Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Методическое средство на тему
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • История

Методическое средство на тему

библиотека
материалов

















































Шалқар аудандық білім бөлімі

6 орта мектебі









Қазақстан Республикасының

ел- рәміздерін насихаттаудың моделі
















2010 жыл


Шалқар аудандық білім бөлімінің жанындағы құралған эксперттік комиссия шешімімен бекітуге ұсыныс.



Хаттама № “____”___________ 2010 жыл

Аудандық білім бөлімі кеңесінің шешімі №




Автор: Мұстафин Алпысбай Төлегенұлы






























































Пікір


Бұл әдістемелік яғни ел рәміздерін насихаттау моделі оқушыларда патриоттық, тәрбиелеуге және де оқушыларды елін, жерін суын насихаттауға көмекші құрал бола алады.




Аудандық білім бөлімінің

әдістемелік кабинет

меңгерушісі : Р.Басмағанбетова














2





Түсінік хат



Бұл әдістемелік құралды Қазақстан Республикасының ел рәміздерін насихаттау ретінде пайдалануға болады. Осы жүйе арқылы оқушыларға таңбадан-рәміздерге дейін түсінік бере отырып, оларды құрметтеуге, қорғауға тәрбиелейді және де оқушыларды өзінің елі, жері үшін мақтаныш сезіміне жетелейді.



















3




























































Рәміздік үрдіс соқпағын сонау ықылым замандардан, адам баласының жарық дүниеге шығып, тіршілік көшіне ілескен, содан қоғамдасып ғұмыр кешуге көшкен тұсындағы көне тарих беттерінен белгілі. Арнайы рәміздер саласымен айналысатын ғылымдар - геральдика және вексилология. Бұл ғылым салалары өмірге бірнеше ғасыр бұрын келді.

Геральдика – елтаңба тану ғылымы, елтаңбаларды арнайы деректеме ретінде зерттейтін қосалқы тарихи пән. Ал вексилология - тұтану ғылымы. Бұл ғылымдар жөнінде алғашқы кітаптар ХҮІ ғасырда- ақ белгілі бола бастады. Француз тарихшы Менестрэ 1680 ж осы мәселені үңгіп жазған үлкен еңбегі үшін елтаңба тану ілімінің атасы атайды.

Алғашқы нышандарға жататын төтемдік белгілері әлемнің барлық халықтары арасында кең тараған. Негізінен жануарлар бейнесі кескінделетін бұл тұмаршалар белгілі бір рулар мен тайпалардың ортақ рәмізіне айналды. Олардың қай қоғамдастыққа



4


жататынын сол тұмаршаларға қарап ажырататын болды. Кейінірек көсемдер мен ру басшыларының билік белгілері ретінде бір уыс шөп, жапырақ құстың қауырсын қанаты, айрықша әшекейлеп жасанған бас киім және басқа нышандар пайдаланды. Олардың орнын найза, әшекейлі бақандар мен түрлі темір салпыншақтар басты.

Ежелгі мемлекеттер әскерлері көтерген эмблемалар бізге көптеген қазбалардан, көне ескерткіштерден мәлім. Ұлы Гомер әйгілі Троя шайқасына (б.з,д ХІІ ғ) қатысқан әскерлердің қалқандарындағы белгілер туралы баяндаса, Эсхии (б.з.д Ү ғасырда) жауға қарсы соғыс ашқан жауынгерлердің қалқандарындағы нышандарды талдап жырлайды. Келе-келе алғашқы әскери байрақтар (штандарттар) пайда болды. Темір бақан басына, найзаның ұшына немесе ағаш таяқтарға өздері сыйынатын құдайларының немесе әулие тұтатын жануарлардың бейнесін іліп шығатын болды. Мұндағы мақсат әскердің рухын көтеріп, жаудың үрейін алу еді.


5










































Мысырлықтар өз фараондары мен құдайлары бейнеленген белгілерін кие тұтса, ассириялықтар

жұлқынған бұйвол бейнелі темір бақандарды ес көретін.Гректердің әр полисінің өз тұмары бар еді. Оларды қанатты Пегас, Минотавр, өгіз, тасбақа мен үкі бейнелері кездесетін. Данигой қарт философтар жазбаларында басқа да парсы патшалары сияқты Кир (ХІІ ғасыр) алтын қанатты қыран бүркіт бейнесін жеке таңбасы ретінде пайдаланғанына куәлік етсе, енді бір көне дерекетерде геттер мен сарматтар (б.з.д Ү ғасыр) ұрыс алаңына басында жел үрлейтін сарнауық айдаһар сұлбалары бекітілген темір бақандар ұстап шығатындығы көрсетілген.

Дегенмен қазіргі жануарлар мен тулардың түр атасы дерлік алғашқы байрақ көне Азия топырағында, бұрын көшпенді ата-абабалрымыз аралас- құралас өмір сүрген ежелгі Қытай жерінде дүниеге келгені бұлтартпас шындық ұжау әулеті билік жүргізген б.з.д ХІІ ғасырда желбіреген тұңғыш байрақтар түсі де бізге таныс ала болған. Кейіннен ежелгі Үнді жерінде

6

көтерілген қызыл, жасыл түсті әскери байрақтардың ұшы үлпілдеп келетін де, ортасынан сары бояумен әр түрлі киелі жануарлардың бейнесі салынатын.Уақыт өткен сайын нышан – рәміздердің көлемі де нақтыланып, оларды пайдалану тәртібі бір ізге түсе бастайды. Мұндай жүйелеу алғаш ІХ ғасырда Византияда қолға алынған еді. Орта ғасырлық Еуропада император – ұзындығы 6, король –5, барон-3 фут байрақтар көтеретін болған.

Рәміздердің мемлекеттік нышандарға айналудың өз тарихы бар. Ертеде елді оны билеушісінің және белгісі арқылы танитын. Олардың шын мәніндегі мемлекеттік маңызға ие болуы кейінірек. Григорий Турекийдің жылнамасына (613ж) мынадай бір орта ғасырлық рәсім туралы айтылған. Король Гунтхрален өз жеріне келіп ету қақысын король Х ильдебертье тапсыру белгісі ретінде оған өзінің найзасын ұсынып тұрып: “Бұл менің саған өзімнің бүкіл корольдігімді мұра еткенімнің нышаны болысын”, - дейді. Император Фридрих Барбароссаның жылнамасы епископ Оттан Фрейзингенский (ХІІ ғасыр)да өлке жер билігін басқаға

7












































беру жолы ту тапсыру арқылы жүзеге асатын рәсім бар

екенін айғақталды. Сөйтіп бірте-бірте елдік нышандар дәстүрі дамып, орныға түсті. Қазір әлемнің қай түкпірінде болмасын, тәуелсіз елдің басты нышаны оның мемлекеттік Әнұранымен бірге Мемлекеттік туы мен мемлекеттік Елтаңбасы болып табылады. Олардың сипаттамасы заң жолымен, әдетте Конституцияда бекітілді.

Осылай Қазақстан Ресупбликасы Жоғары Кеңесінің сессиясында 1992 жылғы 4 маусымында қабылданған мемлекеттік нышандарымыздың төл тарихының басталуы да тым әріде жатыр. Осы жөніндегі нақты деректерді кейбір тарихи ескерткіштер мен ғылыми еңбектерден, қазба жұмыстары кезінде табылған материалдардан кездестіруге болады.

Ту көтерген батыр бабалар бейнесі сонау ерте замандарда жартаста сызылған суреттерде айқын бейнеленген .Көне ұғымдарды былай қойғанда, аттары бүгінге дейін жеткен Мөде, Бумын және Елтеріс, Жәнібек пен Керей, Қасым мен Есім хан, Тәуекел мен


8

Тәуке, Әбілхайыр мен Абылай сынды ел билеушілеріміздің, қол бастаған баһадүрлеріміздің қай-

қайсысының да өз байрағы болғаны тарихтан мәлім. Сол сияқты көне белгілердің бастауы халықтық танымға негізделген төтемдік идеяларда жатқаны да ақиқат. Мысалы, “Көк асаба” аталған көне байрақ түсі исі түркі халықтарының түп атасы кие тұтқан Көк аспан әміршісінің белгісіне балаңса, түркілердің тағы да бір табандары - көк бөрі бейнесі де тудағы таңбаға айналған. Сондықтан да ертеде ата-бабаларымыз:

Көк асаба, қызыл ту –

Айқайлаған ұлы шу!

Көк асаба, қызыл ту –

Көк жаңғыртқан ұлы шу!-

Деп қайраттанған болса, Жетісудан шыққан саңлақ жыр сүлейі Сүйінбай ақын:

Бөрілі байрақ астында

Бөгеліп көрген жан емен.

Бөрідей жортып кеткенде,

Бөлініп қалған жан емен.

9

























































































Бөрілі найза ұстаса,

Түйремей кеткен жан емен.

Бөрілі байрақ құласа,

Күйремей кеткен жан емен,- деп шалқиды.

Қазақ даласында көтерілген байрақ, тулар да бір тектес болмаған, әрине. Ұзақ уақыт бойы арнайы сөз етіліп, қасиетті жәдігер ретінде құнтталмағандықтан да, ел ішінде көбіне Абылайдың ақ туы ғана ауызға алынады. Әйтпесе, тек төрелер ұстаған тулардың өзі әр алуан болған ғой. Мысалы, араб, парсы, түркі және қытай жазбаларына сүйене отырып, тарихи желі түзген Құрбанғали Халидұлының әйгілі “Тауарих хамсасында” олардың қызыл тулы көк тулы, ақ тулы, ала тулы болып бөледі. Бір қуаныштысы, соңғы кезде баспасөз бетінде әлі бірен-сараң болса да, басқа тулар туралы да жазылып, олардың сақталып қалған жұрнақтары ел назарына ұсыныла бастады.

Бұл ретте баса айтар нәрсе ықылым замандардан бері байрақты елміз. Әлде біреулер айтатындай, айтақыр емес, алысы мен жақыны тіндесіп жатқан тарихи


10

дәстүріміз бар. Халықымыздың бостандық сүйгіш өр тухы оның этнографиялық – мәдени нышандарында да жарқын көрініс тауып отырған.

Шәкәрім Қажы шежіресінде түркі халықтарының таңбалары туралы деректер Ү ғасырлардан белгілі екендігі көрсетілген.Қазақ руларының таңбалары осы күнге дейн сақталынған. Мысалы, тік сыңар сызық – қаңлылардың, тік қос сызық, немесе қос әліп – қыпшақтардың, сүйір немесе тік қосылған сызықтар – керейлердің, бұрыш бейнелі белгі – наймандардың , дөңгелек - дулаттардың, қос дөңгелек көз – арғындардың, босаға бейнесі- қоңыраттардың, садақ бейнесі- адайлардың, құлақты дөңгелек- албандардың, екі құлақ дөңгелек- суандардың, үш құлақты дөңгелек

немесе тік қосылған сызықтар тіркескен дөңгелек – ботпайлардың, қос құлақты және тік қосылған сызықтар тіркескен дөңгелек- сиқымдардың ру- тайпалық белгілері деп саналады. Бұл белгілер республика териториясынан табылған тас жазуларда да қазба жұмыстары кезінде шыққан түрлі ыдыс-аяқтарда да,


11















































құрал-жабдықтар мен өрнектер де де жиі кездеседі.

Таңба белгілері көне ақшаларымызда да көрініс тапқан.Сонау ҮІ –ҮІІІ ғасырларда - ақ ру – ұлыс нышандары айшықталған металл теңгелер шығарылған. Отырар, Тараз қалаларындағы металл теңгелер шығарған ұстаханалар туралы деректер өте мол.Отырарда соғылған

мыс теңгелердің бір бетіне садаққа және төрт бұрышқа келетін рулық таңбалар, ал екінші жағында құйрығын көтеріп алып, оңға қарай қыроындап тұрған арыстан бейнесі бедерленген.Қола теңгелердің бір бетінде төбелері түйіскен үш бұрыштар мен соғды тіліндегі жазу ізі, екінші бетінде алғашқыдан гөрі көркемдеу кескінделген.Арыстан денесчі айқындалады.Тараз қаласында соғылған теңгелерде де сондай белгілер бар. Бір жағынан садақ белгісі салынса, екінші жағына “Аспан тектес түркі қағанағының теңгесі” деген жазу сызылған.

Ел билеушілерінің есімдері жазылған немесе рулық таңбалары түсірілген мөрлер де аз кездеспейді.

Төл рәміздеріміз төңірігінде толғанғанда көнеден


12

жеткен ұрандарға да соға кетекен жөн. Жалпы “ұран” сөзі ертеден –ақ қыздыру , жиналу, қайрат беру мағыналаырнда қолданылса керек. Рух көтеру, елбасын қосу қажет болғанда барша жұрт қасиет тұтатын әруақты көсем, атақты батыр, беледі би бабаның атын атап, ұран

салған.Әсіресе, жауға қарсы шауыр, кек алар кезде, әр рудың өз ұраны болған. Бар қазақтікі – алаш.”Алаш, алаш” деп шақырғанда басқа түркі тектес халықтарда ілескен.

Бұлар негізінде әскери ұрандар еді. Сонымен бірге тарих тереңінде халық жүрегінің жылуына бөленген көңілді кездерде де, көңілсіз сәттер де де жан серігіне арналған ән тұмарларда да кездеседі. Соның ең әйгілісі – “Елім-ай” . Атақты Сегіз сері Бахрамұлының бабасы Қожаберген жырау қалдырған. Бұл қайғылы әуен халық тағдырындағы ең ауыр күндердің куәсі ретінде ұрпақтан ұрпаққа жетіп, қасиетті жәдігердей сақталып келеді. Оны тыңдағанда сонау 1723 жылы Жоңғар шапқыншы- лығы кезіндегі, “Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама” атанған ел қасиетін сарыны құлаққа келгендей


13











































болады. Жүрек сыздайды. Бей-жай тыңдау мүмкін емес.Әнтұмар құдіреті де осында жатыр.

Жетпіс жылдан астам уақыт бойы желбіреген қызыл тудың мемлекеттік нышанға айналуы ресми түрде 1918 жылдың 13 көкегінен басталады. Жұмысшы- солдат, шаруалар мен казактар депутат тары Советтерінің Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті дәл сол күні арнаулы декрет қабылдап, “Ресей

Республикасының жалауы болып”Ресей Социалистік Федеративтік Кеңес Республикасы” деген жазуы бар қызыл ту белгіленеді” деп жарияланған болатын. 1918 жылғы 10 шілдеде қабылданған Конституцияда да солай деп көрсетілген. Алты жылдан кейін КСРО-ның тұңғыш Конституциясы қабылданып, онда ортақ мемлекеттік нышан ретінде жоғары жағынжа өзара айқасқан алытын түсті орақпен балға белгісі және бес тармақты қызыл жұлдыз суреті салынған қызыл немесе алқызыл мата пайдаланатыны заңдастырылды. Жалпы қызыл ту Батыс Еуропада ХҮІ ғасырда Германияда азамат соғысы кезінде дүниеге келген деп есептелінеді.


14

Жұлдыз Қызыл Армияның нышаны ретінде дүниеге келсе, Орақ пен Балғаны кім ойлап тапқаны дәл басып айту қиын. 1918 жылдың көктемінде жалау, елтаңба мөр мен ақша жобасына жарияланған бәйгенің шартында: “композиция құрылымында жұмыссыз және шаруа республикасының белгісі ретінде еңбек құралдары- салы: орақ пен балға ) өрнектелуі қажет” деп атап көрсетілді.

Басқа одақтас республикалардағыдай Қазақ КСР-нде де 1936 жылы латын халықтарымен және орыс тілінде республика аты жазылған орақ –балғалы қызыл жалау жіберіледі. Екі жылдан соң, латын қарыптары өшіріліп, тек орысша қаріп қалды. Ұлы Отан соғысынан кейін республика туларына аз-кем өзгеріс енгізілді.

Мысалы, Қазақ КСР Жоғары Кеңесі 1953 жылы 24 қаңтарда бекіткен жаңа жобада шағын көгілдір жолақ пайда болды. Бірақ енгізілген өзгерістің рәсімдік мәнін түсіндіретін ешбір ресми дерек болған жоқ. Сондықтан да болар, вексилологтар кейін әркім өзінше “Қазақ КСР-нің жалауындағы көгілдір жолақ күн нұрына малынған ашық аспанның белгісі” деген сияқты әр түрлі

15











































жорамалдар жазды. Біз назар аударар жайт, әдетте, мемлекеттік ту деген ұғым КСРО-ның жалауына ғана байланысты айтылатын.

Бидай масақтарымен көмкерілген орақ-балғалы қызыл жұлдызды елтаңбаның пайда болу тарихы да осы тақылеттес.Онда қазақша жазылып, орыс тіліндегі нұсқаларын қайталаған.”Барлық елдердің пролетары,

бірігіңдер!”,”КСР” деген қазақша қарыптардан басқа республика еаекшелігіне мегзейтін тұлдыр жоқ.

Мемлекеттік нышандар арасында қазақ топырағында дүниеге келгені тек әеұран еді. Өкінішке орай, оның сөзі де жоғарыдан телінген нұсқау- жарлыққа сай:

Торланған тұманнан жол таппай тұрғанда

Жарқырап Ленендей күн шығып, атты таң”.

Одақтас, ұрандас елдердің қамқоры,

Көп алғыс айтамыз ұлы орыс халқына”.

Еңбекте, майданда жеткізген жеңісте,

данышпан партия- сүйікті кемеңгер”,-

деген сияқты бос мақтан, лепірме, елұран табиғатына мүлдем жат жарамсақтық, құлдық ұрушылық сарынға


16

құрылды. Мұндай әеұран өлеңдері бүрынғы Кеңес Одағының құрамына кірген республикалардан басқа ешбір елде болған жоқ.

Дегенмен, бұл да- тарих. Өткенге күл шашудың қажеті жоқ. Тіпті алқызыл ту, алтын масақты елтаңба аға ұрпақтар өмірбаянының өзгеше қастерлі белгісі болғанын да жоққа шығара алмаймыз. Олай етудің керегі де жоқ.Өйткені тарихты ойдан шығарып, қолдан жазуға ұмтылу ешкімге де, ешбір халыққа да опа бермейтінін өмір өзі айқын көрсетті.Тек өткеннің тәжірибесі бүгін мен ертеңге сабақ болуға тиіс. Сонда қазіргі қол жеткен игіліктердің шынайы қадірін танып, мәні мен маңызын тереңірек ұға түсуге жол ашылады.

Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттік нышандар тарихы да ел тарихының ажырамас бөлігі. Ол да халық тағдыры туралы сыр шертеді.

Елтаңбаның мөрге бедерлеп түсірілген бейнесі мемлекет, үкімет атынан қабылданған немесе басқа да ресми құжатқа басылды.ту Президент сарайы мен Үкімет орналасқан үйден бастап, барлық мемлекеттік


17










































мекемелерде ілулі тұрады.Шетелдердегі Қазақстанның мемлекетерінің бәрінде де Республикамыздың мемлекеттік Туы желбірейді. Бұл кез-келген шетел азаматына Қазақстан елшілігіне келгендігін білдіреді.Мемлекеттің Әнұранның маңызы да осындай зор. Мемлекеттік белгілердің бәрінің үлгісін жасауға бәйге жарияланды. Елтаңбаға жарияланған бәйгеге 245 жұмыс түсіп, бәйге комиссиясының шешімі бойынша

Жанбарбек Мәлібекұлы жасаған Елтаңба бірінші орын алады.

Мемлекеттік Елтаңба

Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Қазақта “Шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік болсын” деген тілек сөз бар. Елтаңба авторлары мен Ж.Мәлібекұлы мен Ш.Ы. Уәлихан осы сөздерді басшылыққа алған.

Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақ бейнеленген. Жылқы малы, жүйрік ат қазақта ерекше бағаланған. Тіпті оның шаруашылықта дамытуда, бостандық жолындағы күресте де маңызы болғанын


18

тарихтан білеміз. Пырақ- мал шаруашылығының басым болғанын аңғартатын жиынтық бейне. Бұл тұста біздің бейбітшіл Отанымызды қорғау, оның іргесінің берік болуы ойластырылған.Осы мақсатта жеті буынна тұратын мүйіз таңдалған.Жеті буын бір жағынан іргесі бүтін елдікті, ата-дәстүрді қастерлеу дегенді аңғартады. Жалпы, қазақ мүйізді қастерлеген. Пырақтың қанаты бір қарағанда бидайдың бауланған сәтін еске салады. Жоғарыда, дәл ортада бес бұрышты жұлдыз бейнеленген.

Қазақтың сан ғасырлы тарихында жұлдыздың қаншалықты маңызды болғаны белгілі.Ел жұлдызды қастерлейды.

Ж.Мәлібекұлы 1942 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Екпінді колхозында туған. 1965 жылы Ташкент Политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген.Жолдама бойынша сол республикаға қызмет етуге қалдырылған. Өзбекстан республикасыныа еңбек сіңірген сәулетші.Ташкент қаласындағы ғылыми зерттеу жобалау институтының қала құрылысы шеберханасына көп жыл жетекшілік


19











































еткен.Ферғанадағы пошта үйін, Андижан қаласындағы

әуежай ғимаратын ташкент қаласындағы қонақ үйді, басқа да белгілі құрылыстарды тұрғызған танымал тәулетші.

Ш.Ы.Уәлихан 1932 жылы бұрынғы Көкшетау облысы (Айыртау ауданы) Сырымбет ауылында туған. Сәулетші, жазушы, драматург Қ.Р Мемлекеттік сыйлығының лауриаты ҚР-ның еңбек сіңірген сәулетшісі. 1956 жылы Мәскеу сәулет институтын бітірген. Осы жылдан бастап сәулет саласындағы мекемелердің басшы қызметтер

атқарды. Көптеген монументтер мен ескерткіштер мен авторы. Соның ішінде Алматы қаласындағы “Динамо” стадионы, Прзидент Резиденциясының ғимараты, Шоқан Уәлиханов ескерткіші , Д.Қонаев бюсті, Республика алаңында орнатылған Тәуелсіздік монументі бар.

Мемелекеттік ту.

Бәйгеде озып шыққан бұл Тудың авторы – алматылық Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков.Бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі ортақ.Жер шары ұлттарға, мемлекеттерге және басқаларға бөлінген мен,


20

жоғарыдан айқара ашылған аспан ешқашан бөлінбеген, бөлінбейді де. Ал Күнге келетін болсақ, олда баршаға ортақ. Күн сәулесі бәріне нұрын шашады, сәулесін төгеді. Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ.Сондықтан да, Күннің тудан орын алуы лайық.

Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды, киелі, қасиетті құс деп есептеген.Тудан қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын деп, ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.

Бұлар мен қатар, таудан қазақтың ою-өрнегін байқаймыз. Мұның өзі Тудың ерекшелігін – қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.

Егер де Туға тұтас зер салсақ автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғаны байқалады. Ол: Көк жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі астында қияға қанат қақан Қыран – тыныштық, баянды өмірдің белгісі, ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады.

Ш.О.Ниязбеков 1938 жылы Жамбыл қаласында


21










































туған.Білімі монументші - суретші. Ленинградтың Сантк - Петербург) көркемөнерпаз институтының суретші – конструктор бөлімін бітірген. Суретшілер одағының мүшесі. 1969 жылдан Алматы қаласының бас суретшісі болды. “Абай”, “Музыка сазы”, “Құрманғазы”, “Сырым-Датов”, сияқты алюминииге, мсықа, жезге бедерлеген туындылардың авторы. “Глобус” телевизорының көркемдік- конструкторлық сапасы үшін Чехословакияда өткен халықаралық конкурста оған бірінші дәрежелі сыйлық берілген.

Мемлекеттік Әнұран

Мемелекеттің келесі белгісі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны - Елұраны. Тәуелсіздік алғалы 1992 жылдан 2006 жылға дейін М.Әлімбаев, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, Ж.Дәрібаева жазған мәтінде М.Төлебаев, Л.Хамиди, Е.Бруселовский жазған әнінде Әнұран орындалған болатын.

2006 жылдың қаңтар айынан бастап Әнұранның құрылысы толығымен өзгертілді .Яғни Шәмші Қалдаяқовтың әніне жазылған жаңа Әнұран келді. Бұл


22


Әнұранның мәтінінің авторлары Ж.Нәжімединов, Н.Ә.Назарбаев. Бұл Әнұран татулық пен достықтың ұраны.

Мемелекеттік белгілерді, нышандарды құрмет тұту- әрбір қазақстандық азаматтың міндеті
















23










































































Қазақстан Республикасының ел-рәміздерінің насихаттаудың жүйесі



hello_html_5a8c8720.gif

Қhello_html_m9534073.gifhello_html_m2ec960ce.gifhello_html_m154daf9b.gifhello_html_2283110e.gif.Р ел-рәміздерін насихаттау жүйесі


hello_html_840d042.gifhello_html_m16829403.gifhello_html_160f8d5c.gif

hello_html_6be5373c.gifhello_html_63a55ade.gifhello_html_3eb5cdb0.gif

Ту Елтаңба Әнұран


hello_html_32f8ad77.gifhello_html_32f8ad77.gifhello_html_32f8ad77.gif

hello_html_m343dba4f.gifhello_html_fa9b9.gifhello_html_58ec74b2.gif

Тарихы Тарихы Тарихы

hello_html_32f8ad77.gifhello_html_32f8ad77.gifhello_html_32f8ad77.gif


hello_html_m1d3fd5e6.gifhello_html_63a55ade.gifhello_html_m1d3fd5e6.gif

Әні мен сөзінің Ту Елтаңба

құрылысы құрылысы құрылысы

hello_html_38274841.gifhello_html_38274841.gifhello_html_38274841.gif


hello_html_58ec74b2.gifhello_html_m42496a67.gifhello_html_66fc867.gif

Авторлары Авторы Авторлары


hello_html_m564f8b83.gif

hello_html_m4b00610.gifhello_html_m144fe10a.gifҚоғамдағы рәміздердің тарихилығы,

маңыздылығы,алар орны

hello_html_m52c92f75.gif


hello_html_2e947cc7.gifhello_html_m56c5d161.gif

Насихаттаудың Рәміздерге құрмет пен үлгі тұту,

hello_html_m610bd9f1.gifнегізі қастерлеу әрбір Қазақстан

азаматының міндеті




24

Қазақстан Республикасының ел-рәміздерін

насихаттаудың моделі


hello_html_6c5a5b7a.gif

Тhello_html_m40da40c7.gifhello_html_m652f3098.gifhello_html_m28e50936.gifhello_html_m652f3098.gifаңбалардан – рәміздерге дейін


hello_html_m3b1bea90.gifhello_html_m26081247.gifhello_html_m7d67424d.gifhello_html_6ea5c109.gif

hello_html_44ce228e.gifhello_html_m42496a67.gifhello_html_m42496a67.gifhello_html_m42496a67.gif

5-6 сынытар 7-сыныптар 8-сыныптар 9-сыныптар

hello_html_259129dc.gifhello_html_m2df47aa7.gifhello_html_m2df47aa7.gifhello_html_m2df47aa7.gif



hello_html_m4f2ade64.gifhello_html_m3e762a7.gifhello_html_696ae86b.gifhello_html_4d36d63.gif

Ежелгі Орта Жаңа Қазіргі

асырлардағы ғасырлардағы замандағы замандағы

таңбалар таңбалар таңбалар мен рәміздер

hello_html_7c804feb.gifhello_html_7c804feb.gifрәміздер

hello_html_m752f3a15.gifhello_html_m2df47aa7.gif


hello_html_11f4ec66.gif

Таңбалар жүйесінің өзгеруі


Таңбалардың

сыры, рәміздерге

шолу

Рәміздердің құрылысы

қоғамдағы

орынының

маңыздылығы


Таңбалардың

шығуы, таңба

лардан түрік

әліпбиінің

шығуы




Мақсаты

Патриоттық тәрбиені қалыптастыра отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке тәрбиелеу.


hello_html_m5fac2aa2.gifhello_html_m493d3312.gifhello_html_m493d3312.gif

hello_html_m5a55388.gif





25











































































Пайдаланған әдебиеттер :


  1. Түрік халықтарының тарихы

Қ.Аманжолов А-2002 ж.

  1. Қаз.КСР қысқаша энсеклопедиясы

А-1984 ж.

  1. Қазақстан энсеклопедиясы А-1989 ж.

  2. Қазақстан тарихы очеректері А-1998 ж.

  3. Қазақстан тарихы журналы А-2000-2006 жж.

  4. Қазақстан тарихы Х.К.Ермуханова А-2004 ж.

  5. Қазақтың төл шежіресі”, Ана тілі газеті

1992 ж.

  1. Қазақстан тарихы А-1996 ж. 2-том.

  2. История древного Казахстана А-1982 ж.

  3. Қазақстан” Альбом А-1996 ж.

  4. Қазақстан тарихы 1-том А-1992 ж.

  5. Қазақтың қысқаша тарихы” авторы М.Мағауи

  6. Бөрілі менің байрағым” Қ.Аманжолов 1994 ж.

  7. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін” “Дәуір” баспасы А-1994 ж.

















26


Краткое описание документа:

  Түсінік хат

 

 

 

          Бұл әдістемелік құралды Қазақстан Республикасының ел рәміздерін насихаттау ретінде пайдалануға болады. Осы жүйе арқылы оқушыларға таңбадан-рәміздерге дейін түсінік бере отырып, оларды құрметтеуге, қорғауға тәрбиелейді  және де оқушыларды өзінің елі, жері үшін мақтаныш сезіміне жетелейді.  Рәміздік  үрдіс соқпағын  сонау  ықылым  замандардан,  адам баласының  жарық дүниеге шығып, тіршілік көшіне ілескен, содан  қоғамдасып ғұмыр кешуге  көшкен тұсындағы көне тарих беттерінен белгілі. Арнайы рәміздер саласымен айналысатын ғылымдар  -  геральдика және вексилология. Бұл ғылым салалары өмірге  бірнеше ғасыр бұрын келді.

    Геральдика – елтаңба тану ғылымы, елтаңбаларды  арнайы деректеме ретінде зерттейтін қосалқы тарихи  пән. Ал вексилология  - тұтану ғылымы. Бұл ғылымдар жөнінде алғашқы кітаптар  ХҮІ  ғасырда- ақ белгілі бола бастады. Француз тарихшы  Менестрэ  1680  ж   осы  мәселені  үңгіп жазған   үлкен еңбегі үшін  елтаңба    тану  ілімінің атасы  атайды.

Автор
Дата добавления 29.01.2015
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров295
Номер материала 348002
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх