайды.

                            «Сағат тықылдайды»

Мақсаты: Дыбыстарды айтуды, дыбыстау аппаратын дамыту. «К», «т» дыбыстарының айтылуын бекіту. Біркелкі сөз қарқынын, сөздерді жылдам және баяу, қатты және жай айтуды шынықтыру.

Қажетті құралдар: Үлкен және кіші сағаттар.

Ойын барысы: Тәрбиеші балаға сағаттарды көрсетіп, айтады: «Бұл – сағаттар. Олар жүрген кезде «тк-тк, тк-тк» деп тықылдайды. Сағаттар қалай тықылдайды? (балалар жауап береді).Үлкен сағаттар жүрген кезде «тк-тк» деп қатты және баяу, ал кіші сағаттар «тк-тк» деп жай және жылдам тықылдайды (балалар әрқайсысына айырмашылығын ажыратып жауап береді). «Т» және «к» дыбыстарының дұрыс және анық айтылуын қадағалау керек.

                                         

                                                 

                                        «Құлыншақ»

Мақсаты: «И» дыбысын анық айтуға үйрету.

Қажетті құралдар: Ойыншық ат.

Ойын барысы: Тәрбиеші ойыншық атты көрсетіп, оның «и-и-и» деп дыбыс шығаратынын түсіндіреді және балаға 2-3 рет қайталап айтқызады.

Баптайын ылғи, бағайын,

Арқаңнан сипап қағайын,

Бәйгеге мініп шабайын,

Тұлпар боп өсші құлыным!

 

                                 «Мәшине»

Мақсаты: «Б» дыбысын дұрыс және анық айтуды қалыптастыру, жеке дыбысқа еліктеп қатты және жай айтуды , кеңістікте бағдарлана білуді дамыту.

Қажетті құралдар: Картоннан жасалған (бала санына байланысты) тұтқа, үлкен және кіші мәшинелер.

Ойын барысы: Тәрбиеші мәшинені көрсетеді және оның қалай гүрілдейтінін сұрайды(«бң-ң, бң-ң). Сосын үлкен мәшинені көрсетіп, айтады: «Үлкен мәшине қатты гүрілдейді тыңда , былай «бң-ң, бң-ң»( дыбысқа еліктеуді әдеттегіден қатты айтады), ал кіші мәшине жай гүрілдейді (сыбырлап ақырын айтады) «бң-ң,бң-ң».Балаға дыбыс тіркестерін біресе қатты, біресе жай қайталау ұсынылады. Содан соң тәрбиеші балаларға өздері мәшинемен қыдыруды ұсынады. Балалар жүргізушілерді бейнелеп, қолдарында тұтқа топ ішінде «бң-ң, бң-ң» деп айтып бытырап жүгіреді.

                     «Сиқырлы суреттер»

Мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процесстерін дамыту.

Ойынның кұрал-жабдықтары: әр түрлі сурет бөлінділері.

Ойын барысы: Балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден сурет құрайды. Сурет бойынша әңгіме құрауды ұсыну.

                            

 

 

                                                 

                          «Сиқырлы қапшық»

Мақсаты: заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша салыстыруға, топтастыруға үйрету.

Қажетті құралдар: түсі, өлшемі, пішіні бойынша әр түрлі ойыншықтар.

Ойын барысы: Балалар «Сиқырлы қапшықтың» ішіндегі затты ұстап көріп, пішінін анықтайды, ойыншықты алған соң атын атап, түсін айтады.

            « Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта»

Мақсаты: Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту.

Қажетті құралдар: қарындаштар, таяқшалар.

Ойын барысы: Балалар сипап – сезу арқылы заттың ұзын - қысқалығын анықтау. Ұзындығы әртүрлі қарындаштар алынады. Жүргізуші бір баланы шақырып, оған көзін жұмғызып, қарындаштың ұзын-қысқалығын анықтатады. Ойын бірнеше рет қайталанады.

              « Сипаттамасы бойынша тап»

Мақсаты: ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа ұғымдарын бекіту.

Қажетті құралдар: ойыншықтар жануарлар, құстар.

Ойын барысы: балалар аю, түлкі, қасқыр, қоянның ойыншықтарын қарастырады. Әр ойыншықты анықтап атын атайды. Ойнаушылардың біреуі бөлмеден шығып кетеді, басқа ойнаушылар ойыншық туралы жұмбақ құрастырады. Жұмбақ құрастырғаннан кейін жұмбақты шешетін баланы шақырады.

 

                              

                                    

                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

  Әдебиеттер тізімі

 

1.      Қ. Х. Мусағұлова, «Мектепке дейінгі жаттығулар мен ойындар жүйесі»

2.      Бондаренко А.К. «Дидактические игры в детском саду» - М., 1991г.

3.      Бондаренко А.К. Дидактические игры в детском саду. – М.: «Просвещение», 1991.

4.      Сорокина А.И. «Балабақшадағы дидактикалық                 ойындар»-М.,1982г.

5.      М.С. Қомаева «Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру бойынша дидактикалық ойындар».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                       

 

 

 

 

                                                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Методическое пособие на тему "Дидактикалық ойындар""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Ректор

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 291 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.01.2016 3016
    • DOCX 70.5 кбайт
    • 15 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сакенова Айгуль Сериковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сакенова Айгуль Сериковна
    Сакенова Айгуль Сериковна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16245
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Индивидуализация психического развития ребенка дошкольного возраста в контексте системного подхода

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика воспитания детей дошкольного возраста по системе Марии Монтессори

Монтессори-педагог

600 ч.

9500 руб. 4750 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 165 человек

Курс повышения квалификации

Система работы специалистов ОО по выявлению профессиональных предпочтений от дошкольного до подросткового возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Стратегии антикризисных коммуникаций и управление репутацией в современном бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление рисками в бизнесе: анализ, оценка и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовые ключи экспертного успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе