Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / Методика на тему "баскару турлері"

Методика на тему "баскару турлері"


  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:

Басқару біліктілігін анықтауға бағытталған әдістеме

(И.А.Аглуллинаның авторлық тесті)

Мақсаты: әдістеме басқару іс – әрекет аймағында респонденттің дайындық деңгейін анықтауға бағытталған.

Ол басқару проблемасы бойынша білім деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.

Тестті өткізу барысында студентке басқару проблемасына байланысты 50 сұрақтан тұратын сауалнама беріледі. 5 балама жауаптардың ішінде толық және дұрыс жауапты таңдау қажет. Сонымен бірге студентке тапсырма бланкасы және жауаптар беріледі, ал ол оқытушыға тапсырылады және баға қою үшін негіз болып табылады. Баға келесі талаптар бойынша қойылады:

  • «Өте жақсы» баға ұсынылған сұрақтар тізімінде кемінде 4/5 дұрыс жауап үшін;

  • «жақсы» баға ұсынылған сұрақтар тізімінде кемінде 3/4 дұрыс жауап үшін;

  • «қанағаттандырарлық» баға ұсынылған сұрақтар тізімінде 1/2 дұрыс жауаптан төмен емес үшін;

  • «қанағаттандырардықсыз» баға ұсынылған сұрақтар тізімінде кемінде 1/ 2 дұрыс жауаптан төмен болса.

Оқытушы тестті өткізу уақытын әр тест тапсырмасы үшін үш минут уақыт бере отырып анықтайды. Егер студент оқытушы көрсеткен уақытқа үлгермеген жағдайда, жауап дұрыс емес деп есептелінеді.

Тестілеу үшін сұрақтар:

  1. Басқару деген не?

  1. Бұл өндірістік ұжымда еңбекті ұйымдастыру.

  2. Бұл – ақпарат қозғалысы және оның бастапқыдан командалыққа трансформациялануы.

  3. Бұл – өндірістік процестердің табиғи реттелуі.

  4. Бұл адамдардың келісілген бірлескен іс – әрекеті үшін қажет мақсаттық ықпал ету.

  5. Бұл – өндірістік жүйелердің ұйымдасып дамуы.


  1. Басқару жүйесі деген не?

  1. Бұл – басқарушы және басқарылатын обьектілердің жиынтығы.

  2. Бұл – өз қалпын өзгертуге қабілетті жүйе.

  3. Бұл – ұйым процестерінің табиғи реттелуін жүзеге асыратын жүйе.

  4. Бұл – басқарылатын жүйеде басқару процесін жүзеге асыратын, басқарушылық және коммуникациялық кіші жүйелерден тұратын жүйе.

  5. Бұл – басқарушы субьектісінен және басқару обьектілерінен тұратын жүйе.


  1. Ұйымдастырылған басқаруға тән ерекшеліктерді көрсетіңіз.

  1. Басқаратын және басқарылатын жүйелердің арасында тік және кері байланыстың бар болуы.

  2. Ұйым құрылымның алдын ала қалыптасу процесі және оны басқару жүйесі, басқару функциясын жүзеге асыратын механизм.

  3. Басқаруда әлеуметтік – экономикалық тәсілдердің басым болуы.

  4. Басқаруды компьютеразициялау жоғары деңгейі.

  5. Қоғамда үстем болған жекеменшік жүйесі.


  1. Басқарудың ұйымдастырылған формаларына қандай басқару тәсілдері тән?

  1. Технологиялық құралдардың жиынтығы.

  2. Әкімшілік тәсілдер.

  3. Әлеуметтік – экономикалық тәсілдер.

  4. Адам мінез – құлығының факторлары.

  5. Заңдар, заңдылық актілер, ақпараттық жүйе және коммуникациялық тәсілдердің жиынтығы.


  1. Сіздің ойыңызша, менеджмент басқару типі ретінде қандай қасиеттерге ие болуы қажет?

  1. Басқарудың экономикалық тәсілдеріне тірек, қызметтің және өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, нарықтық жағдайда қызметкерлерді басқару.

  2. Басқаруда ғылыми әдістерді қолдану.

  3. Басқаруды ажырату немесе біріктіру.

  4. Өзіндік ұйымдастырылған мәдениет.

  5. Басқару өнерінің ғылымилықтан үстем болуы.


  1. Адамдардың бірлескен іс – әрекетін келісімдейтін басқару әсер ету ықпалы ретінде не арқылы жүзеге асырылады?

  1. Өкілеттілікті және жауапкершілікті, міндеттерді бөлу арқылы.

  2. Басқару субьектісі өз қызметін атқару арқылы.

  3. Басқару жүйесінің тиімділігінің арқасында.

  4. Оның басты сипаттамаларында адами факторларды есепке алу арқылы.

  5. Басқарудағы персонализациялау арқылы.


  1. Төмендегі басқару типінің қайсысы көбінесе ғылыми деңгейге және ғылым ұсыныстарына сүйенеді?

  1. Экономикалық басқару

  2. Ғылыми – концептуалдық басқару.

  3. Эмпирикалық басқару.

  4. Прагматикалық басқару.

  5. Математикалық әдістерді қолдану негізінде басқару.


  1. Төмендегі басқару типтерінің қайсысы басқаруда тәсілдерді анықтау көрсеткіші бойынша менеджмент түсінігіне сәйкес келеді?

  1. Командалық – әкімшілік басқару.

  2. Экономикалық басқару.

  3. Әлеуметтік – экономикалық басқару.

  4. 2 немесе 3 пункттердегі жауаптар нұсқасы.

  5. Тізімде дұрыс жауап нұсқасы жоқ.


  1. Төмендегі басқару типінің қайсысы басқаруда нарықтың рөлін есептеу көрсеткіші бойынша менеджмент түсінігіне сәйкес келеді?

  1. Жоспарланған – директивті басқару.

  2. Мақсатты басқару.

  3. Маркетинг.

  4. 2 немесе 3 пункттердегі жауаптар нұсқасы.

  5. Тізімде дұрыс жауап нұсқасы жоқ.


  1. Басқаруда ғылыми бағыттың негізгісі не?

  1. Басқару тиімсіздігін қамтамасыз ету.

  2. Эмпирикалық басқаруды қолдану.

  3. Басқару өнерінің элементтерінің ғылымилыққа сәйкес келуі.

  4. Басқарудағы жүйелік бағыт.

  5. Басқару тиімділігін ғылыми бағытта, модельдер және жүйелік бағыт, терең білімдер негізінде қамтамасыз ету.


  1. Тікелей және жанама басқарудың арасындағы негізгі ерекшелікті атаңыз.

  1. Қойылған мақсатқа жету үшін арнайы жағдай жасау.

  2. Басқару стилінде.

  3. Басқару әдістері және формалары.

  4. Қандай жолмен басқарылатын обьектіге басқарушы жүйенің ықпалының жүзеге асуында.

  5. Басқарушылық ықпалдың мақсаттық бағытта өзгеруі.


  1. Сіз қандай тәсідлмен әлеуметтік – экономикалық саладағы келесі факторлардың басқару тиімділігіне әсер ету деңгейін рангілейсіз?

  1. Басқаруда компьютерлік технологияның қолданылуы.

  2. Экономикалық дамудың нарықтың жағдайы.

  3. Басқарудың әлеуметтік – психологиялық факторлары.

  4. Басқару өнері мен тәжірибе.

  5. Басқарушының тұлғасы мен оның беделі.

  1. б), г), а), в), д).

  2. б), г), а), д), в).

  3. г), а), б), в), д).

  4. д), г),б), в), а).

  5. а), б), в), г), д).


  1. Сіз басқару механизмінің негізінде нені түсінесіз?

  1. Басқарушы жүйенің басқару обьектісіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы.

  2. Өзара байланысқан және кешендік басқару әдістерінің жиынтығы.

  3. Басқару принциптеріндегі жүйе қызметтерінің жиынтығы.

  4. Басқарудың ұйымдастырылған формалары.

  5. Басқару тұжырымдамасы.


  1. Басқару мақсаты неде?

  1. Қойылған мақсатқа жету.

  2. Басқару жүйесінде пайда болған мәселені шешу.

  3. Жұмысшылардың қызығушылықтарын қанағаттандыру.

  4. Ұйымның барлық әлеуметтік мүмкіндіктерін жүзеге асыру.

  5. Басқарушы жүйенің алдында тұрған міндеттер комплексін шешу.


  1. Өкілеттілікті бөлу көрсеткіші бойынша басқару типінің қайсысы толық менеджмент түсінігіне сәйкес келеді?

1. авторитарлы басқару.

2. ұжымдық басқару.

3.демократиялы басқару.

4.либералды басқару.

5. Тізімде дұрыс жауап нұсқасы жоқ.




16.Формалдық басқару деген не?

1. Бұл – адами қатынастарға сүйенетін басқару.

2. бұл – ұйымдық талаптарға сүйенетін басқару.

3. Бұл - әртүрлі жолмен пайда болған жағдайлардың барлығын есепке ала отырып, басқару.

4. бұл – ұжымдағы барлық әлеуметтік – психологиялық жағдайды есепке ала отырып басқару.

5. Бұл – ғылыми әдістерді жан – жақты қолдануға негзделген басқару.


17. Компоненттерден тұратын, өзгеріп жатқан жағдайларда белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған қандай бағыт басқаруды ашық жүйе ретінде қарастыруды сипаттайды?

1. процестік бағыт.

2. жүйелік бағыт.

3. ғылыми бағыт.

4. ситуациялық бағыт.

5. сандық бағыт.


18. Басқару жүйесін талдау негізінде нені түсінуге болады?

1. жүйе параметрлерінің төмен деңгейдегі параметрлерге ауысуы.

2. Басқарушылық сезімді қабылдау және өңдеу үшін ақпарат жинау.

3. Басқару жүйесін құрамдас компоненттерге ойша немесе нақты бөлу және осы бөлуді жүзеге асырғанпринциптерді түсіну.

4. жекеден жалпы түсініктерге өту.

5. Жүйе параметрлерінің мәндерін орнату мақсатында оларды бақылау.


19. Басқарудың экономикалық әдістерінесәйкес басқару обьектісінің басқару субьектісіне қандай ықпал ету тәсілі тән?

1. ұйымның мақсатын анықтау.

2. басқарылатын обьектілерде материалдық және еңбектік ресурстарды ұтымды түрде қолдануға бағытталған әсер ету.

3. өндірістік іс – әрекетке қажетті ресурстармен қамтамасыз ету.

4. Жұмысшылардың материалдық қызығушылықтарын жоғарылатуға бағытталған әсер ету.

5. білікті жұмысшыларды сақтауға бағытталған кадрлық саясатты өткізу және өңдеу.


20. Сіз төмендегі әрекеттердің қайсысын басқарудың әлеуметтік психологиялық әдісіне жатқызасыз?

1. ұжымда жағымды моральдық хал – ахуалды қалыптастыру және еңбек ұжымындағы мүшелер арасында жағымды қатынасты дамыту.

2. Басқару жүйесінің құрылымының өзгеруі немесе алдын ала қалыптасуы.

3. Еңбек іс – әрекетінде жқмысшылардың арасында қатынасты қосатын адами факторларды қолдану.

4. Қызметкерлердің іс – әрекет нәтижелерін бағалау үшін қазіргі кездегі әдістерді қолдану.

5. Еңбек ұжымында дау – дамай деңгейінің төмендеуі.







Автор
Дата добавления 28.11.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров25
Номер материала ДБ-396872
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх